Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет19/36
Дата11.09.2020
өлшемі0,63 Mb.
#77770
түріСеминар
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
Байланысты:
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс, дене шыныктыру, Сынып жетекші портфолиосы, Сынып жетекшісінің түйіндемесі
Негізгі әдебиеттер

1. Уаңбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері / Оқу құралы. – Алматы, 2002.

2.Холодов Ж.,Кузнецов В.Теория и методика физического воспитания и спорта.-М.,2002,-478с

3.Уаңбаев Е. Уаңбаева Ф. Дене мәдениеті және спорттың ілімі мен әдістемесі /Оқу құралы. - Өскемен, 2009.



3-Практикалық сабақтың тақырыбы: Жоғарғы және арнайы орта оқу орындарындағы студенттердің дене тәрбиесі

Дене тәрбиесі жұмыстарының мақсаты мен міндеттері оларды ұйымдастыру

Келешек жас маманның тұлға реттінде қалыптасуына, жан-жақты жетілуіне жоғары оқу орнында оқыған уақыты өте қатты әсер етеді. Келешек маманды кәсіптік жұмысына даярлайтын оқу-тәрбие жүйесіндегі әр түрлі пәндер қатарындағы дене тәрбиесі пәні мен спорттық-сауықтыру жұмыстарының маңызы өте зор.

Жоғары оқу орнындағы дене тәрбиесінің мақсаты – жоғарғы дәрежелі мамандарды жан-жақты дайындығына өз үлесін қосу жағымды әсер ету, көмектесу. Жоғары оқу орының оқыту үрдісінде дене тәрбиесі төмендегідей міндеттерді орындайды:



  • Отан қорғауға, еңбек етуге дайындау үшін қажетті өнегелілік, жігерлілік және дене қуаты қасиеттеріне студенттерді тәрбиелеу;

  • Студенттерді жан-жақты, үйлесімді дамыту, денсаулықтарын сақтау және нығайту, оқу үрдісі кезінде қажет жұмыс қабілеттіліктерін жоғарылату;

  • жоғары оқу орнының бағдарламасының талаптарына, нормаласына сай дене қуаты дайындығын дамыту және Президенттік сынама нормаларына дайындау, тапсырту;

  • келешек мамандықтарының ерекшеліктеріне сай кәсіптік қолданбалы дайындықтан өткізу;

  • студент спортшылардың спорттық шеберліктерін жетілдіру.

  • Дене тәрбиесі және спорттық жаттықтыру қажет дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінен теориялық білім беру, спорт жарыстарында төрелік етуге, спорт нұсқаушылары ретінде жұмыстар атқара білуге үйрету;

  • Студенттердің дене жаттығуларымен, спортпен тұрақты жаттығуға деген қызығушылықтарын, ынтығушылықтарын тәрбиелеу.

Студенттердің оқу үрдістері денсаулық күйлеріне, дене қуаты дайындығына, спорттық дәрежелеріне, келешек мамандықтарына байланысты жүргізіледі. Дене тәрбиесі жұмыстарын орындау жоғары оқу орының дене тәрбиесі кафедрасы мен спорттық клубқа жүктеледі. Оқу жоспары және оқу бағдарламасы негізінде оқу үрдісін ұйымдастыруға жауапты дене тәрбиесі кафедрасы мен спорттық клубқа жүктеледі. Оқу жоспары және оқу бағдарламасы негізінде оқу үрдісін ұйымдастыруға жауапты дене тәрбиесі кафедрасы болып табылады. Көпшілік-сауықтыру және спорттық жұмыстарды дене тәрбиесі кафедрасы оқытушылармен бірігіп оқу орнының спорт клубы жүргізеді. Студенттерді жыл басында дәрігерлік байқаудан өткізу және жыл көлемінде дәрігерлік бақылау жүргізіп отыру оқу орнының денсаулық пункітінің міндетіне жүктеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет