Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ш. Ш. У



бет5/5
Дата10.04.2017
өлшемі1,56 Mb.
#13641
1   2   3   4   5

ҚОРЫТЫНДЫ

Көркем өнер мен әдебиет дәуірдің, заманның, рухани үні, көркемдік тынысы. Болмысты көркем кестелеп, көркемдік тұрғыда игеру ықылым кездерден келе жатқан өнер шығармаларының алғышарты. Дәуір тынысын кемел өрнектеу әдебиет пен өнер шығармаларының жасампаздық сипатын танытса керек. Адамзат мәдениетінің тарихы өзінің дәстүрлі сабақтастық жолымен өсіп-өркендеп дамып, жетіліп, көркейіп келеді.Адамзат мәдениетінің тарихы өзінің көркемдігімен жаһанды таң қалдырған небір жауһар дүниелерді біледі.Олай болатын болса, көркемөнер ғасырлар бойы шындық болмысқа қатысты өзінің тарихы, әдеби, мәдени, эстетикалық-филисофиялық миссиясын этикалық категориялар негізінде абыроймен орындап келеді. Міне, осы үрдістен көркемөнердің асыл бұтағы әдебиет,оның ішінде поэзия да тыс қалмаса керек.

Осы тұрғыда дәуірлік поэзия өз заманының үні мен сыры, көркемдік ойы мен сезім құбылыстарын паш ететін рухани дүние болып табылады. Оған әлемдік поэзияның асыл үлгілеріне тоқталсақ-ақ көзіміз жетеді.Асылы,әлемдік поэзияның өзі шалқып жатқан үлкен мұхит іспеттес болса, оған жан-жақтан сарылдай, сарқырай құйылып жатқан теңіздер мен дәриялар, өзен-көлдер мен балбұлақтар ұлттық поэзиялар екені даусыз, Оның үстіне әлемдік поэзияның мәртебесін көтере түсетін де ұлттық поэзиялардың көркемдік болмысы екені ақиқат. Қазақ поэзиясының болмысы да өзіндік көркемдік үні мен сыры бар, рухани әлем болып табылады. Қазақ поэзиясының рухани тамыры, сонау VIII ғасырлардағы тасқа қашалып жазылған руникалық Орхон-Енисей жәдігерліктерінен Абайға дейін, Асанқайғы, Шалкиіз, Қазтуғаннан Бұқарға дейінгі жыраулар поэзиясымен, Шал ақыннан бастап, Шортанбай, Дулатпен аяқталатын ауызша үлгідегі ақындық поэзиясының көркемдік көкжиегімен өлшенеді. Қазақ поэзиясы әрқашанда өз дәуірінің үні, көркем шежіресі бола білді. Рухани аңсарларын Абайдан бастаған өткен ғасырдың соңы мен осы ғасырдың басында туып, қалыптасқан жаңа сипаттағы жас, оянып, сілкінген соны арна тапқан ұлттық поэзиямыз да осынау көркемдік міндеттерден білді. Абай төңірегіндегі шәкірт ақындары атамағанның өзінде, XX ғасырдың басында жасаған қазақтың ағартушылық-демократтық аңсардағы көптеген ақын-жазушылары ұлы ақын бастаған рухани көшті абыройымен жалғастырды.Көрнекті мемлекет қайраткері, әдебиетші, сыншы С.Сәдуақасұлы өзінің 1928 жылы жазылған «Қазақ әдебиеті туралы» деген бір мақаласында былай деп жазады: «Осы ғасырдың бас жағында Абайдың ізін қуушылар пайда бола бастайды. Бұлардың қатарына қазір көзі тірі жүрген:А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаевтарды және марқұм болып кеткен:С.Торайғыров, Б.Күлеев,Ғ.Қарашевтарды жатқызуға болады».

С.Сәдуақасұлы 1927 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің 15-16 ақпанындағы сандарында жарық көрген айтыс ретінде берілген «Әдебиет әңгімелері» деген енді бір мақаласында Берниязға қатысты мынандай ой-пікір айтады: «Осы күні көзі жоқ жазушыларымызға келейін, Абай, Сұлтанмахмұт, Бернияз, тағы басқалар. Анда-санда әйтеуір Абайды көрінен бір аударып қоямыз, онда да жүре салды. Сұлтанмахмұт, Берниязды кім біледі? Қай сыншы бұлардың табысын зерттеп, қорытынды шығарды? Шындыққы келсек, бұл екі ақының да ірі кісі».

Мемлекет қайраткері, белгілі әдебиетші ССәдуақасұлының кезінде айтқан осы тұжырымдарынан Б.Күлеевтің поэзияда Абай дәстүрін ілгері жалғастырушы талантты ақындарымыздың бірі болғандығын байқаймыз.

Б.Күлеев-ерте жанып, ерте сөнген таланттарымыздың бірі. Көп жылдар бойы Б.Күлев поэзиясына дәуір шаңы қонып, жарқырап көріне алмай көбіне тозаң басып жатты. Дәуірдің, заманның қытымыр қабағы, саясаттың ызғары Б.Күлеев поэзиясының өз сұлулығымен жарқырай көрінуіне ерік бермеді.Сондықтан да ұзақ жылдар бойы ақынның жарқын жырлары өз оқырмандарымен емін-еркін тілдесе алмай, сырласа алмй пұшайман күй кешті. Ақын поэзиясының рухани өрісі шектеулі болды.

Бернияз есімі бірді-екілі монографиялар беттері мен газет мақалаларында,замандастарының естеліктерінде бірде аталса, бірде аталмай келді.Сондықтан да ақынның шығармашылық жолымен өмірбаянына қатысты деректер мардымсыз, тапшы. Жиырмасыншы жылдардағы қазақ газеттерінде Бернияз өмірі мен шығармашылығына қатысты Таласбаевтың, Ешмұхамедұлы Мерғалидың, Сәдуақасұлы Смағұлдың мақалалары жарық көрді. Бернияз өмірін толықтыратын бір дерек-ақынның замандасы, қарт журналист Мерғали Ешмұхамедұлының 1973 жылы Қазақ СССР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтына табыс еткен Б.Күлеев жөніндегі естелігі. Б.Күлеев өмірі мен шығармашылығына қатысты деректерді өздереінң зерттеу еңбектерінде ғалымдар Б.Кенжебаев, Ы.Дүйсенбаев, К.Шәменов, Ә.Дәрбісәлин, Х.Сүйіншәлиев, Т.Кәкішев келтіріп өтеді. Б.Кенжебаев, Ы.Дүйсенбаев, К.Шәменов, Ә.Дәрбісәлин еңбектерінде ақын шығармашылығы біршама сөз болады.Ақынның замандасы Мерғали Ешмұхамедұлы естелігіндегі деректерге көз салсақ, ақын ерте 14 жастан бастап-ақ өлеңдер жаза бастаған. Жеңіл-желпі айиысқа түскен. Бірақ, ақынның көп өлеңдері өзінің көзі тірісінде баспасөз беттерінде жиі жарық көрмеді. Ақынның біржі-екілі шығармалары жиырмасыншы жылдардағы қазақ газеттері мен журналдарының беттерінде жарық көреді. Бернияз тек өлең ғана жазбай, қалам үшін басқа жанрларда байқап көрсе керек. Ақынның 1917 жылы жазылған «Шын сүйіскендер» атты бес перделі драмасы болғанға ұқсайды. Бірақ ол кейін ұшты-күйлі жоқ жоғалып кеткен.Бұл қызық деректерді өзінің «Садақ» атты эссе кітабында әдебиетші-ғалым Т.Кәкішев келтіреді. Ақын өлеңдерінің жинағы жеке кітап болып өзінің көзі тірісінде жарық көрмеді. Тек 1969 жылы ғана ақынның таңдамалы өлеңдері бір том болып, «Айтшы, ақ қайың» деген атпен жарық көреді. Ақын өлеңдерінің қолжазбаларын негізінен сақтап,жинақтап,көшіруші туған апасы мәриям еді. Одан кейінгі жерде ақынның қолжазба мұраларын сақтап жинақтаушы ақынның жиен қарындасы Мәдинә Бегімбетова. Ақынның «Қызыл-книга», «сұр- книга» деген екі қолжазба дәптерін сақтап, машинкаға бастырып Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорына, Қ.Ұ.Ғ.А-ның ОҒҚ-ның қорына тапсырады. Ақын қолжазбаларының қордағы рет саны 592-папка болып тізімделген. Бернияз тек талантты ақын ғана болып қоймай, 1918 жылдан 1920 жылдарға шейін Ақтөбе губерниясыеда төтенше комиссар, әрі соғыс комиссариатында қызмет атқарады. Халық ағарту ісімен айналысады. Әскери-революциялық комитетінің үні «Ұшқын» газетінде редакциялық алқаның мүшесі болады.Жиырмасыншы жылдардан бастап Қазақстанның Халық ағарту комиссариатының Қазан қаласындағы қазақша кітап бастыру ісі жөніндегі өкілі болады. Қазан қаласында баспа ісімен айналысады. Бернияздың үлкен еңбегі - осы Қазан қаласында Абайдың, Сұлтанмахмұттың, Мағжанның, Сәкеннің шығармалар жинағын кітап қылып бастыруы. Осылайша ол туған халқының алдында үлкен тарихи, мәдени игілікті шаралар атқарады. Бернияздың мұндай мәдени сипаттағы қызматін орынды бағалаған жөн.

Бернияз - көркемдік болмысы тереңде жатқан талантты ақын. Оның өлеңдерінің тақырыбы көбіне көңіл-күй сезімдерін жырлау арқылы ол махаббат, табиғат, философиялық, лирикаларға барды. Әсірісе, ол махаббат лирикасын шабытпен жырлаған үлкен лирик ақын болды. Саяси лирикаларға да барды. Бұл тарапта оның жиырмасыншы жылдары жазған «Алға», «Ел ерлеріне», «Ер жігітке», «Кім бар?», «Заман-ай әніне» секілді өлеңдері бар. Ақынның аталмыш тақырыптағы өлеңдерінің жазба поэзияның үрдісінен гөрі ауызша поэзияның үрдіс, үлгілеріне жуықтау жазылғаны байқалады. Б.Күлеев махаббат, көңіл-күй тақырыбындағы өлеңдерінде жазба поэзияның үрдісінде шабыттана жыр толғаса, ал саяси лирикасында сол жорғасынан жаңылғандай, кібіртіктей береді. Біріншіден, бұл тақырыптың бұрын жазып жаттықпаған тосындығы, сонылығы, екінші ақынның ескі форманы пайдалана отырып, тақырыпты өзінше көркем игеруі болып табылады. Сондықтан да ақынның саяси лирикаларында образ сомдауда, көркемдіек тіл, кестесі мен өрнегінде ауыз әдебиетінің поэтикалық формасын қолданушылық бар.Ақын өзінің көркемдік тәжірибесінде әр түрлі үйрену жолдарына өтті. Әсірісе Б.Күлеев –ауыз әдебиетінің дәстүр үлгілерінен мол үйреніп, сол үлгілерді шығармашылықпен өз поэзиясында шебер қолдана білген ақын. Батырлар жырындағы образ,тіл өрнегі, мақал-мәтелдердің ішкі мазмұнын шығармашылықпен өлең өрнегіне айналдыру, сан-алуан теңеу, эпитет, метафораларды ақындық стильге сай құлпырта қолданып,көркем игеру осының айғағы.

Б.Күлеевтің ұлы Абай үлгісіндегі ақын екенін жоғарыда өттік. Бернияз Абайдың поэтикалық үлгісін қолдана отырып, біршама өлеңдер жазды. Мысалға Абайдың «Сегізаяқ», «Алтыаяқ» үлгілерін өнікті түр ретінде өз өлеңдерінде шебер қолдана білді. Б.Күлеев қазақ поэзиясында Ш.Бөкеев,М.Жұмабаев секілді лирикалық «менді орнықтырып, интимдік лириканы қалыптастырушы ақындарымыздың бірі М.Жұмабаев екеуі орыс бейнешілдері (символистер) Мережковский, Брюсов, Бальмонт, Блоктарға еліктеп, қазақ поэзиясына алғаш осы бағыттың кейбір сипат, белгілерін әкелді. Осы сипатта өлеңдер жазды. Б.Күлеев – көркемдік қарымы мол, сырлы да сыршыл лирик ақын. Ол көркем образ, бейнелі сурет-сезім тудыруға шебер. Оның суреткерлік қаламының көркемдік бояуы қанық.Ақынның поэтиклық тілінде әр түрлі ауыстырулар, құлпыртулар, көркемдік айшықтаулар жиі кездеседі. Оның өлеңдерінде сан алуан ұтымды теңеулер мен метафоралар сәтті жарасым тапқан. Ақын теңеулерінің бір ерекшелігі, суреттеліп бір-біріне теңеліп отырған екі құбылыс арқылы ұсақ детальдарға дейін ақау жібермей шебер пайдаланып бір ғана поэтикалық сурет жасауында. Екі құбылыстың ұтымдм теңеу арқылы бір-біоіне кірігіп,білінбей жымдасып кетуінде. Ақын абстрактілі дерексіз ұғымдар, ой мен сезім құбылыстарын метафоралық тәсіл арқылы көркем өрнектеуге де шебер. Ақындық контекстте поэтикалық метафоралар ұтымды пайдаланады. Мұның барлығы ақынның көркемдік көкжиегін айқындай түсетін қасиеттер екені даусыз.

Қорыта келгенде Бернияз өлеңдерінде заман тынысын кемел тұрғыда көркем кестелген ақын болып, өз дәуірі мен кезеңінің үні бола білді. Сөз соңында айтарымыз:Б.Күлеев – өзінің сырлы да, сұлу да әсем лирикаларымен кезеңінде үлкен із қалдырған талант. Ол-буырқанаған сезім мен құштарлыққа толы жырлар жазған үлкен романтик-ақын. Оның самал желдей таза, кәусардай мөлдір, әсем жырлары бүгінгі ұрпақтың да көкейінде жатталып, осы асыл қазынадан дәйім сусындай бермекші.



Қосымша. « Бернияз Күлеев шығармашылығы» атты арнайы курстың бағдарламасы\
Курстың мақсаты – кезінде ұзақ жылдар қазақ әдебиетінің тарихында бірде аталып, бірде аталмай, кейбір жекелеген монографиялар мен шолуларда ғана тоқталынып, оқырман жұртшылыққа, әдеби қауымға толық танылмай келген қазақтың ғұмырдан ерте озған талантты лирик ақыны Бернияз Күлеевтің шығармашылығына тоқталып, оның заман, дәуір контексінде толғаған өлең – жырларының әдебиетіміздің тарихынан алатын орнына ерекше тоқталу.

Негізгі міндеті – Бернияздың шығармашылық ғұмыр баянымен таныстыру; оның ғұмырына қатысты деректерді саралап, ақынның қоғамдық-әлеуметтік, мәдени іс-қызметінің мән-маңызын пайымдату; Ақынның шығармашылық ғұмыр баянына қатысты көмескі тұстарды әлі де зерттей түсу керек екенін таратып айту; ақын шығармаларының лирикалық табиғатын студенттерге байыптата отырып, оларды әсемдікке, ізгілікке, адамгершілікке ұмтылдыр, эстетикалық тәрбиеге баулу. Өзімнің негізгі ғылыми тақырыбым болғандықтан мақсатым –осы арнайы курста студенттерге көп танылмай келген ақын мұраларының идеялық-көркемдік бітімін, өзіндік стильдік болмыс-бітімін таныту болмақ.



Тақырыптық жоспар

1. Кіріспе

Бернияз өмірінен деректер

2. Бернияз шығармаларының зерттелу сипаты

3. Ақынның 1914-1916 жылдар аралығындағы лирикасы

4. Ақын лирикасы 1917-18 жылдарда

5. Ақын лирикасы 1919 жылдарда

6. Ақын лирикасы 1920 жылдарда

7. Ақын лирикасы 1921 жылдарда

8. Ақын лирикасы 1922-23 жылдарда

9. Ақын лирикаларының тақырыптық-идеялық сипаты

10. Ақын поэмаларының ерекшеліктері

11. Ізденіс көздері

12. Көркемдік өрнектері


1. Кіріспе

Бернияздың өмір жолынан деректер
Арнайы курстың мақсат-мүддесі мен мән-маңызына тоқталу. Бернияздың шығармашылық ғұмырбаянын таразылау. Оның ғұмырына қатысты деректерді саралап,ақынның қоғамдық-әлеуметтік, мәдени іс-қызметінің мән-маңызын пайымдау. Ақынның шығармашылық ғұмырбаянына қатысты көмескі тұстарды әлі де зерттеу түсу керек екенін таратып айту. Ақын өмірінің соңғы Қазан қаласындағы Зейнеп хануммен болған махаббат драмасына байланысты трагедиялық халды сол кезеңдегі саяси, қоғамдық-әлеуметтік жағдайлармен орайластыра баяндау.
2. Бернияз шығармаларының зерттелу сипаты
Бернияз шығармаларына қатысты «Еңбекші қазақ» газетіндегі айтыс материалдарына тоқтала кетіп, олардағы теріс байлам, не обьективті пікірлерді айқындау. М.Ешмұххаммедұлы, М.Жұмабаев, С.Сәдуақасұлылардың Б.Күлеев мұраларына қатысты ой-толғамдарының құнды сипаттарының мән-маңызына тоқталу. Б.Күлеев творчествосына байланысты тура және жанама пікірлер айтқан Б.Кенжебаев, К.Шәменов, Ы.Дүйсембаев, Ә.Дербісәлиев, Т.Кәкішев Х.Сүйіншәлиев, Ө.Күмісбаев еңбектерінің құндылығы. Ақын поэзиясындағы символистік сипаттарға байланысты ресми әдебиеттегі теріс байламдар. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихындағы Б.Күлеев мұрасын зерттеудегі олқылықтар. Болашақ зерттеушілерге ой-түрткі боларлық ой-қорытынды жасау.
3. Ақынның 1914-1916 жылдар аралығындағы лирикасы
Ақынның «Ойдағым», «Өзім», «Қыздың мінәжаты», «Қызықты жаз», «Ауылдағы қысқа түн», «Анама хат», «Тұтқын», «Зорлық», «Қазақ қызы» секілді өлеңдерінің тақырыптық мәні. Көңіл-күй сезімдері, табиғат көрінісі, анаға деген сағыныш, қазақ қыздарының теңдігі ақын өлеңдерінің тақырыптық өзегі болғандығы. Ақынның қай тақырыпқа жазылған өлең болмасын көңіл-күй сезімдерін басты назарда ұстап отыруы. Бұл қасиет оның ақындық ерекшелігі екендігі.
4. Ақын лирикасы 1917-18 жылдарда
Осы жылдардағы лирикасына жалпы сипаттама «Жүргенде еркімен ел егін жайлап», «Түн», «Жаздың алды» өлеңдерінің табиғат суреті, жаратылыс сырын қозғайтындығы. Б. Күлеевтің өз тұстастары С. Дөнентаев, С. Көбеев, С. Торайғыров, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов секілді өз дәірінің көкейкесті тақырыбы әйел теңсіздігі тақырыбын жырлауы. Осы тақырыпқа 1917 жылы «Әйелдер сөзі», «Бостандық болғандағы қыздың тілегі», «Әкеме», «Солған гүл», «Қыздың мінәжаты», «Қазақ қызы» өлеңдерін жазуы. Бостандық тақырыбында1917 жылы «Бостандық күнінде», «Бұлт», «1917 жылға» атты саяси лирикалық туындылар туғызуы. Жыл болмысын «1917 жылға» атты өлеңінде «Ардақты жыл», «Атақты жыл», «Қанды жыл» деген эпитеттермен қоюлата беру сыры. Ақынның «Түн» деген өлеңінің Абайдың Лермонтовтан аударған «Қараңғы түнімен» үндес, рухтас болып келуі. Көңіл-күй сезімдерін толғайтын «Сегізаяқ» үлгісінде жазылған «Алалық» атты өлеңінің ерекшелігіне тоқталу. Ақын шығармашылығындағы ең бір өрнекті де жемісті кезең 1918 жылы екендігі. Осы жыл ішінде 34 өлең жазып, оның 6-сы А.С. Пушкиннен аударма болып келуі. Б. Күлеев көңіл-күй лирикасында жазылған «Аңқиған гүлдің иісінен», «Көңіліме», Қиял сөзі», «Қайтар едің», «Жас жүрегіме», «Жастық күнім», өлеңдерінде сезім күйін нәзік те көркем беруге тырысуы.

Ақынның «Қымыз» атты өлеңіне тоқталу. Осы тақырыптағы Д.Бабатайұлы, А.Құнанбаев, С.Торайғыров өлеңдерінен ақынөлеңінің ерекшелігін айту. Осы өлеңіндегі әлеуметтік мәні бар ой-пікір.

Ақынның 1918 жылы жазылған махаббат, сезім күйлерін баяндайтын «Таң алдында», «Шын сүю», «Шын сұлуға», «Айныған аруға», «Сүйікті қайғылыға», «Жорықтан соң» өлеңдеріне тоқталып, ерекшеліктерін сөз ету.

Пушкиннен аударған «Бұлбыл», «Ажал», «Мұң», «Сүю», «Ақын», «Бар ойым бастан кешті көзім көріп» өлеңдеріне тоқталып, ақынның аудармашылық қыры мен дарынын сөз ету.


5. Ақын лирикасы 1919 жылдарда
Б. Күлеевтің творчествосында 1919 жыл да жемісті жылдардың бірі болғандығы. Ақынның 22 өлең 1 поэма жазуы. Көңіл-күй сезімдерін білдіретін ақынның «Жүрегің жанып», «Жырла да зарла көңілім», «Неге» және табиғат суретін әдемі беретін « Әдемі түн» өлеңдерінде оның поэзиялық шеберлік жағынан жетіле суреткерлік қаламының ұштала, ұшқырлана түскенін, ой мен сезімді бірлікте алып, Бейнелі суретке орын беру, ондағы мұншыл, күшіл, сыршыл сарындардың көбее түсуі. Б. Күлеевтің «Жырла да зарла көңілім» өлеңінің Абайдың атақты өлеңдерінің бірі-«Өзгеге көңілім тоярсың» өлеңімен көп жағдайда үндес келуі. Өмір шындығын реалистік қанық бояумен жеткізе білген поэзиялық шығапмасы- «Соғыс майданында» деп аталатын өлеңінің өзіндік идеялық-көркемдік ерекшелігін айқындау. Махаббат тақырыбына жазылған «Шер шыдатпай саған арнап», «Ұшпақтағы жарыма», «От жалындай өрттеп ішті», «Кірсіз көңілің, кінәсіз ізгі жаның», «Сен менің шын нанған аллам», «Жұмақта», «Ақ сұңқар жыр еркесі, жалған хоры» өлеңдеріндегі махаббат әуендерін жырлауда бұрыңғы осы тақырыпты өлеңдерге қарағанда ақын шеберлік жағынан жетіліп, сезім толғанысы тереңдей, кеңее түсуі.
6. Ақын лирикасы 1920 жылдарда

Ақынның өнімді де өнікті қызмет еткен жылдарының бірі 1920 жыл екені. Ақын шығармаларының көркемдік нәрі мен күш-қуатының өсе түсуі. Ақынның әлеуметтік мәселелерге көбірек үңіліп, бұл кезлегі өлеңдеріндегі әлеуметтік тақырыптың көбірек бой көрсетуі. Бұл тарапта ақын «Алға», «Қуларға», «Заман-ай әніне», «Жаз», «Ел ерлеріне», «А Дариға-ай», «Күз», «Ер жігітке», «Кім бар» өлеңін жазуы. Бұл тақырыптағы өлеңдерінде фольклорлық жырдың көркемдік теңеулерін пайдаланғаны. 1920 жылы жазылған «Мен саған жат қыр баласы» өлеңінің С. Есенин, М. Жұмабаев лирикаларымен сарындастығы.



7. Ақын лирикасы 1921 жылдарда
Ақынның бұл жылы әлеуметтік тақырыпты жырлаудан бой тартып, көбіне мұңды сарынға бой алдыртып, ішкі сезім күйлерін шертетін өмір құбылыстарының сұрқай бояуларын ғана санасында қабылдап, өткен өмірге өкініш білдіргендей жырлар жазуы. Өлеңдерінің жартсына жуығы жеке адамдарға арналған немесе сурет сыртына жазылған шағын өлеңдер болып келуі. Ақынның өз көңілінің мұңын тербек сырлы да мұңлы сарында « От жүрегім күнде өрттеніп», «А Дариға-ай», «Жан талас», «От жалындай өрттеп ішті» секілді өлеңдер жазуы. Өнер тақырыбына жазылған «Ән-күй» деп аталынатын өлеңінің осы үлгіде жазылған Абай өлеңдерімен үндестігі.

8. Ақын лирикасы 1922-23 жылдарда
1922 жылы отызға тарта өлең жазуы. Осы жылдары «Жорық», «Гүл», «Қайда екен»-секілді поэмаларының жазылуы. Жазылған өлеңдерінде тақырыптық жағынан шыңдалып, қаламының ұштала түскені байқалуы. Көңіл-күйдің сырын, ішкі толғаныстағы еркін де күшті беруге күш салуы. Осы өлеңдерінің ішінде көңіл-күй сырын мұңда толғаныспен білдіретін «Қапы қалдым», «Нетер ем», «Қалау беру», «Жалғыз өзім жат жерде», «Жас теректің жапырағы», «Алшы тәңірім, алшы, ал», «Жүрегіме» өлеңдерінің ерекшелігі. Ақындық шеберлігі жағынан өсуін айғақтайтын өлеңдері: «Жалғыз өзім жат жерде», «Жас теректің жапырағы», «Алшы тәңірім, алшы, ал», «Бүгі-ертең», «Ойла, ойла, ойла, ойға тойма», «Жүрегім», «Қараңғы түн, алдымда тұр шам жанып», «Жердің жүзі жаз еді», «Қайда екен», «Гүл» атты поэмаларының романтикалық сипатта жазылуы. Махаббат, сүйіспеншілік сезімдерінің қозғалуы.
9. Ақын лирикаларының тақырыптық-идеялық сипаты
Көңіл-күй тақырыбындағы лирикалық туындыларды көп жазуы, Махаббат сезім-күйлерін көп жырлауы арқылы интимдік лирика тудыруы. Бұл тарапта ақынның Шәңгерей Бөкеев, Мағжан Жұмабаев поэзиясымен үндестігі. Әдебиетші ғалым Б. Кенжебаевтің Б. Күлеев лирикасының тақырыбы жөніндегі пікірлері.
10. Ақын поэмаларының ерекшеліктері
Ақынның төрт поэмасы бар. Бұл туындылардың сюжетсіз, лирикалық планда болып келуі. Зерттеуші ғалымдар К. Шәменов пен Ы. Дүйсембаевтің ақын поэмалары жөніндегі пікірлері. Бұл поэмалардың арнасынан ағытылған ақынның ішкі сезім-күйін паш ететін, сол сезімдерді лирикалық сипатта кеңінен толғаған шынайы лирикалық толғаулар сипатында болуы. Ақын поэмаларының поэтикасын ақын стилиндегі қуатты лиризм арқылы байланыстыра түсіндіру. Плэмалардың сипаты сол кезеңдегі қоғамдық-әлеуметтік контекст аясында алып қарастыру:
11. Ізденіс көздері
Бернияздың ақындық тұлғасы жайындағы К. Шәменов пікірі. Бернияздың творчестволық тәжірибесіндегі Абайдың сыршыл лиризмі мен Сұлтанмахмұттың философиялық толғауын игеруге ұмтылысы. Қазақтың халық поэзиясынан үйренуі. Абайдың ақындық мектебі. Абайдың «Сегізаяқ», «Алтыаяқ» үлгісінде өлеңдер жазуы. Б. Күлеевтің Абай дәстүрінің ақыны екендігі жөнінде С. Сәдуақасұлы, А. Нұрқатов пікірлері. Абай мен Бернияз, Мағжан мен Бернияз және орыстың декадент, символист ақындары арасындағы үндестік. Осы үндестіктің ақын өлеңдеріндегі тақырыптық-идеялық сарындарына әсер етуі.
12. Көркемдік өрнектері
Б. Күлеевтің лирикалық туындыларында кәусардай мөлдір, таза да күшті, әсем поэтикалық образдардың молдығы. Ақынның поэтикалық образдарындағы әр түрлі нышан, символдардың, ауыстырулар мен түрлендірулердің, теңеулер мен эпитеттер, метафоралардың өзіндік ерекшеліктері. Ақын өлеңдерінің буын жүйесі. Б. Күлеевтің даралық творчестволық стилін айқындау.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Дүйсенбаев Ы. Ғасырлар сыры. А., «Жазушы», 1970 жыл

2. Дүйсенбаев Ы. Эпос және ақындар мұрасы. А., «Ғылым», 1987 жыл

3. Еспенбетов А «Жырласаң ед шомылып көз жасында...» (Дерек) «Жұлдыз» журналы,1993 жыл №8

4. Жұмабаев М. Шығармалары А., «Жазушы», 1989 жыл

5. «Еңбекші қазақ» газеті 1923 жыл, №19. Б. Күлеев-азанама (мақала)

6. «Еңбекші қазақ» газеті 1928 жыл, №81. Ақдәулетұлы Әбділдә Күлейұлы Бернияз.

7. «Еңбекші қазақ» газеті 1928 жыл, №72, 30 наурыз. Ешмұхамедұлы Мерғали. Күлейұлы Бернияз. (айтыс ретінде)

8. Елеуов Т. Установление и упрочение Советской власти в Казахстане. А., Изд. Акад. Наук КазССР, 1961.

9. Кәкішев Т. Садақ (эссе) А., «Жалын». 1986.

10. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ-жазушылары. А., Қазмембас, 1958.

11. Кенжебаев Б. Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. А., «Мектеп», 1966.

12. Кенжебаев Б. 20 ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. /Арнаулы редакциясын қараған Р. Нұрғалиев/ А., «Мектеп», 1976.

13. Кенжебаев Б. ХХ ғ. басындағы әдебиет. А., «Білім», 1993.

14.Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. А., «Жазушы», 1986.

15.Күлеев Б. Айтшы, ақ қайың. А., «Жазушы», 1969.

16.Күмісбаев О. Ортақ арна. А., «Жазушы», 1985.

17. Қазақ әдебиетінің тарихы. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті. Т. 2 кітап. А., «Ғылым», 1965

18. «Қазақ үні» газеті . 1993 жыл, қыркүйек 4-271 «Алаш ардақтысы» 7-8 б. б.

19. Нұрқатов А. Жалғасқан дәстүр. А., «Жазушы», 1980.

20.Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. А., «Жазушы», 1966.

21. О литературно-художественных течениях 20 века. Сбореик статей. Под. Ред. Л. Г. Андреева и А. П. Соколова. М., Из-ство Моск. Ун-та.,1966

22. Сарбалаев Б. Б. Күлеев-Ана тілі-1990-29 наурыз

23. Смағұл Сәдуақасұлы. Таңдамалы. 2 том. Алматы «Атхан», 1993

24. Сүйіншәлиев Х. 19 ғасыр әдебиеті. А., «Анна тілі», 1992 ж.

25. «Татарстан» газеті. Қайғылы уақиға. Қазан-1923-1 ақпан.

26. Дербісалин Ә. Дәстүр мен жалғастық. / Ауыз әдебиетіндегі ақындық дәстүр және 27.ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясы/ А., «Ғылым», 1976.

28. Мұқанов С. ХХ ғ. Қазақ әдебиеті. 1932.

29.ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындары. / Құраст. Б.Ақмұқанова. Алматы: Ғылым, 1982.

30. Жәмбек С. Бернияз Күлеевтің ақындық мұрасы.Оқу құралы. Көкшетау, 2002

31. Бернияз Күлеев. Кітапта: Қазақ әдебиетінің тарихы. ХХ ғ. Бас кезі (1900-1917) 6-том. 449-471 б.б



Мазмұны


Кіріспе 3

I. Бернияз Күлеевтің өмір мен шығармашылық жолы 4
II. Ақын лирикаларының тақырыптық-идеялық сипаты 13

III. Ақын поэмаларының ерекшеліктері

41

IV.Ақын поэзиясының шеберлік өрнектері
Қорытынды 50
Қосымша . «Бернияз Күлеев шығармашылығы» атты

арнаулы курстың бағдарламасы 134

Сәбит Жәмбек
Бернияз Күлеев шығармашылығы

Оқу құралы

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің редакциялық-баспа бөлімі

25.05.2009ж баспаға қол қойылды. Көлемі 6,25 б.п. Таралымы 500 дана.

Тапсырыс №76 . Қағаз көшірмелі. Ризография.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің баспаханасында басылған

Отпечатано в типографии Кокшетауского государственного университета им.Ш.Ш.Уалиханова

Мекен жайымыз: Қазақстан, Ақмола обл., Көкшетау қ.,

Абай көшесі, 76, Ш. Уәлиханов атындағы КМУ РБҚ.



e-mail: universi@kokshetau.online.kz





Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет