Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситеті



бет7/19
Дата29.03.2017
өлшемі9,45 Mb.
#12535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

3-маша. Тақырып:

Күздік арамшөптер.

Бұлар жаздық және қыстайтын арамшөптерге қарағаңда толық дамуы үшін қысқы кезеңнің төменгі температураларын қажет етеді. Өскіндерінің көктеу мерзіміне қарамастан өсімдіктері қыстап шығады да, келесі жылдың жазында ғана жеміс береді. Бұлардың тұқымдары күздік дақылдардың тұқымдарымен бір мезгілде пісіп жетіледі. Осы топтың өсімдіктеріне танаптық және қара бидай арпабасы, танаптық сіпсебас жатады. Қазақстанның күздік дақылдары өсіріле оңтүстік аудандарында бұл арамшөптер кеңінен тараған.



Қара бидай арпабасы(Bromus secalinus). Қоңырбастылар тұқымдасының өкілі. Сабағы тік өседі, биіктігі 30-100 см, жапырақтары линейлі, жіңішке. Тамыр жүйесі шашақ, көптеген ұсақ тамыршалардан қалыптасқан. Тұқымы өнген жылы жақсы дамыған түпті қалыптастырады. Қыстап шыққаннан кейін, маусым-шілде айларында гүлдейді де, шілденің соңында тамыздың бас кезінде әр өсімдік 5 мыңға жуық тұқым береді. Гүл шоғыры борпылдақ сіпсебас, масақтарында 8-10 гүл болады. Дәндерінің пішіні мен мөлшері қара бидайдың дәніне ұқсас, сондықтан қарапайым тұқым тазалағыш машиналарда қиын ажыратылады. Арамшөптің тұқымы топырақтың 10-12 см терендігінен өніп шыға алады. Өнбеген түқымдары өміршеңдігін 2 жылға дейін сақтайды. Қара бидайдың арпабасы күздік қара бидайдың егістігін ластайтын арнаулы арамшөбі болып табылады, сондай-ақ күздік бидайдың, басқа да күздік дақылдардың егістерін ластайды.

Дала арпабасы (Bromus arvensis). Қоңырбастылар тұқымдасының өкілі. Күздік қара бидай мен күздік бидайдың арнаулы арамшөбі. Биологиялық ерекшеліктері бойынша қара бидай арпабасына ұқсас, бірақ дәншіктерінде қылтықтары болады. Шөптесін өсімдік, сабағы тік өседі, түтіксіз, сырты тегіс, биіктігі 20-100 см, жапырақтары линейлі, жалпақ. Гүл шоғыры — ұзын және жіңішке бұтақшаларымен, қомақты сіпсебас. Масақтары ланцетті, түтіксіз, күлгін түсті. Күздік дақылдарды ластайды.

Кәдімгі сіпсебас (Apera spica-venty). Қоңырбастылар тұқымдасына жатады. Сабағы тік өсіп, күшті бүтақтанады, биіктігі 25-100 см. Жапырақтары линейлі-ланцетті, жалпақ. Гүл шоғыры ірі қомақты, сіпсебас. Тамыр жүйесі шашақты. Жемісі — ұршық тәрізді немесе біз тәрізді, қауызшақты дәнек, ұзын шашақты қылтығы болады. Дәннің түбінде жұмсақ шоқ түтіктері болады. Тұқымдарының үстінгі қабығы тегіс, реңі сүр сарыдан сүр қоңырға дейін өзгереді, ұзындығы 1,5-2,5, ені 0,3-0,4 мм. Бір өсімдік 16 мыңға жуық тұқым бере алады, олар топыраққа түсіп, күзде немесе келесі жылғы көктемде топырақтың температурасы 5° С болған кезде өніп өседі. Тұқымдары топырақта өнгіштігін 7 жыға дейін сақтайды. Дымқыл, құнарлы, борпылдақ, қышқылдылығы жоғары, жеңіл топырақтарды ұнатады. Жаздық дақылдарды, көбінесе күздіктерді, көп жылдық шөптердің не отамалы дақылдардың егістерік ластайды.
4 –маша

Екі жылдық арамшептер.

Бұл топтың өсімдіктері өздерінің даму циклін екі жылда аяқтайды. Бірінші жылы өсімдіктер куатты тамыр жүйесін және тамыр мойнында жапырақты дегелукті қалыптастырады. Келесі жылы көктемде гүл сидамын қалыптастырып, жаздың соңында жеміс береді. Жеміс байлайтын жылы өсімдіктер бірінші жылы тамыр жүйелеріңцегі жиналған қоректік заттарын пайдаланады.



Екі жылдық арамшөптерге сарыбас түйе жоңышқа, ақбас түйе жоңышқа, кәдімгі кәріқыз, сұр шатырша, қара мендуана, бұйра түйетікен, кәдімгі көкбасгүл,/көкшек/, ақ желімбасақ, кәдішағыртікен ж.т.б. жатады.

Сарыбас немесе дәрілік туйе жоңышқа /Melilotus oficinalis/. Бұршақ тұқымдасының өсімдігі. Сабағы тармақты, тік өседі, биіктігі 90-200 см. Жапырақтары уш бөлікті, астыңғылары жұмыртқа тәрізді, үстіңгілері ұзынша болады. Гүлдері сары, жоғарғы жақта ұзын шашақ гүл шоғырларға жинақталған. Бұршаққаптарында бір тұқымы болады, тұқымдары қабықтан қиын ажыратылады. Тұқымдары ұзынша жұмыртқа тәрізді, сырты тегіс, реңі сары жасыл. Бір өсімдік 17-18 мыңға жуық су өткізбейтін қабығы өте қатты тұқым байлайды. Тұқымдары 5 см терендіктен жақсы өніп шығады. Құрғақшылыққа төзімді өсімдік. Әр түрлі дақылдарды, өсіресе жоңышка мен беденің егістерін ластайды, шалғын жерлерде, жол іргелерінде, бос жерлерде кездеседі. Дәрілік өсімдік ретінде қолданылады, құрамында кумарин алкалоиды бар.

Ақ түйе жоңышқа. /Melilotus albus/. Биологиялық ерекшеліктері бойынша сарыбас түйе жоңышқаға ұқсас. Көбінесе сидералды және мал азықтық дақыл ретінде өсіріледі. Сабақтың биіктігі 150-300 см-ге жетеді. Бұршаққаптарының қабығын торлы әжім басқан. Бір өсімдік қабығы қатайған 15 мыңға жуық дәндерін байлайды. Егер тұқымдардың механикалық зақымданулары болмаса, олар топырақта өнгіштігін жоғалтпай ұзақ уақыт сақталады. Сарыбас түйе жоңышқа сияқты танаптық дақылдардың көбісін, шалғын жерлерді және жайылымдарды ластайды.

Кәдімгі кәріқыз. /Lappula myosotis/. Айлаулықтар тұқымдасының өкілі. Реңі сұр жасыл өсімдік, қылшықтарымен қапталған. Сабағы тармақтанып тік өседі, биіктігі 60 см—ге жуық. Тамыр жүйесі кіндік. Жапырақтары ұзынша ланцетті, төменгілері сағақты, жоғарғы жақтағылары сағақсыз. Жемісі тіркестерімен үш қырлы жаңғақ, жемістің қабығы ұсақ сүйелді, сұр-қоңыр түсті, екі-үш қатармен орналасқан тікенектері болады. Шілде- қыркүйек айлары гүлдейді. Бір өсімдік бір мыңға жуық тұқым байлайды, олар 3-4 см тереңдіктен өніп шығады. Тұқымдары өнгіштігін 5 жылға дейін сақтайды. Өсімдіктері карашірікке бай, ауа өткізгіштігі жоғары, женіл топырақтарда жақсы өседі. Барлық дақылдардың егістерін ластайды, әсіресе күздіктерді. Барлық жерлерде тараған.

Көк шатырша /Веrteroa incana/. Қырыққабат тұқымдасына жатады. Сабағы тік өседі, биіктігі 30-50 см, ұсақ тармақты түтіктермен қапталған, реңі сұр жасыл. Үстіңгі жапырақтары ланцетті, сағақсыз, тамыр мойыны мен сабақтың төменгі бөлігінде жапырақтарының пішіні сопақша және сағақтары болады. Гүлдері қысқа гүл шоқтарға жинақталған. Жемісі - элипс тәрізді, ұзындығы 2-3 см жіңішке тұмсығы мен бұршаққын. Тұқымдары домалақ, қоңыр, қабыстырылған. Өсімдіктің жемістілігі 3 мың тұқымға жуык, олар тез және біркелкі өніп өседі. Мамыр-казан айларында гүлдейді. Жаздық, күздік, астық дақылдарды, көкөністерді, отамалы дақылдарды және көп жылдық шөптерді ластайды.

Қара меңдуана /Hyoscyamus niger/. Алқа тұқымдасының өкілі. Сабақтың биіктігі 100 см-ге дейін, күшті жапырақталған, тамыры кіндік. Жапырақтары сағақты, кезектесіп орналасады, түбіттенген, үсті күнгірт-жасыл, асты ақшыл, сопақша-жұмыртқа немесе элипс төрізді. Гүлдері сағақсыз, сабақтардың ұштарында жене оның бүтақтарында жинақталған, ірі бес қалақтары болады. Жемісі — екі ұялы қорапша, оның ішінде 700-ге жуық тұқымы болады. Бір өсімдік 300 мыңға жуық тұқым бере алады. Маусым — шілде айларында гүлдейді. Жаздық, кейде күздік дақылдары ластайды. Арнаулы арамшөбі. Тұқымдары дымқыл топырақтың таяз тереңдігіне көмілген кезде ғана көктеп шығады. Қара меңдуананың бүкіл мүшелері — жапырақтары, сабақтары, әсіресе тұқымдары улы болады.

Бұйра туйетікен. /Саrduus crispus/. Аққекіре тұқымдасына жатады. Сабағы күңгірт жасыл, сырты түтіктермен басылған, сабағының биіктігі 50-120 см, тікенектермен қапталған. Жапырақтары сопақша —ланцетті, кезектесіп орналасады, шеттері кенекті-кірпікті, үстіңгілері сағақты, астыңғылары сағақсыз. Гүлдері түтік тәрізді, күңгірт қызыл күрең, шар тәрізді кәрзеңкелерде орналасады. Тамыр жүйесі кіндік. Жемісі ұзыңша, шамалы иілген, үлпілдегі бар денек. Дәнектің ұзындығы 3,0-3,2 мм, ені 1,3 мм. Маусымнан қоңыр күзге дейін гүлдейді. Бір өсімдік 4 см тереңдіктен өніп өсетін 10-12 мыңға жуық тұқым береді. Тұқымдар өнгіштігін бір жылға дейін сақтайды. Дымқыл, өткізгіштігі жоғары топырақтарда жақсы өседі. Егістік танаптарының шеттерін, жол іргелерін, бос жерлерді ластайды.
5- маша

Кыстайтын арамшөптер.

Бұлардың дамуы жаздық, сондай-ақ күздік типте өте алады. Көктемде пайда болган өскіңдері жаздық сияқты дамиды, яғни күзде жеміс береді де, сосын солады. Кеш шыққан ескіндері кез-келген кезеңінде /фазасында/ қыстап шығады да, келесі жылы дамуы аяқтайды. Күздіктерге қарағанда қыстап шығу бұларға қажет емес, тек өзін сақтау үшін керек. Қыстайтын арамшөптердің ішіңде кәдімгі қарамықша, қоқым-соқымдық шытырмақ, иіссіз түймедақ, көк гүлкекіре, төгілмелі сарыбасқурай, егістік зәлел, канадалық майдажелек ж. т. б.



Егістік ярутка (Tlaspi arvense 20-1 сурет). Қырыққабат тұқымдасының өкілі. Сабағы бұтақтанып тік өседі; биіктік 20-60 см. Төмеңгі жапырақтары сағақты, сопақша-элипс тәрізді, сабақтағы жапырақтарының қалемшелері жоқ, олар сопақша тәрізді, кішкектай тістіктері бар. Гүлдері ұсақ, күлтежапырақшаларының реңі ақ, сабақтың үстіңгі бөліктерінде шашақ гүл шоғырларға жинақталған. Жемісі - екі ұялы, көп тұқымды қын, ұзындығы 12-18 мм. Әрбір ұяда 5-8 қоңыр немесе қара қоңыр тұқымдары бар. Олардың ұзындығы 1,2-2,0 мм, еңі 1,5 мм, сарымсақтың дәмі болады. Бір өсімдік өнгіштігін 10 жылға дейін сақтайтын 12 мыңға жуық тұқымдарын байлайды. Тұқымдары топыраққа шашылып түскеннен кейін тез өніп өседі көктеулері дөңгелек түріңде қыстап шығады да, көктемде гүлдейді. Бүкіл жерлерде кездеседі, жаздық және күздік дақылдардың егістерін ластайды.

Көк кекіре (Centaurea cuanus 20-2 суррет). Ақкекіре тұқымдасының өкілі. Сабағы бұтақтанып тік өседі, түтіктерімен қапталған, биіктігі 40-80 см. Түбір жапырақтары сағақтарымен тұтас, ланцетті жұмыртқа тәрізді. Сабақтарындағы жапырактары сағақсыз, ланцетті—линейлі немесе линейлі. Гүл шоғыры жұмыртқа тәрізді кәрзеңке. Шеткі гүлдері көк, ұлғайған, жыныссыз, ішкі гүлдері күлгін, қосжынысты. Жемістері қара сұр дәншік. Шілде тамыз айлары гүлдейді. Бір өсімдіктің жемістілігі 7 мың тұқымға жуық, олар 5-7 см тереңдіктен өніп өседі. Топырақта олар өнгіштігін 3 жылға дейін сақтайды. Жаздық, күздік астық, көкөніс және отамалы дақылдардың егістерін ластайды.

Сарыбас қурай немесе София дескуениясы (Sisymbrium sophia 20-3 сурет). Қырыққабат тұқымдасының өкілі. Сабағы бұтақтанып тік өседі, түтіктерімен қапталған, биіктігі 25-100 см. Жапырақтары қатарласып орналасады, қауырсыңды кесілген, ұсақ түтіктермен қапталған. Гүлдері шашақ шоғырларға жинақталған, ұсақ, төрт қалақты, сары. Жемісі - екі жармалы, көп тұқымды қын, ұзындығы 2,0-2,5 см, элипс тәрізді, бүйірлерінен шамалы жаншылған, реңі сары қоңыр, 3-4 см терендіктен өніп өседі. Бір өсімдік 500 мыңға жуық тұқым бере алады, көбісі шашылып түскеннен кейін 10-15°С жылылықта өніп өсе алады. Тұқымдары өнгіштігін топырақта 5 жылға дейін сақтайды. Жаздық, күздік, отамалы және көкөніс дақылдардың егістерін ластайды. Сарыбарс қурайдан басқа Лезел сарыбасқурайы (S. Loeselli) және сарыбасқурай кездеседі (S. Officinale).

Кедімгі жұмыршак (Capsela bursa pastoris 5 суррет). Қырыққабат тұқымдастықта жатады. Өсімдіктің сабағы жалаңаш, бұтақтанып тік өседі, биіктігі 5 см-ге дейін жетеді. Қыстайтын түрлері тамыр мойнында жапырақтарының шеттерінде өткшр үш бұрышты тістері бар дегелектерді қалыптастырады. Сабақтағы жапырақтары сағақсыз, табандарында кішкентай құлақшалары болады. Гүлдер жіп тәрізді шоғырларға жинақталған. Жемісі - үш бұрышты екі ұялы қын. Тұқымдары ұсақ, ақшыл қоныр, сопақша, жаншылған, ұзындығы 1 мм-ге дейін. Жемістілігі 70 мың тұқымға жуық, олар өнгіштін 35 жылға дейін сақтайды. Барлық жерлерде кездеседі, жаздық, күздік, астык, көкөніс, отамалы және техникалық дақылдардың егістерін ластайды.



5 сурет Қыстайтын арамшөптер: 1-Егістік ярутка; 2- Көк кекіре;

3-Сарыбас қурай; 4- Кәдімгі жұмыршақ


Иіссіз ромашка (Matricaria indora). Ақ кекірелертұқымдасының өсімдігі. Сабағы бұтақты, биіктігі 20-60 см, кейде 100 см-ге дейін жетеді. Жапырақтары сағақсыз, екі немесе үш қауырсынды линейлі бөліктерге кесілген. Гүл шоғыры - диаметрі 8-40 мм, шеттерінде тілше гүлдері мен ақ күлте жапырақшалары орналасқан керзеңке. Жемісі - қысқа аяқшасымен үшқырлы дәншік. Тұқымдары көктемде топырақтың температурасы әлі төмен болған кезде, 1-3 см тереңдіктен біркелкі ерте өніп шығады. Бір өсімдік өнгіштігін 6-7 жыл сақтайтын 200 мыңға жуық тұқым бере алады. Мамырдан қазанға дейін гүлдейді. Барлық жерлерде тараған, танаптық, көкөніс және бақта өсетін дақылдарды ластайды, құнарлы, ылғалды топырақтарды ұнатады.

Арам шытырмақ (Lepidium ruderale). Қырыққабат тұқымдасына жатады. Сабағы тік өседі, биіктігі 15-45 см, қысқа түтіктермен қапталған. Төменгі жақтағы жапырақтары тығыз дөңгелекке жинақталған, үстіңгілері линейлі, сағақсыз. Гүлдері ұсақ, тостағаншалары жасыл түсті. Жемісі - екі-төрт дәншікті қын, қысқа жіңішке жеміс сабағында орналасады. Тұқымдары ақшыл қоңыр немесе сары қоңыр, сопақша, қабысқан, ұзындығы 1,2-1,5 мм. Өсімдіктерінің күшті жағымсыз иісі болады. Жаздық және күздік дақылдарды және жайылымдарды ластайды.
6-маша

Тақырып:

Тамыр сабақты /көген тамырлы/ арамшөптер

Атпатамырду арамшөптер сияқты өзінен және тұқым арқылы көбейеді. Бұл топтың вегетативтік көбею мүшелері жер астындағы орналасқан сабақтары — тамырсабақтар деп аталады. Осы арамшөптер тобының биологиялық ерекшеліктері бұл бүршіктерден жаңа өркендерді қалыптастыру қабілеті, сонымен қатар тамыр сабақтардың ұзақ өміршеңдігі болып табылады. Оларға жатаған бидайық, бұтақты бидайық, құмай, қарашығыр, кәдімгі мыңжапырақ т.б. жатады.



Жатаган бидайык, /Agropyrum repens/. Қоңырбастылар тұқымдасына жатады. Сабағы тік өседі, сырты тегіс және қатты, биіктігі 40-130 см. Жапырағы таспа тәрізді, түсі көкшіл, асты тегіс үстіңгі жағы кедір — бұдырлы. Гүл шоғыры күрделі екі қатарлы масақ, ұзындығы 7-15 см. Жемісі - ұзарған қауызды дәнек. Дәнектің ұзындығы 7-10 мм, ені 1,3-1,7 мм. Арамшөп шілде-қыркүйек айларында гүлдейді және жеміс береді. Бір өсімдік өнгіштігін топырақта 12 жылға дейін сақтайтын 10 мыңға жуық тұқым бере алады. Тамырлары топырақтың 1 метр тереңдігін бойлайды, бірақ тамыр сабақтың көбісі 12 см тереңдікте орналасады. Барлық дақылдарды ластайды. Борпылдақ, дымқыл, қарашірікке бай топырақтарда жақсы өседі. Тығыздығы жоғары топырақтарда өсуі нашарлайды.

Бұтақты бидайық /Agropyrum ramosum, 6 сурет/. Сабағы тегіс, тік өседі, биіктігі 20-80 см, өте зияңды астық арамшөбі. Гүл шоғыры - борпылдақ, жіңішке, ұзындығы 8 см-ге дейін масақ. Масақшалары қаңдауыр тәрізді, 4-6 гүлі болады. Жемісі – қоңыр- жасыл түсті, сырты кедір-бұдырлы, төбесі ұшқыр тәрізді ұзындығы 6-8 мм, ені 1,5 мм қауызды дәнек. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Бір масақта дымқыл топырақта жақсы өніп өсетін 6-ға жуық тұқым қалыптасады. Көген тамырлары көбінесе 16-28 см тереңдікте орналасады, олардың ұштары көлбей өседі. Көген тамырларының буындарында өркеңдері қалыптасады, ал олар топырақтың бетіне шығып күшті бұтақтанады. Бұтақты бидайықтың көгентамырлары жатаған бидайыққа қарағанда жіңішкелеу келеді, сондықтан ұшқыр ұштарымен ол тығыз топыракқың қабаттарын тесіп өте алады.

6- сурет 1-Жатаған бидайық; 2-Бұтақты бидайық;

3- Салалы қарашығыр ; 4- Құмай
Тамырсабақтың көлбей тамырлары өміршеңдігін 20 жылға дейін, ал тік өсетіндері 4 жыл сақтайды, олар 10 см терендіктен жақсы өніп өседі. Барлық дақылдарды ластайды. Жылу сүйгіш, құрғақшылыққа төзімді арамшөп, топырақтын тоғыздалуына және ұзақ уақыт кеуіп кетуіне шыдамды. Сор және кобірлі топырақтардың ажыратушы /анықтағыш / өсімдігі ретінде қолданады.

Салалы қарашығар. /Cunodon dactylon, 13-3 сурет/. Қоңырбастылар тұқымдасына жатады. Сабағы тармақты, тегіс биіктігі 20-25 см. Жапырақтары линейлі-ланцетп, ұшқыр, сұр-жасыл, көбінесе жалпақ, шеттері өткір, реңі көкшіл. Гүл шоғырларының ұзындығы 7 см-ге дейін, 3-8 масақ тәрізді бұтақшаларынан қалыптасқан, олар сабақтың үстіңгі жағыңдағы шоқтарға жинақталған. Жемісі сары-жасыл түсті, ұзындығы 25 мм, ені 0,5-0,7 мм қауызды дәнек. Бір өсімдік 10 мыңға жуык тұқым байлайды, олар 3 см тереңдіктен көктейді. Олар дымқыл топырақта температура 20-30°С болған кезде өніп өседі. Арамшөп шілде айынан қоңыр күзге дейін гүлдейді. Көбінесе 20-25 см тереңдікте орналасатын көгентамырлары арқылы көбейеді. Көгентамырлардың өскіндері топырақтың бетіне шыққан кезде реңі жасылға жылдам өзгереді, ал олардың қауыршықтары жапыраққа ауысады. Өркендері тармақтанып өседі, олардың бір бөлігі гүлсидам сабақтарды қалыптастырып жеміс береді, ал басқалары, әсіресе батпақ топырақтарда жердің бетінде шырмауық түрінде жайылып, өткір ұштарымен топыраққа көміл көгентамыр күйінде өседі. Қарашығырдың бұндай дамуа топырақты күшті шымдайды. Бір өсімдік вегетациялық кезеңі бойынша ұзындығы 10 м-ге дейін көгентамырлардың қалыптастырады. Олардың салмағы бір гектарда 15 тоннаға жету мүмкін. Бұл жылу сүйгіш, құрғақшылыққа төзімді өсімдік, көлеңкені ұнатпайды, дымқыл, тұздалмаған топырақтарда жақсы өседі, барлық дақылдарды ластайды.

Кумай немесе Джонсое шөбі /Sorgum halepense, 6-7 сурет/.

Қоңырбастылар тұқымдасының көп жылдық арамшөбі, сабағы тегіс, биіктігі 100-150 см, тік өседі. Өсімдік күшті бұтақтанады, жақсы есейген өсімдік 72-ге жуық сабақ қалыптастырады. Жапырақтары ірі, линейлы-ланцетті, шеттері бұдырмақты. Гүл шоғыры-көп масақты, ұзыңдығы 10-15 мм сопақша дәнек. Маусымнан күзге дейін гүлдейді және жеміс береді. Бір өсімдіктін жемістілігі 10 мың тұқым, олар келесі жылы температура 30-35 0С болған кезде көктейді. Тұқымдары өнгіштігін топырақта 3-4 жыл сақтайды.

Морфологиялық белгілірі бойынша құмай судан шөбіне ұқсас, бірақ масақтары ірі және тамыр жүйесі қуатты болады. Құмайдың тамыр сабақтары екі түрлі: қысқа көлденең орналасып, бірінші жылы өркеңдерді қалыптастыратын және жуан терең бойлап өсетіндер, олар қоректік заттар жиналатын қоры болып табылады. Негізгі тамыр сабақтары топырақтың 20-30 см қабатында орналасады. Ауа райы ыстық болған кезде құмайдың тамырсабақтары топырақтың ылғалдылығы төмен болса күннің көзінде 5 күннің ішінде өліп солады. 15 0С төмен аяздар оларды жер бетінде және 10 см тереңдікте орналасатын біраз бөлігін жояды. Тары тәріздес дақылдардың егістерін ластайды. Судак арнаулы шөбінің арнаулы арамшөбі. Мақта өсіретін суармалы танаптарында кең тараған.

Кәдімгі мыңжапырақ /Achillea milefolium/. Аққекірелер тұқымдасының өсімдігі. Сабағы күшті тармақталған, тік өседі, күшті түтіктелген, биіктігі 70 см-ге дейін болады. Тамыр мойнындағы жапырақтары сағақты, басқалары сағақсыз, ланцетті, екі немесе үш қауырсынды, жіңішке үш бөліктерге бөлінген, түтікті. Гүлдері ақ немесе қызғылт, дәнжарнақ гүл шоғырлары ұсақ көрзеңкелерінен жинақталған. Жемісі — күміс сұр түсті, ырсиған, ұзыңдығы 1,7-2,0 мм сопақша дәнек. Бір өсімдік қыстап шыққаннан кейін жақсы өніп өсетін 25 мыңға жуық тұқым байлайды. 3-12 см тереңдікте орналасатын көгентамырлары бірінші жылы пайда болады. Ескі тамырлардың ұзындығы 5-50 см, олар түгелдей тамырлармен қапталған, топырақта каптап өседі. Бүкіл жерлерде тараған, көпжылдық шөптерді, отамалы дақылдарды, кейде жаздық астық дақылдарды ластайды. Жайылымдар мен шалғындарда, жол іргелерінде, орман алқаптарының шетгерінде кездеседі.

Кәдімгі жусан /Artemisia vulgaris/. Ақкекіре тұқымдасының өкілі. Сабағы күшті тармақтанып тік өседі, реңі қоңыр қызыл, биіктігі 50-160 см. Жапырақтары қауырсынды бөліктерге бөлінген, астыңғылары сағақты, басқалары сағақсыз. Жапырақтың үстіңгі жағы жалаңаш, қоңыр-жасыл, астыңғылары ақ түтіктермен қапталған. Гүл шоғыры - ұсақ кәрзеңкелерден жинақталған шашақ гүл шоғырлары. Жемісі - ұсақ, қоңыр түсті дәнек. Бір өсімдіктің жемістілігі 150 мың тұқымға жуық. Шілде-тамыз айларында гүлдейді. Көгентамырларының үстіңгі бөліктері жуак болып келеді. Кегенгамырдың үстіңгі бөлігінде және тамыр мойнында қысқа жер астында өсетін өркендері пайда болады, олар жоғары жаққа бұрылып гүлсидам сабақтарды қалыптастырады. Бүкіл жерледе кездеседі, барлық дақылдардың егістерін, бақшалар мен бау бақшаларды ластайды.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет