Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы



бет14/66
Дата23.02.2023
өлшемі0,54 Mb.
#169890
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66
Байланысты:
Қуатов Дархан ИСТ-11
9 сынып БЖБ ІІ нұсқа
Көтеріліс себептері: Осы көп ұлтты көтеріліске қазақтардың да қатысуына түрткі болған бірнеше негізгі себеп бар еді. Біріншіден мал жайылымы жетіспеді. Патша қазақтар Ресейдің қол астына өтуді қабылдаған бойда-ақ олардың шекара шебінің ішкі шебіне өтуіне,сондай-ақ оған жақын көшіп қонуға тыйым салынды. Оның үстіне Ертіс өзенінің бойындағы шекара шебінде ені 10 шақырымдық алқаптың ұзына бойына өтуге тыйым салынды. 1771 жылы Еділ мен Жайық арасындағы қалмақтардың үлкен бір бөлігі өздерінің тарихи отанына, Жоңғарияның қаңырап бос қалған жеріне жетуге көш бетін түзеді. Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары,патша үкіметінің айдап салуы мен Жоңғарияны көшіп бара жатқан қалмақтарды тас-талқан етіп қыруға белсене ат салысты. Қалмақтардың Еділ мен Жайық арасындағы жайлаған жерледі иемденіп қалуға қазақтар толықтай құқығымыз бар деген талап қойды.Бірақ патша үкіметі бұған құлақ асқан жоқ. Екіншіден, қазақ халқы өздерінің жер аумағында әскери бекіністер салуға тіпті де келісе алмады.Өйткені бұл мал шаруашылығына елеулі түрде зиянын тигізді. Үшіншіден, патша үкіметі Орта жүз емін еркін малын жайып жүрген Жаңаесіл жерін 1752-1755 жылдары басып алды. Төртіншіден, патша үкіметі қазақ жеріне әскери іздестіру деген сылтаумен қазақ жеріне кіріп қазақтарды ашық түрде тонап кетті. Ресейдегі Е.Пугачев бастаған көтеріліс қатыгез басыбайлылық тәртіпке қарсы бағытталса да, оған үлкен ынта-жігермен және үмітпен Еділ-Жайық бойындағы башқұрт, татар және қазақтар да қатысты. Орта жүз, әсіресе Кіші жүз қазақтары патша үкіметінің жер мәселесіндегі отаршыл саясатына қарсылық танытып, шаруалар көтерілісіне қосылды. Пугачев үндеуінің Кіші жүзде таралуы қазақтарды стихиялы түрде көтеріліске тартты. Халық жасақтары билеуші топтардың қол астына шоғырлана бастады. Өйткені патша үкіметінің Жайық, Ертіс өзендерінің оң жағасындағы шұрайлы жерлерді орыс-қазақтарға беріп, қазақтардың бекіністер орналасқан өңірге жақындауына тыйым салуы халықтың ашу-ызасын тудырды. Ал Пугачев болса езілген халық бұқарасын «жермен қамтамасыз етуге» уәде берген еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет