Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситеті



бет6/19
Дата29.03.2017
өлшемі9,45 Mb.
#12535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

1.Маша

Тақырып:

Жаздық ерте арамшөптердің өкілдерімен және олардың тұқымдарымен танысу,суреттерін салу.

Көктемде ерте кектейді және ерте пісетін жаздық дақылдардың онімін жинағанға дейін немесе солармен бір мезгілде пісіп жетіледі. Күзде пайда болған өскіндері қыста үсіп қалады. Осы биологиялық топтың зияндысы қара сүлы. (Аvena fatua, 1 сурет)




1- сурет Қара сұлы
Қара сұлы астық тұқымдасына жатады. Сыртқы пішіні бойынша кәдімгі сұлыға ұқсас. Одан сабағының түктілігімен денінің гүл қабығының қара түсімен, ұзын бұратылған тік бұрышты иілген мұртшасының және дәндегі таға тәріздес мүшенің болуымен өзгешеленеді.

Қара сұлы көбінесе жаздық дәнді дақылдардың егістерін ластайды. Шашақ гүл шоғырында дәннің 3 түрлі қалыптасады: шашақтың үстіңгі бөлігінде тыныштық кезеңі 2 жылға дейін созылатын ұсақ тұқымдар; орташалары-шашылғаннан кейін келесі жылы өнетіндер және шашақбастың төменгі бөлігінде ірлері қалыптасады. Бұл тұқымдар щңтайлы жағдай болған кезде пісіп жетілген жылы өніп шығуы мүмкін. Қара сұлының тұқымы топырақта өміршеңдігін 5-7 жыл сақтайды. Температура 18-20 0С болған кезде 5-10 см-ден өнеді, кейді 12-15 см тереңдіктен де көктеп шығару мүмкін. Қара сұлының шашығына 40-60 тұқым, ал бір өсімдігі 400-600- ге дейін тұқым бере алады.



Шырмауық таран. /Poligonum convolvulus, 2 сурет/. Тарандар тұқымдасының өкілі. Сабағы өрмелеп өседі, реңі қызғылт, күшті бұтақтанады. Жапырақтары сағақты, пішіні жүрек немесе сопақша жұмыртқа тәрізді. Гүлдері ұсақ, жасыл, бұтақтардың шеттеріндегі жапырақ қолтықтарында 3-6- дан орналасады. Тамыр жүйесі кіндік, жемісі — үш қырлы, қоңыр қара түсті жаңғақ.


2-сурет Шырмауық таран

Жаңғақтардың ұзыңдығы 3,0-3,5 мм, ені 2,0-2,5 мм. Гүлденуі маусым айынан басталып қоңыр күзге дейін созылады. Бір өсімдік 140-700 - ге жуық тұқым береді. Тұқымдары 1-2 °С өнеді өнгіштігін топырақта 5-6 жыл сақтайды. Танаптық. көкеніс және жеміс дақылдарының егістерін ластайды. Әсіресе, ол астық және зығыр егістеріне күшті зиян келтіреді. Қарақұмықтын арнаулы арамшөбі болып табылады. Бүкіл жерлерде тараған.



Татар қарақумыгы (Fagopyrum tataricum). Тарандар тұқымдасының өкілі. Сабағы бұтақтанып тік өседі, биіктігі 60-70 см, жапырақтары жүрек-найза тәрізді, бас жағы үшкір. Гүлдері ақ, сары түсті шоқтарға жинақталған. Жемісі - үш қырлы жаңғақ, қара сүр түсті, қырларын доғал әжім басқан, ұзындығы 4-6 мм, ені 3 мм. Тамыр жүйесі - кіндік. Маусым-тамыз айларында гүлдейді, жемістері жерге шашылып, келесі көктемге дейін өніп өспейді. Тұқымдары өміршеңдігін топырақта 5 жылға дейін сақтайды. Мәдени қара құмыққа өте ұқсас, бірақ жапырағы мен сабағының ашық жасыл түсімен (егістік қара құмықтың реңі қызғылт) өзгешеленеді. Жаздық астық дақылдарының және әсіресе қара құмықтың егістерін ластайды.

Жабайы шомырт (Raphanus raphanictrum). Крестгүлділер тұқымдасына жатады. Сабағы бұтақтанып тік өседі, биіктігі 50-70 см-ге дейін. Жапырақтары сағақты, қоңыр жасыл, қатты қапталған. Гүлдері ірі ақшыл сары шоқтарға жинақталған. Жемісі - тостаған тәрізді қын, ұзындығы 4-6 мм цилиндр-куб тәрізді бөлшектерге бөлініп шашылады. Олар пішіні және салмағы бойынша арпанын тұқымдарына ұқсас, сондықтан, оларды тазартуға қиын болады.

Жабайы шомырттың тұқымдары қызыл қоңыр түсті кейіпсіз-шар тәрізді, ұзындығы 3 мм, ені 2,25 мм. Арамшөп мамырдан қоңыр күзге дейін гүлдейді. Бір есімдікте 12 мыңға жуық тұқым пайда болады. Топырақта олар өміршеңдігін 10-12 жылға дейін сақтайды.

Тұқымдары әдетте 3-4 см тереңдіктен екінші жылы өніп өседі. Бүкіл жерлерде кездесіп, барлық дақылдардың егістерін ластайды.

Танаптық қыша /Sinapis arvensis/. Крестгүлділер тұқымдасына жатады. Сабақтың биіктігі 20 см, тік өседі, қатты түтіктерімен қапталған. Жапырақтары сағақты, лира тәрізді қауырсынды, үстіңгілерінде қалақтары аз болады, гүлдері шоқ шоғырларға жинақталған, қындары цилиндр тәрізді, ұзындығы 2-4 см. Пісіп жетілген кезде жарылып тұқымдары топырақ бетіне шашылады. Бір өсімдік 4 мыңға жуық тұқым бере алады. Олар 2 см тереңдіктен жақсы өніп өседі. Тұқымдардың пішіні шар тәрізді, диаметрі 1,5-2 см. Топырақта өнгіштігін 10-11 жылға дейін сақтайды. Бүкіл жерлерге тараған, барлық астық дақылдарды ластайды.

Жабайы кенепшөп /Canabis ruderalis/. Түт тұқымдасына жатады. Жуан биік сабағы болады. Жапырақтары ыдыралған. Екі үйлі өсімдік, аталық және аналық гүлдері әр түрлі өсімдіктерде қалыптасады. Мәдени кенепшөпке қарағанда бұтақтануы күштірек және тұқымдардың мөлшері кішірек болады. Тұқымдары өнгіштігін топырақта 5-6 жыл сақтайды. Тұқымдары пісіп-жетілген жылы өнбейді, қыстап шыққаннан кейін, келесі жылы әр мезгілде көктейді. Бүкіл жерлерде тараған, барлық дақылдарды ластайды, өсіресе жаздық астық дақылдарды.

2-маша

Тақырып:

Копжылдық арамшөптер

Қыста олардың топырақ бетіндегі мүшелері ғана өледі, ал тамыр жүйесі қыстап шығады да, келесі жылы дамуын жалғастыратын. Бұлар тұқыммен, сонымен қатар вегетативтік мүшелері арқылы да көбейеді. Көпжылдық арамшөптер көбею тәсіліне карай екі топқа бөлінеді:

1. Көбінесе вегетативтік мүшелерімен көбейетін арамшөптер-атпатамырлы, түйнекті, баданалы және тамырсабақты.

2. Көбінесе тұқым арқылы, азырақ вегетативтік мүшелері арқылы көбейетін шашақ тамырлы және кіндіктамырлы арамшөптер.



Атпатамырлы арамшөптердің өкілдерімен және олардың тұқымдарымен танысу,суреттерін салу.

Бұл арамшөптердің негізгі және бүйірлік тамырларынан қалыптасатын атпатамырлары деп аталатын вегетативтік көбею мүшелері болады. Тамыр өркендері жаңа өсімдіктердің пайда болуына мүмкіндік береді, олар дербес өсімдік болғаннан кейін, өркендерін жаңадан құрып куртиналарды қалыптастырады. Содан соң куртиналар қосылып күшті ластанған алқапқа ауысады.



3- сурет Далалық сарықалуен


Ең зиянды атпатамырлы арамшөптердің өкілдеріне егістік қалуен, татар ақсуттігені, далалық шырмауық, далалық сарықалуен, қәдімгі сурепка, кәдімгі сиякөк, талшықты сүтгіген жатады.

Далалық сарықалуен /Сіrsium arvense, 3-сурет/. Аққекіре тұқымдасына жатады. Сабағы күшті тармақтанып тік өседі, сырты түтіктермен қапталған, биіктіті 150 см-ге дейін болады. Жапырақтары кезектесіп орнала-сады, ланцетті, сағақсыз, астыңғылардың шеттерінде тістіктері болады, үстіндігілерінің шеттері тегіс. Гүлдері қызыл күлгін түсті немесе қызғылт, жоғарғы жақта кәрзеңкелерге жинақталған. Жемісі - сары түсті, ұзындығы 3-4 мм, ені 1 мм ұзынша дәнек, оның ақшыл қылшықтары мен үлпілдегі болады. Әрбір өсімдік 100 мыңға жуық тұқым байлайды, олар 5-6 см тереңдіктен, температура 25-30 °С болған кезде өніп шыға алады. Тұқымдары енгіштігін 3-1 жыл сақтайды. Маусым айынан бастап қоңыр күзге дейін гүлдейді. Тамыр жүйесі қуатты, тік өсетін кіндік тамырынан қалыптасқан, ол топырақтың 3-5 м тереңдігіне сіңіріп өседі, одан бірінші және соның қатармен орналасатын көбею тамырлары жан жаққа тарайды. Кіндік тамырдың үстіңгі бөлігі 15-30 см топырак тереңдігіңде сабаққа ауысады. Бүйірлік тамырлар көлбей қабаттарымен орналасады да, содан кейін бүгіліп төменге қара жылжиды. Тамырларында қаптап, әсіресе бүгілген орындарында орнадасқан бүршіктерінек ұшқыр жапырақты өркіндері пайда болады, содан соң олар топырақ бетіне шығып дегелектерді жене жеміс беретін сабақтарын қалыптастырады. 5 см -ден ұзындау кескіндері 10 см тереңдіктек жаңа өркендері қалыптастыруға кабілеті бар.

Вегетация кезеңінің соңында ескірген сабақтары өліп қалады. Бұл - зиянды арамшөп, барлық жерлерде тараған, әр түрлі дақылдардың, әсіресе жаздық астық дақылдардың егістерін ластайды.



Егістік қалуен /Sonchus arvensis/. Ақкекірелер тұқымдасының өкілі. Биологиясы бойынша далалық сары қалуенге ұқсас, бірак оған қарағанда оның кіндік тамыры 50 см —ден терең топырақта өспейді. Сабағы тармақты, тік өседі, биіктігі 45-120 см. Жапырақтары ланцетті, қауырсынды, үш оймалы қалақтары болады. Үстіңгі жапырақтары сағақсыз, астыңғылары саға ауысқан. Гүлдері тілшіктерімен сары кәрзеңкелерге жинақталған. Жемістері шамалы бүгілген коңыр дәнектер, үлпілдектері аркылы желмен алысқа ұшын тарайды. Шілде айынан бастап қоңыр күзге дейін гүлдейді. Тұқымдары топырақтың таяз терендігіне көміліп /1-2/ , температура 20-25° С болған кезде біркелкі көктеп шығады. Бір өсімдік 6 мыңға жуық тұқым қалыптастыруы мүмкін тамырлары осал, тез сынып қалады, әрбір бөлігі топыраққа оңай ерсінеді және қайтадан өседі. 80 %-дан астам жанама бүршіктері топырақтың 0-20 см қабатында орналасады. Жеңіл және дымқыл топырақтарда жақсы өседі, барлық танаптық дақылдарды, әсіресе жаздық дәнді және отамалы дақылдардың егістерін ластайды.

Татар ақсуттігені /Mulgedium tataricum/. Аққекіре тұқымдасының өкілі. Сабағы тармақты, тік өседі, биіктігі 80 см—ге дейін. Кіндік тамыры 5 метр тереңдікке бойлайды, бірақ вегетативтік өркендері топырақтың 1 метр қабатында қалыптасады. Жапырақтары жуан сопақша-ланцетті, шеттері кесілген. Гүлдері көк, негізгі сабақтың және бүйірлік бұтақтардың ұштарындағы орналасқан кәрзелеңкелерге жинақталған. Жемісі - сопақша бүрсілген қара түсті дәнек. Шілде — қыркүйек айларында гүлдейді. Бір өсімдік 6 мыңға жуық тұқым қалыптастырады, олар 3-4 см тереңдіктен өніп өседі. Топырақта тұқымдары өнгіштігін 4 жылға дейін сақтайды. Вегетативтік көбею бүршіктері бүйірлік тамырларында әрбір 1,5-2,0 см сайын орналасады. Тамыр кескінініңде бір бүршігі ғана болса да, ол жаңа өсімдікті қалыптастыра алады. Татар ақсүттігені егістік қалуенге қарағанда құрғақшылыққа төзімді, тығыз, тұздалған топырақтарда жақсы өседі. Қуаң аймақтарда кең тараған, барлық дақылдардың егістерін ластайды.

Далалық шырмауық /Convolvulus arvensis, 4-сурет/. Шырмауықтар тұқымдасына жатады. Сабағы жіңішке, жерге төселіп өседі, биіктігі 40-170 см, мәдени дақылдардың сабақтарының сол жағынан оралуына байланысты олар жатып қалуға мәжбүр болады. Негізгі тамыры топырақтың 4 метр тереңдігіне бойлап өседі. Жапырақтары тұтас, сопақша - жұмыртқа тәрізді, төменгі бөлігі найза тәрізді.

Гүлдері ірі, ақ немесе қызғылт, ұзын сағақтарында орналасқан. Гүлдің тажы түтікше тәрізді, бес бойлық бүрмесі болады. Жемісі - екі ұялы қорапша, әрбір ұяда екі тұқымы болады. Тұқымдары жұмыртқа тәрізді, үш қырлы, ірі, бұдырмақты, реңі қоңыр сұр немесе қоңыр. Маусымнан қоңыр күзге дейін гүлдейді. Бір өсімдік 10 см тереңдіктен өніп өсетін 600-ге жуық тұқым қалыптастырады. Тұқымдары топырақта өнгіштігін 3-4 жыл сактайды. Көбею тамырлары 10-18 см терендікте орналасқан негізгі тамырдан өседі. Бүкіл жерлерде тараған. барлық дақылдардың егістерін ластайды. Борпылдақ, құнарлы топырақтарда жақсы өседі.



4- сурет Далалык шырмауық


*Курең у кекіре /Certaurea picris/. Аққекіре тұқымдасына жатады. Сабағы күшті тармақталған, тік өседі, биіктігі 25-70 см. Жапырақтары сағақсыз, астыңғылырының шеттері тістіктерімен, үстіңгілері линейлі. Гүлдері қызғылт, ұсақ, сабақтардың ұштарындағы жеке кәрзеңкелерде орналасқан. Мамыр айынан бастап күзге дейін гүлденді. Жемісі - ақшыл, айдары оңай сынатын дәнек, оның ұзыңдығы 3,0-3,5 мм, ені 2 мм. Бір өсімдіктің жемістілігі 8 мың тұқымға жуық, олар 3-4 см тереңдіктен көкте шығады. Тұқымдары топырақта өнгіштігін 4-5 жыл сақтайды. Күрең кекіре қуатты тамыр жүйесін қалыптастырады, негізгі тамыры топырақтың 6 метр тереңдігіне бойлайды. Тамырларының көбісі 10-40 см терендікте орнадасады. Өркеңдерін мамыр маусым айларыңда қарқынды қалыптастырады. Арамшөптің тұқымдарры және көк массасы улы болады. Барлық ауыл шаруашылық дақылдардың егістерін ластайды, құрғақшылыққа төзімді арамшөп.

Кәдімгі сурепка /Barbarrea vulgaris/. Қырыққабат тұқымдасының өкілі. Сабағы түтіксіз, тік өседі, жоғары бөлігінде тармақтанады, биіктігі 40-70 см. Тамыр мойнындағы және сабақтың төменгі жағындағы жапырақтары сағақсыз. Үстіңгі жапырақтары сағақты, сопақ, шеттерінде әр түрлі тістіктері болады. Гүлдері сары, борпылдақ шашақ гүлдерге жинақталған. Жемісі - цилиндр тәрізді бұршаққын, соның ішінде ұзындығы 1,2-1,7 мм, ені 0,8-1,0 мм, сүрі-қоңыр, сопақша 20 —ға жуық тұқымдары болады. Мамыр- маусымда гүдейді. Бір есімдік 0-2 см қабаттан ерте өніп өсетін 10 мыңға жуық тұқым байлайды. Олар топырақта өнгіштігін 4 жылдан артық сақтайды. Көктеп шыққан өсімдік күзге қарай жапырақ дегелегін қалыптастыратын, сол күйінде қыстап шығады. Көбінесе тұқым арқылы көбейеді. Биологиялық ерекшеліктері бойынша сурепка екі жылдық өсімдік, бірақ тамыр жүйесінің дамуына карай атпатамырлы арамшөптерге жатады. Күздік және жаздық дәнді дақылдарды, көпжылдық шөптерді ластайды, сонымен қатар отамалы дақылдардың егістерінде кездеседі.

Кәдімгі -сиякөк /Linaria vulgaris/. Сабынкөктер тұқымдасының өкілі. Сабағы тік өседі, түтікшілері болмайды, биіктігі 30-90 см. Жапырақтары линейлі, үшкір, шеттері тегіс, сабақта сирек орналасып, төменгі жақта сағаққа ауысады. Гүлдері ірі, сары, гүл сағақтары қысқа, иісі күшті, сабактын ұшындағы гүл шоғырларға жинақталған. Жемісі - сопақша, жалаңаш, үстіңгі жағында тістіктермен ашылатын екі ұялы қорапша. Қорапшаның ішінде 90 -ға жуық тұқымы болады. Тұқымдары қара түсті, жалпақ, домалақ, диаметрі 2 мм —ге дейін. Жемістілігі 30 мың тұқымға жуық, олар 3 см тереңдіктен жақсы өніп өседі. Жанама бүршіктері 10-15 см тереңдікте орналасатын тамырларында қалыптасады, көлбеу тамырлары да осы тереңдікте орналасады. Далалық шырмауыққа қарағанда кәдімгі сиякөктің тамырларында қореқтік заттардың мөлшері азырақ болады. Тамырмен сабағында пеганин алкалоиды болады. Бақша, көпжылдық шөптердің егістерінде кездеседі.

Талшық сүттіген. /Eupharbia vigata/. Сүттігендер тұқымдасының өкілі. Сабағының сырты тегіс, жалаңаш, үстіңгі бөлігі бұтақты, биіктігі 30-100 см. Жапырақтары линейлі, ақшыл жасыл, түтіксіз, үшқыр, төменге қарай қысқа сағаққа ауысады. Гүлдері сары жасыл себет гүл шоғырларға жинақталған. Жемісі – домалақ үш қарлы қорапша, сырты тегіс, арқасы адырлы. Әрбір қорапшада үш тұқымы болады. Қуашағы кепкен кезде жарылып, топырақтың бетіне сұр күмістей, сопақша-домалақ тұқымдары шашылады. Тұқымдары 10-12 см тереңдіктен көктеп шығады. Көбінесе өзінен көбейеді. Талшық сүтгігеннің сабағын кескен кезде одаң шырыны шығады. Арамшөп жаздық және күздік дақылдардың, көпжылдық шөптердің егістерін ластайды.
Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет