Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама


Жазғы демалысты ұйымдастыру



бет19/86
Дата07.05.2017
өлшемі14,66 Mb.
#15910
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   86

6.1. Жазғы демалысты ұйымдастыру


Балалар үшін жазғы демалыс баланың барлық тіршілік әрекетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Жазғы демалысты ұйымдастыруда балаларды сауықтыру, дене және психикалық денсаулығын нығайту, сол мезетте бала тұлғасының өзін-өзі танытуы үшін жағдайлар жасау өте маңызды.

Балалардың жазғы демалысы мен жұмыспен қамтылуын жүйелі және сапалы ұйымдастыру үшін ҚР БҒМ ҚР Премьер-Министрінің «2016-2019 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балаларды сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» Өкімін қабылдады, 2016 жылғы жазғы демалыстар кезеңінде балалардың демалыс, бос уақыты және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру жөніндегі


(ҚР БҒМ 22.02.2016ж. №162 бұйрығы), білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі (ҚР БҒМ 28.04.2015ж. №407 бұйрығы) бірлескен іс-шаралардың Ведомствоаралық жоспарлары, балаларды сауықтыру ұйымдарында тәлімгерлерді жұмысқа даярлау бойынша нұсқаулық (ҚР БҒМ 19.04.2016 ж. №290 бұйрығы) бекітілді.

2016-2018 жылдарға арналған жазғы демалыс кезеңінде балаларды сауықтыру демалысы мен жұмыспен қамтылуын, балалар-жасөспірімдер туризмін дамытудың Жол картасы бекітілді, мұнда 2016-2018 жылдарға арналған жазғы демалыс кезеңінде балаларды сауықтыру демалысы мен жұмыспен қамтылуын, балалар-жасөспірімдер туризмін дамытуға бағытталған іс-шаралар қатары қарастырылады.

Жазғы демалысты ұйымдастыру мәселелері ҚР Премьер-Министрінің орынбасарының кеңесінде, ҚР Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ВАК кеңесінде селекторлық режимде, балаларды сауықтыру ұйымдарының, жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысуымен өткен республикалық семинар-кеңесте қарастырылды.

Жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Министрлік мемлекеттік органдармен бірге жыл сайын қажетті іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. Балаларды сауықтыру ұйымдарын пайдалануға дайындау және қабылдау бойынша өңірлік ведомствоаралық өзара іс-қимыл комиссиялардың қызметін үйлестіреді, балаларды сауықтыру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар қабылдануда: лагерлерді медициналық ұйымдарға аумақтық бекіту, қауіпсіз ауыз сумен, санитарлық-эпидемиологиялық нормалармен қамтамасыз ету, балаларды қауіпсіз тасымалдау үшін жолаушылар көлігін алып жүру, білікті кадрлармен қамтамасыз ету.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша, 2016 жылдың жазында сауықтыру демалысымен 2 млн.220 мың бала (мектеп жасындағы балалардың жалпы санының 86,7%) қамтылды, бұл алдыңғы жылдан 2,7%-ға артық (2015 жылы – 2 081 116 немесе 84 %).

Ағымдағы жылы балаларды сауықтыру демалысымен қамтудың ең жоғары көрсеткішін Қарағанды (100 %, 2015 ж. 100%), Павлодар (100 %, 2015 ж. – 98,8%), Ақмола (96,9%, 2015 ж. – 95,8 %) облыстары, Алматы қ. (96,6%, 2015 ж. – 100%) көрсетті. Қызылорда облысы балаларды сауықтырумен қамтудың 45%-ға артқанын көрсетті (2016 ж. – 121 595,


2015 ж. – 66289 бала).

Балаларды демалу және сауықтырумен қамтамасыз ету үшін республикада 12 689 балалар лагері, оның ішінде: 240 қала сыртындағы,


16 жыл бойы, 11 137 тамақтану кіретін және кірмейтін мектеп жанындағы, 1298 палаталық, киіз үйлік, спорт, өлкетанушылық және т.б. қызмет етті.

Жыл бойы қызмет ететін лагерлер саны ағымдағы жылы 20% артқаны байқалады (2015 ж.-12, 2016 ж.-16). Әсіресе, Ақмола және Қызылорда облыстары ерекшеленді.

2011 жылдан бастап республикада 43 қала сыртындағы лагерлер
11 өңірде ашылды (Алматы қ., Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және
Оңтүстік Қазақстан облыстары).

Шығыны аз нысандағы лагерлердің (киіз үйлік, спорттық-туризмдік, өлкетанушылық) танымалдығы артып келеді. Алматы облысын (388 бір.), Қарағанды (301 бір.), Қызылорда (41 бір.), Павлодар (39 бір.) облыстарын атап өткен жөн.

Жұмыспен қамтудың әр түрлі нысандарымен қамтылған балалар саны 2015 жылмен салыстырғанда 1 601 222 баладан 2 млн. 84 мың адамға дейін артты, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 13,6% артық (67,8% қатысты 81,4%).

Балаларды жұмыспен қамтудың әр түрлі нысандары Алматы қаласы (98,7%), Қарағанды (100%), Ақтөбе (98,9%), Қостанай (95,3%), Павлодар (99,1%), Солтүстік Қазақстан (91,8%) облыстарында ең көп қамтылған.

Жазғы демалыс кезеңінде балаларды сауықтыру демалысы мен жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 3,600 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді (2015 жылы орт. – 3 млрд. 651 млн. тг), бұл өткен жылдан 6% артық және 567 млн. 544 мың теңге демеушілік қаражат бөлінді (2015 жылы орт - 421 млн. 194 мың тг), бұл алдыңғы жылдан 26% басым.

Жалпы, жазғы кезеңде ата-аналар мен кәсіподақ қаражаттарын ескере, жазғы демалысты ұйымдастыруға 8,775 млрд. теңге (2015 жылы орт. – 5,311 млрд. тг) тартылды, бұл өткен жылдан 40% артық.

Ауыр өмірлік жағдайға ұшыраған балаларға, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептердің үздік оқушыларына жазғы демалысты ұйымдастырудың мәселелері ерекше бақылауда тұр. Бұл категориялар жергілікті бюджет қаражаттары есебінен басым тәртіпте сауықтыру демалысымен қамтамасыз етіледі.

Ағымдағы жылы аталған категориялардағы балаларды жазғы демалыспен қамтудың жалпы республикалық көрсеткіші 75,6% құрады. Өткен жылмен салыстырғанда, дем алған балалар саны 6,7% көбейді (2016 ж. - 983 630;


2015 ж. - 921 473). Категориялар бөлінісінде балалардың барлық топтарында жазғы демалыспен қамту санының артуы байқалады:

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны 2,9%-ға артты


(2015 жылғы 25 418 баладан 2016 жылғы 26 153 балаға дейін);

мүмкіндігі шектеулі балалардың демалыспен қамтылуы 73,2% дейін көбейді (2015 жылғы 31 409 баладан 2016 жылғы 54 409 балаға дейін);

аз қамтылған отбасылардың балаларын қамту 262,5%-ға артық
(2015 жылғы 50 449 баладан 2016 жылғы 182 891 балаға дейін);

дарынды балаларды демалыспен қамту 382,5%-ға көтерілді (2015 жылғы 79 451 баладан 2016 жылғы 383 357 балаға дейін);

девиантты мінез-құлықты кәмелет жасқа толмаған балаларды, арнайы ұйымдардың тәрбиеленушілерін, соның ішінде мектеп ішіндегі және ІІМ есебінде тұрған балаларды жазғы демалыспен қамту 16 % артты.

Аталған категориялардағы балаларды жазғы демалыспен қамту Жамбыл, Қызылорда, Ақмола, Павлодар облыстарында, Алматы қаласында 90-нан 100% дейін байқалады.

ШҚО-да «Дарын» лагері базасында аутизмі бар балалар үшін демалыс ұйымдастырылды. Жолдамалар «Қазцинк» ЖШС демеушілік қаражаттарын тарту есебінен алынды.

БҚО-да балалар демалысының нысандарын жаңарту аясында жыл сайын қамқорлықтағы және патронаттық тәрбиленушілердің өздерінің қамқоршылары немесе патронаттық тәрбиешілерімен бірге демалысы үшін «Отбасылық лагерь» ұйымдастырылады. Бұл іс-шараларға қаражат облыстық бюджеттен бөлінеді

Қарағанды облысында девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің жазғы демалысын ұйымдастыру үшін барлық тәрбиеленушілер қамтылған киіз үйлік лагерь ұйымдастырылды.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың демалысын қамту және сауықтыру үшін «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы мақсатты жұмыс жүргізеді. 2007 жылдан бері жыл сайын мүмкіндігі шектеулі 250 бала үшін «Добром откроется мир» арнайы ауысымы қызмет етеді. Аталған орталық базасында педагогтар, әдіскерлер, инклюзивті білім мамандары үшін мүмкіндігі шектеулі балалардың демалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша ғылыми-практикалық семинарлар өткізіледі.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдары ақпарттарына сүйене отырып, балаларды жұмыспен қамту және қала сыртындағы балалар лагерлерінің инфрақұрылымын жақсарту үшін мемлекеттік-жеке әріптестік (МЖӘ) жағдайлары толық мөлшерде қолданылмайды.

6.2. Қосымша білім: қол жетімділік және қамту


Көптеген елдерде балалар мен жастарға өздерінің бос уақытын тиімді қолдануға мүмкіндік беретін саясат әзірленген. Еуропада мақсатты бос уақыт қызметі «формальді емес білім беру» терминімен түсіндіріледі. Жас адам өміріндегі білімнің 70% жуығы отбасыда, қатарластар топтарында, жастар ұйымдарында және бос уақыт топтарында – формальді емес немесе ресми емес білім жағдайларында өтеді.34

Қосымша білім беру мүмкіндіктерін кеңейту ҚР Конституциясы,


ҚР «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдары, Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы және басқа құжаттарда анықталған Қазақстанның тәрбие саясатының негізгі қағидаларын іске асырады.

Қосымша білім беруді ұйымдастыруды әдістемелік қамтамасыз ету үшін «Балалардың ғылыми-техникалық шығармашылығы және балалар мен жасөспірімдер туризмі жүйесін дамытудың 2015 - 2018 жылдарға арналған тұжырымдамалық тәсілдерін бекіту туралы», «ҚР балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығы жүйесін дамыту жөніндегі 2015-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары», «Балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асырушы білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтарына арналған әдіснамалық ұсыныстар» әзірленіп, бекітілді.


АҚШ-та 14 жастан кіші жасөспірімдер «Америка ұлдары мен қыздарының клубы» (Boys 8с Girls Clubs of America, BGCA) жұмысына сады. Бұл тек АҚШ-та ғана емес, әлемдеге ең ірі балалардың бос уақыт ұйымдарының бірі болып табылады. Ұйым балалардың, әсіресе, ерекше көмекке мұқтаждардың әлеуетін максималды ашуға ықпал етуге үндейді. АҚШ-та барлығы 4000-ға жуық осындай клубтар бар. Клубтардың жарғысы АҚШ Конгресімен бекітілген. Клубтың негізгі мақсаты белсенді әлеуметтік қызметте тұлғаны дамыту болып саналады. Оны жүзеге асыру үшін 5 саланы: көшбасшылық қасиеттерді дамыту бағдарламалары; мансап үшін білім; денсаулықты қолдау және өмірлік дағдыларды дамыту бағдарламалары; өнер жөніндегі бағдарламалар; фитнес және демалыс бағдарламалары қамтитын білім беру және бос уақыт бағдарламалары әзірленген. Клуб жанындағы жасөспірімдерге арналған арнайы жасөспірім орталықтары компьютерлер, фитнес-орталықтармен жабдықталған және қызметтің әр түрлі түрлерімен айныласу үшін орын-жайлары бар. Клубтар мансаптық қабілеттерді зерттеуге бағытталған, кәсіби дағдыларды дамыту және жұмыс іздеу үшін түйіндеме жазуға арналған бағдарламаларды ұсынады.

Expert Reviews of Boys & Girls Clubs of America (BGCA). [электронды ресурс]/ URL:http://www.bgca.org/whatwedo/Pages/WhatWeDo.aspx 

Балалар мен жасөспірімдердің қосымша білімге құқығы жалпы білім беру мектептерінде де, мектептен тыс ұйымдар желілерінде де қамтамасыз етіледі.

ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ресми мәліметтері бойынша, 2015-2016 оқу жылы білім беру жүйесінің 860 мектептен тыс ұйымдарында 673 219 мектеп жасындағы балалар білім алды, қамту 24,5% құрады. Мәдениет және спорт жүйесінің 461 мектептен тыс ұйымдарында 295 017 оқушылар білім алды, 10,7% қамтылды.

860 мектептен тыс ұйымдардың 441 ауылды жерлерде орналасқан (51%), алайда бұл ұйымдардағы балаларды қамту 37,1% (250 078 адам) құрайды, бұл қала көрсеткіштерінен айтарлықтай төмен, қаланың балаларына


62,9% (423 141 адам) тиесілі.

56 586 мектеп үйірмелеріне 1 027 354 оқушы (37,4%) барады, ал


35 763 мектептің спорт секцияларында 766 534 бала (оқушылардың 27,9%) жаттығады.

Балаларды әр түрлі үйірмелер мен секциялармен қамту үлесі мектептерде де, мектептен тыс ұйымдарда да айтарлықтай жоғары емес. Ауылды жерлердің балаларын мектептен тыс және үйірмелік қызметпен қамтудың проблемалары кездеседі, бұл осы ұйымдардың ауылдардағы материалдық-техникалық базасының жетіспеушілігі, әлсіз кадрлық ресурстар, түрлердің кешенінің тарлығы туралы айтады.



Білім беру жүйесіндегі қосымша білім беру желісінде негізінен өнер мектептері, оқушылар сарайлары басым, жас натуралистер (2,1%), техниктер (3,3%), туристер (4,1%), аула клубтары (6,6%) станциялары таралмаған. Ауылды жерлерде қосымша білім берудің техникалық бағыты бойынша резервтер әлсіз ашылған. Ауылда техникалық шығармашылықпен 20 913 бала қамтылған, бұл мектеп жасындағы балалардың жалпы санының 0,8% құрайды.
28-диаграмма. Білім беру жүйесіндегі қосымша білім беру ұйымдарының түрлері, 2015 жыл



Дереккөз: РҚ БҒМ РББОӘО

Жоғарыда айтылғандай, еліміздің мектептерінде 2015-2016 оқу жылы 56 586 үйірмелер қызмет етті, оларға 1027354 бала қатысты. Мектептің үйірмелік қызметінде гуманитарлық-көркемдік бағыт үйірмелерінің басымдығы (63%) байқалады, техникалық және жаратылыстану-ғылыми сипаттағы үйірмелер үлесіне 25,1% тиесілі.
29-диаграмма. Жалпы орта білім ұйымарындағы үйірмелер түрлері,
2015 ж
.



Дереккөз: РҚ БҒМ РББОӘО
Уақыт талабын ескере, техникалық бағытты дамыту маңыздылығын назарға ала отырып, Қазақстанда балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылық жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізіліп келеді. 2016 жылы ҚР БҒМ Халықаралық ақпараттық технологиялар университетімен бірлесіп ҚР жалпы орта білім беру мектептерінде зерттеу негізіне электроника, механика, телемеханика, информатика, радиотехника, бағдарламалау, электротехника, физика сияқты пәндер жататын «Робототехника» үйірмелері немесе элективті курстарын енгізу бойынша жұмыс жүргізіп келеді.


Каталог: uploads -> docfiles
docfiles -> Жалпы білім беретін ұйымдар оқушылары арасында аймақтық Әбіш оқуларының байқауын дайындау және өткізу ережесі
docfiles -> Байпақов Шаймұрза Жаңайұлы
docfiles -> Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы
docfiles -> Маңғыстау облысының білім басқармасының 26. 12. 2015ж. №4 алқа шешімімен бекітілді
docfiles -> Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сайлауалды Бес институционалдық реформасы «100 нақты қадам»
docfiles -> Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы ақпарат Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау облысының «Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
docfiles -> Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сайлауалды Бес институционалдық реформасы «100 нақты қадам»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   86




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет