Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет398/400
Дата07.02.2022
өлшемі5,03 Mb.
#91417
1   ...   392   393   394   395   396   397   398   399   400
Байланысты:
infekcialik-aurular (1)
50562, Қаһар Әділет СРС Клиникаға кіріспе ЖМҚА- 08-20, Этика СРС №5 Қаһар Әділет ЖМҚА-08-20.
ҚҰТЫРУ
Анықтамасы. Құтыру (Rabies Hydrophobia) – Neuroryctes rabid жедел вирусты зоонозды нейроинфекция. Клиникасы гидрофобиямен, аэрофобиямен сипатталады, ауыр ағымды энцефаломиелиттің әсерінен өліммен аяқталады.
Тақырыптың маңыздылығы. Құтыру сирек кездесетін ауру болғанымен адам үшін абсолютті летальды инфекция. Дүние жүзінде құтырудан жыл сайын 50 000 адам өлімге ұшырайды және 1 млн жануарлар өледі.
Тарихи мәліметтері. Бұл ауру ежелгі заманнан белгілі. Клиникасын К.Цельс анықтаған. Л.Пастер 1885 ж. құтырған жануарлар тістеген адамдарға вакцина еңгізген. 1892 ж. В.Бабеш, 1903 ж. А.Негри құтырудан өлген жануарлардың ми клеткаларының цитоплазмасында оксифильды қосындыларды анықтаған – олар Бабеш-Негри денешіктері деп аталады – ретроспективті диагноз қоюға өте маңызды. 1903 ж. П.Ремленже аурудың вирустық этиологиясын дәлеледеген.
Этиологиясы. Қоздырғышы – Neuroryctes rabid – рабдовирус тұқымдастығына жататын вирус, оқ тәрізді пішінімен сипатталған. Нейротропты вирус. Вирустың аминоқышқылдарының құрылымы және кезектік орналасуы жыланның нейротоксиніне ұқсайды. Вирионның көлемі 70-170 - 110-200 нм, құрамында РНҚ бар. Суық құтыру вирусын өлтірмейді, қатырғанда тіптен қасиетін жоймай айлар, жылдар бойы сақталады. Жоғары температураға сезімтал - 50° - 1 сағатта, 55° - 20-30 мин., 100°- 2 мин. Кептіруге, ультрафиолетке, күн сәулесіне төзімділігі аз. Сулема , лизол, карбол қышқылы, хлорамин вирусты жояды, ал этанолдың әсеріне төзімді. Вирус жылықанды жануарлар, құстар үшін патогеннді. Вирустың 2 түрі бар – далалық және фиксацияланған. Фиксацияланған вирус сілекей мен берілмейді, тіндік торшаларда, тауық эмбрионында көбееді, вакцина алу ушін қолданады. Құтыру вирусының вируленттілігі әр турлі – қасқыр мен иттің вирус вируленттілігі жоғары: жылқы, сиыр, қой, адам вирусының вируленттілігі – төмен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   392   393   394   395   396   397   398   399   400




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет