Қазақстан республикасы ғылым және жоғары мектеп министрлігі abai University силлабус


Жоғары мектеп педагогикасы пәннің негізгі міндеті



бет2/4
Дата09.11.2022
өлшемі27,02 Kb.
#157387
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
1 Силлабус Жоғары мектеп педагогикасы Оракова А.Ш.
17.11.11
Жоғары мектеп педагогикасы пәннің негізгі міндеті:
- әлемдік білім беру кеңістігін және Болон процесін білім беруді дамытудың қазіргі заманғы стратегиясы ретінде сипаттау;
-ТПП теориясы тұрғысынан оқу-тәрбие жағдайларын талдау және бағалау (жағдаяттарды тұтас, жүйелі талдау);
- заңдарына, заңдылықтарына және принциптеріне сәйкес ТПП жобалай алу;
- әр түрлі стратегиялар мен оқыту әдістерін пайдалана отырып, дәріс, семинар, практикалық, зертханалық сабақтарын жобалау;
- оқыту мен тәрбиелеудің стратегиялары мен әдістерін, технологияларын мақсаттарға барабар қолдану;
- білім берудің өзекті мәселелері бойынша зерттеу жобаларын әзірлеу және нәтижелерді презентациялар, мақалалар және т. б. түрінде ұсыну;
- университеттерді басқарудың әртүрлі тәсілдерін білу;
- менеджменттің заманауи тәсілдері негізінде құрылымды, сапаны жетілдіруге бағытталған білім беру ұйымдарының іс-әрекеттерін бағалай және басқара алу сияқты пәндік құзыреттіліктермен қатар БББ оқыту нәтижелерін (ОН) қалыптастыру болып табылады.


4.Курстың академиялық саясаты:
Академиялық тәртіп ережелері:
• Әрбір аудиториялық сабаққа төменде келтірілген кестеге сәйкес алдын ала дайындалуыңыз керек. Тапсырманы дайындау тақырыбы талқыланатын аудиториялық сабаққа дейін аяқталуы тиіс.
• Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы үлестіріледі.
• Үй тапсырмаларының көпшілігі бірнеше сұрақтардан тұрады; сізге әр тапсырманы мұқият орындау қажет болады
Тапсырмаларды орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда орындалған тапсырмадан айыппұл балдарын шегеру есебімен бағаланады.
Сабаққа міндетті түрде қатысу керек, кешікуге жол берілмейді. Сабаққа кешігу және келмеу 0 балмен бағаланады (төтенше жағдайдларды есептемегенде).
Тапсырмаларды дербес немесе шағын топ болып орындауға болады.
Академиялық құндылықтар: пән бағдарламасы тақырыптық принцип бойынша құрылған. Әр тақырып оның мазмұнын ашатын негізгі мәселелер тізімін қамтиды, дәрістік курста жүйелі түрде баяндалады және магистранттар практикалық сабақтарда, сондай-ақ өзіндік жұмыс барысында өзбетісен зерделейді. Аталған мәсселлерді білу агистрантқа оқыту үдерісінде, ал оқытушыға бақылау іс-шаралары кезінде пәннің жекелеген тақырыптарын меңгеру дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет