Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік униврситеті


Бетондағы арматураның анкеровкасы



бет6/22
Дата08.07.2017
өлшемі3,03 Mb.
#20828
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Бетондағы арматураның анкеровкасы деп арматураның шеттерін бетон ішінде немесе сыртында бекітуін айтамыз. Анкеровка сіресу күші арқылы немесе арнайы анкерлі құрылғылармен жүзеге асады.

Кернелмейтін ауыспалы қималы арматураны элементтің бойлық өсіне нормальді қиманың арғы жағына салады. Бұл жерде толық есептік кедергі анкеровка аймағының толық ұзындығымен ескеріледі:



Lan=(ωanRs/Rb+Δλan)d

(1.8)

Мұнда,

Δλanқор коэффициенті;

ωan –СНиП 2.03.01-84* бойынша жұмыс жағдайын ескеретін коэффициент;

Rs – бетонның өстік қысуға кедергісі;

d – сырық диаметрі.

ТБ коррозиясы деп конструкцияның уақыт өтуімен зиянды ортаның әсерінен болатын бұзылуды айтады. Арматура коррозиясы бетон коррозиясымен бірге немесе жеке жүруі мүмкін. Коррозия нәтижесі тот болып саналады, ол арматурадан бөлініп радиалды қысымды жоғарлатады, нәтижесінде бетонның қорғау қабаты ажырап түсіп қалады. Ашылған арматура одан сайын тот басып конструкцияны апатты жағдайға апарады.

Коррозияны болдырмау үшін келесідей шараларды қолданады: қорғау қабатын үлкейтеді және тығыздығын жоғарлатады; сульфатқа төзімді цементті қолданады; полимербетон қолданумен; бетін қаптаумен және сырлаумен.



Бетонның қорғау қабаты. ТБК-да арматураны сыртқы беттен белгілі бір қашықтықта орналастырады, сыртында қорғау қабаты түзілуі үшін.

Қорғау қабатын қабылдаған кезде конструкция түрін және өлшемін еске алады, эксплуатация түрін, арматура диаметрін және мақсатын да еске алады.



  • 100мм аса тақталарда және қабырғаларда, 250мм-ге дейін арқалықтарда 15мм-ден кем болмауы керек;

  • 250мм-ден биік және бағандарда 20мм-ден кем болмауы керек;

  • Арқалық пен бағанның қамыттары және көлденең сырықтары үшін, егер элемент биіктігі 250мм-ден төмен болғанда 10мм-ден кем болмауы керек;

  • Дәл осы 250мм-ден көп болғанда 15мм-ден кем болмауы керек;

Кернелмейтін бойлық арматураның бүйірге дейін арақашықтығы 10-20мм болуы керек. Зиянды ортада 10-20мм-ге ұлғаюы керек.
Бақылау сұрақтары:

  1. Бетонның деформациясының түрлері

  2. Серпімділік және серпімді-пластикалық модульдері

Дәріс 5. Алдын-ала кернеуленген ТБ



Жоспар

  1. Алдын-ала кернеудің мәні.

  2. Алдын-ала кернеудің тәсілдері.

  3. Алдын-ала кернеу жоғалтулары.

  4. Алдын-ала қысу күші.

  5. Келтірілген қима.

  6. Қысу кезінде бетондағы кернеу.

1 Алдын ала кернеу келесі сұлба бойынша жүргізіледі

Сурет 4,3. Алдын ала кернеу жасау сұлбасы

а- арматура дайындау; б- созу; в- тарту құрылғыларын алу; г- бетонның серпімді қысылуы;

2 Алдын ала кернелген элементтер өндірісінде алдын ала кернеуді екі түрмен жасайды: арматураны тірекке бекіту немесе бетонға бекіту.

Арматураны тірекке бекіту тәсілін кішкентай немесе орташа аралықты конструкцияларға қолданады және зауыттарда жасайды. Арматураны бірінші формаға салып, керекті кернеуге дейін созады, кейін сол формаға бетон құйылып керекті беріктікті алғанша тұрады. Содан соң арматураны бекіткен жерден босатады. Бастапқы формасына келу үшін арматура қысылады да бетонмен жақсы тіркескеннің арқасында бетонды да қысады(сурет 4,4).



Сурет 4,4. Арматураны тірекке тарту



Арматураны бетонға тарту көбінесе үлкен аралықты элементтерде қолданады (фермалар, көпірлер). Ол үшін бетонды элементті жасаған кезде ішінде арнайы каналдар қалдырып қояды. Канал диаметрі арматура диаметрінен 5-15мм артық болады, бұл мақсатта жұқа қабырғалы құбырлар қолданылады. Бетон қатқаннан кейін каналдарға арматура кіргізіліп, керекті кернеуге дейін созылады, бекіту жері бетон бүйірі болып табылады. Ең соңында каналдарды цемент қоспасымен қысым арқылы толтырады (сурет 4,5).

Сурет 4,5. Арматураны бетонға тарту

Арматураны созу механикалық, электротермиялық және электротермомеханикалық тәсілдердің көмегімен жүргізеді.

3 Алдын ала кернеудің маңызы конструкцияның кейін жұмысына зор әсерін тигізеді. Неғұрлым көп болса, соғұрлым әсері жақсы болады. Бірақ тым көп тартылған арматураның үзіліп кету қаупі үлкен. Ал егер арматура аз тартылса, уақыт өткеннен кейін әсері мүлдем жоғалады. Алдын ала кернеудің мәнін келесі шектерде қабылдау қажет

σsp+p≤Rsn;   σsp-p≥0,3Rsn

Мұнда,

Р- алдын ала кернеудің мүмкін ақаулығы, механикалық тәсілде 0,05σsp;электротермиялық әдісте30+360/L, МПа (L – сырық ұзындығы, м).

Бастапқы кернеу мәні арматурада тұрақты қалып қалмайды, уақыт өткен сайын материалдардың ерекшеліктеріне және дайындау технологиясына байланысты азайып отырады. Кернеу жоғалтудың екі түрі бар: бірінші, бұйымды дайындаған кезде; екінші, бетонның қысылуынан кейін.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет