Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі м. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік



бет14/36
Дата14.05.2023
өлшемі0,81 Mb.
#176705
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû ?ûëûì æ?íå á³ë³ì ìèíèñòðë³ã³
Электрондық микроскопия құрылғысы емтихан сұрақтары 90 (копия), 9 сынып олимпияда — копия, лекция 9
мотивациялық компонент (студенттердің қазақстандық патриотизм құндылықтарына қатынасын бейнелейді; кәсіптік-патриоттық бағыттағы білімдерге болған қатынасын белгілейді; өзіндік өмірге қатынасы бойынша белсенді авторлық позициясын анықтайды);

  • когнитивтік компонент (студенттің азаматтық, патриоттық-кәсіптік және субъектілік мазмұндағы білімдерін анықтайды);

  • мінездік компонент (сана мен мінездің бірлігін құрастырушы, студенттерде жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие процесінде мақсатқа бағытты түрде патриотизм сезімдерін қалыптастырудың нәтижесі ретінде).

    Зерттеу барысында жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды патриотизмге тәрбиелеу мәселелері бойынша ғылыми әдебиеттерді [99; 100; 101; 112; 118; 119; 120; 122; 134] талдау, бізге бұл саладағы жұмыстың негізгі үш бағытын ажыратып көрсетуге мүмкіндік береді.

    • азаматтық;

    • кәсіптік;

    • субъектік.

    А.К. Калимодаеваның [100] диссертациялық жұмысында бұл компоненттер болашақ мамандарды патриотизмге тәрбиелеудің моделін жасаудың негізіне алынған. Моделде бұл аспектілірді ажыратып көрсету рәміздік сипатқа ие. Жалпы атап өтілген компоненттердің бірлігі және өзара қатынасы болашақ мамандардың кәсіптік және өз Отанының шынайлы маманы – патриоты болып қалыптасуына мүмкіндік жасайды.
    Студенттердің патриоттық сезімдері жоғары деңгейде қалыптасқандығына патриотизмнің ажыратып көрсетілген барлық белгілерінің болуымен ерекшеленеді.
    Оқыту процесінде студенттердің патриоттық сезімдерінің қалыптасқандық критерийлеріне, белгілері және көрсеткіштеріне тоқтап өтеміз.
    Мотивациялық копмоненттың критерийлері ретінде қазақстандық патриотизм құндылықтарына жағымды қатынас кәсіптік – патриоттық мазмұндағы бөлімдерге жағымды қатынастар, азаматтық позицияға оң қатынастар таңдалынып, оған мынандай көрсеткіштер тиісті:

    • Қазақстанның өркендеуін, гүлденуін қалау, оны міндет, өмірлік қажеттілік ретінде сезіну;

    • Отанға қызмет ету, оның дамуына үлес қосуды өзіндік борышы ретінде қабылдау;

    • Өз Отаны – Қазақстан Республикасына махаббат және садықтық;

    • Отанның тарихын қастерлеу, қазақ халқының тілі, мәдениеті, салт-дәстүрлерін құрметтеу және оларды меңгеруге ұмтылыс;

    • Отандық тағдырына, оның қауыпсыздығына жауапкершілік сезімі;

    • Болашақ мамандығын, кәсіптік білімдерді, іскерлік пен дағдыларды ігерудегі қалау, ұмтылыс, оларды Қазақстан Республикасының дамуы мақсаттарына жұмсауға қажеттіліктің сезінуі;

    • Қоғам өмірінде белсенді субъектілік позицияға ие болуды қалау және оған қажеттілік.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет