Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар №15 жалпы білім беру орта мектебі» мм



бет1/2
Дата10.06.2017
өлшемі244,7 Kb.
#18468
  1   2
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар №15 жалпы білім беру орта мектебі» ММ

«География, биология, экология орта мектепте» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналына жіберілген сабақ


Ашық сабақ

7а-сынып
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Оңтүстік Американың халқы және елдері. Анд тауындағы биіктік белдеулер.

Дайындаған: №15 орта мектептің география пәні мұғалімі

Сейтова Гулсара Орпабековна



Ақтау қаласы-2013ж

Тақырып: §43. Оңтүстік Американың халқы және елдері. Анд тауындағы биіктік белдеулер.

Сабақтың мақсаты: «Метис», «мулат», «самбо», «креол», «үндіс» т.б ұғымдарын қалыптастыру. Картадан мұхиттарды, теңіздерді, материктерді, көрсете білу және сипаттай алу.

1. Білімділігі: Оқушыларға Оңтүстік Американың халқы және елдері, Анд тауындағы биіктік белдеулер туралы мағлұмат беру.

2.Дамытушылығы: Оқушылардың білім дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, шапшаңдылығын дамыту.

3.Тәрбиелілігі: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу, дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру, өз бетімен оқып – үйренуге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: интерактивті тақта, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, Оңтүстік Американың физикалық картасы; Оңтүстік Американың халқы және елдері картасы.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер: карта, оқулық, суреттерді қолданып түсіндіру әдістерін пайдалану, баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру сәті: (сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын,дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару)

ІІ.Үйге берілген тапсырманы сұрау

1.Оңтүстік Американың ашылуы мен зерттелуіне үлес қосқан ғалымдар?

2.Материкте қандай табиғат зоналары кездеседі?

3.Амазонка өзені мен Амазонка ойпатына тән өсімдіктер мен жануарлар?

4. Бразилия тау үстіртін алып жатқан оңтүстік жарты шар саваннасы қалай аталады?

5. «Кампос» пен « Льянос» дегеніміз не?

6.Оңтүстік Америка материгінің ірі өзендері?

7. Шөл және дала зонасын жергілікті халық не деп атайды?

8. Материктегі ең үлкен көлді ата?

9. Ең суы мол өзенді ата?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі: §43. Оңтүстік Американың халқы және елдері. Анд тауындағы биіктік белдеулер.

Жоспар:


1. Халқы

2. Елдері

3.Анд елдері

4. Шығыстағы жазық елдер



1. Халқы 320 млн. Астам. Тілі- португал, испан. Оңтүстік Америка- дүние жүзіндегі халық аз қоныстанған материктердің бірі.

Материкте алғашқы адамдар 15-17 мың жыл бұрын көрші Солтүстік Америка

материгінен қоныс аударғандар. Байырғы халқы-үндістер 10 %-ын

құрайды.Метистер-Анд елінің негігі халқы.



Христофор Колумб Америка дүние бөлігін ашқанға дейін үндістер рулық

тайпалық қоғамдық құрылыста өмір кешіп аңшылқпен, балық аулаумен айналысқан. Ал Анд тауларын мекендеген үндістер дамудың жоғары сатысына көтеріліп, Инктер империясын құрған.Олар биік таулы өңірдегі егіншілікті жоғары дәрежеде дамытқан. Сондай-ақ инктердің жазу мен бейнелеу өнері, алтын мен күмістен, асыл тастардан жасалған әсемдік бұйымдары олардың мәдениеті жоғары болғандығын дәлелдейді.Инктер қазіргі кезде Амазонканың ну ормандары мен Анд тауларының биік бөліктерінде тұрады.



Еуропалықтардың жергілікті үндістермен некелерінен тараған ұрпақтар-метистер қазіргі кезде Оңтүстік Американың Анд елдерінің негігі халқын құрайды.ХVI ғасырдан бастап Африкадан 300 жыл бойы материктегі кеніштер мен плантацияларда жұмыс істету үшін миллиондаған құл-негірлер әкелінді. Олардың еуропалықтармен некелесу нәтижесінде мулаттар,ал үндістер мен некелесуінен самбо қалыптасты. Негірлер мен мулаттар материктің солтүстігі мен шығысында тұрады.ХІХ ғасырда Испания мен Португалиядан келгендер материктің шығысына көбірек қоныс аударған. Олардың ұрпақтары өздерін креолдар деп атайды. Оңтүстік Америка халқының көшілігі Латын тілдеріне жататын испан және португал тілдерінде сөйлейді. Сондықтан материкті Орталық Америкамен бірге Латын Америкасы деп атайды.Оңтүстік Америка тұрғындар саны 1млн.асатын, 20-дан аса миллионер қалалар бар.



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет