Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi



бет2/3
Дата08.07.2017
өлшемі0,61 Mb.
#20830
1   2   3

Жеке сабақ № 2,17.

Дирижерлық аппараттын құрылымы.



  1. Дирижерлық аппараттың құрылымы


Әдістемелік нұсқау:

Дирижер деп басқарушыны, яғни музыкалық шығарманы дұрыс орындатып шығатын үйірме бастығын айтамыз.

Басқарушы - дирижер өзінін (жест)-қыймылы аркылы орындаушы коллективке әсер етеді.

Дирижерлық шеберлік әруақытта дирижерлық қыймылдың негізгі техникасын үйреніп дағдыланудан басталады. Енді, дирижерлық аппараттың негізгі қыймылдарымен танысалық. Дирижер қолының қозғалыстары біркелкі тез, бірақ аса қатты құлашталмай, үнемді, дәл және белгілі бір қозғалыста болу керек.

Дирижер әнді дирижерлық қыймылмен басқарып тұрғанда, бет алды ашық, кейде мимикалық қозғалысты және орындаушы-ларға батыл қарап тұрғаны жөн.

Дирижер орындалатын музыка шығармасынын, партитурасын жатқа білуі керек:

Дирижердың ерні дикциялық жағынан жаттығып, кейде ешбір дыбыссыз сөйлей алатын болуы керек. Дирижердің денесі, кеудесі, иығы түзу, берік тұруы керек. Дирижер хорды басқарып тұрғанда, денесі жан-жаққа шайқалып, бұлғаңдамауы керек.

Дирижердің есту сезімі жақсы жетілген болуы керек.

Дирижер бір дауысты, екі, үш, төрт дауысты хорды басқарып айтқызғанда оның әр дауыстарын жақсы естіп, бұзып тұрған дауыстарды тез түзеп және сол дауыстарды жеке айтып, көрсетіп бере алатын болуы керек.

Әрбір хор жетекшісі дирижерліктің негізгі тәсілдерін бөлгені жөн. Дирижердің аппаратына оның бүкіл дене, қол және бет қимылы жатады. Дирижер еңкеймей ,шалқаймай, артық қимылсыз денесін тік ұстауы керек. Нығыз тұруы үшін бір аяқ аздап алға қойылады, ал екі қол шынтақтан бүгіліп , сәл ғана созылады.

Дирижерлау кезінде шығарманың характері мен мазмұны қол қимылдары арқылы берілуі тиіс. Шығармадағы музыканың характеріне байланысты қол қимыл созылыңқы;кенет, жеңіл, ауыр, серпінді, жай, кең т.с.с. болып келеді.Әр қолдың өз алдына жұмыс істеуін қадағалау керек.Оң қолда көбінесе хордың ырғағы мен такт есебі жүреді де , сол қол нюанстерді, түрлі дауыстардың белгілі уақытта қосылып отыруын , т.с.с. белгілерді көрсетеді.

аталады.Дирижер жұмыс кезінде қолдың үш түрлі биіктік қалпын пайдаланады:жоғары, ортаңғы және төменгі.

Жоғары позиция кезінде дирижердің қолы иықпен бір деңгейде орналасады .Жоғары позицияда көбінесе хорға сүемел жасағанда хорға қатысушыларға қол қимылдары жақсы көрінуі үшін және оларға кең тынысты қатты дыбыстарды көрсетуде пайдаланады .

Қолдың кеудемен бір деңгейде орналас Дирижер қолының әр түрлі биіктікте орналасу қалпы – позиция деп уы ортаңғы позиция делінеді. Дирижердың жұмыс кезінде ең көп қолданатыны – осы ортаңғы позиция.

Төменгі позиция кезінде дирижердың қолы белмен бір деңгейде орналасады.Бұл позицияны көбінесе хор дыбысын бәсеңдетіп , әр түрлі иірімдегі ақырын естілетін дыбыстарды көрсету үшін пайдаланады.

Қол қимылдарының өзара қашықтығының орналасу тәртібі - дирижерлік диопазон деп аталады.Диапазон кең көлемді; орта көлемді және кіші көлемді қимылдар болып үшке бөлінеді.

Кең көлемді қимылдар көбінесе (оркестрде) хорда үлкен, кең дыбыстарды қажет ететін салтанатты шығармаларда қолданылады.Орта көлемді қимылдар жай және орташа қарқында жазылған шығармаларды меццо – пиано, меццо – форте, форте дыбыстарымен орындау кезінде пайдаланылады.Ал кіші көлемді қимылдар жүрдек және жылдам қарқында пианодан фортеге дейінгі дыбыстарды орындау үшін қолданылады.

Қолды қолға созғандағы әр түрлі қашықтықтағы орналасу тәртібі дирижердың қолының планы делінеді. Ол бірінші, екінші және үшінші болып бөлінеді.Қолдың кеудеден алыс орналасуы – бірінші план, қолдың орташа қашықтықта орналасуы – екінші план, қолдың денеге жақын орналасуы – үшінші план деп аталады.

Дирижер қол қимылдарының көмегімен төмендегі міндеттерді атқарады:

1. Хорды айту алдында музыканттардың назарын өзіне аудару.

2. Хор айтуды бастар алдында орындаушылардың тыныс алу, яғни ауфтакт көрсету.

3. Айтылып жатқан шығарманың характері мен көңіл – күйін көрсету.

4. Шығарманың ырғағына бола көңіл аудару.

5. Хор топтарының айтуға кірісу сәтімен тоқтату мерзімін көрсету.


Жеке сабақ № 3,18.

Аспапта ойнау, партитура ұғымы.



  1. Жаттығулар

  2. Оң және сол қол кимылдары.


Әдістемелік нұсқау:

Хормен орындаушылықтың негізгі аспабы ән салатын дауыс болып табылады. Хормен орындаушылықтың сапасы әншілердің дауыс сапасына, хордың құрамына, және оның құрамындағы әрбір мүшелерінің дауыстарына байланысты.

Егер скрипкалар немесе флейталар, тромброндар немесе контробастар тіпті әрбір аспаптың сапаларындағы өзгерістерге қарамастан, көптеген жалпы дыбысталу характерлері бірдей, ал әнші дауыстары бір топта болса да, олар бір-бірінен дауыс күші, тембрі, диапазоннына байланысты ерекшеленеді.

Әншінің дауысы – өте күрделі, көп қырлы құпиялы ұғым. Бір жағынан, бұл өте жетілген және иілгіш аспап., қаншалықты ол орындаушылармен, оның ойларымен, сезімдерімен және эмоциясымен, бір уақытта келуімен және құралдарымен, қатынас құралымен, коммуникациямен байланысты. Сонымен қатар бұл аспап музыкалық шығарманың жанрына, стиліне, көркемдік-эмоциясына байланысты қабілетті дыбыс күші және тембрлік характері өзгеріп отырады.

Басқа жағынан қандай да музыкалық аспап ретінде әнші дауысы өзінің қасиеттеріне ие болып, әншінің вокалдық шеберлігін айтады. Дәл ослай әнші дауыстарын айырып таниды қойылған (профессионалды) және қойылмаған «ашық» және «жабық», «қозғалмалы» және «ауыр». Сонымен қатар әрбір ән салатын дауыс диапазонмен, күшпен, тембрмен сипатталады және басқа да ерекшеліктермен қалыптасады және жетіледі. Тек қана күрделі сауатты педагогикалық жұмыс шатты жетілдіреді. Соңғы кезеңді белгілеп қою керек, дауыстармен жұмыс жасаудың ең қиыны ән айту процессін басқару және бақылау дыбысталу сапалы бағалау арқасында жүзеге асады. Әнші өз аспабын қолына ала алмайды, оның құрылымын көзбен көре алмайды.

Хор жетекшісі хормен ән салу процесін өте жақсы білуі және сезінуі керек, өзі сол дауыстарға ие болуы керек, өзі ән салатын формада болуы керек, сонымен қатар, өзінің вокалдық шеберлігін көрсетуі тиіс. Егер ән айтуды басқаларға үйрету үшін, ол ең біріншіден өзіжақсы әнші және вокалдық мамандыққа жақын болуы керек. Сонда ғана хор жетекшісі абыройлыболар еді, осы шындықты көптеген дирижерлер түсінгені керек еді.


Жеке сабақ № 4,19.

Дирижерлық техникасына тұсініктеме,

он және сол қал қимылдары.


        1. еркіндік, графикалық айқындығы

        2. қимылдың ықпалдылығы, көркем мағналығы


Әдістемелік нұсқау:

Дирижерлік қол қимылдарын фортепианода әуенін немесе үйретілетін ән сүйемелдеуін бір мезгілде орындаумен пайдалану , эпизодтық дирижерлау . Берілген дағдыларды меңгеру кез келген хор дирижеры үшін өте маңызды. Фортепианода бір қолымен әуендік үзінділерді немесе музылық шығарманың хор партитурасынан бөлімдерін , ал екінші қолмен оларды дирижерлік шеберліктің мынадай элементтерінің орындалуымен жүзеге асыру керек :

-дыбысталудың кіріспелерін, аяқталуын, цезураларын, ферматоларды көрсету және сонымен бірге өз темпінде тактілеу;

-осы элементтерді көрсету, сонымен қатар әрбір үнділікті дирижерлік қол қимылдарының бағытын сезіну арқылы жәй қозғалыста орналастыру және дыбысталу ерекшеліктері ритмикалық , динамикалық жағынан және штрих белгілерімен білу.

-жәй қозғалыста үлестің майда есеп бірліктері сияқты, қол қимылын бөліп-бөліп қолдануымен әрбір улесті құрайтын әр түрлі ұзақтықтарды да көрсету;

-әуеннің ырғақтық қимылын сақтай отырып әрбір ұзақтықта, жәй темпте әрбір үнділікті қатарластыру және корсету;

-жеке және интонация бойынша қиын дыбыстарды, үнділіктерді, аяқталатын және аяқталмайтын ферматаларды қолдану арқылы құрастыру , сонымен бірге келесі дыбыстарға өтуді көрсету;

-үндестіктерді әрбір партияның сәйкес келетін ауфтактілік жолымен ырғақсыз көрсету және сонымен бірге бұл корсетуді аяқталатын ферматамен бітіру.

Шығарма сүйемелдеуіндегі түп нұсқа фактурасындағы-дай дирижердауды фортепианода ойнаумен сүйемелдей отырып алдыңғы тапсырмалардың барлық түрлерін, сондай-ақ оның әр түрлі түр өзгертушілігінде орындау шарт:

- ырғақтық жағынан әуендік болып келетін және көп түрлі жасақталған үндестіктер мен аккордтар (есептік үлесті құрайтын майда ұзақтықтардың пульсациясы, триольдармен қозғалыс, пунктирлі ырғақ және т.б.);

-үйлесімділік дыбысталуы бойынша күрделі емес импровизациялар.

Бір қолымен әннің үйлесімділік "қаңқасын" орындау (мысалы, тактінің әлді және әлсіз үлестеріне келетін үйлесімді үндестіктер немесе үйлесімді қатынаста маңыздырақ болып келетін салыстырулар, ауытқулар және т.б.).

Жоғарыда көрсетілген тапсырмаларды жатқа ойнау керек. Мүндай жүмыс жасау барысында әуелі орташа темптегі әндерді таңдау қажет. Тапсырманы меңгерудің бірінші сатысында фортепианода ойнауы және дирижерлауы жағынан да студенттің мүлтіксіз жаттап алған шығармала-рын ұсынған дүрыс. Тапсырманы орындау сапасы студенттің шығарманы меңгеру деңгейін бағалау кезінде мұғалімге сенімді керсеткіш болып табылады. Дағдыларды дамыту өрісі бойынша басқа да кең таралған әндерді қолдануға да болады. Ауық-ауық дирижерлау барысында дирижердің көзқарасының, бет-әлпетінің және артикуляциялық аппаратының рөлі арта түседі. Бұл үшін студентке көзқарас, артикуляция, бет-әлпетінің (мимика) көмегімен маңыздырак, керсетулерді орындау ұсынылады.

Іс жүзінде вокалды - хор жұмысының алғашқы жазылған түрінде_ әнді дирижердің қолына қарап айту әдісі мұғалімге зор көмегін тигізеді. Ол бір жағынан оқушыларды музыкаға

оқыту барысындағы ең маңызды, түйінді міндеттердің бірі: оқушылардың ноталық жазба бойынша ән айтуларын меңгеруімен байланысты.

Мұғалім хор шығармасымен жумыстың топтық түрін қолдана отырып балаларды оқытады, яғни, бір мезгілде 30-35 оқушымен дайындалады. Нота жазбасы бойынша ән айту оқытушыдан айрықша ^арнайы дайындалған таңқаларлықтай функцияларды, хор дыбысталуының белгілеп алып жүретін дирижерлік қол қимылдарын ғана талап етіп қоймайды, сонымен бірге олардың қосымша сипатының қол қимылдарымен үйлесімділігін де талап етеді. Дирижердің бір қолы үрдіс кезінде дирижерласа, екіншісі - тақтадағы нота жазбасының айтылуын басқарады

Қол қимылындағы дыбыс жоғарылықты әр түрлі тәсілдерді қолдану арқылы көрнекті етіп беруге болады. Іс жүзінде кеңірек таралған екі түріне тоқталсақ, олар төмендегілер.

1. Қол қоспасының көлденең формасы бойынша бірдей қолдың
бөлек, өзгеше көлденең қимылдарының көмегімен бірдей биіктікте шыға-
тын әуеннің дыбыс жоғарылығын белгілеу. Дирижердің қолы ойымыз-
дағы тік сатыдағы әннің әуенін суреттеп салып жатқан сияқты қалып
алады. Студент те алдыңғы нота жазбасын сондай етіп көз алдына
елестетуі керек.

2. Қол белгілері арқылы ладтың сатыларының ара қатынасын белгілеу.


Мұндай дағдыларды уйрену үшін әр түрлі мектеп репертуарлары,

оның үзінділері негізінде күкделікті дайындық қажет. Әрине, олар музыкалық материал бойынша жургізіледі. әйтпесе, берілген дағдылар механикалық түрде ғана меңгерілетін болады және барлық жасалынған жұмыс өзінің қомақты нәтижесін бере алмайды.

Дирижерлықтехникада оң қол мен сол колдын атқаратын ролі екіге бөлінеді: он қолмен жалпы әннің өлшеуі көрсетіліп тұрады, ал сол қолмен әннің кейбір күшті немесе жай, үдетіп немесе баяулатып орындайтын шарттарды, әннің ортасында кейбір дауыстардың тоқталатын немесе бастайтын жерлерін көрсетіп тұрады.

Бірақ, дирижердың ролін екі колға бөлу шартты жағдай деп санау керек.



Кейде, дирижер әннің өлшеуін екі колымен де көрсететін болады. Ал, жоғарыдағы айтылған әннін түрлі көркемдік шартты белгілері катты, жай, үдетіп немесе баяулатып орындауларын дирижер өзінің хормен келіскен түрлі мимикалық қозғалыстарымен көрсетуіне де болады.Қысқасы, жоғарыдағы айтылғандардың бәрі баскарушының дирижерлық техникасына, практикасына, дағдылануына байланысты. Сондықтан, дирижер хорды басқарғанда әннің өлшеуін оң қолымен немесе сол колымен көрсетуіне, ал басқа белгілерді мимикалық қозғалыстармен немесе қай қолмен көрсетемін десе де еркі .

Жеке сабақ № 5,20.

Дирижердың негізгі позициясы.

Оң және сол қол кимылдары.
1.Дирижерлау техникасына түсініктеме.

2. Қол координациясы.



Әдістемелік нұсқау:

Дирижер қолының әр түрлі биіктікте орналасу қалпы – позиция деп аталады.Дирижер жұмыс кезінде қолдың үш түрлі биіктік қалпын пайдаланады:жоғары, ортаңғы және төменгі.

Жоғары позиция кезінде дирижердің қолы иықпен бір деңгейде орналасады .Жоғары позицияда көбінесе хорға сүемел жасағанда хорға қатысушыларға қол қимылдары жақсы көрінуі үшін және оларға кең тынысты қатты дыбыстарды көрсетуде пайдаланады .

Қолдың кеудемен бір деңгейде орналасуы ортаңғы позиция делінеді. Дирижердың жұмыс кезінде ең көп қолданатыны – осы ортаңғы позиция.

Төменгі позиция кезінде дирижердың қолы белмен бір деңгейде орналасады.Бұл позицияны көбінесе хор дыбысын бәсеңдетіп , әр түрлі иірімдегі ақырын естілетін дыбыстарды көрсету үшін пайдаланады.

Қол қимылдарының өзара қашықтығының орналасу тәртібі - дирижерлік диопазон деп аталады.Диапазон кең көлемді ; орта көлемді және кіші көлемді қимылдар болып үшке бөлінеді.

Кең көлемді қимылдар көбінесе (оркестрде) хорда үлкен, кең дыбыстарды қажет ететін салтанатты шығармаларда қолданылады.Орта көлемді қимылдар жай және орташа қарқында жазылған шығармаларды меццо – пиано, меццо – форте, форте дыбыстарымен орындау кезінде пайдаланылады.Ал кіші көлемді қимылдар жүрдек және жылдам қарқында пианодан фортеге дейінгі дыбыстарды орындау үшін қолданылады.

Қолды қолға созғандағы әр түрлі қашықтықтағы орналасу тәртібі дирижердың қолының планы делінеді. Ол бірінші, екінші және үшінші болып бөлінеді.Қолдың кеудеден алыс орналасуы – бірінші план , қолдың орташа қашықтықта орналасуы – екінші план, қолдың денеге жақын орналасуы – үшінші план деп аталады.

Дирижер қол қимылдарының көмегімен төмендегі міндеттерді атқарады:

1. Хорды айту алдында музыканттардың назарын өзіне аудару.

2. Хор айтуды бастар алдында орындаушылардың тыныс алу , яғни ауфтакт көрсету.

3. Айтылып жатқан шығарманың характері мен көңіл – күйін көрсету.

4. Шығарманың ырғағына бола көңіл аудару.

5. Хор топтарының айтуға кірісу сәтімен тоқтату мерзімін көрсету.


Жеке сабақ № 6.21.

Музыкалық өлшемдер: 2/3; 3/4; 4/4.Схемалар.



  1. Дирижерлық схемалармен танысу.

  2. Өлшемнің әр бөлігіне бітіруге дағдылану.

Әдістемелік нұсқау:

Дирижерлық ету тәсілдерінің негізінде екі үлестік, үш үлестік қол бұлғау мен көрсету топтары жатады. Олар келесі сызбаларда көрсетілген.

2

а) Жай екі үлесті көлем - екі қол сермеу арқылы (бірінші ретте төменге



қарай , екінші ретте жоғары қарай) көрсетіледі. Тәсілдің екінші түрі

қол бұлғап көрсетудің бірінші түрінен гөрі көрер көзге сүйкімдірек әрі

биязылау көрінеді.
1 ә) Барлық үш үлесті көлемдер – қолды үш рет бұлғау арқылы көрсетіледі:

төменге , оң жаққа және жоғары қарай.




  1. 2

Музыка шығармасын дирижерлық қыймылмен басқаруға кіріспес бұрын, әуелі музыкалық шығармада кездесетін елшеулердің негізгі құрылысы мен оның дирижерлық схемаларын біліп алу керек. Оңай өлшеулер группасына өзінін кұрылысында бір күшті үлес пен бір немесе екі жай үлесті өлшеулер, яғни, екі және үш үлесті өлшеулер жатады.

Екі үлесті өлшеулерде мынадай бөлшекті түрлер болады:

2/4; 3/4; 4/4:

Бұл бөлшектермен жазылған музыканың әрбір тактысында екі үлес болады. Оның бірінші үлесі қатты, екінші үлесі жай болады.



Екі үлесті өлшеуді дирижерлық қыймылмен керсеткенде, тактының күшті үлесіне дирижердің қолының қыймылы төмен түседі, жай үлесіне жоғары кетеріледі.

Бұл жағдайда екі үлесті өлшеудің дирижерлық көрсету схемасы мынадай болады.



Екі үлесті елшеудің бірінші үлесі қолдың төмен қыймылының точкасынан ( цифрдан) басталып, екінші қыймылдың жоғарғы точкасынан (2 цнфрдан) бітуі керек.
Екінші үлесті жоғарғы точкадан (2 цифрдан) басталып, бірінші улестің басталар алдындағы точкадан (1 цнфрдан) бітуі керек

Сөйтіп, өлшеудің әрбір үлесінде басталар точкасы мен аякталу точкасының ұзақтығы болады.

Дирижердің өлшеудегі әрбір үлесті көрсетудегі қолының қыймылы әруақытта өзара тең, дәл болып отыру керек. Мұнымен қатар, хорды дирижердің қыймылымен баскарғанда, қолының қатысуына қарамастан, негізгі үлесті қолдың буынымен көрсетіп отыру керек.

Бұл екі үлесті өлшеу схемаларындағы айтылған дағдылар баска да, барлық дирижерлық өлшеулерде пайдаланылады. Тактының жай үлесіне қарағанда, қатты үлесіне әр уақытта акцент жасап тұру керек.

Үш улесті өлшеуде үш үлес болады. Оның бірінші үлесі катты акцентті, қалған екі үлесі жай акцептті болады.

Үш үлесті өлшеуде мынадай бөлшекті түрлер болады:

3/4 ; 3/8; 3/16;

3/4бөлшекпен жазылған өлшеуде қолдың әрбір қыймылына бір ширектік нотадан келеді .

3/8 бөлшекпен жазылған өлшеуде қолдың әрбір қыймылына

бір сегіздік нотадан келеді .

3/16 бөлшекпен жазылған өлшеуде қолдың әрбір қыймылына

бір оналтылық нотада келеді .

Үш үлесті өлшеудің дирижерлык көрсету схемасы. мынадай болады:

Схемадағы цифрлар әр үлестің басталуын, ал, стрелкалар үлестің созылуын көрсетеді.








*-хз





Жоғарыдағы екі үлесті өлшеудегі айтылған дағдылар үш үлесті өлшеуде де қолданылады:

2/4; 4/4; 8/4; 4/16;
Төрт үлесті өлшеудің дирижерлық көрсету схемасы мынадай
болады:

4



Төрт үлесті өлшеудің бірінші үлесі күшті акцентті үлес болып саналады; екінші үлесі жай болады; үшінші үлесіне түсетін акцент орташа күште болады, төртіншіі үлесі — жай болады.
Жеке сабақ № 7,22.

Ауфтакт оның түрлері. Схемалар.



  1. Legato, non legato, marcato.

  2. Cызықтың игіштігі жұмсақтық нүктеге түсу және staccato


Әдістемелік нұсқау:

Ауфтакт толық және толық емес болып екіге бөлінеді.Толық ауфтакт – тактінің бүтін бөліктерін, ал толық емес ауфтакт бөліктің паузадан кейін бастауын немесе бөліктің толық емес түрлерін көрсетеді.Толық емес ауфтактіні көрсетерде қол оның алдыңғы бөліктің нүктесінде тұруы қажет.Мысалы, ауфтактіні бөліктің нүктесіне ,ал екінші бөліктің сыртындағы сегіздікке көрсету үшін – екінші бөліктің нүктесіне, бірінші бөліктің сыртындағы сегіздікке көрсету үшін бірінші бөліктің нүктесіне қоямыз.

Бұл қимылда ауфтакт тәрізді хорда дирижерлық етуде маңызды роль атқарады.Өйткені, шығарманы айтқанда орындаушылар бірдей бастап, бірдей аяқтауы тиіс. Шығарма аяқталуға жақын қалғанда, дирижер алдын – ала шығарманы аяқтау керектігін ескертетін қимыл жасайды.Бұл қимыл шығарманың характеріне сай болуы тиіс.Мәселен, созылыңқы, сазды шығармаларды – жай қимылмен, үздік – создық ойланатындарды шұғыл қимылмен , ал салтанатты күшті дыбыстарды кең құлашты қимылмен аяқтаған дұрыс.

Шығарманың өлшеміне байланысты дирижер қабылданған белгілі – бір үлгілерді пайдаланады.Үлгіні көрсету дегеніміз – дирижердың қол қимылдарының шартты белгілері арқылы әр тактідегі бөліктер санын, яғни музыкалық шығарманың метрінің есебін көрсету


Хор практикасында дыбысты күшейту немесе бәсеңдетуді көрсететін түрлі қыймылдар қолданылады, дегенмен, соңғы екі әдісті қоданған жөн.

Әнде дыбыстың шығару сыйпаты да, жоғарыдағы сыякты, қолдың қыймылдарымен көрсетіледі.

Әнде дыбыста жүргізудің негізгі жолдары легато — дыбыстардың арасын байланысты айту, стаккато — дыбысты секіртпелі және н о н л е г а т о - әр дыбысты жеке-жеке, бірақ байланысты айту тәсілдері.

Легато белгісі дыбыстардың арасын байланыстыра, бір қалыпты етіп орындауды керек қылады. Сондықтан, дирижер әнде легато бар жерлерді дирижерлық қыймылмен көрсеткенде, қолға түгел күш түсірмей, қолдың буынымен, жай қыймыл көрсетуі керек.

Легатомен орындауға мысал ретінде А. Бородиннің «Князь Игорь» операсынан поселяндар хоры болуы мүмкін.

Стаккато белгісі дыбыстарды жеке-жеке секіртпелі айту керек екенін көрсетеді. Сондықтан, дирижер әнде стаккато бар жерлерді дирижерлық қыймылмен көрсеткеиде, қолдың буынымен акцент-ті, дәл және үзілмелі етіп көрсетуі керек.



Нон легато белгісі дыбысты жеке-жеке және байланысты айту керек екенін көрсетеді.

Нон легатомен жазылған дыбыстардың арасын байланысты, интонациялық жағынан таза, дәл және әр дыбыстың арасына тыныс жасамай, анық етіп айту керек.

Дирижер әнде бұл нон легатомен жазылған жерлерді дирижерлық қыймылмен көрсеткенде, қолының қозғалысы бір қалыпты және анық болуы керек.



(Нюанс — күбылу; дыбыстардың күшін немесе музыкалық шығарманың екпінін өзгерту.)

Жеке сабақ № 8,23.

А,капеллалық шығарманы талдау. Аннотация.



  1. Қол қимылындағы ескерту белгілері.

  2. Шығармадағы динамикалық белгілермен жұмыс.

  3. Шығармалардың нюанстық бөлімін ауызша түсіндіріп, оны орындау барысында сақтау.

Әдістемелік нұсқау:
Жеке сабақ № 9,24.

Хор партияларын айту, партитурадағы тігінен орналасқан аккордтарды айту.



  1. Аспапта хор шығармасын ойнау.

  2. А капеллалық шығарманың партияларын айту,жаттау

Әдістемелік нұсқау:

Жұмыстың жемісті болуы оқушылар тарапынан шығарманы ұнату немесе ұнатпауына байланысты. Мысалы, терең мазмұнды, ұлттық нақышы бар, күрделі, әсерлі шығармалар оқушаларды бірден ынталандырып, дайындық кезінде олардың жинақылығын, белсенділігін, жауапкершілік сезімін арттырады.

Осыған байланысты хор жетекшісі репертуарды дұрыс таңдай білуі қажет. Бұл мәселені Г.А.Струве өз еңбектерінде көп қарастырады: “Репертуар таңдау‑ оқушылардың музыкалық білімін жоғарылатуда және эстетикалық тәрбие беруде, вокалдық шеберлігін шыңдауда, музыкалық талғамын қалыптастыруда маңызды фактор болып табылады. Балалар хорына арналған репертуар тақырыптық жағынан алуан түрлі, жан‑жақты болумен қатар, қабылдау үшін жеңіл, балалар мүмкіндігіне сай және оқушыларды қызықтыра алатындай көркем және мағыналы болуы қажет, сөйте тұра өзінің балалық нақышы болуы шарт.”

Сөйтіп хор шығармаларын таңдау хор мүшелерінің қабілетіне, мүмкіндігіне, дайындық дәрежесіне байланысты. Репертуарды лайықты таңдап алу арқылы оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырып, жұмыс сапасын жағарылатуға болады. Осыған байланысты хор жетекшісі оқушылардың ортақ талғамын білуге тиіс, соған лайық уақыт талабына сай мерекелі күндерге табиғатқа сүйіспеншіігін арттыратындай, патриоттық сезімін, достық, ынтымаққа тәрбиелейтіндей шығармалар таңдалады. Сонымен қатар хор шығармалары оқушыларды адалдыққа, ерлікке, интернациолизмге, адамгершілікке тәрбиелейтіндей мазмұнда болуы шарт және де олар көркем, тартымды, орындауға жеңіл болуы қажет. Хор жетекшісінің басты мақсаты шығарманы қызықтыра отырып, тартымты үйрете білуінде.

Кез­‑келген шығарма орындалу ерекшелігіне байланысты балаларға ыңғайлы болуы шарт, яғни диапазон мен вокалдық мүмкіндігі жағынан жас ерекшелігіне сай болуы қажет. Осы тұрғыдан қарастырғанда репертуар таңдау өте маңызды және жауапты іс болып табылады. Өйткені дұрыс таңдалған репертуар бала даусынының жан‑жақты жетілуіне жағдай жасайды, ал репертуардың дұрыс таңдалмауы, керісінше, бала даусының дамуын бәсеңдетіп, денсаулыққа теріс әсерін тигізеді.

Репертуардың оқушылардың қабылдау деңгейіне сай таңдалуы да маңызды шарттардың бірі. Өйткені бала орындап тұрған шығарманың мән‑мағынасын түсінбейінше, шығармаға деген қызығушылық сезімі оянбайынша шығарманы нақышына келтіріп орындау мүмкін емес.

Яғни шығарма баланың жүрегіне ұялап, санасында қорытылып, көңілінен шықса ғана көркем, әрі терең сезіммен орындалады.

Осындайда шығарма сөздері мен әуеннің үйлесуі де аса маңызды. Көп жағдайда, авторлар тарапынан шығарма мәтіні мен әуені арасында жүйелі, байланыс заңдылығы ескерілмейді, яғни әдеби мәтін баланың жас ерекшелігіне сай балғанымен, әуен жиілісі тым күрделі болады немесе керісінше құбылыс іс‑тәжірибеде жиі байқалынады. Сонымен қатар хор жетекшісі вокализді, яғни қарапайым тілмен айтқанда сөзсіз әуенді орындатқанда ондағы музыкалық бейнелердің мән‑мағынасын, даму жиілісін түсіндіру арқылы көркем, мәнерлі орындалуын қамтамасыз етуі қажет.

Репертуарды таңдау кезінде хор жетекшісі шығарманың тәрбиелік бағытын, көркемдік құндылығын ескеруі қажет. Осы тұрғыда классикалық және халық әндерін ерекше атап өтуге болмасқа. Олар тәрбиелік жағынан аса құнды және орындаушылардың эстетикалық талғамын жетілдіріп, кәсіби дәрежесін жоғарылатады.

Балалар хорының репертуарына полифония имитацияларын еңгізу өте маңызды. Өйткені бұндай шығармаларды орындау арқылы оқушылар кәсіби дәрежеде өсіп, жетіледі. Балалар хорында кеңінен тараған

музыкалық форма‑ канон. Мысалы орыс композиторларының ішінен В.Одоевский, М.Анцев, Е.Жарковскийдің канондарын ерекше атауға болады.

Г.А.Струве “Школьный хор” атты еңбегінде балалар репертуарына акапеллалық, яғни сүйемелдеусіз шығармаларды еңгізуді еоекше ұсынады. “Қазіргі уақытқа дейін акапеллалақ шығармаларды орындау тек кәсіби дәрежедегі ұжымдарға ғана тән деген көзқарас көпшілігінде қалыптасып кеткен. Бірақ бұндай көзқарастың терістілігін, бұрыстылығын іс­‑тәжірибе дәлелдеп отыр, яғни акапелланы балалар хорына орындатудың көп пайдасы бар. Ең біріншіден, кез‑келген аспаптық сүйемелдеу балаларға ғана тән таза, ашық, жұмсақ, табиғи дыбысталу нақышын бұзып бұрмалайды. Екіншіден, сүйемелдеусіз шығармаларды орындау кезінде хордың дайындық дәрежесі, шеберлігі, ансамбль, строй, нюансировка секілді басты хор элементтері бірден айқындала түседі. Үшіншіден, акапелла таза унисонды қалыптастыруға негіз болады.”

Акапеллалық шығармаларды репертуарға хордың алғаш сабағынан еңгізуге болады. Шығарма жатталып, ансамбль жағынан үйлескен кезде акакпелланы сүйемелдеумен орындауға болады. Оқыту үрдісінде сүйемелдеу мен акапелланың кезектесіп қолдану пайдасы зор. Бұндай кезекті тізбек оқушылардың музыкалық есту қабілетінің қарқынды түрде дамуына жәрдемдеседі және де айта кететін маңызды жайттардың бірі ерте кезеңнен орындалатын сүйемелдесіз шығармалар кейінгі уақытта репертуардың күрделене түсуінің кепілі.

Және де, керісінше, акапелла шығармалардың орындауға дағдыланбаған хор ұжымы кәсіби деңгейде өсе алмай, мүмкіндігі шектеліп қалады. Өйткені аспаптық сүйемелдеуге машықтанған оқушылар таза интонациялауға мән бермей, фальш орындайды.

Орта буын хорына екі дауысты шығармаларды репертуарға еңгізуге болады. Бұл кезде әрбір дауыстын партиясы өз алдына дербес әуен жиілісін құрайды, яғни хор ұжымы сүйемелдеуге бағынбайды.

Акапелланы әндетудің өзіне тән артықшылығы – шығарманың тональдігін өзгертуге қолайлы болуы, яғни шығарманың тональдігін балалардың диапазонына қарай жарты тонға немесе бір тонға дейін көтеріп төмендетуге болады. Тональдік қандай мақсатпен өзгертіледі?‑ деген сұрақ туындауы мүмкін. Көптеген шығармалар ыңғайсыз тональдікте жазылғандықтан орындауға қолайсыз болып келеді. Және де екі түрлі тональдікте жазылған хор шығармасы екі түрлі дыбысталады. Мысалы, оқушылар хоры до мажор тональдігінде шығарманы сәтсіз орындаса, до диез тональдігінде керемет болып шығады. Бұл берілген шығармадағы интервалдардың акустикалық ерекшелігімен түсіндіріледі. Сондықтан да хор жетекшісі осы жағдайды ескеруі қажет. Репетиция кезінде хор ұжымын ыңғайсыз тональдікте айтқызу бір жағынан пайдалы дейді дирижердың көпшілігі. Көп жағдайда төмен тональдікте айтқызу өте пайдалы.

Өйткені төмен тесситураға байланысты туындаған қолайсыз жағдайды жене отырып, оқушылар еріксіз түрде стройды белгілі дәрежеде теңестіреді. Осындай тепе‑теңдік күйі алғашқы тональдікке көшкенде де сақталынады. Осылайша акапеллалық шығармаларды орындау хор мүшелерінің шығармашылық, кәсіби дәрежеде өсуіне зор ықпалын тигізеді.

Өткен шығармаларды механикалық түрде қайталау – репертуар кеңейтудің белгісі емес,‑ дейді Г.А. Струве. Осыған сәйкес репертуар жаңартудың негізгі талабы: хор шығармасын жаңаша көркемдеу, түрлендіру және үнемі ізденісте болу. Репертуар өз ішінде екі топқа жүйеленеді – жеңіл және қиын. Оқу үрдісі кезінде репертуардың екі түрін алмастыра қолдану қажет. Мақсаты: оқушылардың зейінің алмастыру, эмоционалдық күйін белсендіру, демалыс ұйымдастыру.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет