Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет13/30
Дата13.04.2020
өлшемі6,59 Mb.
#62353
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия


 
Жиектік сынулардың болу себебі
Көбінесе  бұл  сынықтар  тікелей  соққы  әсерінен  кейбіреуі  бұлшықеттің 
шектен тыс жиырылуы салдарынан болады. 
Жамбас  сүйегі  қалақша  басы  сынығының  клиникалық  көрінісі 
жамбастың сыртқы жағы ісініп тұрады. Сау жағымен салыстырғанда сынған 
жағы  жалпақтау  және  төмендеу  тұрады.  Жамбас  сырт  жағында  үлкен  ісік 
болады,  басқанда  қатты  ауырады.  Ауру  аяғын  қозғалта  алмайды.  Сынған 
қалақша  басы  сыртқа  қарай  сәл  қайырылулы  тұрады.  Оның  себебі  ортан 
жіліктің  үлкен  төмпешігіне  бекитін  мықынның  қалың  бұлшықеттерінің 
жиырылуы салдарынан(ягодичные мыщцы). 
Тасымалдау:  Қатты  тақтай  бетіне  жатқызып  екі  тізесінің  астына 
жастықша  қойып,  тізелерін  сыртқа  қайырып,  өкшелерін  бір-біріне  тиістіріп 
қоямыз.  Ондай  қалыпты  құрбақа  тәрізді қалып  немесе  Волкович  қалпы  деп 
атайды.  
 
86 сурет. Жиектік сыну  87 сурет. Волкович қалпы 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Емдеу:  Ауруға  Школьников-Селиванов  әдісі  бойынша  жансыздану 
жасаймыз.  Ол  үшін  0,25%-250мл  новокаин  ерітіндісін  жамбастың  алдыңғы-
үстіңгі  өсіндісінен  ішке  қарай  1см  алып  іштен  сыртқа  қарай  инені  кіргізіп 
жамбас сүйегінің қырына тиеміз, сөйтіп иненің ұшын жамбас сүйегінің ішкі 
жақ  қабырғасының  бойымен  сүйекке  міндетті  түрде  тигізіп тұрып  біртіндеп 
12-14см  тереңдікке  дейін  енгіземіз.  Тері  астына  1%-1кубик  промедол 
енгіземіз.  Ауруды  қатты  төсек  бетіне  жатқызып,  жалпақ  матадан  тігілген 
қалың  белбеу  (гаммак)  жалпақтығы  жоғары  жағынан  L-1  бел  омыртқаның 
тұсынан,  төменгі  жағынан  санның  жоғарғы  1/3  қамтуы  керек.  Гаммактың 
ұзындығы мықын сүйегінің үстіңгі жиегінен 2-4см шығып тұруы керек. Сол 
ұшына дөңгелек ағаш енгізіп оны 4-5 жерден көлденең тесіп, екі жағынан да 
тесіп,  жіп  өткізіп  төсектің  бас  және  аяқ  жағынан  балкан  рамкаларын 
бекітеміз.  Сол  рамкалар  арқылы  жіптерді  айқастырып  орта  есеппен  6-8  кг 
салмақ ілеміз. Салмақ ауырлығын таңдау ол аурудың сегізкөзі төсек бетінен 
5-8см  жоғары  тұрған  деңгейге  жеткіземіз.  Осы  гаммакпен  1,5-2ай  бойы 
жатады,  кейін  балдақпен  1-2  айжүреді,  жұмысқа  жарамдылығы  4-6  айдан 
кейін. 

122 
 
Осы  тәсілді  жамбас  сүйегінің  қалақша  басы  сынып  сыртқа  қарай 
қайырылып тұрған жағдайда осы жолмен емделеді.  
 
Жамбас сақинасының (шеңберінің)  
тегістігінің бұзылмай сынуы 
Қасаға  сүйегі  сынуы  көбіне  тікелей  соққы  тигенде  болады.  Отырықшы 
сүйек көбіне биіктен отырып  құлағанда пайда болады. 
Клиникасы:  шаптың  ішкі жағы  ісінеді, шаптың үстіңгі, астыңғы жағы, 
тайқы,  ойыстары  тегістеледі.  Қан  жиналуына  байланысты  шалқасынан 
жатқан  ауру  тізесі  жазулы  қалыпта  өкшесін  төсектен  көтере  алмайды.  Ол 
тізе,  жамбас  сан  буынын  бүгіп,  өкшесін  төсек  бойымен  сырғытып,  жазып 
өзіне  қарай  тартады.  Жаз  десең  сырғыған  қалыпта  жазады.  Аурудың  аяғын 
алып  тізесін  бүкпей  табанын  жоғары  көтеріп  беріп  ұстап  тұр  деп  қолын 
алады. Ауру өзі ұстап тұра алады.  
Габбай  белгісі:  Оны  анықтау  үшін  шалқасынан  жатқан  ауруға  сынған 
жақ бүйіріне бұрылып жат дейміз. Сонда ол сау жақ табанын басымен сынған 
аяқ  тілерсегінің  астынан  өткізіп,  табанының  басымен  сынған  аяқтың 
табанының сыртынан тіреп жанына, жанына бұрылады. Өйткені сау адам бір 
жақ  бір  жақ  бүйіріне  бұрыларда,  бұрылатын  жақ  аяқтың  тізе  жамбас  сан 
буыны  сәл  бүгіп,  санды  сыртқа  қарай  кереді.  Осы  кезде  алмұрт  тәрізді 
бұлшықет  тартылады.  Сөйтіп  ол  өзінің  бекіген  қасаға  сүйегін  өзімен  бірге 
тартады.  Оның  үстіндегі  терімен  жұмсақ  тінді  тартады.  Сондықтан  қатты 
ауырады. Соны болдырмау үшін осы қалыпта қолданады. 
Жамбастың  алдыңғы-үстіңгі  өсіндісінің  сынуы  (жұлынуы)  ол  көбінесе 
тікелей  соққы  әсерінен  кейде  оған  бекитін  жартылай  сіңірлі  жарғақ  тәрізді 
бұлшықеттердің  шектен  тыс  жиырылуы  салдарынан  болатын  сынық.  Ол 
өсінді  төмен  қарай  сәл  сыртқа  қарай  ығысады.  Ауру  жамбас  сан  буынынын 
өз  еркімен  бүге  алмайды.    Себебі  жоғарғы  аталған  бұлшықеттердің  негізгі 
қызметі  ортан  жілікті  бүгуге  қатысады.  Сондықтан  бұл  ауру  көбінесе  артқа 
қарай жүреді (симптом Лазинского). Сол жер аздап іседі, қанталауы. 
Емдеуі:  Сынған  жерге  1%  20мл  новокаин  ерітіндісін  енгізіп  аурудың 
аяғын Беллер шинасына қойып, тері астынан тауып алып, жоғары ішке қарай 
итеріп орнына басамыз. Орнына түскен болса сол бойы 1ай жатады. Орнына 
салынбаса  сол  жерді  ашып,  өсіндіні  бізбен  тесіп,  капрон жіппен  «П»  тәрізді 
тігіс салып  орнына бекітіп қояды.  
Тасымалдау: Волкович қалпында. 
Отырықшы  сүйектің  бұдыры  сынғанда  мықын  еттерінің  төменгі 
жағында  отырықшы  сүйегінің  маңында  ісік  пайда  болады.  Адам  отыра 
алмайды.  
Тасымалдау: Волкович қалпында. 
Емдеу:  Қатты  төсек  бетінде  жатқызып,  резеңке  үрмеліт  шеңберге 
отырғызып, 1-1,5 ай жатады. 
Жамбас  сүйегінің  үстіңгі  жиегі  сынған  жағдайда  ол  көбіне  жол  апаты 
кезінде,  биіктіктен  аяқты  ішке  қарай  иіп  барып  табанға,  тізеге  құлаған 

123 
 
жағдайда, ортан жілік басы сәл сыртқа қарай жылжып, шұңқырдың жоғарғы 
жиегіне  тіреліп,  оны  сындырып  жібереді,  жілік  басы  жоғары  үстіне  немесе 
жоғары артына қарай шығып кетеді.  
Жамбасты  екі  жағынан  ішіне  қарай  сыққанда  шаптың  маңы  қатты 
ауырады  (Варнейля  белгісі).  Жамбасты  алдыңғы  үстіңгі  өсіндісі  тұсынан, 
ішкі жағынан ұстап сыртқа қарай кергенде шап аймағы қатты ауырады. Бұл 
Ларрея белгісі деп аталады.  
Емдеуі:  Жамбас  ішіне  Школьников-Селиванов  әдісі  бойынша  блокада 
жасаймыз  (бұл  әдіс  жоғарыда    көрсетілген).    Ауруды  қатты  төсек  бетіне 
жатқызып,  тізесінің  астына  жастық  қойып,  сандарын  сыртқа  қарай    керіп, 
өкшелерін  бір-біріне  тиістіріп  жатқызамыз,  бұл  құрбақа  тәрізді  қалып 
(Волкович белгісі) 2 ай жатады. 10-12 күндері отыруға рұқсат береміз.  
Сегізкөз  көлденең  сынғанда  сегізкөз  маңайы  қатты  ауырып,  ісінеді. 
Шалқасынан  жатқанда, отырғанда күшейе түседі. Сондықтан ауруды  үрмелі 
резеңкеде  жатқызамыз.  1-1,5  ай  жатады.  Электрофарез  новокаинмен  және 
амплипульс 8-10 күн береміз. 
 
Жамбас сүйегі шеңберінің бұзылып сынуы 
Шаттың  айырылуы.  Ол  көбінесе  биіктіктен  ет  бетімен  құлағанда, 
жамбастың  алдыңғы  ішкі  жағынан  сыртқа  қарай  қатты  кергенде,  босанған 
жағдайда,  ірі  бала  жыныс  жолдарынан  өткен  жағдайда  айырылып  кетуі 
мүмкін.  
Клиникасы:  Шат  маңы  үлкен  деңгейде  ісінеді.  Кейде  кіші  дәретке 
отыра  алмауы  мүмкін.  Шат  сүйегінің  қосылған  жерін  саусақпен  басып 
көргенде ойық пайда болады. Аятарының бастары сыртқа қарай қайырылып 
жатады. Ауру жүре алмайды. 
Тасымалдау:  Волкович  қалпында.  Блокада  Школьников-Селиванов 
бойынша  жасалады.  Ауруды  гаммакқа  саламыз(қалай  жатқызу  жоғарыда 
көрсетілген) гаммакқа жатқанда сегізкөз төсектен 8-10см жоғары асуы керек. 
Осы  қалыпта  3  күннен  кейін  рентген  жасап  көреміз,  орнына  түссе,  осы 
қалыпта  2-2,5ай  жатуы  тиісті.  Содан  кейін  қос  таяқпен  (костыль)  2  айдай 
жүреді.Бір  жақтан  немесе  екі  жағынан  қасаға  мен  отырықшы  сүйек  сынған 
жағдайда  сүйектер  орнынан  әрқашан  ығысады.  Көбіне  тікелей  соққы  алған 
жағдайда болады. 
Клиникасы: Шат маңы үлкен деңгейде ісіп кетеді. Кіші дәретке отыра 
алмайды.  Егерде  осы  сүйектер  жаңқаланып  сынса  жамбас  іші  ағзалары 
зақымдалуы мүмкін. Көбінесе қуық зақымдалады. Онда кіші дәреті  мүлдем 
шықпайды.  Мұны  анықтау  үшін  қуыққа  контрастты  зат  жіберіп,  рентген 
жасап  көреміз.  Қуық  жыртылса  қуыққа  операция  жасалады,  қуық  тігіледі. 
Қасаға сүйектерін жақтаушалармен бекітуге болады. Осы өзгерістер болмаса 
консервативті  емдеуге  болады.    Онда  да  Волкович  қалпында  2,5  ай 
жатқызуға  болады.  Шат,  сегізкөз,  жамбас  қосылған  жерлері  айырылып 
кеткен  жағдайда  айырылған  жақтағы  жамбас  толықтай  жоғары  қарай    және 
сегізкөздің артына қарай кетеді. Осы жақ аяғы қысқарады және сыртқа қарай 

124 
 
бұралып  жатады.  Ешқандай  қозғалыс    жасай  алмайды.  Ауру  көбіне  шок 
жағдайына  түседі.  Мұндай  жарақат  жол  көлік  апаты,  жоғарыдан  етбетімен 
құлағанда және жамбасты ішінен сыртына қарай екі жаққа керген жағдайда 
кездеседі.  
Емдеу:  Школьников-Селиванов  бойынша  блокада  жасау.  Кейде  өте 
ауыр  жағдайда  түскенде  Поляковтың  ұзартылған  гемостатикалық 
блокадасын  жасау  қажет.  Ол  үшін  5%  10мл  новокаин,  80-90мл  желатинды 
қосып    және  5мл  ликасол  осы  үшеуін  система  арқылы  жамбас  қалақша 
басына  сүйекішілік    ине  кіргізіп    тамшылатып  енгіземіз.  Осы  қосынды 
ауырғанын  6-8  сағатқа  дейін  басады.  Ауруды  сау  сау  жақ  бүйіріне 
жатқызамыз.  Жамбастың  жоғарғы  жақ  жиегінен  бір  жақ  қолымызбен 
ішектерді  төмен  қарай  басамыз.  Сол  жерге  алдынан  артына  қарай  сым 
өткіземіз. Екінші сымды тағы ішекті төмен басып, жамбасты 25С   алдынан 
артқа  қарай  көбеу  қалыпта  сым  өткіземіз.  Үшінші  сымды  жамбастың 
алдыңғы  үстіңгі  өсіндісі  тұсынан  тағы  да  30С  көлбеу  деңгейде  өткіземіз. 
Осы сымдарға доға кигіземіз. Төсектің аяқ жағына, сынған жақ бүйіріне, бас 
жақ,  аяқ  жақ  бастарына  көлденең  балкан  рамаларын  кигіземіз.  Сөйтіп 
жоғары  доғадан  көлденең  деңгейде  салмақ  іліп  тартамыз.  Орталық  доғадан 
қарама-қарсы аяқтың толарсақ буынының тұсына қарай 5-7кг салмақ ілеміз. 
Үшіншіден  қарама-қарсы  тізе  тұсынан  жіп  тартып,  3-5  кг  салмақ  ілеміз. 
Сынған жақ ортан жілік айдаршық үстінен сым өткізіп  3-5кг салмақ ілеміз. 
Сау  жақ  ортан  жілік  айдаршығына  сым  өткізіп  ось  бойынан  3-5кг  салмақ 
ілеміз.  Сау  жақ  табанғы  астына  тіреуіш  қоямыз.  2-3  күні  жатқан  жерде 
рентген  жасаймыз.  Шығып  кеткен  жамбасының  артқы    жағы  орнына  
келдіме  жоқпа  соған  көз  жеткіземіз.  Орнына  келсе  ауруды  гаммакқа 
саламыз,  жібін  айқастырып  5-8  кг  салмақ  ілеміз.  Сегізкөз  төсекке  тимеуі 
керек  8-10см  жоғары  деңгейде  болады.  Осындай  әдіспен  жамбастың 
алдыңғы,  артқы  жақ  шеңберін  қалыпты  жағдайға  келтіреміз.  Осы  қалыпта 
2,5-3 ай жатады, бақылау рентген жасап көреміз. 
Мальгений  сынығы-жамбас  сүйегі  денесінің  артқы  жағынан  тікелей 
сынуы,  алдыңғы  жағынан  қасаға  мен  отырықшы  сүйектердің  сынуы,  осы 
айтылғандар    екі  жақтан  да  бірдей  сынуы  мүмкін.  Мальгений  көбінесе  жол 
көлік апаты, жамбас сүйегі артынан алға қарай немесе артынан қатты соққы 
алғанда болады. Мұндай жағдайда ішкі ағзаладың зақымдалуы мүмкін.  
Мұнда да жамбас сынған бөлігі жоғарыдан артқа қарай ығысуы мүмкін. Шат 
маңы, жамбастың  сыртқы артқы жағында үлкен ісік пайда болады, сүйектен 
және  жыртылған  еттерден  деңгейлі  2-3  л  қан  жоғалтады.  Сөйтіп  ауру  ауыр 
шок жағдайында жеткізіледі. Осы жақ жамбасы, аяғы сыртқа қарай бұралып 
жатады.Ешқандай қозғалыс жасау мүмкін болмайды. Ауруға шокқа қарсы ем 
толық  жүргізілуі  тиісті.  Бұған  да  Поляковтың  ұзартылған  гемостотикалық 
сүйекішілік  жансыздандыру  жасалады.  Мұнда  жоғарыда  көрсетілген 
жамбастың  шығуындағыдай  үш  әртүрлі  кеңістікте  қаңқа  тарту  арқылы 
орнына саламыз. 1 жылға дейін жұмысқа жарамсыз. 

125 
 
Вуалемье  сынығында  да  сегізкөздің  маңы  үлкен  деңгейде  ісіп, 
қанталайды. Мұнда да жамбастан жоғары, сәл артқа қарай ығысады. Мұнда 
да Школьников-Селиванов блокадасы жасалады. Ауруды сынған  жақ ортан 
жілік  айдаршығынан  қаңқа  тартып  салмақ  іліп,  гаммакқа  салып  емдейміз. 
2,5-3 ай жатады. 1 жылдан кейін жұмысқа жарамды.   
Жамбас  шұңқырының  ортасының  сынып  ұршық  басының  жамбас 
қуысына  енуі.  Мұндай  жарақат  көбінесе  биіктіктен  бір  жақ  бүйіріне  ортан 
жілік жоғары жақ басымен құлағанда болады.  
Клиникасы:  Сынған  жақ  аяқ  2-4см  дейін  қысқарады.  Жамбастың 
сыртқы  жағында  үлкен  ісік  болады,  кейде  санның  жоғарғы  1/3  бөлігінен 
мықын сүйегінің бүйір артқы жағына дейін жайылып ісінуі мүмкін. Жамбас 
сан  буынында  ешқандай  қозғалыс  болмайды.  Аяғы  жамбас  сан  буынында 
сәл бүгулі және сыртқа қарай аздап қайырылған.  
 
 
88 сурет. Бір жақ жамбастың үстіне қарай шығуы 
89 сурет.Ортан жілік басының жамбас қуысына шығу түрлері 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Тасымалдауы: Волкович қалпында. 
Емдеуі:  Жамбас  ішіне  Школьников-Селиванов  бойынша  блокада 
жасалады.  Қосымша  тері  астына  1%-1  кубик  промедол  жасалады.  Ортан 
жілік үлкен төмпешігіне жұмсақ тінге 1%  15-20мл  новокаин енгіземіз. Сол 
жерге  астынан  үстіне  қарай  сым  өткізіп,  доға  кигіземіз.  Екінші  қаңқаны 
ортан  жілік  айдаршық  үстінен  көлденең  өткіземіз,  доға  кигіземіз.  Жоғары 
доғадан  көлденең  деңгейде  3-5кг  салмақ  ілеміз.  Аяғын  Беллер  шинасына 
саламыз, ось бойынша 3-4кг салмақ ілеміз. Сау жақ табанына тіреуіш қойып, 
науқасты  көлбеу  отырғызып  қоямыз.  2-3  күні  жатқан  жерінде  тексеріс 
рентген  жасаймыз.  Егерде  жілік  басы  жамбас  қуысына  өзінің  орнына  келсе 
тағы  бір  көлденең  деңгейде  1-2кг  салмақ  қосамыз.  Осы  қалыпта  2-2,5  ай 
жатады. Тыныс алу гимнастикасы, массаж, жасына қарай қақырық түсіретін 
дәрі  береміз.  2-2,5  айдан  кейін  тағы  да  тексеріс  рентген  жасаймыз.  Егерде 

126 
 
жамбас шұңқырының ортасы бітсе, онда кокситтік гипс салып 3-4ай  таяқпен 
жүреді, өйткені осы буында қозғалыс болмай қалуы мүмкін. 
 
 
А 
Б 
В 
90 сурет. Жамбас шеңберінің тегістігінің  бұзылып сынуында емдеу әдісі:  
А) Ортан жілік басының жамбас қуысына ену түрін емдеу әдісі 
Б) Тұрақсыз жамбас сынуында қаңқалық тарту жүйесі 
В) Шат айырылғанда қалпына гамак көмегімен келтіру 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Жамбас сынған кезде клиникалық көріністердің айқындалу дәрежесі сол 
сынықтың  өзінің  шегіне,  сипатына  және  көлеміне,  сонымен  қатар 
зақымданған  адамның  ауруға  шыдамдылығына,  жалпы  жай-күйіне,  басқа 
зақымдардың  бар-жоғына,  бұрын  көрсетілген  медициналықкөмекке  де 
байланысты. 
Жамбас  шеңберінің  тұтастығы  сақталған  сынық  кезінде  ауыруы 
көбінесе  сынған  жердің  маңайында  сезіледі.  Жаңқаға  жабысқан 
бұлшықеттердің  жиырылуы  ауруды  үдете  түседі.  Мысалы,  шонданай 
сүйектері  сынған  кезде  зақымданған  сүйек  саусақпен  басса  да,  бұлшықет 
жиырылып  созылса  да  ауырады.  Мықын  сүйегінің  жоғарғы  жағы  бөлініп 
қалғанда  тігінші  бұлшықетінің  созылуы  ауру  тудырады,  соның  салдарынан 
зақымданған  адам  артына  қарай  жүреді  /Лозинскийдің  симптомы,  немесе 
"артқа  жүру"  симптомы/.  Шат  сүйегінің  жоғарғы  тарамы  сынған 
кездеаурудың  салдарынан  созылған  аяқты  жамбас-сан  буындары  тұсынан 
бүгу  мүмкін  емес,  сондықтан  адам  оны  төсекте  өкшесін  сүйрете  өзіне 
тартады,  бірақ  әлсіз  аяғын  қолмен  демейді  /бел  мықын  бұлшықеті  шат 
сүйегіне  қысым  келтіріп,  немесе  сынық  ұшының  жарақаттануы  тоқталады/, 
бұл "жабысқақ өкше" симптомы деген атқа ие болған. 
Мықын  сүйегінің  қыры  сынып,  бөлініп  кеткен  жағдайда  іштің  қиғаш 
бұлшық  еті  жиырылып  ауырады,  мықын  сүйегінің  артқы  жоғарғы  жағы 
сынған  кезде  сакроспинальдік  бұлшықеттер,  құйымшақ  сынып,  буыны 
шыққанда жамбастың көк еті ауырады. 
Мықын сүйегінің қыры сынған жағдайда ауру адам бір жағына қисайып 
жүреді.  Сүйектің  зақымданған  тұстарын  саусақпен  сипаса  ауырады,  бірақ 
жамбас  шеңберінің  зақымданған  жерін  басқанда  ауру  білінбейді.  Әдетте 
гематомалар  үлкен  болмайды,  олар  терінің  астында  көзге  көрінбейтіндей 
болып тек 3-5 күн өткеннен кейін ғана байқалады. 

127 
 
Жамбас шеңберінің тұтастығын бұзған сынықтардың анағұрлым айқын 
белгілері  болады,  өйткені  ол  тірек  функциясының  бұзылуына,  спонтанды 
/өрши  түскен/  және  ауру  тудыратын  қан  кетулерге  байланысты.  Көп 
жағдайда  жарақаттан  шок  дамиды.  Зардап  шегушілер  өз  бетімен  жүру 
қабілетінен айрылады. 
Екі жерден тігінен сынған жағдайда жамбас сүйектің латеральды бөлігі 
екі  аяқпен  бірге  проксимальді  түрде  жылжиды  /іш  бұлшықеті  мен  шаршы 
бұлшықеттің  тартуы/  және  Сыртқа  қарай  ашылып  кетеді  /бөксе  үлкен 
бұлшық етінің тартуы/. Зардап шегуші мұндай жағдайда бүкшиіп, аяқ-қолын 
екі  жаққа  жайып  /Волковичтің  симптомы,  "құрбақаның  қалпы'/  жібереді. 
Саусақпен  басқан  кезде  жамбас  шеңберінің  алдыңғы  және  артқы  бөліктері 
ауырады.  Кеуденің  және  аяқтың,  жамбас  сүйектің  байланысты  ұшының 
бұлшықеттеріне күш жіберсе ауырғаны жанға батады. Кеудені керуге әрекет 
жасағанда  /жөтелгенде,  іш  тұсына  күш  түскенде  және  оны  саусақпен 
басқанда/  ауыру  пайда  болады.  Көп  қан  кету  белгілері  байқалады. 
Жамбастың  шығып  тұрған  ұшын  саусақпен  басып  та  байқауға  болады. 
Алғашқы  сағаттарда-ақ  шат  және  құйымшақ  май  құйрық  тұсында  гематома 
байқалады.  Өте  қиын  жерде  орналасқан  құрсақ  ішілік  гематомасынан 
тітіркендіру  салдарынан  перитониальді  симптом  байқалуы  мүмкін 
/псевдоперитонеальдік/,  зәрдің  рефлекторлы  бөгелуі  де  жиі  байқалады. 
Жамбастың 
бір 
жағытік 
сынған 
жағдайдааталған 
симптомдарды 
зақымданған жақтан табуға болады. 
Перкуторлы  дыбыстың  әлсіреуіне  қарап  және  ішекті  саусақпен  басып 
тексеру  арқылы  шамамен  жамбастың  ішіндегі  және  іштің  алдыңғы 
жағындағы  гематоманың  /қанды  ісіктің/  көлемі  мен  орналасуын  шамалап 
анықтауға болады. 
Жамбас  диагональді  сынған  жағдайда  жамбас  шеңберінің  алдыңғы 
бөлігінің  бір  жағында,  ал  артқы  бөлігінікі  оған  қарама-қарсы  жақта 
орналасса,  онда  артқы  сынықтың  жазықтығынан  жамбастың  тек  барлық 
латеральді  /қаптал/  бөлігі  ғана  емес,  сонымен  бірге  алдыңғы  жағындағы 
алдыңғы бөліктің медиальді /ішкі/ фрагменті де орнынан жылжып кетеді. 
 Осыған  байланысты  сынық  қай  щеңбердеболса  сол  жер  ауырады. 
Осылайша  жамбастың  оң  немесе  сол  жақ  бөлігі  жылжып  кеткен  жағдайда, 
орналасу ассиметриясын анықтауға болады. 
Егер  жоғарыдағы  келтірілген  симптомдар  дәл  диагноз  қоюға  әлі  де 
жеткіліксіз  болса,  жарақаттанған  адамның  жай-күйі  мүмкіндік  берсе,  онда 
диагностикалық  тәсілдер  қолдануға  болады.  Ол  үшін  жамбас  шеңберіне 
аздап қысым түсіргенде сынған жердің ауруына негізделген мына тәсілдерді 
қолдану қажет: жамбасты мықын сүйегінің қырынан ептеп басу; жамбастың 
мықын сүйегінің қырын екі жаққа аздап ажырату; мықын сүйегінің қырымен 
шонданай  томпақ  жерінің  арасын  шамалап  ашу  немесе  созылған  аяқтың 
өкшесін  ұрғылау.  Жамбастың  ұршықтан  сынуы  зақымның  формасы  мен 
дәрежесіне  қарамастан  буын  шеміршегін  зақымдайды  және  мұнан  кейін 
асқыну  қаупін  тудырады  /контрактура,  бұлшықеттің  тартылуы,  анкилоз, 

128 
 
дсформациялаушы  остеоартроз/.  Зақымдану  неғұрлым  күрделі  болса, 
солғұрлым жиірек асқынады, бұл әсіресе, сынған кезде сүйек жанқаларының 
орнынан жылжып кетуі, ортан жілік басының ұршық ойығынан тайып кетуі, 
жілік  басының  жамбастың  орта  тұсына  қарай  жылжуы  /орта  буынның 
шығуы, созылуы/ кезінде байқалады. 
Мұндай зақымданулардың  симптомдары буынның белсенді қызметінің 
бұзылуына,  буынды  жайлап  қозғалтқанда  және  саусақпен  ептеп  басқанда 
ауыруына,  ұршықтың  үлкен  басын  аздап  ұрғылағанда,  өкшеге  ұрғылағанда, 
ұршықты  басып,  жамбасты  қысқан  уақытта  пайда  болатын  ауруға 
байланысты. 
Егер  ұршық  ойығы  сынып,  сонымен  бір  мезгілдеортан  жіліктің  басы 
шығып кетсе онда аяқ әдеттегі буын шыққандағыдай күйде қалады. Тік ішек 
арқылы  саусақпен  сипалап,  басып  тексергенде  сынған  тұстың  ауруы  және 
ісінгені, кейде жамбас сүйектің сықырлауы байқалады. 
Жамбастың  сынып,  буынынан  шығуы,  шат  сүйегі  мен  сегізкөз-мықын 
буындасуының  жамбас  сүйектеріне  біріккен  жерлерінің  бір-бірінен  ажырап 
кетуінен  пайда  болады.  Шыққан  кезде  жамбас  сол  шыққан  жағындағы 
аяқпен  бірге,  әдетте  жоғары  және  артқа  қарай  жылжиды,  сөйтіп  бір  жақты 
тік  сынықтың  клиникалық  симптомдарына  ұқсайды.  Бірақ,  байланыстыру 
аппараты  бүлініп  жамбастың  тірегіштік  қабілеті  жоғалғанмен  де  ол   
проксимальді  түрде  жылжымауы,  ал  артқа  қарай  жылжуы  шығып  кету 
дәрежесінен аспауы мүмкін. 
Орнынан  таймаған  болса,  немесе  тек  артқа  қарай  тайса,  клиникалық 
көрінісі  анық  болмайды.  Саусақпен  басқанда  ауыру,  симфиз  және  сегізкөз-
мықын  буындарының  біріккен  тұсына  салмақ  түсіргенде,  созылған  сау 
аяқтың  өкшесіне  ұрғылағанда,  жамбастың  кемік  басын  қысып  екі  жаққа 
айырғанда  пайда  болатын  ауыру  дұрыс  диагноз  қоюға  көмектесуі  мүмкін. 
Бүгілген сан мен тізе буынының ішкі ротацисы кезінде алмұрт тәрізді және 
бел-мықын  бұлшықеттерінің  тартылуы  салдарынан,  кейде  бүгілген  санды 
буыннан  не  олай,  не  бұлай  қозғалған  кезде  зақымданған  сегізкөз-мықын 
буындарында ауру пайда болады. 
Қиысы кетіп жылжығанда симфиз /шат сүйегінің бір-бірімен жалғасқан 
жері/ маңайының деформациясы, мықын сүйегінің артқы-жоғарғы қырының 
орналасуында  ассиметрия,  кейде  сегізкөздің  артына  кетіп  қалуы  оңай 
байқалады. 
Кейде байламаппарат түгелдей үзіліп кетпесе жарақаттанған адам жүре 
алады.  Онда  арқаның  ішкі  бұлшықеттеріне  күш  түскені  байқалып,  кеудені 
жазғанда ауру пайда болады. Белдің майысқан жері түзеліп, омыртқалардың 
қарама-қарсы  жаққа  қисайғаны  байқалады,  сау  аяқпен  қатты  адымдау, 
отырған адамның тез тұрып кетуі мүмкін болмайды. 
Жамбас  органдары  бір  мезгілде  зақымданған  жағдайда  жамбас 
сынығының  клиникалық-симптомдар  комплексіне  /ауру  белгілерінің 
жиынтығына/ тиісті органның зақымдану белгісі де қосылады. 

129 
 
 
91 сурет. Жамбас сүйегі сынған науқас қалпы — «құрбақа қалпы» 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
III. ЖАМБАС ҚУЫСЫНДАҒЫ МҮШЕЛЕРДІҢ ЗАҚЫМДАНУЫНЫҢ 
БЕЛГІЛЕРІ 
 
3әр жолы зақымданса, одан зәр сындырмаған кездің өзінде де қан ағады, 
жарақаттанған  тұс  ауырады,  гематома,  лизурикалық  бұзылу  /зәр  шығудың 
мүмкін еместігі/, зәр сындыруға әрекет қылған кезде шаттың немесе сыртқы 
жыныс мүшесінің қатты ауыруы, зәрдің үзіліп-үзіліп шығуы, қуықтың зәрге 
қатты  толып  кетуі  байқалады.  Жамбас  сынған  кезде  ерлер  үрпі  каналының 
жарғақша  бөлігінің  жарылып  кетуі  жиі  кездеседі.  Артқы  үрпі  каналы 
жыртылған  кезде,  әдетте  жамбастың  көк  еті  зақымданады  да,  зәрдің 
инфильтрациясы  проксимальді  түрде  қуық  айналасындағы  клетчаткаға,  ал 
дистальді  түрде  шаттың  клетчаткасына  таралады.  Кейіннен  жамбастың  зәр 
флегмонасы дамиды. Тікішек  арқылы  саусақпен тексергенде жұмсақтау ісік 
және  үрпі  каналының  зақымданған  тұсында  ауру  байқалуы  мүмкін.  Көп 
жағдайда  алғашқы  сағаттардың  өзінде-ақ  шаттың  урогематомасы 
анықталады.  Үрпі  каналы  көбінесе  жамбас  сүйектерінің  орнынан  қозғалып, 
сіңірдің  созылуынан,  кейде  сүйек  сынықтарынан  және  шат  сүйектері  мен 
зақым келтіруші заттың арасында қалып жаншылудан жарақаттанады. 
Қуықтың  зақымдануы  құрсақ  қуысының  ішінде  де,  сыртында  да  бола 
беруі  мүмкін.  Көбіне  зәр  толып  тұрған  қуыққа  қысым  түскенде  пайда 
болатын  құрсақ  қуысыңың  ішіндегі  зақымдану  кезінде  қан  мен  зәр  құрсақ 
қуысына  кетеді  де,  құрсақтың  тітіркенуін  және  басқа  да  перитониальдік 
симптомдар  тудырады.  Зәр  қысып  тұрғандай  сезілгенмен  және  қан  аралас 
зәр  мен  таза  қан  аз  мөлшерде  жиі  шығып  тұрғанмен  қуық  "бос"  болып 
шығады. Кейінірек іш пердесінің қабынуы дамиды. 
Қуық  құрсақ  қуысынан  тыс  жарылған  кезде  оның  ішіндегі  зәр  қуық 
маңындағы  клетчаткаға,  сонан  кейін  жамбас  пен  шаттың  басқа  да 
клетчаткалық  бос  орындарына  жайылады.  Қуық  маңайындағы  клетчаткаға 
зәрдің  жиналуы  жанға  бататын  ауру  тудырады,  перкуторлы  дыбысты 
әлсіретеді.  Зәр  бөлінуінің  бұзылуы  бұл  жағдайда  да  қуықтың  құрсақ  ішінде 
жарылған кезіндегісіне ұқсас болады. Сондай-ақ кейде зәр сындырып болған 
кезде  қанды  нәрсе  бөлінеді:  көп  жағдайда  қуықты  сыздататын,  бірақ  зәр 
шықпай ауыртатын жайлар болады. Алайда, жоғарыда айтылған симптомдар 
жарақаттанудан  кейінгі  алғашқы  сағаттарда  болмауы  да  мүмкін,  өйткені 

130 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет