Қазақстан республикасының білім



бет14/118
Дата07.02.2022
өлшемі9,38 Mb.
#86093
түріУчебники
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   118
Байланысты:
10-12 жастағы волейболшылардың арнайы физикалық сапаларын дамыту әдістемесі, Сөз сазы орфоэпия бн, Сөз сазы орфоэпия бн, 2 дәріс, 2 дәріс, РАДОСТНЕЙ СДЕЛАТЬ ЖИЗНЬ, РАДОСТНЕЙ СДЕЛАТЬ ЖИЗНЬ, тест пн-30, Әліппеден кейінгі кезең, Әліппеден кейінгі кезең, ЖАзу, ЖАзу, Сөз сазы орфоэпия бн, Сөзжасамдық мағына түрлері мен лексикалық мағынаның арақатынасы
1-тапсырма. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін «Мен» және «менікіне» топтастырып, дәптерге жазыңыздар.


Сөздер мен сөз тіркестері: ақыл, рухани құндылықтар, қалдырған ізгі ісі, өнері, еңбегі, мал, мүлік, қызмет, мамандық, үй, көлік, алтын, күміс, атақ-даңқ.


2-тапсырма. Төменде берілген қанатты сөздерді оқып, олардың қайсысы адамның шынайы «Меніне», қайсысы «Менікіне» қатысты айтылғанын тауып, дәлелдеп беріңіздер.


а) Маған қолымнан келетін істі атқаруға қуат бер, қолымнан келмейтін іске ұмтылмайтын ерлік бер, осы екеуін бір-бірінен айыра алатын ақыл бер. (Шығыс ұлағаты).


ә) Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.( Жамбыл).


б) Еркіндік десе ойыңа не келсе, соны жасайтындай ерікке ие болу деп түсінетіндер, еркіндіктің толқынында биікке жетіп алуға ұмтылатындар көп те, өз еркіңді біреудің реттеуінсіз өзің ғана билей алатындай еркін өмір сүр деп түсінетіндер жоқтың қасы. (Әбіш Кекілбаев).


26 АДАМДЫҚ КЕЛБЕТ

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ




в) Адамзат жаратылғалы алдымен заттық табиғатқа ие болған, яғни басқы мақсат – ішіп, жеу, қарынды тойындыру. Мұны Шәкәрім бірінші жүйе – тән жүйесі деген. Екінші болып жан жүйесі айтылады. Үшіншісі – адамның санасы. Төртінші – нәпсі жүйесі, ол тек ішіп-жеу емес, артына ұрпақ қалдыру ниеті. Бесінші – көңіл жүйесі, яғни көңіл азығын іздеу. Алтыншы жүйе – рух жүйесі, яғни адамның рухани мәдениеті. Жетінші жүйе – ар жүйесі, ол Жаратушыға барар соңғы баспалдақ. (Ғарифолла Есім).


3-тапсырма. Төменде берілген рөлдер бойынша жаңалықтар бағдарламасын адамзаттың рухани жемісіне, игілікті ісіне негіздеп жасаңыздар.

а) Зерттеуші тілші.




Тәулік бойы адамның жан дүниесінің рухани байлығы, оның күнделікті өмірдегі көрінісі жайлы хабарлайды.


ә)Теледидар жүргізушісі.


Адамның жан дүниесінің сұлулығы мен ізгілігі жайлы оқиға орнынан жиынтық ақпараттар ұсынады.


б) Сұхбат алушы тілші.


Әлемдегі барлық адамдардың жан дүниесі рухани бай болса, онда...

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   118




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет