Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ш. Ш. У



бет4/5
Дата10.04.2017
өлшемі1,56 Mb.
#13641
1   2   3   4   5
-борт жортар», «мыңмен жалғыз алысқан», «қып-қызыл қан ағызған» секілді қимыл әрекеттер мен «күннің көзін басты шаң», «жердің жүзін басты қан» деп келетін ұрыс құбылыстарының сипатын беру де батырлар жырының әдіс-тәсілдері болып табылмақ. Ақынның батырлар жырындағы поэтикалық үрдіспен жақын-жуықтық оның жекелеген өлеңдерінде ғана емес. Оның «жорық» атты поэмасы бастан-аяқ түгелдей батырларжырының әсерімен жазылған. Б.Күлеевтің шығармашылық эволюциясын, оның көркемдік ерекшеліктерінің сипаты айқындалатын құбылыстарды ақын шығармашылығындағы ауыз әдебиетіне тән үрдіс тәсілдері ол қаншалықты шығармашылықпен игергені тұрғысында түсіндіріп отырғанымыз белгілі. Міне, осы үрдіс-тәсілдердің ішінде Б.Күлеев пайдаланған психологиялық параллелизмге (егіздеуге) ерекше тоқталып өткен ләзім. Жалпы психологиялық параллелизм ауыз әдебиеті мен жыраулар поэзиясындағы өнікті тәсілдердің бірі екендігі дау туғызбаса керек. Параллелизмнің арғы төркіні адамзат ой-санасының сәбилік дәуірінде жатқаны, барлық сөз образдарының тегі де осыған тірелетінін көркем тілді зерттеушілер айтып өткен. Адам баласының сәбилік қоғамында олар табиғатсырын толық түсіне алмай, жан жануарда, өсімдіктер мен ағаштар да басқа да табиғат құбылыстарды адамша қуана, қайғыра алады деп түбінген. Сондықтан да олар өздерінің сезім күйлерін аталған құбылыстарға паралель етіп қойған.Әрине, мұндай жайттар олардың дүниеге өмірге көзқарастарымен түсіндірілсе керек. Осы орайда белгілі шығыстанушы ғалым, академик А.Н.Веселовскийдің параллелизмге қатысты төмендегі ой тұжырымын уәжге алсақ: «Человек усваивает образы внешнего мира в формах своего самосознания; тем более человек первобытный, не выработавший еще прывички отвелченного, необразного мышление, хотя и последнее не обходится без известной сопровожнающе его обрахзности. Ты неволно переносим на природу наше самоошущение жизни, выражающееся в жвижении, в проявлении силы, направляемой волей; в тех явлениях или объектах, в которых замечалось жвижение, подазревались когда-то признаки энегрии, воли, жизни. Это митосозерцание мы называем аналистическим; в приложении к

поэтическому стилю, и не к нему одному, вернее будет говорить о параллелизме». Психологиялық параллелизм үлгілері барлық халықтардың ауыз әдебиеттеріндекездеседі. Мына үлгілерге назар аударалық:

Бұйра қайың, жел жақта

Сен неліктен шулайсың?

Асау жүрек қайғыңжоқ,

Сен нелңктен тулайсың?

(Орыс фольклоры)

Әй, тал өсе, талы өсе,

Басын кессе, тағы өсе.

Тоташ үшін қайғырмаймыз.

Сіңлілері тағы өсе.

(Татар фольклоры)

Ақ tешкі маңырайды лағына,

Баршадан бау тағамын нымағыма.

Ақ ешкі, қосылып зарланалық ,

Жеткізе жалғызымның құлағына.

(Қазақ фольклорынан)

Осы үлгілердің барлығында адамның көңіл-күй сезімдері жаратылыс құбылыстарымен параллель көреміз; Психологиялық параллелизм жыраулар поэзиясында да өнікті тәсілдердің бірі болғанға ұқсайды. Мұны әсіресе Асан Қайғы мен Шалкиіз, Қазтуған толғауларынан ерекше байқаймыз. Мысалы:

Таза мінсіз асылтас,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз, асыл сөз,

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас

Жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз

Шер толқытса шығады.

(Асан Қайғы).

Ақ дария толқын күшейтер,

Құйрығын күн шалмаған балығым,

Ортамнан ойран салар деп,

Азамат ердің баласы
Жабыққанын білдірмес,

Жамандар мазақ қылар деп!

(«Қазтуған»)

Жауынды күні көп жүрме,

Жар жағасы тайғақты.

Жаманға жақыным деп сөз айтпа,

Күндердің күні болғанда,

Сол өз басыңа айғақ –ты!

(Шалкиіз)

Психологиялық параллелизм тек ауыхз әдебиеті, жыраулар поэзиясының ғана үрдісі болып қалмай, ол кейінде туып дамыған жазба әдебиеттің де, негізгі суреттеу құралдарының бірі ретінде, өнікті әдіс-тәсіл боп көркемдік қызмет атқарады. Бұл жерде ол балаң, сәбилік санадан туындаған құбылыс емес, көркемдік әдіс-тәсіл. Жазба поэзиядан мұның жарқын үлгісін Абайдан кездестерміз.

Мысалы:

Көк ала бұлт сөгіліп,

Күн жауады кей шақта.

Өне бойың егіліп,

Жас ағады аулақта,

Жауған күнмен жаңғырып,

Жер көгеріп күш алар

Аққан жаспен қаңғырып,

Бас ауырып, іш жанар.

(Абай)


Ал енді XX ғасыр басындағы жасаған қазақ ақындарының ішінде психологиялық параллелизмді өнікті тәсіл ретінде шебер пайдаланған ақындар мен С.Торайғыров пен Б.Күлеевті атауға болады. Бернияздың мына бір өлең жолдарына тоқталалық:

Қызғалдақтай қызық өмір,

Күні келсе солмай ма?

Еркін жүрген ерке көңіл

Қайғы зарға толмай ма?

(Бернияз).

Шумақтағы «өмір» сөзіне «қызғалдақтай» теңеуі қосылып, оған «қызық» эпитеті үстемеленіп ұтымды теңеу, әсерлі эпитет жасалып өлең шумағына шырай кіргізіп тұр. «Еркін жүрген ерке көңіл» күрделі эпитетті де ақын қаламының тың да соны жемісі. Шумақта «өмір» мен «көңіл» құбылыстарды параллель алынған. Психологиялық параллелизмге әдісімен қызғалдақтай жайнаған өмірдің әйтеуір күндердің күні болғанда бір солатынын, еркін жүрген ерке көңілдің де бір уақыттарда қайғыға ұшырайтынын қатар алып суреттеу арқылы ақын өзінің поэтикалық ойын көркем де бейнелі ұтымды жеткізіп тұр. Бұл жолдардан абстракт құбылыстардың ішкі үйлесімін, нәзік жарасымын ақын қаламының шебер жеткізе алатындығына көзіміз жете түскендей.

Ақынның өмір құбылыстарын түспал, нышан, символ арқылы өрнектеген, «Қараңғы түн алдымда тұр шам жанып» өлеңіндегі мына жолдарға назар аударайық:

Қараңғы түн, алдымда тұр шам жанып,

Қиял шырмап, отыр едім ойланып.

Сәуле іздеген тоты құс түсті көбелек,

Жүрді ұшып, жанған отты айналып.


Гуілдеді отты айнала, ұшты ол,

Сәуле тартып, кейде жалын құшты ол.

Бір сүйіп от құшағына тартып ед,

Өлі жар боп от ішінеп түсті ол.


Өмір от қой мен көбелек айналған.

Оттан ляззат аламын деп алданған.

Жынды жастық от өмірмен ойнатып,

Бал орнынан уын ішіп сандалған.

Бұл өлеңде де ақын ойы психологиялық параллелизм арқылы шебер өрнектелген. Осындаған өмірдің отқа; лирикалық қаһарманның көбелекке балануы ақынның поэтикалық ойларының жарқын көріістері екені сөзсіз. Осы бір метафоралық құбыдыс әрі психологиялық параллель ретінде алынып тұр. Мұны ақын контексінде былай ұғындыруға болады. Өмір де жанып тұрған шам. Ол да өзінің жарқырай жанғандығы әртүрлі сәулелерімен адамдарды баурайды, еліктіреді. Пенде шіркін тіршіліктіңосы алдамшы сәулелеріне, оның қызылды-жасылды нұрына арбалып өз бастарын ұмытып дүние қызығының соңына түседі. Осылайша өз жарқылына ұмсындырып-ұмсындырып алып, дүние шіркін соңында құйрығын ғана көрсетеді. Пенде шіркін артында опық жеп, жоғарыдағы көзсіз көбелектің жолын құшады. Міне, ақынның поэтикалық ойы осы бір құбылысты жеткізу үшін өмірді отқа, лирикалық қаһарманды көбелекке параллель ала отырып, үйлесімді психологиялық параллелизм арқылы оқушыларға әсерлі жетіп тұр. Ақынның басқа да лирикалық туындыларында психологиялық параллелизмнің ұтымды тәсіл болғанына көзіміз жете түседі. Мына бір жолдарға назар аударайық:

Жас теректің жапырағы,

Жамырама соқсың жел.

Жүрегіме менің дағы,

Жалынбаймын, өтсін шер.

Бұл жерде табиғатпен үнсіз мұндасқан лирикалық қаһарманның қайғыға жаын тұрған қамырықты көңілқұбылысын аңдату үшін ақын жапыраққа жүректі, жел мен шеруі параллель алып психологиялық параллелизмнің сәтті үлгісін жасап тұр. Бернияздың алғашқы ақындық өсу тәжірибесін сөз еткенде, оның поэтикалық ойының эволюциясын біршама ауыз әдебиеті үлгілерімен тұтастықта сөз еттік. Ақын әрине, өзінің алғашқы ақындық тәжірибесінде ауыз әдебиеті үлгілерінің көркем әдіс-тәсілдерін молынан емін-еркін пайдаланды. Бірақ жай пайдаланып жоқ. Белгілі бір көркемдік тәжірибемен талғап, таңдай отырып шығармашылықпен игерді. Оны өз шығармашылығында өнікті әдіс-тәсілдр ретінде жалғастырды. Оның мысалдарын жоғарыда келтіріп өттік. Б.Күлеев жоғарыда аталған өлеңдерінде ауыз әдебиеті үлгілерін шығармашылықпен пайдаланғанмен осы үлгі-әсердің жетегімен кете берген жоқ. Оның ақындық ерекшелігі, көркемдік қырлары, поэтикалық ойларының өрісі жазба поэзияның үрдісіндегі романтикалық өлең-жырларында жатса керек. Көркемдік өрнектері ақынның даралық стилі мен поэтикалық шеберліктегі үлкен биігі, көркемдік өрнектегі нәзік болмысын шынайы жазба поэзияға тән көркем өрістің төңірегінен ізде дегеніміз мәлім. Асылы, ақынның жан дүниесіндегі нәзік толқынысты, өмірлік әсерді, ішкі болмысты терең ашып көрсету шынайы лирикалық өлеңнің ғана қолынан келсе керек. Орыстың атақты сыншысы Добролюбов лириканың осы сипаты жайында былай деп жазыпты:

«В лирическом стихотворении выражается непосредственное чувство, возбужденное в поэте известным явлением природы или жизни, и главное дело здесь не в самом чувствовании, не в пассивном восприятии, а во внутренней реакции тому эпечатлению, которое полччтается извне».

Ақынның лирикалық шығармасының кейіпкері ақынның ішкі өзіндік «мені» не болмаса, «лирикалық мені» лирикалық қаһарман болып келетіні белгілі. Міне, осы лирикалық қаһарманның ішкі жан дүниесі, шындыққа деген көзқарасы, оны қабылдап, таразылауы барысында өзінше бір көркем әлем, әсем поэтикалық образдар дүниесі жасалады. Лирикалық шығарманың шырайын кіргізіп, қан жүгіртетін, оны шын мәнінде лирикаға айналдыратын да сол поэтикалық образдардың шынайы сұлулығы мен әсемдігінің шығарманың ішкі көркемдік қабатында іштей үйлесім теуып, біртұтастық, жарасымдылық табуында. Ақынның белгілі бір аяда кеңістікке дегн көркемдік қатынасынан әсерлі поэтикалық образдар дүниеге келмек. Бұл поэтикалық образдар сөз арқылы жасалады. Ал сөздің өзінің тоқсан тоғыз түрлі ішкі мән мағынасы болуы мүмкін. Сонда поэтикалық образдың мағыналықбояуының қалыңдай түсетіні белгілі. Өлеңді жасайтын осы сөздің мағынасы туралы. Ю.Тынянов былай жазған. «Өлең ішіндегі сөзде мыңдаған мағналық реңктер бар өлең сөздің жаңа бір нәзік тудырып отырады. Жаңа өлең-жаңа көзқарас». Осы пікірден қорытынды жасасақ, әрбір поэтикалық образ-жаңа бр дүние, өмірге деген жаңа бір көзқарас болып табылады. Нақты ақынға қатыстырып айтатын болсақ, Б.Күлеевтің лирикалық туындыларында кәусардай мөлдір, таза да күшті, әсем поэтикалық образдар баршылық. Ақынның көркемдік ерекшелігін танытуда оның жасаған поэтикалық образдарының мәні ерекше. Лирикалық шығармада поэтикалық

образдар әр түрлі нышан, символдар, ауыстырулар мен түрлендірулер, теңеулермен эпитеттер метафоралар арқылы жасалатын белгілі. Бернияз поэзиясында осындай астарлы символдар, ұтымды теңеулер мен эпитеттер жарасымды метафоралар көптеп кездеседі.

Ақын шығармашылығындағы осындай көркемдік құбылыстардың эволюциясын аталмыш компоненттар арқылы ашып көрсеткеніміз ләзім болар. Алдымен ақын өлеңдеріндегі нышан, символдық тәсілдер арқылы жасалған поэтикалық образдарға тоқталамыз. Негізінен алғанда символ поэтикалық образ жасаудағы ақындар пайдаланатын тәжірибеден өткен өнімді де өнікті тәсілдердің бірі. Символ-көркемдік мәнге ие поэтикалық суреттеу құралы. Символ арқылы жасалған образ бедерлі де сұлу, көркемдік қабаты астарлы да терең келеді. Символды барша ақындар пайдаланады. Ал біз әдебиет ттарихынан символды әді-тәсіл шеңберінен шығарып, оны тұтас бір дүние танымға айналдырып әдебиет пен өнерде, философияда белгілі бір ағым, мектеп жасаған әдебиет, өнер, философия өкілдерін білеміз.

Ол символизм ағымы еді. Біздің біраз зерттеушілеріміз Берниязды кезінде символистердің қатарына жатқызып жүрді. 1976 жылы жылы шыққан Қазақ Совет энциклопелиясында Б.Күлеевтің символистерге қатынасы жөнінде мынадай баға беріліпті: «Символизм- 19-ғасырдың соңғы ширегі мен 20- ғасырдың басында Европада одан кейін Россияда әдебиет пен өнерде өріс алған ағым. Символизмнің шығуына буржуазиялық мәдениеттің дағдарысқа ұшырап, тарихи-әлеуметтік жағдайдың өзгеруі себеп болды. Символизм ағымында жазылған шығармалар шындықтан аулақтап мистикаға, декаденттік сарындарға бой алдырды. Көркем өнердің қоғамдық-әлеуметтік мәнін мансұқтап, адамның тарихи болмысын танытудан гөрі қаһарманныңдарашылдығын жақтады, әлеуметтік мәселелерден бой тартты.

Символизм эстетикасының негізгі 19-ғасырдың 60-70 жылдарында П.Верлен, С.Малларме, А.Рембо т.б. теориялық тұпқазығын немістің идеалистік философтары А.Шопенгауэр, Э.Гартман, A.Нишше еңбектерінен алды. Европадан тараған символизм ағымы Россиядан да өз өкілдерін тапты. Олар батыстық символистердің ұстанған бағытын қабылдап, идеалистік философия тұрғысында шығармалар жазды. (Д. Мержновский, Ф.Солгуб, Э.Гиптус, Н.Бальмонт т.б.) Әйтсе де орыс символистерінің талантты өкілдері ұлттық сипаттағы ұнамды туындылар тудырды, сөз өнерін тереңдетіп мәнерледі.Алғашқыда символизм ауқымында біраз шығармалар жазған лорыстың аса көрнекті ақын-жазушылары А.Белок, В.Брюсов т.б. кейінірек бұл бағыттанмүлдем бас тартты. Қазақ әдебиетінде символизм кең өріс алмағанымен оның әсері 20-ғасырдың алғашқы ширегінді Б.Күлеев, С.Дөнентаев т.б. кейбір шығармаларында байқалды. Идеологиялық түсініктер қазақ әдебиетінің тарихында символизм орыс поэзиясындағыдай өзінше бір ағым, мектеп болып қалыптасқан жоқ. С » имволистердің үшін символ тек қана жай бір қабылданған белгі емес, ол олардың өмірге деген дүниетанымдық көзқарастарын ретін өлшем ретінде қаралды. Реалистік образдан ерекшелігі ол объективті шындық болмыстың мәнін емес, өздерінің жеке индивидуалдық өмір туралы түсініктерін жеткізді. Көп жағдайда олар бұлдыр, анықталмаған жағдайда болды. Шындыққа нәзік тұспал, астарлау арқылы келіп, болмысқа өзіндік принциптерімен қарады. Символистердің ірі өкілі, Француз Голь Берлен былай жазды: « Никаких цветов: ничего, кроме нюансов». Олардың ұғымында әсемдік пен шындық ақыл арқылы емес, интуиция арқылы ұғынылады, түсіндіріледі. Бернияз өз шығармашылығымен жеке ағым қалыптастырған жоқ. Ол аталмыш орыс символистері В.Бросов, Н.Бальмонт секілді ақындардың белгілі бір кезеңде

әсер ықпалында болды. Бернияз үшін өзінің поэтикалық ой-қиялын символ арқылы өрнектеу көркемдік жағынан әдіс-тәсілдерінің бірі болды. Символдық поэтикалық образ сомдауға қандай көркемдік функция атқарғандығын ақын шығармаларын қарастырған кезде көзіміз жете түседі. Ақын үшін ол оңтайлы, ұтымды тәсіл болған. Орыс ақыны Андрей Белый былай деп жазған : " Символ дегеніміз− табиғаттан алынған және творчество арқылы өзгерілген образ: символ дегеніміз−суретші мен табиғаттан алынған қасиеттерді бастан кешіру сезімдерін біріктіріп тұрған образ. Осы мағынсынан алғанда, өнер шығармасының өзі символдық болып келеді".

Символдың шығу тегін профессор Қ.Жұмалиев психологиялық параллелизмнен шығады. Психологиялық параллелизмде табиғат, жаратылыс, өмір құбылыстары адам сезім-күйімен, көңіл құбылыстарымен параллель алынады. Егерде осы жұптың бір сыңарын адамның сезім, көңіл құбылыстарын алып тастап, тек қана жаратылыс, өмір құбылысы бар сыңарын қалдырса, өзінен-өзі символ шығады. Бұған көркем шығармалардан көптеген мысалдар келтіруге болады. " Символ дегеніміз−балама бейне. Оған негізгі ойды, айтқалы отырған нәрсені, құбылысты сол балама бейне,сурет арқылы тұспалдап көрсету тән. Символ көбінде адамның тұрпат-тұлғасын, кескін-кейпін, сымбатын тұтас алып сипаттайды, егер бір белгі –сипатын ғана алса, оны бүтінге балап, тұтас бейне орнынан алады. Символдағы екі нәрсені ұқсату, жақындастыруда шарттылық бар және бұл жағынан ол мерафора, метонимия секілді бейнелеу тәсілдерімен салыстырғанда оқшаулау тұрады. Мұнда ақынның бейнелеп көрсететін, тұспал суреті басқа ештемемен байланысы жоқ, өзімен-өзі жатқан бөлек дүние болып та көрінуі ықтимал. Оның нені меңзеп отырғанын тек ишарат арқылы ғана сеземіз. Бірақ осы шарттылықтың өзі, айтылатын жағдай, суреттеу, тура, дап-дайын,

сипат белгілері ап-айқын күйінде көрінбей, тұспал сурет арқылы елес беруі

адамның ой-қиялын шарықтатып, сезімін қозғайды. Шынайы көркем, мағынасы терең символ әлде қандай бір дерексіз өмір шындығын аңғатқандай ғана болмай, сөз жеткісіз нәзік жайды басқа бір тұспал бейне, сипаттар арқылы сездіріп, адам жанына аса күшті әсер етеді. Олай болса, символдың көркемдік қасиеті ондағы суреттеу тәсіліне тән шарттылықтан, астарлы мағына туғызудан келіп шығады, демек символдың мазмұндылығы, көркемдігі дегеніміздің өзі−сол тұспал бейненің,суреттің ой-сезімге толы, астарлы мағынасы терең ,әсерлі болып келуі деген сөз".

Бернияз міне осы көркемдік тәсілді поэтикалық ойды беруде ұтымды, пайдаланған ақын. Ақынның 1917 жылы жазылған " Бұлт" өлеңіне тоқталып өтейік. Бұл өлеңде ақын патшалық билік тұсындағы қазақ халқының бұғаудағы ауыр халін астарлап, символ- нышандар арқылы жеткізген. Қапас қара түнек кезеңді,тар уақытты ақын аспанды құрсаулап тұрған қара бұлтқа теңеп көрсеткен. Бұл жерде аспанды құрсаулап күннің нұрын көрсетпей тұрған "Қара бұлт" тар қапас кезеңнің символикалық нышан-белгісі іспеттес. Ақынға сөз берейік:

Қаптап тұр қара бұлт көктің бетін,

Көрсетпей тым болмаса күннің шетін,

Күркіреп жыны келсе қаһар жауып,

Мейлінше жүргізіп тұр үкіметін.
Найзағай анда-санда кетеді атып,

Долданып ысқырғанда қаны қатып.

Болмай тұр табан тіреп тоқталуға,

Бетіне қарағанға қаһар шашып.

Ақынның бұл өлеңі дәл осы тақырыпты қамтитын қазақ ақыны М.Жұмабаевтың "Қараңғы дауылды түн" өлеңімен өте үндес, рухтас. Дәлел үшін М.Жұмабаев өлеңімен салыстырулар жасап, осы өлеңнің екі шумағынан

үзінділер келтірейік:

Қараңғы дауылды түн сар далада,

Патшалық құрған өлім айналада,

Шыраққа қолымдағы от тұтаттым,

Үмітпен бір азырақ деп "жана ма?".


Тұрса да қара бұлттар көктен төніп,

Соқса да жел долданып, өршеленіп,

Мың шүкір, әлсіз қолда әлсіз шырақ.

Жылтырап жанған боп тұр, қалмай сөніп.

/Мағжан/.

Мағжанның аталмыш өлеңінде қапасты кезең, тар уақыттың символикалық белгісі −" қараңғы, дауылды түн". Міне, осындай символикалық бейнелеулер мен нышан-белгілер екі ақынның поэзиядағы ортақ үндестігі, ұқсас болмысы Мағжанның да, Бернияздың да қазақ әдебиетіндегі осындай тың үрдісті ұстануы бұл суреткерлердің стиль қалыптастырудағы даралық сипаттарының көбіне бір-бірімен іштей үндесуіне, ортақ сипаттарының мол болуына әсер еткен. Әдебиет зерттеушілерінің көпшілігі де Мағжанның да, Бернияздың да поэзиясындағы осындай бейнешілдік /символистік/ сипаттарына тоқталып, назар аудрып отырған. Осылайша астарлы бейнелеулер арқылы ақын құбылыстың шын сырын ашпақшы болады. Бейнелі суреттеулер осы ойымызды растай түседі. Оны ақынның мына жолдарынан байқаймыз:

Көп жәндік амал тауып бұғып жатыр,

Біразы шыдай алмай ығып жатыр.

Табылса жан сақтарлық жайлы орын,

Таласып бірін-бірі жығып жатыр.


Сығып жұрт талай арық көздің жасын,

Қамшысы қара бұлттың болып басым,

Найзағай арнап атқан тура тиіп,

Жер құшып жатқандар көп жайып басын.


Бұл жолдардан қара бұлттың жойқын күшін байқаймыз. Қара бұлттың алдында бәрі дәрменсіз. Оның дәл сілтейтін от қамшысы ешкімді құтқармай, жер қаптырады. Адам да, жәндік те тығылатын жер іздеп таласып жүр. Бәрі де жан сақтарлық жайлы орын үшін таласады. Дәрменсіз жұрттың көз жасы арық болып ағуда.міне, ақын осындай суреттеулермен төңкерістен бұрыңғы халқының патшаның отаршылдық езгісінен азап шеккен қайғылы халын білдірмекші болады. Халықтың басындағы ауыл халден, қрлық пен мазақтан, зорлық пен үстемдіктен оның көз жасының көл боп аққанын астарлау арқылы білдіріп отыр. Тәуелділік қамытында азапты ғұмыр кешкен туған халқының баянсыз тірлігі, талайсыз тағдыры ақын жанын ауыртады. Халық қанша қайғы жұтса да болашағын алдан күтеді. Салы суға кетіп, сағы сынбайды. Оның алданышы, үміті−ертеңгі күн.

Шыдап тұр сылынса да тәннен еті,

Бәрінің "бұлт жарасын" боп ниеті.

Қарауда төрт көз болып кірпік қадап,

Қай күні көрінер деп күннің беті.

Б.Күлеевтің бейнелі қаламы осындай символикалық нышан- белгілер арқылы бостандықтан бұрынғы халықтың ауыр халын ұтымды жеткізіп отыр.

өлеңнің жалғасы іспеттес "бостандық болған соң" деп айдарланған жалғыз шумақта ақын бұлт тарағаннан кейінгі халді осы тәсіл арқылы жалғастырып, шындықтың көркем тұрғыда бейнелі ашқан. Жағдайды ақын былайша қорытындылайды:

Күн шықты бұлт тарады; құдай берді.

Көгертті жаңбыр жауып құрғақ жерді.

Аспаннан шелек-шелек нұр төгіліп,

Таң қылды орман, тоғай, ойды, көлді.
Шындық болмысты символикалық нышан-белгілер арқылы ашу Б.Күлеев поэзиясындағы ұтымды тәсілдердің бірі екеніне көзіміз жете түседі. Көңіл " күй сезідері,табиғат суреті, махаббат жыры, қоғамдық-саяси мәселелер, философиялық толғамдар қысқасы лирикадағы барша тақырып көп жағдайларда ақын үрдісіне тән осы тәсіл арқылы ашыла түскен. Астарлы тұспал мен ишара ақынның "жазғы жапыраққа","Қараңғы түн алдында тұр шам жанып" өлеңінен де байқалады. "Жазғы жапыраққа" өлеңінен де байқалады. " Жазғы жапырақ" өлеңін қарастырайық:

Жазғы жанды жасыл жапырақ,

Жер жүзіне жаңа келдің сен.

Сырлы сандар, нұрлы түсің мен.

Жерге өзге түр бердің сен.

Кеше ғана күнге көріне алмай,

Көлеңкелер қырдың тасасын,

Жәй өсімдік едің көзге түспей

Жұмарланып жерде жататын,

Құдірет пен саған сұлде бітіп,

Ылайықты жан мен тірілдің.

Үнсіз тұрің, момын мінезің м ен,

Жан-жағыңа мен тірілдің.

Сенде асқан ажар болмаса да,

Ойлаанарлық түрлер тайылат,

Жан жерлерде жалғыз жүргеніңде,

Сорлы ақын сені сағынат.

Ақын контексінде өз сөзін тікелей жаңа көктеп, тіріліп гүлденген жазғы жапыраққа тікелей айтып тұр. Оны осылай да ұғуға болады. Өйткені, жар жерде, жырақта жүрген ақынның шерлі көңіліне табиғаттың әрбір құбылысы, оған бала жастан таныс жаратылыстың кішігірім бөлшегіне дейін, ұсақ деталдарға дейін әсер етіп, жүрегіне сағыныш ұялатады. Мұны түсінуге болады. Бірақ ойлап қарасақ осы жазғы жапырақтың аржағында басқа да сыр бар секілді. Жаңа көктеп келе жатқан жазғы жапырақ секілді алыста елде қалған, өсіп келе жатқан жауқазындай жастың бар екені сезілді. Кеше ғана көзге қораш ,құрбыларының арасында көзге түспейтін елеусіз еді. Ал бүгін гүл жарып, көктеп бойжеткен. Осыған көзі түскен ақын көңілі толқып, әсерленіп алыс жерде жүргенде оған өзінің барлық сағыныш сезімін арнайды өзінің шынайы сағынышты сезімін ақын жазғы жапырақты объектіге ала отырып, жеткізіп отыр. Астарлы ойдың ұшын барласақ. " жазғы жасыл жапырақ " жаңа өсіп көктеп келе жатқан жас. Алыс жерлерде жүргенде ол ақын қиялын қозғайды. Көңілін тербейді. Жүрегіне сағыныш ұялатады. Міне, осындай әсерлі, нәзік құбылысты ақын жүрегі тұспал, ишара арқылы әсем өрнектеген. Ақынның " Қараңғы түн, алдымда тұр шам жанып" өлеңінің тақырыбы Мағжан Жұмабаевтың "Көбелек" деген өлеңімен тақырыбы жағынан үндес, ұқсас келеді. Екі өлеңде де отқа түсіп өртенген аңғал көбелектің тірлігі. Бернияздың осы өлеңіне тоқталып өтейік.

Қараңғы түн, алдымда тұр шам жанып,

Қиял шармап отыр едім ойланып,

Сәуле іздеген тоты құс түсті көбелек,

Жүрді ұшып жанған отты айланып.


Мәз- мейрам боп гуілдеді ойнады,

Бір айналды, екі айналды-тоймады;

Жалмауызды жердің жүзін жалмаған

Әлде сорлы ойыншық деп ойлады.


Гуілдеді отты айнала, ұшты ол,

Сәуле тартып, кейде жалын құшты ол,

Бір сүйіп от құшағына тартып ед,

өлі жер боп от ішіне түсті ол.

Қызылды-жасылды сәуле шашып, өзіне арбай тартқан маздап жанған оттың жарығына алданп, өлім құшқан, көбелектің тағдыры бей-жай қалдырмайды. Көбелек секілді тіршіліктің алдамшы қызығына тоймай, алды-артын абайламай жүріп от басқан, е секілді тағдырдың отына қарылған пенделердің тойымсыз тіршілігі ақын көңілінің, ойымның көңіл түкпірінде, көкейінде тұрғаны сөзсіз. Сондықтан да отқа арбалған көбелек тіршілігін ақын бекендер-бекер алып отырмағаны белгілі. Көбелек тағдыры-осы тіршілікте барға қанағат етпей, тойымсыз тіршілікке бағып, алды-артын ойламай от басқан, істер ісіне есеп бермей үнемі асығыстық жасап опынып жүретін пенделердің тіршілігі. Солардың тағдыры. Ақынның символ ретінде алып отырғаны көбелек. Соның тіршілігі.

Ендеше бұл ишара, тұспал ақын ойын жеткізуде кездеген әсерінен шыққан.

Б.Күлеев-шындық болмысты, оның нәзік тұстарын үлкен поэтикалық суреттеулермен көркемдік бояуын құлпырта,әрлендіруге шебер ақын. Табиғат, жаратылыс, өмір құбылыстарынан әсерлі поэтикалық бейнелеулер тауып, жарасымды үйлесімділікке ұмтылады. Оның ақындыққаламынан сұлу, сурет маржандай түзіледі. Енді нақты мысалдар келтіріп өтейік. Ақынның «Әдемі түн» өлеңі- табиғат бояу әсем берілген, көркемдік тынысы кең, бейнелі де шымыр сюжеттерге, теңеулерге, алмстыруға толы көркем жазылған дүние. Ақынның суреткерлік қаламы құбылыстың нәрлі бояуын өзіне тән үні мен болмысын әрбір штрихы м ен деталына дейін нәзік те сұлу, дәл де ақын жеткізуге күш салады. Түнгі сурет ақын қаламынан былайша төгіледі:

Ай сүттей, аспан жалтыр, желсіз тыныш,

Айнала естілмейді ешбір дыбыс.

Ыңыранып анда-санда ойсыз айуан,

Күрсініп, рахаттанып алар тыныс.

Көз алдымыға ғажап та сұлу түнгі шақтың әсерлі де көркем бейнесі көлбеңдейді. Тыныштық құшағында манаурап қалған түнгі ауыл. Ғажап иддиллия! Сұлулық дүниесі жан-дүниемізді қозғап, сезімімізге қанат бітіріп, одан алған тәтті әсерімізтаңдайымыздан кетер емес. Дәмін ала бергі келеді. Ақынның осы өлең жолдарын оқып отырып есімізге Абайдың атақты «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі түседі. Бір-біріне ұқсас құбылыс. Екеуінде де қазақ ауылы суреттеледі. Бірақ бір-бірінен шалғай.Шалғай болса да қандай ұқсас суреттер. Мұнда да ай сүттей жарық, желсіз түн. Айнала құлаққа ұрғандай тыныш, ешбір дыбыс естілмейді. Тек қана, шебер суретшінің әсем картинасындай осы бір тылсым құбылыс мамырадай шақтың манаураған халінен хабар бергендей сиқырлы сурет боп көз алдымызда тұрып қалған.

Мап-майда аспан беті мөлдір судай,

Қалған жоқ айналада жұлдыз тумай.

Теңселіп тұнық суда шалықтаған

Алтын ай көрінеді аппақ қудай.


Бірінен-бірі жарық сансыз жұлдыз,

Көрсетер көкті көркем бейне күндіз.

Жарқылдап жалаң ойнап жүрген қыздай,

Жалт берер жымың қағып қалдырып із.


Алғашқы шумақтағы әсерлі сурет екі құбылыстың басын қосқан. Ұқсас құбылыстардың ара жігіт кірігіп, астасып кеткен. Мөлдір судай мап-майдараспан секілді мөлдір су ма, осы арасын ажырату қиындау. Қалай болған күнде де жанарымызда бейнелі сурет қана бар. Ақын қаламынан туындаған осындай көркемдік процесінің арқасында ашық аспан беті мөлдір суға айналған. Жанарымызда мөлдір су ғана бар. Сол мөлдір суды сызып, ақырын ғана жайымен сол судың көрікті құбылысы тәкаппар да паң, сұлу аққу келеді. Ол жай аққу емес. Аққу-ай. Ай-аққу. Қай құбылыс, қай құбылысқа ауысып тұр. Ол бізге бәрібір. Ақын контексінде «алтын ай, аппақ қудай» болып көрінеді. Бұл жерде ақын ұтымды тәсіл тауып, ұқсас құбылыстарды ай, көк аспанның жалғыз еркесі, сұлуы. Бұл екі суретте бір-біріне қарама-қайшы келмейді. Сондықтан да өлеңде біз алтын айды аппақ қу деп жатырқамай емін-еркін қабылдаймыз. Бұл бір құбылысты, екінші құбылысқа айнытдәл теңеу. Осы арқылы сұлу сурет туғызу. Деталдар да ұтымды шебер шыққан. Мысалы «теңселіп тұнық суда шалықтаған» аққуды елестетейік, бұл құбылыс айға да қатысты.Айна қатесіз айда тұнық аспанда, тееңселіп тұрмайтын ба еді. Деталда қапы жоқ . Кқркемдік бояуына қаламын мол батырып алған ақын енді жұлдыздарға тиіседі. Көкте жыпырлаған сансыз жұлдыз өзінің жарығымен көк аспанды бейне күндізге айналдырып әпергендей. Көкте із қалдырып ағып бара жатқан жұлдыз ақынның көркемдік қиялында, суреткерлік интерпретациясында, ақындық трактовкасында алғашқы құбылысты шындықтың өзіндегіден де шыншыл, толық күйіндекөркем ашқан. Ақынның суреткерлік қаламы із қалдырып ағып жатқан көк барқын аспандағы жұлдыздарды бейне дала тәсінде асыр салып мәз-мейрам болып ойнап жүрген жас қыздарға ұқсатады. Жай қыздар емес жарқылдап жалаң ойнап жүрген қыздар. Және олардың жалт беріп жымың қаққан мінездері де із тастаған жұлдыздардың қимыл-әрекетіне ұқсас. Бқл жерде де ұқсас құбылыстар жай теңеу үшінғана алынбай қоян-қолтық араласып кеткен. Ақын жерді ерекше әсерлі тебіреніспен жыр қылады. Жер ақынның ұғымында адамға да, жан-жануарға да пана, бәрін балашаеркелетіп құшағын жайып отырған қамқор да мейірбан. Ешбір уақытта ешкімді алалауды білмейді. Ауасы таза, өзі жылы. Оның бауырындағы таулар да, өзендер де терең жарлар мен аңғарларда, адамдарда ұйқыда. Ақын асқар тауды қалғыған арыстандай, алыстан көрінген терең жарларды айбатпен аузын ашқан айдаһарға, өзенді сұлу ғашық жарын сүйіп, сылқ-сылқ күліп жатқан ғашық жанға теңеп үлкен сурет жасайды. Сонымен осы өлеңде «аспан-мөлдір су», «ай-аққу», «жұлдыз-қыз», «асқар тау-қалғыған арыстан», «өзен-ғашық», «терең жар-аузын ашқан айдаһарболып теңеліп, керемет сурет жасалған». Ақын қазақ ауылының жүрекке жақын, көңілге ыстық түнгі суретінің аяулы сәттерін реалистік қанық бояумен шебер жеткізеді. Түн тыныштығын бұзып бірде күңіреніп ән естілсе, енді бірде қойдың үріккені, иттің үргені оған қосыла айтақтаған әлдекімнің әлсіз дауысы бар бояуымен көз алдыңызға аяулы да таныс суреттерді әкеледі. Қимас та ыстық сурет! Жанға жайлы түнгі шақтың әсем көрінісін ақын осы былайша аяқтайды:
Өтпейді құрттай уақыт-басылар үн,

Қой қойып үріккенін, ит болар жым.

Ай жылжып: жұлдыз ойнап баяғыдай,

Тағы да тын шығармай тұрады түн.


Өмір шындығын реалистік қанық бояумен өте шебер жеткізе білген ақынның лирикалық туындысы-«Соғыс майданында» деп аталатын өлеңі. 1919 жылы жазылған бұл шығармасында ақын шындық болмысты көркемдік құбылысқа бейнелі де дәл суреттеулермен жеткізе білген. Соғыс тақырыбын, қозғай отырып, ақын ұрыс даласының жантүршігерлік картинасы көрсеткен. Картинаның реалистік бояуын қалың. Шындық болмыс шынайы бейнелеулер арқылы жалаңаш күйінде көрсетілген.

Осы соғыс майданында иесімен бірге өліп жатқан аттың суретін серуде, оны көрке құбылысқа айналдырып жеткізудегі бейнелі деталды ақын шебер өөрнектелген.

Көкілі бар тоқпақтай қамыс құлақ,

Абай айтқан омырау, сан, жосылған жақ.

Қара қанға құмартқан иесімен

Бірге жатыр былғанып арғымақ ат.


Мұндай қанды қасап-қырғынның картинасын бұдан артық жеткізу мүмкін емес. Тағы бір ерекшелігі: мұнда құбылыстың барлығы тұтасып кеткен. Үшінші және төртінші жолдардың орнын ауыстырып көрсек ешнәрсе өзгермейтін секілді. Не болмаса қара қанға былғанған арғымақ ат иесімен бірге жатса да құбылыспен көрінстің мән-маңызы кетпейді. Бұл жерде контексте қара қанға иесімен бірге былғанып жатқан арғымақ ат. Бұл өлеңде ақын соғыс суретін реалистік бояумен бере отырып, тіпті деталды дәлме-дәл тізіп, кей тұстарда натуралистік суреттеулерге дейін де бару арқылы жан-жүрегім ен соғысты айыптау сарыны, оған қарсы үлкен ақындық үні барлығын байқатады.

Б.Күлеев- сырлы сурет, бейнелі образды оралымды тіркес, әдемі өрнек ұлғайған метафора, арқылы асаудың да шебері.

Ақынның «Көңіл» деген өлеңін алып қарайық:

Көңіл деген-дәрия,

Желсіз кундей жәй жатқан.

Кейде соғып дәрияға,

Ой-дауыл ғой оятқан,

Дауыл ой соқса өкіріп,

Ұйытқыр көңіл-дәрия,

Толқыны көкке секіріп,

Тар көрінер дүния.
Ақын көңіл,ой құбылыстарын ғажап метафоралық өрнекті бедерлі бейнелеген. Өлең жолдарындағы дәрия, дауыл, көңіл мен ойға үйлесімді түрде параллелькеліп, көз алдымызға өте тамаша метафоралық сурет туғызып, абстрактылы ұғымдар шындық болмыстың сипатына не болып тұр. Ақынның мына бір қлең

жолдарындағы дерексіз ұғым, осы тәсіл арқылы жазданып бейнелі сурет туғызып тұр.

Тұрмыс деген тәңірі атқан,

Ұйықтап жатқан айдаһар.

Оят-тағы аузынан.

«Бақ» дегенді барып ал.


Тұрмысты айдаһарға балау арқылы жасалған метафоралық образдар дерексіз құбылысқа жанды сипат беріп тұр. Мұндай метафоралық суреттеулерді Бернияз жырларынан көптеп кездестіруге болады. Бейнелі образ жасауда ақынның поэтикалық лексиконындағы метафоралық тәсіл арқылы жасалған мынадай сөздер ақын жырларында қолданысқа түседі: «гүл жайнаған жас жүрегім балдырған», «ғашық оты», «от жүрегім», «көңіл жасы», «жас арыстан», «көңіл гүлі», «тұрмыс жасы», «тағдыр желі», «тұрмыс уы», «ой-көңілдің еркетайы», «жыр-жүректің бұлбұлы», «ой-өмірдің күні, айы, жер мен көктің жыр гүлі», «қызыл тілім-бұлбұлым», «жүйрік қиял-дүлдүлім», «болат сауыт-ер көңілім», «махаббатым-ау мен от», «демім жалын от болып, көзім атқан оқ болып», «біз бір тұлпар», «біз бір ақ сұңқар», «жүректі жолбарыспыз», «арыстанбыз алыссақ алмай қалмайтын», «аш бәріміз ағызса қанға тоймайтын», «жырларың буған сөз гөлі», «үнсіз бұлбұл-қызыл тіл», «жеміс еккен бау-бақша ғой жүрегім» т.б.

Бейнелі сурет жасауда ақын өлеңдерінде ұтымды теңеулер де ерекше көзге түседі. Ақын өлеңдерінен мысалдар келтіріп өтелік:

Сүттей ақ . таза айнадай,

Із салма ізгі жүрекке

Аязда тұрған алмадай,

Ақ жүзім неге суыйды?

Айбарлы суық найзадай-

Қай қиял маған жуыйды?

/"Неге?"/

Көріліп маңызданып, көңілі бекіп,

Төсіне шықпағанға адам жетіп.

Қалғыған арыстандай асқа таудың

Төбесі тіреледі көкке жетіп.
Дұрысы-жер жарықтық көңіліңді арбар,

Мұнда тау, мұндабелес, мұнда жар бар.

Айбатпен ауызын ашқан айдаһардай,

Алыстан көрінеді терең жарлар.

/" Әдемі түн "/

От-жалындай өртеп ішті,

Сыртқа шықса жанған дерт,

Тек шыдатар мені күшті

Жас жүректе жатқан серт.

/"От жалындай өртеп ішті"/


Әрине бұлардың барлығы әсерлі теңеулер екені сөзсіз. Енді ақынның поэтикалық лексиконындағы қолданысқа түскен ұтымды теңеу , эпитеттерді тізбектеп өтейік: "салқын қабыр", "алтын ай", "ыстық жүрек", "ыстық жас", "жүйрік қиял", " таудай үміт", "дариядай тас,сырлап ақ", "арыстандай айға шап", "айдаһардай гүрілдеп", "кер маралдай", "қырмызы ерін", "ай жүз", "бота көз", "қызу қан", "шыбын жан", "өр көңіл", "таудай талап", "бақсыдаймын айырылған демнен жаннан", "қам көңіл", "жолбарыстай ақырып, дәу перідей сапырып, өмірге ойын салайын", "мұз жүрек", "жаңа қан ", "жанған жүрек", "қолаң шашты", "жүрегі ізгі", "жібек сөзді", "ақ төс", "гүл бетінде", "от құшақ", "қызғалдақтай қызық өмір", "алтын жастық", "албастыдай еліріп, "жалмауыздай емініп", "есіл ерке", "жауыз жалған", "айдаһардай ақырып", "алдаспандай жарқырап", "арыстандай шашты айбарын", "найзадай алтын қияқты", жауыз жер", "алма мойын", "асау жүрек", "жанған бет", "ақ тамақ", "суық ой, салқын жүрек", "ат көңіл", "арсыз көңіл", "аш көз", "алтын күн", "қарасұр бұлт", "мұздаған жүрек" т.б. Б.Күлеевтің өлеңдерінде діни лексика да кездеседі. Мысалы: "Жасағанның сегіз ұшпағы", /ұжмақ/, "тозақ", "көк хоры", "хор", "пері", "жел жетпесім-пырақ", "Өмір-ұшпақ", "көңілім кеусер, пейілім-маухыл махбуз"," Құран сөзі", "ғилман". Поэтикалық суреттеу тұр. ақын өлеңдерінде әскери, соғыс лексиканың да сөздері ұшырасады. Мысалы: "қозы жаурын оқ", "өткір қылыш", "түзу құрыш болат", "жалаң қылыш", "болат қанжар" . т.б.

Мұның барлығы поэткалық образдар жасауда Бернияздың ақындық лексикасының әсерші, сұлу, сөздік қорының молдығын, байлығын көрсететін жәйттар.

Ақын қаламының көремдік бояуды қанықта әсерлі. Сезімге тиетін сырлы суреттер жаныңызды баурайды. Бернияз-табиғат суретін құлпыртып жеткізуге шебер ақын. Оның қаламынан жан-жаратылыстың әсем суреті көз алдымызға көлбеңдейді:

Жыбырлап быж-быж қайнап қанат қақт,

Көбелек, құрт-құмырсқа шала өлген.

Қызулы күн көзінен түскен сәуле,

Көтерді қалың жүзді өзен-көлден.
Сарқырап сай-саладан жүрмек сулар,

Аспанға көтерілмек жерден булар.

Даусындай сұлу қыздың құбылжытып,

Қаңқылдап келер тезден қаз бен қулар.

Мұнай көркемдік әдіс-тәсілдер поэтиядағы ой мен сезімнің, көркемдік таным мен ғылыми танымның ара-жігін тұтастырар нәзік байланыстар болып табылады. Бұл тұрғыда М.Горький былайша ой толғайды: " Танып-білу дегеніміз – ойлау, бірақ мұның тек бір артықшылығы-мейлінше "көркем", айшықты. Бейнелі ой табиғат құбылыстары мен заттарға сезіну, ықылас-ниет тәрізді адам қасиеттерін дарыту қабілеті деп айтуға әбден болады". " Жаратылыс құбылысының мазмұн-мәнін идеялық-әсерлік қайталанбас қадір-қасиеті тұрғысынан бағалау- көркемдік таным өріснде бір-бірінен жігі білінбейтін өзара бауырлас ұғым. Шын суреткер пейзажы- қашан да белсенді адам қатынасымен, қайғы-мұң, қуаныш-сүйініш сияқты көңіл күй әсерімен қанағаттанған шынайы шабыт туындысы.

Жаңағы Ф.И. Тютчев 1836 жылғы өзінің сыршылдық бір шумақтарында табиғатты кәдімгідей «махаббаты, жаны, тілі бар, ерікті тірі тұлға тұта толғанады. Абайдың «Жазғытұры» жырында да жер-көк адам мінезімен беріліп, жасампаз жарық дүние тілімен с өйледі. Жаратылыс-жер-ана қалыңдыққа айналып, ал жел-шабарман қуанышқа кенеле күн-күйеумен жарачстық салтанатын ай, жұлдызға жеткізетін баянды бақыт жаршысы ретінде көрінген. Табиғат әлеміне адамзаттық мен-мағына дарыту- Абай өлеңдеріне тән ерекшеліктердің бірі. Қиял құдіреті, ой өрісі келісті бедерімен тіршілік құбылысын жандандырып, жасантып, бейнелік тың сипат берген. Ақын жанын толғантқан гүл-көбелектер де өз көркін табады, көктегі жұлдыздар мен қалқыған ай да түн-түнегі сөйілту үшін жарқырап көрінуге тиіс.

Осындай көркемдік тәсілмен жасалған Абайдың жақсылық жаршысындай шабарман желі мен Мағжанның ерке «Желін» салыстырып көрейік:

Жел-тым тентек бір бала

Жан сүйгені-сар дала,

Дамыл алмай жүгірер;

Ерні өтірік қыбырлап,

Сыр айтқан боп сыбырлап,

Кейде өгіз боп өкірер.

Мазасы жоқ жел ерке

Оянып ап тым ерте,

Жорғалай басып кетеді,

Тыныш жатқан түс көріп.

Көлдің бетін кестелеп,

Оны әуре етеді.

Жүсіпбек Аймауытов Мағжанның ақындығы туралы баяндамасында ақынның «табиғатқа жан салудың» тамаша үлгісін жасағандығын айтқан.

Бернияз Күлеев те еміне осындай «табиғатқа жан салудың» адамша кейіптеп, жан берудің үлкен шебері болған ақын. Не болмаса:

Жалтырап тұп-тұнық

Көрінер көлде су.

Ай күліп, жел тынып,

Ән салар қаз бен қу.

Ақынның кезгі шақтың қоңырқай келбетін сұрғылт бояумен жеткізген мына жолдары тамаша сурет жасаған:

Қатпар-қатпарн қарасұр бұлт,

Қаптап-қаптап жерг.е еңкейіп.

Тасты жарып, бейне тауды бұзып,

Түйдек-түйдек жүзген теңселіп.

Бұл суреттер күзгі шақтың еңсеңізді басар сұрқай көрінісін көз алдыңызға әкеліп, бойыңызды тоңдырын, суық ауа қалтыратқандай болады. Мұндай табиғаттың пейзаждық суретін көркем өрнектеу ақынның көркемдік қырын, оның шеберлік жолыдағы үлкен ізденісін айғақтайды. Әдебиет теориясында поэтикалық суреттеу құралдарының ішінде кейіптеудің антропоморфизм, персонификация секілді түрлері бар екені белгілі... Бұл тәсілдер көркем шығармада жансыз зат, құбылысқа, табиғат, жаратылыс, тіршілік құбылыстарына адамдық мінез-құлық , қасиет, сезім дарытады. Оларға жан кіргізіп, адамдық кейіп береді. Бернияздың табиғат көріністерін жырлаған өлеңдерінде осы персонификация, антропоморфизм секілді кейіптеу тәсілдері айқыне байқалады. Ақын өлеңдерінен мысалдар келтіріп өтелік:

Түн дыбыссыз, айнала бос,

Дем алғандай талығып.

Бар нәрсенің көңілі қош,

Тәтті ұйқыға малынып,

Қалғымайды көкте жұлдыз

Түнгі сағат ішінде.

Тамылжиды еш тынымсыз

Ұйықтаған жер үстінде.

(«Түн»)
Айна көз, көкірегі кең, ойға жетік,

кетіп,

Сұлудай сүйіп құшқан ғашық жарын,



Қойнында өзен күлер сылқ-сылқ етіп.

(«Әдемі түн»)


Мінеки, жылы-жұмсақ жыл келіп тұр,

Оятып жер жүзіне тұр беріп тұр.

Аспаннан алтынды күн сәуле тастап,

Күлімдеп, «көрдің бе?» деп түрленіп тұр.


Қар еріп, жол бұзылып, мұз босап тұр,

Тау басы тарғыл-ала туға ұқсап тұр.

«Қаһарыңнан құдіретім құтқардың» деп,

Жер жылап жасағанға бір жасап тұр.

(«Жаздың алды»)
Көк көркемі анау тұрған күннің,

Болар-болмас қана жаны бар.

Әжім басқан жарық нұрлы жүзін,

Нендей көрік, нендей сәні бар?!


Шошынған ол, безген, бетін басқан,

Бір қарауға жерден жерініп.

Қол жетпейтін биік алысқа асқан,

Бұлдырайды шақ-шақ көрініп.

(«Күз»).

Бернияз-әсем портрет жасаудың да шебері. Әсіресе, оның сүйіспеншілік, махаббат тақырыбындағы өлеңдеріндегі сүйікті, сұлу аруларының көрікті бейнелері әдемі өрнектеледі. Мысалы «Гүләндамға» деген өлеңіндегі сүйікті жардың бейнесі былайша беріледі:

«Жаным, жаным,

Гүләндамым,

Келші жақын,қарайын.

От жүректе

Қалсын көпте,

Суретіңді салайын.

Қиғаш қасты

Қолаң шашты

Қия алмайтын мен ақын.

Нұрлы ажарың,

Қызу қының

Қалай сәйкес жаралған!

Төрең теңіз

Дей қара көз,

Бар ма көрген жараннан?!

Қара көзің

Етіп тезім

Қарағанды қандырар.

Бірде атып

Бірде тартып

Жанды есінен тандырар.
Бұл суреттеулер көңілге жылы әсер қалдырды. «Қайда екен?!» поэмасында сүйіктісінің әсем портретін былай мүсіндейді:

Қара көзді

Жібек сөзді

Қолаң шашты, ай бетті;

Құбылған түс,

Тізілген тіс,

Аршын төсті, ақ етті,

Қыр мұрынды

Қызыл ерінді.

Қыпша белді, тал бойлы;


Сонымен Б.Күлеевтің поэтикалық образ жасауда қолданған суреттеу құралдарының сипатына тоқталып өттік. Енді Б.Күлеев поэзиясындағы Абай, Мағжан поэзиясымен үндестік мәселелеріне тоқталып етейік. Б.Күлеев- Абай үлгісіндегі ақын. Мұны біраз зерттеушілердің пікірінен байқауға болады. Белгілі әдебиет-зерттеуші, ғалым Айқын Нұрқатов та: « Абайдың өлең үлгілері мен өлшеулерін көп қолданған ақындардың бірі- Бернияз Күлеев»- деп атап етеді.

Брнияздың «Жаз» өлеңі мазмұны жағынан Абайдың «Жазғытұрым» өлеңімен үйлес келсе, ал «Жазғы дала» Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңінің өлшем, ұйқасымен жазылған.

Қол бұлғап күліп,

Керілген тұнық,

Даланы жарып бұлаңдар,

Толықсып тасқан,

Тасқынын басқан,

Дариядай зырғар, сылаңдар

Шын сұлудай албырап,

Көрінер сағым бұлдырап.


Ақынның «Жас жүрегіме», « Жырла да, зарла көңілім». Өлеңдері Абайдың «Жүрегім ойбай, соқпа енді!», « Өзгеге көңілім тоярсың» өлеңіне үндес болып келеді. Абай тілдің өнер ретіндегі сипатын, асыл сөздің жамиғатқа тигізер әсерін үлкен мәнін айтып, сөз ұқпайтын надандарға шүйлігеді:

Сайра да зарла, қызыл тіл,

Қара көңілім оянсын.

Жырласын көзден жас ақсын,

Омырауым боялсын.

Қара басқан қаңғыған,

Қос надан нені ұға алсын?

Көкірегінде оты бар,

Құлағын ойлы ер салсын.
Бернияздың осыған әуендес, сарындас келетін ойды былайша береді:

Жырла да зарла көңілім,

Сел болып, жасың төгілсін.

Естіген ойдан баз кешіп.

Қамығып шындап егілсін.

Жер аспан бірден қозғалып,

Таулар мен тастар жібісін.

Ойланған ойлар толғанып,

Мұздаған жүрек жылысын.
Жырла да зарла, көңілім,

Қалың қайғың қайнасын.

Қиялдың құсы егіліп,

Іштегі дертті айдасын.


Абай поэзиясында жүрек үлкен поэтикалық образ міндетін атқарады. Жүрек мәселесіне байланысты Абайдың өлеңдері мол.

Соның бірі романтикңалық сипаттағы «Жүрегім, ойбай, соқпа енді!» өлеңінде Абай:

Жүрегім, ойбай, соқпа енді,

Бола берме тым күлкі.

Көрмейсің бе тоқта енді,

Кімге сенсең, сол шикі-

деп жүрегіне тоқтау салса, Беғрниязда:

Жас жүрегім, жанба текке,

Бола берме арманда

Өрлесең де жерден көкке,

Жай табу жоқ жалғанда-

деп өрнекпіген жас жүректің қызуын баспақшы болады. Аталған бұл екі өлең мазмұн жағынан өте ұқсас, үндес, сәйкес келетін өлеңдер. Қазақ поэзиясында жалпы өнердің эстетикалық құдіреті мен күші, сұлулығы, әуезділігі оның тыңдаушыларға әсері жайында Абай жол салып кеткені мәлім. Ақындық өнердің қыр-сыры жайында Абайша толғағаны аз. Бұған Абайдың «Өзгеге көңілім тоярсың», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Біреудің кісісі өлсең, қаралы-ол», «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы», «Адамның кейбір кездері», «көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Құр айғай-бақырған», «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңдері жатады. Мұндай қасиетті біз Б.Күлеевтен де көреміз.

Ақын кезеңінде музыканы өте жақсы көріп, тереңтүсініп, бар болмысымен нәзік қабылдағаны байқалады. Абайдың «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңімен үндес келетін Берннияздың үш шумақтан тұратын «Ән-күй» деп аталатын өлеңін алып қарайық:

Қуаныш па, қайғы ма ойды шырмап,

Еркін алып, өзіне тартады ырғап.

Іші-тысың елжіреп, ес өзгеріп,

Көңіл жасы кетеді бәрін былғап.

Бейіш үні зыңылдап құбылады,

Көзге елестеп, құлаққа құйылады,

Жас жүрекке орнығып, бойыңды алып,

Жерде еместей көрінер адам жаны...

Абайша шарықтаған ақын көңіл ән-күйдің адам есін байлап-матар сиқырлы көшін, әсерлі қуатын шыншылдықпен дәл бағалайды. Осы жолдардан ақынның эстетикалық болмысынтанығандаймыз. Қысқасы, Б.Күлеев-қазақ поэзиясында Абай дәстүрін жалғастырған, одан үйренген, ізденген талантты ақындарымыздың бірі.

Бернияз поэзиясында Мағжан поэзиясыменде үндесетін тұстар молшылық. Жалпы екі ақында тақырыптық жағынан ұқсас жайттар мол. Ақындық малық жолында Б.Күлеев, М.Жұмабаев секілді орыстың символист (бейнешілер) ақындары Брюсов, Бальмонт, Блоктарға көп еліктейді. Солардың жолын тұтынды. Мағжанның еліктеушілігі туралы кезінді Жүсіпбек Аймауытов «Мағжанның ақындығы туралы» деген мақаласында былай дейді: « Бейнешілердің өлең жазу әдісін Мағжан қазақ әдебиетіне кіргізеді. Кей жерде символистер өлеңнің сыртқы түріне еліктесе, кейде ішкі мәнісін де алып жібереді.Бальмонт 22 жасында өмірден торығып, әлеуметтік қол үзіп « Әлдиле, өлім әлдиле», десе Мағжан да Бальмонтшілеп, жас басынан торығып, « өлім шақыруды шығарды».

Берниязда осы сарында «Өмір-өлім», «Өлім-құрдым, өмір-өзен, жоғалат», «Ал, жүрегім, өлейін», « Мен есіткен көп адам», «Жанталас», «Алшы, тәңірім, алшы, ал?!», « От жүрегім күнде өртеніп», «бүгін-ертең» өлеңдерін жазды. Өмірден әбден торығып, дүниеден баз кешкенде Берниязда Бальмонт, Мағжандар секілді:

Текке тұрып метейтін,

Тірі өлгенше кетейін.

Әуре қылған жалғаннан

Өлген ойды қозғатар,

Идеалымды оратар.

Орныма келсін жаңа жан

Жөн аузыма тығылды.

Жүрекке қан құйылды, Арам

Арам өлер жайым бар.

Ерте кеттім демейін,

Жылай-жылай өлетін,

Алшы, тәңірім, алшы ал!-

деп жырлайды.

Көзінде бұл тақырыптағы ақынөлеңдері ақын творчествосын зерттеушілер қиын оның творчествосындағы келеңсіз мәселе, үлкен ақау деп танылды. Солай бағаланды. Дей тұрсақ та сол көздің өзінде ақынның осы тақырыптағы өлеңдеріне байланысты айтқан ғалым Б.Кенжебаевтың пікірін ескермей тұра алмаймыз. Ғалым: «Ақындық мәнер алуан-алуан емес пе?! Кейде өлімді айтып, өмірдің мәнін, түсінуге шақыратын, кейде өлеңнің сыртқы қабатында өмір дегенмен астарында сол өмірден жеріну мотиві жатуы мүмкін. Сондықтан ақынды күйшіл-мұңшыл деп орынсыз кіналау жараспайды»-деп жазды.

Бернияз бен Мағжанның махаббат тақырыбындағы өлеңдерінде де ұқсастық, үндестік сипаттар баршылық. Б.Күлеев-махаббат тақырыбының жалынды жыршысы. Бұл тақырып оның лирикаларының ішінде үлкен орын алады. «Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар»-деп ұлы Абай жырлағандай бұл тақырыптың өзі адамзат болғалы келе жатқан жібек арқауы үзілмес мәңгі тақырып қой. Осы тарапта Б.Күлеевтің аталмыш тақырыпқа жазған сан алуан өлеңдерінің ішінен «Таң алдында», «Шын сүю», «Шын сұлуға», «Айныған аруға», «Сүйікті қайғылыға», «Гүләндам», «Шер шыдатпай саған арнап», «Ұшпақтағы жарыма», «От жалындай өртеп ішті», «Кірсің көңілің, күнәсіз ізгі жаның», «Мағрифаға» өлеңдерін сүйген сұлу, керемет әспеттеле, шырқау көкке көтеріліп, лирикалық қаһармен өзінің сүйгенін жаратылыстың барлық құбылыстарына жоғары қойып, тәңіріндей табынады. Тәңірлік сипат береді. «Шын сұлуға» деген өлеңінде бұл айқын көрінеді:

Жүрсең-жер, күлгенде-көк сүйінеді,

Ағаш-шөп сәжде қылып иіледі.

Аспанның ажарлысы Ай менен Күн

Көркіңді көріп таң боп күйінеді.
Алдыңнан әлдеқашан бұлт қашқан,

Құлдықта қол қусырып жер мен аспан.

Айнадай ай жүзіңнің ажарынан

Ұялып жұлдыз біткен бетін басқан...


Бернияздың сүйген жарға деген бұл сезімі Мағжанның «Сен сұлу», «Жұлдызды-жүзік, айды алқа ғып берейін» деген өлеңдеріндегі сезім күйімен үндес келеді. Таза назды сезім, мөлдір сүйіспеншілікке құрылған, «Гүләндам» атты өлеңінде ақын

ғашығын басқалардан қызғанады, қорғаштайды. Надандар сенің қадіріңді біле алмайды дейді.

Ақ төсіңді,

Гүл бетіңді,

Жаным, жатқа көрсетпе...

Бақ алманың

Дәмін, мәнін

Білу қайда есекке?-

Деп қорытынды жасайды.
Мағжанда:

Жырларыммен кестелейтін орамал,

Бүлдіргендей бөбектайым бетің бал.

Балға талай шыбын қонуға ұмтылар,

Ұмтылғанда орамалмен қағып қал.

дейді.
Сүйген жарына қатты берілген Бернияз:

Келші бері,

Сүйші мені,

Суырылсын кәмейім.

Сүй құшақта,

От құшақта,

Есім ауып өлейтін!-

Десе, дәл осындай сезім күйіндегі Мағжанда:

Келші, көзім күн бетіңді көрейін,

Сүйші, сәулем, тұншығып мен өлейін.
Жалпы, екі ақында ғашық жарды суреттеуде, оған құлай берілудегі құштарлық сезімдерінде көп ұқсастық бар. Оған шығармаларынан көп мысалдар келтіруге болады.

Ақынның қазақ поэзиясындағы тағы бір жаңашыл ерекшелігі альбомдық өлеңдері. Бұл үрдіс Лермонтовтың «Альбомға» деген өлеңін аударған Абай мен Сұлтанмахмұттың «Альбомынан» деген өлеңінен басқа қазақ поэзиясына деңдеп кірмеген.

Бернияздың бұл үрдістегі екі өлеңіне тоқталайық. Бұл өлеңдер татар сұлуына жазған құрбылық, еркелік наз есебінде жазылған.

Таза махаббат сезімі жоқ. Кәдімгі альбомдық сипаттағы өлеңдер. Соның біреуіне тоқталайық:

Белгі етіп жаздым өз атымнан,

Өзге белгілермен бірге сақтарсың.

Артық болса алып альбомыңнан

Жанған отқа жыртып тастарсың.


Өлеңнен байқалатындай ақын альбомға жазылғандықтан өз туындысының көркемдік бітіміне онша көңіл қоймағанба деп топшылайсыз. Ал, енді сурет сыртына жазған сүйген анасына арналған екі шумақ өлеңі өте әсерлі шыққан.

Сүйікті анам, сонда мен болмаспын,

Сен сағынып қайғы жұтасың.

Төсің иіп, ыстық жасың тамып.

Суретімді сүйіп құшасың.

Ұлың ойлап сағынған анаға деген тебіреністі перзенттік көңіл-күй мен махаббат табы айқын байқалады.

Б.Күлеевтің ақындық шеберлігі тек лирикаларымен шектелмесе керек. Оның шеберлік өрісін поэмаларынан да іздегеніміз дұрыс. Бұл туындылардың жалпы сипаты жөнінде өткен тара тарауларда талдап өттік. Сондықтан ол мәселелерге тоқталмаймыз. Енді осы поэмалардағы ақынның шеберлік қырларына тоқталып өтейік. Бұрынғы тарауда айтып өткеніміздей бұл поэмалардың барлығы сюжетке құрылмай, бірыңғай лирикалық сезім-күйін беруге құрылған. Осыған байланысты бұл поэмалар романтикалық аңсарларға негізделген лирикалық пландағы поэмалар болып шыққан, «Жердің жүзі жаз еді» поэмасында әсем теңеу, көркем тіркестер де молынан ұшырасады.

Енді осыған шағын мысалдар келтірейік. Мына бір шумақта табиғатты кейіптеу, персонификация тәсілі қолданады:

Төсін керіп ырғалып

Иісті түске бұлғанып,

Күліп жатты дала да.

Жауқазындай жайқалып,

Жан біткендей шайқалып,

Сыбырласты сала да.

Ұтымды теңеу мен үйлесімді балама да кездеседі:
Жан жайнаитқан сезіңмен,

Жаудыраған көзіңмен.

Әмән мені мас қылдың.

Аруанадай ырғалып,

Шын сүйікімге бұлғанып,

Жүрек көзін жас қылдың.

«Қайда екен?!» поэхмасының да көркемдік бояуы қалың. Ақынның шеберлік жағынан ұшталғандығын, ақындық қаламының көркемдік нәрі молайғандығын айғақтайтын шығармасы осы,- «Қайда екен?!» поэмасы. Оған поэмадағы көркемдік тіркестер мен оралымдардың мол кездесуі арқылы көз жеткіземіз. Ақын поэмада дыбыс ойнақылығына да барып үнді, әуезді, беййнелі сөздер арқылы көркем сурет жасайды.

Мысалы:


Сылдыр-сылдыр,

Қамыр құрғыр...

Сыбдыр қағып құшты жел.

Жыбыр-жыбыр

Сыбыр-сыбыр

Жел мен қамыс сырласты.

Ақын азамат соғысы кезіндегі аласапыран шақты символдық бейнелеулер арқылы өрнектеген сол кезеңнің жан-түршігерлік келбетін реалистік тұрғыда көз алдымызға әкеледі. Құбылыстың поэтикалық картинасы көз алдымызда былайша өріледі:

Жай жарқылдап,

Күн сартылдап.

Қылды бәрін бір уыс.

Ібіліс сасып,

Бұғып қашып,

Таба алмады бір қуыс.

Бас кесілді,

Қан төгілді

Қанды топан жер басты

Өлген дене

Төбе-төбе

Төбе болып төбе асты.
Өз басындағы мүшкіл халды ақын мына секілді көркем тіркестер арқылы дәл жеткізеді:

Тұрмын жалғыз,

Жансыз-жарсыз,

Айсыз, күнсіз-бір қу бас.

Ер жүрегім

Етпей төзім

Өксіп-өксіп төгем жас.

Жауыз жазмыш

Еркең қарғыс

Ажал оқ боп тиді ме?

Поэманың соңында сүйгенінен қапияда айырылып, онан аласапыранда көз жазып қалып, әлі ме тірі ме белгісіз күйіне налып, екеуінің жастық кездесулерінің жалғыз куәсі, жалғыз өсіп тұрған-ақ қайыңға барып мұңын төгіп, сырын бөлісуі одан өзінің сүйгенінің қайда екенін сұрап өтінуі сезімге тиер, өте әсерлі болып шыққан. Осы жолдардағы ақынның сүйгенін аңсаған сағынышты жан-күйі өлең жолдарында былайша өріледі:

Көк пе, жер ме,

Су ма, жел ме,

Әлде алған ай ма екен?

Айтшы, қайың,

Менің жаным,

Айтшы, айтшы, қайда екен?!

«Гүл» поэмасының көркемдік ерекшелігіне келетін болсақ мұнда табиғат суреті өте үлкен суреткерлікпен, асқан шабытпен суреттеледі. Ақын қаламы табиғат суретін нәзік, көркем жеткізуге шеберленгені мына бір жолдардан көзге түседі:

Айдын көлде-ақ күмістей мөлдір су,

Мөлдір суда жібектей жұқа мұнар бу.

Тірі жаннан-шабақ ілген шағала,

Шалқар көлде шалықтаған шаңқай қу.


Оң жағында қара үңгірдей терең жар,

Жарға жақын жайқала өскен терек, тал.

Тал түбінде дүсір салып түн қатқан,
Шалқар көлдің шабарманы-өзен бар.

«Жорық» поэмасының көркемдік құрылыма көз жүгіртсек ол ауыз әдебиетінің поэтикалық формаларын молынан пайдаланған. Поэмадағы лирикалық қаһарманның іс-әрекеті, қимылы, фольклордың, батырлар жырының поэтикалық теңеулері мен образдары арқылы ашылады. Мұны ақын былайша суреттейді:

«Демім жалын»-от болып,

Көзім атқан оқ болып.

Бір сілтесем жоқ болып,

Домалады талай бас.

Қысқасы, бұл поэмада ауыз әдебиетінің рухы мен әсері мол. Сондықтан да поэманың көркемдік құрылымы фольклордың поэтикалық заңдылығына сай құрылған.

Б.Күлеевтің ақындық шеберлігін қарастырған кезде оның поэмаларының поэтикалық жүйесі лирикаларымен іштей өзектесіп, бір сипатта, бір ғана ақынның даралық стилінің төңірегінен іздестіру кере екенін айтып өткеніміз жөн.

Енді осы тараудағы ойларымызды қорытындылай келсек, Б.Күлеев өз шығармашылығында әсерлі поэтикалық образдар тудыруда әртүрлі көркемдік әдіс-тәсілдерді өзінің ақындық тәжирібесінде ұтымды пайдаланғандығын көреміз. Осы орайда ол көптеген сәтті теңеулер мен эпитеттер, метафоралар мен құбылтудың неше ануар түрін пайдаланды. Ақын өлеңдерінің өрнегіне, өлең құрылысының жүйесіне тоқталар болдсақ, ақын өлеңдері қара өлең ұйқасы, шалыс ұйқас, кезекті ұйқас, ерікті, аралас ұйқаспен жазылғандығын көреміз.

Бернияздың көп өлеңдері негізінен қара өлең ұйқасы, шалыс ұйқас түрімен және Абай қолданып, қолданысқа түсірген «алты аяқ», «сегіз аяқ» үлгісінің құрылымымен жазылған. Ұйқас түрі –а-а-б-а-а-б және а-а-а-б-а-а-а-б болып келетін бұл ұйқас түрін ақын өнікті тәсіл ретінде мол қолданатыны байқалады. Мысалы осы алты аяқ және сегіз аяқ түрін пайдаланып ақын «Сүйікті қайғылыға», «Гүләндамға», «Жалғыз өзім жат жерде», «Алалық», «Бостандық күнінде», «Шындық», «Алшы тәңірім, алшы ал!» «Мен», «Жүрегің жанып», «Жазғы дала» өлеңдері мен «Жердің жүзі жаз еді», «Қайда екен?», «Жарық» поэмаларын жазды.

Ақын өлеңдерінің буын жүйесіне келетін болсақ, онда 4,5,6,7,8, буында өлеңдер де ІІ буынды өлеңдер де бар. Берниязда 4 кейде 5,6 үшінші тармақтар 7 кейде 8 буынды болып келетін өлеңдер көбіне алты аяқ немесе сегіз аяқ үлгісімен жазылған болып келеді. Ал, қара өлең, шалыс ұйқастар көбіне ІІ буында болып келеді. Жалпы тарауды қорытындылай келсек, Бернияз өз заманының, дәуірінің тынысын ақындық сезім күйімен кемел толғап, көркем өрнектеген ақын. Оны ақын шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін сөз еткенде байқадық. Ақынның шеберлік жолындағы өсуін жалпы түрде сөз еттік. Баптай зерделесек, шеберлік мәселебі тек қана әртүрлі көркемдік әдіс-тәсілдерді үйіп-төгіп мол пайдаланумен шектелмесе керек. Көркем поэтика мәселесімен түбегейлі айналысып жүрген әдебиет теориясының белгілі маманы, зерттеуші Вадим Кожиновтың мына бір пікіріне көңіл қойсақ: «В глубоком смысле мастерство-это не подбор и расстоновка слов, создание в стихе своего жизненного поведения, которое должно воплотится в интонации, ритмике, в строении фраз, в самих звуках-словам сдвиги и оттенки живого голоса поэта».

Бернияздың да шеберлік деңгейі осы аталған. Көркемдік тәсілдерді қолдануымен емес, өз өлеңдеғрінде заманның, дәуірдің келбетін, оларға деген ақынның көркемдік қатынасының, заман дәуір тынысын өзінің ақындық толғағынан өткізген күрделі ішкі әлемін, ақындық болмысын терең, шынайы көрсете алуымен таразыланады. Түйіндей айтар болсаң Бернияз Күлеев қазақ поэзиясында өзіндік көркемдік өрнегі мен ақындық үні бар шебер таланттардың қатарынан орын алады. Оған өз дәуірін көркем өрнектеген ақын шығармалары айғақ.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет