Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет37/51
Дата26.09.2019
өлшемі8,78 Mb.
#48889
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51
Байланысты:
2 - filosofiya t l alar bejnes nde
Жаттығулар^, Жаттығулар^, Sapy Bakytzhan presentation, 4 chapter appendix, Әңгіме - Кішкентай адам, қызыл, Kairbaeva Malika, Shlataeva Dilyara, Kurakbaev Aibolat, Kaliev Aidar, Vacine, Lab - Exploring Nmap (2), 21-22.07.2022, Эссе ТАРИХ, Final exam instructions 2022 FALL, George B. Thomas Jr., Maurice D. Weir, Joel R. Hass-Thomas\' Calculus Early Transcendentals (13th Edition)-Pearson (www.IraniData.com)

Әдебиет

 

1.  Блауберг И. И. Анри Бергсон. «Прогресс-Традиция», —М: 2003. — 672  

2.  Батыс  философиясының  антологиясы  //Ауд.Қ.Әбішев,  М.Сәбит, 

Ә.Қодар, А.Сағиқызы. «Фонд Сорос-Казахстан», —Алматы: 2002. 288-

289-беттер. 

3.  Мырзалы С. Философия/ Өмір философиясы. А.Бергсон. «Бастау»,  

—Алматы: 2008. 366-бет. 

4.  Бергсон А. Два источника морали и религии. — Москва: 1994 

5.  Бергсон А. Смех. — Москва: 1992. 

6.  Бергсон А. Собрание сочинений, т. 1. — Москва: 1992. 

7.  Бергсон А. Творческая эволюция. — Москва: 2006 

 

 



 

 

 



 

 

        

372 


 

 АРТУР ШОПЕНГАУЭР 

 

( 22 ақпан, 1788ж, Данциг (қазіргі 



Гданьск) – 21 қыркүйек, 1860ж,  

Майндағы-Франкфурт) 

 

          — 



неміс 

философы, 

иррационализм өкілі.     

        Ол 

уағыздаған 

«Өмір 


философиясы»  оның  басты  мақсаты 

болған. 


Философиялық шығармалары: 

    «Әлем  жігер  және  елестету  ретінде» 

(1819),  «Табиғаттағы  жігер  туралы», 

«Афоризмдер  мен  максималар»  және 

т.б.  

           А.Шопенгауэр өзінің «Әлем жігер 



және  елестету  ретінде»  деген  еңбегінде 

дүниені  адамнан,  адамның  еркі  мен 

елесінен  түсіндіруге  ұмтылып,  мүлдем  жаңа  философиялық  жүйе,  дүниеге 

абсолюттік  көзқарас  құруға,  сөйтіп  болмыс  мәселесін  шешуге,  оның  құпия 

сырын  ашуға  талпынған.  Оның  ілімі  философиялық  волюнтаризмге,  яғни 

дүниенің  мәні  көзсіз  ерік  дейтінге  саятын  пессимистік  көзқарас  болып 

табылады.  Сонымен  бірге  оның  философиясында  XIX  -  ғасырдың  екінші 

жартысында қалыптасқан иррационалистік философияның бастамалары бар. 



Философиялық көзқарастары: 

          А.Шопенгауэрдің  пікірінше,  ерік,  яғни  адамның  нәпсісі,  делебесінің 

қозуы,  қобалжауы,  әрекеттік  процесстер  –  ерекше,  барынша  дербес, 

адамдардың  саналы  іс-әрекетін  басқаратын  күш.  Оның    пікірінше,  ақыл- 

жалған  тұрлаусыз  құбылыс.  Ол  саналылықты  жан-жақты  сынап,  оны  жоққа 

шығарды. Оның орнына ол ерікті, қара күшті алға тартты. А.Шопенгауэрдің 

пікірінше, біріншіден, ерік санадан тыс, оған бағынбайды, тек адам зауқына  

тән,  себепсіз,  негізсіз  құбылыс.  Екіншіден,  ерік  –  дүние  құрылымы  сияқты, 

түсініп, танып  ұмтылыс. Дүниенің өзі де – «ерік пен елес». Ерік органикалық 

емес  өмірде  де,  органикалық  өмірде  де  бар.  А.Шопенгауэрше,  тау-таста, 

өсімдік, ағаш, жануарлар - бәрінде де ерік бар, оларды билейтін сол.  

        Шопенгауэрдің  пікірінше,  таным  процесі  кезіндегі  философтардың 

қарастырып  жүргені  шын  мәніндегі  денелер  емес,  тек  субьектімен 

байланыстағы  обьект  немесе  елестету  ғана.  Елестетуден  басқа,  одан да  гөрі 

ауқымдырақ  құбылыстардың  бар  екенін  зерттей  келе,  таным  субьектісі,  яки 

жеке  адам  өз  басының  тәжірибиесі  негізінде  жігерді  өзінің  ішкі  мәні  деп 

таниды.  Жігер  –  әр  уақытта  рухани  акт.  Жігер  кейбір  құндылықтарды 

қалыптастырады,  ал  оларды  құндылық  ретінде  мойындағаннан  кейін,  өзі 

соған ұмтылады. Жігердің өзі екі түрлі мәннен тұрады: біріншіден, елестету 

ретінде немесе обьективтендірілген жігер, екіншіден, әркімге белгілі саналы 



        

373 


 

жігер,  яки  дененің  өзіндік  болмысы.  Басқаша  айтқанда,  әмбебаптық  жалпы 

жігер  обьективті  тұрғыда  –  табиғат  және  адам  денесі  ретінде  бейнеленсе, 

субьективті  тұрғыда  –  саналы  жігер  ретінде  көрінеді.  Жігер  тек  адамдарға 

ғана  емес,  жалпы  табиғатқа  тән  құбылыс,  сондықтан  ол  барлық 

құбылыстардың  ішкі  мәні.  Мысалы,  өсімдіктің  өсуін  жетелеуші  күш  те, 

заттарды  кристалдандыратын  күш  те,  магнит  күші  де,  барлық  материалдық 

денелерге  тән  салмақтылықтың  арқасында  оларды  жерге  тартатын  күш  те 

жігерге  жатады.  Жігер  өзіндік  зат  ретінде  кеңістіктен  де,  уақыттан  да, 

себептіліктен де тыс жатыр. Жігер себепсіз болғандықтан, оны танып-білуге 

болмайды. Бірақ ол обьект ретінде танымда елестетілетіндіктен, кеңістік пен 

уақытта  индивидуациялық  қағида  да  (әмбебаптық  жалпылықты  жігердің 

жеке  және  ерекшеленген  денелерге  бөлгеннен  кейінгі  олардың  өмір  сүруі) 

бағынады  және  соның  арқасында  өмірлік  жігерге  айналады.  Өмірлік  жігер 

рухани  акт  болғандықтан,  әр  уақытта  жігер  еркіндігі  немесе  өзіндік 

себептерді  (мотив)  таңдау  мүмкіндігі  ретінде  көрінеді.  Осы  қасиеттердің 

арқасында адамдар өз еркімен өз мүддесіне қарсы келетін, керек болса, өзін-

өзі  құртатын  өзіндік  себептерді  таңдап  алуы  мүмкін.  Мұндай  қарама-

қайшылық  индивидуациялық  қағидадан  туындайды.  Индувидуацияға 

байланысты  қалыптасқан  жаңа  жағдайды  түсінгенде,  адамда  әділеттілік  пен 

жанашырлық қасиеттер пайда болады. Ал жанашырлық – әдептіліктің негізі. 

Жанашырлық тек адамға ғана емес, сонымен бірге жануарларға да тән.  

          Ал  индувидуацияның  салдары  өмір  қасіреттеріне  әкелсе,  онда  одан 

құтылудың  жолы  біреу-ақ,  ол  –  өмірге  құштар  жігерді  құртып, 

индивидуациялық қағидадан құтылу. Жігер өз алдына жете алатындай мақсат 

қоймайды  және  түпкілікті  қанағаттанарлыққа,  бақытқа  жетуге  қабілетсіз, 

сондықтан ол ылғи да ұмтылыста болуы керек, себебі ұмтылыс оның жалғыз 

мәні  ғана.  Кеңістік  пен  уақыт  арқылы  белгіленген  обьектілерді  себептілік 

қағидасын  басшылыққа  алған  ғылымдар  қарастырады.  Ал  өнер 

данышпандары  өздерінің  фантазия  күшінің  арқасында  мәңгілік  идеяларды 

танып-біліп,  оны  поэзияда,  бейнелеу  өнерінде,  музыкада  көрсете  алады.  Ал 

музыканың рөлі қалған өнер түрлерінен ерекше бөлек, себебі онда тек идея 

ғана  бейнеленбейді,  сонымен  қатар  ол  әлемдік  жігердің  бізде  тікелей 

обьективтендірілуі болып табылады.  

 

Әдебиет: 

 

1.  Артур  Шопенгауэр.  Философ  германского  эллинизма.  /Пер.  с  англ. 

О.Б.Мазуриной. ЗАО Центрполиграф, -Москва: 2003 

2.  Алтай  Ж.,  Қасабек  А.,  Мұхамбетәлі  К.  Философия  тарихы  /20-

ғасырдағы философия, «Раритет», -Алматы: 2006. 150-151-беттер. 

3.  Батыс  философиясының  антологиясы  //Ауд.-Қ.Әбішев,  М.Сәбит, 

Ә.Қодар, А.Сағиқызы. «Фонд Сорос-Казахстан», -Алматы: 2002. 215-б 

4.  Фишер К. Артур Шопенгауэр. «Лань», -СПб: 1999. — 608 с.  

5.  Философия XIX века. Персоналии. Часть I. УП /Под ред. Соколова Б. Г. 

–СПб: 2007.  


        

374 


 

ФРИДРИХ ВИЛЬГЕЛЬМ НИЦШЕ 

 

(15 қазан, 1844ж, Рёккен, Пруссия – 



 25 тамыз, 1900ж, Веймар, Германия) 

 

       — 



неміс 

ойшылы, 


өзіндік 

философиялық 

ілімді 

(өмір 


философиясын) 

құрушы. 


«Билікке 

ұмтылған  жігер»  деген  концепцияны 

құрушы.  

Философиялық шығармалары: 

     «Уақытылы 

емес 

ой-толғамдар», 



«Тарихтың  өмір  үшін  пайдасы  мен 

зияны»,  «Адами,  тым  адами»,  «Көңілді 

білік»,  «Ізгілік  пен  зұлымдықтың  ту 

сыртында», 

«Ар-ұждан 

шежіресіне 

байланысты»,  «Антихрист»,  «Музыка 

рухынан 


трагедияның 

туындауы», 

«Заратуштра  осылай  деген»,  «Билікке 

ұмтылған жігер», «Жақсылық пен жамандық сыры» және т.б. 



Философиялық көзқарастары: 

            Ницшенің  пікірінше,  өркениет  (цивилизация)  пен  мәдениетте 

құлдырау процесі басталды. Бұған кінәлі тек буржуазиялық қоғам ғана емес, 

жалпы  қоғамтану  ілімінің  қоғамда  болып  жатқан  құбылыстарды  дұрыс 

түсіндіре  алмауы  –  басты  себептердің  бірі.  Осы  тұрғыда,  Ницше  өз 

концепциясының негізі етіп, Дарвиннің «Өмір дегеніміз – күрес» заңын алды. 

Бұл  идеяны  әрі  қарай  дамыта  отырып,  Ницше:  «Өмір  дегеніміз  –  күрес 

арқылы  билікке  ұмтылу»  деген  тұжырым  жасады.  Осы  концепция  негізінде 

ол  жоғарғы  дәрежедегі  биологиялық  тип  –  «аса  күшті  адам»  идеалын 

қалыптастыру  керектігін  дәлелдеуге  тырысты.  Оның  ойынша,  өмірдің 

қиыншылықтарына,  тоқпақтарына  қарсы  тұра  алатындай  «аса  күшті 

адамдар»  басқалардың  тәрбиесімен  немесе  өзін-өзі  тәрбиелеу  арқылы  емес, 

өзінде  туғаннан  бар  өмірлік  күштің  арқасында  қалыптасады.  Тек  осындай 

«аса  күшті  адамдар»  ғана  өмір  сүруге  немесе  билікке  ұмтылуға  құқықты, 

сондықтан олар өздерінің жігерін тежейтін қоғамда қалыптасқан моральдық 

өлшемдерді  мойындамай,  жақсылықтан  да,  жамандықтан  да  аулақ  жүреді. 

Егер  олар  қарапайым  адамдардан  ерекшеленгісі  келсе,  өздерінің 

жалқаулықтарынан  арылып,  ар-ождандарының  дауысын  тыңдап,  өзімен–өзі 

болуы  керек,  әйтпесе,  манекенге  айналып,  жұрттың  ойлағанындай  ойлап, 

солардың  істегенін  істейді.  Оларды  тобырлардан  (қарапайым  адамдардан) 

ерекшелендіретін  қасиеттер  –  алғырлық,  жан-жақты  дамыған  әдемілік  және 

билікке  ұмтылдыратын  өмірлік  күш  пен  жоғары  дәрежелі  жігер.  Билікке 

жету,  өз  мақсат-мүдделерін  жүзеге  асыру  үшін,  олар  қоғамдағы  кездесетін 

алдамшылыққа,  қиыншылыққа,  өзіне  бағытталған  қастандыққа  қарсы 

қажымас  күрес  жүргізулері  керек.  Осы  тұрғыдан  Ницше  «құлдық  мораль» 


        

375 


 

негізінде  қалыптасқан  дінді  де,  «жалған»  моральді  уағыздайтын 

буржуазияны да, барлық игілікті және құндылықтарды құртатын тобырды да 

сынға  алып,  жалпы  адамзаттың  мақсаты  қоғамның  ұлы  адамдары  –  «аса 

күшті  адамдарды»  дүниеге  келтіру  болып  табылатыны  жайлы  тұжырым 

жасайды.  Ницшенің  «аса  күшті  адам»  туралы  ілімінің  философиялық  негізі 

төмендегідей идеяларға саяды. Барлық өмір сүретін денелер мен құбылыстар, 

соның  ішінде  адам  танымы  да,  билікке  ұмтылған  жігердің  түрлері  ғана. 

Абсолюттік  болмыс  жоқ.  Болмыс  дегеніміз  –  бұрын  болған,  сансыз 

қайталанған құбылыстардың «мәңгілік айналымда» болып, қалыптасуы. Осы 

тұрғыдан Ницше Гегельдің абсолюттік идеясын, таза ақыл-ойын сынға алып, 

адамның иррационалдық қасиеттеріне зор көңіл бөледі. Олар – инстинкт пен 

жігер.  Себебі,  ол  –  әрі  әмбебап  жалпылық,  абсолют,  әрі  барлық  денелердің 

түпнегізі.  Демек,  материалдық  денелердің  өмір  сүруі  осы  түпнегіз  бен 

абсолют жігерінің арқасы. 

            Мәселен,  Ф.Ницшенің  пікірінше,  дүние  заңсыз  құбылыс,  тобыр.  Оны 

тәртіпке  келтіру,  реттеу,  жобалау,  бағдарлау  мүмкін  емес.  Шымшытырық 

дүниені  уақытша  бастайтын  «шектен  тыс  жоғары  адам»,  жол  сілтейтін  де 

сол.  Ондай  адамдар  мағынасыз,  мақсатсыз,  бір  орында  айналсоқтап,  ақыр-

соңында сөніп, бататын дүниені сақтап, оған рухани дем береді. Тек шектен 

тыс,  құдіретті  адам  ғана  дүниені  жаңғыртып,  оның  құндылығын  белгілеп, 

бүтіндей  бір  кезеңге  мән  беріп,  билікке  жету  еркін  жүзеге  асырады.  Ондай 

адамға жәй қарапайым адам - «кесіп, әрлейтін ұстасын күтіп тұрған жәй тас, 

түрсіз  материал  ғана.  Тарихты  жасайтын  да  «шектен  тыс  жоғары  адам».        

Сондықтан  да  оны  үшінші  Рейх  басшылары,  әсіресе  Гитлер  мемлекеттік 

идеология  дәрежесіне  көтерді,  ол  Ницшенің  ілімін  өзінің  іс-әрекеттерінің 

теориялық  негізі  деп  есептеді.  Оның  идеялары  кейінгі  кездегі  саяси  ойлар 

мен практикаға да үлкен әсерін тигізді.  



Философиялық афоризмдері: 

  Неғұрлым өзіңді ұмыта алсаң, соғұрлым көбірек іс тындырасың. 

  Ештеңесін  көлегейлей  білмейтіндерді  жек  көремін:  жалаңаштанудан 

қорқуға осы да жеткілікті. 

  Дәм-тұзы жараспаған жұбайлардан асқан кекшілді көргенім жоқ. 

  Болашақты ақтап, өткенді қорғаушылар – бүгіннің қолынан мерт болғысы 

келетіндер. 

  Арамдық жара тәрізді: қышытады, қысады немесе сыртқа жарып шығады, 

әйтеуір, ақ сөйлейді. 

  Өзіне-өзі сенбейтіндер өтірікке құмар келеді. 

  Біз жақсылықты қолпаштап жүріп, жамандыққа да жол ашып беретінімізді 

ескере бермейміз. 

  Данышпандардың  жолы  даңғыл  болмайды,  өйткені  оларға  өз  заманымен 

қайшылықта жүріп, өз заманымен күресуге жазған. 

  Басшының  ақылсыз  екенін  білсең  де,  оны  құрметтеп,  аяғына  жығылу 

керек.  Ізеттілік  соны  талап  етеді.  Билік  біткен  қамыт  аяқпен  қисаңдап 

жүргеніңді қалайтын болса не істейсің енді? 


        

376 


 

  Адамды  ақыл  билейтін  кезден  гөрі  кездейсоқтық  билейтін  кез  әлдеқайда 

жиірек кездеседі. 

  Үлкен жеңіс – үлкен қатер де. 

 

Әдебиет: 

 

1.  Марков 

Б.В. Человек, 

государство 

и 

Бог 

в 

философии 

Ницше. «Владимир Даль: Русский остров», -СПб: 2005. — 786 с.  

2.  Батыс  философиясы.  /«Мәдени  мұра»,ОҚ.  «Жазушы»,  -Алматы: 2009 

235-236 беттер 

3.  Батыс  философиясының  антологиясы  //Ауд.Қ.Әбішев,  М.Сәбит, 

Ә.Қодар, А.Сағиқызы. «Фонд Сорос-Казахстан», -Алматы: 2002.  

4.  Алтай  Ж.,  Қасабек  А.,  Мұхамбетәлі  К.  Философия  тарихы/  XX--

ғасырдағы философия, «Раритет», -Алматы: 2006. 151-153 беттер. 

5.

 

Ницше  Ф. Полное  собрание  сочинений:  В  13-томах/  Пер.  с  нем. 

В.М.Бакусева;  Ред.  совет:  А.А.Гусейнов  и  др.;  Ин-т  философии 

РАН. «Культурная революция», -Москва: 2005.

 

6.  Ницше Ф. Полное собрание сочинений: В 13-томах: Т. 12: Черновики и 

наброски, 1885—1887 гг. «Культурная революция», -М: 2005. — 556 с.  

7.  Бугера  В.Е.  Социальная  сущность  и  роль  философии  Ницше. 

«КомКнига», -Москва: 2010.  

8.  Нордау  В.  Фридрих  Ницще//  Вырождение. «Республика»,  -Москва: 

1995.— 400  

9.   


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



        

377 


 

СЕРЕН ОБЮ КЬЕРКЕГОР 

 

(5 мамыр, 1813ж, Копенгаген 

–11 қараша, 1855ж) 

 

       —  дат    философы,  протестанттық 



теолог  және  жазушы.    Иррационализм 

өкілі.  Экзистенциализм  және  қазіргі 

заманғы 

философиялық 

антропологияның 

негізін 


қалаушылардың бірі. 

                   Кьеркегор 

1840 

жылы 


Копенгаген 

университетінің 

теологиялық  факультетін  тамамдаған. 

Көне 


грек 

авторлары 

мен 

романтиктерінің  елес-ирониялар  жайлы 



тұжырымдамаларына  арналған  «Елестер 

түсінігі  туралы»/  «О  понятии  иронии» 

атты 

тақырыпта 



диссертациялық 

жұмысын қорғап, 1841 жылы ол магистр дәрежесін алды. 

                Жалпыға бірдей нәрсе, шартсыз нәрсе, қажетті нәрсе деген көптеген 

абсолютті  жоғарғы  құндылықтар  ретінде  дәріптеген  және  бүкіл  кездейсоқ, 

жекелік  күмәнді  нәрседен  қашатын  классикалық  философия  Кьеркегорды 

ашығын  айтатын,  батыл  әрі  қайсар  қарсылас  ретінде  таныған.  Ойшылдың 

даралығын, жанының да, тәнінің де жағдайын ескеретін, күмәннің, түңілудің, 

қуаныштың  ерекше  кеңістігінде  болатын  философияның  басқа  түрінің  де 

болуы  мүмкін  екен.  Кьеркегордың  философиясы  –  даралықтың  көрінісі,  ол 

өзінің  барлық  туындыларында  тарығып,  күмәнданып,  өзін  біресе  ақтап, 

біресе  жазалап  толғаған  махаббатының,  айттыру  мен  ажыраудың 

трагедиялық тарихы. 

                 Кьеркегор  бейклассикалық  философияның  болашағын  аша  түседі: 

адамды тек санаға, адам ұғымына келтіруден бас тарту, адам реалдылығының 

бірегейлігін 

табуға 


ұмтылу, 

адами 


болмыстың, 

экзистенцияның 

динамикасының  ырғағына  ену,  экзистенция  тәжірибиесін  жеткізудің 

классикаға  беймәлім  әдістерін  табу.  «Экзистенциялық  оқиға  дегеніміз 

құмарлық,  ол  құпияға  толы,  сондықтан  ол  хабарлауға  келмейді  .....  ол 

коммуникативті жұпқа: хабарды алушы мен құмарлықты бастан кешіретінге 

жіктеуге  келмейді».  Басқаша  айтқанда,  экзистенциалды  мағынаны  жеткізу 

мынадай шарт орындалса ғана жүзеге асуы мүмкін, яғни ол үшін құмарлық 

туралы естіген адам, оны өз басынан кешу керек және бұл «жанама қарым-

қатынастың» ерекше тәсілдерімен жүзеге ашады. 



Басты философиялық идеялары: 

          Философияның дамуына ықпалы болған Кьеркегордың басты идеялары 

мыналар: сананың шеңберінде қалмай, тірі өмірге, болмысқа, экзистенцияға 

қарай  бару,  сана  мен  ұғымды  емес,  болмыс  пен  экзистенцияны;  адамның 



        

378 


 

таңдау  әрекетін  жасау  қабілетін,  оның  рухқа  қатыстылығының  шүбәсіз 

дәлелін, оның бірдей еместігін, барабар еместігін, өзіне өзі сәйкес келмеуін; 

сенімді адамның ең асқақ міндеті мен мақсаты ретінде мойындау. 

         Қазіргі 

барлық  философиялық  бағыттар  қарапайым  даниялық 

жазушының  сиқырлы  қаламының  ықпалына  түскен,  өйткені  адам  мен  оны 

экзистенциялау  тақырыбы  –  болмыстың  мәнсіздігін  шырқау  шегіне 

жеткізген,  мағынасын  жоғалтқан,  тұлғаның  даралығын  ұрлаған,  абсолютті 

сағындырған ғасыр үшін аса маңызды еді. 



Философиялық шығармалары: 

«О  понятии  иронии»  (1841),  «Немесе-немесе»  (1843),  «Қорқыныш  пен 

қалшыл»  (1843),  «Повторение»  (1843),  «Философские  крохи»  (1844), 

«Қорқыныш  ұғымы»  (1844),  «Стадии  на  жизненном  пути»  (1845), 

«Заключительное  ненаучное  послесловие»  (1846),  «Назидательные  речи  в 

различном духе» (1847), «Дело любви» (1847), «Христианские речи» (1848), 

«Өлімге бастайтын ауру» (1849), «Введение в христианство» (1850) және т.б.  

         «Қорқыныш пен қалшыл» деген еңбегінде С.Кьеркегор христиан дінінің 

негіздеріне  сүйене  отырып,  қорқыныш,  мазасыздану,  үрей  сияқты  теріс, 

негативті,  психикалық  күйлерді  діни  сеніммен  байланыстырып,  адамның 

еркіндігі,  моральдық  таңдауы  мен  талғауы  мәселелерін  нақтылы  мысал 

жүзінде,  атап  айтқанда,  Авраамның  баласы  Исаакты  құрбандыққа  қиюы 

жөніндегі  аңызға  сай  қойып  қарастырады.  Сенімді  «парадоксалдық» 

тылсымдық  қасиет,  керемет  деп,  Авраамды  «сенімнің  серісі»  ретінде 

суреттейді.  Ол,  бір  жағынан,  баласы  Исаакты  жанындай  жақсы  көреді,  оны 

өлімге қимайды, жоғалтып аламын ба деп қорқады; екінші жағынан, Құдайға 

деген абсолюттік сенімі , оған деген сөзсіз махаббаты баласын құрбандыққа 

шалуға  жетелейді.  Міне  осы  қорқыныш  пен  үрей  билеген  жағдайдағы 

Авраамның  психикалық  жай-күйі,  оның  сенімі  мен  үміті,  қуанышы  мен 

қайғысы,  жан  дүниесінің  күйзелісі  мен  құлазуы,  сенімнің  тылсым  қимылы 

айрықша суреттеледі. 

Философиялық афоризмі: 

  Адамдар өздеріне тән еркіндікті пайдаланып жарытпаса да, өздерінде жоқ 

бостандықты  талап  етуге  әзір  тұрады.  Оларға  жақыны  –  ойлау 

бостандығы, ал қажеті – ойды сыртқа шығару бостандығы. 

 

Әдебиет: 

 

1.  Батыс философиясы. /«Мәдени мұра», ОҚ. «Жазушы»,-А: 2009. 220б 

2.  Шестов Л.И. Киркегард и экзистенциальная философия. — М: 1992. 

3.  Гайденко 

П.П.  Трагедия  эстетизма.  Опыт  характеристики 

миросозерцания С.Киркегора. — Москва: 1970. 

4.  Быховский Б. Э. Кьеркегор. (1813—1855). «Мысль», -М: 1972. — 240 с.  

5.  Исаев С. А. Теология смерти. — Москва: 1991. 

6.  Мир Кьеркегора. Сб. статей. — Москва: 1994. 

 


        

379 


 

 

 ОСВАЛЬД АРНОЛЬД ГОТТФРИД 

ШПЕНГЛЕР 

 

(29 мамыр 1880ж., Бланкенбург, Германия  

– 8 мамыр 1936ж., Мюнхен, Германия) 

 

          — 



неміс 

философы, 

өмір 

философиясының  өкілі,  қазіргі  мәдениет 



философиясының  негізін  қалаушылардың 

бірі.  


Философиялық көзқарастары: 

            Ол 

мәдениетті 

біртұтас 

жалпыадамзаттық 

деп 


емес, 

жеке 


мәдениеттерге 

бөліп 


қарастырған 

(мысырлық, 

үнділік, 

вавилондық, 

қытайлық, «аполлондық» (гректік-римдік), 

«магиялық» 

(византиялық-арабтық), 

«фаустық»  (батысевропалық)  және  майя 

мәдениеті;  орыс-сібір  мәдениетінің  тууы  күтіледі).  Олардың  дамуы  белгілі 

бір  биологиялық  ырғаққа  бағынады:  олардың  дамуының  негізгі  фазалары: 

туу және балалық шақ; жастық шақ және жетілу; кәрілік және «құлдырау».  

Философиялық  шығармалары: 

«Европаның  күйреуі»  (1918-1922),  «Торығу»  (Писсимизм)  (1921),  «Адам 

және техника» (1931), «Пруссачество и социализм» және т.б. 

Философиялық афоризмдері: 

  Адалдық  танытып,  ежелгі  ойшылдарды  сөзінен  ұстап  көрейікші:  егер 

өз  қажетімізге  жарата  алмасақ  Гераклиттің,  Демокриттің,  Платонның 

бірде-бір сөзі біз үшін ақиқат бола алмайды. 

  Ежелгі  дәуірлерде  көрегендердің  рөлін  әйелдер  ойнағаны  –  олардың 

бойында  болашақ  болжап  білер  қасиеттің  артық  болғанымен  емес, 

мәселе – олардың өздері сол болашаққа айналғанында. 

  Жадағай адамның аузынан шыққан жақсы сөздің өзі құнға тұрмайды. 

  Алғашқы адамдар үшін «уақыт» деген – мүлдем мән-мағынасыз сөз. 

  Нағыз  ойшыл  үшін  толық  дұрыс  немесе  толық  теріс  көзқарас  деген 

болмайды. 

  Басқа адамдар үшін басқа ақиқаттар бар. Ойшыл үшін олардың бәрінде 

мағына бір немесе ешқайсысында да мағына жоқ. 

  Теоретиктердің  ең  үлкен  қатесі  –  олар  өздерінің  орны  ұлы  оқиғалар 

керуенінің ішінде емес, оқшау тұрған биік шың басында деп ойлайды. 

  Бала тілі шықпай жатып-ақ сөйлей бастайды. 

  Біз тірі организмнің қиындықтан құтылу, жеңіске жету, жоққа шығару 

және, тіпті, тіршілікті жою кездеріндегі күйін –дін деп атаймыз. 

  Римдіктер тіпті де әлемді жаулап алған емес: олар тек кез-келген үшін 

дайын олжа күйінде жатқанға ие бола кетті. 



        

380 


 

  Тілден  оқ  бойы  озық  тұрған  ең  таза  рәміз  –  кешқұрым  өз  үйінің 

алдында шүйіркелесіп отырған шаруа қарттар жұбы. 

  Өлі  формаларды  түсіну  құралы  –  математика  заңдары.  Тірі 

формалардың есін жиғызатын құрал –салыстыру. 

  Теоретиктер ойлап шығарған мемлекет қана әлдебір жүйе құрайды. 

  Сөз  тілінде  өтірік  айтушы  адам  –  онысын,  оған  өзі  мән  бермесе  де, 

ишарат тілінде де сездіріп қояды. 

  Дәлелдеуді үйренген адам – енді ештеңеден де қорықпайды. 

  Тағдыр  идеясы  ғылыми  тәжірибие  емес,  өмірлік  тәжірибиені  қажет 

етеді, ақылды теңдікті қажет етеді. 

  Барлық  нәсілдердің  зиялы  жүздері  бір-біріне  ұқсас  келеді:  оларда 

нәсілдің өзі кейінгі қатарға шығып қалады.  

  Ақыл  ойлап    шығарған  әрбір  жаңа  ақиқат  –  ескі,  бұрынғы  бар  нәрсе 

туралы сыни пікірден басқа ештеңе де емес. 

  Әр  тіршілік  иесі  басқа  тіршілік  иесі  мен  оның  тағдырын  өзімен,  өз 

тағдырымен салыстырмалы түрде ғана қабылдайды. 

  Мәдениет адамдары – түйсіксіз, дерекке сүйенетін адамдар – түйсікпен 

өмір сүреді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет