Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі оңТҮстік қазақстан облыстық білім басқармасы


Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және оның педагогикалық процесте ескерілуі



бет4/20
Дата22.11.2019
өлшемі1,15 Mb.
#52271
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
1 лекция Педагогика


Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және оның педагогикалық процесте ескерілуі. Әрбір оқушының танымдық іс-әрекетінің, әсерленушілігінің, ерік-жігерінің, мінезінің, жүріс-тұрысының тек өзіне тән сапалық ерекшеліктері болады. Демек, жеке ерекшелік- бұл, адамның өз басындағы қасиеттерінің бір-бірімен сәйкестікпен түйісуі, оның басқа адамдардан ерекшелігі осы қасиеттері арқылы көрініс табады. Әркім өзінің жеке даму жолын бастап көшіреді, ал ол оның бойына табиғат берген қасиеттерге және тіршілігінің жағдайына байланысты болады.

Мектеп оқушысының жеке ерекшелігі дегеніміз- оның жас мөлшеріне, жыныстық және рухани дамуына, жан-жақты тұтас жетілген жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына органикалық жағынан байланысты өзіне тән ерекшелігі. Осыған орай олармен жеке жұмыс жүргізу педагогикалық процестің маңызды бөлігі болып табылады. Жеке жұмыс- бұл педагогикалық жұмыстағы бос сөзділікті жеңу және оны алдын-ала іс-әрекет ұйымдастыру.

Жеке ерекшеліктерді есепке алу- бұл әрбір жеке тұлғаның қызығушылығын, бейімділігін, сапасын, қасиетін, талабын және мүмкіншілігін ескере отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік қалыптасу процесінде сәтсіздіктер мен қателіктерді барынша кеміте отырып тәрбиелеуде педагогикалық құралдардың, әдістемелердің және түрлердің барлығын пайдалану. Мектеп оқушыларын жеке ескере алуда нерв жүйесінің қызыметі, адамның темпераменті көп жағдайда ескеріле бермейді. Темперамент-бұл адамның психикалық қызыметі мен мінез-құлқының қуатын анықтайтын жас ерекшелігі.

Сангвинник – еті тірі; флегматик- жәй, салмақты; холерик- қызба, шапшаң; меланхолик- ойлы, терең толғанысты.

Жеке ерекшелікті еске алу маңызды жағдай. Мұғалім бұл мәселеде шеттен шығып кетпеу керек, яғни, баланың мүмкіншілігін артық бағалау да, е,скермеуі де баланың жеке дамуына зиянын тигізеді.

Міне, осылайша тәрбие беру де, оқытуда да әр балаға жеке қарым-қатынас жасау маңызды, себебі әр балада оның рухани қажеттілігінің, өзіндік қызығушылығының көрінісі ретінде жеке ерекшелігі айқын көрініс береді, ал ол әр адамның жан-жақты дамуы үшін қоғамның талабы негізінде туындайды. Жеке қарым-қатынас әр баланың бейімділіктері мен қабілеттерінің ашыла түсуіне жақсы жағдай жасау үшін аса маңызды, сондай-ақ ол оқу бағдарламасының талаптарын орындаудағы қиыншылықтарды жеңуде де зор рөл атқарған.


Тақырып-5.Біртұтас педагогикалық процесс педагогиканың пәні және мұғалім іс-әрекетінің объектісі

Жоспары:

1.Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің объектісі ретінде.

2.Педагогикалық процестің белгілері, сапалары және өзіндік сипаттары.

3.Қарама-қайшылық педагогикалық процестің қозғаушы күші.



Қолданылатын әдебиеттер:

1.Педагогика АМУ, Педагогика кафедрасы авторлар ұжымы. –Алматы, Нұрлы әлем, 2003

2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000

3.Педагогика ЖӘбиев, С.Бабаев, А.ҚҰдиярова Алматы, Дарын, 2004

4.Ильин Т.А. Педагогика. –Алматы: Мектеп, 1977

Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетітің объектісі. Адамның қандай да болмасын іс-әрекетінің заттық саласы қалайда білімдер жүйесінде көрінеді. Сондықтан синтетикалық сипатының біртұтастық объектілері жасалмайынша субъектінің іс-әрекетінің сәтті болуы мүмкін емес. Сананың біртұтастық объектілері белгілі бір шындық саласындағы білімдерді меңгерудің нәтижесінде пайда болған объектілері, субъектінің іс-әрекетінің сыртқы талаптарды орындау тәсілдері мен адамның субъекті – тұлғалық құндылықтарына бағыт табу болып табылады.

Педагогикалық іс-әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттары – ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек. (Н.И.Непомняшая), мұғалімнің іс-әрекеті, оның білімі және тәжірибесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық.

Қажетті тәжірибені жинақтауға әкелетін іс-әрекет мұғалім тұлғасын қлыптастырудың шарты болады, ал ол «оқу-методикалық»құралдарының өзінде орныққан. Бірақ бұл іс-әрекет тиімді болуы мүмкін емес, егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейіні теріс түсініп объектіге аударылса. Бұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті объективті өмір сүретін кәсіби іс-әрекеттің объектісіне сәйкес болмайды.

Диалектикалық-материалистік философияда жеке тұлғаның қалыптасуындағы іс-әрекеттің ролі туралы жан-жақты зерттелген. Адам іс-әрекеттің субъектісі ретінде психологиялық зерттеулерде көрсетілген. Бірақ, негізінен, тек ХХғасырдың 60-шы жылдарында ғана мұғалім іс-әрекеті оқушылармен өзара әрекет ретінде қарастырылып еңбектер жарық көрді. Көрнекті ұстаздардың еңбектері (Ш.А.Амонашвили, В.А.Сухомлинский, А.С.Макаренко және т.б.) оқушы ертерек мұғалімнің арқасында іс-әрекеттің нақтылы субъектісі ретінде қалыптасса, оқу-тәрбие жұмысының тиімділігі арта түсетіндігіне куә етеді.

Қазіргі кезеңдегі біртұтас педагогикалық процестің мәні туралы түсінік ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының күш салуларының арқасында жинақталады, өйткені педагогикалық құбылыстар компонентерінің, қасиеттері, заңдылықтар туралы дербес білімдері біртбірте жинақталады. Бірақ, бөлік туралы білім әлі біртұтас туралы білім емес. «Педагогикалық процесс» деген сөздік (термин) ғылыми айналымға ХІХғасырдың екінші жартысында (П.Ф.Қаптерев) енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс-әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды.

Педагогикалық процестің мәні туралы әр түрлі көзқарастарды (С.Т.Шацкий, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, М.А.Данилов, Б.Т.Лихачев, Ю.К.Бабанский, В.М.Кортов және т.б.) зерттеу жалпы тәртіптегі қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Аталған авторлардың назарларына педагогикалық процестің әртүрлі жақтары білікті эмпирпкалық жолмен жинақталған білімдер жайлы болады.

Педагогикалық процестің мәні туралы қалыптасқан түсініктердің сыртында мұғалім үшін өте маңызды бір қатар мәселелер қалды, ол: не себепті біртұтас педагогикалық процесс оқыту мен тәрбиенің бірліг (А.Ф.Қаптерев, М.А.Данилов); оның оқыту, даму және тәрбиелік қызметтерінің бірлігі қалайша қамтамасыз етіледі (Ю.К.Бабанский) оқушылардың өзара әрекетінің ерекшеліктері қалай анықталады (С.Т.Шацкий, Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский); өзара әрекет тек қана оқудан тыс уақытқа тән бола ма (А.С.Макаренко); біртұтас педагогикалық процестің қандай ерекшеліктерін білу оның бағытты дамуының мәселелерін шешуге көмектеседі (Б.Т.Лихачев) және қызмет істеулерін басқару (В.С.Ильин, И.П.Радченко) және т.б. Пайда болған сұрақтарға жауап басқа кеңістікте жатыр – ол біртұтас педагогикалық процестің барлық сапалары мен қасиеттерін сипаттау. Ал бұл қойылған сұрақтарға эмпирикалық емес, теориялық методологиялық деңгейдегі жауап.

Педагогикалық процесті біртұтас объект ретінде қайда жасауға бастапты абстракция көмегімен ол жанама бөліктердің күрделену шынжыр буыны ретінде көрінуі керек. Олар арқылы объективті сол процестің өзара қарама-қайшы мәндерді шарасыз өтулері керек.



Педагогикалық процестің белгілері, сапалары мен қасиеттері. Тұлғаны қалыптастыру ұзақ процесс, ол қарама-қайшылықтарды шешумен бұл іс - әрекеттегі ересектердің мәдениеттердің заттық өзгерілген формасын субъектінің әрекеттік қабілеттеріне өзгерту (распредмечивание) мен көзқарас формасындағы адамзаттың әрекет күштері мен қабілеттерінің заттық формаға ауысуының (опредмечивание) бірлігі (Ж.М.Абдильдин). Демек, егер педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, онда педагогикалық процестің элементар бірлігі, оның «кереге көзі» бастапқы абстракция болып «қалыптасудың қас қоғым сәті» (педагогикалық ситуация) болуы керек. Нақтылы шындықтан тыс алынған педагогикалық ситуация тұлға қалыптасуының қас қағым сәті ретіндегі педагогикалық ситуация бастапқы абстракцияның көрсеткен талабына қатынасушылар, негізгі қарама-қайшылықтардың ерекшеліктеріне толық сәйкес келеді.

Бұл процестің ең кіші бірлігі, одан әрі оны тану сапалық қасиеттерін жоғалтпай мүмкін болмайды.

Педагогикалық ситуация педагогикалық шындыққа тән көп жақты болды, нақтылықтан көңіл бөлу (орыны, уақыт, себеп-салдар және пайда болуы, жағдайы, қалыптасушылардың жас ерекшеліктері, әлеуметтік жағдайы, психофизиологиялық ерекшеліктері, іс-әрекеттің мазмұны мәні тәсілі) барлық жағдайда айқын бола түседі, «қалыптасуды» қас қағым сәттің арқылы педагогикалық процесс ішіндегі тұлға қозғалысымен дамуын көруге мүмкіндік туады.

Тұлғаның қалыптасуы даму барысында негізгі қайшылықтарды жеңуге жүзеге асады. Бірақ бұл үшін, бөліну болған жөн ересектер (ұстаздар, ата-аналар) распредмечиванияның қызметін алады, яғни, әлеуметтік тәжірибеде алынған (опредмеченных) іс - әрекет тәсілдерін айқындаушы. Сонымен бірге қозғалыс формаларындағы адамзаттың әрекет күштері мен қабілеттерінің заттық формаға ауысуы (опредмечивание) жүзеге асады. Тұлғаның іс - әрекет субъектісіне алмасуы, оқушының даму процесінде қалай болатындығы көрінеді.

Белгілі бір уақытқа дейін оқушы өз бетімен әлеуметтік тәжірибиені іс-әрекетке ауыстыра (распредмечивание) алмайды, яғни мазмұннан іс-әрекет тәсілдерін ала алмайды («бұны қалай істеуге болады»). Сондықтан, ол басқа «ұстаз-оқушы» дүйесінің бөлігі болады. Оқушы өз бетімен өзін-өзі бағалауды қалыптастыра алмайды.Өзін бағалау басында оның әрекет нәтижесін басқалардың бағалауы керек. Сондықтан, оған басқа адамдармен қарым-қатынаста болу қажет. Осыдан барып басқа «оқушы-оқушылар» жүйесі пайда болады. Ол бұл алғашқы коллектив сатысы, олда оқушы білімдерді және жаңа әлеуметтік ролдерді меңгеріп дайындалады, бұл алға қойған өміріне белсене қатысуын қамтамасыз етеді (И.Кон).

Барлық мәдени байлықтарды және іс-әрекеттер түрлерін меңгеру пәндік оқыту арқылы жүргізген тиімді. Бұнымен тағы бір жүйенің пайда болуы байланысты, оған мұғалім «сынып ұстаздары» элементі ретінде кіреді. Сынып ұстаздарының балалардың бастапқы коллективі мен өзара әрекетері барысында жоғары деңгейдегі жүйе «сынып ұстаздары», «сынып оқушылары» пайда болады.

Қоғамдық өмірге оқушылардың қатысу тәжірибесін қалыптастыру, педагогикалық процестің оқудан тыс кеңістігінде көптеген іс-әрекеттер түрлерін меңгеру барлық оқушылардың өзара әрекеттерін және ұстаздар тарапынан басшылық болуын қажет етеді. Сондықтан да мектеп үшін макро жүйе «мектеп ұстаздар – мектеп оқушылар коллективі» қалыптасады. Қоғам бұл жүйеге қатысты жүйе ретінде болады, сонымен, «мектеп-оқушылар» жүйесінің өмір сүруі қызметі (жағдайының өзгеруі) мектептің педагогикалық процесі болады.

Педагогикалық процесті қысқаша абстрактылықтан («қалыптасу қас қағым сәті») бірінші деңгейдегі жүйеге «адам» көтерілу арқылы сипаттау және одан әрі одан да жоғары деңгейдегі жүйелерге көтерілу жалпы білім беретін мектептің олардың типтерінен тәуелсіз педагогикалық процестің жүйе ретіндегі бірқатар белгілерін көрсетеді:

-бұл әлеуметтік жүйе адамдардың өзара әрекеттері есебінен өмір сүреді;

-мектеп педагогикалық процесі көп деңгейлі және поли құрылымдық құбылыс, себебі ол өзінен кейінгі деңгейдегі жүйелерді жинайды;

-жүйе тек іс-әрекетпен алмасуда ғана өмір сүреді: егер ұстаздар әр түрлі іс-әрекеттер, тәсілдеріне (адам тегі күшін) оқытса, онда оқушылар, оларды меңгере отырып педагогикалық процестің белсенді қатысушылары болады, тек қана репродуктивте ғана емес, қайта құру творчестволық белсенділікке дайын болады;

-педагогикалық процесте мұғалімнің басқару объектісі оқушылардың іс-әрекеті болады;

-іс-әрекеттің барлық элементтері (мақсат, міндеттер, мазмұны және т.б.) жүйелі компоненттері, бөліктері сыңары болады, себебі іс-әрекеттің элементтерін, бөліктерін баланың меңгеруі үшін әрине, үлкендердің, ата-аналардың, ұстаздардың іс-әрекеті осыған бағытталуы керек;

-педагогикалық процестегі мұғалімнің басқару заты іс-әрекет субъектілері арасындағы қатынастар болады, олар арқылы субъектілердің өзара әрекеті мен дамуына тиімді жағдайлары қамтамасыз етіледі (біртұтас педагогикалық процестің графикалық моделін қарасаңыз).

Көрсетілген белгілер негізінде анықтама жасауғам\ болады: педагогиклық процесс оқушылардың бірлескен ұстаздардың қатысуыменжәне басшылығымен жүзеге асатын іс-әрекеті, ол әлеуметтік тәжірибені меңгеруге және әрбір оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағытталған, дамуға және өзін еңбекте және қоғамдық өмірде жүзеге асыруға дайын. Бұл анықтамадан педагогикалық процесс оқу және оқудан тыс аймақтардың бірліктігінің қажеттігі туады, ал ол оқушылар үшін тұлға қалыптасуының басты жағдайы болады және сол процестің өзінің біртұтастығын көрсетеді.

Педагогикалық процестің сапалары мен қасиеттерін қыфзмет ету жағдайларын объективті талап етеді. Сонымен педагогикалық процесс, өзін біртұтастық ретінде субъектілердің өзара әрекеттегі арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеттерін бөле көрсете алады. Егер әрбір субъектінің жетістіктері болса, онда «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің тұрақтылығымен өзін-өзі дамыту мәселесі шешіледі.



Қарама-қайшылық педагогикалық процестің қозғаушы күші. Педагогикалық процесс статикалық емес, ол «ұстаздар – оқушылар» жүйе жағдайының үздіксіз өзгеруі болады. Ал жағдай жақсы жаққа да, жаман жаққа да өзгеруі мүмкін. Оның барлығы ұстаздың белгілі бағытта қажетті жағдай жасай алуын дайындығына байланысты. Бірақ бұл деген процестің дамуына әсер ықпал ету даму барысындағы процеске тән оның сол қарама-қайшылықтардың мәнін оның қозғаушы күштері болатын түсінбейтінше ол мүмкін емес дегенді білдіреді.

Педагогика ғылымында қарама-қайшылықтардың ролін ХХ ғасырдың барлық кезеңдерінде ашып көрсетуге тырысты. Әрине, оқытудың қарама-қайшылығы басқалардан бұрын зерттеген (М.А.Данилов, М.Н.Алексеев, М.Н.Скаткин, Ю.К.Бабанский, В.И.Загвязинский). Кейбір жұмыстарда коллективтің қарама – қайшылығы (Л.И.Новикова) тәрбие процесінің (И.С.Марьенко, Г.И.Шукина, В.С.Ильин, Б.Т.Лихачев) білім берудің мазмұнындағы қарама-қайшылықтар (Г.И.Батурина) зерттейді.

Тұлға дамуындағы қайшылықтарды білу жеткілікті дәредеде әдісін біліп педагогикалық әрекеттің жұмыс жемісін жасауға мүмкіндік береді, ол оқушыларға дербес тәуелсіздікке, өз орнын табуға ұмтылушылықтағы оның формалары мен әдістерін табуға көмектеседі. Дұрыс педагогикалық басшылық жасай алынбаса қайшылық шешілмейді, тұйыққа кіргізеді, әкеледі, ол бұл әдетте қатты дау-жанжалға әкеледі, дамуда тоқтауларға әкелетін кейбір үзілістер пайда болады. Бұл құбылыстың ішінде пайда болған қайшылық оның өз ішінде шешілмейді, басқа жоғары деңгейдегі құбылыстармен байланыстары арқылы, яғни жаңа, өте күрделі даму формасы құрылуы арқылы жүзеге асады (Э.В.Ильенков). Қайшылық дегеніміз қарама-қарсылықтардың бірлігі. Егер субъектінің іс-әрекеті арқылы қарама-қарсылықтардың бір басқаға сәйкес келсе онда қайшылыұ шешіледі деген сөз. Бұл деректі анықтау қозғаушы күштерге ықпал ету әдістемесіне оқытумен тікелей байланысты.

Осы анықтамалардың көмегімен педагогикалық процестің негізгі қайшылығын шешуді қарастырайық. Кіші микро жүйеден бастайтын, яғни қатысушылар құрамы деңгейі ең аз жүйе. Оқушы өзінің тұлға ретінде қалыптасу процесінде әлеуметтік тәжірибені меңгеруі керек, ол бұл оның өз іс-әрекетінсіз мүмкін емес. Бірақ, ол іс-әрекет тәсілдерін өз бетінше меңгере алмайды тек қана басқалардың көмегі арқылы ол іс-әрекеттің субъектісі бола алады. Яғни, қайшылық «адам» жүйесінде пайда болады, ол оның жетілуі жаңа «адам-адам» жүйесінің, оған бірінші жүйе қосымша жүйе ретінде кіреді, пайда болуы арқылы шешіледі.

Ұстаз көрсетілген жүйенің бір бөлігі ретінде өзінің міндеті етіп оқушыға пайда болған танымдық міндеттер мен оның өзінің ойлау тәсілдерінің және іс-әрекеттері арасындағы, қайшылықтард он оқушы пайда болған қиыншылық ретінде субъективті қабылдайды және жеңуге көмектеседі. Бұл қайшылық әлеуметтік тәжірибенің әртүрлі саласына қатысты болғандықтан, мұғалім оқушыға әртүрлі іс-әрекеттер түрлерінің тәсілдерін меңгеруге көмектеседі, олармен көптеген ұрпақтар бойы әлеуметтік тәжірибе жасалады. Негізінен, мұғалім нақтылы кезеңдегі қайшылықтың анықталған ерекшелігіне байланысты оқушыларға өз орнын табуға керекті тәсілдерін меңгеруге көмектеседі. Демек, кең мағынада түсіндірілетін заттық (пәндік) іс-әрекет, оған мұғалімнің басшылығымен оқушы енгізіледі,-қайшылықтарды шешудің құралы болады, ал ол индивидтің субъект ретінде қалыптасуына әкеледі.

Қайшылықтар дамуының ерекшелігі мынада, мұғалім міндетті-түрде оқушының өзіндік ерекшеліктерін сол нақтылы коллективтің кіші микро топтарының ерекшеліктерін және әрбір оқушының тұлға қатынастары жүйесіндегі орнын бетке ұстауы керек балалар коллективімен оны басқарудың әлсіздігі, қайшылықтардың көп жағдайда дау-жанжалға өсуіне ұласып отырады (Ф.М.Бородин, Н.М.Коряк, М.Ю.Красовский, Р.С.Немов және т.б.). Маманданған мұғалімнің педагогикалық сауаты басшылығы пайда болып келе жатқан қайшылықтарды, тану біліктерімен байланысы коллективтегі дау жанжалдар оқушылардың өздерінің және үлкендердің азғана аралауымен шешуіне әкеледі.

Қайшылық оқушылар коллективі жүйесінде пайда болғанымен оларды шешу одан жоғары деңгейдегі «»сынып ұстаздары – сол сыныптың оқушылар коллективі» жүйеде шешілуі мүмкін. Сонымен бірге қайшылықтардың бір бөлігі пән мұғалімдерінің оқушылардың коллективтік танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысындағы күш жұмсауы барысында шешілуі мүмкін. Басқа қайшылықтарды сынып жетекшіге байланысты болады. Ол бастапқы сынып коллективіне жалпы мектеп қатынастары жүйесінде өз орнын табуға, яғни өз оқушыларының сыныптан жалпы мектеп ісіндегі әлеуметтік белсенділік кеңістігін кеңейе түсе көмектеседі.

Cонымен, мұғалім мақсатты педагогикалық процестің дамуына ықпал еткісі келсе «ұстаздар – оқушылар» жүйесіне тән бірнеше қайшылықтар тобының болатындығын қайшылықтар топтары өзара байланысты болатындығын, ал оларды шешу педагогикалық процесс субъектілерінің іс-әрекеттерін қайта құру арқылы болатындығын ескеру керек. Сонымен бірге, мұғалім өзінің әрбір нақтылы практикалық іс-әрекеттерінің қас қағым уақытта оқушы тұлғасының нақтылы даму қайшылықтарына бір ғана емес бірнеше оқу, көркем өнер, спорт және т.б. коллективтің жүйесі болатын (А.Т.Куракин), онда жетекші іс-әрекет әртүрлі қайшылықтарды шиеленістіре түсуі мүмкін. Нақтылы педагогикалық процестегі қайшылықтар оның сыртқы бетінде жатпайды. Мұғалім процесс барысында ауытқудан пайда болып келе жатқан қайшылықтарды білуді, олардың ерекшелерін анықтау үшін және осыған байланысты өз әрекетінің ұзақ мерзімдік жоспарын ал қажет болса тез шешім қабылдау үшін керекті оған сай теориялық және әдістемелік дайындық керек.

Егер мұғалім, сол нақтылы қайшылықтың басқа топтар жүйесіндегі орнын көре білсе, онда оның қабылдаған шешімі педагогикалық процестің негізгі интерактивтік қасиетін оқушы тұлғасында өзара қиылыстағы қосымша жүйелердің үздіксіз ықпалын көрсетеді. Ұстаздың басшылығымен жұмыс істейтін адамдардың әрекеттерінде қалай, болса да педагогикалық процестің-белсенділікпен қатынастың бірлігі, қосымша жүйенің қызметтік мамандануы, көп жақты қатынастардың процесс субъектілерінің өзара әрекетінің нәтижесі сияқты қасиеттері көрінеді.

Қайшылықтардың бағыттылықпен шешілуі педагогикалық процестің табиғатына сай дұрыс қызмет істеуіне әкеледі. Мұғалімнің алатын негізгі нәтижесі оқушылардың оқу және оқудан тыс кеңістікке белсенді түрде іс-әрекет тәсілдерін меңгере түсуімен байланысты, бұнсыз олардың әрекетінің дамуы мүмкін емес.



6-лекция. Педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтары

Жоспары:

1.Педагогикалық процестің заңдылықтары.

2.Педагогикалық процестің бөліктері.

3.Педагогикалық процестегі тұлғалар арасындағы қатынастар.



Қолданылатын әдебиеттер:

1.Педагогика АМУ, Педагогика кафедрасы авторлар ұжымы. –Алматы, Нұрлы әлем, 2003

2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000

3.Харламов И.С. Педагогика. –М. , 2000

4.Ильин Т.А. Педагогика. –Алматы: Мектеп, 1977

Педагогикалық процестің заңдылықтары. Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту-тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңдар, заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту-тәрбиелеу жұмысын педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістері бағыт береді.

Ұғымдардың көмегімен педагогикалық шындыққа, сонымен бірге мұғалімнің іс-әрекетінің объектісі – біртұтас педагогикалық процеске де сипаттама беруге болады. Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Заңдылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрауда болжауға болады.

Жалпы философиялық бағытта «заң универсалының қозғалысындағы пәнді көрсету» (В.И.Ленин). Заң сондықтан, мәннің нақтылы дәлірек айтқанда, танымның құрамының бірін көрсетеді, ал ол эмпирикалық деңгейден теорияға көшуге мүмкіндік береді. Педагогика тәрбие туралы ғылым ретінде дамиды, сол қоғамдық қызметіне сай биологиялық мұра болмайтын, өткен ұрпақтың әлеуметтік тәжірибенің өсіп келе жатқан мұрагерлердің меңгеруіне байланысты. Демек, тәрбиенің мәні және оның мақсаты индивидтің, адамның барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі ретіндегі қалыптасуы болады.

Педагогикалық процестің заңдылықтары ол оның мәндік ерекшеліктері демек ол тұтастықта да және жеке бөліктерде өзін көрсетеді. Бірақ, педагогикалық процестегі өзгерістері» реттеу неге сүйенгенін білу үшін құбылыстардың, бөліктердің, процестің элементтердің қалай өзара байланысқанын, қалай заңдар заңдылықтарда көрінетінін түсіну керек. Бірақта, ең алдымен, мына сұрақтарға жауап беру алдында педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымының ерекшеліктері неде деген ұғымды түсіну керек.

Мұғалімді дайындау сапасы біртұтас педагогикалық процестің әртүрлі жақтары, қасиеттерімен сапалары туралы теориялық білімдер жайында және міндеттерге қатысы бар аумағы кең кәсіби міндеттерді қолдануға дайындығынан көрінеді. Қандай да болмасын қиыншылықтарды кәсіби міндеттерді шешуде маман еңбек процесіндегі әртүрлі элементтер, бөліктер арасындағы байланыстылықты анықтай отырып, оның жалпы құрылымын көре алады деген сөз. Мұғалім үшін бұның маңыздылығы біртұтас педагогикалық процестің жүйелі – құрылымдық сипаттау алда болатын іс-әрекеттің ойша моділін жасауға нақтылы жағдайды ескере отырып, «ұстаздар – оқушылар» жүйесінің жағдайының дамуын болжауға мүмкіндік беретіндігімен анықталады.

Педагогикалық процестің ерекшеліктері оның құрамындағы бөліктерінің ішкі байланыстарымен көрінеді. Процесс (латынның ргосеззиз – қозғалыс) алға басу 1)жағдай; 2)белгілі бір нәтижеге жетуге бір ізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Көрсетілген «процесс» деген ұғымның мағынасы «ұстаздар – оқушылар» жүйесіндегі түпті мақсатқа бір ізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай әрекет істеу керектігін білу керек. Бұл сұрақтарға жауап өз тараптарынан сол байланыстармен оның болатын, өз арасындағы бар байланыстарымен және мұғалімнің педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымын білуге тікелей байланысты болатын заңдылықтарымен байланысты.



Педагогикалық процестің компененттерінің бөліктері. Педагогикалық процестің жеке дара бөліктері (компоненттері) туралы оның теориясын жасаудан біраз бұрын практикада жеткілікті дәрежеде жақсы белгілі болған. Олардың бір бөліктері (мақсат, міндеттері, мазмұны) өзгеру барысындағы қоғамдық өмірге мектептің әлеуметтік тапсырма ерекшеліктеріне байланысты қайта-қайта жаңадан қаралып жетілдіре түседі. Көрсетілген проблеманы В.Е.Гмурман, В.С.Ильин, Б.Т.Лихачев және т.б. зерттеген. Г.К.Костюк ұстаздар мен оқушыларды педагогикалық процестің бөліктеріне жатқызады. М.А.Даниловтың көрсетуінше педагогикалық процестің ішкі серпілісі оның негізгі, басты өзегі тәрбиенің мақсаты болады.

Жорамалдау бойынша, қандайда болмасын мақсатқа белгілі бір мазмұнын іс-әрекеттер міндеттерін шешу арқылы жетуге болады. Сондықтан педагогикалық процестің (әлеуметтік) бөліктеріне ұстаздарды және оқушыларды жатқызған жөн. Бұл педагогикалық процестің адамгершілік факторы болады. Олардың іс-әрекеттерінің бөліктерін (мақсат, міндеттер, мазмұны, құрал, форма, әдістер мен тәсілдер, нақтылы тапсырманың түрі, маңыздылығы олардың оқушыларды оқытудың мәнінің құрамына кіруінде. Сондықтан процестің бөліктері «ұстаздар мен оқушылар» жүйесінің құрамы және олардың іс-әрекеттерінің бөліктері болады.

Тұлғаның қалыптасуы адам тегінің (тек қана адамға тән) құралдарын, іс-әрекеттерін меңгермейінше мүмкін емес. Әлеуметтік тәжірибенің заттың өзінің жеке дара элементін адамзат іс-әрекетіне ауысуы, яғни адам өндірісте қалыптасқан іс-әрекеттті айқындау (распедмечивание). Ұстаз бұл тәжірибе қандай іс-әрекет тәсілдері арқылы жасалынғанын анықтайды. Ал индивидтің іс-әрекет тәсілдерін меңгеру сол индивид тұлғаның өзгеруіне әкеледі (опредмечивание). Іс-әрекет педагогикалық міндеттері шешу көзқарасы жағынан ықпал ету құралы болады. Туған кезінен бастап даму үстіндегі индивидтің өміріне мынадай іс-әрекеттердің түрлері жүйелі көрінеді: қарым-қатынас, ойын, еңбек, (тұрмыстық, ақыл-ой, дене өндірістік, өнер және табиғатты қорғау).

Сонымен, педагогикалық процестегі оқушылардың іс-әрекеттерін қарастыра отырып, педагогикалық мақсаттты ұйымдастылырған іс-әрекет олардың творчестволық белсенділігін қалыптастыру жағдайы болатындығына көзіміз жетті. Әдеттегі іс-әрекеттер түрлері (қарым-қатынас, ойын, еңбек) ортаның белгілі бір жақтарына бағытталған. Сондықтан педагогикалық ықпал деңгейінің қалыптасу барысындағы тұлғаның ортамен (тек қана әлеуметтік қана емес, сонымен қатар табиғаттық, материалдық, рухани) алдын-ала қойылған мақсатқа байланысты өзара әрекетін реттеу. Бізге тұлғаның қалыптасуы іс-әрекет барысында қалыптасуындағы, іс-әрекет қандай болса тұлға да сондай. Әртүрлі жас ерекшелік кезеңдерінде бірғана іс-әрекет маңызды болып қалмайды, іс-әрекеттің маңызын барлық адамның саналы өмір кезеңдерінде байқайды.

Жоғары айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады.

-қандайда болмасын аяқталған салыстырмалы мектеп жұмысының формасы болатын уақыт жағынан шектелген педагогикалық процесте (сабақ, экскурсия, мектеп кештері және т.б.) жұмыс міндеттерін туатын педагогикалық ықпал етудің әртүрлі құралдарының қарым-қатынас, еңбек, ойын тәсілдері және т.б. объективтік алғы шарттарын көруге болады;

-комплексті түрде педагогикалық ықпал ету құралын қолдану мақсатпен міндеттерді мұқият үйлестіруді жұмыстың барлық ауыртпалығының ортасын негіздеу, демек жетекші, негізгі, өзекті іс-әрекетті анықтауды талап етеді;

Бірақ мұғалім барлық оқушыларды іс-әрекетерген қосудың барлық мүмкіншіліктерін қолдануға қызықпауы мүмкін емес сонымен бірге ол оқушылардың нақтылы өзара әрекеттерін қамтамасыз ету керек. Демек, барлық бұрын педагогикалық ықпал ету құралдары туралы айтылғандар педагогикалық процестегі нақтылы жұмыстың формасы оған қатысушылардың өзара әрекеттерін ұйымдастырудың ерекшеліктерін көрсетеді деген қорытынды жасауға негіз болады. Бірақ қалай болса солай еркін, формалды немқұрайды таңдау жайды егер бұрынғы бөлшектермен байланысты болмаса (мақсат, міндеттер, мазмұны және іс-әрекеттер түрлері) әдетте анықталмайды.

Біршама консервативтік болғанмен яғни уақыт өткен сайын аз өзгеретін таңдап алынған жұмыс формасы қойылған міндеттерді шешуге белгілі бір әдіс, тәсілдерді қолдануды талап етеді. Нақтылы педагогикалық процесте бұл әрқашанда нақтылы тапсырмаларды (жүктелген, міндет, іс) орындаумен байланысты. Ұстаз үшін «еңбек затын» ол үшін оқуеңбектің мазмұны болады оқылатын материалды меңгеру үшін оқушылардың танымдық іс-әрекет тәсілдерін және ұйымдастыру ерекшеліктерін білу.

Оқушылар үшін таным іс-әрекетінің, (еңбек құралдары) әдістер мен тәсілдер олардың оқи алуы үшін, енді үйренуге керекті заттар. Сонда ғана олардың педагогикалық процестің оқу және оқудан тыс аймақтарына белсенді қатысу мүмкіншілігін шындыққа айналдырады. Сондықтан, егер формада (өзара әрекеті ұйымдастыру) ынтымақтастықтың объективті алғы шарты ішінде болса, онда олар балардың іс-әрекетінің әдістері мен тәсілдерін меңгеру арқылы белгілі бір жеке алынған әрбір оқушыға немесе топқа арналған мұғалім тарапынан немесе коллектив атынан берілген тапсырмаларды орындауда жүзеге асырылады. (Котов В.В., Лийметс Х.И., Дежникова Н.С., Первин И.Б., Хан Н.Н.)

Педагогикалық процесс компоненттерінің ерекшеліктерін талдау олардың арсында ішкі бірліктері мен өзара байланыстылығының бар екендігі көрсетіледі, оны ескерілмейінше педагогикалық процестің жүйе ретіндегі құрылымы туралы мәселені шешу мүмкін емес. Бұл әрине бөліктер арасындағы байланыстар анықтаумен бірге, белгілі бір нәтижеге әкелетін, яғни процеске тән заңдылықтарды ақылы білім жағдайларды да анықтауды шамалайды.

Педагогикалық ғылымда ХХғасырдың, 20-шы жылдарында тәрбиенің заңдылықтары, зерттеле бастады (Гончаров Н.К., Колашников А.Г., Грехтенберг С.В.) Біршама кейін педагогикалық процестің оқудан тыс уақыттарды (заңдылықтарды зерттеуді), (Болдырев Н.И., Шукина Г.И., Петухов Н.Н.) және оқу процесінің (Загвязинский В.И.). ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында пайда болған жұмыстарда толық шолу жасалынғанымен біртұтас педагогикалық процестің заңдылықтарына шолу жасалған (И.А.Данилов, Ю.К.Бабанский, Б.Т.Лихачев, В.А.Сластенин).

Заңдылықтар педагогикалық процестің ішкі және сыртқы байланыстарын көрсетеді, олар өз арасында жеткілікті дәрәжедегі күрделі байланыстарын құрайды. Сондықтан, егер ұстаз нақтылы педагогикалық процесс негізгі жағдайда заңдар мен заңдылықтарды ескермей ұйымдастырса, бұл ең ақырында оқу-тәрбие жұмысының сапасынан бағалауына әкеледі.

Барлық педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтарын айқындалғандарды ескере отырып, баланың тұлға ретінде дамуының тиімді жағдайын нақтылы әлеуметтік – экономикалық жағдайларда өзіндік дамыту және өз орнын таба алу қабілетін қамтамасыз еткізетін мұғалімнің басшылыққа алуға тиісті сол анықтамаларды принциптері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет