Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы



бет5/9
Дата09.04.2018
өлшемі2,92 Mb.
#40092
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жарапазан ораза айтының кезінде кедей-кепшік, жоқ-жітік адамдар ауыл-ауылды аралап, әр уйден жанына келе жарапазан (арнау өлең) айтатын болған.

Кұрбан айтының шығу тарихы. Ислам дінін бүкіл араб елдерде таратушы — Мұхаммед. Ол 570 жылы Мекке қаласында туып, өмір сүреді Мұхаммед 622 жылы Меккеден басқа дінді қабылдаушылардан қуғын көріп, қашып шығып, Мәдина қаласына келеді. Ол бір құдайға құлшылық етіп сенуші мұсылмандарды Мәдина қаласы маңына жинап, Омар, Осман, Әли Бәкір, Әбу Талиб сияқты әділ халифтер-дін көмегімен бүкіл араб елдерінің басын бі-ріктіреді. Ясрит арабтары Мұхаммедті "Пайғамбар" (құдайдың жердегі өкілі) деп танып, көктен түсірілген "кұдай сүрелерінің" жиынтық кітабы (Мұхаммедтің айтуы бойынша жазылған)— Құранды қасиетті дін заңы ретінде қабылдаған. Бұл күн 622 жылға шілде айының 16-сына келеді. Яғни мұсылмандар Мұхаммед дінін шын мойындаған күні кұрметіне мал сойып, кұдай жолына кұрбандық шалатын болған. Қолында малы жоқ мұсылман қауымы кұдай жолына арнап тауық бауыздаса (қан шығарса болғаны) да бола береді деп есептелген. Міне, құрбан айты 14 ғасыр бойы бүкіл мұсыл­ман елдерінде жыл сайын мейрамдалатын діни мейрам ретінде аталып өтіп келеді.

Кұрбан айты ораза айтынан кейін 70 күн өткен соң болады. Оның "кұрбан айт" деп аталуы — бұл күні үй басы құрбандық шалады, айтқа арнап дастарқан жаяды. Құрбан айт та таңертеңгі намаздан басталады. Айтта жұрт сәнді киініп, үйді-үйге айтшылап кіріп, құрбандық етін жейді. Осы құрбан айтынан бір күн бұрын ата-бабаларының аруағына арнап, мал сойып, құран оқытып, "шек беретін" салт болған.

Қажылық. Мұсылманның бес парызы бар. Олар — шариғат айту, намаз оқу, ораза ұстау, қайыр-садақа беру, қажыға бару. Мұсылманның бұл бес парызын арабтар "орхон ад-дин" деп атайды. Алдыңғы төрт парызды өтеу көпшілікке ортақ іс болса, ал қажыға бару әр мұсылманның, шама-шарқына байланысты. Қажыға бару қазақ даласында,көбінесе, малы көп, ауқатты адамдардың ғана қолынан келген.
Жерлеу және ас беру рәсімдері.

Арыздасу, қоштасу. Әдетте дүниеден кетіп бара жатқан адам өзінің өлетінін білген соң ағайын-туғанымен, ел-жұртымен, өмірлік серігмен, өнерімен қоштасып, соңғы арыз тілегін өлең жолдарымен артта қалып бара жатқандарға сәлем ретінде жолдаған. Ағайын-туған, дос-жаранды адамдар пәленше нашар жатыр екен дегенді естісе, "көңілін сұрайын", "кешулесейін" деп іздеп келеді. Ақырғы сапарға аттанар адамның арыздасу үстінде айтқан тілек-өтініш артында қалғандар қолдан келгенше орындауға тырысқан. Сондықтан арыздасуды кейде "Ант мерзімі" деп те атайды.

Естірту, көңіл айту. Қазақтың ертедегі салты бойынша, түзде өлген адамды отбасы мүшелеріне, жақын туыстарына естіртуге адам айтатын сөзін, естірткелі отырған уақиғаны тұспалдап, жұмбақтап, ишаратпен, өлеңмен, кейде әртүрлі салыстырулармен хабарлаған. Кейде ауыр қазаны күймен де естірту дәстүрі болған.

Естірту, көңіл айту, жұбату, өлең, тақпақ, жыр түрінде айтылған. Шешендік сөз арқылы көңіл айту басы қаралы, жүрегі жаралы жандарды жақсы лебіз, жанашырлық сөзбен ойын ширатып, көзінің жасын тыяды, бойына қайрат береді, қайғысын сейілтуге тырысады. Қаза ортақ, қайғы кезек, өлім хақ екенін ескертіп, жұбатады, өткенге өкінгенше тірінің тілеуін тіле дейді.

Жоқтау. Күйеуі өліп қаралы болған әйел қайғысының ауырлығын білдіру ушін бес саусағымен бетін жыртып, қан шығарады. Тіпті, көне түркілерде әкесі өлген жігіттер өзінің жетімдігін білдіру үшін он құлағынан бастап, сол құлағына дейін пышақпен бетін тілетін дәстүр болған. Сірә, тіліміздегі "Бетің тіліңгір" деген қарғыс содан қалған болуы керек. Өлген адамның әйелі ері қайтыс болған күннен бастап, басына қара жамылады. Әйелі, қыздары, ана-қарындастары жыл бойы күн сайын таңертең ерте тұрып, беттерін керегеге қаратып, 1—2 сағат бойы дауыс салып, жоқтау айтқан. Жоқтау өлеңде өлген адамның ел-жұрт, ағайын-туысқа тигізген пайдасы, қамқорлығы, ерлігі, кісілігі туралы айтылады.

Қаралы үй. Кісі өлген үйдің түндігі түріліп, үй ішнен найза шаншылады да, ұшына қара ту немесе орамал байлайды. Егер өлген адам жас болса — қызыл, орта жастағы адамға — қара, ал қарт болса, ақ орамал байлаған. Қаралы үйде қандай адамның өлгенін осы белгі арқылы жүргінші— жолаушыға білдірген. Егер ер адам далада өлсе, мінген атына ертоқымын теріс ерттеп, қанжығаға тымағын байлап қойып, жетектеп әкеледі. Өлген адамның ер-тұрманы, киімдері, қару-жарағы үй ішінде керегеде жылы өткенше ілулі тұрған.

Өлікті жерлеу.Қазақ бейітті қыстау маңына салған. Бейіт ауыл төңірегіндегі ең биік тебенің үстінен қазылады. Қайтыс болған адамның өзі сұрап, өсиет еткен жері болмаса, ата-баба, ру бейітіне жерлейді. Ерте кезде төрт құлақты үлкен қорған салынып, бір рудың адамдары соның ішіне қойылатын. VI—X ғғ. ата-бабаларымыз атақты батыр, ел билеуші

көсем қайтыс болғанда, жер астынан кесене салып, өліктің жанына атын, сауыт-сайманын, аңшылық құралын, итін қоса жерлеген. Жанына қазан-ошағын қоса көмген, үстін орасан көп тастармен бастырып, биік оба жасаған. Бұл — адам ол дүниеге барғанда да тіршіліктегі кәсібін құрады деген діни наным-сенімнен туған. Бертін келе ер адамға жеке бейіт (күмбез) салып, еркектердің ескерткішінің төбесіне — найза, әйелдердің бейітінің үстіне — бақан немесе піспек, ал балалардың бейітінің басына бесік қойылған.

Қазақтардың мола, бейіттерді қастерлеуі соншалық бейіттің жанынан өтіп бара жатып, аттан түсіп, құран оқу, аттың қылын байлау, бейітке қарап дерет сындырмау, оны қол шошайтып керсетпеу сияқты ырымдар мұқият сақталған.

Бейіттің бірнеше түрі бар — оба, қорған (өте ертедегі түрі), кешен, там, күмбез, мазар (жеке адамға арналып салынған түрлері). Әр рудың "Ата бейіті" болған. Ал жол-жөнекей жолаушылап неғайбілден қайтыс болған адамды жеке төбеге, қорымға қойған. Сондай-ақ ерте кезде бақсыларды көп бейіттен бөлек жеке төбе басына жерлеген. Ол бақсыларды әулие санаудан туған.

Әр бейіттің басына құлпытас орнатылады. Құлпытасқа арабша өлген адамның аты-жөні, туған, өлген айы, күні, жылы, руы немесе ру таңбасы ойылып жазылады.

Тұлдау. Ежелгі дәстүр бойынша тұлдау ер азаматтар-дың өлімімен байланысты ырым. Оның ішінде жасы жетіп, ақ өліммен өлген ақсақалдардың тек мінген аты тұлданса, орта жастағы азаматтардың қару-жарағы, ер-тұрманы, киім-кешегі, баспанасы, мінген аты, асыл жары түгел тұлданады.

Иесіз, адыра қалғандықтың белгісі ретінде қаза болған адамға меншікті нәрселердің бәрі тұлданғандықтан "тұл үй", "тұл отау", "тұл қатын", "тұл ат", "тұл ер", "тұл қамшы", "тұл қару", "тұл жыртыс" секілді ұғым-түсініктер сақталған. Жаңа үйленіп жар қызығын көрмей, бала сүйіп ұрпақ қызығын көрмей, арманда кеткен азаматтың қазасы ерекше болады. Жігіттің жылы беріліп, ас өткен соң бейіт басынан "ойбай-бауырымдап" ат қойып келіп, тұл үйдің туырлық, түндігін сыпырады ("Туырлығы жоқ тұл үйге ат байласа тұрар ма?". Махамбет). Тұлымы кесіліп тұлданған жесірге өмірден өз жолын табуға рұқсат береді. Оны ағайын-туыстарының бірі әмеңгерлікке алған жағдайда, өз үйінің ақ босаға, есігінен емес, ырымдап, шаңырағынан түсіріп алады.

Ал өлген адамның тірі күнінде мінген аты да жал-құйрығы күзеліп, ер-тоқымының үстіне өлген азаматтың жақсы киімдерін жауып, ердің қасына тымағын кигізеді. Қыздары тымағын теріс қаратып киіп, тұл атты жетектеп, көш басында жүреді. Олардың соңынан түйе жетелеген әйелдер ереді. Олар жолда ауыл көрсе, яки қонар жерге келгенде дауыс қылады. Жолдағы ауылдың әйелдері алдынан шығып, бұларға сусын береді көңіл айтады.

Құйрық-жалы күзелген ат өлген азаматтың жылында асына сойылған.

Бір жылдан кейін, яғни 40 күннен бастап бұзыла бастаған мәйітті әбден ағып біткен кезде, өлген адамның о дүниедегі "шын өмірі басталады" деп санаған. Соған орай жылына арнап ас беру рәсімі жасалған. Аруаққа мұнан кейін де құрмет көрсетіліп, ораза айты мен құрбан айтында құрмалдыққа мал сойған. Оразаның соңғы күнін "шек" деп атаған. Онда шелпек пісіріп, бейіт басына барып құран оқып, пітір-садақа береді. Мұның бәрі өлген ата-бабаларды құрметтеудің, олардың аруағына деген наным-сенімнің айғағы.

Ас беру. Ежелгі дәстүр бойынша, ат жалын тартып мінген жігіттен бастап "пайғамбар жасына" (63 жас) жетпеген кісіге ас бермеген, тек жылын өткізіп атап өткен. Ас беруде ел билеген атақты адамның алыс-жақын, жекжат-құдандалы адамдардың бәріне алдын ала хабарлап сауын айтады.

Ас беру өлген адамның, ана дүниеде жүрген жанының (аруағының) құрметіне құрмалдық жасау арқылы өлілердің рухы қалған ұрпағын жебеп, қысылғанда сүйеу болып жүреді деген ұғымнан туған. Мұның өзі ислам діннен әлде-қайда бұрын қалыптасқан діни сенім. Ата-бабалар аруағының құдіретіне сенумен байланысты пайда болған. "Өлі риза болмай, тірі байымайды"— деп, асты өткізуге артында қалған бала-шағасы, ағайын-туыстары, қала берді рулы ел жұмыла көрісіп, көп шығынды бөлісіп көтеріскен, ол бүкіл рулы елге үлкен сын болған. Себебі, біріншіден, асқа қисапсыз көп адам шақырылады, екіншіден, аста міндетті түрде ақындар айтысы, балуан күресі, алтын қабақ ату, құнан бейге, ат бәйгесі болуы керек, үшішіден, сонша халықты 3—4 күн күту ушін мол тамақ, сусын, ойын-сауық, бәйгелерге беретін жүлделер т.б. есептегенде — қанша мал, қаржы, мүлік және еңбек керек.

Аруақпен байланысты ырымдар. Ш. Уәлиханов өзінің "қазақтар арасында шаман дінінің қалдығы" атты ғылыми еңбегінде ертеден қазақтардың аруақты қастерлеуін айта келіп, атақты адамдардың (батыр, би, бақсы, балгер, т.б.) бейітін көзден таса жерге көп бейіттен белек жерлеген. Ондағы мақсат аруақты шапқыншылар қорламасын деген ой болған" дейді. Тіпті, оларды жер астына терең обаға көмудің өзі осы мақсаттан тууы мүмкін.

Бақсылық құрған адамдарды әулие санап, оның моласына бала таппаған немесе ауру адамдар түнеп, қой сойып, ақсарбас айтып, ақ шүберек байлап, ақша тастайтын болған. Тіпті малға топалаң, карасан аурулары келіп кырыла бастаса да, малды айдап апарып, аруаққа арнап біреуін сойып, (соятын кой ақ болуы керек) калған малды бейітке түнеткен. Түнімен отты жағып қойып, малды отты айналдыра айдап журген. Сондай-ақ ауырып әл үстінде жатқан адамның басына шырақ жағып күзетіп отырған. Бұл — отты құдіретті күш санаудан, соған табынудан туған ырым.

Бүгінгі күннің салт-дәстүрлері. Өткен тарихымызға көз салып, еліміздің тұрмыс-тіршілігін ой елегінен өткізер болсақ, халық өміріндегі өзгерістер мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің ауысуы үлкен тарихи оқиғалардан кейін, заманның өзгеруіне байланысты болғаны байқалады.

"Заманына қарай амалы" демекші, Қазан төңкерісінен кейін көп жылдар бойы ұлт саясатының бұрмалануынан көптеген озық салттдәстүрлеріміз ұмыт бола бастады. Мәселен, дәстурлі Наурыз мейрамы 62 жыл бойы тойланбай келгені баршаға аян. Дегенмен, халық күшімен, әсіресе ауылдық жерлерде, ата дәстүрінің өміршең үлгілері сақталып, уақыт озған сайын мазмұны байып, жаңарып дамытылды.

Бүгінгі өмір салтымен байланысты қалыптасқан жаңа әдет-ғұрып, озық дәстүр түрлері сан алуан. Олардың бір бөлігі уақыт сүзгісінен өтіп, заман талабына қарай жаңаша сипат алған болса (үйлену тойы, шілдехана, балаға ат қою т.с.с), екіншілері жаңа пайда болған дәстүрлі мерекелер, той-жиындар (туған күн, мектепке бару тойы, әскерге шығарып салу, сабантой, шопандар тойы, жұбайлардың күміс, алтын тойы, қарттарды құрметтеп демалысқа шығарып салу және т.б.).

Шілдехана. Қазіргі шілдехана тойына нәрестенің ата-анасының туған-туыстары, достары, еңбектес жора-жолдастары, көршілері, жалпы көңілі жақын адамдар шақырылады. Бұл жиында дүниеге келген нәрестенің өміріне құттықтау айтылып, оның бүкіл тіршілігінің қайғысыз-уайымсыз, жақсы өмір кешуіне жүрекжарды тілектер, жылы лебіздер білдіріледі. Оның ата-анасына да ізгі тілектер айтылады. Ішкіліксіз өтетін, қазіргі тойлардың қатарына шіл­дехана да кіреді.

Мектепке бару тойы, әдетте, отбасында өткізеді. Ата-ана баласының білім әлеміне алғашқы қадам жасауын қуанышпен атап өтетін үлкен мереке. Жас балдырғанның жан дүниесіне жақсылық нұрын сеуіп, балапан сезімін байыта түсетін мұндай тойдың тағылымдық жағы мол. Бұл тойға ата-ананың туған-туысқандары, жора-жолдастары, көрші-қолаң, балалар бақшасындағы тәрбиешісі, тағы басқа тілектестері шақырылады. Тойды баланың әкесі не­месе шешесі басқарады.

Қарт әже немесе ақсақалды ата немересінің осынау қадамына сәттілік тілеп, ақ батасын беріп ғибратты ақылын айтып, немересіне дайындаған сыйын табыс етеді. Бұдан кейін сөз кезегі баланың тәрбиешісіне, "құдайы көршінің" біреуіне, туған-туысқандарға, ата-анасының жақын жолдастарына беріледі.

Туған күнді көп жағдайда отбасы мушелері мен ең жақын достары, туыстары жиналып атап өтеді. Туыстары мен достары кеш иесін құттықтап, оған сыйлық ұсынады. Егер әлдебір жағдаймен келе алмаса жеделхат арқылы да құттықтауға болады.

Кейде бұл күнге алдын ала дайындалып, көңілдес адамдарын арнайы шақыратын да дәстүр бар. Соңғы кезде өмірге енген жақсы дәстүрдің бірі — азаматтарды туған күнімен жұмыс орнында, қызметтес жолдастарының арасында құттыктау. Мұндайда әкімшілік қоғамдық ұйымдар ұжымды жинап, той иесін құттықтап, оған игі тілек білдіріп, гул шоқтарын табыс етеді. Егер мүшел жасқа келсе, кұттықтау­хат тапсырып, шапан жабуына болады, мерейтой иесін ортаға алып отырып, бүкіл ұжым суретке туседі. Қоғам­дық ұйымдар арнайы қабырға газетін шығарса, тіпті жаксы.

Кәмелетке толу мерекесі, әдетте жастардың орта мектеп бітіріп, аттестат алуымен тұстас келеді. Оны өткізудің әр түрлі жолдары бар. Көбіне бұл салтанат мектепте, мәдениет сарайларында, клубтарда өткізіледі. Кәмелетке толғандарға өсиетхат тапсырылады. Бұл күні балалары кәмелетке толған ата-аналар мерекелік салтанат дастарқанын жайып, достарын, тумаларын, баласының құрбыларын шақырып, көңілді кеш өткізеді. Кей жағдайда кешкісін жастар таза ауаға, өзен жағасына шығып, мерекелік алау жағып, оның айналасында би билеп, ән шырқайды.

Үйлену тойы да қазіргі күнде жаңа заманға лайық көп жағдайда ұлттық дәстүр негізінде өткізеді.

Үйлену тойы — адам өміріндегі ең бір жауапты, ыждаһаттылықпен дайындалуды қажет ететін салтанат. Жар таңдау, тұрмыс құру, жас отау иелерінің болашақта тату-тәтті өмір кешуі, әдетте, кыз бен жігіттің бір-бірін жақсы білуін талап етеді. Мұндайда асығыстыққа, көрсе қызарлыққа жол беруге болмайды. Өйткені ол орны толмас өкінішке соқтыруы, отбасының татулығына нұқсан келтіруі мүмкін. Екі жас алдамшы сезімнің құрбаны болмай, ойы мен ниеті табысып, бірін-бірі шын сүйіп, өз болашақтарына сенген кезде ғана бас қосу керек. Сондықтан да үйлену меселесіне, отбасының берік те бақытты болуына жастар үлкен жауапкершілкпен қарауы абзал. Үйлену тойдың, ондағы айтылар тос-тілектердің басты мәні жас жұбайларға осындай маңызды өмірлік мәселелерді сезіндірер ғибраттылығына байланысты болса керек.

Некеге отыру, әдетте үйлену тойынан бірер күн бұрын кейде сол күні күндіз болады. Ол неке сарайында немесе медениет үйінде болады. Оның негізгі заңдылықтары барлық жерде дерлік бірдей. Сонымен бірге, әр жерде жеке өзгерістер болуы да, жаңа әдет, дәстүрлер енгізіп толықтырылуы да мүмкін.

Асаба әркімге жасына, той иелеріне жақын туыстық дәрежесіне қарай сөз беріп, салтанат одан әрі жалғасады. Арасында ән айтылып, күй шертіп тұруға тиіс.

Той дастарқаны да ойластырылып, ондағы тағамдар шеберлікпен қолдан тісірілген болса, тіпті жақсы. Байлық көрсетуге, басқалардан асып түсуге ұмтылып, артық шашылып-төгілудің, орынсыз дарқандыққа салынудың қажеті жоқ,- Бәрі де ретімен, қонақтардың да, жас жұбайлардың да кеңінен шығатындай болуы керек.

Соңғы кездерде үйлену тойларын ішімдіксіз (қымыз, қымыран, түрлі шырындармен) өткізу дәстүрге айналып келеді. Бұл өте құптарлық жайт. Ойын-тойды, қала берді өлікті де арақ-шараппен өткізу кешегі кеңестік дәуірдің әкелген дөрекі дәстүрі екенін ұмытпауымыз лазым.

Қоныс тойы. Жаңа пәтерге (немесе үйге) көшу — әулеттегі ең қуанышты кезең. Сондықтан көп жағдайда оны мерекелік салтанатқа айналдырып, той етіп өткізеді. Қоныстану тойына тума-туысқандарымен бірге қызметтес жолдастарын, бұрын-соңды араласып тұратын достарын, жаңа көршілерін шақырады. Әдетте қоныстану тойына шақы-рылғандар өз шамасына қарай сыйлық, көрімдік ала барады. Сыйлық үй тұрмысына, күнделікті ұстап тұтынуға қажетті заттар болғаны дұрыс. Той дастарқанында айтылатын тілек осы отбасына, жаңа пәтердің ішінің құтты болуына арналуы тиіс.


Қазақ халқының салт – дәстүрлері

Салт – дәстүрлердің түрлері.


Діни әдет- ғұрыптар

Отбасылық той – томалақтар мен жиындар




Маусымдық халықтық мерекелер




  1. Ырымдар 1. Үйлену тойы 1. Жалпы халықтық тойлар

мен 2. Бала тәрбиелеу 2. Кәсіптік мейрамдар

нанымдар дәстүрлері

3. Жерлеу салты

  1. Діни рәсімдер

мен мейрамдар


Ырымдар мен нанымдар.Он және теріс бата, жылан арбау, күн жайлату, ауруды емдеу, кәрі жілікті іліп қою, отқа май салу, дуалау, бәдік, алғыс – қарғыс, бақсылық және т.б.
Діни рәсімдер. Намаз оқу, ораза ұстау, зекет- садақа беру, қажыға бару.
Діни мейрамдар. Ораза айт, құрбан айт
Жалпы халықтық тойлар. Наурыз мейрамы, Қымызмұрындық, Сабантой

(мизам), Соғым басы.



Кәсіптік мейрамдар. Биебайлау (биебау), сіргежияр, сіргетағар жүн қырқар, шашыратқы, тулақшашар, қоныс тойы, күйек байлау, күйек шешу, жүн қырқар, уызқағанақ және т. б. кәсіптік мейрамдар да маусымдық мерекеге саналады.
Құрғақ сүт, қызыл ірімшік, тасқорық, уыз­қаға­нақ, шашыратқы, сіргежияр, серне, бұл­қыншақ, малма, тарамыс, талқы, тулақ деген сияқты халықнамалық ұғымдарға қатысты


Қазақтың төрт тойы.
Наурыз мейрамы – күн мен түн тепе – теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Наурыз мерекесінде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егіп, игілікті жұмыстар атөарады. Бұл кезде мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңара бастайды. Сондықтан да наурыз тойын «тепетеңдік», «игілік», «жаңару», мейрамы деп атайды..
Қымызмұрындық – жаз тойы болып, мамыр айынан бастап маусым айына созылатын үлкен той. Осы кезде мал отығып, биелер желіге байланып, қымыз жиналып, ағайын – жекжаттар бірін – бірі қымызға шақырады. Құран оқып, мал сойылып, түрлі ойын – сауықтар, жарыстар ұйымдастырылады. Осы кезде түрлі той- томалақтар да өткізіледі.
Мизам (Сабан той) Күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне арналған той. Бұл тойда түрлі жарыстар мен ойын – сауықтар өткізілді.

Соғым басы – қыс тойы болып алғаш рет қар жауып аяз түскен сәттен басталады. Осы кезде ауыл адамдары соғымға сақтаған малдарын сойып, бірін – бірі қонаққа шақырады. Қыстың ұзақ түнінде ақындар мен жыршылар терме, қисса, ертегі айтып, жұртты қызыққа батырады. Наурыз тойынан басқа еңбекке байланысты туған осындай мереке тойлардың бірі – ең алғаш бие  байлағанда «қымыз мұрындық» пен «сірге мөлдіретер» беріп «жылқышы атаны» дәріптеу болса, зеңгі бабаға арнап сәуір айында «сейіл» тойын өткізу. «Сәуір болмай тәуір болмайды» деген халық мақалы да осы еңбек мерекесіне байланысты туса керек. Бұл әдет-ғұрып, еңбек процестеріне байланысты туған мереке тойлар. Қызды ұзатқанда, үйлену тойында болатын ойын-сауықтарға «алтыбақан», «жар-жар», «беташар», «той бастар», «сақина салар» және ырымға байланысты «тоқым қағар», «қына менде» т.б. осындай ойындар ойналған.
 Ал маусымдық мерекелерге жалпы халықтық тойлар – жыл басы Наурыз, жаз тойы – Қымызмұрындық, күз мейрамы – Мизам (шопандар тойы мен сабантой), қыс тойы – Соғым енеді. Сонымен қатар биебау, тулақшашар, шашыратқы, сіргетағар, сіргежияр, қоныс тойы, күйек байлау, күйек шешу, жүн қырқар т.б. кәсіптік мейрамдар да маусымдық мерекеге саналады.


Дәстүрлі үйлену тойы.


  1. Қыз таңдау. Бойжеткеннің тал бойынан табылуға тиіс қасиеттер бағаланған соң, жігіттің қасындағылар оның әке – шешесіне сездіреді.

  2. Қыз айттыру. Жігіт әкесі қыз үйінің төріне қамшысын іліп, «қызыңның қарғы бауына » деп бір жорға байлатады. Бойжеткенге үкілі тақия, сырға, сақиналар сыйланады.

  3. Жаушы жіберу. Жаушы шалбарының бір балағын етігінің қонышына сыртына шығарып, екініш балағын қонышқа сұғындырып, ақ түсті атқа мініп, қыздың үйіне келіп, «қарағым көрпе сал» деп бұйырады. Қыз үйі жаушыға «шеге шапан» кигізеді.

  4. Құда түсу тойы. Жігіттің туған – туысқандары құдалыққа қыз апуылына барады. Мал сойылып, оның бауыздау қанына құдалар қол батырып, бата бұзбауға серттеседі. Құйрық – бауыр жегізу, құда тарту, ұн жағу т.б. орындалады.

  5. Каталог: uploads -> doc -> 02f0
    doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
    doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
    doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
    doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
    doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
    doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
    doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
    doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
    02f0 -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру. Технологиясы: Дамыта оқыту
    02f0 -> Тақырыбы: Пайымдау мәтіні 1 Білімділік мақсаты


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет