Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы


Бенедикт (Барух,1632-1677 жж.) Спиноза



бет43/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)
С бағдарламалау, Лекция-3.-Производные-ароматических-кислот-и-их-солей, Ана тілі кітабы, экология, 2сынып Қазақ тілі 14-15 саб
Бенедикт (Барух,1632-1677 жж.) Спиноза ауқатты еврей отбасында, Амстердам қаласында дүниеге келді. Әкесі қаланың бай судагері еді. Ол баласын діни училищеге берді, онда ол зеректігін көрсетті. Декарттың шәкірті ретінде, рационалистік бағытты ұстанды. Ол өзінің философиясында одан көптеген ұғымды, әсіресе екі бастаманы – ойлау мен ұзындық ілімін алды. Декарттан Спинозаның ерекшелігі ─ заттардың табиғатында екі субстанцияның жоқтығын көрсетуі.
Спиноза философиясының түп негізгі – субстанция, оны Құдай, жиі-жиі Табиғат деп атайды. Субстанция, Құдай, Табиғат ─ өзара ауысып отыратын түсінік. Субстанцияда екі атрибут (қасиет) бар: ойлау және ұзындық. Спиноза – монизмді жақтай отырып, субстанцияның материялдық сипатын көрсетеді. Дүниедегі заттар - табиғат модустары (түрлері). Модустар дүниесі, субстанцияның жай-күйі мен іс-әрекеттері қозғалыста болады. Бірақ бұл қозғалысты Спиноза жай айналу деп түсініп, механистік детерминизм принципін қорғады. Ойлау да – модус, өзінде көптеген адамның ренжуі, қайғыруы, түсінігі және идеялары болады. Адам да күрделі модус ретінде субстанцияда көрінеді.
Әлемді субстанция, атрибуттар, модустар арқылы талдай отырып, ол категорияның, жалпы ұғымдардың айқын иерархиясын тұрғызды, оны әлемнің теориялық суреті деп атауға болады. Көптеген философиялық түсініктерді қарастырып, Аристотельдің категорияларды сараптау дәстүрін жаңғыртты.
Спинозаның философиясында этика ілімі орталық мәселе болып есептеледі. Оның «Бостандық – танылған қажеттілік» деген формуласы кейін марксизмнің бостандық түсінігінің негізі болды. Бірақ, Спинозаның бостандық туралы ілімнің жағымсыз жағы, оның айтарлықтай фаталистік болуы. Адам өмірі тағдырға байланысты, оны адам мойындауы керек және оған күрессіз көнуі тиіс. Адам еркін, бірақ өлім туралы көп ойламайды, оның даналығы да өлім туралы емес, өмір туралы ой толғануы.
Оның материализмі атеистік ілімінің негізгі, Құдай жоқ деп, Библия қағидаларын сынауы, оны ойдан шығарылған өтірік деп жариялады. Сол себепті ол Синагогадан да қуылды. Спинозаның философиясы өміршіл, ақыл-ой негізінде жарыққа жол ашады. Оның еңбектері: «Діни саяси тракт», «Этика».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   143




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет