Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет11/30
Дата13.04.2020
өлшемі6,59 Mb.
#62353
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия


ОМЫРТҚАНЫҢ СЕНИЛЬДІ СЫНЫҒЫ 
Остеопорозбен ауыратын қарт адамдардың омыртқа денесінің сынығы - 
сенильді  деп  аталады.  Өске  күш  түскенде  немесе  омыртқа  бүгілгенде  біраз 
күш  түссе  бұл  бөліктерге  зақым  келеді.  Бұл  жағдайда  омыртқа  денесінде 
сына  тәрізді  компрессия  болады.  Сенильді  сынық  тұрақты  топқа  жатады. 
Диагностика,  клиникалық  көрінісі  зақымдалу  аймағындағы  айқын 
білінбейтін  сынумен  сипатталалы.  Көбінесе  сыныққа  қарсы  жағы  ауырады. 
Бұл  омыртқааралық  дискі  мен  байланыстырғыш  аппаратының  қосыла 
зақымдануынан  болады.  Сонда  да  жақсылап  тексерген  кезде  омыртқа 
денесінің  бел  және  кеуде  бөлігінің  сынығында  болатын  көптеген 
симптомдарды табуға болады. 
Рентгенографияға  ауырған  жерді  ғана  емес,  жиі  сынатын  жерлерді  де 
түсіру  керек.  Белдің  шойырылып  ауыруы  омыртқааралық  дискі  жарығының 
және қоршаған тіндер ісігі түбіршелерді қысып тастағанынан болады. 
ЕМДЕУ.  Сенильді  сынықта  сынған  омыртканы  түзетпейді.  Қалқанды 
көлденең  төсекте  функциональді  әдіспен  емдейді.  Төсекте  жатып  қозғалуға 
болады, тек бүгілуге, еңкеюге болмайды. Жасына, басқа да ауруларына қарай 
емдік  дене  шынықтыруы,  остеопорозға  дәрілік  емдер  жүргізіледі,  арка  және 
аяқ  еттерінемассаж  жасалады.  Ауруды  аяқтан  тік  тұрғызғаннан  кейін  (3-5 
аптадан  кейін)  жеңіл  жұмсақ  "грация"  сауытын  кіргізеді  немесе  3  айға  арқа  
ұстағышта ұсталады. 
Омыртқаның  көлденең  өскіндерінің  сынығы  көбінесе  белбөлімінде 
кездеседі.  Қалыпты  жағдайда  ол  төртбұрыш  және  дөңгелек  бел 
бұлшықеттерінің  жедел  ширығуынан,  күшәсерінің  тура  түспеуінен  болады. 
Тура  түскен  күш  әсерінен  болған  сынық  (көлденең  өскіндерге  соққының 
тиюі) сирек кездеседі. 
Бұлшықет  ширығуынан  сынған  өскіндер  астына  және  сыртына 
бағытталған. Диагностика көлденең өскіндер сынығында, қалыпты жағдайда, 
ауру  синдромы  айқын.  Ауырсыну  арқамен  жатып  аяқты  түзу  көтергенде 
күшейе  түседі.  Бұл  жағдайда  "жабысқақ  өкше"  симптомы  (белгісі)  айқын, 
жерден  өкшесін  ала  алмайды.  Ауырғандықтан  қозғалыс  шектеледі, 
зақымданған жерді сипағанда ауырсынады. Ауырған жаққа көп қисайып, сау 
жаққа аз қисайғандықтан ауруы үдей түседі. 
Рентгенограмманың  алдыңғы-артқы  проекциясында  сынық  көрінеді. 
Сынықтың  кесіндісі  қисық  және  көлденең  келеді.  Қисық  немесе 
горизонтальді бағытталуы мүмкін. 

106 
 
ЕМДЕУ.  Сынғаннан  кейін  науқасқа  0,5%  20,0  новокаин  сүйығын 
жіберіп  ауырғанын  басқаннан  кейін  оны  қалқандытөсекке  жатқызады.  Бел 
бұлшықеттерін  босаңсыту  үшін  бақа  кейпінде  тұрғызу  қажет,  яғни  сандары 
ажырап  табандарын  біріктіріп,  тізе  астына  орама  төсеу  кажет.  Төсек  тәртібі 
мерзімі 2-3 апта, 4-6 аптадан кейін ғана жүре алатын болады. 
 
ОМЫРТҚАНЫҢ ҚЫЛҚАНДЫ  
ӨСКІНДЕРІНІҢ СЫНЫҒЫ 
Қылқанды  өскіндер  күштің  тура  түскен  кезінде  де  (өскінді  ұру),  қиғаш 
түскенде де сынуы мүмкін. 
Диагноз.Сынған  өскін  тұсында  ауырғандық  білінеді,  ол  шалқайып 
еңкейгенде  үдей  түседі.  Зақымдалған  жер  ісініп,  басқанда  ауырады.  Кей 
жағдайда  қылқан  өскіндерінің  арасының  қашықтағаны,  жылжығандығы, 
ауытқуы білінеді.  
Рентгенограммада,  жанынан  түсірген  проекцияда  сынық  кесіндісі 
көрінеді. 
 
84сурет. Қылқан өсіндінің жұлынып сынуы. а — тік қалыпта;  
б — көлденең қалып. Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
ЕМДЕУ.  Сынық жерге  5  мл  1  %  новокаин  сүйығын  жібереді.  Ауырған 
кездерде анестезия қайталауға тура келеді. Төсек тарту мерзімі  2-3 апта, 3-5 
аптадан кейін жүре бастайды. 
 
ҚЫЛҚАН ҮСТІ ЖӘНЕ ҚЫЛҚАНАРАЛЫҚ 
БАЙЛАНЫСТЫРҒЫШТАР ЗАҚЫМЫ 
 
Жалғыз  үстіңгі  және  қылқанаралық  байланыстырғыш  зақымданулары 
мойын  және  бел  бөлімдерінде  жиі  кездеседі.  Күш  түсу  механизмі  -  тура. 
Байламдар  омыртқаны  тез  еңкеюден,  бүгілуден  үзіліп  немесе  дұрыс 
шалқаймаған  жағдайда,  көрші  қылқан  өскіндерімен  қысылып  калған 
жағдайда да үзілуі мүмкін. 
Диагноз. 
Артқы 
байламдардыңжақында 
болған 
бөлектенген 
зақымдануында науқастарды арқадағы айқын білінетін ауырсыну мазалайды. 
Омыртқа қозғалса, ауырсынады, Әсіресе, ол шалқайғанда өте қатты ауырады, 
өйткені  бұл  жағдайда  байламдар  қылқан  өскіндерімен  қысылады.  Тексеруде 

107 
 
зақымданган  жердің  қан  ұйығандықтан  ісінгенін  көруге  болады. 
Қылқанаралық  қашықтық  зақымданған  кезде  оны  басқаннан  ауырады. 
Қолмен  сипағанда  зақымданған  байлам  ақауын  сезуге  болады,  ал  оның 
үзілген  жағдайында  қылқан  өскіндерінің  арасына  саусақ  кедергісіз  кіреді. 
Байланыстырғыш  жаңа  үзілген  жағдайда  қылқанды  өскіндер  алшақтамайды. 
Кәдімгі  спондилограммада  өзгеріс  болмайды,  сонда  да  сүйек  сынығының 
жоғына көз жеткізу үшін рентгенограмма керек. 
Қылқанүстілік  және  аралық  байланыстырғыштың  зақымдануынан 
кейінгі  уақытта  люмбаго  типті  ауырсыну  басылмайды.  Науқастар  арқа 
бұлшықетінің тез әлсірейтінін байқайды. Кейіннен, омыртқааралық дискінің 
артында  және  бір  жағында  грыжа,  екінші  жағында  дегенеративті  өзгерістер, 
түбіршікті  аурулар  пайда  болады.  Омыртқа  қозғалысы  шектелген,  әсіресе 
шалқаю  қиын.  Сипап  табатын  тұрақты  белгілердің  біріне  ауырғандық  және 
қылқанаралық  қашықтықтың  үлкеюі,  қылқанаралық  байламның  әлсіздігі 
жатады. 
Ажыратпалы  диагноз.  Қылқанүстілік  және  байлам  зақымдалуындағы 
клиникалық  көрінісі  басқа  да  патологиялық  жағдайларға,  мысалы  омыртқа 
остеохондрозына  ұқсас.  Сондықтан  қорытынды  жасау  үшін  кейінгі 
уақыттарда  арнаулы  зерттеу  тәсілдерін  қолданады.  Соның  ішінде  ең 
қарапайымы  зақымданған  байламды  анестезиямен  уақытша  ауырғанын  басу 
пробасы. Қылқанаралық қашықтыққа 3-5 мл 2% новокаин сүйығын жібереді. 
Егер  байлам  рас  зақымданған  болса,  онда  ауырғаны  басылады.  Тіпті 
шалқайса  да  ауырмайды  (анестезиямен  болатын  байқау).  Бірақ 
омыртқааралық  дискінің  дегенеративті  өзгерістері  қосылған  жағдайда  бұл 
байқау  теріс  болуы  мүмкін,  өйткені,  ауру  синдромы  байламның  ғана 
өзгерісіне  емес,  сондай-ақ  дискі  өзгерісіне  де  байланысты.  Бұл  жағдайда 
қылқанаралық  байланыстырғышты  сау  деп  қателесуі  де  мүмкін.  Сонымен, 
егер  анестезиямен  болған  оңбайқау  (проба)  қылқанаралық  байламның  үзігі 
бар  деп  берсе,  теріс  байқау  (проба)  оны  жоққа  шығара  алмайды.  Күдікті 
жағдайда контрасты рентгенологиялық зерттеу-лигаментография жүргізіледі. 
Қылқанды өскіндердің екі жағынан  да сулы контрасты зат сол жерге толып, 
рентгенограммада  алдыңғы,  артқы  проекцияда  қылканаралық  байлам 
жарығында  контрасты  көлеңке  көрінеді.  Қылқанүстілік  және  қылқанаралық 
байламдардың жыртылғандығын анықтау үшін МРТ жасаған жөн. 
ЕМДЕУ.  Зақымданудан  кейінгі  уақытта  консервативті  функциональді 
емдеу  қажет.  Стационарға  түскеннен  кейін  зақымданған  байланыстырғыш 
арасына  1%  10,0  мл  новокаинмен  анестезия  жасайды.  Анестезияны  3-4 
күннен  кейін  қайталайды.  Hayқасты  қалқаны  бар  қатты  төсекке 
арқасынанжатқызады. 
Емдік дене шынықтыру сабағы жүргізіледі. 2-ші аптадан бастап бір жақ 
жанына бұрылуға  рұксат етіледі, төсектік таңу мерзімі 3-6 апта. 
Бірақ  жақсы  нәтижеге  жету  үшін  сауыт  киген  дұрыс.  Бұл  емдеу 
принципі бүкіл жазылу кезеңінде үзілген байламдарды барынша жақындатып 
иммобилизациялайды. Корсет 4-6апта киіледі. 

108 
 
Зақымнан  кейінгі  консервативті  емдеуді  кеш  бастаса,  ол  нәтиже 
бермейді.  Егер  үзілген  байлам  консервативті  емделмесе  хирургиялық 
жолмен, яғни Юмашев, Силин, Дмитриев бойынша емдейді, лавсанды таспа 
(лента) арқылы қылқанаралық байламды пластикалайды. Операциядан кейін 
қатты  төсектегі  режим  -  2  апта.  Төсекте  қозғалуға  болады.  Емдік  дене 
шынықтыруы  мен  физиотерапияны  операциядан  кейін  бірден  бастайды. 
Аяғына тұрғаннан кейін омыртқаның сырт иммобилизациясын қолданбайды. 
8-10  апта  аралығында  еңкеюге  болмайды.  Еңбекке  жарамдылығы  11-12 
аптадан басталады. 
 
ОМЫРТҚА ЗАҚЫМДАРЫНЫҢ АСҚЫНҒАН ТҮРІ 
Жабық  омыртқа  зақымында  –  жұлынның  және  "ат  құйрығы" 
түбіршіктерінің әр түрлі зақымдануын байқауға болады, микроскоппен ғана 
көрінетін өзгерістерден бастап, соғылуына дейін,  жаншылуы  анатомиялық  
үзілістер  болуы  мүмкін.  Бұл  жағдайда  ми  ісініп  дуральды  канал  қуысын 
толтырады.  Ғылыми-зерттеу  институтының  нейрохирургі  ленинградтық 
Поленов  ұсынған  классификацияға  сәйкес,  жұлын  зақымына  кайтатын, 
қайтпайтын  жұлын  өзгерістеріне  және  "ат  құйрығы"  түбіршіктеріне 
байланысты арқа  мизақымы үш топка бөлінеді. 
Бірінші  топқа  жұлын  мен  "ат  құйрығы"  түбіршектерінің  кайтымды 
функционалды  өзгерістері,  арқа  қан  айналымының  ангионевроздық 
өзгерістері  мен  патоморфологиялық  түрде  өтетін  жұлынның  шайкалуы 
жатады. 
Екінші  топқа  жұлын  мен  "ат  құйрығы"  түбіршектерінің  қайтымды 
және  қайтымсыз  өзгерістері  (жұлынның  соғылуынемесе  компрессиясы) 
жатады. 
Үшінші  топ  анатомиялық  үзілістер  мен  жұлынның көлденең  үзілуінен 
болады.  Гематомиелия  зақымдалумен  сипатталатын  қайтымды  өзгерістер. 
Зақымдану 
ауыршылығы 
қайтымсыз 
морфологиялық 
өзгерістердің 
басымдылығына,  ал  оның  қызметінің  бұрынғы  қалпына  келуі  оның 
қайтымды 
функционалдық 
өзгерістерінің 
тегістелуіне 
байланысты. 
Организмде  жұлын  зақымының  әсерінен  болатын  күрделі  комплексті 
Смирнов жұлынның зақымдалу ауруы деп атады. 
И. Я. Раздольский бұл аурудың төрт кезеңін көрсетті: 
1. 2-3  күндік  кезең.  Клиникалық  көрінісі  әртүрлі,  ретсіз,  ол  жұлын 
зақымдануының  әртүрлі  кезеңінде  байқалып  спинальді  шоктың  дамуына 
әкеліп соғады. 
2. Ерте  кезең.  Келесі  2-3  апта  жалғасады.  Неврология  жағынан  ол 
көбінесе  жұлынның  функциональді  толық  үзіліс  синдромы  ретінде  белгілі. 
Бұл  синдром  патогенезінде  қан,  лимфа  және  ликвороайналу,  сондай-ақ 
жұлынның сұр затындағы микроқұрамдардың өзгерістері жатыр. 
3. 3-4  айға  дейін  созылатын  аралық  кезең.  Бастапқы  фазасында 
спинальді шок құбылысы жоғалады және зақымданған аймақ тыртықтанады, 
сондай-ақ  зақымданудың  түрі  айқындала  бастайды.  Бұл  кезеңде  жұлынның 
сары  суы  өршіп  клиникалық  морфология  синдромының  бастапқы  сатысы 
басталады. 

109 
 
4. Жұлынның  зақымданған  ауруының  кеш  кезеңі  (4  айдан  аса). 
Зақымдану  ошағында  алдымен  глиальді,  содан  кейін  дөрекі  дәнекер,  оның 
артынан тыртық тін пайда болады. Тыртық жұлынның қызметін бұзатын ми 
тінінің  құрам  өзгерістерін  кері  дамытатын,  қолайсыз  жағдайға  әкелетін 
сарысудың пайда  болуымен сипатталады. Ми кабықшаларында, эпидуральді 
клетчаткадан  дамитын  тыртықтық  өзгерістер,  сондай-ак  омыртқа 
зақымындағы  -  сүйек  сүйелі  кейіннен,  қан  және  ликвор  айналымының 
өзгерістеріне  ми  затының  енуіне,  жұлынның  қысылуына  әкеледі.  Бұл 
жағдайда екінші некроз ошағы және қан құйылуы мүмкін. 
 
АСҚЫНҒАН ОМЫРТҚА ЗАҚЫМЫНЫҢ КЛИНИКАСЫ 
Омыртқа  зақымының  асқынуына  жұлынның  функциональді  үзілу 
синдромы-жедел  кезеңде;  зақымдану  деңгейіне  қарай  аз  тонустағы  тетра, 
параплегиямен, арефлексия мен, жүргізгіштік типті анестезия, жамбас сүйегі 
органдары  мен  вегетативті  қызметтің  бұзылуымен  сипатталады  /тер  шығу, 
пиломоторлы рефлекс, тері температурасы, гемодинамика т.б./ 
Клиникалық  тәжірибеде  бірінші  кезеңде  өтетін  көріністер  "спинальді 
шок"  деп  аталады.  Бұл  кезең  ұзақтығы  неврологиялық  патологияның 
қайтымдылығында  өтe  өзгергіш  болып  келеді,  ол  бірнеше  апта,  айларды 
құрайды.  Көптеген  науқастардың  жұлын  зақымының  көрінісі  омыртқа 
зақымы  кезінде  өте  айқын,  ол    зақымдалу  аймағында  омыртқа  маңайының 
конфигурациясының тез өзгеруіне  байланысты. 
Зақымданудың  әр  кезеңдерінде  жұлынның  ауырғандығы,  оның 
морфологиялық  өзгерістеріне,  қан-ликвор  айналуының  өзгеруіне,  кистозды 
дегенерацияға  тағы  сол  сияқты  өзгерістерге  байланысты,  клиникалық 
көріністер  әртүрлі  болуы  мүмкін.  Жұлынның  көлденең  зақымдалуы  мен 
әртүрлі неврологиялық синдромдар көріне бастайды. 
1. Толық  көлденең  зақымдану  синдромы  /жұлынның  функциональді 
үзілісі/. 
2. Жұлынның 
көлденең 
жартысының 
зақымдану 
синдромы 
/висцеральді, дорсальді немесе латеральді/. 
3.Центромедулярлы  зақымдану-  жарақаттың  орталық  мида  болуы.  Осы 
айтылған  синдромдардың  әрқайсысы  бір  сатыдан  екіншісіне  өтетін,  бір-
бірімен  шиеленісіп  жататын  симптомдар  комплексімен  сипатталады. 
Сезімталдықтың  объективті  бұзылуынан  /гипестезия,  анестезия,  ауыру, 
тактильді  және  буын  бұлшықеттің  босаңсуы/  басқа  оның  субъективті 
бұзылуына диагноз қоюдың маңызы зор. 
Тітіргендіргіш  симптомына  ауырғандық  және  парестезия  жатады. 
Ауырғандық  бұл  жағдайда  әрқилы,  көбінесе  сындырып  бара  жаткандай 
ауырады. Көбіне бұл ауырғандык тактильді және температуралы парестезия 
мен жалғасады. 
Парестезия  әсіресе  ауырғандықтың  үстіне  жалғасады,  бірақ  өзі  жеке 
болуы да мүмкін, көбінесе ол қатып тартылып қалумен немесе дененің ағаш 
тәрізді  құрысып  қалуымен  сипатталады.  Бұған  "құмырсқа  жорғалаған", 
омыртқа жотасымен электр тогы жүріп өткен /Лирмит синдромы, жұлынның 

110 
 
артқы 
бағанасының 
зақымдалуында/ 
тәрізді 
сезімдер 
қосылады. 
Температуралы  парестезия  тоңып  тұрған  тәрізді  /суық  заттың  тигенінде/ 
болады. Дененің кейбір бөлігі қалтырап немесе ыстықтап күйдіріп тұрғандай 
болады. Кей жағдайда температуралы парестезияның екі түрі де бір уақытта 
келуі мүмкін, ыстықтап тұрып тоңасын немесе керісінше. 
Сезімталдықтың  бұзылуының  орналасқан  жерін  жұлынның  бірінші 
немесе  екінші  зақымданған  омыртқаның  үзынынан  да,  көлденеңінен  де  тез 
табуға  болады.  Бірақ,  дәл  солай  деп  айту  қиын.  0,3-0.5%-ті  жағдайда  ауыру 
синдромын хирургиялық жолмен шешеді. 
Сегізкөз  үсті  жұлынның  зақымдануында  спастикалық  синдром  басым. 
Зақымдану  жерінен  каудальді  жатқан  жұлынның  бөлігі  моно  және 
полисинаптикалық  рефлеқторлык  доғаларды  қызмет  жасатып,  автономды 
белсенділікке көшеді. 
Жұлынның  нейрондарының  физикалық  және  тоникалықбелсенділігін 
көтеретін  айқын  белгінің  бірі  -  қорғаныс  рефлексі.  Олар  әрқилы  синергия 
козғалысында көрініс береді. Бұлшықет тонусының өзгеруі синергия жиілігі 
мен  айқындылығына  байланысты  екені  мәлім.  Синергияға  байланыссыз, 
санның  әкелу  бұлшықеттерінде  және  бел-жамбас  еттерінде  спастикалық 
көрініс  байқалады.  Ми  конусы  закымдануы  және  "ат  құйрығы" 
түбіршіктерінің  зақымдануы  әлсіз  парездермен,  тізе  және  өкше 
рефлекстерінің  жойылуымен  немесе  жоғалуымен  білінетін  аяқ  салдануы, 
гипотония, бұлшықет гипертрофикасымен белгілі. 
 
ҚУЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ  БҰЗЫЛУЫ 
Жұлын зақымының бір жиі кездесетін көрінісі зәр шығарудың бұзылуы, 
көбіне зәр тұрып қалғандықтан қуык ішінде инфекция пайда болады. Бұл өз 
ретінде  пиелит,  жалпылама  сепсис,  уросепсиске  әкелетін  рефлекске 
ұшыратады.  Зәр  шығарудың  қиындауы  детрузор  және  сфинктердің  босап 
әлсізденуіне,  жиырылуды  реттейтін  дұрыс  механизмнің  бұзылуына 
байланысты.  Жұлын  зақымының  әр  сатысында  да  зәр  шығару  қиындаған 
жағдайда қуық астынан қуық жарасын ерте тесу қазіргі жағдайда дұрыс емес 
дел табылады. 
Антиқоздырғышты  терапиямен  қоса  әлсін-әлсін  қуық  катетерін 
қолдануды ұзақ уақыт жургізу керек. Қалыпты жағдайда тәулігіне 3-4 тен 6 
ретке  дейін  катетерлеу    жүргізіледі,  ол  қуықтың  толуына  байланысты. 
Катетерлеуді  6-8  ай  бойына  толассыз  жүргізсе  асептика  және  антисептика 
заңын  сақтаған  жағдайда,  көптеген  ауруларда  ешқандай  қуық  инфекциясы 
байқалмайды. 
Ойылу. Жұлын зақымының жиі кездесетін асқынуының бірі ойылу 20-
53%-дық  жағдайда  болады.  Инфекция  кіре  алатын  қақпа  ретінде,  ойылу 
сепсистік  асқынуға,  20-30%  жағдайда  өліммен  аяқталуға  әкеледі.  Ойылу 
арқылы  белок  фракциялары  көп  мөлшерде  жоғалады  /40-50  г/,  ол  
гипопротеинемияға  әкеліп,  науқастың  жағдайы  одан  да  нашарлайды.  Теріні 
қарау,  ерте  массаж,  антикубитальді  ілінгіштерді  құру,  жұлын  зақымының 
ерте және жедел кезеңінде ойықтың болмауына көмектеседі. 
Емдеу  шарасына:  некроз  тіндерін  механикалық  тазалау,  мазьді 

111 
 
таңғыштар,  коллагенді  кварцтеу,  электростимуляция,  терінің  қимылына 
бостандық  жасау,  тері  қиықтарынан  /аяқтың  және  жергілікті  тіндермен/ 
құрастырып ойықты жабу жатады. 
 
НЕЙРОТРОФИКАЛЬІҚ БҰЗЫЛУ 
Жұлынның  соққыдан  болған  ауруында  аяқ-қолдың  ірі  тамырлар 
аймағында  гетеротопты  оссификат  жиі  кездеседі  /16-дан  53%-ға  дейінгі 
жағдайда/  және  бұл  науқастардың  оңтайлы  жазылып  кетуіне  елеулі  кедергі 
болып табылады. 
 
ОМЫРТҚА ЗАҚЫМЫНЫҢ АСҚЫНУЫН ХИРУРГИЯЛЫҚЕ МДЕУ 
ПРИНЦИПІ 
Жұлын  зақымының  арқа  патологиясында  өршитін  себептің  бірі,  ол 
жедел  кезеңдегі  қисықтықтың  түзелмеуі  және  зақымдалған  омыртқа  
сегментінің тұрақсыздығы. Жұлын каналында сүйек сынығы болса, ол жұлын 
мен  оның  тамырларына  механикалық  әсер  етіп  ошақтан  тыс  деструктивті 
өзгерістерге,  іріңді  сарысудың  пайда  болуына,  жұлынның  глиалінің  қайта 
жаңаруына әкеліп соғады. Көбінесе, бұл құбылыс омыртқаның мойын  және  
кеуде-бел  бөлігінде  көп  қозғалатын  жерде  байқалады.  Кеуде  бөлімінде 
тұрақсыздық байқалмайды. 
Хирургиялық  емдеу  алдында  омыртқаның  мойын  бөлігінің  зақымдану 
заңдылығын есте ұстаған жөн. 
1. Мойын  бөлігінің  сагитальді  жазықтықта  болған  әр  зақымдануы,  егер 
тірек-байланыс  аппараты  да  зақымданса,  тұрақсыз  деп  есептелу  керек.  Ал 
тұрақсыз  зақымдану  жұлынның  зақымдануының  жедел  және  кейінгі 
кезеңдерінде  сүйектің  дегенерациясын  беретін  морфологиялық  өзгерістерді 
өршітеді. 
2. Буыншығы  сынуда,  буын  таюда  және  омыртқа  денесіне  кіріп  кететін, 
компрессионды  себеп  -  омыртқаның  жылжуы  немесе  омыртқа  каналының 
зақымдалған  бөлігі  және  жұлынның  алдыңғы  компрессиясын  құрайтын 
омыртқаның сүйек сынықтары болып табылады. 
3. Аралық  кезеңде  бұл  себептер  жұлынның  васкуляризациясының, 
ишемиялык  қуыстардың  пайда  болуына  әкелетін,  алдыңғы  арқалы  және 
түбіршікті артерия зақымдануына ұшыратады. 
Сөйтіп  жұлын  зақымының  жедел  кезеңінде  тексеру  мәліметтеріне 
байланысты  операцияның  екі  жолы  бар:  артқы  кірістен  ламинэктомия  және 
алдыңғы кірістен кіріп жылжыған омыртқаны алып тастау. 
Абсолютті    кері  көрсеткіш.  Омыртқа    зақымыныңасқынуында  жедел 
алдыңғы декомпрессияға абсолютті кері көрсеткіш деп: 
а) стационарға түскенде функциональді үзілісімен қоса ми бағанасының 
зақымдалу белгісі болған жағдайда; 
б)  айқын  центромедулярлы  синдром,  клиникасы  бұл  жағдайда 
рентгенологияда  омыртқаның  мойын  бөлігінің  зақымдануы  білінбеуі  де 
мүмкін,  сондықтан  оны  "рентгенологиясыз  клиника"  деп  атайды.  Мұнда 
зақым гиперэкстензионды механизмнің әсерінен болады. 

112 
 
Хирургиялық емдеудің жедел жағдайында салыстырмалы кері көрсеткіш 
деп неврологиялық белгілердің тез өршу кезін /бір сағат ішінде/ айтады. 
Жұлынның  кеуде  және  бел  бөлігінің  үлкеюі  туралы  сөз  болса,  толық 
декомпрессия,  детритті  жуу,  жұлынды  мұқият  тексеруге,  "ат  құйрығы" 
түбіршіктерінің  анатомиялық  ақауларын  тігу  үшін  жедел  ламинэктомия 
жүргізіледі. 
Бұл  хирургиялық  жолдардың  ерекшелігі  -  көлемділігі,  әр  омыртқа 
кезеңіндегі  радикальділігі.  Операцияның  ақырғы  мақсаты  -  жұлын 
тітіркендіргішімен қысып тұрған кедергіні аластату. Барлық жабысып тұрған 
жерлерді аршу арқылы ликвор айналымын қалпына келтіру, интромедулярлы 
сарысуды  жарып,  тазалап  және  жұлынды  жұмылдыра  жұмыс  істету. 
Зақымданудың  ақырғы  кезеңінде  жұлынға  және  оның  түбіршіктеріне 
жасалған  әр  операция,  мекингомиелорадикулизммен  жалғасады.  Оның  өзі 
жеке  операция  болу  немесе  конструктивті  операцияларды  толықтыруы 
мүмкін 
/сарысу 
тармақтарын 
ауыстырып 
салу 
/трансплантация/, 
қабырғаралық жүйке пластикасы/. 
Менингомиелорадикулизмнің жақсы нәтиже беруі, хирургтің  жұлынды 
тиянақты  жұмылдыра  кызмет  етуіне,  айналасының  дәнекерлік  жабысуынан 
босатып,  ми  мен  қатты  қабыршақтардан  және  сүйек  қаңқасының  жабысуын 
босатуына байланысты. 
Бұл  операцияда  оптикалық  үлкейту  және  микрохирургиялық 
инструменттер қолдану нәтижені көп жеңілдетеді. 
 
Омыртқаның дегенративті дестркукциялық аурулары 
Қазіргі  кезде  омыртқаның  дегенеративті  деструкцияларын  мынадай 
түрлерге  бөледі:  остеохондроз,  спондилез,  спондилоартроз.  Остеохонроз 
деген пульпоздық ядроның бірінші реттік өзгерістерін айтады. 
Спондилез-  ол  фиброздық  сақинадағы  және  алдыңғы  ұзын  байламдағы 
патологиялық өзгеріс. 
Спондилоартроз-  ол  көбінесе  омыртқаның  статикалық  бұзылысынан 
остеохондрез  омыртқа  қисаюынан  және  омыртқааралық  буындардың  жеке 
дара сырқаты. 
Емханада  әрбір  үшінші  сырқат  омыртқаның  ауыратынына  щағым 
жасайды.Сондықтан  осы  өзгерістерді  оқу,  білу  әрбір  дәрігерге  керекті 
жағдай, сондықтан ол өте үлкен маңыз алады.  
Остеохондроз  –  омыртқаның  дегенеративті  зақымдалуының  өте  ауыр 
түрі, оның негізінде дискінің дегенеративті өзгерісі болып сонымен қоса осы 
өзгеріске  басқа  да  жалғасып  жатқан  омыртқа(денелері  де  ұшырайды). 
Оларды  омыртқа  аралық  буындары  және  байламдары  қоса  ұшырайды. 
Барлық  қаралған  аурулардың  70  %  -  осы  остеохондроздың  әртүрлі 
түрлерімен ауратындар, олардың ішінде 10% -мүгедектікке ұшырайды. 
Бұл ауру – полиэтиологиялық сырқат, оның негізгі себептері: 
- Жарақат (омыртқа сынулары мен байламдар жыртылуы) 
- Микротравмалар(омыртқа  шайқалуы,  бірқалыпты  қозғалыс,  ұзақ  уақыт 
қолайсыз қалыпта болу т.б) 

113 
 
- Жетілмей  даму(омыртқа  сақинасының  бітпей  тууы,  мобилизация, 
сакролизация т.б) 
- Ревматоидты зақымдалу(көбінесе жайылған остеохонрозда). 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет