Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ


Сөз тіркесін дамыта оқыту процесі



бет5/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
«Биология» 8-сынып , 3 3, Тмо 20-15 Бекен Арсен Турлыгазин Мадияр, Положение о конкурсе лучший сотрудник месяца, Short Stories for Children for Spoken English Program ( PDFDrive ) (1), Қарлы боран, Жаһандық экономика және еңбек мәселесі, Назарларыңызға рахмет ! (3)
Сөз тіркесін дамыта оқыту процесі

Таным теориясы сөз тіркесін дамыта оқыту әдістемесіне негіз бола отырып, теориялық және эмпирикалық деңгейлердің, ойлаудың жалпы заңдылықтарын танытады.Таным-адамдардың шығармашылық қызметінің қоғамдық-тарихи процесі.Сол процесс өтуі барысында адамда білім қалыптасады.Ал білім болса,адамда іс-әрекеттердің мақсаты мен уәжін қалыптастырады.Оқушыға өз ана тілінің жүйесін құраушы бір бөлшегі-сөз тіркесін оқыту барысы, сонда, көпқырлы қызмет атқарады.Біріншіден, оқушы тілде қалыптасып, нормаға айналған сөз тіркесінің ондаған модельдерін тану арқылы оның жасалу жолдарын, қызметін танитын болса, екіншіден, өзіне дейінгі жинақталған сөз тіркесі туралы білім қорын игеру арқылы дүниетаным қызметі процесін басынан кешіреді,алынған білімі бұрынғы білім қорымен байланыса келе, жаңа көзқарастар пайда болады,сөйтіп,таным процесі шексіз жүргізіле береді.Таным теориясына сүйенсек, бұл процесті былайша түсінуге болады.Білімнің заттану формасының түрлілігі тек жаңа, табиғатта беймәлім обьектілерді туғызып қана қоймайды.Сонымен бірге, танымдық қызметтің жаңа обьективті шарттарын да туғызады.Ол шарттар болса,әрбір кезеңнің,дәуірдің таным көкжиектерін, мүмкіндіктерін, шегін де көрсетеді.Сөз тіркесінің тіл білімінде кеш танылуы да осы айтқанды дәлелдей алады.Заман дамуының әр сатысында таным мүмкіндіктері кеңеюі таным әдістерінің қолдануына байланысты болады.Таным әдістерінің танылуы мен қолдануы ойлаудың даму сатысы биіктегенінің әрі көрсеткіші, әрі жемісі болып табылады (10).


Оқушыны өзіне дейінгі жинақталған білім қорын игеретін субьект ретінде қарастырудың жайлы шарттары бар.Мұның өзі тек білімнің ғана дамып, жетіліп қоймай, танушы субьектінің де дамитынын дәлелдейтін жарқын көрсеткіш.Сөз тіркесінің сөзге нақты көрінбейтін заңдылықтарын түрлі таным әдістерін,лингвистикалық,дидактикалық әдістер жүйесін қолдана отырып таныған оқушы ақыл- ой аясына тереңдей еніп,практикалық нақтылықтан ойлау арқылы биіктей алатын, сол дәрежеде белгілі бір дедуктивтік заңдылықтарға санасы жететін әдістерді меңгере алады. Сөз тіркесінің ішкі қатынастарын оқушы тереңдеп тек теориялық деңгейде ғана тани алады.Ал эмпирикалық деңгейде сөз тіркесінің тұтастығын құрап тұрған нәзік болмыстар танылмайды.Сөз тіркесінің жүйелік сипатын тек ішкі байланыстармен қатынастар арқылы ғана тану мүмкін десек,соларды танудың өзі- теориялық деңгей деп саналады, эмпирикалық деңгейдегі оқыту мақсатына ондай терең білім енбейді.
Сөз тіркесінің «ішкі әлемін» құрап тұрған түрлі белгілердің қызметі мен олардың өзара тығыз байланыстарының белгілі бір ортақ заңдылықтарға бағынатынын танытатын тек теориялық деңгейде берілетін білім мазмұны болмақ.Адам өзін қоршаған тылсым дүниені қаншалықты деңгей мен дәрежеге дейін тани алса,сол деңгей мен дәреже – адам танымының жемісі болып табылады.Адам, сонда біріншіден, практикалық қызмет, әрекет субьектісі болып табылады, екіншіден, адам- таным субьектісі де болып саналады.Танылған сыртқы дүние – соны тани алатын қызмет пен әдістерді адам бойынан тауып беретіндіктен, адам неғұрлым дүниені терең таныса, соғұрлым өзін- өзі танып жатқаны болып табылады (11).
Эмпирикалық деңгейде алынған білім арқылы танымның обьектісі болып отырған нәрсенің, құбылыстың жекелеген қырлары анықталады.Ол белгілер практикалық өмірде белгілі бір орын алады және нәрсенің, құбылыстыңбасқа аспектілерінен дерексіздендіру арқылы айрықшаланып тұрады.Бір ғана нәрсенің, құбылыстың өн бойында түрліше эмпирикалық белгілер, қатынастар өмір сүретіндіктен, ол нәрсе эмпирикалық танымның да түрлі түрлі қырдан келуіне мүмкіндік береді.Яғни нәрсенің практикалық өмірге қатынасы қанша қырлы болса, оны соншалықты қырдан тануға болады (В.И.Лениннің стакан туралы мысалы. Эмпирикалық танымның тікелей практикалық маңызы бар.Бірақ нәрсені толық , жан- жақты тануға мүмкіндік беретін теориялық таным үшін ондай мәлімет аздық етеді.Нәрсеге эмпирикалық тұрғыдан берілген анықтама таным обьектісінің сыртқы рефлексияға қатысты болып келетін 0бірді- екілі белгісін ғана қолданады және нәрсені сол тұрғыдан ғана сипаттайды .Бірақ эмпирикалық деңгейде алынған білімді сезімдік таным деп түсінуге болмайды.Өйткені, ойлау- сезімдік таным емес, рационалдық танымның жемісі. Эмпирикалық деңгейдің танымдық мүмкіншіліктері кең әрі мол.Сондықтан да эмпирикалық ойлауды тікелей сезімдік қабылдаудан шығарып алуға болмайды.Әрине, адам болмысты тануда алатын білімінің бастау көзі сезіну мен қабылдаудан басталатыны белгілі.Философтар сезімдік пен рационалдық бір-бірінен бөліп алмай, таным процесінің кезеңдері деп санайды (12).
Нәрсенің бойындағы белгілердің топталуы, класқа бірігуі- ойдың жасалымы, абстрактысы.Ол- көптеген нәрселердің қайталанып келетін қасиеттері, сонысымен де ол- ойдың ерекше әрі дербес обьектісі болып табылады. Абстрактылық мазмұн мүшеленеді және тілдік түрде таңбаланады, сөйтіп, ол, абстрактылық мазмұн, нақты көрнекіліктен не ең аз көлемге дейін төмендейді, не мүлде ажырайды.Көрнекіліксіздік пен білдірудің таза тілдік түрі- абстрактылық білімнің, абстрактылық ұғымның етене белгілері болып табылады.
Нақтылықтан абстрактылыққа қарай жүру процесінде адам танымы тереңдей түседі, жалпыдан жекені, ішкіден сыртқыны, мәнділікті мәнді еместен бөліп алу жүзеге асырылады.Нақтылықтан абстрактылыққа қарай жүрукезеңінде танымның аналитикалық қызметі алдыңғы орында тұрады.Сол қызмет барысында обьективті өмірдегі нақтының құрылымы мен оны құраушылар,түрлі аспектілер, маңызды сәттері айрықшаланады.Осы, яғни эмпирикалық кезеңдегі маңызды сәтте жекелеген ұғымдар жасалынып, абстракциялар, заңдар анықталады.Сөйтіп, адам танымы біртіндеп таным обьектісінің түпкі мәнді болмысына тереңдеп ене береді.
Эмпирикалық кезеңде оқушылар сөз тіркесінің сыртқы негігі белгілерімен танысып, соларды тани алатын, ереже түріннде меңгеретін болады, сөйтіп «сөз тіркесі» туралы эмпирикалық деңгейдейдегі ұғым жасалады.Ойлаудың эмпирикалық деңгейдегі ұғым жасалады.Ойлаудың эмпирикалық кезеңдегі болмысы туралы Гегель: «Дефиниции поэтому и сами собой отказываются от настоящих определений понятия, которые были бы по существу своими принципами предметов, и довольствуются признаками, т.е. такими определениями, существенность которыхдля самогопредмета безразлична и которые скорее имеют лишь целью быть знаками для некоторой внешней рефлексии» (13).Оқушылардың теориялық ойлауы мен тілі дамуына негіз болатын теориялық деңгейдің алғашқы эмпирикалық сатысының ерекшеліктері мен өзіндік қызметі мол.
Сөз тіркесінен эмпирикалық деңгейде берілетін білім мазмұны да, әдістер де, соған лайық оқушы моделі де осы деңгейдің болмысына сай болады.Ең алдымен, сөз тіркесінен 1-11-сыныптар аралығында эмпирикалық деңгейде берілетін білім мазмұны қарастырылады.
Дамыта оқыту технологиясының концепцияларына сай, білім беру барысындағы оқушылардың даму мазмұны, мүмкіндіктері және даму қарқындары олардың оқу іс- әрекеттеріне байланысты анықталады.Өйткені дамыта оқыту процесінде оқушы өзін мұғалім дамытуға міндетті және солай болуы тиіс обьект ретінде емес, өзін- өзі дамытуға,өзгертуге қатысатын субьект ретінде орын алады.Оқушының өзінің оқу процесіндегі белсенді субьект ретінде қатысуы ғана дамыта оқыту технологиясын басқа технологиядан басты белгі ретінде ажыратып тұрады. Оқушының өзін өзгеріп, дамуына өзінің ниет қоюы мектеп жасындағы баланың дамуының негізгі мазмұнын білдіреді.Оқушының даму белсенділігін теориялық білім мазмұны арқылы ұйымдастыру, сол мақсатқа оқушымен бірлесе отырыпбет алу- дамыта оқыту технологиясының мазмұнын құрайды. Ал оқушы оқу процесінің мұғалім сияқты екінші субьектісі болу үшін өз бойында қажетті біршама қасиеттерді ашу керек.Атап айтқанда, оқушы өзінің алдына қойылған міндеттерді шншудің жолын, әдісі, амалын мұғалімненкүтіп отырмай, өз бетімен орындауға қабілеті барын көрсетуі, соны дамытуы керек.Ал ондай оқушы қалыптастыру үшін білім беру процесін сол мақсатқа сәйкестендіріп құру керек.Дәстүрлі мектепте оқушының алдына қойылған міндеттерді шешудің дайын бірнеше жолын мұғалім өзі көрсетіп, тек соны жаттап алуға үйретеді. Дамыта оқытуда оқушыға алға қойылған міндеттерді шешудің жалпы принциптері үйретіледі. Жалпы принциптерді оқушы өзіне тек қана оқып- үйреніп отырған синактсистік құбылыстың бойындағы сол құбылысты бар қылып тұрған, сол құбылыстың қызмет етуіне мүмкіндік жасап тұрған, сол құбылыстың даму, өзгеруін мүмкін ететін потенциалды мүмкіншіліктерін танытатын қасиеттер мен байланыстарды, қатынастарды саналы түрде ұққанда ғана аша алады.Ал ондай қасиеттер мен байланыстар, қатынастар болса, ғылыми білімнің синтезін білдіретін ғылыми ұғымдарды мазмұндық топтастыру дағдысын қалыптастыру барысында анықталады
Дәстүрлі мектепте мұғалім міндеті шешудің әдістерін меңгертіп қана қояды, ал. дамыта оқытуда ғылыми ұғымдар жасауға үйретеді .Сондықтан, дәстүрлі оқыту жүйесінің дамыта оқыту технологиясын ұйымдастырудағы мүмкіншіліктері мардымсыз болады.
Дамыта оқытуда оқушы құбылысты танудың принциптерін меңгереді.Ал ондай дағдыларды игеру үшін оқушы берілген жаттығуды орындаудың, тапсырманы орындаудың шарттарын зерттеп тани алатын дәрежеде болуы керек.Қарастырып отырған құбылыстың, нәрсенің бойындағы белгілерді бар қылып тұрған ішкі қасиеттерді, заңдылықтарды және олардың арасындағы тұтас қылып тұратын байланыстар мен қатынастарды зерттеп тани алатын дәрежеге жеткен оқушы- дамыта оқыту технологиясының күтетін нәтижесі болып табылады.
Сөз тіркесі синтаксисін дамыта оқыту технологиясы дамыта оқыту концепцияларын жүзеге асыра отырп, өзінің мақсаттары бойынша, білім мазмұны бойынша, оқу әдістері бойынша, оқушылардың оқу белсенділігінің типі бойынша, оқу процесіне қатысушылардың өзара қарым- қатынасының ерекшелігі бойынша оқытуды ұйымдастыру формасы ішінде жүзеге асырылып жататын коммуникативтік процестер ерекшелігі бойынша дәстүрлі оқыту жүйесіне альтернативтік болып келетін педагогикалық жүйені білдіреді.
Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептерде сөз тіркесі синтаксисін дамыта оқыту технологиясын үш кезеңге бөліп қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет