Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»


Ведомствоаралық өзара іс-қимылды талдау



бет12/13
Дата01.04.2017
өлшемі3,08 Mb.
#13278
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

2. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды талдау


Нысаналы индикатордың/нәтиже көрсеткішінің атауы

Бірлесіп орындаушы орган

Өзара іс-қимылды талдау

1

2

3

5.1.6-мақсат. Пенитенциарлық жүйеде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен сырқаттанушылықтың және одан болатын өлім деңгейін төмендету

Түрмедегі

сотталғандар  арасында  туберкулезбен  сырқаттанушылықты төмендету


Бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдар арасында жалпы өлімді

төмендету



ІІМ (ҚАЖК)

Ведомствоаралық іс-қымыл шеңберінде 18 нәтиже көрсеткіштердің жетістігі жоспарланған, соның ішінде пенетациардық жүйесіндегі жұмыспен байланысты 2 көрсеткішке қол жетпеген.

Ішкі істер министрлігінің іс-шаралары 2011 және 2013 жылдардың ішінде аяқталған.Есепті жылы бұл бағыт бойынша іс-шаралар Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен іске асырылған.

Балалар мәселелері жөніндегі «Демеу» үйлестірушілік орталығы халықтың әлсіз топтары ішінде АИТВ/ЖИТС-дың таралуын төмендету жөніндегі алдын алу іс-шараларын өткізу мақсатында келесі іс-шаралар өткізілді:


  • АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі ақпараттық-білім беру жұмыстары ИЕП тобының ішінде 753 ИЕҚА (иньекциялық есірткі қолданатын адамдар);

  • Сенімділік пункттеріне, ЖИТС ОО-ның достық кабинеттеріне 613 ПИН жіберген;

  • 317 ИЕП АИТВ тест сынақтарынан өткен.

Жоба 4 облыста (Ақмола, Манғыстау, Атырау, Оңтүстік Қазақстан) іске асырылды.

Пенитенциарлық жүйеде АИТВ/ЖИТС ауру-сырқауының және өлімінің деңгейін төмендету мақсатында үкіметтік емес ұйымдар арқылы 15 аймақта бас бостандығынан айыру орындарында АИТВ-инфекциясының алдын алу бағдармалары іске асырылды. Жоба шеңберінде «Равный равному» әдісі бойынша 26768 адамды дайындаған 127 аутрич-қызметшілер іске қосылған. Бас бостандығынан айыру орындарында тарату үшін 543975 презерватив, 932984 дезинфекциялық дәрі, 21914 дана ақпараттық-білім беру материалдары сатып алынған және таратылған.

2014 жылы көптеген дәріге көнбейтін туберкулезбен ауыратын сотталған науқастарды туберкулезге қарсы екінші қатардағы препараттармен қамтамасыз ету шеңберінде КДК ТБ сырқаттушылар емдеумен қамту ұлғайтылған, 2013 жылынан 72,4% қарсы 93 болды.

ҚАЖ-да 2014 жылы туберкулезбен ауыратын науқастарды диагностикалаудың, айқындаудың және емдеудің барлық аспектілері бойынша жоспарлы іс-шаралар өткізілді. Осылайша, туберкулезге зерттеп-қараумен 109,5 мың адам (2013 жылы – 114,2 мың), оның ішінде бактерияскопия әдісімен 9,7 мың (2013 жылы – 11,1), флюроография әдісімен – 99,8 мың адам (2013 жылы – 103,1 мың) қамтылды. Түзету мекемелерінде туберкулездің 473 жаңа жағдайлары айқындалды, тергеу изоляторларында – 130 (2013 жылы түзету мекемелерінде – 621, тергеу изоляторларында – 207). Белесенді туберкулезбен ауыратын науқастардың контингенті 1583 адамды құрайды (2013 жылы – 1872). Бірінші қатардағы препараттармен емдеумен қамту 100%, екінші қатардағы – 87% құрады (1Г диспансерліқ тобындағы емдеуге жарамайтын туберкулезбен сырқатанушылардың болумен байланысты).



2014 жылы бас бостандығынан айыру орындарында емделуге жататын 845 адамның 667 АИТВ ӨСА емделді, қамту 79% құрады. АРВ-препараттарымен қамтамасыз ету ЖИТС орталықтары арқылы жүзеге асырылады.

Нәтижесінде қабылдалған шаралар арқасында ҚАЖ мекемелердегі адамдар арасында жалпы өлімі, туберкулезден өлімі тұрақтандырылды.

Сотталғандар арасында туберкулез ауруларының (936,6-дан 799,0-ге дейін) және ҚАЖ мекемелеріндегі жалпы өлім-жітім жағдайының (4,6-дан 4,1-ге дейін) 2013 жылмен салыстырғанда төмендегені байқалады.

«Ішкі істер органдары қылмыстық-атқару жүйесінің ведомстволық статистикалық есеп нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі №32-ҚБПҮ бекітілген бұйрығына сәйкес, ҚАЖ мекемелер арқылы өтетін адамдар санын есептеу әдістемесінің өзгеруіне байланысты ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың денсаулығы көрсеткіші есебі кезінде пайдаланатын түрмедегі адам саны 2 есе азайды.

ҚАЖ мекемелеріндегі өлім-жітім жағдайы, туберкулезбен науқастардың және АИТВ-жұқпасының таралу көрсеткіштері 2014-2018 жылдарға арналған ІІМ Стратегиялық жоспарында қарастырылған (2.1.3 мақсат «бас бостандығынан айыру орындарында ұсталынатын адамдарға медициналық көмек көрсету сапасын арттыру»).

2014 жылы ІІМ мүдделі мемлекеттік органдардың келісімі бойынша ҚАЖ мекемелері арқылы өтетін адамдар санын есептеу әдістемесін өзгергенін ескере отырып, 2012 жылғы деректерге сүйене ІІМ Стратегиялық жоспарының көрсеткіштеріне түзетулер енгізді.



Осыған байланысты, ІІМ-нің 2014 жылға арналған Стратегиялық жоспарында өлім-жітімнің жоспарлы жалпы көрсеткіші 4,6, науқастар көрсеткіші – 960, АИТВ-жұқпасының таралуы – 3,2-ден 4,9 пайызбен бекітілген.




3. Қаржы қаражатын игеру


Қаржыландыру көзі

Жоспар (мың. теңге)

Факт (мың. теңге)

Пайдаланбаудың себептері

РБ

28 462 836,0

28 131 485(,4

331 350,6 мың теңге, соның ішінде:

- 327 865,49 мың теңге – үнемдеу, соның ішінде: 83 723,73 мың теңге мемлекеттік сатып алулар қорытындысы бойынша; 80 899,0 мың теңге штаттан тыс қызметкерлердің жалақы қоры бойынша; 98145,4 мың теңге лизингтік төлем бойынша; 3804,0 мың теңге бағамының айырмашылығына байланысты; 61293,36 мың теңге ЭКО-нің бір циклының орта бағасын төмендету есебінен.

- 44,0 мың теңге – байланыс қызметтер бойынша қабылданбаған міндеттер (трассаларда шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету бойынша трассалық пункттер пайдалануға кеш енгізілуі себебінен) келісім-шарт тіркеуден өтпеген).

- 476,27 мың теңге – қайтару, соның ішінде: 219,27 мың теңге желтоқсанның соңында реквизит өзгерілгендігі себебінен жеткізушіден қайтару; 257,0 мың теңге – төлем есебін қайтару себептен.

- 2 964,8 мың теңге – жер учаскелерін даярлау бойынша қабылдаған міндеттемелерді қызметтерді жеткізушілердің орындамағанына байланысты игерілмеген.

ЦТТ

64 957 103,0

64 891 134,4

65 968,6 мың теңге, соның ішінде:

- 7424,0 мың теңге – үнемдеу, соның ішінде: 1129,0 мың теңге мемлекеттік сатып алулар қорытындысы бойынша; 1070,5 мың теңге – Ақмола облысының ҚР ДСМ № 209 бұйрығымен бағасына айырмашылық тарификаторға өзгерістер енгізу себебінен; 558,0 мың. теңге – лизингтік төлем бойынша үнемдеу; 4666,5 мың теңге еңбек ақы жыл бойы тұрақтамаушылыққа байланысты, қызметкерлердің уақытша еңбекке қабілетсіздік себебіне байланысты, қызметкерлердің жүктілікке байланысты еңбек демалысында болуына, еңбек ақы сақталмай еңбек демалысында жүру, жаңа қабылданған қызметкерлерде жұмыс өтілі жоқтығына байланысты.

- 27765,3 мың теңге – профилактикалық қарауларға жататын контингенттің іс жүзіндегі санының азаюына байланысты игерілмеген;

- 30779,3 мың теңге – Қарағанды облысының бақылау шотында жыл аяғында қаражат жоқтығына байланысты.

МБ

308810

308810




Барлығы

93 728 749,0

93 331 429,8






5. Талдамалық жазба.
2010 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 1113 Жарлығымен бекітілген 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі – мемлекеттік бағдарлама), мақсаттар, міндеттер және негізгі бағыттар «2020 жылға дейін Қазақстан Республикасын дамыту стратегиялық жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы ҚР Президентінің № 922 Жарғысының негізінде анықталған.

Елдің әлеуметті-демографиялық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау жүйесінің қызметі, бағыттары мен міндеттерімен, мақсаттарына сәйкес, Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсартуға бағытталған.

Осыған байланысты, Министрлік пен мүдделі мемлекеттік органдардың негізгі бағыттары болып мыналар:

- қоғамдық денсаулық сақтауды қорғау мәселелері бойынша сектор аралық және ведомства аралық қызметтестіктің тиімділігін арттыру;

- профилактикалық іс-шараларды, скрининктік зерттеулерді нығайту, негізгі әлеуметтік маңызы бар аурулар мен жарақаттарды емдеу және оңалту, диагностиканы жетілдіру;

- санитарлық – эпидемиологиялық қызметті жетілдіру;

- ұлттық бірыңғай денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмекті басқару және қаржыландыру, ұйымдастыруды жетілдіру;

- медициналық, фармацевтикалық білімді жетілдіру медицинада инновациялық технологияны енгізу және дамыту;

- халық үшін дәрілік заттардың сапасы мен қолжетімділігін арттыру, денсаулық сақтау ұйымын медициналық техникамен жабдықтауды жақсарту аңықталған.

Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі 2011-2015 жылдарға жоспарланған (бірінші кезең: 2011-2013 жылдар, екінші кезең: 2014-2015 жылдар).

Мемлекеттік бағдарламаға 2012 жылғы 27 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 371 Жарғлығына және 2014 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Президентінің № 851 Жарлығына сәйкес өзгертулер енгізілген.

2010 жылғы 29 қарашадағы ҚР Президентінің № 1113 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Үкімет негізгі алты бағыт бойынша көрсеткіштер мен нысаналы индикаторларға жету және мақсаттарды орындауды қарастыратын 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 41 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдады. Іс-шаралар жоспарына 2011 жылғы 18 қазанындағы № 1188, 2012 жылғы 23 тамыздағы №1078 және 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №1410 ҚР Үкіметінің Қаулымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Соңғы өзгерістерді есепке ала отырып, 2014 жылға арналған іс-шаралар жоспары 201 іс-шараны жүзеге асыруды көздейді, оның ішінде 24 есепті жылда аяқтау мерзімімен, оларды жүзеге асыру нәтижесінде 8 негізгі нысаналы индикатор мен 41 нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу жоспарланған.
2014 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік бағдарламаның барлық негізгі нысаналы индикаторларына қол жеткізілді:


  • 2013 жылдың қорытындысы бойынша күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2012 жылдағы 69,6-мен салыстырғанда 70,45 жасты құрады (соңғы көрсеткішті ағымды жылғы мамырда Статистика комитеті қалыптастырады) ;

  • Ана өлімінің көрсеткіші 6,3%-ға төмендеді және тірі туылған 100 мыңға шаққанда 11,8-ді құрады (2013 ж- 12,6);

  • Бала өлімінің көрсеткіші 12,5%-ға төмендеді және 2013 жылғы 11,2 мен салыстырғанда тірі туылған 1000 адамға шаққанда 9,83-ті құрады.

  • Халықтың өлім көрсеткіші 2013 жылғы 7,98 салыстырғанда (4,1% төмендеді) (алдын ала мәліметтер)
    1 мың адамға 7,65-ті құрады;

  • Халықтың туберкулезбен ауыру көрсеткіші 9,5 %-ға төмендеді және 2013 жылы 100 мың адамға шаққанда 73,4-пен салыстырғанда 66,4-ті құрады.

  • 15-49 жас тобында АИТВ-инфекциясының таралушылығы жоспарланған 0,2-0,6 %-бен салыстырғанда 0,618 %-ды құрады.

  • I-II кезеңде анықталған, қатерлі ісіктердің үлес салмағы 2013 жылмен салыстырғанда 3,2 %-ға артты және 55,8 %-ды құрады.

  • Қатерлі ісіктермен ауыратындардың 5 жылдық өмірге қабілеттілігінің үлес салмағы 2014 жыл қорытындысы бойынша 50,2 %-ды құрайды, ол өткен жылдағы деңгейден 0,5%-ға артық.


1-бағыт

Қоғамдық денсаулық сақтауды қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық қызметтестіктің тиімділігін арттыру
Ведомствоаралық қызметтестік шеңберінде салауатты өмір салтын енгізуге халықтың уәждемесі мен ақпараттандыруды арттыру мақсатында салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.

БАҚ-та кеңінен жариялау жүргізу жолымен (телехабар, радиохабар, пресс-конференциялар, мақалаларды жариялау, бейне роликтерді көрсету және тағы басқа) келесі тақырыптар бойынша белсенді ақпараттық-насихаттық жұмыс жүргізіліп жатыр:



  • АИТВ-инфекциясының профилактикасы;

  • Репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау, ана қауіпсіздігі, жанұяны жоспарлау;

  • Кең таралған аурулардың, туберкулездің, маскүнемдіктің, нашақорлықтың, артық салмақтың, төмен физикалық белсенділігінің профилактикасы.

Әлеуметтік-маңызды аурулардың (онкологиялық, жүрек-тамырлы аурулар, қан диабеті және өкпе аурулары) негізгі қауіп факторы темекі тарту мен ішімдікті шамадан тыс қолдану болып табылады. Осыған байланысты, барлық республика бойынша келесі іс-шаралар өткізілді: Дүниежүзілік онкологиялық ауруларға қарсы күресу күні және оған орайластырылған он күндік, Дүниежүзілік тыныс демікпесінің профилактикасы күні және оған орайластырылған он күндік, Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күресу күні, Дүниежүзілік темекісіз күн және он күн оған орайластырылған айлық.

Профилактикалық медицинаны нығайту үшін:



  • 4328 денсаулық мектебі

  • 101 темекіге қарсы орталық

  • 87 жастар денсаулық орталығы (бұдан әрі – ЖДО) құрылған.

Өңірлерде ЖДО қалалық, аудандық МСАК ұйымдардының, СӨСҚ орталықтарының, жастар орталықтарының базасында, университеттерде ашылуда.

2014 жылы ЖДО мамандарына жүгінгендердің саны 298 855 тұлғаны құрады. 2012 жылдың мамыр айынан бастап республика бойынша жастар мен жасөспірімдер үшін медико-психилогиялық және консультативті көмекті көрсету жөніндегі «Тікелей байланыс» (150) телефоны жұмыс істейді.

Республикада 944 жалпы білім беретін мектептер ДДҰ-ның «Денсаулықты нығайтуға мүмкіндік беретін мектептер» жобасын жүзеге асыруда. «Дені сау университетер» ДДҰ жобасын 64 ЖОО жүзеге асыруда.

Балалар мен жасөспірімдер арасында наркологиялық бейін бойынша қауіп-қатер топтарымен ақпараттық және психоәлеуметтік жұмыстың технологиясымен және қауіп-қатер топтарын ерте анықтау технологияларымен жалпы білім беретін оқу орындарының персоналын оқыту жүргізіледі. Мектеп психилогтары үшін семинар жүргізілді, барлығы 80 мектеп психологтары оқытылды.Білім беру ұйымында профилактикалық ішімдікке қарсы және темекіге қарсы бағдарламалар енгізілген, профилактикалық ішімдікке қарсы және темекіге қарсы бағдарламалары (бейнежәрдем) 3000 дисктерде тираждалған және мемлекеттік және орыс тілдерінде журнал түрінде бейне жәрдемді пайдалану жөніндегі 1500 ұсынысты басып шығарды.

Ағымдағы жылы сондай-ақ әлеуметтік роликтердің орталық, республикалық телеарналарында жалға беруді жүзеге асыру, ақпараттық-білім беру материалдарын тарату (буклеттер,кітапшалар,үндеухаттар, плакаттар және т.б.) жол жүру қауіпсіздігі мәселелері бойынша арнайы бағдарламаны шығару жалғасуда.

Бүгінгі таңда, 40 трассалық медициналық-құтқарушы пунктерде (бұдан әрі – ТМҚП) жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерге жедел медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдастырылуда, сонымен бірге 2014 жыл ішінде ТМҚП бригадасы 1173 шығу, зардап шеккендерге 4127, соның ішінде балаларға 255 көмек көрсетілді, 985 адам, оның ішінде 77 бала ауруханаға жатқызылды.

Қолданып жатқан шаралар 2013 жылмен салыстырғанда ЖКО нәтижесінде зардап шеккендердің саны мен өлім көрсеткішінің төмендеу нәтижесін берді, есептік жылда республикада ЖКО саны – 12,8 %-ға, оның ішіндегі азаматтардың өлімі – 14,9 %-ға және жараланғандар – 13,2%-ға төмендегені байқалады.
Министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың және ұйымдардың қызметі «Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерi бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара iс-қимылдың тиiмдiлiгiн арттыру» бірінші бағыты бойынша Мемлекеттік бағдарламада 18 нәтиже көрсеткіші арқылы ұсынылған, 2014 жылдың қортындысы бойынша олардың 3-не қол жеткізілген жоқ (ҚР ІІМ).


  1. Түрмедегі 100  мың адамға шаққанда  сотталғандар  арасында  туберкулезбен  сырқаттанушылық көрсеткішін 2015  жылы  642,9-ға дейін, дерек – 799,0;

  2. 1000 адамға шаққанда бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдар арасында жалпы өлімді 2015 жылы 2,8-ге төмендету, дерек – 4,1;

Себептер: динамикада сотталғандардың арасында және ҚАЖ мекемелерінде жалпы өлім мен (2013 жылғы 4,6 дан 2014 жылғы 4,1 дейін) туберкулез ауруының төмендеуі байұалады (2013 жылы 936,6-дан 2014 жылғы 799,0-ға дейін) .

Сонымен бірге «Ішкі істер органдарының қылмыстық-атқарушы жүйесінің ведомствалық статистикалық есептілік нұсқасын бекіту туралы» ҚР ІІМ 2012 жылғы 4 қыркүйектегі №32-ДСП бекітілген бұйрығымен, ҚАЖ мекемелері арқылы өткен тұлғалар санының есебі әдістеменің өзгеруіне байланысты ҚАЖ мекемелерінде тұратын, дені сау тұлғалардың көрсеткішін есептеу кезінде қолданылатын сотталғандардың саны 2 есеге қысқартылды.

  1. 2015 жылғы 42 %-ға дейін стационар деңгейінде мүгедек балаладыр медициналық оңалтумен қамтуды арттыру.

2014 жылдың қорытындысы бойынша 80,2% деңгейде жетістік байқалады, болжаммен 2015 жылы бұл көрсеткішке қол жеткізіледі.
Есепті кезеңде 48 іс-шаралар іске асырылды.
2-бағыт

Негiзгi әлеуметтiк мәнi бар аурулардың және жарақаттардың профилактикалық iс-шараларын, скринингтiк зерттеулерiн күшейту, диагностикасын, емдеу мен оңалтуды жетiлдiру
Профилактикалық іс-шараларды нығайту мақсатында профилактикаға және әлеуметтік маңызды аурулар анықталған бағытталған ұлттық скринингтік бағдарламаны жүзеге асыру жалғасуда. 2014 жыл қорытындысы бойынша (алдын ала мәліметтер бойынша) 2,4 мың адамды қамтумен 7,6 мыңнан астам скринигтік зерттеу өткізілді, 240 мыңнан астам ауру анықталды, скринингтік зерттеудің тиімділігі 10 %-ды құрады, сауықтыру және кейіннен бақылау мақсатында 230 мыңнан астам адам диспансерлік есепке алынды.

Көрсетіліп жатқан медициналық көмек сапасын қамтамасыз ету мақсатында, тұрақты негізде клиникалық хаттамалар (КХ) жетілдірілуде, 2014 жылы негізгі басым бағыттар бойынша 255 КХ қайта қаралған және әзірленген. ҚР азаматтарының репродуктивті денсаулығын нығайту бойынша жол картасын, жіті коронарлық синдромдары мен ми инсульті бар ауруларға медициналық көмек, медициналық оңалтуды дамыту және жетілдіру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру жалғасуда.

Қазіргі күнде елімізде тиімді кардиологиялық және кардиохирургиялық қызмет құрылды. Өңірлерде кардиохирургиялық орталықтардың құрылуы және дайын мамандардың болуы кардиохирургиялық операциялар санын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Өткен 2014 жылы республикада 70,0 мыңнан астам кардиохирургиялық операциялар және интервенциялық араласулар (2013ж- 60,0 мың) өткізілген, бұл 10 мыңға немесе 16,6 %-ға артық.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде 40 инсульттік орталықтар (бұдан әрі – ИО) құрылды. ИО мультидисциплинарлы бригадаларының мамандары, невролог дәрігерлері, терапевтер/ ЖДП оқытылды. Қанайналым жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітімді, ана мен баланың өлім-жітім төмендету жөнінде шаралар қабылдау бойынша Республикалық штабтың отырыстары өткізіледі.

Жіті ми қанайналымының бұзылуы (ЖМКБ) және жіті коронарлық синдромы бар (бұдан әрі – ЖКС) пациенттерге медициналық көмек көрсетуді жақсарту үшін соңғы халықаралық ұсынымдарға сәйкес ЖКС/ ЖМ0Б бар ауруларды емдеу алгоритмін енг3зу жүзеге асырылуда. Ми инсульттері бойынша 4, ҚЖА бойынша емдеудің 11 хаттамасы әзірленді.

2013 жылғы 2463,1 салыстырғанда, 100 мың адамға шаққанда, 2014 жылғы 2430,2 құраған қабылданып жатқан шаралар ҚЖА ауруларының көрсеткішін тұрақтандыруға мүмкіндік берді. 2013 жылғы 207,4-пен салыстырғанда халықтың 100 мың адамға шаққанда өлімнің көрсеткішінің 2014 жылы 168,41 дейін төмендеуі тіркелді.

Астана,Алматы, Ақтөбе және Семей қалаларында радиациондық онкологияның жоғары технологиялы орталықтарын жабдықтау үшін 10,4 млрд теңге соммасына қазіргі заманғы радиологиялық жабдықтар (линиялық жылдамдатқыштар, компьютерлік томографиялар) сатып алынған. Қазіргі уақытта сатып алынған жабдықты инсталляциялау жүргізілуде.Осы орталықтарды іске қосу 2015 жылға жоспарланып отыр.

Заманауи технологияны енгізу жалғасуда. Онкология және радиология ҒЗИ (бұдан әрі – ОжРҒИ) базасында сүт безін ішкі протездеу, дауыс протездері мен буындар бойынша операциялар жүргізіліп жатыр.

Онкологиялық қызметтің дамуының маңызды бағыттарының бірі тиімді дәрілік терапияны өткізуге мүмкіндік беретін, иммуногистохимиялық зерттеулерді өткізу болып табылады. 2014 жылы (алдын ала мәлімет бойынша) құрылған 3 референс-орталықта және онкологиялық диспансерлердің патоморфологиялық зертханаларында 12 мыңнан астам зерттеу жүргізілді. 2014 жылдан бастап емдеудің әдісін анықтау және диагнозды анықтау бойынша референс- орталықтармен және ОжРҒИ-мен дистанциялық консультацияларды өткізуге мүмкіндік беретін онкодиспансерлерді телепатологияға арналған жабдықпен жарақтандыру басталды.

Германия мамандарымен бірге Қазақстан Республикасы үшін бейімделген балаларда онкоауруларды емдеу және диагностикалаудың 14 клиникалық хаттамасы әзірленді және бекітілді және.Терапияның инновациялық әдістері мен диагностиканың аллогенді және аутологиялық жілік майын трансплантациялау сияқты жаңа әдістері енгізілген. «Бурабай» республикалық балалар оңалту орталығы және «Алатау» республикалық балалар санаториясы базасында интенсивті химиялық терапия курсынан кейінгі және қолдау терапиясынан кейін балалар үшін оңалту көмегі ұйымдастырылған.

2014 жылы балаларда онкологиялық және гематологиялық аурулардың ерте диагностикасын ұйымдастыру үшін республиканың шалғайдағы аудандарынан 1,5 мың астам педиатрлар мен жалпы тәжірбие дәрігерлері оқытылды. Бұдан басқа, Семей қаласының өңірлік онкодиспансерінің инженерлері циклотронды қызмет көрсету және радиофармпрепараттардың өндіріс ұйымдастыру және спецвентиляциясын қызмет көрсету мәселелеріне шетелдерде оқытылды.

Туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай іс-шаралар кешенін тиімді орындау арқасында тұрақтандырған. ДСӘДМ бұйрығымен (2014 жылғы 22 тамыздағы №19) әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу және диагностика стандарттарын енгізу мен жетілдіру шеңберінде туберкулезге көп және кең дәрілік тұрақтылық ауруларын емдеу тәртібі мен кестесі, сондай-ақ ауруларды туберкулезге бактериологиялық зерттеудің алгоритмі бекітілді.

Динамикада туберкулезбен ауыратын ауруларға әлеуметтік қолдау көрсетудің артуы байқалады. 2014 жылы республика бойынша көрсетілген мақсаттарға 553,6 мың теңге (2013 жыл – 403,2) бөлінді, туберкулезге қарсы іс-шараларды жалпы қаржыландырудың әлеуметтік көмекке бюджеттің салыстырмалы салмағы 2013 жылы 1,1%-дан 2014 жылы 1,6 %-ға дейін артты.

Бағдарламаның іс-шаралары шеңберінде ҚР Ішкі істер министрлігімен бірге қылмыстық-жүйесі мекемесінен туберкулезбен ауыратындарды босату кезіндегі ведомствоаралық қызметтестік механизмі жетілдірілді.Бұдан басқа, 2015 жылғы 1 қаңтарынан бастап ҚР қылмыстық-арқату кодексінде қарастырылған жазаны өтеу кезінде толық курстан өтпеген туберкулездің жұқпалы түрімен босатылған тұлғаларды мәжбүрлі емдеу нормасы күшіне енді.

Ана және бала өлімін төмендету жөніндегі жүйелі шаралар шеңберінде Министрлік әйелдердің, балалардың және жасөспірімдердің денсаулығын қорғау саласында ДДҰ ұсынған, тиімді технологиялар енгізілген, перинатальді көмекті аймақтандыруды қамтамасыз етілуде, жүктілердің, босанатын және босанған әйелдердің сыни жағдайының күнделікті мониторингі жүзеге асырылады. Халықаралық талаптарға сәйкес алгоритмдер, емдеудің және диагностиканың хаттамалары жетілдіруде. Балалардың, жасөспірімдердің және жүкті әйелдердің тегін негізіде дәрілік заттармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

Дұрыс тамақтану, балаларда аурулардың алғашқы пайда болуы туралы, емізудің маңыздылығы туралы және т.б. мәселелері бойынша ақпараттық-білім беретін материалдар әзірленді. «Профилактикалық медицина академиясы» ҚБ-мен бірге 5 жасқа дейінгі балалардың тамақтануы туралы оқыту фильмі түсірілді, көпшілігі ана мен бала денсаулығын қорғауға бағытталған әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда.

Балалар церебральді сал ауруына шалдыққан балаларды оңалту ұсынуды ұйымдастыру жөніндегі жол картасын жүзеге асыру жалғасуда (2014 жылғы 20 мамырдағы № 275).

Қазақстанда қазіргі ресми аудитпен қатар 2009 жылғы қаңтардан бастап ДДҰ ұсынған ана өлімі жағдайларының құпия аудитін енгізу жалғасуда. 2014 жылы 3 өңірде сыни жағдайлардың аудитін өткізу бойынша 77 маман оқытылған, 3 оқыту арқылы тренингі өткізілді.

Есепті мерзімде 2,4 мың дәрігер және 4,8 мыңан астам орта медициналық қызметкер БЖАЫҚ мәселелері бойынша аймақтық ғылыми орталықтардың базасында, емізу, педиатрлар үшін тиімді перинатальді көмек, жалпы тәжірбие дәрігерлері, фельдшерлер мен орта медициналық қызметкерлерді үздіксіз оқытудың Қазақ медициналық университеті ғылыми базасында оқытылған. Есепті кезеңде.

Қолданылатын шаралар ана және бала өлімі көрсеткішін тұрақты төмендету нәтижесін берді.Ана өлімінің көрсеткіші 13 %-ға төмендеді және 2013 жылғы 11,3 пен сытыстырғанда 100 тірі туылғанғы шаққанда 9,83 құрады. 2013 жылы 193,9 салыстырғанда 100 мың халыққа 197,7 құрады, жаңадан пайда болған қатерлі аурулардың пайда болуы жақсарды.Сонымен бірге, жаңадан пайда болған қатерлі ісіктердің салыстырмалы салмағы 2013 жылғы 55,4% салыстырғанда 55,8% болды.Республикада қатерлі жаңадан пайда болғандар қатерлі ісіктерден болатын өлім көрсеткіші 7,7 %-ға төмендеді және 2013 жылы 100мың халыққа 99,49-бен салыстырғанда 91,79-ні құрады.

Туберкулезбен ауыратын халықтың көрсеткіші 9,5 %-ға төмендеді және 2013 жылы 100 мың халыққа шаққанда 73,4-пен салыстырғанда 66,4-ті құрады. Туберкулездан болатын өлімнің көрсеткіші 16 %-ға төмендеді және 2013 жылғы 5,6-мен салыстырғанда 100 мың халыққа шаққанда 4,7-ні құрады.

2013 жылмен салыстырғанда жазатайым оқиға, жарақат алу мен улану 2014 жылы 3493,2-ден 100 мың халыққа шаққанда 3280,2-ге төмендеді.

Министрлік мен мүдделі мемлекеттік органдардың «Негізгі әлеуметтік маңызды аурулар мен жарақаттарды емдеу мен оңалту, диагностиканы жетілдіру, профилактикалық іс-шараларды, скринигтік зерттеулерді жетілдіру» екінші бағыты бойынша қызметін ұйымдастыру Мемлекеттік бағдарламада 10 нәтиже көрсеткіштерімен ұсынылған, 1 көрсеткіштен бөлек, анығырақ айтқанда:

2015 жылғы 50,6% дейін қатерлі өскендері бар аурулардың 5-жылдық тіршілікке қабілеттілігінің салыстырмалы салмағын арттыру

қатерлі ісіктері бар науқастардың 5 жылдық өмір сүру үлес салмағының 2015 жылға қарай 50,6 %-ға дейін ұлғаюы. 2014 жылғы алдын ала деректер бойынша көрсеткіш 50,2% құрады.

Есепті жылы 23 іс-шара жүзеге асырылды.


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет