Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі оңТҮстік қазақстан облыстық білім басқармасы



бет8/20
Дата22.11.2019
өлшемі1,15 Mb.
#52271
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
1 лекция Педагогика


13 лекция. Азаматтық тәрбие

Жоспары:

1.Азаматтық тәрбие және ұлтаралық қатынастар мәдениеті.

2.Праволық мәдениетті қалыптастыру.

Қолданылатын әдебиеттер:

1.Педагогика АМУ, Педагогика кафедрасы авторлар ұжымы. –Алматы, Нұрлы әлем, 2003

2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000

3.Харламов И.С. Педагогика. –М. , 2000

4.Ильин Т.А. Педагогика. –Алматы: Мектеп, 1977

Азаматтық тәрбие және ұлтаралық қатынастар мәдениеті. Адам өміріндегі тәрбиенің ең негізгі жан-жақты түрі болып саналатын – азаматтық тәрбие. Азаматтық тәрбие – бұл мемлекетке қажетті мүшелердің, сапаны, нақтырақ айтсақ: саяси мәдениетті, құқықтық мәдениетті, сонымен қатар патриоттыққа және ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру бойынша тәрбие жұмысының жүйесі. Саясат, азаматтық, патриоттық бұлар бір-бірімен тығыз байланысты, осыларға рет-ретімен тоқталайық.

Саясат – үкіметтің, тұрғындар тобының, жеке адамның, мемлекетпен басқарылатын өнердің, соның ішінде заңдар жинағының көмегімен реттелетін әрекеттердің өрісі. Бұл әркімге қатысты, өйткені, білім беретін оқу орындарының түлектері азаматтық түсінікті, саяси және құқықтық мәдениетті меңгеруі қажет.

Азаматтық мәдениеттің мазмұны берілген мағлұматтар, өте кең, солардың бірнешеуін келтірейік: азаматтық қоғам, азаматтық тәртіп, мемлекет, өкімет, жариялылық, адамның құқығы мен бостандығы және т.б.

Азаматтық мәдениеттің құрылымында 3 элемент белгіленген: білім, қатынас бағалары, тәртіп. Демек, бұған кірмейтіндер, саясат пен заң, және саяси өміріне саналы қатынас, саяси өмірге қатысу, белсенді азаматтық позицияны иелену, заңға бағынатын азамат болу, мемлекеттің заңдарын сақтау аймағындағы білім. Бұлар азаматтық тәрбиенің міндеттерін анықтайды.

Мектеп және мұғалімдер жастардың азаматтық және саяси белсенділіктерінің қалыптасуына, мемлекеттің өміріне қатысуға жасөспірімдердің талпынуына мүмкіндік туғызуы қажет. Жалпы білім беретін мекемелерде осы міндеттерді шешудің түрлі тәсілдері болады, барлығынан бұрын қоғамдық пәндер бойынша сабақтар: азаматтану, тарих, қоғам тану. Қазіргі кезде мектептерде көптеген әртүрлі оқулықтар, құралдар, бағдарламалар бар.

Үкіметтің түрлі аспектілі жұмыстарына қоғамдық инстанцияларға оқушылар мен білімгерлерді саяси, өкіметтік, заң мекемелеріне әкелуге болады. Барлық мұғалімдер жергілікті басқару органдарына, милицияларға балалар бөлмесіне, заңды бұзған жасы толмағандар үшін тұтқынға алынған орынға саяхат жасау тәрізді тәрбиенің осындай тәсілдерін аз қолданады.

Оқушылар мұғалімдермен бірге саяси немесе қоғамдық акцияларға қатысса, азаматтық мәдениетті қалыптастырудың пайдалы тәсілі оқушыларды қоғамдық өмірге қатыстыру болып табылады. Азаматтық әдеттерге төселдіруде оқушының балалар қозғалысы мен ұйымдарына қатысуына, сонымен бірге жалпы білім беретін мекемелердегі оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымына мүмкіндік туғызады.

Оқушылар мен білімгерлердің өзін-өзі басқаруын педагогикалық ұжым шын мәнінде олардың міндеттерінде оларға ортаны белгілеп, оқушының өзін-өзі ұйымдастыруын ерсі әзілге айналдырмау шарты арқылы азаматтық белсенділіктің ең керемет мектебі деп санауға болады.

Патриоттық тәрбие – ұлы педагогтің және мектептің міндеттері үшін дәстүрлі.

Патриотизм-бұл «адамгершілікті және саяси принцип, әлеуметтік сезім». Ұлы Отанға деген сүйіспеншілік, оған берілгендік оның бүгінгісі мен бұрынғысына құрмет, Отанды қорғауға деген талпыныс болып саналады. Демек, мектепте патриотизм тәрбиесі бойынша жұмыстың мазмұны оқушымен тарихты, өзінің мемлекетінің, халқының мәдениетін сақтаудағы қызметті үйрету болып табылады.

Отан сүйгіш болу үшін тек қана ұлы адамдардың қабіріне деген махабатты сақтау емес, өзіңнің мәдениетіңді, тіліңді қорғау және оны білу.

Өзінің мемлекетінің кедейлену жағдайына бар жан тәнімен жаны шауы, оның қазіргі кездегі проблемасын халықпен бірге шешуге қатысуға талпынса, кейде және бұған қарсы А.Сахаров және басқалар істегендей. Онда ол отан сүйгіш болып саналады. Тағы да М.Лермонтов өзінің ұлы Отанға деген махаббатын таңғаларлықтай атады, өйткені ол одан құлдық мемлекетпен, үстемдік мемлекетін жек көрді. Байқасақ, міне бұл азаматтық ерлік, азаматтық тәртіп пен сезім – Отан туралы ащы сөз айту және оны жақсы етуге талпынту. Сондықтан мектептің міндеті – Отанға деген сүйіспеншіліктің мәнін, патриоттық сезімді және тәртіпті айқындау, шовинизм ешбір басқа да мәдениетті, халықты жек көруді тоқтату, өкінішке орай, советтік кезеңде патриоттық тәрбиені басқаша мадақтау сияқты түсінді. Отанға деген сүйіспеншілік тәрбиесі әскери тәртіпке алып бармау қажет, отанға деген сүйіспеншілік – азаматты қабілетті де және Отанды қорғайтын адам етіп тәрбиелеу қажет және де халықтың жақсы тұруына жағдай жасайтын мемлекет ішінде күрестер болуы қажет.



Провалық мәдениетті қалыптастыру. Біз айтқандай, азаматтық тәрбиенің құрамды бөлігі провалық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Провалық мәдениет – бұл провалық жүйені, негізгі заңдық нормаларды, провалық нормаларды сақтауға талпынып, Отанның заңдарына бағынатын азамат болу туралы білім. Провалық тәрбиенің негізгі міндеті жастар мен жасөспірімдердің провалық сауаттылығын қалыптастыру болып табылады: заңдар қолдауымен провалық нормаларды қолданады және де осы нормаларды бұзу заңдық жауапкершілікке әкелетінін олар білу қажет. Сондықтан жанұяда, мектепте жасөспірімдерді тек қана заңдармен ғана емес міндетті түрде оларды жиі бұзатын нормалармен таныстыру керек. Мектеп және басқа да білім беретін мекеме жастарға қажетті провалық білімді сабақта және басқа да сабақтан тыс жұмыстарда да береді.

Оқушылар есею мүмкіндігінде қоғамдағы тәртіп-ережені, өзінің сыныптағы міндеттерін орындауға үйренеді, мектептің ережесіне, мектеп уставының талабына бағынуға үйренеді. Бұл оларда пәнді, өзін-өзін бақылауға деген дағдыны кеңейтеді. Әрине, мекеменің оқу-тәрбие жұмысы жоғары қойылған сайын, оқушылардың провалық мәдениеті жоғары азаматтық және провалық саналылық және жауапкершілік адамгершілікпен өте тығыз байланысты екенін білуі қажет: провалық норманың бұзылуы барлығынан бұрын сәтсіз адамгершілікті даму жағдайында болады, адамгершілік нормаларын бұзудан кейінгі келесі сатысы болып саналады.

Провалық тәрбиені жүзеге асыруда, мұғалімдер, тәрбиешілер, ата-аналар проблемаларының қиындығы мен өткірлігін, яғни 2 сөзбен атауға болатын: жастардың қылмыстылығын ұғынуы қажет. Бұл сөздің астарында тек педагогикалық проблема комплексі тұрған жоқ. Бұл проблемалар әлеуметтік және мәдени саяси қамқорлық пәнін құрап, олар байсалды әлеуметтік бағдарламаларды, дегенмен, мектептің жауапкершілігінде мұндағы жастардың азаматтық мәдениетінің қалыптасуы үшін педагогтар мен жұмысшылардың әрекетінің жақсаруы мен ұлғаюын талап етеді.

Жұртқа мәлім, берілген сұрақ бойынша меңгерілген білім қасиеттерге сәйкес келетін ой шабыты мен тәртіпті барлық уақытта анықтай бермейді. Бұнда бұл білім қандай өлшемде оған жекелік мағынаға оның эмоционалдық уайымнан өтіп, оның әрекеті мен қылықтарының басқарушы принциптеріне айналуына байланысты.

Жеке жоспарда бұл принциптер немесе мотивтер, әрекет пен тәртіп, оқушыларда отанға деген сүйіспеншілік пен ұлтаралық қатынас мәдениетін құрайтын тәрбиенің негізгі міндеттерін қалыптастыру көзқарастар мен сенімдер формасына ие болады.

Бұл процесс әдістемелік көптеген қиындықты көрсетіп және біраз практикалық қиындықтармен кездесіп отырады. Оның құрамды элементтерімен келесілер: отанға деген сүйіспеншілік пен ұлтаралық қатынас мәдениеті идеясын меңгеру бойынша оқу-тәрбие әрекеті жүйесінде оқушыларда терең эмоционалдық уайымдауды өршіту, өте терең патриоттық сеніммен жағымды мысалдарды шебер қолдану және оқушыларды қарастырылған сұрақтарға тереңірек ойланып айтуға мүмкіндік туғызатын, дисскусиялық жұмыстың түрлі формаларына қосу. Дәл осындай бағытта мектептерде берілген мәселелерді шешу бойынша тәрбие жұмысы жүзеге асады.

Мектептегі мағыналы да эмоционалды қызған түрде өтіп жатқан тарих сабағының тақырыбы «Қырым соғысы» Орыс армиясындағы офицерлердің отанға деген сүйіспеншілігіне көңіл аудара, мұғалім, оқушының назарын олардың шексіз берілгені мен батырлықтарына аудара келе, олардың ерліктері жөнінде нақты мысалдар келтіреді. Вице-адмирал В.А.Карнилов туралы айта келе, оның солдаттар мен матростарға айтқан ұраны: «Балалар, кейін шешуге болмайды: біздің артымызда теңіз, алдымызда – дұшпан. Естеріңде сақтаңдар – шешінгенге сенбеңдер».

Үлкен әсермен 10 сыныптарға дұшпанымен берілмей соғысқан, беріліңдер дегенге әрдайым қарсы жауап бергендігі туралы генерал Юферова ерлігін әңгімеледі. Орыс генералдың фамилиясын білуге талпынып, француз қолбасшысы Мак-Магон: Дереу сол батырдың аты-жөнін білу керек. Сол сияқты өлім, сондай есімдер – бүкіл әлемдік тарихи игілік; оларды қорғаушылар тобына жататындар, сол халықтық есте қаларлық оқиғасын олар үйрену керек, деп айтпай-ақ қояйын» деген.

Патриоттық көзқарастар мен сенімдерді қалыптастырудың пайдалы әдістемелік тәсілінде оқушылар отанға берілгендіктің дұрыс үлгілерін қолдануда белгілі қоғам қайраткерлері, жазушылар, батырлар болып табылады. Белгілі француз ағартушысы Шарль Монтескье; «Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігіне дағдыландыру өте жақсы тәсіл, бұл нәрсе сүйіспеншілігі әкесінен берілсін» -деп атап көрсеткен. Бұндай тәсілді оқушылар сол және басқа да жазушылардың өмірі мен шығармашылық жолын оқығанды, көбінесе әдебиет пәнінен беретін мұғалімдер қолданады.

Оның шығармаларының адамгершілікті әдемілік пен отанға деген сүйіспеншіліктің қайнар көзін түсіну үшін, оқушыға оның дүниетанымы, творчестволық жекелігі, азаматтық позициясы қалай қалыптасқындығын терең ұғыну қажет. Мұғалімдер оқушының танымдық әрекетінің активтендіруі оларды отанға деген сүйіспеншілік пен ұлтаралық қатынас мәдениеті идеясын терең ұғынуға талаптануына шек қоймайды. Осындай сапалы көзқарастар мен сенімдермен байланысты тәрбие үшін пікірлер таласы бойынша оқушылардың өз көзқарасында қалуынан ситуацияның пайда болуы, өзінің көзқарасының пайда бола бастауы процесінде өзінің ішкі позициясын қайрауы мен нығайтуының үлкен мәні бар. Осындай мақсатпен әдебиет сабағында, мысалы: мұғалімдер оқушыларда түрлі пікірлер мен кішігірім дискуссия пайда болатын проблемалы сұрақтарды қолданады.

Мұғалімдер оқушыларға мынадай сұрақтармен: «15-16 жаста шын патриот болуға бола ма?», «Өзіңді патриоттық ерлікке дайындауға бола ма?» «Ұлтаралық қатынас мәдениеті ұлтшылдық пен шовинизмнен қалай ажыратылады?» және т.б. Әрине, сол сияқты дискуссиялар мен диспуттар ұдайы жиі жүргізіле бермейді. Олардың әрқайсысы оқушыларға ұмытылмайтын жағдай болып, олардың санасында тереңірек сақталып, олардың сезімдеріне тисе, оларға жоғары мағыналық беруде, ұқыпты дайындау қажет. Көзқарастар мен сенімдер орнықтылық пен беріктікке жетеді.Қоғамдық мәнді жұмыстар мен қылықтарда сәйкес келуде іске асатын тек сол сенімдер жеке тұлғаның моральдық бағыттылығын әрекетті түрде анықтайды.

Бұл оқушыларда отанға деген сүйіспеншілік сезімі мен ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын тәрбие жұмысының ұйымын талап етеді.


14 лекция. Экологиялық тәрбие

Жоспары:

1. Экологиялық тәрбиенің мәні және оның мазмұны.

2.Экологиялық тәрбиенің негізгі әдістері мен тәсілдері.

3.Экологиялық тәрбиеге байланысты сыныптан тыс жұмыстар.



Қолданылатын әдебиеттер:

1.Педагогика АМУ, Педагогика кафедрасы авторлар ұжымы. –Алматы, Нұрлы әлем, 2003

2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000

3. Педагогические основы подготовки учащихся к охране природы в системе общего среднего образования Н.С.Сарыбеков Жамбыл, 1993

4.Қазақ халқының табиғат қорғау дәстұрлерi Н.С.СарыбековМ.Н.СарыбековК.Д.Н.Сарыбеков Алматы, Рауан, 1996

Экологиялық тәрбиенің мәні және оның мазмұны. Адам баласының өмір сүру ортасы – табиғат әлемі. Сондықтан да ол оның біртұтастығының сақталуына, тазалығына, үйлесімділігінің болуына және ондағы биологиялық өзара қарым-қатынасы мен тепе-теңдіктің бұзылмауына мүдделі. Сонымен бірге адам баласы өзінің қайта жаңғырту белсенді әрекетімен қатар, ондағы табиғи процеске араласады, оларды бұзады, табиғат байлығын өз қажеттігіне пайдаланады. Егерде оның бұл әреукеті қадағалаусыз болып,ол экологиялық заңдылықты ескермесе, онда адам баласының өміріне қатер төніп, табиғаттағы биологиялық теп-теңдік орны толмас зардапқа әкелуі мүмкін. Сондықтан да экология бір жағдайда қоғамдық, ал екінші жағдайда аумақтық көлемдегі маңызды мәселе. Ол үшін жекелеген әрбір ел өзінің аумағындағы қоршаған ортаны сақтауға аса жауапкершілікпен көңіл бөлуге міндетті:ауаның таза болуын қадағалау, орман, тоғайды құртып, жойып жібермеуді болдырмау, сол үшін де күресу, өзен, көлдердің ластанбауын, жер қыртысын сақтап, оны орынды пайдалануға ықпал ету т.б.

Адам баласы үшін табиғат-таным және эстетикалық қарым-қатынас нысанасы. Эстетикалық тұрғыдан жетілген ондағы құбылыстар, эстетикалық тұрғыдан дамыған адамға терең рухани ләззат береді. Оның құпия тылсым сырына терең бойлап, ғылыми дүниетанымның қалыптасуына ықпал етеді. Осыдан барып адамның экологиялық мәдениетінің негізін қалайтын жалпыға бірдей міндетті бастауыш эклогиялық білім және тәрбие беру қажеттігі туындайды.

«Экология» ұғымын тұңғыш рет 1866 жылы неміс биологы Э.Геккель қолданды. Бұл ұғым гректің «ойкос» (үй немесе тұрғын үй) және «логос» (ой), яғни, «тұрғын үйді ойлау» деген ұғымнан пайда болса керек.

Қазіргі кезде «экология» ұғымына анықтамада:

Экология – организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара қарым-*қатынасын зерттейтін ілім.

Экология – жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдердің өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биологияның құрамдас бөлігі.

Экология – тірі организмдердің тіршілік ортасымен арақатынасын зерттейтін биологиялық ғылым.

Олай болса, «экология» қоғамдық сананың формасы ретінде жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесінің ішкі өзара әрекеттесуін және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасының заңдылығын зерттейтін биология ғылымының құрамдас бөлігі.

Экология саласындағы қордаланған өзекті мәселелерді шешу, ең алдымен адамның оған қатысты экологиялық санасын қалыптастыруды қажет етеді. Экологиялық санаға экологиялық білім жатады: фактілер, деректер, жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі және олардың өмір сүру ортасы жайында, жалпы қоршаған ортада болып жатқан құбылыстардың өзара қарым-қатынасының қорытындысы мен талдауы. Эстетикалық сезім және экологиялық жауапкершілік оның құрамдас бөлігі болып табылады. Олар адам баласын табиғатты сақтауда қырағы болуға түрткі болады, табиғи сулар, жер қойнауын, атмосфера және орман, тоғайларды өндіріске пайдалануда келеңсіз оқиғаларға тап келуін болдырмауды алдын-ала ескертеді.Адамнан табиғатты пайдалануда ондағы экологиялық ойлау қабілетініңжоғары болуын талап етеді. Ол өндірістік және ауылшаруашылық нысандарды құруда экологиялық білімді нәтижелі қолдану барысында және табиғатқа кері әсерін тигізетін өндірістегі кейбір технологиялық процестерге шығармашылықпен қарым-қатынас орнату барысында пайда болады.

Адамның экологиялық санасына тағы да оның табиғатты және қоршаған ортаны қорғау заңдылығын бұзғандармен өздік қалауы бойынша белсенді күрес жүргізудегі талпынысы немесе әрекеті жатады. Сондықтан да экологиялық сана қоғамдық сананың формасы ретінде маңызды қызмет атқарады.

Ағартушылық қызметі. Ол оқушыларға табиғатты адамның өмір сүру ортасы ретінде және эстетикалық тұрғыдан жетілуіндегі оның маңызын түсінуге көмектеседі.

Дамытушылық қызметі. Ол балаларды экологиялық құбылыстарды ұғыну, табиғат жағдайына талдау жасау, табиғатпен ақылға сиятындай орынды қарым-қатынас жасау біліктілігін қалыптастыру поцесінде жүзеге асады.

Тәрбиелік қызметі. Ол оқушыларда табиғатқа адамгершілік және эстетикалық қарым-қатынасты қалыптастыруда көрініс береді. Олардағы жауапкершіліксезім мен борыш органикалық тұрғыда ақиқат өмірдің ұлылығын және сұлулығын шаттана сезіну барысында бірлікте жүзеге асады. Бұл оқушыларда табиғатты қорғау әрекетін жандандыруға түрткі болады. Туған табиғатты терең білу, оған деген махаббат сезім патриоттық сезімді байытады және нығайтады.

Ұйымдастырушылық қызметі. Ол оқушыларда табиғатты қорғау әрекетін ынталандыруды көздейді.

Алдын ала болжау қызметі. Ол балаларда адамның табиғатқа жасаған қайсыбір әрекетінде мүмкін болатын зардаптарын немесе экологиялық процестердің бұзылу жағдайының неге алып келетінін, ол үшін қандай шараларды ұйымдастыру қажеттігін алдын ала болжай білу біліктілігін тәрбиелеуді немесе дамытуды көздейді. Экологиялық алдын ала болжау халық шауашылығын сауатты жоспарлауға, өндіріс күштерін тиімді орналастыру және дамытуға сөзсіз кепілдік береді.

Нәтижесінде экологиялық сана болашақ қоғамның құрылысшыларын оның орман, тоғайын, жер, суын, қазба байлықтарын сақтап, дамытуда және бейбітшілкке , өмір сүре білуге, жер шарында барлық тірі жанды жойып жіберетін атом соғысын болдырмауға күресуге шақырады.



Экологиялық тәрбиенің негізгі әдістері мен тәсілдері. Экологиялық сана экологиялық білімнен тұрады. Ол оқушылардың дүниетанымның аса маңызды құрамдас бөлігі ретінде экологиялық тәрбие процесінде қалыптасып, дамиды. Сонымен бірге экологиялық сана тек әрекет ету барысында қалыптасады. Сондықтан да ол балалардың экологиялық білімін және тәрбиесін дамытуға бағытталған жүйелі педагогикалық әректтің нәтижесі болады.

Экологиялық білім берудің біртұтас жүйесін қалыптастыру – Қазақстанда білім берудің жаңа жүйелері мен әлемдік стандартқа сай мемлекетік оқу жоспарын жасау, оларды қаржыландыру, экологиялық білім беретін ұстаздарға қамқорлық жасау, мектеп алдындағы экологиялық білім мен тәрбиенің кезек күттірмес өзекті мәселесі.

Экологиялық тәрбие экологиялық білім берудің құрамдас бөлігі.

Экологиялық тәрбие – табиғаттың барлық субъектілеріне қатысты ізгілікті, қайырымдылықты, парасаттылықты қалыптастыруды көздейді.

Экологиялық тәрбие – бұл тек «жұлуға болмайды», «ластауға болмайды» деген жалаң ұран, үндеу тастау немесе тәртіпке шақыру ғана емес, сонымен бірге не себепті олай етуге болмайтындығын түсіндірумен байланысты жүзеге асады.

Қазіргі кезеңде адам баласының табиғатқа деген парасатсыз әрекеті барысында әлемде көптеген апат жағдайы белең алуда. Сондықтан экологиялық апат қаупінің алдын алу, жедел табиғатты қорғау жұмыстарын жүргізу көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр. Ол үшін, оқушыларға «экология» туралы түсінік бере отырып, табиғаттың, қоршаған ортаның адамзат өркениетін сақтаудағы маңызын ұғындыру, осы бағыттағы олардың әрекеттерін үздіңксіз табиғаттықорғау жұмыстарымен ұштастыра жүргізу қажет. «Егер жасөспірім өзінің ертеңгі күні, өзімен бірге достары және жақындарының бақыты ауаның, судың тазалығына бай ланысты екенін түсінсе, жасыл желек пен ағын суды таза ұстауға көмек тигізсе, ол табиғатты қорғаушылар қатарында болғаны».

Өмір бізге 7 түрлі экологиялық мәселелерді қойып отырғанын естен шығармауымыз керек:

-азық-түлік мәселесі;

-энергия мәселесі;

-ресурстар мәселесі;

-демография мәселесі;

-генефон мәселесі;

-биосфера мәселесі;

-адам денсаулығы мәселесі.

Бұл мәселелерді шешуде тек әлемдік қауымдастық күштерінің бірлігі арқасында ғана атмосфераның тазалығын сақтап, әлемдік мұхиттың лайланып, жер бетінің қазба байлығын пайдалануды реттей отыра, табиғатты апаттық жағдайдан жойылып кетпеуін қадағалауға болады.

Бүгінде табиғат байлығын молайту, қорғау бағытындағы түйінді мәселелер жеткілікті және ол бүгін-ертең шешіле салмайды. Сондықтан, Қазақстанда жалпы білім беру жүйесінде жас түлектер мен жастарға нәтижелі экологиялық тәрбие және білім беру қазіргі таңда көкейкесті мәселе болып отыр. Дегенмен, Қазақстан Республикасының Ата заңының 38-бабында атап көрсетілгендей: «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарын ұқыпты қарауға міндетті».

Экологиялық тәрбиенің мақсаты оқушылар бойында экологиялық білім, көзқарас, сенім жүйесін қалыптастырып, сол арқылы олардың табиғатқа, қоршаған ортаға парасаттылық, жауапкершілік қарым-қатынасын жан-жақты қалыптастырып, дамыту.

Экологиялық тәрбие мен білім беру – табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда белсенді әрекет жасай алатын жеке тұлғаның экологиялық сенімін қалыптастырып, белсенділігін көтеру. Сондықтан, экологиялық білім беру оқушылардың табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырудың негізі болса, әр түрлі формаларда жүргізілетін эклогиялық тәрбие жұмыстары жеке тұлғаның эмоциялық-сезімдік әлеміне бағытталады, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін тәрбиелейді.

Жалпы бұл бағытта табиғат әсемдігін түсіну арқылы адамдықтың жаңа сапаларын қалыптастырудың маңызы ерекше. Бала табиғатты сұлу және нәзік түрінде қабылдауы тиіс.Ол үшін экологиялық тәрбие процесінде әсемдік жайлы жан-жақты білім беріліп, адам баласының шығармашылық мүмкіндігі туралы сенімдерін қалыптастырса үлкен маңызға ие болуы тиіс. Экологиялық тәрбие мақсатты түрде оқыту процесінде жүзеге асады. Ол көпсатылы процесс. Оны кешенді тұрғыда жүйелі түрде жүргізу қажет.

Біріншіден, адамның, қоғамның табиғатқа әсер ету ортасындағы білімнің ғылыми жүйесін қалыптастыру. Екіншіден, жеке тұлғаның адамгершілік дүниетанымын тәрбиелеу. Үшіншіден, экологиялық іс-әрекетте білім мен тәрбиенің жүзеге асуына ықпал ететін жан-жақты фарторларды қарастыру.

Мектепте экология пәнін оқыту – экологиялық және әлеуметтік мәселелердің мәнін түсіндіруге, қоршаған орта мен адам арасындағы өзара байланыстың дамуына талдау жасауға үйретеді. Нәтижесінде олар адам мен табиғат арасында тығыз байланыс бар екенін түсініп, адамның табиғатты орынды пайдалану мәселесімен біртіндеп танысады.

Экологиялық білім мен тәрбие беру «Табиғат – адам – қоғам» жүйесіндегі қарым-қатынасты оқушылардың ғылыми негізде игеруін қамтамасыз етуді көздейді. Соған орай экология сабақтарының негізгі мақсаттарының бірі – оқушылардың экологиялық санасын көтеру, ақыл-ой қабілетін дамыту, теориялық білімдерін іс жүзінде танысу, қоғамдық пайдалы шараларға қатысады.

Оқушылар әртүрлі пәндерді оқу нәтижесінде де экологиялық білімдерін байытады. Ол үшін экологиялық тәрбиені табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесуін оқушылардың ғылыми негізде игеруімен байланысты жалпв білімнің элементі (бөлшеге) ретінде қарау қажет. Соған байланысты мектепте білім беру жүйесінде экологияның түрлі мәселелерін пәнаралық байланыс негізінде қарау тиімді.

Экологиялық тәрбиеге байланысты сыныптан тыс жұмыстар. Экологияны оқыту мәселесі негізінен білім берумен бірге тәрбие беру процесімен бірлікте қарастыру қажет. Сабақ барысында экологиялық тәрбиелеудегі мақсат – қоршаған ортаға жауапкершілік сезімді, оны қорғауға және жағдайын жақсартуға, ол үшін практикалық әрекетке дайын болу, экологиялық білімді насихаттауға балаларды тәрбиелеу.

Экологиялық білім:

-әртүрлі экологиялық мәселелерді талдау (ғылыми, идеалдық, адамгершілік, эстетикалық, экономикалық);

-пәнаралық байланыс мазмұнына ұғымдарды енгізу (адамның денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау, ортаның жағдайын, сапасын қадағалау, салауатты өмір салтын насихаттау, қоршаған орта және адамның денсаулығын сараптау);

-экологияның іргелі ұғымдарының басқа ғылым салаларымен байланыста болуы.

Бастауыш сыныпта мұғалім оқушыларды табиғаттың әсемдігі, оның адам баласы үшін маңыздылығы мен құндылығы жайында көзқарастарын орнықтырып, оған ұқыптылықпен қарым-қатынасын тәрбиелейді.

Негізгі сатыда:

-көркемсурет және табиғат;

-музыка және табиғат;

-әртүрлі тарихи дәуірдегі табиғат көріністері туралы мәселелер қаралады.

Жоғары сыныпта:

-өркениеттілік жағдайында ең негізгі экологиялық қарама-қайшылықтар;

-қазіргі экологиялық мәселелердің шиеленісу себептері;

-елдегі экологиялық мәселелерді әртүрлі жолдарын табу;

-қоғам мен табиғат арасында үйлесімділіктің болуы секілді мәселелер қароастырылады.

Экологияны оқыту процесінде күнделікті өмірмен, жағдаймен байланыстыра жүргізудің де маңызы ерекше. Ол үшін оқушыларды өзі өмір сүріп отырғант нақты аумақтың, өлкенің экологиялық жағдайымен бірінші кезкте таныстыру керек.

Қоршаған ортаға қатысты қандай да бір мәселе болмасын ол ұжымдық сипатқа ие болады. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау, яғни ол адамдардың тікелей бір-біріне деген қарым-қатынасын білдіреді.

Оқушылардың экологиялық тәрбиесінде олардың сабақтан тыс қоғамға пайдалы істері де маңызды қызмет атқарады. Олар оқушыларды табиғатты қорғауға үйретеді. Онда балалар ауа, өзен, көлдер мен демалыс орындарының санитарлық экологиялық жағдайын қадағалайды; браконьерлермен күресуде орман, тоғайды қорғау және аң аулау мекемелерінің қызметкерлеріне қолғабыс етеді.

Табиғат құбылыстарын және өмірді дұрыс қабылдай білуге тәрбиелеуде оқушылар арасында экологиялық тәрбиені насихаттау, ол үшін жерді, суды ұқыпты пайдалану жөнінде конкурстар, құстарды қарсы алу жөнінде шаралар өткізу орынды.

Жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда үйірме жұмыстары, семинарлар, баспасөз мәслихаттары, дөңгелек үстел эклогиялық тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың қайнар көзі болып табылады

Балалардың табиғатты қорғау әрекетінде өлекетану-туристік жұмыстарының да маңызы ерекше. Бұл бағытта ол оқушыларды өзінің тұрғылықты мекеніндегі табиғат жағдайларын жетік білуге, демалыс орындарында және орман, тоғайларда белгілі бір ережелерді сақтауға үйретеді. Сонымен бірге экологиялық тәрбиеде бұқаралық ақпарат құралдары да маңызды қызмет атқарады. Балалар мен жастар әдебиеті мен газет, журналдары экологиялық сананы тәрбиелеуде, табиғатқа ұқыпты қарым-қатынас орнатуға көңіл бөледі. Радио және көгілдір экрандардан берілетін хабарлар, дәрістердің көмегі үлкен. Олар жануарлар мен құстарды қорғау, үй жануарлары мен өсімдіктерді баптап, күтуді түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады.

Осындай экологиялық шараларды ұйымдастыру барысында табиғатты қорғау мекемелері және дербес ұйымдармен үзбей байланысты күшейту қажет. Сонымен қоса, экологиялық білім беру бағытындағы халықаралық байланыстарды, шетелдік әдістемелік нұсқауларды зерттей отырып, еліміздің жоғары деңгейде экологиялық білім беру жүйесін құруға ұмтылу қажет.

Осындай әртүрлі әрекеттердің өзара байланымсы және ықпалдастығы экологиялық тәрбиенің жүйесін құруға себепші болады. Жүйе құрудағы мақсат – балалардың экологиялық санасын амытудажан-жақты отандық және әлемдік деңгейдегі білімдермен қаруландыру; жалпы адамзаттық экологиялық мәдениетін қалыптастыру; отандық және халықаралық деңгейде табиғатты белсенді қорғау шараларына даяр болуды қамтамасыз ету.

Қазіргі кезеңдегі ізгілендіру мен демократияландыруға бағытталған білім стандартын, оқытудың озық технологияларын, экологиялық білім негіздерін оқыту процесіне енгізу – білім беру жүйесін дамытудың негізі болмақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет