Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі м. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік



бет4/36
Дата14.05.2023
өлшемі0,81 Mb.
#176705
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû ?ûëûì æ?íå á³ë³ì ìèíèñòðë³ã³
Электрондық микроскопия құрылғысы емтихан сұрақтары 90 (копия), 9 сынып олимпияда — копия, лекция 9
Зерттеудің жетекші идеясы – жоғары оқу орындарында
студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеуге мақсатты түрде бағытталған
оқу процесі болашақ мамандардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру -
ға негіз болады.
Зерттеу жұмысымыздың әдіснамалық және теориялық негізіне жеке тұлға түралы теория; таным теориясы; жеке тұлғалық іс - әрекет теориясы; тәрбиелеуші оқытудың тұжырымдамалық негіздері; оқушы – жастарды тәрбиелеудің тұжырымдамалық ережелері; отансүйгіштікке тәрбиелеудің мәнін анықтайтын философиялық, психологиялық, педагогикалық тұжырымдамалар жатады.
Зерттеудің дерек көздері: философтар, педагогтар, психологтар т. б. зерттеу мәселесі бойынша жарық көрген еңбектері; әр дәуірде өмір сүрген ойшыл – ғұламалардың, педагогика классиктерінің отансүйгіштікке тәрбиелеу туралы ой- пікірлері; жоғары оқу орындарында студент - жастарды тәрбиелеу мәселелері құрастырылатын директивті және нормативтік құжжаттар және ережелер; жоғары оқу орындарының оқу бағдарамалары, оқу - әдістемелік құралдар, тәрбие жоспарлары; студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеу бойынша озат педагогикалық тәжірибе.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық ,арнаулы әдебиеттерге теориялық талдау жасау; жоғары оқу орындарының озат тәжірибесін жинақтау, талдау жасау және қорыту; зерттеу бойынша арнаулы сауал – сұрақ, әңгіме,
диогностикалық байқау жүргізу; жоғары оқу орындары құжаттарын
қарау және талдау; эксперименттік – тәжірибе жұмысы; зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық талдау әдістері.
Зерттеу жүргізілетін тірек оқу орындары. М. О. Әуезов атындағы
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетинің Педагогикалық мәдениет және өнер институты, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы болды.
Зерттеу кезеңдері. Зерттеу үш кезеңде , жүйелі түрде бірізіділікпен жүргізіледі .
Бірінші кезеңде ( 2005-2006 ж. бірінші жартысы) – отансүйгіштікке тәрбиелеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми - әдістемелік әдебиеттерге жоғары оқу орындарының құжаттарын, бағдарламалары мен пән оқулықтарына сараптама жүргізіліп, жұмыстың ғылыми – теориялық негіздері жасалынды. Жоғары оқу орындары оқыту процесінің студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері ашылды.
Екінші кезеңде (2006 ж. екінші жартысы – 2007 ж. басы) – оқу процесінде студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталды . Болашақ мамандарда отансүйгіштік сеземдерін қалыптастырудың әдістемесі жасалынып эксперименттік – тәжірибелік жұмыстары барысында тексеріледі.
Үшінші кезеңде ( 2007 ж. бірінші жартысында) – зерттеу жұмысының нәтижелілігі тексеріледі, тұжырымдар мен ғылыми - әдістемелік ұсыныстар дайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет