Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет15/30
Дата13.04.2020
өлшемі6,59 Mb.
#62353
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия


 
Ол арқылы дренаждау үшін барған жеріне дейін резеңке қолғаптан кесіп 
алынған бір тілім резеңке енгізіледі. Іш пердесінің қабырғасына (эпицистома 
қосылған)  енгізілген  катетер  ұстағыш  жіптің  көмегімен,  жабысқақ 
таңғышпен сыртқы жыныс мүшесінің басына бекітіледі ("кәрзеңке" таңғыш). 
Катетер қойылған үрпі каналын алғаш тіккен кезде 2-3 аптадан кейін ол 
қуыстың тарылуынсыз-ақ берік тұтасып біте бастайды, сөйтіп, мұнан кейінгі 
қалпына келтіру жұмыстарының және көп жағдайда әсері жоқ операцияның 
қажеті  болмайды.  Кейіннен  жасалған  уретография  (үрпі  каналын  тігу) 
кезінде тұтасып біту 4-5 күн кеш басталады. 
Әйтеуір,  бір  себеппен  үрпі  каналы  тігуге  келмесе  (ұлпаның  көп  жері 
бүлінсе,  іріңдеу-қабыну  процестері,  жарақатты  адамның  жалпы  жай-күйі 
ауыр  болса),  онда  міндетті  түрде  жасалатын  эпицистомия  мен 
урогематоманы  ашатын  бұл  жағдайда  қуықтың  ішінен  катетер  немесе 
резеңке  түтік  (диаметрі  8  мм)  өткізуге  әрекеттену  керек  және  сырттан 
олардың  ұштарын  өзара  жалғастыру  қажет.  Үрпі  каналының  ұштары 
аралығында  пайда  болатын  қашықтық  салдарынан  қалпына  келу  тек  6-8 
аптадан  кейін  ғана  басталады  және  осы  кезең  ішінде  зәр  шығару  жолының 
тарылуынан  сақтандыру  үшін  (үрпі  каналының  зақымдалған  жері 
тыртықтанып  бітуі  кезеңінде)  катетер  немесе  түтік  үрпі  каналында  тұруы 
керек. 
Операциялық  емдеу  эпицистомамен  және  шаттың  урогематомасын 
дренаждаумен  шектелген  жағдайда,  одан  арғыуақытта  стриктураны 
(каналдың  тарылуын),  не  болмасаүрпі  каналы,  не  бүйрек  каналшаларының 
зақымданған  бөлігіндегі  облитерацияны  (канал  қуысының  бітелуін)  жою 
үшін  операциялық  жолмен  қалпына  келтіру  емдерін  жасау  қажет.  Катетер 
қойылған  үрпі  каналы  тігісін  ауру  асқынуының  алдын  алу  үшін  қуықты 
фурацилин  ерітіндісімен  (1:5000)  4-6  рет  жуып,  зәр  шығаруканалының 
сыртқы тесігі арқылы катетермен үрпі каналының шырышты қабығының екі 
аралығына антибиотиктер ерітіндісін жіберген жөн. 
Жамбас  сүйегі  іштей  сынған  жағдайда  көтен  ішектің  зақымдануы 
біршама  сирек  кездеседі  және  олар  тіндердің  тартылуынан,  сондай-ақ 
сүйектердің сынықтарынан пайда болады. "Еденге отыру" сияқты құйрықпен 
құлаған кезде дезақым келуі мүмкін. 
Жамбастың нәжістік флегмоны дамуының қауіптілігіне байланысты тік 
ішектің  маңайын  есептемегенде,  құрсақтан  тыс  шамалы  зақымдану 
жағдайындағы  тік  ішектің  зақымдануын  консервативті  емдеу  өте  қауіпті. 
Құрсақ  ішіндегі  зақымдануларды  тік  ішектің  басқа  да  бөлімдерін  емдеген 
кездегідей  емдейді.  Құрсақтан  тыс  бөлімді  тесіп  өткен  жарақат  кезінде 
параректальді  клетчатканы  жарақаттың  орналасуын  есепке  ала  отырып,  өте 
қолайлы әдіспен ашады, былғанған клетчатканы кесіп тастайды, гематоманы 
жояды,  ішектің  жарақатын  тарылтып  тігеді  және  оның  араларына  дренаж 
жасайтын  түтігі  бар  тампон  қойып  дренаждайды.  Жарақатқа  тампонды 
(мақта  тығынды)  енгізерден  бұрын  100000-200000  ЕД  антибиотик  енгізеді 
жәнежарақаттың  айналасын  қоршаған  жұмсақ  тіндерді  антибиотиктер 

139 
 
ерітіндісімен молынан егеді. Ішектің  ішкі қабығының ауруын жою үшін тік 
ішектің  сыртқы  сфинктерін  керіптартады.  Сигма  тәрізді  ішектің  үстіне 
алғақшы хирургиялық тазалау үстінде әуелі тесік жасайды, ал тік  ішекке ол 
кең  көлемде  бүлінген  кезде  және  кейінірек  қатты  асқынулар  дамыған 
жағдайда  жасалады.  Операциядан  кейінгі  кезенде  апиын  тұнбасы  және 
клетчаткасы  көп  мөлшерлі  (алғашқы  5-6  күнде)  диета,  бактерияға  қарсы 
интенсивті терапия белгіленеді. 
Ашық  жарақаттар  кезіндегі  емдеу  принципі  де  дәл  осындай,  бірақ  ол 
жараны мұқият хирургиялық  тазалаумен  ұштастырыла жүргізілуі тиіс. 
Аралас  жарақаттар  әр  жерде  болған  жағдайда  олардың  зардап 
шегушінің өміріне  тікелей  қауіпті  жақтарын  еске  ала  отырып,  хирургиялық 
шараларды  жүйелі  түрде  жүзеге  асырады.  Ең  алдымен  тыныс  алудың  және 
қан айналысының бұзылуын  реттейді. 
 
VII ТАРАУ.  ҚОЛ СҮЙЕКТЕРІНІҢ СЫНУЫ 
 
ТОҚПАН ЖІЛІКТІҢ ЖОҒАРҒЫ БАСЫНЫҢ СЫНУЫ 
 
Сынықтың орналасу орнына байланысты 2 үлкен топқа бөлінеді: 
1. Буынішілік сынық: 
- Жілік басының сынуы 
- Анатомиялық мойнының сынуы 
2. Буынсыртылық сынық: 
- Бұдырларының сынуы, үлкен және кіші бұдырының сынуы 
- Хирургиялық мойнының сынуы және бұдырлар арқылы сыну 
 
94 сурет. Тоқпан жілік жоғарғы басының сыну түрлері 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Буынішілік  сынықтар  көбінесе  иық  буынына  құлағанда,  кейде  шынтақ 
буынына,  кейде  алақанды  тіреп  құлағанда  болады.  Мұндай  жағдайда 
хирургиялық мойын немесе анатомиялық мойын шаншылып сынады. Кейде 
орнынан ығысып кетеді. 

140 
 
Клиникалық  көрінісі: буын ішіне қан жиналады (гемартроз) сүйектен 
аққан  қан  буын  қуысына  буын  қуысына  толады.  Сол  себептен  буын  көлемі 
ұлғайып,  сыртқы  пішіні  өзгереді.  Шаншылып  сынғанда  сықыр  болмайды, 
сырт пішіні онша өзгермейді. Шынтақтан алақанмен соққы бергенде буыны 
ауырсынатынын  айтады.  Иық буынында  аздаған  ерікті қозғалыс  сақталады. 
Ауырған  қолды  білектен  сыртқа  қарай  бұрағанда  күшейеді.  Қол 
қысқармайды. 
 
95 сурет. Тоқпан жілік мойнының сынуы 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Емдеуі:  Торакоброхиальды  гипс  салу.  Иықты  көлденең  деңгейде  90С 
көлденең деңгейден 30-40С алға бас бармақты мұрынға қаратып, мықыннан 
бастап кеуде, иық, білек, алақан, саусақ буынына дейін  1,5-2 айға саламыз. 
Бұл  иық  буынына  қолайлы  қалып.  Жасына  байланысты  қозғалыс 
гимнастикасы, массаж. 3-4 айдан соң жұмысқа жарамды.  
Буынішілік сынық болып орнына ығысқан жағдайда әсіресе жілік басы 
180С-қа бұралып кеткен жағдайда операциялық жолмен емдеу керек. Сүйек 
бөліктерін  айыр  тәрізді  сыммен  бекітіп  торакоброхиальды  гипс  немесе 
БИОС операциясы жасалады. 
 
Бұдырларының сынуы 
Көбінесе  үлкен  бұдырлары  сынады.  Ол  бұдыр  маңына  тікелей  соққы 
тигенде  немесе  жауырынның  қырүстілік,  қырастылық,  кіші  дөңгелек 
бұлшық  етінің  шектен  тыс  жиырылуынан  жұлынып  сынады.  Бұдыр  сол 
еттердің  жиырылу  себебінен  жоғары  сәл  артқа  ығысады.  Тікелей  соққы 
тигенде кейде акрамион өсіндісі астына кіріп кетеді.  
Клиникалық  көрінісі:  иық  буынының  сыртқы  жағы  ісінеді,  иықты 
алдына,  артына  қарай  сәл  қозғалта  алуы  мүмкін,  көлденең  көтере  алмайды, 
қатты ауырады. Қолдың ұзындығы қысқармайды, алақаны ішке артқа қарай 
бұралып,басбармағы артқа қарай қарап тұрады. Себебі, кіші бұдырға бекитін 
төстің  үлкен  қара  бұлшық  етінің  жиырылу  себебінен  жоғарыдай  қалыпта 
тұрады. 
Тасымалдауы:  Дезо  байламы  немесе  Крамер  шинасы  үш  буынды 
бекітіп жеткізіледі. 

141 
 
 
96 сурет. Тоқпан жілік үлкен бұдырының сынуы, ығысумен:  
а – бұдырдың ығысуы; б – емдік бекіту 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Емдеуі:  Сынған  жерге  1%  -ті  20мл  новокаин  ерітіндісін  енгіземіз,  тері 
астына  2%-ті  1мл  промедол  енгіземіз.  Сөйтіп  тоқпан  жілікті  көлденең 
деңгейде  90С-қа  көтереміз,  шынтақты  30-40С  артқа  апарамыз,  қолды  60С 
жоғары  артқа  бұрамыз.  Өйткені,  жалпы  сүйекті  орнына  салу  принципі  ол 
әрқашанда  шеткі  бөлікті  орталық  бөлікке  апару.  Торокоброхиальды  гипс 
саламыз. 
Жоғарыдағыдай 
қалыпты 
Дамье 
қалпы 
деп 
атайды 
немесе(голосующий)қалпы  деп  атайды.  1,5-2  айға  гипс  саламыз,  тексеріс 
рентген  жасаймыз,  егер  орнына  түспесе  операциалық  жолмен  емдейміз. 
Сынған  жерді  ашып  бұдырдан  2  тесік  жасап,  «П»  тәрізді  копрон  жіппен 
орнына тігіп бекітеді.Дезо гипс саламыз. 
 
97 сурет. Тоқпан жіліктің үлкен бұдырының сынуын хирургиялық  
жолмен емдеу: а – сынық бөлігінің ығысуы;  
б – бұрандамен  бекіту; в – сыммен бекіту 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының сынуы 
Құлаған  кезде  қолдың  қандай  қалыпта  қалуына  байланысты 
абдукциялық, аддукциялық және шаншылып сыну деп 3-ке бөлінеді:  

142 
 
Қолды  не  шынтақты  сыртқа  қарай  керіп  барып  құлағанда  сынықтың 
орталық  бөлігі  қолтыұтың  астына  төмен  қарай  ығысады.  Шеткі  бөлігі 
сыртына, үстіне қарай ығысады. Мұны абдукциялық сынық деп атайды. 
 
98 сурет. Тоқпан жілік хирургиялық мойны сынуының түрлері:  
а — ығысусыз; б — аддукциялық сыну; в — абдукциялық сыну 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж. 
 
Клиникалық  көрінісі:  Сырттай  қарағанда  сол  маңның  сыртқы  пішіні 
өзгереді, қол қысқарады, тері астынан шеткі бөліктің ұшы шығыңқы тұрады. 
Оның үстінде сәл ойық болады. Қолтық астынан қарағанда орталық бөліктің 
ұшы  шығыіқы  тұрады.  Ерікті  қозғалыс  болмайды.  Кейде  қолдарының  ұюы 
мүмкін,  өйткені  орталық  ұшы  жүйке  бағаналарын  басуына  байланысты. 
Кейде ұстап көргенде сықыр байқалады. Шынтақ буыны денеден әлдеқайда 
алшақ тұрады. 
Тасымалдауы:  Крамер  шинасы  арқылы.Сау  жақ  иық  буыны  үстінен 
мойынның  артымен  сынған  жақ  иық  бойы  үстімен,  қолдың  сыртқы  жағы, 
алақан  саусақ  буынына  дейін,  қолтық  астына  жастықша  қойып  дәкемен 
мықтап  бекітіп  қояды.  Сөйтіп  3  буынды  бекітеді.  Жеткізілген  соң  рентген 
жасап көреді. 
Емдеуі: Сынған жерге 1 % 20мл новокаин ертіндісін енгізеді, сынықты 
орнына  салуға  3  адам  қажет.  Бірінші  көмекші  шынтағын  90С-қа  бұрып,  бір 
қолмен тоқпан жіліктің айдаршық маңынан ұстайды, екінші қолымен білезік 
буынын  ұстайды.  Ал  екінші  көмекші  бір  қолымен  қолтық  астынан  екінші 
қолымен  иық  үстінен  алады.  Сөйтіп  орталық  бөлікті  мықтап  ұстап  тұрады. 
Бірінші көмекші тоқпан жілік бойымен төмен сәл сыртқа қарай тартады. Осы 
кезде  дәрігер  саусағымен  шығыңқы  тұрған  шеткі  бөлікті  қолмен  ұстап 
қаншалықты  төмен  ығысқанын  байқап  тұрады.  Қолтық  астынан  тығыз 
жастықша  қойып  шынтағын  денесіне  жапсыра  тиістіруін  сұрайды.  Осы 
қалыпта 2-2,5 ай гипстік байлам салады. Тексеріс рентген жасап көреді. 
 

143 
 
 
А) 
Б) 
99 сурет. Тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының сынуын жабықтай орнына 
салу тәсілі. А) Аддукциялық сынықты орнына салу 
Б) Абдукциялық сынықты орнына салу 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Операция жасауға нақты көрсеткіштер: 
1. Ашық сынықтар 
2. Сүйек  бөліктерінің  арасына  жұмсақ  тіндер  ілініп  қалса  мұндай 
жағдайда сынған жерді қолмен ұстағанда сықыр болмайды 
3. Ірі қан тамырлары, нервтер зақымдалатын болса 
4. Жаңқаланып сынып (оскольчатый) жаңқаның бір бөлігі сүйектің 
өстік бойына көлденең тұрса 
5. Жабықтай орнына салынбаса 
Аддукциялық  сынық  –  ол  қолдың  денеге  жапсыра  отырып  құлағанда 
пайда болады. Мұндай жағдайда орталық бөлігі сыртқа, шеткі бөлігі астына 
ішке  қарай  ығысады.  Клиникасы:  иық  буыны  маңында  сыртқы  пішіні 
өзгереді,  қолы  қысқарады  буында  ерікті  қозғалыс  жасай  алмайды.  Орталық 
бөлігінің  ұшы  шодырайып  сыртқа  қарсы  шығып  тұрады,  оның  астында  сәл 
ойық  пайда  болады.  Ұстап  көргенде  сықыр  байқалады.  Кейде  саусақтары 
көгеріп,  ұюы  мүмкін.  Оның  себебі  қан  тамыр  мен  нервті  басып  тұруына 
байланысты.  
Тасымалдау:  Крамер  шинасымен  жоғарыда  айтылған  үш  буынды 
қосып аламыз 
 
100 сурет.Қолды орамалды таңғышқа асып қою 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 

144 
 
Емдеу:  сынған  жері  1  ℅  20  мл  новокаин  ерітіндісі  2℅  1  мл  промедол 
тері астына енгізіледі.  
Орнына  салу  үшін  3  адам  керек.  Бірінші  көмекші  шынтағын  90˚1 
қолымен  тоқпан  жілік  айдаршығынан  ұстап,  екінші  қолымен  білезігінен 
ұстайды. Екінші көмекші бір қолымен  иық үстінен, екінші қолымен қолтық 
астынан ұстайды. Екеуі де тоқпан жілік бойымен керіп төмен қарай тартады. 
Біртіндеп  қолды  көлденең  деңгейде  90˚    көтереді.  30˚-40˚    алға  қарай  осы 
жерде  дәрігер  сүйекті  орнына  салады.  Торокоброхиальді  гипс  салады. 
Тексеріс рентген жасайды, орнында тұрса 2-2,5 ай гипсте болады.  
Абдукциялық, аддукциялық сынықтарда орнына түспесе, онда операция 
жасауға тура келеді. Мұнда көбінесе “Г” тәрізді пластинамен немесе БИОС-
пен бекітеді. 
 
101 сурет. Тоқпан жілік мойнының сынуын Т тәрізді пластинамен (а)  
және екі винтпен (б) бекіту 
 
Шаншылып сыну 
Көбінесе  тікелей  шынтаққа  немесе  алақанға  тік  өс  бойымен  құлағанда 
болады. Бұл жағдайда клиникалық белгісі өте көмескі болады.  
Клиникалық  көрінісі  иық  пішіні маңы  өзгермейді,  қол  қысқармайды, 
сықыр болмайды. Ерікті қозғалыс алдына-артына сақталады. Бүйіріне қарай 
шынтақты  аздап  көтереді,  аздап  ауырсынады.  Шынтақтан  алақан  мен  өстік 
салмақ  беріп  ұрғанда  сынған  жер  ауырады,  сыртқа  қарай  қолды  бұраған 
жағдайда  қатты  ауырады.  Бұл  өте  қолайлы  сынық  түрі.  Сондықтан 
торокоброхеальді гипсті 2 айға саламыз. 
 
Тоқпан жіліктің диафизінің сынуы 
1. Орналасу  орнына  байланысты  жоғарғы  1/3  бөлігі,  төменгі  1/3  бөлігі, 
ортаңғы 1/3 болып бөлінеді.  
2. Сынық  түрі  бойынша:  көлденең,  қиғаш,  бұралып,  жаңқаланып 
сынады. 
3. Ығысу түрі бойынша: ұзына бойы, көлденең, бұрышталып, бұралып 
Тоқпан  жілік  диафизі  көбінесе  тікелей  соққы  тигенде  немесе  тоқпан 
жілікті бұраған кезде сынады.  

145 
 
Көлденең сынықтар – көбінесе бір заттың қырына құлағанда сынады.  
Қиғаш сынықтар – көбінесе жалпақ бұдырлы бетке құлағанда болады.  
Бұралып сыну – атына байланысты бұрағанда сынады.  
Жаңқалардың  болуы  әсер  етуші  күштің  жылдамдығына,  ауырлығына 
және көлеміне байланысты. 
Клиникалық көрінісі: сүйек сынғанда болатын нақты белгілер.  

Ұзындығының қысқаруы 

Сықырлауы 

Сыртқы пішінінің өзгеруі 

Буынсыз жерде қозғалыстың болуы 

Ерікті қозғалыстың болуы 
Жалпы белгілерге: ісіну, қанталау т.б жатады.  
 
 
102 сурет. Тоқпан жіліктің диафизінің сынуы 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
 
103 сурет. Токпақ жіліктің орта куысының сынығы:а) бірінші түрі; б) екінші 
түрі; в) үшінші түрі. Аддукцилық сынықты тарту бейнесі 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Тасымалдау:  Крамер  шинасымен  үш  буынды  бекіту.  Иық,  шынтақ, 
білезік буындарын бекітеді. Салу әдісі жоғарыда айтылған. 
Емдеу:  сынған  жерге  1  ℅  20  мл  новокаин  ерітіндісін  енгізіп,  сүйекті 
орнына  салу  үшін  дәрігер  және  екі  көмекші  қажет.  Бірінші  көмекші  бір 

146 
 
қолымен  шынтақты  90˚  -  қа  бүгіп,  екінші  қолымен  білезік  буынынан 
ұстайды.  Екінші  көмекші  бір  қолымен  иық  үстінен  екінші  қолымен  қолтық 
астынан  ұстап,  тоқпан  жілік  өсі  бойынша  тқмен  тартады.  Дәрігер  осы  кезде 
сүйектің  шығыңқы  ұштарын  қолымен  басып  тұрып,  қаншалықты 
тартылғанын басқап тұрады. Біраз тартқан соң иықты көлденең деңгейде 90˚ 
көтереді.  30˚-40˚  алға  қарай  көлденең  көтеріп  осы  кезде  дәрігер  орнына 
салып,  торокоброхеальді  гипс  салады.  Тексеріс  рентген  жасап,  сүйек 
орнында тұрса 3-3,5 ай осы гипста болады. Гипста жүргенде ауруға иық бойы 
еттерін  жиырып,  босату  күніне  200-300  рет,  екінші  күннен  бастап 
саусақтарымен  қозғалыс  жасайды.  Иық  бойы,  тоқпан  жілік,  білек 
бұлшықеттері солмауы үшін.  
1. Көлденең  сынықта  әрқашанда  бір  мезетте  жабықтай  орнына  салуға 
тиістіміз. 
2. Бұралып сынған жағдайда сүйектің өстік бұралған қалпын бір мезетте 
орнына дұрыс келтіру көбіне мүмкін болмайды. Сондықтан мұндай жағдайда 
қаңқа тарту жасалады. Ол үшін шынтақ өсіндісінен сым өткізіп доға кигізіп, 
қолды  ЦИТО  шинасына  салып  тартамыз  немесе  балкан  рамасы  арқылы 
біртіндеп  қалпына  келтіреді.  Қиғаш  сынықтада  осылай  жасауға  болады. 
Қаңқа  салған  соң  дәрігер  алғашқы  2-3  күн  ішінде  сынған  сүйекті  қалпына 
келтіруі  керек.  Өйткені  аққан  қанның  өзі  сүйек  бітуіне  құрылыс  материалы 
болып  табылады.  Тексеріс  рентген  жасап  көреміз.  Орнына  түскен  болсын. 
Осы қаңқада орта есеппен 1,5-2 ай болады. Осы мерзім ішінде бірінші реттік 
сүйек  мүйізгегі  пайда  болады.  Сүйек  мүйізгегі  пайда  болған  кезде  сынған 
жерді саусақпен қағып көргенде, ауырмайды. Тексеріс рентген жасап бітігіп 
келе жатқандығын анықтаған соң торокоброхеальді гипс саламыз.  
Тоқпан жіліктің диафизі ортаңғы 1/3 бөлігі, төменгі 1/3 бөлігі арасынан 
сынғанда  көбінесе  кәрі  жілік  терісі  зақымдалады,  өйткені  бұл  нерв  тоқпан 
жіліктің  ортаңғы  1/3  бөлігінен  бастап  еттердің  арасымен  сүйекке  қарай 
шығып, сүйекті бұралып, айналып өтетін ойығында жатады. Сөйтіп, алдына 
қарай айналып өтеді. Осы жерден сынғанда жиі зақымдалады. 
Белгісі:  қол  қатты  ауырады,  1,2,3,4  саусақтардың  жартысы  сезбейді, 
ұйып  қалады.  Алақаны  төмен  қарай  салбырап  қалады.  Өйткені  бұл  нерв 
көбінесе  алақанды  үстіне  көтеретін,  бұлшықетті  нервтендіреді.  Мұндай 
жағдайда біртіндеп операциялық жолмен емдеуге тиістіміз.  
Операция: тоқпан жіліктің сыртқы жағынан ұзындығы 10-12 см еттерді 
тілеміз. Ортаңғы 1/3 бөліктен артқы жақ жиегінен тіндерді ажыратып нервті 
тауып  аламыз.  Соның  бойымен  біртіндеп  нервті  жараға  шығарамыз.  Оны 
резеңке  лентамен  жоғары  көтеріп,  ұстап  тұрамыз.  Нервтің  периневрине  1  ℅ 
3-5  мл  новокаин  ерітіндісін  енгіземіз.  Сүйекті  шегелейміз,  стержень 
пластинамен  бекітеміз,  содан  кейін  нерв  жататын  ойық  үстіне  еттерді 
ауыстырып  салып  тігеміз.  Жұмсақ  тіндерді  қабаттармен  тігеміз, 
торокоброхиальді  гипс  саламыз.  Мұнда  алақанды  үстіне  қарай  қайырып 
саламыз, В6, В12 витаминдерін, прозерин 1-1,5 ай береміз. Операция жасаған 
соң  гипспен  бекіту  мерзімі  4-4,5  айға  дейін  ұзартылады.  Гипста 
жүргендебұлшықетті  босатып,  жиырылып  босатып  атрофияның  алдын  алу 
шараларын жүргіземіз. Жара жазылған соң 10-15күннен кейін басталады. 

147 
 
 
104 сурет. Тоқпан жілікті пластинамен бекіту. 
105 сурет. Тоқпан жілікті БИОС қойып бекіту 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Тоқпан жіліктің төменгі басының сынуы. 
Бұл сынықтар орналасқан орнына байланысты 2 үлкен топқа бөлінеді. 
Буынішілік және буынсыртылық. 
- Буынсыртылық:  
- Айдаршықүстілік 
- Айдаршықүстіндегі төмпешіктердің сынуы (жұлынуы). 
1. Буынішілік:  

Айдаршық арқылы 

Айдаршық аралық ол Т және V тәрізді сынады. 

Әр айдаршықтың дара сынуы 

Балаларда  айдаршықтың  бас  тәрізді  өсіндісінің  (головчатач 
возвыщения) сынуы. 
Сыну себебі бойынша:  
-  Шынтақтың шектен тыс жазылып барып құлағанда 
-  Шынтақты бүгіп барып құлағанда  
-  Шынтақты жазып барып құлағанда  
Шынтақ  өсіндісі  айдаршық  аралық  шығыршыққа  тіреліп,  сол  жерді 
сындырып  жібереді.  Осылай  құлағанда  орталық  бөлігі  ішке  алдыға  қарай, 
шеткі бөлігі артқа үстіне қарай кетеді. 

148 
 
 
106 сурет. Тоқпан жіліктің төменгі басының сыну түрлері. 
1— айдаршықүстілік; 2 — сыртқы айдаршықтың эпифизеолизі; 
 3— сыртқы айдаршық үстілік төмпешіктің және бас тәрізді сүйекшенің 
сынуы; 4 — ішкі айдаршықтың және блоктың сынуы;  
5 — ішкі айдаршықтың өсіндік сүйекшесінің жұлынуы 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Шынтақты  бүгіп  барып  айдаршықтар  маңының  бір  қатты  беткейіне 
бүгіліп  барып  соғылғанда  шеткі  бөлік  алдына  үстіне  қарай,  ортаңғы  бөлігі 
астына  артқа  қарай  кетеді.  Осы  кезде  айдаршық  аралық  сынықтары  немесе 
буынішілік, буынсыртылық сынық болуы мүмкін. 
Клиникасы:  шынтақ  буыны  маңы  сыртқы  пішіні  өзгереді,  көлемі 
үлкейеді,  жазылып  сынғанда  білектің  ұзындығы  қысқарады.  Ал  бүгіліп 
сынғанда білек сау жақпен салыстырғанда білек ұзындау көрінеді. Жазылып 
сынғанда  шынтақ  буынының  алдыңғы  жағында  орталық  сынық  бөлігінің 
ұшы шығыңқы тұрады, жиегін басқанда сәл ойық байқалады. Буында ерікті 
қозғалыс  болмайды.  Шынтағы  150-160С  қалыпта  сәл  бүгулі  тұрады. 
Алақаны,  білегі  ішке  астына  қарай  бұралып  тұрады.  Оның  себебі  білекті 
ішке  қарай  айналдыратын  бұлшықет  (m.pronator  teres)  бұрады.  Гюнтер 
үшбұрышының  тең  қабырғалары  бұзылады.  Ол  үшбұрыш  екі  айдаршықпен 
шынтақ  өсіндісін  қосқанда  пайда  болады.  Маркс  сызығы  екі  айдаршық 
арасынан өтпейді. 
Бүгіліп  сынғанда  да  алақанмен  білек  астына  қарап  тұрады.Ортаңғы 
бөлігі  артқы  жағынан  шығыңқы  тұрады,  сәл  төмен  басқанда  ойық 
байқалады.  Білектің  ұзындығы  қысқарады,  қалған  клиникалық  көрініс 
жоғарыда көрсетілген. 
Тасымалдауы:  Крамер  шинасын  иық  буынынан  бастап  алақан  саусақ 
буынына дейін шынтақ буыны қандай қалыпта тұрса сол қалпында шинаны 
иіп  саламыз.  Ауруханаға  жеткізген  соң  рентген  жасап,  сынықтың  орналасу 
орнын, сынық түрін, ығысуын анықтаймыз.  
Емдеуі:  Балаларда  қандай  да  болмасын  сынықтарды  жалпы  наркозбен 
салынуы тиіс. Ересек адамдарда 1% 15-20мл новокаин ерітіндісін тері астына 
2%-1мл  промедол  жасап  10-15мин  тосамыз.  Қолдың  жазылуы  себебінен 

149 
 
болған  сынықты  салу  үшін  бір  дәрігер,  екі  көмекші  қажет.  Бірінші  көмекші 
бір  қолымен  білек  сүйегінің  жоғары  1/3  бөлігінен,  екінші  қолымен  білезік 
буынынан  ұстайды,  ал  екінші  көмекші  тоқпан  жіліктің  жоғары  жағынан 
ұстап  екеуі  екі  жаққа  қарай  тоқпан  жілік  осі  бойымен  сәл  тартады.  Тоқпан 
жілік  еттерін  кереді.  Осы  кезде  бір  көмекші  алақанды,  білекті  супинация 
жасайды.  Сонда  алақаны  үстіне  қарайды.  Осылай  шеткі  шеткі  бөліктің 
жалпақтығын орта бөліктің жалпақтығына келтіріп аламыз. Шынтақ буынын 
біртіндеп  бүгеді.  Осы  кезде  дәрігер  артқы  жағынан  шығып  тұрған  шеткі 
өсіндінің  ұшын  ұстап  байқап  тұрады.  Сатылық  белгі  жойылғаннан  орнына 
түсуі  орта  есеппен  шынтақты  50-60С  бүккен  жағдайда    түсуге  тиісті.  Осы 
кезде дәрігер қолын тоқпан жілікті айдаршық маңынан бір саусағымен  ішкі, 
бір  саусағымен  сыртқы  жағынан    сипап  көреді,  сөйтіп  көлденең  деңгейде 
саты айқындалуын анықтайды. Егер сатыланып тұрса екі айдаршық маңынан 
алақанмен  қысып,  көлденең  ығысуды  орнына    келтіреді.  Сол  қалыпта  иық 
буыннан алақан саусақ буынына дейін гипс салу орта есеппен 3-4 апта.  
Айта  кететін  жағдай  адамдардың  барлық  буындарының  ішіндегі  ең 
кесірлі,  қырсықты  буын  шынтақ  буыны.  Сынық  болмай  буын  ішіне  қан 
ұялап,  оны  қолайсыз  қалыпта  ұзақ  уақыт  гипс  салып,  кейін  гипсті  алғанда 
контрактура,  (тугоподвижность),  анкилоз,  болуы  мүмкін.  Өйткені  бұл  буын 
қолма қол кілейленуге бейім болады. Жоғарыда айтылған асқынысты алдын-
алу  үшін  баланың  жасына  байланысты,  екінші  тоқпан  жіліктің  төменгі 
басының  анатомиялық  ерекшелігіне,  кеміктік  сүйек  болуына    байланысты 
орта  есеппен  1-2  апта  өткен  соң,  гипсті  шешіп,  шынтақты  100-110С-қа  
жазып, тағы да 2 аптаға гипс салу керек. Өйткені шынтақ буынына қолайлы 
қалып  100-110С.  Егер  жоғарыда  айтылған  асқыныс  кездессе  онда  ауру  адам 
иық буыны жауырын арқылы өз-өзіне көмек көрсете алады. Шынтақ буыны 
блок тәрізді болады (блоковидный сустав). 
 
 
107 сурет.Тоқпан жіліктің айдаршық арқылы сынуын  
жабықтай орнына салу 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 

150 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет