Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік униврситеті



бет8/22
Дата08.07.2017
өлшемі3,03 Mb.
#20828
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22

Кезең І – созылған бетонда сызаттар пайда болғанға дейін, бетондағы кернеу арматураның және бетонның уақытша созылуға кедергісінен төмен болғанда.

Бетонда және арматурада жүктеу мәні аз болғанда, деформациялар серпімді болады. Кернеу және деформация тәуелділігі сызықты болады, кернеу эпюралары үшбұрышты болып келеді.



Кезең ІІ - созылған бетонда сызаттар пайда болғаннан кейін, сызат аймағында арматура жұмыс істейді, ал сызат үстінде бетон. Сызат арсындағы аймақта арматура мен бетон бірге жұмыс істейді.

Жүктеу әрі қарай көбейген кезде бетонның қысылған аймағында серпімді емес деформациялар орын алады, нормальді кернеулер эпюрасы қисаяды, ал максималды кернеу ординатасы қима шетінен терең аймаққа ауысады.



Кезең ІІІ – бұзылу кезеңі, элемент жұмысы қысқа уақытты, арматурада кернеу физикалық немесе уақытша ағу шегіне жетеді, аса берікті сымда уақытша кедергісіне, ал бетонның қысылған аймағында қысылудың уақытша кедергісіне жетеді.

Жағдай 1. Бұзылу созылған аймақтағы арматурадан басталады және бетонның қысылған жерінің жаншылуымен аяқталады. Кернеу ағу шегіне дейін апарады, салдарынан сызаттар тез ашыла бастайды да қатты майысу пайда болады. Бетонның қысылған аймағының биіктігі азаяды, қысылған аймақтағы кернеу Rb-ға жетеді, нәтижесінде бетон бұзылады. Деформация пластикалық болады.



Жағдай 2. Созылған арматураның саны артық болғанда элемент морт сынады, өйткені бетонның көтергіштігі кенеттен азаяды. Бірақ арматурадағы кернеу шектік мәніне дейін жетпейді, бұл жағдай аса армирленген элементтерде кездеседі.

ІІІ кезең беріктікке есептегенде қабылданады.

Алдын ала кернелген элементтердің кернеліп-деформацияланған күйлері сызат түзілгеннен кейін жай элементтердің күйіне ұқсас (сурет 5,2).

Сурет 5,2. Кернелген арматурасы бар иілетін элементтің кернелген күйінің сатылары.


Дәріс 6. Иілген ТБ элементтерін нормальді және көлбеу қимасы бойынша есептеу

  1. Иілетін элементтердің түрлері және конструктивтік ерекшеліктері.

  2. Алдын-ала кернелген элементтерді құрастырудағы ерекшеліктер, арқалықтардың шеткі аймақтарын күшейту.

  3. Кернелген арматураны анкерлеу.

  4. Иілетін элементтердің нормальді және көлбеу қимасы бойымен бұзылуының сипаттамасы.

1 ТБК-да иілген элементтердің ең көп таралған түрлері ол тақталар және арқалықтар болып саналады. Арқалық деп ұзындығы l қалған екі өлшемнен b, h –тан көп болып келетін конструкцияны айтады. Тақта деп қалыңдығы h ұзындықтан l және ені b- дан әлде қайда аз конструкцияны айтады.

Тақталардан және арқалықтардан көптеген ТБК-н жасайды, көбінесе жазық аражабын және жамылғылар, құрастырмалы және монолитті немесе құрастырмалы-монолитті (сурет 6,1).



Сурет 6,1. ТБ элементтерден жасалған аражабындар сұлбалары.



ТБ элементтері тікбұрышты, таврлы, қоставрлы және трапециялы қималы болып келеді:

Сурет 6,2. Арқалықтардың көлденең қималары және армирлеу сұлбалары.


Арқалықтардың биіктігі h әртүрлі мәнді болады, негізі аралық үлесінен 1/10, 1/20 бөлігін құрайды. Ал ені (0,3…0.4)h бөлігін құрайды.

Жұмысшы арматураны элементтің созылған аймағында бір немесе екі қатармен құрастырады.

ТБ арқалықтарында иілу моменті мен қатар көлденең күштер пайда болады, сондықтан көлденең арматураларды орналастыру қажеттігі туады. Оның үлесін конструктивті және есеп нәтижесінен қабылдайды.

Бойлық және көлденең арматураны пісірілген немесе байланған қаңқаларда байланыстырады (сурет 6,3).



Сурет 6,3. Арқалықтарды армирлеу сұлбалары.




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет