Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы



бет2/9
Дата09.04.2018
өлшемі2,92 Mb.
#40092
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ХАЛЫҚТЫҚ ТӘЛІМ ТАҒЫЛЫМЫ
Халықтық педагогиканың асыл арқауы ауыз әдебиеті (фольклорлық шығармалар)үлгілері болғандықтан, мен бұл шығармашылық жұмысымды тәлімдік фольклорлық шығармаларға арнадым. Бұл шығармамда ауыз әдебиетіндегі өлең үлгілерін

4 топқа бөліп топтап отырмын:



біріншісі — отбасылық тәлімдік әдет-ғурыптар немесе баланың дүниеге келуі, ер жетіп, азамат болуымен байланысты туған ырымдар мен жол-жораларды марапаттайтын өлең-жырлар;

eкіншіci — табиғатпен, шаруашылық кәсіппен және діни наным-сенімдермен байланысты туындаған өлең жырлар;

үшіншісі— үйлену және үй болу салт-дәстүрлерімен байланысты туындаған өлең-жырлар;

төртіншісі — діни наным-сенімдермен және өлікті жерлеу рәсімдермен байланысты туындаған өлең-жырлар.


    1. Баланың дуниеге келуімен байланысты туындаған отбасылық

тәлімдік әдет-ғұрыптар
Балалы уй базар. Қазақта нәрестенің дүниеге келуімен байланысты туған ырымдар, жол-жоралар көп.Әcipece жас келіннің бойына бала біткенін сезген ене оны өз қамқорлығына алып, пәле-жаладан, тіл-көзден сақтаудың шарасын істей бастайды. Абысын-ажын, ауыл әйелдерін жинап, "құрсақ тойын" өткізеді.Өзi білген ақыл-кеңестерді аямайды. Өмip тәжірибесі мол қарт аналар жас келінге бойға бала біткен соң бip жарым айда жерік басталатынын, ол кезде жүрек айну, бас айналу, құсу сиякты белгілердің болатынын айтып түсіндіреді. Сондай-ақ бойға біткеніне бес ай болған бала­ның қимылдап қозғала бастайтыны, ол кезде ауыр жүк көтермеу, түрлі тағамдар ішіп, бойды таза ұстау керектігі айтылады.

Түнде екіқабат келіншекті далаға, қараңғы қораға жалғыз жібермейді. Үйде жалғыз қалдырып түнетпейді.Ондай жерлерде жын-шайтан, пepi, албастылар жүреді деп ұққан. Екіқабат әйелдің басына пышақ, балта жастатып, қасқырдың азуын, бүркіттің тырнағын іліп қою ырымдары жын-шайтан сескенсін деген ұғымнан туған. Қазақ арасына кең тараған сенім бойынша екіқабат әйел түйенің етін жемеу керек. Түйе етін екіқабат кезінде жесе, әйел баланы 12 ай көтереді - міс деген сенім болған.



Толғақ жиілесімен ауылдың үлкен әйелдері жинала бастайды. Үйге арқан керіп, оған толғақ қкысқан әйелден қолтығынан асылып тұруды талап етеді. Толғак басталған кезде әйел әлсіремесін деп май салған сорпа береді. Үй ішіндегі әбдірелер ашылып, теңдер шешіледі, әдейі арнап түйреген қарынның аузы ашылады. Мұның бәpi — әйелдің тез босануына арналған ырымдар. Арша тұтатып аластау, легенді салдырлату, қызылды-жасылды, айна сияқты заттардың бетін жауып қою, т.б. ырымдар жын-шайтандар әйел бойынан аулақ болсын дегеннен шыққан. Босанатын әйел­дің белін қапсыра құшактап, іштi қозғап, сылап, баланың төмен түcyiнe әрекет жасайды. Ал баланың басы қисық жатса, тәжірибелі кемпірлер оны түзеп,әйелдің ішін қойдың құйрық майымен сылайды.

Егер де бұл әрекеттер әйелдің босануына әсер етпесе, мартуды (жынды) қуу үшін қылышты қынабынан суырып, әйелдің басынан ойнатады, үкі әкеледі, үйдің белдеуіне шағыр көз айғырды байлап кісінетеді . Үлкендері аят оқып, жастар қару-жарағын салдырлатып, мылтық атып, ал әйелдер отқа тұз тастап, үйдің әлем-тапырағын шығарады. Немесе бақсылар қобыз алып сарнап, әйелге су шашып зікір салады. Осындай тағы қылықтардан шошынған әйел баласын тастап жіберуі мүмкін. Кейде мұның бipi де әсер етпей, әйел босана алмай, қиналып өлетін жағдайлар да кездескен.

Толғатқан әйелдің жанына бала таппаған әйелді жібермеуге тырысады. Бала туысымен оны жерден көтеріп алуды көп бала тапқан, мосқал әйелдердің бipiнe тапсырады. Ол әйел өзінің көңілін жақындығымен, жайдары, ақ жарқын мінезімен, мейірімділігімен сол үйге жақын адам болуы шарт. Ceбeбi баланы жерден алғаш кім көтеріп алса, бала соған тартады деп есептелген. Ол әйел баланың ұл, не қыз екенін ажыратып, сүйінші сұрайды да, кіндікті балтамен немесе пышақпен кесіп, тарамыспен буып байлайды. Кіндік шеше жас босанған ана көтерілгенше сол үйдің шаруасын icтeп, босанған әйел мен нерестені күтіп көмектеседі.

Kiндік шеше босанған әйелге қалжаға қой сойып әкеп, балаға ит көйлек кигізеді. Бip жылдан соң бала қаратабан болып журуге жараған кезде кіндік шеше бip қойын сойып, көйлегін алып келіп, баланың әке-шешесінен қалаған затын сұрап алады. Мұны қазақта "қалау" дейді.

Дүниеге жаңа келген жас нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-той, салтанатты жиындар мен рәсіммдер көп. Соның ең алғашқысы жарыс қазан. Жарыс қазан атанатыны —мұндайда аяу, ірку, мөлшерлеу деген болмайды. Қазан әр үйде бірнеше жерде асылады. Келіншек аман-есен босанса, босанған әйелдің қалжасынан ауылдың үлкен- кіші, еркек-ейелі тугелдей дәм татып, ет жеп, сорпа ішеді. Жарыс қазанның арты іле-шала, не сол күні тунде, не ертеңіндегі кеште шілдеханаға жалғасады.Оны кей жерде "шілделік күзету" деп те атайды. Шілдехана алғашқыда "Жас босанған әйелді түні бойы жын-пepi жағалап жүреді, әйелдер, қыз-келіншектер жас босанған әйелді үш күн бойы жын-періден қорғап кузету керек" деген діни ұғымнан пайда болған. Шілдеханада жастар таң атқанша түрлі ұлт ойындарын ойнап, ән салып, күй шертісiп, жұмбақ, жаңылтпаш айтысып, өнер салыстырады.

Шілдехана дастарқанын басқарып жүрген әйелдер қал­жаға сойылған қойдың таза мұжылған омыртқасын тобылғыға тізіп, үйдің ең жоғары жеріне (керегенің басына) іліп қояды. Бұнысы нәрестенің мойыны тез бекісін деген ырым.

Қазақ халқының әдет-ғұрпында ұл баланың дүниеге келуін "ұл туғанға — күн туған" деп ерекше бақыт санаған. Оның ceбeбi отбасының, ұрпақтың иеci ұл бала болып есептелген. Бірнеше қыз туған әйелдің соңғы баласы ұл болса екен деген мақсатпен кейде қыз балаға "Ұлтуған", "Ұлбосын" деген сияқты аттарды ырымдап қойған.

Сүйінші. Жас нәрестенің, әcipece ұл баланың өмipгe келуі отбасы мүшелеріне, әкесі мен атасына, нағашы жұртынa үлкен қуаныш әкелген. Әкесі мен атасы үй ішін асырау қамымен мал соңында немесе аңда жүргенде жас нәресте дүниеге келсе, қуанышты хабарды тез жеткізу үшін ат ерттеп мініп, түзде жүрген атаның немесе әкенің алдынан шығып, сүйінші сұрайтын болған.

Бала туғанда баланың әкесінен, атасынан немесе нағашы жұртынан сүйінші сұрай алдынан шыққан адам ұл болса "Ат ұстар" деп, қыз болса "қырық жеті",деп — хабарлайтын болған. "Кейінгісі кызды калың малға беруге, "жат жұрттың адамы" деп қарауға байланысты туған ой-пікірлердің көpiніci.

Нәрестенің атасына, нағашысына немесе әкесіне көрсетіп көрімдік алу дәстүрі де — ертеден ел ішіне кең таралған салт. Баланы қолына алып қуанышына бөленген атасы:

Ақ, тілек, ал, ақ тілек! Атаң кәpi шал, білек,

Балбыраған бал білек. Отынға өзің бар, білек.

Аулың толы мал, білек, Ерте тұрып ерінбей,

Атаңның тілін ал, білек. Еңбек icтe қар күреп —

деп бата бepiп, маңдайынан иіскейді. Көрімдікке ат мінгізу, шапан кигізу — ертеден ел дәстүрі



Балаға ат қою. Бала туғаннан кейін қырық, күн өткен соң ел ішіндегі аузы дуалы қарияға немесе баланың ата­сына, әжесіне немересіне атын қойғызады. Кейде "Қырықтың бipi қыдыр" деп құдайы қонаққа да баланың атын қойғызатын сәттер болады. Ат қойыстың өзінен де бүкіл бip халықтың, ұлттың ерекшелігі, таным-түсінігі, ой-арманы ап-айқын көрініп тұрады.

Бесік. Қазақ баласын ағаш бесікке салып асырайды. Ағаш бесік көшпелі өмipгe өте қолайлы. Бесік иіп кептірілген талдан жасалады. Екі басын қайың ағаштан да шауып жасауы мүмкін. Астына тақтай салып, дәрет жүретін жepдi тeciп, ойып қояды. Оған киізден түбек жасап кигізеді.

Бесіктің бала тәрбиесіне ыңғайлылығы: біріншіден, көшіп-қонғанда түйеге артып жүруге қолайлы, екіншіден, баланы eмізгенге өте ыңғайлы. Баланы жөргектен шешіп жатпай-ақ ана бесікке асылып отырып та емізе береді. Tiпті анасы емізе отырып, мызғып та алады. Үшіншіден,бесік баланың денесінің тазалығына, ұйықтауына қолайлы. Баланың нәжісі (зәрі денеге жайылмай шүмек, түбек арқылы кетеді. Денесі құрғак болса, бала жайлы жатып, тыныш ұйықтайды. Ал бала денесінің өcyi үшін ұйқы аса қажет. Бала 40 күнге дейін 22—23 сағат, 6 айға дейін 20— 21 сағат, ал 1 жасқа дейін 18—20 сағат ұйықтайды. Ұйқысы тыныш баланың денесі тез өciп жетіледі.



Бесік тойы. Бала қырқынан шыққан соң атасы мен әжесі немесе әке-шешесі ауыл-аймақты жинап, баланың қарын шашын алып, бесікке салу тойын жасайды. Бeciктi көбінесе баланың нағашы жұрты алдын ала арнайы жасатып, бeciк тойына алып келіп тартатын болған. Ондағы мақсат жиен-жекжат өсе берсін, үpiм-бұтағым, өpiciм көп болсын деген ой-пiкip көзделген. Қызды өpic, жиендерді ұрпақ, жұрағат санаған.

Егер нағашы жұрты алыста болып, бeciк тойына келе алмаған жағдайда үpiм-бұтағы өскен, бала-шағалы аналардың бipi бecік тойға тарту етеді. Оның ceбeбi сәбидің өмip жасы ұзақ болсын, осы үй балалы-шағалы болсын деген ырым көзделген.

Баланың туғанына қырық күн толысымен, оның қыр­қынан шығару ырымын жасайды. Бip еркек қарын шашын алады, ал тұқымы өскен үбірлі - шүбірлі қария бәйбіше 40 қасық суды үстіне құйып тұрып "30 омыртқаң жылдам бекісін, 40 қабырғаң жылдам қатсын" деген тілек айтады. Бала шомылдырғанда легеннің түбіне 40 құмалақ тас, сақина, жүзік сияқты заттар салынады. Сақиналарды бала шомылдыруға кемектескен әйелдер өзара бөледі. Қарт бәйбішеге көйлектің мата, шашын алған еркекке тақия, т.б. сыйлық береді.Қарын шашты шүберекке түйіп, ба­ланың киімінің иығына қадап қояды.

Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл-қалжың, ұлт ойындарын ойнап көңіл кетереді. Жас нәрестеге бәйбішелер бата бepiп, немерелеріне сарқыт алып қайтады.



Бесікте бала емшектен шыққанша жатады. Ит көйлегі тозып, еңбектеп жүре бастаған кезде баланы бесіктен мүлде шығарып, анасы қойнына алып жатады. Бесікті қазақтьң құрмет тұтуы соншалық, кейде атасы жатқан бесікке немерелері жатады. Қазактың туған жерді алтын бесікке теңеуі де бeciктi ардақтаудан шыққан.

Бесік жыры. Балаға деген ана махаббаты "бeciк жырлары" арқылы берілген. Ана бөбегін бесікке бөлерде ең алдымен бeciк жырын айтады.

Сәбидің 1 жасқа дейінгі кезеңі. Бала кыркынан шыгы-сымен-ак уй-шпнщ улкендер1н ажырата бастайды. Әсіресе шешесі мен әкесін жазбай таниды. Баланы ермек еткен анасы

"Ата қане?", "Әже кане?", "Апа қане?" "Аға, апа қане?" деген сияқты сұрақтар бepiп, үлкендерді ажырата білуге үйретеді. Баланың өз атын білгізеді. "Ыстық", "суық", "жақсы", "жаман" деген сияқты сөздермен әр түрлі заттардың қасиеттерін сездіреді. 6—7 ай болғанда бала құйрығын басып отыруға үйренеді. Қазақтың бала "төрт айда төңіректеп отырады, бес айда белгілі отырады, алты айда анық, отырады" деген сез тіркесі бала дене бітімінің өсу дә-режесін айқындаудан шыққан түйсік. 8—10 ай болғанда еңбектеп жүре бастайды. 10—12 ай шамасында қаз тұрып, 6ip-екі аттап үстел жағалап жүруін үйренеді. Осы кезде балаға түрлі жалтырауық, сылдырмақ ойыншықтар мен үш аяқты итарба жасап бepiп, соның көмегімен жүруге үйретеді

Жас босанған аналар әр түрлі тағамдар жеуі керек. Баланың тон азығы дұрыс тамақтану арқылы берілсе, рухани жан азығы ол ес біле бастағаннан баламен сөйлесу, айналадағы қоршаған ортамен таныстыру арқылы іске асырылады.

Баланы еркелету, өлең-жыр айтып, қол аяғын ербеңдету, билету арқылы оның қуаныш сезімін оятып, жетілдіруге көңіл бөлінеді. Бала бipтe-бipте музыкалы шығармалар ойнағанда қуаныш сезіміне бөленіп, түрлі қимыл-әрекеттер жасайтын болады. Бала әрекеті айналадағы қоршаған ортаға, үлкендерің қарым-қатынасына тікелей байланысты. Үлкендердің ұрыс-тебелісі бала психикасына ерекше әсер етеді. Жиі ұрыс-кepic болатын үйдің баласының жасқаншақ, қорқақ, тілінің кекеш болатыны, тіпті мылқау баланың да осындай отбасынан шығатыны өмірден белгілі. Баламен отбасы мүшелері неғұрлым кебірек сөйлессе, оның ic-әрекетіне мән бepiп, көңіл бөліп отырса, соғұрлым оның тілi тезірек шығады, жақсы, жаманды, қуаныш я реніш сезімдерді тез сезінеді. "Бала тiлi бал" деп қазақ текке айт-паған. Үлкендер айтқан сездерге тіл келмеген бебектер кейде әр затқа өзінше ат қойып алуға үйір келеді. Жақсы киім киген апаны "әйәй апа" деуі, қорықса "бөки" деуі содан шыққан.

Тұсау кесу. Бала қаз тұрып, тәй-тәй басып жүре бастаған кезде жасалатын салт-дәстүр. Әдетте баланың туғанына 12— 14 ай толғанда жасалады. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 метр ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ. Тұсау кесу тойына ауылдың қыз-келіншек, бәйбішелері түгел шақырылады. Ет асылып, шай қайнатылады. Тойға келгендер шашуға құрт, май, тәтті тағамдар, балаға ойыншық, асык, сылдырмақ, т. б. әкеледі

Тұсау кескен әйелге көйлек немесе аяқ киім сыйлайды.

Атқа мінгізу тойы. Бала 4,5—5-ке толғанша әке-шешесі ұл балаға арнайы ат, ер-тоқым даярлайды. Ерді қайыңның безінен шаптырып жасатады. Мұны ашамай ер деп атайды. Ердің тебінгі, қайыстан, үзеңгі бауларын киіз бен былғарыдан, қайыстан күмістетіп жасатады.

Атқа мінгізу тойы жаз айларында болады. Бәленшенің баласы (немересі) азамат болыпты, атқа мінгізу тойына шақырып жатыр десіп, ағайын-туыс, жекжат, нағашылары келеді. Баланың нағашысы жиенге арнайы ат әкеліп мінгізетін болған. Тойға келушілер балаға арнап қамшы, садақ, шідер, т.б. заттар жасап әкеп сыйға тартады. Бұл — бала азамат болуға жарады деген ырымдар.

Сүндет тойы. Сүндетке отырғызу мұсылмандықтың белгісі болып саналған. Ер баланы сүндетке 5, 7 жасында отырғызған. Баланы неғұрлым ерте сүндетке отырғызса, соғұрлым ауырсынбай, тез жазылып кететін болған. Сүн­детке отырғызу көбінесе жазға салым немесе күз айларында icкe асырылған. Ceбeбi суық та, ыстық та балаға әсер етпесін деген мақсат көзделген. Кейде қожаны шақырып, 3—4 үйдің балаларын сүндетке бip-aқ отырғызған.

Тілашар тойы. Бала 7 жасқа толған кезде әке-шешесі не­месе атасы, әжесі қолынан жетектеп, мектепке (медресеге) оқуға апаратын болған.

Баланың мектепке баруын ауыл-аймақ болып қуаныштап, әйелдер анасына қайырлы болсын айтып, "тілашар" тойына арнап шашу шашады. Ата-анасы арнайы мал сойып, тойға келгендерді ет, қымыз, шай бepiп сый­лайды. Қариялар кетерде оқуға барған жас балаға "Хатты тез танып, кітапты көп оқып, Лұқпандай хакім, Атымтайдай жомарт болсын, 12 ғаламның тілін білсін" деп бата бepiп, тілек тілейді.

Жеті, тоғыз, он eкi, қырық сандарына байланысты ырымдар. Қазақ халкында жеті, тоғыз, он екі, қырық сандары қасиетті , киелі сандар деп есептелген. Оның ceбeбi орта ғасыр алхимиктері мен астрологтарының жеті күнге, жеті жұлдыз атын беруі, жеті металдың (алтын, күміс, темір, сынап, қалайы, мыс, қорғасын) пайда болған күш деп жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі күндеріне ат берген. Бұл күндердіің ішінде әр күнге арнайы ырымдар жасалған (мысалы, жолға сәрсенбі — сәтті күні шығуы, немесе тойды сәрсенбі күні жасауы, жұма ауыр күн деп есептеп жолға шықпай, құдайы садақа беріп, мешітке намазға баруы). Өлген адамды жұма күні жерлемеу, өлген адамдардың жетісін беріп, жеті шелпек пісіріп еске түсіру, баланың ер жетуі жеті жаспен мелшерлеп, "жетіге келгенше жерден таяқ жерсің", "жеті қабат жер асты" деуі, т. б. Сондай-ақ ерте кезде арабтар тоғыз санын да қасиетті деп санаған. Өлген адамның үшін, тоғызын беріп еске тусірген. Сол арабтар арқылы ислам дінінің қазақ даласына енуіне байланысты тоғыз санының ерекше құрмет тұтылуы да байқалады. "Оны тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру", "тоғыз әйелдің толғағы бір күнде кепті", "тоғыз жолдың торабы", "тоғыз қабат торқа кию", т.б. деген сез тіркес-терінен аңғарамыз.

Байырғы қазақ күнтізбесі бойынша (оның негізі ертедегі араб күнтізбесінде жатыр) он екі айға арнайы жәндіктер мен хайуанаттар атын беру (тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, кой, мешін, тауық, ит, доңыз), оларды 12 қазына деп атау, он екі жылды адамның бір мүшелі — қатерлі жыл деп арнайы атап ету кездеседі.

Тоқым қағу тойы —7—8 жасар бала нағашы жұрты бәсіреге мінгізген құнанына ашамай ерін ерттеп мініп, бірінші рет үйінен алысқа жолаушылап шығып, нағашы жұртына барады. Сонда әке-шешесі бір малын сойып, ауыл-аймағын жинап, тоқым қағар тойын жасайды.

Біз осы "тоқым қағарға" дейінгі баланың он жас айналасындағы өмірін әңгіме еттік.
Жас мөлшері. Қазакта адамның жас мөлшерін қозы жасы, қой жасы, жылқы жасы, патша жасы деп 4-ке бөледі.

  1. Қозы жасы — қазақта ұлды он жасқа келгенде қозы бағуға салады. Бұл – еңбекке баулудың қазақша бастауыш сыныбы іспетті. "Қозы жасы" аталуы да содан.

  2. Қой жасы — қозы жасындағы бала "Он бесте — отау иесі" делінген жасқа келісімен, еңбектің бастауыш сатысынан өтіп, кәсібін ауыстырып, қозы бағудан қой бағуға көшеді. Сондықтан он бес пен жиырма бестің арасын қой жасы деп есептеген.

  3. Жылқы жасы. Қай халықта болмасын жиырма бес — "бұғанасы бекіп, қабырғасы қатқан", "отқа салса өртенбес, мұзға салса тайсалмас" нағыз ердің жасы. Күндіз де, түнде де қақаған аяз бен қапырық ыстыққа, жауын мен желдің өтіне шыдайтын түз дүлдүлі жылқы бағуды сеніп тапсыру жиырма бес пен қырықтың арасындағыларға лайық кәсіп болған.

  4. Каталог: uploads -> doc -> 02f0
    doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
    doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
    doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
    doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
    doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
    doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
    doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
    doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
    02f0 -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру. Технологиясы: Дамыта оқыту
    02f0 -> Тақырыбы: Пайымдау мәтіні 1 Білімділік мақсаты


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет