Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағЫ



бет15/20
Дата28.01.2018
өлшемі7,38 Mb.
#35625
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Дəрілік заттар атаулары

10. Alūmen, ĭnis n Ашу тас

11. Amўlum, i n крахмал

12. Camphora, ae f камфора

13. Flucytosinum, i n флуцитозин

14. Furacilinum, i n фурацилин

15. Gelatosa, ae f гелатоза

16. Glucosum, i n глюкоза

17. Ichthyolum, i n ихтиол

18. Nitroglycerinum, i n нитроглицерин

19. Oleum Amygdalārum миндаль майы

20. Oleum Helianthi күнбағыс майы

21. Oleum jecŏris Aselli vitaminisātum дəруменделген треско балық майы

22. Oleum Olivārum зəйтүн майы

23. Oleum Persicōrum шабдалы майы

24. Resorcinum, i n резорцин

25. Strophanthinum, i n строфантин

26. Vinylinum, i n винилин

Басқа да лексикалар

27. aethylĭcus, a, um этилді

28. aqua, ae f су

29. bacca, ae f жидек

30. crystallisātus, a, um кристалды

31. destillātus, a, um дистилденген

32. glycerinōsus, a, um глицеринде

33. oleōsus, a, um Майда

34. purificātus, a, um тазартылған (су)

35. rectificātus, a, um тазартылған (спирт)

36. spirituōsus, a, um спиртті

37. spirĭtus, us m спирт

ad 10,0 10 граммға дейін

ad usum externum сыртқа қолдануға

ad usum internum ішке қолдануға

ana теңдей

bis (tres) repetātur екі рет қайталансын (үш рет)

cito! жылдам!

contra tussim жөтел (ден)

cum radicĭbus … тамырымен …

in ampūllis ампулада

in capsǔlis капсулада

in vitro nigro көрінбейтін ыдыста

non repetātur қайталанбасын

numĕro санмен

pro adultis үлкендерге (ірі малға)

pro auctōre автор үшін

pro infantĭbus төлдерге

pro injectionĭbus инъекцияға

pro me маған

quantum satis қанша қажет (қажет болғанша)

statim! тез! (жылдам)



Латын афоризмдері:

  1. Errare humanum est - адамға қателесу тəн

  2. Gutta cavat lapidem - тамшы тас теседі

  3. Pigritia est mater omnium vitiorum – барлық кемшіліктің негізі – жалқаулық

  4. Est modus in redus – судың да сұрауы бар.

  5. Homo ornat locus, non hominem locus – орта адамды емес, адам

ортаны көркейтеді.

  1. De lingua stulta incommŏda multa - ақымақ тілден көп қолайсыздық

(тіл бас кеседі).

  1. Ignorantio non est argumentum – білмегенің себеп емес

  2. Radices litteratum amarae sunt, fructus dulces – Білімнің тамыры ащы

болғанымен, жемісі тəтті (Білім инемен құдық қазғандай)

  1. Alit lectio ingenium - оқу – ақыл толықтырады

  2. Ignoti nulla, curatio morbi – анықталмаған ауруды емдеуге болмайды.

  3. Omne principium difficile est – бастау қашан да қиын.

  4. Ruditatis antidotum eruditio est – сауатсыздыққа қарсы бірден бір жол

білім алу.

Бақылау сұрақтары:

  1. Дəрілік заттардың тауарлық атаулары қандай түрде жазылады?

  2. Дəрілік заттарды жазғанда бірінші орында не жазылады?

  3. Екінші орында дəрі атауы қандай септікте жəне қалай жазылады?

  4. Тұнбалардың, тұндырмалардың, экстрактылардың, қайнатпалардың

атауларының жазылу ерекшеліктері.

  1. Дəріні тез жіберу керек болса, дəрігер қандай қосымша сөз қоса алады?

  2. Дəріні бірнеше рет қайталап жіберу керек болса, қандай қосымша сөздер енгізіледі?

  3. Recĭpe сөзінен кейін дəрілік зат қандай септеуде жазылады?

  4. Дəрілік заттардың мөлшері қалай жазылады?

  5. Ресми жəне магистральді рецепт деген не?

  6. Рецепт құрамы.

  7. Ерітінділердің түрлері.

  8. Шырыш түрлері.

  9. эмульсия дайындағанда қандай майлар қолданылады?

  10. Экстрактың түрлері.

  11. Сұйық жəне жұмсақ дəрілік зат формаларының ілік септігіндегі атаулары.

  12. Латын тіліндегі тұз атаулары.

  13. Калий жəне натрий тұздары атауларын рəсімдеу ерекшеліктері .

  14. а) оксид; б) пероксид; в) гидроксид атаулары қалай пайда болады?

  15. рецептурада «қалау, бұйрық» мағынасында қолданылатын етістіктің қандай формалары бар?

  16. fiĕri етістігінің рецептурадағы ерекшеліктері?

  17. «-цит-», «-форм-», «-ихти-», «-поли-», «-рео-» көп қолданылатын кесінділерді латын тілінде жазып беріңдер.


Негізгі әдебиеттер

1 Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен. ІІ: (цитология, эмбриология, гистология) / Тоқаев, З.К. - 2006

2 Латинский язык / Валл Г.И. - 1990 Латинский язык / Валл Г.И. – 1990

3 Латинский язык и основы ветеринарной терминологии: / Вульф, В.Д. – 1988

4.Заманбеков Н. А., Молдағұлов М.А. «Латын терминологиясы» пəнінен əдістемелік нұсқаулық. -Алматы, 2008.

5. М. Талдыбаев латын ветеринариялық терминологиясы пəнінің студенттерге арналған оқу-əдістемелік кешені 25.11.2013.



Қосымша әдебиеттер

1 Введение в латинскую ветеринарную терминологию /Валл, Г.И. - 1978



2 Анатомия терминдерінің сөздігі ( Қазақша-орысша латынша, орысша латынша-қазақша, латынша-орысша-қазақша) / Рақышев, А. – 1992

5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Малдәрігерлік латын терминологиясы» пәнінен №1 зертханалық сабақ
Тақырыбы: ВЕТЕРИНАРИЯ БӨЛІМДЕРІН, ПАТОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙ

ПРОЦЕСТЕРІН БІЛДІРЕТІН ТЕРМИНОЭЛЕМЕНТТЕР


Сабақ мақсаты:

Ветеринариялық пәндерді оқыту барысында қолданылатын терминдерді меңгеру мақсатында латын тілі оқытылады. Осы себепті ветеринариялық терминологияның сөз құрылымдық, лексикалық және граматикалық ерекшеліктерін үйрену және меңгеру үшін ветеринарияның – анатомиялық, фармацевтикалық, гистологиялық және клиникалық-терапевтикалық тарауларында жиі қолданылатын атауларды, ұғымдарды түсінуге пайдалануға үйретеді.

Студенттерді ветеринария бөлімдерін, патологиялық күй процестерін білдіретін терминоэлементтермен таныстыру. Жаттығу жасау барысында осы терминоэлементтердің есте сақталуын арттыру.
Өткізілетін зертханалық сабақ тақырыбына байланысты дайындалуға сұрақтар:

Оқытушының сабақ алдында бұрын өткен және болатын сабақтар бойынша білім алушылардың оқу үлгерімін тексеру мақсатында әртүрлі сұрақтар қою. Бұнда негізінен латын тілінің сөз құрылымындағы граматикалық катергориялар мен латындық терминдерді жаттау немесе ойға сақтау қабілеттерін байқау мен латын тіліндегі афоризмдерді білуі тексеріледі. Сондай-ақ, өздігінен орындауға тиісті тапсырмаларды меңгеруі тексеріледі. Сонымен қатар білім алушылар тарапынан қойылатын сұрақтарды талқылау және түсіндіру бағытындағы сқрақ-жауап негізінде өткізіледі.


Зерханалық сабақты жүргізу және алған мағлұматтарды текскеру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар:

–logia терминоэлементі «ғылым», «білім» мағынасында, ал клиника-

лық ветеринарияда нақты бір аурудың этиологиясын, патогенезін, балау

жəне емдеу əдістерін зерттейтін ветеринария саласында қолданылады.

Төменде келтірілген көп кездесетін терминдерді білген жөн:

Этиология – аурудың пайда болу себептері;

Патогенез – аурудың патологиялық күй мен процессін, даму механизмі;

Ветеринариялық клиникада «сұйықтық немесе газ + мүшенің аты»

моделімен аталатын терминдер көп қолданылады: pneumothorax – плевра

қуысында ауа мен газдың болуы, pyosalpinx – жатыр түтігінде ірің жина-

луы. Кейде мұндай терминдер патологиялық күйді білдіретін –ōsis-ке

аяқталады: пневмартроз – буын қуысында газдың болуы.

genĕsis-ке аяқталатын термин - зат есімдер, ағзада қандай бір

структуралардың пайда болуын білдіреді: gĕnus-қа аяқталатын сын есімдер

де көп кездеседі. Бұл сын есімдер «қандай да бір себептің салдарынан»

(rhinogĕnus –риногенді: мұрындағы патологиялық күйдің салдарынан), «бір

нəрсені болдыратын» (smasmogĕnus – спазмогенді: спазм болдыратын).

poёsis – терминоэлементі «пайда болу» мағынасын, басқа «мүшенің

орнын толтыру үшін пластикалық операция» мағынасында да қолданыла

береді (мысалы: urethropoesis).

malacia – жеке мағына беретін «маляция – некроз немесе дистрофия

салдарынан болатын тоқаманың жұмсаруы» термині ретінде қолданылады.

malacia – терминоэлементіндегі екпінге көңіл аударыңыз.

plegia – жансыздану дəрежесін білдіретін терминоэлементтер құрам-

ында қолданылады: мысалы - mono- (бір аяқ), di- (екі жақтан), tri- (үш аяқты),

tetra- (барлық төрт аяғы) , hemi- (бет не дененің бір бөлігінің жансыздануы).

Терминоэлементтер тізімі

Соңғы терминоэлементтер

Грек ТЭ Терминоэлементтер мағынасы

chyl(o)- chylia

Лимфа (сөл) (хилоторакс)

асқазан сөлі (ахилия)

dacry(o)- Көз жасы (дакриоаденит)

herni(o)- жарық (герниорафия)

hist(o)- ұлпа (гистология)

narc(o)- Ессіздену, сезімталдықтың жоғалуы, жансыздану

terat(o)- Кемістік, жарымжандық (тератология)

thanat(o)- өлім (танатология)

trachel(o)- Жатыр мойны (трахелорафия)

Соңғы терминоэлементтер

Грек ТЭ Терминоэлементтер мағынасы

-asthenia əлсіздену (неврастения)

-genĕsis пайда болу, өсу (онкогенез)

-genia жақ, төменгі жақ (прогения)

-gĕnus, a, um -генді (бір нəрсенің салдарынан не бір нəрсеге себеп болатын)

-logia ғылым, білім (урология)

-malacia жұмсару (остеомаляция)

-plegia жансыздану (гемиплегия)

-poёsis пайда болу, өсу-өну (гемопоэз)

Префикстер

Грек ТЭ Терминоэлементтер мағынасы

exo- Сыртқы, тысқы (экзогенный)



Жаттығу

1 жаттығу. Терминдердің құрамын талдап, мағыансын айтыңдар:

teratōma, haematometra, blepharoplegia, pyogĕnus, teratogenĕsis, pneumomalacia,

hormonopoesis, chyluria, microgenia, hydrothōrax, myasthenia, gastroplegia,

encephalomalacia, hepatogĕnus, monoplegia, chylostăsis, trachelotomia,

exoglossia, nephrogĕnus, dacryostenōsis, monocytopoёsis, hyperchylia,

histogenĕsis, gastromalacia, haemopericardium, chylopyopneumothōrax, trachelorrhaphia,

dacryoadenītis

2 жаттығу. Терминдерді латын тілінде жазып, мағынасын түсіндіріңдер:

танатофобия, гематотрахелометра, диплегия, кератомаляция, эндогенный, тромбоцитопоэз, прогения, дакриоцистография, тетраплегия, онкогенез, лейкопоэз, остеомаляция, неврастения, экзофтальм, гиперхилия, пирогенный, хилангиома, гидроперикард, кардиоплегия, риногенный, ангиомаляция, ахилия, цистотрахелография, дакриоцистит, гемопневмоторакс, пиосальпинкс

3 жаттығу. Медицина салаларын білдіретін терминдер мағынасын түсіндіріңдер: аллергология, дерматология, анестезиология, гастроэнтерология, наркология, гематология, геронтология, гинекология, кардиология, проктология, невропатология, нефрология, онкология, офтальмология, герниология, оториноларингология, патология, психопатология, пульмонология, танатология, урология, флебология, ангиология, артрология, гепатология, тератология

4 жаттығу. Төменде келтірілген сөздерден терминдер құраңдар:

1) даму аномалиясы: төменгі жақтың шамадан тыс үлкен болуы;

2) қан ағу;

3) сыртқы əсерлердің себебінен пайда болатын;

4) көздің қасаң қабағына пластикалық операция жасау;

5) сүйек ұлпасының пайда болуы, өсуі;

6) əлсіздік;

7) эмбриональды өсу аномалиясын зерттейтін ғылым саласы;

8) ұлпанының жұмсаруы;

9) жарықты тігу;

10) көз жасы безінің қабынуы;

11) дененің бір бөлігінің жансыздануы;

12) хирургиялық оташылық: жатыр мойнын кесу;

13) лимфа жолдарында сөлдің тұрып қалуы;

14) жатыр түтігінде іріңнің толып қалуы;

15) көз бұлшық еттерінің жансыздануы;

16) көз алмасы қуысына қан кетуі;

17) жиырылу шақыратын;

18) плевра (көкірек перде) қуысында газ не ауаның болуы.

1. Термин құрамындағы терминоэлементтерді анықтап, мағынасын түсіндіріңдер:

Polyclădus, macrococcus, caryogamia, cystocarpium, Ctenophŏra, Dasyūrus, diplococci, eugenĭca, eutrŏphus, Limnophĭlus, Glycyrrhiza, Gymnospermae, hypoxaemia, lasiocarpus, leptodactўlus, mycolŏgus, morphologia animalium, neurocўtus, Masthodontus, oligotrĭchus, ornithophilia, orthogenĕsis, oxyhaemo globīnum, photobiologia, polyrrhizus, Rhinocĕros, Staphylococcus, Streptococcus, sporoderma, platūrus, Xanthophўta.

6. Терминдерді терминоэлементтермен толықтырыңдар:

Ұлпада оттегінің аз болуы …oxia; тікебұтақты …clădus; даму үшін күн сəулесін қажет ететін ағза …trŏphus; жалпақмұрынды platy…; тамыртəрізді …morphus; қалың гүлді …anthus; қараспоралы melano… ; бұлшық ет тəрізді myo… ; жалаң аталықты …andrus; тіс жапырақты …phyllus; мұрын гүлді rhin… ; тамыржемісті …carpus; көлді (ұйықты) …bius; спорогенді sporo… ; құстұмсықты …rhynchus; тамыраяқты Rhizo… ; жалпақбұтақты eury… ; ұзын құйрықты dolicho… ; қос коктар …cocci; ағза ішінде дамитын спора …spŏra; қалың жапырақты…phyllus; торша ядросын зерттейтін цитология бөлімі …logia; төрт тісті tetr… ; тамыр бастылар Rhizo… ; құйрықсыздар an… ; тіссіз (моллюск) …odonta; əр түрлі споралы …sporia; сары жемісті …carpus.

7. Төменде келтірілген мүшелердің қабынуын білдіретін терминдер құраңдар:

1)gaster, tris, f 6) hepar, atis, n

2)pleura, ae, f 7) encephalon, i, n

3)colon, i, n 8) bronchus, i, m

4)pancreas, atis, n 9) meninx, ingis, f

5)abomasus, i, m 10) rumen, inis, n

8. Термин құрамындағы терминоэлементтерді анықтап, мағынасын түсіндіріңдер:

anergia,cystolithiǎsis, paracolītis, neurītis, proctalgia, oedēma, rhinorrhagia, hypertrophia, infantilīsmus, lymphopenia, gastroenterītis, hypokinesia, laryngītis, thrombocytopenia, toxicōsis, urolĭthus, salpingītis, poliomyelītis, strumītis, proctectomia, myosītis, parametrītis, glossorrhagia, hepatolĭthus, keratītis, lymphadenītis, proctorrhagia, mastītis, perimetrītis, gastroenterocolītis, gingivītis, hepatītis, dysenteria, encephalītis, endocrinologia, cheiloschĭsis, colītis, dyskinesia, tonsillītis, encephalopathia, enterolĭthus, typhlītis, encephalomyelītis, cheilorrhagia, electroencephalogramma, enterocolītis, thrombophlebītis, encephalogramma, cheilōsis, cholelithiǎsis, colpītis, cystītis, electroencephalographia, palatoschĭsis, pancreatītis, paracystītis, pleurītis, proctītis

9. Терминдерді терминоэлементтермен толықтырыңдар:

Ерін каймасының қабынуы – cheil…

Ішек ауруының атауы - …pathia

Ішектің індетті протозой ауруы – amoeb…

Ациклді жатыр қансырауы – metr…

Мүше не жүйелердің бірге қызмет жасамауы - …syn…

Ауруды дəрі көмегімен емдеу - …therapia

Мұрын тасы – rhin…

Көз жасы қапшығының қабынуы - …ītis

Хирургияның таңғыштар туралы бөлімі - …urgia

Аш ішекті құрсақ қабырғасына бекемдеу – enter…

Жоғарғы таңдайдың туа біткен жарылуы – gnath…

Көздер қан кету – ophthalm…

Улы заттар туралы ғылым - …logia

Ағзаның жоғарғы реактивтилігі – hyper…

Бүйен ішекті бекемдеу - …pexia

Жатыр мойны кілегейлі қабығының қабынуы - …cervic…

Жыртылған жатыр қабырғасын тігу – hyster…

10. Төменде келтірілген термин-транслитераттарды құрамына қарай талдап, мағынасын түсіндіріңдер:

эндометрит, ботулизм, дистрофия_______, ринит, гиперкинезия, токсикофобия, тромбоцит, неврорафия, парапроктит, синдесмология, периартериит, ринорея, элефантиаз, ураносхизис, спондилит, гигантизм, бронхит, калькулез, гастроэнтерология, трихатрофия, дуоденит, энтероррагия, литиаз, гипергия, гастрит, холецистит, колоноскопия, атрофия, дакриоцистит, трихорея



Сабақ мазмұнының мағынасын бейнелейтін негізгі кестелер, көмекші оқу-құралдары және т.б өзін-өзі текеру үшін және зертханалық жұмыстарын қорғау сұрақтары.

Латын афоризмдері

1. Optimum medicamentum quіst est – ең жақсы ем - тыныштық (Цельс)

2. Mortalĭtas alta Өлімнің көп тіркелуі

3. Restitutio ad integrum Толық қалпына келу

Бақылау сұрақтары:

1. «Этиология» жəне «патогенез» терминдеріне анықтама беріңіз.

2. Gĕnus/-генді терминоэлементтеріне аяқталатын сын есімдер қандай

мағына береді?

3. «Маляция» терминінің мағынасы.

4. «Бір аяқтың жансыздануы», «екі аяқтың жансыздануы», «үш аяқтың

жансыздануы», «төрт аяқтың жансыздануы», «дененің бір жартысының

жансыздануы» мағынасын білдіретін терминдерді атаңыздар.

5. Эксцизия, резекция, экстирпация, ампутация, катетеризация термин-

дерінің мағынасын түсіндіріп беріңдер.

5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Малдәрігерлік латын терминологиясы» пәнінен № 2 зертханалық сабақ
Тақырыбы: ЗЕРТТЕУ ƏДІСТЕРІН, КӨЛЕМІН, САНЫН БІЛДІРЕТІН

ТЕРМИНОЭЛЕМЕНТТЕР


Сабақ мақсаты:

Ветеринариялық пәндерді оқыту барысында қолданылатын терминдерді меңгеру мақсатында латын тілі оқытылады. Осы себепті ветеринариялық терминологияның сөз құрылымдық, лексикалық және граматикалық ерекшеліктерін үйрену және меңгеру үшін ветеринарияның – анатомиялық, фармацевтикалық, гистологиялық және клиникалық-терапевтикалық тарауларында жиі қолданылатын атауларды, ұғымдарды түсінуге пайдалануға үйретеді.

Студенттерді зерттеу əдістерін, көлемін, санын білдіретін терминоэлементтермен таныстыру. Жаттығу жасау барысында осы терминоэлементтердің есте сақталуын арттыру. Сабақтың мақсаты: латын тіліндегі сөздерді дұрыс оқу үшін буынға бөлу жəне екпін ережелерімен таныстыру.
1. –graphia ТЭ көп жағдайда рентгенологиялық зерттеулерді білдіреді (phlebographia – вена қан тамырларын рентгенологиялық зерттеу). Бірақ, кей жағдайларда рентгенологиялық емес зерттеу əдістеріне (electroencephalographia – ми биопотенциалының графикалық тіркеуі) жəне «жазу-сызуға» да қатысты қолданыла береді (dysgraphia). Терминді терминоэлементтерге қарап талдау кейде қиындау соғады, мысалы: gastrographia – асқазанның əртүрлі қызметтерінің графикалық тіркеулерінің жалпы атауы; hepatographia – бауырды рентгенологиялық зеттеу.

2. –gramma ТЭ –graphia терминоэлементіне ұқсас мағына беріп, зеттеу əдістерінің графикалық суреттерін береді (audiogramma – есту қабілетінің бұзылғандығы туралы сурет, қисық).

3. –scopia терминоэлементі көзбен көріп зерттеуді білдіреді, қандай да құралдармен (эндоскоп) ішкі ағзаларды зерттеу (gastroscopia – гастроскоп көмегімен асқазандаы зерттеу, angioscopia – эндоскоптың көмегімен қан тамырының ішкі қабырғасын зерттеу). Эндоскоп – жарық түсіретін бөлшегі бар табиғи не жасанды тесіктер арқылы дененің қуыстарын зерттеуге арналған құрал. «Скопия» жүргізетін құралдары «скоп» деп атайды, мысалы: arthroscop - буын қуысын көретін эндоскоп.

4. Қанның формалы элементтерінің жоғарылауы -ōsis -, төмен түсіп кетуі -penia – деп аталады.

· erythrocytōsis– erythrocytopenia

· thrombocytōsis – thrombocytopenia (немесе thrombopenia)

· lymphocytōsis – lymphocytopenia

· leucocytōsis – leuсocytopenia (немесе leucopenia).

5. Қанның формалы элементтеріне қатысы жоқ –ōsis терминоэлементі – pathia терминоэлементі сияқты «ауру, патологиялық күй» деген ұғымды білдіреді: (osteoarthrōsis – буын ауруларының жалпы атауы). -eucōsis термині «аққан – қанда лейкоциттердің шамадан тыс көбейіп кетуін» білдіреді.

6. –ōsis – терминоэлементі ісіктерде, қабынуларда «көп, көбейген» деген ұғымды да білдіреді: adenomatōsis –аденомдардың көп болып кетуі, furunculōsis – фурункулдардың (шиқандардың) көбейіп кетуі.

7. Көлемді, санды білдіретін терминоэлементтерді ажырата білген жөн:

· macro- көлемі үлкен (macrodactylia – саусақтың үлкейіп кетуі)

· poly- көп, саны жағына көп (polyuria – зəрдің көп мөлшерде шығуы).

· megalo- macro-ның синонимі, көлемі жағынан үлкен деген мағынаны

білдіреді (megalodactylia – саусақ көлемінің үлкеюі), бұл терминоэлемент соңғы не бастапты бола алады: dactylomegalia.

· micro- кіші көлемді (microsplenia – талақ көлемінің кішіреюі),

· oligo- саны жағынан аз деген ұғымды білдіреді (oliguria – зəрдің аз мөлшерде шығуы).

8. Клиникалық терминологияда түбірлі терминоэлементтері грек немесе латын сөзі болып келетін термин-синонимдер кездесе береді: angiographia

(грек тілінен angio-) синонимі vasographia (латын тілінен vas, vasis n) – қан жəне лимфа тамырларын рентгенологиялық зерттеу.

9. hyperthyreosis – қалқанша безінің шамадан тыс көп қызметі жəне hypothyreosis – қалқанша безі қызметінің төмендеуі.

Түбірлі терминоэлементтер

Грек ТЭ Терминоэлементтің мағанасы

aden(o)-

1. без (лимфаденография);

2. аденоидтар (аденотомия)

audi(o)- (лат.) есту (аудиограмма)

cardi(o)- жүрек (кардиомегалия)

chol(e)- өт (холангиография)

cholecyst(o)- өт қапшығы (холецистопатия)

cyst(o)- қуық (цистоскопия)

lapar(o)- құрсақ қуысы (лапароскопия)

macr(o)- көлемі үлкен, ірі (макроцефалия)

megal(o)- megalia) (-үлкейіп кеткен (мегалодонтия, цефаломегалия)

men(o)- менструация, менструальдыцқ цикл (дисменорея)

metr(o)-metra

hyster(o)-

жатыр (метрография, гистероскопия)

micr(o)- көлемі кіші, майда (микромастия)

mogi- қиналып жасалатын əрекет (могиграфия)

olig(o)- саны аз (олигемия)

ophthalm(o)- көз, көру (офтальмоскопия)

phleb(o)- вена, көк тамыр (флебограмма)

poly- көп (саны жағынан), көбею (полиурия)

pyel(o)- бүйрек тостағаншалары (пиелография)

salping(o)- жатыр түтігі (сальпингоскопия)

sphygm(o)- Тамыр соғуы (сфигмография)

tomo- қабат, қабатты (томография)

thyr(o)- қалқанша без (гипотиреоз)

Соңғы терминоэлементтер

Грек ТЭ Терминоэлементтерің мағынасы -gramma

1. рентгенограмма (флебограмма);

2. рентгенологиялық емес зерттеулердің графикалық сызықтары, суреті (гемограмма)

-graphia

1. рентгенологиялық зерттеу (ангиография);

2. графикалық тіркеу (рентгенологиялық емес зерттеу) (кардиография);

3. хатқа қатысты (аграфия)

-metria өлшеу (калориметрия)

-ōsis


1. ауру, патологиялық күй (хейлоз);

2. қанның формалық элементтерінің көбеюі (эритроцитоз);

3. көп (фурункулёз)

-penia қанның формалық элементтерінің азаюы (тромбоцитопения)

-scopia зерттеу, көру, байқау (эндоскоптың көмегімен) (гастроскопия)

Префикстер

Грек ТЭ Терминоэлемент мағынасы

dys- Қызметінің бұзылуы, қалыпты жағдайдан ауытқу, қиналу

endo- ішкі

Тыныс алу мүшелерінің ауруларының латынша атаулары –

Morbi systemătis respiratorii

1. abscessus, us m Абсцесс (іріңдік)

2. adenoĭdes, um f (мн. число) аденоидтар

3. asthma, ătis n Астма (демікпе)

4. bacteriālis, e бактериалды

5. conditio, ōnis f күй

6. cysta, ae f киста

7. cystĭcus, a, um кистозный

8. deviātus, a, um жылжу, қисаю

9. emphysēma, ătis n эмфизема

10. gangraena, ae f Гангрена (өліеттену)

11. infectio, ōnis f инфекция

12. influenza, ae f грипп (тұмау)

13. mediastīnum, i n Аралық перде

14. mixtus, a, um аралас

15. mucopurulentus, a, um кілегейлі-іріңді

16. obstructīvus, a, um Обструктивті (кедергілі)

17. oedēma, ătis n ісіну

18. paralysis, is f салдану

19. paranasalis, e параназалды (мұрыналды)

20. periodĭcus, a, um мезгілді

21. pneumonia, ae f Пневмония (өкпе қабынуы)

22. polўpus, i m полип

23. respiratorius, a, um тыныс

24. tractus (us m) respiratorius тыныс жолы

25. ulcus, ĕris n ойық жара

26. vasomotoricum, a, um вазомоторлық
Өткізілетін зертханалық сабақ тақырыбына байланысты дайындалуға сұрақтар:

Оқытушының сабақ алдында бұрын өткен және болатын сабақтар бойынша білім алушылардың оқу үлгерімін тексеру мақсатында әртүрлі сұрақтар қою. Бұнда негізінен латын тілінің сөз құрылымындағы граматикалық катергориялар мен латындық ерминдерді жаттау немесе ойға сақтау қабілеттерін байқау мен латын тіліндегі афоризмдерді білуі тексеріледі. Сондай-ақ, өздігінен орындауға тиісті тапсырмаларды меңгеруі тексеріледі. Сонымен қатар білім алушылар тарапынан қойылатын сұрақтарды талқылау және түсіндіру бағытындағы сқрақ-жауап негізінде өткізіледі.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет