Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситеті


-сұрет. Өсімдіктердің бір-біріне жадпы сейкес келу мүмкіншілігіне



бет14/20
Дата03.02.2017
өлшемі11,57 Mb.
#8730
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20

10-сұрет. Өсімдіктердің бір-біріне жадпы сейкес келу мүмкіншілігіне байланысты мезгілдік сұрыптаудың кескіні

мүмкіншіліктеріне байланысты ең жақсы бағыттағы өсімдіктерді бөліп шығару мақсатында сынау жүргізіледі.

Осы сынауда таңдалып алынған, өздігінен тозаңдану нәтижесінде сақталып қалған тұқымдар — келесіде будандастыру үшін пайдаланатын алғашқы ұрдақ (еркін айқас тозаңдануда) ретінде немесе сұрыптаудың екінші айналымында негіз болатын жасанды ұрпақтар қисындысы ретінде пайдаланылады.



Жүгерінің селекциялық будандастыруында мезгілдік сұрыптауды енгізу, өздігінен тозаңданған линиялардың өнімін жоғарылатуға жағдай жасайды немесе өнімдері аз, тұқымдарын шығару үшін пайдаланылады.

Бұрынғы Бүкілодақтық майлы дақылдар ғылыми-зерттеу институтында (ВНИИҚК) инбридингсіз мезгілдік сұрыптаудың ең қолайлы кескіні ұсынылған. Оны күнбағыс селекциясында дәннің майлылығын және басқа да белгілерін жақсарту селекциясында пайдалану жаксы нәтижелер беруде


Тақырып 4.

Сұрақтар:

1.Зиянкес жәндіктерге төзімділігін бағалау

.2 Селекциялық материалдың егу, өніп-өсу, жинау



кезеңдерінде техникаларды пайдалануға беймділігін багалау

1 Зиянкес жәндіктерге төзімділігін бағалау

Өсімдіктерді ауруға шалдықтырушы саңырауқұлақтар, бактериялар мен вирустарға қараганда, мәдени өсімдіктерге зиян келтіруші жәндіктердің әсері өте кең. Мысалы, бір түрге жататын жәндік көп жағдайда астық тұқымдастарының бәріне дерлік зиян келтіреді. Кобінесе осы жағдай зиянкестермен күресте көп қиындың туғызады. Селекционерлер мен энтомологтардың бірігіп жұмыс істеуі нәтижесінде, кейбір сорттардың зиянкестермен зақымдану дәрежесі әр түрлі екені анықталды. Бұл материалдар ауыл шаруашылық дақылдардың жаңа, қауіпті жәндіктерге төзімді сорттарын шығаруға негіз болды.

Өсімдіктің зиянкестерге төзімділігі дегеніміз — оның жәндіктермен зақымданған органдары мен тканьдерін қалыпқа келтіру мүмкіндігі немесе заңқымданбау касиеті.

Ауыл шаруашылық дақылдардың әр түрлі сорттарының зақымдану ерекшеліктері мынадай себептерге байланысты:


  1. Анатомиялық-морфологиялық ерекшелігі.

  2. Өсіп-жетілу ерекшелігі.

  3. Сорттардың зақымдалған органдары мен тканьдерін қалыпқа келтіру мүмкіндігі

  4. Өсімдіктердің тканьдері мен органдарының биохимиялық құрамы женіндегі ерекшелігі.

Көптеген өсімдіктердің жекелеген органдары мен тканьдері өзінің құрылысы бойынша жәндіктердің қоректенуіне немесе зақымдауына кедергі келтіретін мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, кейбір сорттар өзінің өсіп-өну кезеңінде жәндіктердің көбею уақытынан кеш немесе ерте өтіп аз зақымданады. Мысалы, арпа немесе жаздық бидай сорттары өзінің шығуы және туптенуі кезеңі бойынша швед шыбының жұмыртқа салу уақытынан ерте етеді де, бұл зиянкеспен аз зақымданады. Тары масасы тарының бас алу кзезеңі ерте жүргендіктен оған көп зиян келтіре алмайды.

Бидайдың кейбір сорттары швед шыбының личинкаларымен түптену кезеңінде зақымданса қосымша сабақ пайда болу мүмкіндігі бар.

Картоптың барлық сорттары мен түрлері үшін (сабағы мен жапырағында демиссин алкалоиды барынан басқа) колорад қоңызы өте қауіпті зиянкес болып есептеледі. Қазіргі уақытта селекционерлер құрамында демиссин бар жабайы түрімен будандастыру арқылы картоптың бұл жәндікке төзімді жаңа сортын шығаруда.



Ауыл шаруашылық дақылдарын зақымдайтын басты зиянкестерге мыналар жатады: бидай дақылдары үшін — қандалалар, әр түрлі шегірткелер, швед шыбыны және т. б., картоптікі — колорад қоңызы, мақтаныкі — мақта көбелегі. Сол сияқты өрмекшілер, инелер, өсімдік биті, қандалалар да егін өнімін күрт түсіріп, сапасын төмендетеді.

Сорттардың зиянды жәндіктерге төзімділігін зерттегенде көбінесе егістік және лабораториялық егістік тәсілін қолданады. Өсімдіктің зақымдануын есептеуді сорттардың көбеюі кезінде барлық питомниктерде бір уақытта жүргізеді.

Сорттардың төзімділік дәрежесін зақымдалған өсімдіктің орташа немесе белгілі бір көлемдегі (1 м2) зиянды жәндіктердің санын есептеу арқылы анықтайды. Ал, дәннің ішінің зақымдануын егістіктен алынған өсімдік дәнін лабораторияда тексеру арқылы анықтайды.

Дәнді дақылдар зиянкестерімен күрес жүргізу үшін мынадай күрделі шаралар жасалады: ауыспалы егістікті енгізу, суарудың жаңа жүйесіне көшу, егістікті айналдыра жырту, жаңа тың жерлерді игеру. Ауыл шаруашылық зиянкестерімен күресудің бұл келтірілген қысқаша жүйесі барлық шаруашылық үшін бірдей қолайлы болмауы мүмкін. Сондыктан әр шаруашылық өз мүмкүндігіне, климат, табиғат жагдайына сай жүргізуі қажет.

. Селекциялық материалдың егу, өніп-өсу, жинау

кезеңдерінде техникаларды пайдалануға беймділігін багалау

Ауыл шаруашылық дақылдарын өндіруді толық механикаландыру үшін, әрбір жаңа дақыл осыған сай белгілер мен қасиеттерге ие болуы тиіс. Дәнді дақылдар үшін оның жатып қалуға және төгілуге тезімділігі басты көрсеткіштің бірі болып табылады.



Жатып қалуға төзімділігін бағалау. Дәнді дақылдың жатып қалуы оны механикалық жолмен жинауды қиында-туымен қатар, көптеген шығынға ұшыратады. Әсіресе гүлдену немесе дән салу кезеңінде жатып қалуы өте қауіпті. Интенсивті сорттар үшін бұл көрсеткіш міндетті талап болып табылады. Көп жағдайда суыққа және құрғақшылыққа төзімді, жергілікті жағдайға бейім сорттар өздерінің жатып қалу кемшіліктеріне байланысты өндірістен шығып қалуда. Оған Одесская 3 және басқа да күздік бидай сорттары мысал бола алады.

Дәнді дақылдардың жатып қалуын екі түрге бөледі:



  1. сабақтан жатып қалу;

  2. тамыр түбінен жатып қалу.

Бірінші жағдайда масақ өзінің бойынан майысса, екінші жағдайда сабақтың түбінен майысады.

Сорттың жатып қалуға төзімділігі мен төзімсіздігі оның сабағының анатомиялық құрылысына байланысты болады. Жатып қалуға төзімді сорттардың тамырлары жуан әрі берік, жан-жаққа шашырап тараса, ал жатып қалуға бейім сорттардың тамырлары тігінен тарайды да, механикалық тканьдері нашар жетілген болып келеді. Мысалы, қара бидайдың жатып қалуға төзімді петкус сорты қысқа сабақты болып келсе, ал кунгсроген сортының тарай орналасқан жуан тамырлары бар.

Селекциялық материалдарды жатып калуға төзімділігін егіс жағдайында бес баллдың көрсеткіш бойынша анықтайды. Жатып қалу байкалмаса 5 балл, аздап байқалғанда (сабағы кішкене майысса) 4 балл қояды.

Егер сабақтың топырақ бетімен арадағы бұрышы 45° жуық болса 3 балл, қатты жатып қалғанда 2 балл қояды. Егінді механикалық жолмен жинауға мүмкін болмай өте қатты жатып қалғанда 1 баллмен бағаланады. Төзімділікті 9 баллдық көрсеткішпен былайша бағалайды; 1 — өте төмен, 3 — төмен, 5 — орташа, 7 — жоғары, 9 — өте жоғары.

Жатып қалу жаппай және жеке дара күйінде болуы мүмкін. Олардың қай кезеңде жатып қалуға бейімделген және сорттардың арасында бұл жөнінде қандай айырмашылық байқалатынын анықтаудың маңызы зор. Байқау жүргізген кезде көзге түскен ерекшеліктердің барлытың арнайы түптеме кітапқа түсіріп отыру қажет.

Дәннің төгілуіне төзімділігін бағалау. Егін жинау кезінде дәннің төгілуі оның өнімділігін кемітетіні белгілі. Әсіресе, ол ауа райының кенеттен құбылуына (мысалы, жаңбырдан соң ауа кенеттен құрғап ыстық болса) байланысты артады.

Әрбір сорт өзінің төгілуге төзімділігі бойынша кең көлемде ажырайды. Қатты бидай сорты жұмсақ бидайға қарағанда аз төгіледі.

Сорттың төгілуге төзімділігін анықтайтын өте қарапайым әрі кең тараған тәсілі — оны егіс алқабында, өсіп тұрған кезінде бағалау болып табылады. Ол үшін әрбір 5, 10 және 15 күн сайын зерттеу жүргізілген бөлімшеден масақтар алып, оңдағы тегілген дәнді есептеп процентін шығарады.

Өнімнің сапасын бағалау

Кез келген сорттың шаруашылықтық құндылығы тек қана белгілі бір жерден алынған өнімнің көлеміне қарап емес, сонымен қатар оның сапасымен де анықталады. Бұл көрсеткіш өсімдіктің биологиялық ерекешлігіне байланысты болып келеді.

Өнімнің сапасы «Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және сақтау» курсында толық қарастырылатын болғандықтан, бұл жерде ол көрсеткіш тек жалпы түрде келтірілген.

¥н алуға арналған астық тұкымдастарының дәндері (бидай, қара бидай және т. б.) жақсы ұндық-нандық қасиетке ие болуы тиіс. Оларды бағалау үшін 1000 дәннің салмағы, өзіндік салмағы, пішіні, мөлшірлігі, нан пісіретін сапасы сияқты белгілерін пайдаланады.

Ұнның нан пісірерлік қасиетін багалағанда 100 г ұннан шыққан нанның көлемі, піскен нанның сыртқы кескіні, түсі, дәмдік сапасы бойыша анықтайды.

Батыс және Орталық Еуропаның кейбір елдерінде дәннің сапасын анықтау үшін, бірнеше корсеткіштен шығатын сапалық коэффициент қолданылады. Бидайдың барлық сорты дәннің сапасы бойынша мынадай үш топқа бөлінеді: А - ең жоғарғы сапа; В — орташа сапа, С —төменгі сапа.

Өнімнің сапасын бағалаған кезде оның негізгі көрсеткіштері (дәннің химиялық құрамы, май белок, крахмал, қанттың көлемі, талшықтың ұзындығы мен жіңішкелігі т. б.) температура, ылғал, жарық, топырақтың құнарлығы, тыңайтқыш сияқты жағдайларға байланысты қатты өзғеріске ұшырайды. Сондықтан, мұндай бағалауды барлық сорттарды өсіргенде агротехникалық және табиғи жағдайлар бірдей, тең жағдайда жургізу қажет. Сонымен қатар өнімнің сапасы әр жылдары әр аудаяда ауытқып отыратындықтан, оларды әр түрлі географиялық аймақтарда көп қайтара тексереді.



Төменде селекциядағы кейбір дақылдардың сапалық көрееткішін жүргізуге мысалдар келтірілген.

Күріштің сапасын бағалағанда ең алдымен оның мөлдірлігіне, пішіні мен үлкендігіне назар аударылады. Әдетте күріш клеткасы мәлдір және мөлдір емес болып келеді. Мөлдір емес дәннің клеткасында суга еритін көптеген декстрин мен мальтоз болғандықтан крахмал түйіршіктері борпылдақтанып орналасуымен ерекшеленеді. Мұндай күрішті суға пісіргенде желім тәрізденіп кетеді. Күріштің осындай сорттары Қытайда, Жапонияда, Индонезияда кең тараған. Сондықтан, палау, басқа да тағамдар пісірген кезде ісініп бір-біріне жабыспайтын сорттарды пайдаланады. Осындай қасиеттерге клеткасында судан ісінетін күрделі крахмал түйіршіктері бар жатыны мөлдір дәндер ие.

Күріш дақылының көп сорттары молдір болып келеді. Оларды сыртқы пішіні бойынша және йодтық спирт ерітіндісінде бояу арқылы анықтайды. Бұл кезде мөлдір емес дәндер сұр түске боялады.

Талшықты дақылдардың (мақта, кенеп, жұт т. б.) сапасын талшықтың ұзындығы, жіңішкелігі, беріктіғі, жұмсақтығы сияқты көрсеткіштері бойынша анықтайды. Талшықтың түсі ашық болған сайын, ол сапалы болып есептеледі. Сапалық белгілерінің жиынтығы бойынша әрбір зерттеліп жатқан сорттың талшығына номер беріледі.

Тамыр жемістілер мен түйнек жемістілерінің сапасын бағалағанда түйнектегі крахмалдың проценті, дәнде ұзақ сақталуы, қант қызылшасының қанттың құрамы есепке алынады. Крахмалды оның тығыздыгы бойынша 5 кг өлшеммен арнайы таразыда анықтайды. Түйнек аз болған жағдайда химиялық жолмен тұз ертіндісі тәсілін қол данады.

Өнімнің сапасына деген талап күшейген нарықтық жағдайда селекционерлер де бұл көрсеткіштреге баса назар аударуда.

Дәннің сапасы бойынша құнды деген белгілерін тауып, оларды пайдалану үшін, коптеген химиялық және биохимиялық талдаулар жасалуда. Мысалы, бір ғана бұрынғы Бүкілодақтық селекциялық-генетикалық институтының (Одесса қаласы) биохимия лабораториясында жыл сайыы жаңа құралдардың көмегімен 90 мыңга жуық талдау жұмыстары жургізіледі.

11.4Құрғақшылыққа төзімділігін бағалау

Құрғақшылық бзідің елімізде жиі болатын құбылыс. Кейбір жылдары олар үлкен жер көлемін алып ,барлық іауыл шаруашылық даңылдарының өнімділзгін төмендетеді. Құрғақшылықтың әсерінен өсімдікте қанттың фосфорилденуі тоқтап, энергия алмасу деңгейі төмендейді әрі бүкіл биохимиялық процесс комплексі бұзылады. Құрғақшылықпен күресудің бірден-бір жолы - бұған төзімді сорттар егу болып табылады.

Өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігі дегеніміз — олардың жоғары температурада, ауаның төменгі ылғалдылығында, топырақта ылғалдылықтың жетіспеу кезінде өз бойындағы суды дұрыс пайдалану арқылы сапасы жақсы, жоғары өнім беру мүмкіндігі. Құрғаққа төзімділік өте күрделі процесс. Ол әр түрлі жоғдайға байланысты болып келеді, негізгілері: а) өсімдіктің анатомия-морфологиялық ерекшілігі; ә) цитоплазманың жоғары температурага және тұз концентрациясына физиологиялық шыдамдылығы; б) биологиялық өсіп жетілу ерекшелігі.

Құрғақшылық үш түрде кездеседі:

1) топырақтағы құрғақшылық;

2) ауадағы құрғақшылық;

3) аралас құрғақшылық.

Толырақтағы құрғақшылықтың бір ерекшелігі кенеттен пайда болмай, біршама уақыт аралығында жүруі. Осы кезеңде көптеген өсімдіктер, әсіресе құрғақшылыққа төзімділері әр түрлі деңгейде мұндай колайсыз жағдайға бейімделеді. Сөйтіп, бар ылғалды үнемді түрде пайдаланады. Осындай жағдайда күрғақшылықка төзімді сорттардан қанағаттандырарлық өнім алуға болады.

Ал, ауадағы (атмосфералық) құрғақшылық кенеттен пайда болады. Бұл кезде ауаның температурасы 38—40°-қа дейін көтеріледі де, ылғалдылығы 18—20 процентке дейін төмендейді. Бұл құрғақшылықтың түрі көптеген аудандарда дақылдың дән салу кезеңіне тура келіп, өнімділігін күрт төмендетеді. Құрғақшылықтың осы үш түрінің ішінде топырақтагы және ауадағы құрғақшылықпен қатар келетін аралас құрғақшылық өте қауіиті болып есептеледі.

Құрғақшылыңқ көктемгі, жазгы және өсімдіктің бүкіл өсіп-өну кезеңіндегі болып үшке бөлінеді. Көктемгі құрғақшылық көбінесе жаздық дәнді дақылдардың түптену кезеңіне тура келсе, ал жазғы құрғақшылық сәл көшірек дақылдың масақтануынан басталып, дән пайда болғанға дейн жүреді. Әсіресе, көктемгі құрғақшылық жаздың құрғақшылыққа ұласқан кезде, яғни өсімдіктің өсіп-өну кезеңіне тура келгенде өнімділігі кемиді. Мұндай құбылыс көбінесе Қазақстанның солтүстік аудавдарына тән.



Құрғақшылыққа төзімді сорттар ретінде тез пісіп жетілетін сорттарды атау қате пікір екендігі көптеген тәжірибе жұмыстары арқылы дәлелденген. Ерте пісетін дақылдар өсіп жетілудің алғашқы кезеңіндегі Құрғақшылық әсерінен өнімділігін азайтуы мүмкін. Құрғақшылыққа төзімді өсімдікте ең бастысы, физиологиялық процестің дұрыс жүруі тиіс. Құрғақшылыққа төзімді өсімдік төзімсіз өсімдікке карағанда өз бойында. байланысқаң суды көбірек ұстайды.

Біздің республиканың егістік алқабында жыл сайын құрғақшылық-қолайсыз кезең қолайлы кезеңмен алмасып келіп отыратыны белгілі. Сондықтан, алынған жаңа сорт құрғақшылыққа төзімді болуымеи қатар, ылғал мол жылдары да жоғары өнім беруге тиіс. Қазіргі кезде жаздық бидайдың ішінде Әритроспермум 841, Саратов 29 сорттары осындай талапқа сай.

Құнғақшылыққа төзімділікті бағалаудың егістік тәсілі. Селекциялық материалды бұл қасиеті бойынша көзге көрінетін белгілері арқылы егіс алқабында бағалауға болады. Топырақтың және ауа Құрғақшылығының әсерінен ең алдымен оның өнімділігі мен дәнінің толық пісіп жетілуіне қарап бағалайды. Сонымен қатар дақылдың биіктігі, масақтың ұзындығы, дәннің пішіні және жапырақтың түсі секілді белгілері бойынша да анықтайды. Егістік тәсілдің көмегімен сорттардың құрғақшылыққа төзімділігін тек қана құрғақ жылдары бағалауға болады.

Өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін анықтау үшін «қолдан жасалған құрғақшылық» тәсілін қолданады. Мүндай «құрғақшылықтың» ені 6 м, ұзындығы әр түрлі болып келеді. Оңың үсті ағаш немесе жеңіл металдың комегімен.



11.5Ауруға төзімділігін бағалау

Ауруға төзімді сорттар шығару селекционерлердің басты мақсаттарының бірі. Көптеген аурулар ауыл шаруашылық өсімдіктерінің өнімділігін кемітіп, сапасын төмендету арқылы шығынға ұшыратады.

Ауруға қарсы күресте агротехникалық және химиялық жолдармен қатар, төзімді сорттар шығарудың да маңызы өте зор. Мұндай сорттарды алудың бірден-бір қиыншылығы ауру қоздырғыштардың көпшілігінің таралу және көбею коэффициенті өте кең. Селекциялық материалдардың ауруға төзімділігін зерттегенде, көбінесе, оларға қолдан ауру егу тәсілі қолданылады. Аурудың таралуын күшейту үшін, мынадай жағдайларды жасау қажет:

1. Топыраққа жұқпалы ауруларды жинау үшін, бір жерге бірнеше жыл қатарынан немесе қысқа, ауыспалы егістікте егу.

2. Егу уақыты мен тұқымның мелшерін өзғерту.



3. Сынауға алынған материалдарды инфекция тарататын сорттардың ортасына егу.

Сорттарды бағалаганда арнайы ауру жұқтыратын питомниктерде өршіту тәсілін пайдаланады. Мұндай питомниктерде айнала ағаш отырғызылған басқа дақылдан бөлек, арнайы бөлімшелерде ұйымдастырады. Әрбір сорттың агротехниканың және табиғат жағдайының әсері жатады, ауруға төзімділігін бағалағанда міндетті түрде өсімдікке байқау жүргізіледі.

Тат ауруына төзімділігін бағалау. Сорттардың тат ауруына төзімділігі олардың морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Белгілі бір климаттық жағдайда тат ауруы жиі әрі өте қатты байқалса, сорттың төзімділігін оның шалдығу дәрежесі бойынша егіс алқабында анықтауға болады. Егер мұңдай жағдай болмаса, қолдан ауруға шалдықтыру тәсілі пайдаланылады. Төзімділік дәрежесін жапырақ бетінде тат дақылдардың көлемін процентпен есептеу арқылы анықтайды. Ол үшін төмендегі сұреттерде керсетілген шкаланы пайдалалады.

11- сұрет. Бидайдың сабақ татымен зақымданғанын анықтауға арналган шкала



12 – сұрет. Бидайдың қоңыр татымен зақымданғанын анықтауға арналған шкала

Астық дақылдардың тамыр шірігінде төзімділігін бағалау. Тамыр шірігі — астық дақылдары үшін бірденбір зиян келтіретін, кең тараған аурудың бірі. Әсіресе, бұл ауруға арпа, жаздық және күздік бидай жиі, сұлы мен күздік қара бидай сиректеу шалдығады. Тамыр шіріндісі егін өсімдігіне әсер етіл, кейбір жылдары оның өнімділігін 10 — 15 процентке дейін төмендетеді. Бұл ауруға шалдыққан дақылдан толық жетілмеген дән алынады, 1000 дәннің салмағы 3—4 есе кемиді.

Селекциялық материалдың бұл ауруға төзімділігін бағалауды әдеттегі жағдайда, егіс алқабында немесе арнайы инфекциялық питомниктерде жүргізеді. Ол үшін дақыл толық пісіп жетілген кезде әрбір сынақ номерінен осы ауруға шалдыққан өсімдікті сабағынан ұстап жұлып тастайды. Бұл кезде, егер өсімдік толық зақымдалса, топырақтан жеңіл суырылып алынады, ал зақымданбаса сабағынан жұлынады. Топырақтан суырылын алынағн осімдіктің саны бойынша сынақ номерінің зақымдану деңгейін анықтайды.

V - т а р а у

Онекінші ОБСӨЖ

СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ ІІРОЦЕСТІҢ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҮЙЫМДАСТЫРУ

Селекциялық процесті тездету тәсілдері

Селекциялық жұмыстар процесінде дәнді дақылдардың жаңа сорты бастапқы өсімдіктерді іріктеуден аудандастыруға дейінгі ұзақ жолдан өтеді. Бұған көп уақыт шығындалады, әдетте 10—12 жылдан кем емес. Қазіргі кезде бұл мерзімді 5—6 жылға дейін қысқарту шаралары қаралуда.

Селекциялық процесті тездету үшін, әр түрлі әдістер мен тәсілдерді қолданады. Бәрінен бұрын будандастыру үшін ата-тегілік түрлерді дұрыс іріктеп алу маңызды. Екі-үш будандық ұрпақтарды бір жылда өсіру үшін жылы-жайларды пайдаланады, күздік және кеш пісетін сорттармен түрлерді бапталған тұқымдармен бірге себеді. Себу нормасы аз кеңқатарлы және сиретілген егістіктердегі тұқымдардың көбею коэффициентін аттыру үшін өсімдіктерді жоғары агрофонда өсіруді қолдану керек. Мүмкіндік болған кезде мүндай мақсаттарға вегетативтік көбею мен өсімдіктерді клондау қолданылады. Селекциялық нөмірлердің аязға шыдамдылығын, қуаңшылыққа, аурулар мен зиянкестерге төзімділігін сынау мен бағалау жұмыстарын алдамшы фондарда жүргізу қажет.

Ерекше үздік көрінген нөмірлерді селекциялық процестің қабылданған схемасының жекелеген звеноларына тоқтамай-ақ сынауға және көбейтуге болады. Ерекше нөмірлердің тұқымдарын алдынала көбейтуді мемлекеттік және экологиялық сорт сынау учаскелеріндегі конкурстық тұқымдармен қатарластыра жүргізуді іске асыру керек. Бір жылда екі рет өнім алу үшін және т. б. оңтүстік аудандарда жаңа сорттармен будандық ұрпақтарды көбейту кең түрде қолданылады. ТМД елдерінің кейбір селекция орталықтары будандық тұқымдарды көбейтуді Термез түбінде (Өзбекстан Республикасы), Мексикада және Кубада жүргізеді.

Краснодар ауыл шаруашылығы гылыми-зерттеу институтында П. П. Лукьяненко және Селекция-генетика институтында П. Ф. Гаркавый күздік бидай мен арпаның селекциялық жұмыстарын едәуір тездетуге мүмкіндік беретін тәсілдер жасалуда. (19-сұреттегі схеманы қара).
Дон ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының селекциялық орталығындағы селекциялық процесс пен күздік бидайдың селекциясы жөніндегі жұмыстар көлемінің схемасы

Жылы

Питомник

Тәжірибе жасау

Жұмыс көлемі

Бірінші


Будандастыру F 0

-

Будандасудың 200 – 300 түрін әрбір тәсіл бойынша 10-12 масақты кестеру және тозаңдыру .

Екінші

Бірінші ұрпақтың будандық питомнигі, F1

Қолмен себу 5х20 см

Будандасудың 200-250 тәсілі

Үшінші

Екінші ұрпақтың будандық питомнигі, F2

ССФК-7тұқым сепкішмашинасымен себу 5х41 см

50-80 мың өсімдіқтің тамырын танапқа жеке іріктеу, бракқа шығарылғаннан кейын 25-30 мың дәнді іріктеу

Төртінші

Селекциялық питомник

ССФК-7тұқым сепкішмашинасымен себу 5х41 см

25-30 мың үлгі, константтың тұқымдырын іріктеу, өсімдіктерді жеке іріктеу

Бесінші

Тексеру питомнигі

ССФК-7тұқым сепкішмашинасымен себу, мөлдектердің есептік алыңы 10-20 шаршы метр, қайталаусыз

500-1500 үлгі, перспективалы үлгілерді іріктеу

Алтынші

Бірінші жылғы конкурстық сынау

СН-16 тұқым сепкішімен себу, мөлдектердің есептеу алыңы 50 шаршы метр, қайталануы төрт дүркін

150-200 сорт, перспективалы сорттарды іріктеу

Жетінші

Екінші жылғы конкурстық сынау

-«-

Көбейту питомнигі, бастапқы тұқым шаруашылығы, ең жақсы сорттардың сорттық агротехникасы.

Сегізінші

Үшінші жылғы конкурстық сынау

-«-

Көбейту питомнигі, өндістірік сынаулар, бастапқы тұқым шаруашылығы, ең жақсы сорттардың сорттық агротехникасы.


Канадада перспективалы және жаңа сорттарды экологиялық сынау өте жақсы ұйымдастырылған. Әрбір экологиялық станцияда барлық жақсы будандық топтар мен перспективалы сорттарды кооперативтік негізде зерттейді және сынайды. Бұл әрбір селекциялық мекеменің жұмысын ұдайы өзара бақылауда ұстауға мүмкіндік береді, күштер мен қаржыны үнемдейді, жаңа сорттарды бір мезгілде және үлкен ареалда бағалауға мүмкіндік береді.

Селекция құжаттарын бірыңғайлау. Питомниктерде және сорт сынау учаскелерінде талдаулар, байқаулар және есептеулер жүргізген кездегі селекциялық жұмыстарда көптеген әр түрлі құжаттар — ведомостар, бланкілер, журналдар қолданылады. Алынған хабарламаны жеңіл, тез әрі толық пайдалану мақсатында барлық селекция орталықтарында селекция құжаттарының бірыңғайланған жүйесі жасалды және енгізілді. Ол селекциялық процестің әдістемесі мен техникасын бейнелейді және оның барлық кезеңдерін қамтиды, электронды есептеу машиналарын пайдалана отырып, ақырғы нәтижелерді алу үшін, алғашқы сондай-ақ соңғы хабарламаларды , жинақтауға мүмкіндік береді.

Бірыңғайланған селекциялық құжат алғашқы және екінші (жиынтық) болып бөлінеді. Оның ішіне бланкілер, журналдар, перфоленталар және басқа да тиісті үлгіде дайындалған құжаттар енеді.

19-сұрет. Селекциялық процестерді тездетудең схемасы:


Барлық селекция орталықтарындағы селекциялық жұмыстардың перспективалық бағдарламаларында жаңа сорттарды тездетіп шығару тәсілдерін пайдалануға үлкен маңыз беріледі. Мексиканың жүгері мен бидай тұқымын жақсарту жөніндегі халықаралық орталығында Н. Борлауг бидайдың жаңа сортын 4—5 жыл ішінде шыгаруға мүмкіндік беретін селекциялық процесті жасады және оны ойдағыдай іске асырды.

Немістік арпа селекциясында селекциялық материалды сынаудың қысқартылған схемасын қолданады, оған бірінші жылғы селекция питомнигі (А штаммалар), әрбіреуіне 30 өсімдігі бар 30—35 мың топты сынайды; екінші жылғы селекциялық питомник (В штаммалар), онда кәлемі 10 шаршы метрлік мөлдектерде 2—3 мың топты сынайды; тексеру питомнигі (С штаммалар), бес дүркін қайталаиу кезінде көлемі 11 шаршы метрлік мөлдектердегі 3 пунктте 100—120 үлгіні сынайды; сорт сынау (Д штаммалар), мұнда төрт дүркін қайталану кезінде көлемі 11 шаршы метрлік мөлдектердегі ондаған пункттерде 1—2 жыл ішінде 10—15 үлгіні сынайды. Ең жақсы нөмірлерді мемлекеттік сорт сынауға береді. Тексеру питомнигінен (С штаммалар) бастап, перспективалы нөмірлерді үш тұқым шаруашылығында көбейтеді. Бұл схеманы қолдану селекциялық материалдың өте үлкен көлемін тездетіп жасауға, экологиялық сынау мен ең жақсы нөмірлерді алғашқы рет көбейтуді бір мезгілде мемлекеттік сорт сынау біткенге дейін жүргізуге мүмкіндік береді.

Селекциялық процесті тездетуде селекциялық кешендердің үлкен маңызы бар. Олар барлық селекция орталықтарында салынған. Әрбір кешеннің екі репродукциялық (қалыптастыру) жылы-жайлары (жалпы алаңы 100 шаршы метр) мен климаттық камералары бар. Кешеннің ерекше бағалы селекциялық материалды өсіруге арналған, будандастыру мен иммунитетке, құрғақшылыққа, төмен температура мен басқа да ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігі бойынша бағалау жүргізетін, жарықты, ылғалды және температураны автоматты реттейтін бірнеше бокстерге бөлінген жылы-жайы болады. Климаттық камераларда жаздық дақылдардың жылына 3—5 ұрпағын және күздік дақылдардың 2—3 ұрпағын өсіруге болады.

Селекциялық кешендерді пайдалану селекционерлер жұмысындағы маусымдылықты жоюға, селекциялық процесті жасанды микроклиматтың; автоматты түрде реттелетін параметрлері жағдайында ерте пісетін ұрпақтарды өсіру есебінен 3—4 жылға қысқартуға мүмкіндік береді. Селекциялық кешендерді пайдалана отырып, тездетілген әдістермен Одесская 66 күздік бидайының сорты мен Московский 3 жаздық арпасының, жаздық бидайдың, бұршақ пен бірнеше басқа дақылдардың сорттары шығарылады. Күріш ғылыми-зерттеу институтында Ғо 10—12 күндік түйіндерін жасанды климат камераларында егу жолымең 4—5 жыл ішінде күріш сорттарын шығару және будандық өсімдіктерді жылы-жайларда өсіру әдісі жасалды, бұл дақылдың төзімділігі жоғары жаңа сорттары шығарылды.

Біздің селекция орталықтарымыз және шетелдерде селекциялық процесс календарлық жыл ішінде өте қарқынды және үздіксіз жүргізіледі. Бұған будандастыру мен өсу (климаттық) камераларын пайдаланудың арқасында қол жетеді. АҚШ пен Канадада селекциялық станцияларды өзгеше табиғи жылы-жайлар есебінде пайдаланады, олар Калифорния штатында, Мексикада, Оңтүстік Америка елдерінде орналасқан, онда будандық ұрпақтардың тұқымдарын өте үлкен коэффициентпен тездетіп көбейтеді. Әлемдегі ірі фитотрондардың бірі жасалған бұрынғы Бүкілодақтық селекция және генетика институтында селекциялық процестің генетика, биохимия, иммунология, физиология, маТақырыптика жетістіктеріне негізделген озың технологиясы жасалған. Селекциялық материал фитобағалаудан өтеді, тоңазытудың бірнеше циклдарына ұшырайды, электрофорез жолымен сапасы мен басқа да кейбір бағалы шаруашылық белгілері бойынша ең жақсы генотиптер шығарылады,

V - т а р а у

Онүшінші ОБСӨЖ

СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ ІІРОЦЕСТІҢ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҮЙЫМДАСТЫРУ

Сорт сынау

Сорт шығару процесінде сорт сынаудың үш түрін қолданады: конкурстық, өндірістік және арнайы.



13.1Конкурстық сорт сынау. Тексеру питомнигінде сыналатын нөмірлердің жиынтығындағы ең жақсылары ғана сорт сынау конкурсына түседі. Мұнда оларға шаруашылық-биологиялық белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы бойынша негізгі баға беріледі, оларды өзара және селекциялық тәжірибе мекемелерінің басқа да ең жақсы сорттарымен салыстырады. Конкурстық сыннан өткен, бақылаушы сорттармен және басқа да ғылыми-зерттеу мекемелерінің ең жақсы сорттарымен салыстырғанда даусыз енімділік басымдылығын көрсеткен аталған аймақ үшін құнды болып есептелетін нөмірлер сорттар атауын алады және мемлекеттік сорт сынауға беріледі.

Конкурстық сорт сынауда әдетте 10—20 сортты егеді. Селекция және генетика институты мен Краснодар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында күздік бядайдың 40—50 және одан да көп сорттарын сынайды. Бірсыпыра селекция орталықтары перспективалық нөмірлер көп болған кезде конкурстық сорт сынаудың екі түрін жүргізеді: бірінші және екінші. Тұқым себуді аспалы СН-16П және ССФК-7М трактор тұқым сепкіштерімен, сондай-ақ өндірісте қабылданған, себу нормасы бар 13 қатарлы «Саксония» тұқым сепкішімен жүргізеді. Қағида бойынша қайталану алты дүркін, кейде төрт дүркін, дәнді дақылдар үшін мөлдек көлемі 25—50, кейде 10, отамалы дақылдар үшін 150—200 шаршы метр. Бақылаушы сортты 5—10 сорттан кейін себеді. Өнімді бастыруға шағын габаритті комбайндарды пайдаланады.

Конкурстық сорт сынау нәтижелері міндетті түрде статистикалық өңдеуден өткізіледі. Онда дисперсиялық талдау әдісі жиі қолданылады. Тәжірибе дәлдігі мен сорттар арасындағы өнімділік жөніндегі жеке айырмашылықтар мәнінің сипаттамасы үшін мыналарды есептейді: орташа қорытылған қатені — SХ ; орташа салыстырмалы қатені (тәжірибе дәлдігі) — SХ %; айырым қатесін — Sd. және ең кіші маңызды айырмашылық дәрежесінің 5%-і үшін — НСР05.

Ең кіші маңызды айырмашылық НСР мөлшері бойынша барлық сыналатын сорттарды үш топқа бөледі. Бірінші топқа стандартты өнімділігі бойынша ең кіші НСР маңызды айырмашылық мөлшерінен артықтау сорттар кіреді, екінші топқа өнімділігі стаңдарттан ең кіші маңызды айырмашылықтың ± шегінде ауытқитын НСР сорттар, ал үшінші топқа онымен салыстырғанда тым төмен өнім беретін сорттар енеді.

Өндірістік сорт сынауды мемлекеттік сорт сынауға беруге белгіленген ең жақсы перспективалық сорттарды шаруашылық жағынан бағалау мақсатымен жүргізеді. Қағида бойынша перспективалы және ең жақсы аудандастырылған екі сортты салыстырады. Оларды осы аймақтың өндірістік егісіне ұқсайтын бірлық жағдайларды сақтай отырып, екі қайталаумен көлемі 1—2 гектардан мөлдектерге себеді.

13.2Арнайы сорт сынау. Сорттарды әдеттегі жағдайларда сынау кезінде толық мәнінде көрінбейтін белгілері бойынша бағалау қажет болатын жағдайлар жиі болып тұрады немесе өсірудің ерекше жағдайларының сорттарға әсері жөнінде сипаттама беру талап етіледі. Ондайда арнайы сорт сынауды ұйымдастырады. Олардың негізгі түрлері: 1) әр түрлі агрофондарда сорт сынау; 2) динамикалық сорт сынау; 3) экологиялық (аймақтық) сорт сынау,

13.3 Әр түрлі агрофондарда сорт сынау. Сорттарға суланды рудың әсерін анықтау және осындай жағдайларда егіп-өсіру үшін олардың ең жақсыларын бөлу мақсатында арнайы іріктелген сорттардың жиынтығын суару кезінде және суарусыз (тәлімі жер жағдайларында) кезінде салыстырады. Әр түрлі сорттар тыңайтқыштардың жоғары мөлшерін қолдануды бірдей сезінбейді. Мысалы, Краснодар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтындағы тәжірибелердің бірінде Новоукраинка 83 күздік бидай сортының өнімділігі тыңайтқышсыз 1 гектардан 2,94 тонна болды, ал минералдың тыңайтқышты толық енгізген кезде (азот, фосфор, калий 45 кг-нан) 1 гектардан 3,87 тонна өнім алынды, яғни 1 га жерден 0,93 тонна қосымша өнім алынды. Осындай жағдайларда Безостая 1 сортының өнімділігі 3,2-ге сәйкес және 1 гектардан алынған өнім 5,42 тоннаға теңеседі, демек 1 гектардан 2,22 тонна қосымша өнім алынады. Безостая 1 сортының жоғары өнімділігі тек қана арнайы сорт сынау жағдайларында — тыңайтқыштардың жоғары нормаларын енгізген кезде айқындалуы мүмкін екендігі анық. Таза және екпе пар бойынша күздік бидай сорттары сепкен кезде оның өнімділігін анықтау жиі талап етіледі, ал Сібір мен Солтүстік Қазақстандағы жаздық бидай сортының өнімділігі пар және сүдігер бойынша егіп-өсірген кезде анықталады. Онда әр түрлі алғы дақылдар бойынша арнайы сорт сынау жүргізіледі. Сонымен сорттар айырмашылықтарын өнімділігіне, тат ауруына тезімділігі мен дәнде белок жинау қабілеттілігіне және тағы басқаларына қарап анықтайды. Дон ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының селекция орталығында Зерноградка 2 және Роставчанка бидайларының сорттарын таза парға егіп, оларға 3 жыл бойына қыс кезінде сынау жүргізілді. Зерноградка 2 сортының өнімділігі 2 жыл ішінде орта есеппен 8,35 болды, ал Роставчанка сортының өнімділігі 1 гектардан 6,84 тонна, яғни 1 гектардан 1,51 тоннаға кем болды. Интенсивті Зерноградка 2 түрінің 2 сорты таза парға егіп-өсіруге ұсынылған. Осы институттың тәжірибелерінде жүгеріден кейін күздік бидайдың жартылай интенсивті Донская деп аталатын жартылай аласа түрін сепкен кезде, ол анағұрлым жоғары өнім берді. Ол парсыз алғы дақылдар егісіне сәйкес себуге ұсынылған. Осы мәліметтердің негізінде тиісті аймақтарда перспективалы және аудандастырылған сорттардың барлық мүмкіндіктерін неғұрлым толық пайдалануды қамтамасыз ететін тәсілдерді жасайды.

13.4Динамикалық сорт сынау. Кейбір дақылдардың (картоп, сұрлемдік жүгері, азықтық тамыржемістер және шөптер), тек қана жалпы өнімді емес, сонымен бірге өсіп-өну кезеңі ішінде оның қорлану барысын да анықтау қажет болады. Сөйтіп, картоптың ерте пісетін сорттарының арасында өнім жинаудың ең ерте мерзімі кезінде ең жоғары өнім беретін сорттар айрықша құндылық керсетеді. Орталық және солтүстік аудандар үшін жүгерінің селекциясы кезінде өсіп-өну кезеңі бойынша әр түрлі будандардық құрғақ заттарының қорлану динамикасын білу өте маңызды. Бұл үшін динамикалық сорт сынауды қолданады, онда сорттар мен будандардың өнімділігін егін жинаудың әр түрлі мерзімдерінде анықтайды. Оны белгіленген күннен немесе кезеңнен бастайды және белгіленген күндердің бірінде бірнеше мерзімде жүргізеді. Осыған байланысты динамикалық сорт сынау мөлдегінің көлемін әдеттегімен салыстырғанда 1,5—2 есеге ұлғайтады.

13.5Экологиялық сорт сынау. Экологиялық жағдайларда ерекшеленетін ең қүнды жаңа сорттарды жан-жақты және теа бағалау үшін, оларды алмастыру тәртібімен басқа ғылыми-зерттеу мекемелеріне жібереді. Әдетте мүндай сорттарды конкурстық сорт сынауда себеді жәке онымен салыстыру үшін, осы аймақтағы жаңа сорттар мен аудандастырылған сорттарды қатарластыра себеді. Аймақтық сорт сынау нәтижелерін мемлекеттік сорт сынау жоспарын жасауға және әр түрлі ғылыми-зерттеу мекемелеріндегі селекциялық жұмыстардың жай-күйін бағалауға пайдаланады. Сорт сынаудың бұл түрі үлкен ареалдарды иемденуге қабілетті экологиялық жағынан бір қалыпты сорттарды шығару үшін қажет.
13.6Селекциялық ауыспалы егістер

Селекциялық танаптарда ауыспалы егістер белгіленген дақылдар алмасуын сақтайды. Селекциялық ауыспалы егісте барлық сорттар үшін өздерінің тұқым қуалаушылық мүмкіндіктерін толық көрсете алатындай қолайлы жағдайлар жасалуы тиіс. Осы уақытта негізгі звенолардағы селекциялық ауыспалы егіс аталған аймақта қабылданған дақылдар алмасуына едәуір ұқсас болуы тиіс. Мысалы, егер күздік бидайды өндірістік жағдайларда көбіне қара пар бойынша сепсе, онда сорт сынау да осындай жағдайларда жүргізілуге тиіс. Бұл дақылды екпе пар бойынша егіп-өсіретін аудандардағы селекциялық ауыспалы егісте оның сортын сынауда осыған ұқсас алғы дақыл арқылы жүргізу керек.

Бірсыпыра жағдайларда күзгі дақылдар сортына таза және екпе парга егіп-өсіретін кезде баға беру орынды. Бұл үшін селекциялық ауыспалы егісте пардың екі түрі болуға тиіс, өйткені еккен кезде таза және екпе пардағы сорттар арасында өнімділік жөнінен үлкен айырмашылықтар байқалуы мүмкін. Мысалы, Безостая 1 және жартылай аласа Одесская сорттарының өнімділік артықшылығы таза пар бойынша еккен кезде оларды көптеген басқа сорттармен салыстырғанда жақсы байқалады. Екпе пар және парсыз алғы дақыл бойынша орналастырған кезде олар қысқа төзімділігі мен өнімділігі жөнінен Прибой, Ростовчанка сияқты және кейбір басқа сорттардан едәуір кем түседі.

Селекциялық ауыспалы егіс танаптарының көлемін анықтаған кезде келесі жылы әрбір дақыл үшін теңестіру егістерін жүргізу қажеттігін ескеру керек. Бұл екі тәсілге қол жеткізеді:

  1. әрбір дақылды екі танапқа егеді — біреуіне тәжірибе егісін орналастырады, екіншісінде оның ең жақсы сорттарын көбейтеді (теңестіру егістері);

  2. әрбір танапты тең 2 бөлікке боледі, біреуіне селекциялық егістерді, ал екіншісіне теңестіру егістерін орналастырады. Төменде селекциялық және теңестіру егістерін бір танапқа орналастырған кездегі селекциялық ауыспалы егістің үлгі-схемасы келтіріліп отыр.

селекциялық егістер


теңестіру егісі (сорттарды көбейту)
селекциялық егістер

теңестіру егісі (сорттарды көбейту)




Т а з а п а р

Күздік бидай

теңестіру егісі (сорттарды көбейту)



Дәнді - бұршақтылар

селекциялық егістер



Жаздық бидай

теңестіру егісі (сорттарды көбейту)


Сұлы немесе арпа

селекциялық егістер




Қара топырақ емес аймақтың орталық аудандарының ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтындағы селекциялық ауыспалы егістің төмендегідей дақылдар алмасуы бар:

  1. таза немесе екпе пар;

  2. күздік;

  3. жаздық дәнді дақылдар;

  4. көп жылдық шөптер;

  5. көп жылдық шөптер;

  6. күздік бидай;

  7. дәнді — бұршақтылар;

  8. күздік дәнді дақылдар.


V1 - т а р а у

Онтөртінші ОБСӨЖ

15.1 Жаңа сорттарды мемлекеттік сорт сынауға енгізу

тәртібі

Егер селекциялық-тәжірибе мекемесінде жаңа шығарылған сорт өзінің енімділігі, сапасы жөнінен ең жақсы аудандастырылған сорттан асып түссе (0,95 сенім ықтималдығы деңгейінде), онда 'ол мемлекеттік сорт сынауға берілуі мүмкін. Сонымен бірге тағы мынадай негізгі бағалы
шаруашылs& білгілері мен биологиялық қасиеттеріне
ерекше назар аударылады: өнімнің сапасы мен өнімділігі,
қысқа, құрғақшылыққа төзімділігі, интенсивті (озық) технология бойынша егіп-өсіруге жарамдылығы. Жаңа сорттар хұқын қорғау жаңадан ойлап табылған өнер табысы мен парапар келеді.

Жаңадан шығарылған сорттарды ғылыми-зерттеу (оригинатор) мекемесі үш жылдық конкурстық сорт сынау мен бір-екі жылдық өндірістік сорт сынау мәліметтері бойынша мемлекеттік сорт сынауға береді.)

Жаңа сортты мемлекеттік сорт сынауға берген кезде белгіленген үлгі бойынша оған сыпаттама (бейнелеу) ұсынылады, онда сынау нәтижелері келтіріледі және сортты агротехникаға қоятын талабы көрсетіледі. Жаңа сорттың иесі сонымен бірге бұл табысын Өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Интродукция бөліміне жаңа сорттық үлгісін (эталонын) жібереді, оган гербарийлер, тұқымдар, түйнектер, баданалар, қалемшелер, гүл шогырлары (масақтар, шашақбастар, собықтар) енгізіледі. Мемлекеттік сорт сынауға берілетін жаңа сорттың өнім сапасы талдау үшін, ауыл шаруашылығы дақылдардың сорты сынау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Орталық лабораториясына дәндердің (тұқымдардың, түйнектердің) үлгілерін жібереді.

Ғылыми зерттеу мекемесі жаңа сортты мемлекеттік сорт сынауға берген кезде бірнеше сорт сынау учаскелеріне жіберу үшін және өндірістік сорт сынауға қажетті оның тұқымдарының белгілі қорын жинауы қажет. Мысалы, бірінші жылы сынауға 2 тонна дәнді дақылдар тұқымы талап етіледі, ал екінші жылы 5 тонна, картопқа 5 және 20 тонна. Бірінші жылы барлық сорт учаскелері жаңа сорт тұқымын оны шығарған ғылыми-зерттеу мекемесінен тікелей алады. Кейінгі жылдары өздігінен тозаңданатын сорттардың тұқымын сорт сынау учаскесінде өсіреді. Айқас тозаңданатын дақыл сортының тұқымдарын сорт сынау учаскелері жыл сайын өз облысының (өлкесінің) селекциялық-тәжірибе мекемелерінен алады немесе оларды көбейту жұмысы сорт сынау учаскелерінің бірінде ұйымдастырылады. Әрбір сорт сынау учаскесі барлық сыналатын сорттардың өзінің тұкымдық және қамсыздандыру қорларын жасайды.

Мемлекеттік сорт сынау жүйесінің жұмыстары сорттардың егілетін аудандарын белгілеумен, оларды аудандастнрумен аяқталады.

Жаңа сорттарды аудандастырудың мынадай тәртібі бар. Сорт сынау учаскесі негізгі және өндірістік сорт сынау мәліметтері бойынша өз жұмыстары туралы жылдық есеп жасайды. Сорт сынау нәтижелерін алдымен сорт сынау учаскесіндегі қызмет көрсету аймағының шаруашылық мамандары мен басшыларының кеңесінде қарайды, сонан кейін облыстық (өлкелік) агроөнеркәсіп комитеті мен облыстық (өлкелік) ауыл шаруашылығы дақылдардың сортын сынау жөніндегі инспекция шақырған облыстық (өлкелік) агрономия кеңесінде қаралады. Облыстық агрономия кеңесі келесі жылға сорттық аудандастыру жобасын жасайды, сорттарды аудандастырылған сорттар санынан щығарып тастау жөнінде ұсыныстар енгізеді. Бұл мәселелер жөніндегі соңғы шешімді ауыл шаруашылығы дақылдардың сортын сынау жөніндегі Мемлекеттік комиссия шығарады. Оның шешімдері негізінде халық депутаттары облыстық (өлкелік) Кеңесінің атқару комитеті бекітеді.

Ауыл шаруашылығы дақылдардың сорты сынау жөніндегі Мемлекеттік комиссия мен оның сорт сынау учаскелері және станцияларының жүйесі үлкен жұмыстар атқарады. Жыл сайын 300-ге жуық дақылдардың сорттары мен будандарының 14 мыңнан астамы сыннан өтеді. Дала дақылдардың 3 мыңдайы аудандастырылды. Өндіріске енгізілген және аудандастырылған сорттардың арасында 600-дейн дәнді масақты және жарма дақылдары, 100-ге жуығы будандар мен жүгері сорттары, 100-ден астамы картоп сорты, 750-ден астамы мал азықтық дақылдар сорты және т. б.

Сорт сынау жөніндегі Мемлекеттік комиссия шетелдік селекция сорттарын сынауға үлкен назар аударуда. Жыл сайын осындай мақсаттар үшін дүние жүзінің көптеген елдерінен ауыл шаруашылығы дақылдардың бірнеше жүздеген сорттары мен будандары әкелінеді. Әр түрлі дақылдардың шетелдік сррттарының едәуір мөлшері, көбінесе АҚШ-тан, Германиядан, Швециядан, Венгриядан, Польшадан, Болгариядан, Чехословакиядан әкелініп аудандастырылған.

Ауыл шаруашылығы дақылдары сортын сынау жөніндегі Мемлекеттік комиссия көптеген елдермен мемлекеттік және халықаралық сорт сынауды жүргізу үшін, ең жақсы сорттар тұқымдарына тұрақты алмастыру ұйымдастырын отырады.



Дүние жүзі елдерінің көпшілігі халықаралық сорт сынауды жүргізіп отырады. Мысалы, Нидерландыда шығарылған қант қызылшасы мен картоп сорттары Үлыбританияның, Францияның, Италияның, Португалияның, Германияның, Тунис пен Жапонияның көптеген сорт сынау учаскелерінде сынақтан өтті.

Ауыл шаруашылығы сортын сынау жөніндегі Мемлекеттік комиссия жұмыстарынын нәтижесінде танаптық дақыл селекциясында үлкен табыстарга қолы жетті.

Барлық негізгі топырақ-климат аймақтары үшін жергілікті жағдайларға бейімделген, жоғары өнімді және сапасы бойынша бағалы сорттар шығарылды, аудандастырылды және өндіріске енгізілді. Сонымен қатар жекелеген дақылдар селекциясының кейбір маңызды бағыттары жөніндегі жұмыстарды әрі қарай жақсарту қажет, ауруларға, құрғақшылыққа, әсіресе күзгі дақылдардың қысқа төзімділігі өнімнің сапалық құрамы, интенсивті (озық технологиялар бойынша өсіруге жарамдылығы, мал азығын дайындайтын дақылдарды жан-жақты бағалау) және тұқымдық өнімділігі, қоректік заттарының мөлшері және сіңімділігі және т. б. жұмыстар. Мұнымен қатар келешекте мемлекеттік сорт сынауда жаңа сорттар мен будандарға қойылатын талаптың айтарлықтай өсуі, оларды бағалаудың тездетілуі, сондай-ақ сорттың аудандастыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдіре түсу өте қажет.




18 Сұрет. Көп қайта жанған жаппай сұрыптаудың кескіні




19-сұретте өздігінен тозанданатын өсімдіктерді бір рет жекелеп сұрыптау жүргізудің кескіні

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет