Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситеті



бет11/20
Дата03.02.2017
өлшемі11,57 Mb.
#8730
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20

Экологиялық-географиялық топтары

Жергілікті және селекциялык сорттар, әртүрлі ботаникалық • түршелерге жатқанымен географиялык орналасуына байланысты әр түрлі экологиялық-географиялык топтарға жатады,

1. Монгол-бурят. Бул топ сорттарының тамыр жүйесі әлсіз і . дамып, топырақгың жыртылатын қабатында орналасқан.

Өсімдік аласа және орташа бойлы - 40-80 см. Сабақтары жіңішке , . (0,2-0,4 см), бірнеше буынаралыкгары болады (2-4), жоғарғы буынаралактары ұзын. Жопырақгары қысқа, орташа ұзын (12-30 см), жалаңаш немесе әлсіз түкті.Шашақбасы өте борпылдақ (тығыздығы орташа 0,6), шашыраңкы, ұзындығы 15-30 см, үстіңгі жағы жапырылып қалған. Бұтақтары негізінде шашақбас бойында жақсы айкын көрінетін жастықшалар болады. Масақтары үзарған, орташа мөлшерлі, оларды антоцианды бояу болмайды немесе әлсіз байкалады, күшті тармакталған және шашақгүл калыптастырмайды.

Дәні сопақ, көпшілігі орташа ірі, тусі сұр, жасыл-сұр және сирек ақшыл жасыл, кофе түсті және қара коңыр. 1000 Дәннің массасы 5-6г. Дәннің қауыздылығы жоғары (18-21%). Аудандастырылған сорттардың өсу-даму кезеңі 60-7 0 тәулік. Олар Солтүстік аудандарда өсіруге бейімделген және өнімін береді. Тары тез піскіштігімен және қара күеге төзімділігімен ерекшеленеді. Бул топқа, аудандастырылған сорт Омское 5, жатады.

2. Саян-алтайлык. Өсімдіктері орташа биік - 55-100 см, Сабағы жіңішке, орташа бұтақгалған, бірнеше буьшаралықгары болады (3-6), шашақбастың салмағынан қатты жапырылады.

Шашақбасы борпылдак (қауыздылығы орташа шамамен 0,8), жапырылғыш, ұзындығы 20-35 см, негізгі діңгегінен таралатын жіңішке бұтақтар болады. Масақшалары ашық жасыл, антоционды бояуы болмайды немесе әлсіз байкалады.

Дәні сопақша ұзын көбінесе ашық жасыл, орташа немесе ірі мөлшерлі, 1000 Дәннің массасы 5-7 г. Дәннің кауыздылығы орташа немесе жоғары (14-20%).

Өсу - даму кезеңі 70-95 тәулік. Топтың сорттары солтүстікте өсіруге бейімделген, температураның тез ауытқуына, құрғақшылык жағдайларға жақсы бейімделген. Пісу кезенінде жекелеген сорттары жатып қалуға, сабақтары сынуға бейім.

Аудандастырылған сорты - Долинское 86.

3. Таулы ортаазиялык. Өсімдігі аласа және орташа биік (40-75
см), сабағы жіңішке (0,3 см), бұтакталады, буынаралык саны 3-6,
шашақбастың сабақтары қысқарған (12 см). Жопырақтары орташа
мөлшерлі (15-30 см), орташа немесе күшті түкті.

Шашақбасы ілулі жұмыртқа тәрізді, үстінгі жағы сәл жапырылған, ұзындығы 15-20см. Шашақбастарыньщ бұтақтары 12 см-ге дейін, 8-10 см болуы мүмкін. Масақшалары ақшыл жасыл, кейде антоцианды.



Дәні сопақша, ұзын, орташа көлемді, түстері ақшыл жасыл және сұр жасыл, 1000 Дәннің массасы 5-6 г. Дәннің кауыздылығы орташа-14-18%.

Өсу-даму кезеңі 85-105 тәулік. Бұл топкд Тәжікстанның жергілікті сорттары жатады.

4. Солтүстік. Өсімдігі аласа - 40-80 см. Сабағы жіңішке - 0,2-0,4 см.
Нәзік, күшті бұтақтанғыш. Буынаралық саны 3-5, жоғарғылары ұзын
жіңішке, ал оңтүстікте кушті жапырылғыш, ал солтүстік аудандарда
оған төзімді. Жапырағы қысқа (12-22 см), орташа түкті шашақбасы
тармақты (15-25 см) және қысыңкы (13-25 см), Масақшаларында сәл
антоционды бояуы болады, кейде болмайды. Дәні сопақ, ұзын, үсақ,
түстері-ашық жасыл, ақ сұр, кара қоңыр, кофе түсті және қоңыр
қызыл. 1000 дәннің массасы 3,5-5 г. Қауыздылығы орташа және
жоғары 14-23. Қолмен жеңіл аршылатын жұқа қабықты формалары
болады.

Өсу-даму кезеңі өте қысқа -55-80 тәулік. Дән пісіп жетілу кезінде
шашылып қалуға бейімді әсіресе сұр Дәнділері. Қара күйе ауруларына
күшті шалдығады.

Бұл топтың аудандастырылған сорттары жоқ.

5.Орманды-далалық. Өсімдік орташа биік-45-90 см. Сабағы
жіңішке және орташа қалың 0,2-0,5 см, орташа және күшті
бұтақтанғыш, буынаралық саны 3-6, жоғарғылары салыстырмалы
ұзын-10-22 см, шашақбас салмағынан шамалы және күшті
жапырылғыш. Жапырақтары қысқаша және орташа ұзын-15-30 см,
орташа түкті. Шашақбастың ұзындығы -15-30 см, борпылдақ,
тармақгы және қысьщқы. Тармақгы формаларының шашақбас
бұтақтары жан жакка тараған, бірақта жоғарғы жағындағы бұтақтар
және қысыңқы формаларының бұтактары шашақбастың жапырьшған
жағына қарай бағытталған. Масақшалардың антоцианды бояуы,
салқын жазда жақсы байқалады. Дәні сопақ, ұзын, ұсақ, орташа және
ірі. 1000 Дәннің массасы 4-8 г.

Түстері ашық жасыл, ашық қоңыр, қызыл және сирек сұр қара қоңыр, кофе түсті, ақ және өте сирек дақты. Дәннің қауыздылығы орташа және жоғары.

Өсу-даму кезеңі орташа және қысқа-75-100 тәулік. Құрғақшылықка төзімділігі орташа.

Піскен кезде дәннің шашылып қалуы әлсізден бастап күшті денгейге дейін артады. Жатып қалуға төзімді және төзімсіз. Қаракүйемен күшті зақымданады, бірақ осы топтың ішінде жатып қшіуға төзімді сорттар бар. Бул топта аудандастырылған сорттар жоқ.

6. Далалық-Еділ бойынан. Өсімдік орташа биік-45-100 см, сабағы
орташа жуан-1,2-0,5 см, орташа бұтақтанғыш, буынаралык, саны 5-7,
ақырғы буынаралығы ұзын және қысқа 10-30 см, тік және
жапырылған (сьшырткыгүл салмағынан). Жопырақтары қысқа және
ортаіда мөлшерлі, ұзындығы жыддарға байланысты 15-30 см-ге дейін
ауытқиды, орташа немесе әлсіз түкті. Шашақбасы қысқа және
қысқарған-10-25 см, орташа тығыз кысыңкы және тығыз қомақты.

Шашақбас бұтақтарының негізінде жастықшалар жок. Масақшада антоцианды бояу болмайды.

Дәні сопақ, ұзынша-сопақ, көбінесе ірі, сирек орташа. 1000 Дәннің массасы 5-8 г. Көшпілігінің түрлері-ақшыл коңыр қызыл, сирек ақшыл жасыл, дәні сұр, кофе гүсті, қара қоңыр, ақ. Дәннің кауыздылығы орташа шамамен 16, бұл көрсеткіш 12-21-ге дейін ауытқиды.



Өсу-даму кезеңі қысқа және орташа-70-100 тәулік.

Құрғақшылыққа және ыстықка төзімділігімен ерекшеленеді. Дәннің шашылуы шамалы. Өсімдік жатып калуға төзімді, бірақ қара күйемен күшті зақымдалады. Салқын жылдары бактериозға шалдығады. Бұл топтың аудандастырылған сорттары - Саратовское 853, Саратовское 3, Саратовское 6, Старт, Уральское 109.



7. Қазақстандық далалық. Биіктігі орташа 50-90 см. Сабағы
орташа қалың 0,2-0,5 см; Бұтақтануы орташа, түйінаралар саны 5-7,
жоғарғысы қысқа және ұзын 11-22 см; сыпыртқы ауырлығымен күшті
иілген. Жапырақ тақтасы, орташа және әлсіз түкті.

Шашақбасы кысыңқы, қысқарған (15-25 см), әлсіз иіңкі. Бұтақ табанында жастыкшалар жоқ. Масағы ашық сары, дөңгелек, солзқ, ірі және орташа. 1000 Дәннің массасы 5-8г. Крем түстес, ашық-сары, ақ . Дақты болуы сирек. Дәннің қауыздылығы төмен (10-15%).

Өсу-даму кезеңі орташа (70-105 тәулік). Бұл топ күрғақшылыққа және шашылуға төзімді, тозаңды күйеге және бактериозға төзімсіз. Қысқа күннің өсімдігі. Дәні орташа шынылы, шыны тәріздес, ашық-крем, сары және ашық-сары түсті. Бұл топтың аудандастырылған сорттары жоқ.

8. Украиндық далалық. Биіктігі орташа және биік (60-125 см).
Сабағы орташа калың (0,2-0,5 см), бұтақтануы орташа, буынаралар

саны 5-7, жоғарғысы ұзын (20-30 см). Шашақбас ауырлығынан күшті иілген. Жопырақ

көлемі орташа, әлсіз түкті.



Шашақбасы кысыңқы, қысқарған(20-25см), сәл иіңкі, шашақбас бұтақтары кыскдрған, негізгі діңгекке жабыскан. Бұтақ негізівде жастыкшалар жоқ, масағы ашық-сары, дөңгелек, антоциансыз. Дәні шар тәрізді, ірі, 1000 Дәннің массасы 7-8,5г, крем, ашық-сары түсті. Дән қауыздылығы төмен (12-18%). Гүл кауызы ашылған.

Өсу-даму кезеңі орташа және узақ (75-115 тәулік). Қурғақшы-лыққа және шашылуға төзімді. Бактерибзға, тозаңды күйеге төзімсіз. Бул топка жоғары жарма шығымы тэн. Ядросы жартылай шыны тәрізді, унтакты, сәл шыны тәрізді, ашық-крем түсті, сары және ашық сары. Ботқа дәмі жақсы, ал кейбір сорттікі орташа. Топтың аудандастырылған сорттары жоқ.

9. Тянь-шандық. Биік өсімдік (90-120 см), сабағы орташа қалың. бұтақдануы шамалы бұтақаралар саны 5-8, жоғарысы ұзын, шашақбас ауырлығынан сәл және күшті иілген.

Шашақбасы қысыңкы, ұзын немесе қысқарған (15-35 см). Тармақгы шашақбас негізгі діңгектен алшақ. Масағы ашық-сары антоцианеыз және кіршең-сары. Шашақбасы қысыңқы, әлсіз ііЬіген. Ұзын шашақбасы сорттарының бұтақтары ұзын, негізгі діңгектің бір жағында орналасқан, ал қысқа сыпырткыларының бұтактары да қысқарған: тек төменгі бұтақтар ғана негізгі діңгектен алшақ орналасқан. Дәні шар тәрізді, сопақ, ұзынша, ірі және өте ірі, 1000 Дәннің массасы 5-8 г. Ашық-сары, крем, ашық-қоңыр, ақ, коңыр түсті. Сұр және коңыркдй түсті формалары аз кездеседі.

Өсу-даму кезеңі орташа және узак - 80-110 күн. Бул топтың сорттары сулы жерлерде өсіріледі, сондыктан курғакдиылыкка аз төзімді. Тозанды күйеге төзімсіз. Бұл топтын аудандастырылған сорттары жоқ.

10. Шығыс азиялық. Тамыр жүйесі мықты. Топырак кабатыньщ 1м тереңдігіне бойлайды. Биік өсімдік, сабағы өте жуан, дөрекі, буынаралар саны 7-10. Жапырағы өте ұзын (60 см), шамалы түктенген, кейде жалаңаш.

Шашақбасы шашыраңкы, қысыңқы, өте ұзын - 50 см, қысқа шашақбасты формалары кездеседі. Дәні сопақ, ұзынша, кейде шар тәрізді, орташа немесе ірі. І000 Дәннің массасы 6-9 г. Ашық-сары, ашық-қоңыр, ақ, коңыр және сұр түсті. Бұл топтың ақуызға, крахмалға бай формалары көп кездеседі, сол үшін селекционерлер оған қызығады.

Өсу-даму кезеңі өте үзақ - 70-130 тәулік. Бұл топтың аудавдас-тырылған сорттары жок.

Дәвдік тарьшын сорттары



Саратовское 3, Оңтустк^Шығыс АШҒЗИ-да ВНИС 29х Сангвинеум ШЗх Саратовское 853х Скороспелое 66 сортымен каракүйе турлеріне төзімдшгін 2 рет қанықтыру жолымен алған. Авторлары: В.А. Ильин, М.И .Комарова, И.П. Унгенфухт, Е.Н. Золотухин, Ю.Я. Кожемякин.

Ботаникалық сшіаттамасы:

Түршесі сангвинеум (sauguixieum), шашақбасы иілген, дәні қызыл.

Сабағы, жаідырағы, түбі шашақбасы.

Орта бойлы өсімдік - 59-75см, сабағы берік, орташа жуан, жатып қалуға берік. Жапырақтануы жақсы, түптенуі нашар.

Сіпсебасы тығыз, біршама ұзын 21,5 см дейін, иілген бұтақшалары мықты. Скороспелое 66 қарағанда, қүйылуға берік.

Дәні дөңгелек, ірілігі орташа, қызыл түсті, 1000 дәннің массасы 6,8-7,2 г. Натуралық салмағы 725-746 г/л. Қауыздылығы 17-18 %,

Дәннің бірыңғайлығы 88%, шығымы 31,6 г. Сортгық ерекшелігі-қара күйеге берік.

ПІаруашылық бағалы белгілері. Жоғары өнімді, орташа өнііМділігі 10-23,6 ц/га, ең жоғары өнімі соңғы жылдары Батыс Қазақстан облысының Бурлинск сорт телімінде-40,6 ц/га болды. Орташа-ігіскіш, 70-80 тәулікге піседі. Эталон болып саналатын Саратовское 853 сортымен салыстырғанда технологиялық және жармалық сапасы бірдей. Жарма шығымы 75 %. Ботқа түсі сары, дәмі жақсыдан өте жақсыға дейін. Өміршеңдігімен, піскіштігімен ерекшеленеді. Қостанай, Павлодар, Орал, Ақмола облыстарында аудандастырылған.



Сауатовское 6. Оңтүстік-Шығыс АШҒЗИ-да жекелеген іріктеу тәсілімен будандастырылған Сангвинеум 7х Саратовское 3 гибрид популяцияларынан алынған. Далалық Еділ бойының экологиялық-географиялық тобына жатады,

Ботаникалық сипаттамасы. Сангвинеум (sanguineum) түршесі, шашақбасы иілген, антоциансыз, дөні қызыл.

Сабағы, жапырағы, түбі, шашақбасы.

Орта биік өсімдік 50-83 см, сабағы берік, жақсы жапырақтанған, түбі ықшамды. Шашақбасы мықты, ұзындшы 20 см-ге дейін, борпылдақ, бұтақшалары біріктеу жөне қысқа, Саратовское 3 сортына қарағанда-жоғары денді, жатып қалуға берік және шашылуға орташа төзімді. Дәні сопақ, жақсы қалыптасқан, ірі - 1000 дәннің массасы 7,2-9,3 г. Натуралық алмағы өте жоғары - 731-779 г/л. Қызыл дәнді, кауыздылығы 16,5%.



Шаруашылық бағалы белгілері. Өнімділігі 10,8-ден 28,2 ц/га дейін, жоғарғысы 29,1 ц/га. Сорт орташа піскіш 66-81 тәулікте піседі. Технологиялық және жармалык сапасы өте жақсы. Жарма шығымы 78 %. Ботқа түсі ақшыл-сары, дәмі өте жақсы. Бағалы сорттар тобына қара күйеге ете төзімді.

Қазақстанда кептеген областарда аудандастырылған.



Саратовское 853. Оңтүстік-Шығыс АШҒЗИ-да Саратов облысындағы жергілікті тары үлгілерінен жеке іріктеу тәсілімен алынған. Далалық Еділ бойының экологиялық-географиялық г тобына жатады.

Ботаникалық сипаттамасы. Түршесі сангвинеум (sanguineum), шашақбас иілген, антоциансыз, дәні қызыл.

Сабағы, жапырағы, түбі, шашақбасы. Өсімдікгің орташа

биіктігі 75-80 см, сабағының жуандығы орташа, жатып қалуға

тезімді, буынаралық саны 5-6. Жапырағы сөл түкті, тік түпті,

жүпты, шашақбасы иіңкі, тығыз, қысқа 15-20 см. Бұтақтары



_ қысқа. Масақшалары сұр-сары, сопақ, орташа.

Дәні сопақ, қызыл, ірілігі орташа жоғары, 1000 дәннің массасы 6,2-7,5 г. Натурасы жоғары (720-780 г/л). Қабықтылығы орташа 18-20 %. Дәні аз шашылады.



Шаруашылық бағалы белгілері. Жоғары өнімді сорт. Соңғы жылдардағы орташа өнімі 9,0-16,3 ц/га. Орташа мерзімде пісетін сорт 80-85 төулікте піседі. Құрғақшылыққа төзімді, суарылса, өнімі жоғары. Сорттың технологиялық жөне жармалық сапасы өте жақсы, Бұл көрсеткіштер бойынша эталон болып саналады. Дән ' шығымы 72-82 %. Дәмдік сапасы ете жақсы. Жарма өдемі ашық-сары немесе сары түсті.

Республиканың 12 облысында аудандастырылған.

ТАПСЫРМАЛАР:

Тарының сорттарының әкологиялық-географиялық топтарымен танысыңыздар.

Тарының түр тармақтарын және белгілерін оқып-білщ, сипаттап сұреттерін салыңыздар (9,10 кестелер).

Тарының Солтүстік Қазақстанда аудандастырылған сорттарьщың белгілерін 11 кестеге жазыңыздар.

9 Кесте

Тарының түр тармақтарын ажырату белгілері




Түр тармағы

Бұтақшалардың сіпсебастың негізгі дщгегінен ауытқуы

Бұтақшаларының

табанында жас-

тықшалардың

болуы- болмауы



Сіпсебастың (ша-

шак-бастъщ) ты-

ғыздығы негізгі

діңгектің 4 см бұ-

такшалардың

саны, дана















10 Кесте

Тарының сорттық белгілері




Сіпсебас-

тың


ұзындығы,

см


Дәннің пішіні

1000

дәннің


массасы,

г


Дәннің

қауызды-


лығы,

%


Натуралық

массасы,


г/л

Дәннің жарьиі ғыштығы,% (жарма тарт-

қыштан бір рет өткізгенде)

1

2

3

4

5

6



















Жалғасы


Жарма

Өзектің консис-

Өзек-тің

Ботқаның дәмі мен




Вегетативтік белгілері

шыга-







Өсім

Сабақ-

Буына-

Жоғарғы

мы,%

тенция-

түсі

қурылы-

діктің

тың

ралық-

буынара-




сы




мы

биіктігі,

жуан-

тардың

лықтың













см

дылығы, см

саны

ұзыңды-ғы, см

7

8

9

10

11

12

13

14






















'

11 Кесте

Тарыньщ аудандастырылған сорттарын сипаттау




Сорт қай

жерде


шығарылған

Қандай

өдіспен


шығарьшған

Сабанның ұзындығы жө-не беріктілігі

Тарының түршесі

Негізгі сабак-

тың буынара-

лықтарьшың

саны, дана



]

2

3

4

5













Жалғасы


Сіпсебастың ұзындығы және

оның иілу деңгейі



Дөн

Шаруашылық

және биология-

лық белгілері

мен қасиеттері





пішіні

түсі

ірілігі

қауызды-лығы, %

сөктігі,%



6

7

8

9

10

11

12
















I


Тақырып 6

ҚАРАҚҰМЫҚ

Ботаникалық сипаттама:

Қарақүмық (Fagopyram Mill) - қарақұмық (Polygonaceae juss)
тұқымдасына жатады.

Ол келесі негізгі белгілермен сипатталынады.

Гүлі - қос жынысты, 8 аталық орналасқан, ал ортасында 3 бағаналы 3 тозанды аналық бар.

Гүл ұзын, қолтық гүл сидамдарында орналасқан, саусақ 'тәріздес, ал сабақтың үшар басында гүл шоғыры қалқан тәрізді, бір өсімдікте 300-500 кейде 1000-ға дейін гүлдер калыптасады. Гүддің түстері ак немесе ақшыл қызғылт болады. Гүл серігі сыпыртқы тәрізді бас бөлікті. Айқас тозаңданатын өсімдік.

Жемісі. үш кырлы жаңғақша, Жемістері 4- қырлы және көп, кярлы және де өте сирек екі қырлы болады. Жемістерінің қырларымен қабырғаларының сипатына кдрай қанатты, қанатсыз және аралық пішінді болып келеді.

Дәні. Тығыз, көкшіл жемісті қабықша жабылған. Ол сортына, өсу жағдайына, пісу кезеңдеріне байланысты ашық сұр, қара сұр, қара қоңыр түсті болады.

Қабық тұқымды тығыз жауып жатады, бірақ бірігіп кешейді,сондықтан жарылғанда жеңіл ажыратылады.

Сабақ бос, қабырғалы, жалаңаш. Буынаралықтарының саны өр-


түрлі сортына қарай 6-дан 20-ға дейін. Биіктігі 50 см-ден 120 см-ге
дейін. Түсі көбінесе жасьш, бірақ қызыл дақтары болады.
Сабақтың төменгі бөлігінде топырак жақсы ылғалдаңғанда сабақ
тамыры пайда болады, ол жеміс сидамдарының бүршіктерін
қалыптастырмайды.

Сабақтың орта бөлігінде бұтақтары 1,2,3-ші және одан да көп

кезекпен орналасады. Өсімдіктер көбінесе бір жылдық. Жалаңаш сабақтарында жапырақтар орналасқан.

Жапырақ. Жапырақтың үш түрлі пішіні бар: екі қос жарнақты


жапырақтар өсе бастағанда олар домалақ бүйрек тәріздес, содан
кейін жүрекше-үшбүрышты пішіндес сағақты жапырақ дамиды,
солар сабақтың және бұтақтың үшына қарай ауыса келе отырмалы
жебе төріздес болады.
12 кесте Қарақүмық түр тармақтарының айырмашылық белгілері


Белгілер Ерекшеліктер

Кәдімгі қара қумық

Көп жапырақты қара қумық

Өсімдік биіктігі

150 см көбінесе 50- 100 см

Қуатты, биік өсетін өсімдік, биіктігі 100-200см

Жапырақтануы

Әлсіз және орташа

Жақсы

Буынаралық саны v

6-11, бірінші буы-наралықтары едәуір ұзындау. Сабақта буындар нашар түктелген

10 астам, төменгі буын аралықтары қысқа

Жапырақтары

Ірі мес,жуан,деректі үшбүрышты жүйке-лері жапырақтың жоғарғы жағында сөл қызыл түсті болып келеді

Ірі жіңішке,көбінесе тол-

қындыдөңгелек пішінді,

кейде жапырақ негізінде

антоцианды дақтар болады



Гулі '

Орташа көлемді,қал

қан тәрізді гүл

жоғарғы жиналған

ақ ағарғанқызғылт

жөне қызыл


Ірі, ақ немесе қызғылт,

қызыддарыда кездеседі,

қалқан тәрізді гүл шоғы-

рына жиналған ұзын, күін-

ті иілген немесе көлденең

бағытталған гүл сағағына

орналасқан


Жемісі

Қанатты және қанатсыз

Ірі, жиекті немесе қанатты,

сирек қанатсыз, қабықты-

лығы жоғары, ашық

қоңырдан қараға дейін



Жапырақтың сабақка байланған жерінде оралма бар, ол сабақты Жопырақ сағағымен орап түрады. Жапырақ негізінде кейде антоциан дағы жақсы көрінеді.

Жапырақтың көлемі түрі және консистенциясы, сонымен бірге өсімдік жапырақтануы сортқа және өсіру жағдайына байланысты. Кеш пісетін сорттарда, тез пісетіндерге қарағанда, жапырақ саны көбірек болады. Олар ірілеу, сопақша, қатпарлы, жүйелігі мол.

Қарақүмық морфологиялық белгісі, биологиялық қасиеті және шаруашылықта қолданылуына қарай екі түр тармағына бөлінеді (5 сұрет)

Кәдімгі қарақүмық (vulgare) - кең игерілген мәдени өсімдік.



Көп жапырақты қарақүмық (multifolium), татарлық қара қүмык егістіктеріндегі арамшөп өсімдіктеріКездесетін сорттар кәдімгі қарақүмыққа жатады.Кәдімгі қарақүмық өсімдігінің биіктігі 150 см дейін болады, жиі 50-100 см. Сабақ нашар немесе орташа жапырақты, бұтақаралық саны 6-11, біріншілері салыстырмалы ұзын, сабақтағы буындары нашар түптелген. Жапырақтары ірі емес, жуан, дөрекі, үшбүрыш пішіндес. Жапырақтьщ жоғарғы бетівдегі жүйкесі кейде сәл кызыл түске боялған. Гүлдері орташа, қалқанды гүл шоғырына жиналған, ақ, ақшыл-қызғылт, сирек қызыл түсті. Жемісінің сипаты бойынша көдімгі қарақүмық екі түршеге бөлінеді:


а) алята (alata) жемісі қанатты. Қанаттары өткір және
жақсы білінеді

б) аптера (aptera) түршесі. Жемісі қанатсыз.
Кдрақұмық сорттары.

Богатырь. Орлов мемлекеттік АШ тәжірибе станциясыңда дәннің ірілігі бойынша жаппай сұрьштау әдісімен шығарылған. Сорггың авторлары: В.Н. Хохлов, П.И. Лисицын, Г.В. Копелькиевский.

Ботаникалық сипаттамасы. Алята (alata) түршесі. Өсімдіктің сабағы 55-75 см. Жапырақтануы жақсы. Сабағы жасьш, төменгі бөлігі кейде, қызыл туске боялған, буын саны 10-12. Жапырағы ірі, жалпақ, жуандығы орташа, тегіс, төменгі жағьшдағы жүйкесі нашар түктелген.Гүлдері орташа ірі, ақ, бүршікте ақшыл-кызьш.

Жемісі қанатты, қоңыр, ірі. 1000 дәннің массасы 25,3-26,4 г. Дәннің натурасы 540-682 г/л, қауыздылығы 19,8-18,4 %.Шаруашылықтық бағалы белгісі. Жатып калуға және шашылуға орташа. Орташа піскіш, 74-81 күвде піседі.Жоғары икімді, жылуға және ылғалға жоғары талап кодды. Технологиялық және жармалық сапасы жоғары. Дәні ірі, жеңіл жарылады, бірыңғайлы жоғары. Жарма шығымы 65-75 пайыз. Ботқа дәмі жақсы. Бағалы сорттарға жатады.Қазақстанның барлық облыстарында аудандастырылған.'' :

ТАПСЫРМАЛАР:

Қарақүмық түр тармақтарының айырмашылық белгілерін 12 кестеде келтіріңіздер.




Белгілер

ерекшеліктері



Көдімгі қара қүмық

Көп жапырақты қара қүмық

Өсімдік биіктігі см.

Жапырақтануы

Буынаралық саны

Жапырақтары

Гүлі

Жемісі









Тақырып 7

Дәнді бұршақ тұқымдастар

АСБҰРШАҚ

Ботаникалық сипатгамасы. Біздің елде аудандастырылған ас бұршақ сорттары егістік ас бұршақ (Pisum sativum). Ac бұршақ тұқымы үрық пен тұкым каұзынан түрады. Тұқымда түкым жолы бар. Тұқым қабығы ішінде дән жарнағы болады, жарты бөлігінің ең көбін коректік заттар алып жатыр. Ac бұршақ тұқымы өсе бастағанда, дөн жарнағы топырақта қалып, бірінші үрық тамыры өсіп, одан кейін бүрпіігі шығады.

Тамыры. Ac бұршақ кіндік тамыр жүйесін қалыптастырады, топыракта 1-1,5 м-ге дейін тереңдейді, жердің еңделетін кдбатыяда жанама тамыры орналасқан.

Сабагы. Ac бұршақ сабағы доңғалақ пішінді, сәл тартқырлы, іші жышлуға бейім Сабағьшың ұзындығы сортына байланысты және өзгеріп өсіп отырады, 25-тен 250-300 см дейін болады. Сабағыньщ айырмашылығы, төмен 50 см-ден ергежейлі, шшінді, жаргылай ергежейлі 50-80, оргаша ұзын 81-150, ұзын 215 см болғандықтаи болады, Гүлдін жсміс бсру бөлігі шамасында жөне бір-бірінен белгілі қашықтықта бұршақкабы тец орналасса ол орташа жене штамбылы. Жопырақ, орналасатьш еабағы мен жапырақша арасы буынаралық дейді. Егерде ол қосалқы жапырақ ұзындығынан қысқа болса, буын аралығы қысқа делінеді. Қысқартылған қосалқы Жопырақтары сәл қысқа немесе оның ұзындығына тең: орташа — біраз мөлшерде косалқы жапырақтары ұзын; ұзын-қосалқы жапырақтарының ұзындығы 1,5 есе және одан да кеп буын аралығы жоғары. Қыекд-буынаралықтар ергежейлі б>ъшаралық ұзындыктарына-орташа пішінділерге және ұзын жоғары өскін пішіндегілөр. Бірінші гүлге дейінгі аралығы өнім бермейді. Басты сабағының өнім бермейтін буынаралықтары



дақылдың сорттық ерекшелігіне жатады, ол вегетативтік кезеңінің үзақтығын сипаттайды: тез пісетін сорттар 7-11 дейін, орта-пісетін сорттар 13-15-ке дейін. Ал кеш пісетін сорттар 16-21 дейінгі өнім беретін қатар аралықтарға ие болады. Гүлі бар буынаралықтар өнім беретін немесе ұзьшша деп аталады. Олардың саны негізінен дақылды үлкен жүрек төрізді, шетінің 1/3 бөлігі тісті болады. Кейбір боялған формасында қосалқы жапырағының қолтығында антоциянды дақтар немесе жарты сақиналар бар. Кейбіреуінде олар қосалқы болады.

Жапырағы. Ac бұршақтың жапырағы үш құлақ күрделі сабақтан, 2-3 қос жапырақшалардан және мүртшаларға айналған жапырақшалардан түрады. Осы мүртшалар арқылы кез келген тірекке жабысады. Осы қасиеті арқасында ас бұршақтың жапырылуға бейім сабағы вертикалды жағдайда да өсе береді. Ac бұршақтың жапырағының пішіні әр түрлі созылыңқы жүмыртқа тәріздес немесе керісінше жүмыртқа тәріздес, дөңгелек және жапырақ шетгерінің сипаты бойынша олар: шеті бүтін, сауеақты, дөңес тәрізді болып бөлінеді. Жапырақ пішінін және түсін бірінші немесе екінші буьпі аралығына қарап анықтайды.

Жапырақ түсі. Сорттык ерекшілігі ол жапырақ пен өсімдік жасына кдрап, топырақтың қүнарлық денгейіне қарай, ас бүршакқа немесе алғы дақылға енгізілген тыңайтқышқа байланысты өзгеріп отырады. Жасыл, күнгірт жасыл, ашық жасыл, сарғыш жасыл, күлгін жасыл бояуларға бөлінеді. Жасыл түсті жапырақтарда антоцианды дақтар өте сирек байқалады.

Ac бұршақтың гүл шоғыры. Ac бұршақтың гүл шоғыры шашақ, ас бұршақ фасцийленген пішіннің гүл шоғыры жалған шатырша. Гүлі көбелек қүрылысты, бес күлтелі жапырағы, желкен және екі ескек, қайықшадан түрады. Қайықшаның өскен жерінде дөңес пайда болады. Желкен кері жүмыртқа тәріздес немесе жіңішкерген. Ескектер үзарған орақ пішінді, кайықша көбіне боялмаған, ал кейбір боялған гүл қатарларында қайықшаның пішіні антоциянды пигменттермен болады.



Гүлдің түсі. Әр түрлі: дәнді жөне көкөністік сорттарда ак, азықтық жөне свдералды бағытты сорттарда, қызғылт түсі қаркындығы өр түрлі, гүддің түсі негізіне ескегінің түсіне қарап анықталады. Табақлшсы қоңырау тәріздес жоғарғы шығыңқы бес тісті. Аталығы 10 біреуі бос, тоғызы бірге.

Ac буршақ жемісі. Ac бұршақ жемісі - бұршаққап-қос жарнақтан түрады. Бұршаққаптың жарнақтарының күрьшымына байланысты ас бұршақты: жаңартылған және қантты сорттарға бөледі.

Жаңартылған сорттардың жарнақтарының ішінде қатты пергаментті қабат болады. Ад қантты сорттарда ол қабат мүлде жоқ,ал жартылай қантгы сорттарда нашар жетілген. Пергаментті қабаттың мөлшері көп болған жағдайда бұршаққап қаггы кепкенде жарылып кетеді. Егер ол қабат болмаса дөн нашар бастырылады. Ac бұршақ тұқымының сорттары дендік бағытта қолданғанда ақшыл-сары, жасыл-қызғылт, сирек жасыл боялады. Азықтық немесе тьщайтқыш ретінде сидерадды қодданатындардьщ тұқым жолы рубчик түсіне байланыстьі. Ақ гүлді, ас бұршақтын тұқым жолының кіндік түсті ақшыл, кейде сирек қара буырлы болуы мүмкін.



Апробациялық белгілері және олардың анықтамасы

P. Sativum Z., P. arvense Z бұршақтарының ақ гүлді формасы Р. Sativum Z, түріне жатады, бүған негізгі алты түр тармағы кіреді: elatius, syriacum, abyssinicum, transcaucasicum,asiaticum, Sativum

P. Sativum түр тармағына бұршақтың негізгі формалары кіреді, олар сауда-саттық мақсатта дәндік, азықтық, сидераттық, көкөніс дақылы ретінде өсіріледі. Төменде P. Sativum subs p.sativum бүршағының түршелері, түрше топшаларының негізгі анықтамасы берілген.

1. Conwar vulgare түршелерінің тобы. Биік есетін, орташа өсетін, төмен өсетін өсімдік болып бөлінеді. Күлтесі ақ буынаралығы ұзын немесе қысқа болады. Бұршаққабывда пергаментті қабат болады. Тұқымы доңгелек немесе дөңгелек бүрышты, орташа 1000 дөн массасы 150-250 г. Тегіс немесе қысыңкы 8 түршесі, 19 түршелік тобы болады. Ең көп тарағаны: var.vulgare, Subvar vulgare, glaucospermum, var. coronatum; subvar coronatum; var gratiosum, Subvar; var, ecaducum: subvar ecaducum, ecaducaglaucum.

Бұршақтың көп тараған түрлерінің айырмашылық белгілері


Түр-шесі

Гүл

шоғы-


ры

Сабақ биікті гі, см

Бұршақ

типі


Тұқым

түсі


Тұқым пішіні

Тұқым

массасы,


г

Тұқым

жолының


түсі

Вуль-гаре

1-2 гүл күлтесі пигмен-

50-250

Сыдра

жырту


пигменті

қабат


Аіпық түсті

Доңғалақ

бүрышты


доңғалақ

ақ


150-250

Ақшыл

Корона

тум


1-2 гүл култесі

90-120

Сыдыра жырту_

Ашық Сары




200-220

Ақшыл

Гран-тиозум

1-2 гүл күлтесі

50-65

Сыдыра жырту

Ақшыл сары







Ақшыл

Экаду

ум


2-гүдді

күлтесі


ақ

80-150

Сыдыра жырту

Ақшыл

сары са-


ы-қызғ.




180-200

Тұқым жолы жоқ

Сати-вум

2 гүлді күлтесі ақ, ірі




Сыдыра жырту пигм. қабат

Сары қызғ-т




250 көп

Ашық

2. Convar sativum түршесінің тобы. Биік есетін, орташа өсетін, твмен өсетін өсімдік болып бөлінеді. Буынаралығы әр түрлі ұзындықта болады. Күлтесі ақ, бүршағы ірі пергаментті қабаты бар.Дәні ірі 1000 ден массасы 250 г кеп, 6 түршесі 10 түршелік тобы бар. Кең тараған түрі var.sativum.

ДӘНДІ БҰРШАҚ СОРТТАРЫ

Неосыпаюшийся 1. Ворошиловград облысы мемлекеттік-шаруашылық зерттеу станциясында Рамонский 77Х Приекульский 349 будандарын шағылыстыру арқылы алынған.

Ботаникалық сипаттамасы. Түршелері экадукум. Сабағы қарапайым көк, жасыл, ұзындығы орташа (67-83). Орта буын аралық саны 14-22, бірінші гул шоғырына дейін 12-16 см. Жапырағы 2-3 жұп жапырақ, жүмыртқа тәріздес пішінді, қара-жасыл. Қосалқы жанырағы орташа ұзын, жартклай жүрек тәрізді.

Гүл шоғыры екі гүлді шашақ, гулі ақ. Бұршақкап орташа, түзу, сирек иілген, жоғарғы жағы үшкір емес, 4-5 тұқымды. Дәні қызғьшт, тегіс, дөңгелек, 1000 дөн массасы 180-240 г. Тұқым жолы аналық қабырғасына мықты бекілген.



Шаруашылық белгілері. Дәмділігі жөне пісіргенде жақсы. Дәннің қүрамында 23-25 пайыз ақ уыз бар. Сорт орташа піскіш. Ауруларға, зиянкестерге орташа төзімді. ПІашылып қалмауға өте төзімді. 1979 ж. Қазақстанның бүкіл облыстарында аудандастырылған.

Рамонский 77. Будандардың популяциясын шағылыстырумен алынған (сорт Гейне X A - 579).

Ботаникальщ сипаттамасы. Түршелері — Вульгатум. Қарапайым сабақты, ұзындығы 60-80 см, орташа бұтақ аралығы 12-18, гүл шоғырына дейін 11-13. Жапырағы 2-3 қосалқы жапырақты, жүмыртка пішівді, ашық-жасыл. Қосалқы жапырағы орташа ұзын, жартылай жүрек сияқты. Гүл шоғыры шашақ, 1-3 ақ гүдді. Бұршаққабы орташа, түзу немесе сөл иіңкі, жоғарғы үшы үшкір емес, 3-7 денді. Дәні - ашық қызғылт, жүмсақ, дөңгелек, 1000 дән массасы 220-240 г. Ак, уыз қүрамы 22-25 процент. Дәннің пісуі жақсы.

Шаруашылық белгісі. Ауруға, зиянкестерге орташа төзімді, орташа пісетін сорт 1962 жылы Қазақстанның бүкія облыстарында ауданд астырылған.

Усач Казахстанский 871 - Қазақ егіншілік ҒЗИ мен Луган «Элита» ҒШК-да көп қайтара жеке сұрыптау тәсілімен шығарылған.

Констактум түршесі. Сабағы орта биіктікті (90-110см). Буынаралық саны 20. Жапырақ алақанының орнына мүрттар өскен. Жапырақ серігі ірі, орташа жүрек тәріздес. Гүл шоғыры — шашақ гүл. Гүлдері ірі, ақ. Бұршақ басы орташа дамыған пергамештік қабатымен. Жалпақтығы 1,1 см,ұзындығы 5 см. Дәндерінің саны 5-7. Дөндері бүйірінен сәл қысьшған дөңгелек, қызғылт болады. 1000 дәндердің массасы 230 г. Құрамында 27 пайыз ақ уыз бар. Орташа піскіш. Вегетациялық кезеңі 66-69 кун.

Аскохитозға орташа тәзімді, дән қоңызымен 5-10 пайыз зақымдалады. Қостанай облысында аудандастырылған.

ТАПСЫРМАЛАР

Ac буршақтың түршелерінің белгілерін төмендегі кестелерге (14-15) жазыңыздар.

Солтүстік Қазақстанда аудандастырылған сорттардың сипатын 16. кестеге жазыңыздар.
14 кесте

Ақ гүлді ас бұршақтың түршелерінің басты белгілері




Гүл шо ғыры-

НЫҢ '


пішіні

Сабақ-

гың биікті-

гі (см)


Бұршақтың типі

Дәннің

Тұқыминдік

Түршесі








Бояуы

түсі


урылы, ПШІІН

өне беті


ірілігі





15 кесте

Ac бұршактың сорттық белгілері


Гүл щоғырлары мен гүлдің белгілері

Бұршақтын белгілері

Дәннің белгілері

Гүл шоғырынын түсі

Гүлдің түрі

мелшері

бұршақтағы

дәндердің

саны


пішіні

беті

ірілігі, г

Жалғасы


Вегетативтік белгілері

сабақтың биіктігі, см

өсімдіктөгі

буынаралық

тардың саны,

дана


бірінші жеміс беретін

бұршаққа дейінгі

буынаралықтың

саны,дана



жапырақтың түрі

8

9

10

11













16 кесте

Ac бұршақтың солтүстік Қазақстанда аудандырылған

сорттарын сипаттау



Сорт, қай

Қандай

әдіспен


шығарыл-

ған


Ac

бұршақтың түршесі




Сабақ

жерде

шығарыл-


ған





биіктігі,

CM


буынаралықтардын саны









барлығы

1-ші жеміс бе-

ретін бұршақ-

к,а дөйің


1

2

3

4

5

6





















Бұршақ

Дә н

Шаруашылық

және


биологиялық

белгілері мен

касиеттері


пішіні және төменгі үшы

бұршақтағы дәндердің саны, дана

1000 дәннің массасы, г

түсі



7

•8 9

10

11




і






Тақырып 8



МАЙ БҰРШАҚ (қытай буршақ)

Ботаникалық сипаттамасы.

Май бұршақ (Soja hispida Moench) бұршақ тұқымдасына, глицине туыстасына жатады. Бұл туыста 70тур бар, олардың, ең негізгісі — мәдени май бұршақ (Glycinehispida (Moench) Maxim).

Май бұрдіак - өсу-даму кёзеңі 75-200 күн, бір жылдық өсімдік.Өсімдіктің биіктігі 60-200 см. Сабағы қатты тік, кейде жатаған. Ол жіңішке 3-4 мм жөне жуан 16-20 мм болады. Жіңіідке сабақтысорттарынан көк балауса және пішен дайындалады, 6 жуан сабақтысы — тұқымға өсіріледі.Өсімдік жинақы, борпыддақ және жартьгаай тармакталған болуы мүмкін.Өсуі сипаты бойынша май бұршақ үш топқа бөлінеді.Аяқталмаған,. аралық және аяқталған өсу. Май бұршақ сабағытүктелген, сұр қоңырдан сарғыш- қоңыр түске дейін өзгереді.Өсімдікте 2 ден 6-ға дейін және одан да көп бұтақ бар.

* Жадырақтары кезектесіп келген, күрделі, көбінесе түкті, үштіктүрдегі. Жаггырақшалары созылыңқы, домалақша, жүмыртқа жәнежүрек тәрізді. Бірінші екі үштік жапырақтары кдрама-қарсыорналасады. Піскен кезде өсімдік жапырақтары сарғаяды және көптеген сорттарында түсіп қалады.



Гүл шоғыры яіашақ қүрайды. Олар жапырақ қолтығында орналасқан. ПІаіпақ бас қысқа, аз 3-6 гүлді және ұзын 13-20 гүлді болуы мүмкін. Тостағанша бес тостаған жапырақшасынан қүралады. Гүл күлтесі сұр, көктеген. Сорттарында ақ түстен жақүт түске дейін езгереді, Гүдце 10 аталық бар. Сабағы биік емес, сөл майысып келеді. Май бұршақ - өздігінен тозанданатын дакьш. Тозандану гүл шоғыры түзілгенше жүреді. Айқас тозаңдану өте сирек кездеседі

Май бүршак жемісі - бұршаққап. Бұршаққаптары тік, ииіген, орақ төрізді, жалпақ, түкті, сирек түксіз болып келеді. Мөлшері бойынша олар ірі 7-8 см, орташа 5-6 см және үсак. 3-4 см болып бөлінеді. Оның ені 0,5 см тең 1,4 см-ге дейін. Бұршаққап түстері -ақшыл-сұр, ақшыл-сары, сұр, қоңыр, ақшыл қоңыр, қара. Төменгі бұршаққаптың байлану биіктігі 2-3 см-ден 20-25 см-ге дейін.

Тұқымдары шар тәрізді, домалақ жалпиып келген, - бүйрек тәрізді және басқа пішінде. 1000 дәннің массасы - 100 ден 250 грамға дейін. Дән түсі сары, жасыл, қара, қоңыр, қара-қоңыр, жылтыр болады немесе бүжыр бетті. Сары және жасыл қабықты тұқымдарға өте күңгірт пигменттелу тән.



Биологиялық ерекшеліктері. Жарыққа талабы. Май бұршақ -күн үзақтығыньщ өзгергеніне өте сезімтал өсімдік. Май бұршақ солтүстік эқологиялық типтерге қарағанда қысқа күн өсімдігі. Бұл өсімдікке бір кезеңнен өту үшін бар болғаны бірнеше күн ғана қажет. Оның егістіктері солтүстікке қарай жылжығанда үзақ күк жағдайында өсімдіктің вегетациялық массасы артқанымен өсіп-даму кезеңі біршама үзарады.

Май бұршақ күннің үзақтығына ғана сезімтал емес, ол күн жарығының сапалық қүрамына да сезімтал. Спекгрдің ұзын толқынды қызыл сәулелері өсімдіктің кейбір кезеңге өту үрдістерін тежейді. ал қысқа толқынды сәулелер Бұл процееті тездетеді. Май бұршақ жарыққа сезімтал өсімдік болтандықтан,ол өсімдік жиілігіне қатты әсер етеді. Егістік тығыз болғанда өсімдіктің төменгі бұтақтарына жарықтың түсуі нашарлайды. Бұл жапырақтардың қараюына, соңында түсіп қалуына, өсімдіктегі бұршақ санының азаюына әкеп соғады.



Жылуға талабы. Май бұршақ тұқымы .6-7 градус-да өне бастайды. Бірақ мүндай температурада шыққан өскін біркелкі болмайды.

Май бұршақ өскіндері температураның 1-2 градусынан төмендеуін көтермейді, ал қалыптасқан өсімдік 2-3 градусқа аязға шыдамайды.



Топырақ температурасы 10-12 градус болғанда май бұршақ өскіндері 11-12 кунде, 14-16 градус болғанда 7-8 күнде, ал 18-20 градус болғанда 6-7 күнде. ал 22-24 градус болғанда 5-6 кунде жер бетіне шығады.

Май бұршақтың өсіп-дамуына ең қолайлы температура 21-24 градус. Вегетациясының бас кезіндегі жоғары температура 37 градустан жоғары өсімдік дамуын нашарлатады.



Май бұршақтьщ ерте пісетін сорттары үшін өсу-даму кезіндегі температура жиынтығы 1500-2000 град, орташа пісетін сорттарға 1600-2000 град, ал кеш пісетін сорттарға 2000-3000 градусқа тең.

Ылгалга талабы. Май бұршақтың өніп-өсу кезеңі тым қиын, өйткені бөрту үшін Құрғақ дән салмағынан 100-120 пайыз су қажет. Өсімдік массасы күрылғаннан кейін ол сирек Құрғақшылықты көтереді. Бұл жағдайда өсімдік өнімділігі төмендейді, Гүлдену кезеңінде май бұршақтың ылғалға талабы артады. Бұл кезде ылғал жетіслесе өсімдіктің вегетативтік өсуі тоқтайды, гүлдеу нашарлайды, гүлдер мен бұршаққаптар түсіп қалады, нөтижесінде өнімділігі төмендейді. Бегетациялық кезеңнін басывда және аяғында тамыр аймағында топырақтың тым ьыталды болуы дән өнімінің төмендеуіне әкеп соғады. Бұл уақытта май бұршақ тәулігіне 310-360 г су буландырады, ал көктеуінен гүдденуіне дейін 115-170 г. Ылғалдың ең көп мөлшерін есімдік гүддеу және жеміс қүру кезендерінде пайдатанады.

Топыракка талабы. Май бұршақ топыраққа талғамсыз. Ол кара топырақтарда жақсы өседі. Бұл дақылды калий, фосфор, азот сиякты қоректік элементгерге бай орташа байланысқан топырақтарда өсіру керек. Май бұршақты сортавдалған сортаң, күшті қышқыл, батпақтанған, қүмдық жөне қатты тығыздалған топырақтарда өсіруге болмайды. Май бұршақ үшін топырақтың

қолайлы реакциясы рН 6-6,5, бірақ ол топырақта рН 6-8-ге дейін көтеруі мүмкін. Жоғарғы қьшіқылдьілық (3-4-ке дейін), немесе сілтілік (8,5-9,7) өсімдіктердің жойылуына әкеп соғады.

Түр тармақтарының белгілері және оларды анықтау
Бұрынғы БӨШИ-ның жіктеуі бойынша Glicine wild туыстасы үш туыс тармақтарына бөлінеді: май бұршақтың барлық өеіріліп жүрген сорттары Soja (Moench) Maxim туыс тармағына. G.soja Siebold et zucc. түріне жатады. Бұл түр бес түр тармақтарына бөлінген.

1.ЖАБАЙЫ ӨСЕТШ НЕМЕСЕ УССҰРИЙ ТҮР ТАРМАҒЫ

Бұл түр тармағындағы өсімдіктердің сабағы жінішке, бүралаңқы, жатаған. Түктенуі сарғыш-күнгірт, сирек сұр түсті. Жапырақтары үштік түрдегі, сирек 5-7 жапырақты. Жапырақтары домалақ, үшкірленгеннен ұзынша тәріздіге дейін өзгереді, ұзындығы 2-12 см, ені 0,5-5 см. Біз тәріздіден тікенек тәріздіге дейін өзгеретін қосалқы жапырақтарының ұзындығы 1,0-1,7 мм. Гүл шашақтары қысқа, колтықты,ұзындығы 6-21 мм, 4-7 бос орналасқан гүлдері бар. Гүлдері күңгірт, үсақ. Гүл астында орналасқан жапырақтар қандауыр тәрізді, ұзындығы 1-1,5 мм, ерте түседі. Тостағанша ұзындығы 3-4 мм, гүл тостағаншасының жапырақшасы түтік тәрізді немесе одан ұзын, оның үстіңгі жүбы ортасына дейін бітісіп өскен. Бұршаққабы 2-4 тұқымды, ұзынша, бүгілген, ұзындығы 12-26 мм, ені 5,5 мм, кара қоңыр, пісіп жетілуіне қарай сыңғыш. Тұқымдары үсақ, домалақ ұзынша келген, бүрыштары сүйірленіп келген, тегіс. 1000 дән массасы 30 грамға дейін. Тұқым қабығының түсі қоңырдан қара қоңырғадейін, кейде қараға дейін өзгереді. Тұқым жарнағы сары, жасыл түс береді. Иммуноэлектрофорез өткізгенде ақ уыздың 22 фракциясы хромосомның 40 (2п) бөлінеді.

Жабайы түрде өсімдік Қытайда, Монголияда, Қиыр шығыста, Корея жарты аралывда өседі. Май бұршақтың тур тармақтары 4 түршелерге бөлінеді: var soja - түктенуі қоңыр, жапырақтары 6 см, домаланып үішсірленіп келген: var maximovisi Enk - түктенуі қоңыр, жапырақтары 6,5 - тен 11 см ге дейін, ұзынша домаланып келген: var lanceolota Enk - түктенуі сұр, жапырақтары ұзынша-ланцет төрізді; Var ovata Enk — түктенуі сұр, жапырақтары кең домалақ немесе кең негізді шар тәрізді.

2. Жартылай мәдени түр тармағы Сабақтары мен бұтақтары өте жіңішке, ал биік өсімдікгерде діңгектен шашыраңқы тарауы мүмкін. Түктенуі сирек ақ немесе ақшыл сары, кейбір формаларында ол сабақтарыңда және жапырақтарында жоқ. Жапырақтары үсақ 5-7 см ұзындықта, ені 4-5 мм домалақ, сирек үшкірленген, жіңішке, нәзік, ақшыл-жасыл, кейде жасыл, жапырақ сабағы жіңішке, ұзындыш 7-19 см. Гүддері көгілдір, кейде ақ. Гүл шашақтары қолтықтық қысқа, 1-4 гүлді, орташа гүлділерде 7-14, Сабақтың үстіңгі жағында шашақтар дамыған. Бүршакқаптары қысқа (2-3,5см) және бүйірі жіңішке (5-7мм), беті жалпақ, иіліп келген, ақшыл сары, қоңырқай немесе қара түсті. Тұқымдары өте үсақ 1000 дәннің массасы 40-50 г, сопақша жалпиған, қоңыр, кдра немесе қоңыр түсті нашар бөртетіндері өте көп. Тұқымның үзыңдығы 5-7мм, ені 3,5-4 мм. Бұл түр тармағының түршелері Амурда, Маньчжурияда және ҚХР Орталық провинциясында тараған.

Белгілі жартылай мөдени түр тармақтарынан 4 түрше дамыған: var gracils- сабағы ұзын, жатаған, гүлдері күңгірт, тұқымдары қоңыр: var nano - сабақтары қысқа, өсуі аралық, гүлдері қызыл-күңгірт, тұқымдары қоңыр; var involutans - өсімдік бүралып өседі, сабақтары мен бұтақтары өте жіңішке, ұзын, бұтақтануы жоғары, гүддері күңгірт, тұқымы кара; var nagorans төмен өсетін өсімдік, гүддері ақ, тұқымы сұрғылт, қара қоңыр. Тұқымында 15-17 пайыз май, 42-46 пайыз ақ уыз болады. Бұл Қытайда, Амур бойында,Маньчжурияда және Орталық Қытайда дамыган.

3. Үнді- қытай түр тармағы

Бұл тармақ көп жағдайларда адамның әсерімен пайда болған. Өсімдіктің сабағы орташа биіктікте немесе өте биік 2 м-ге дейін, Сабағы мен бұтақтары жіңішке, жапырылуға бейімді. Жапырақтары үсақ ұзындығы 7-9 см, орта түсына қарағанда үстіңгі Жопырақтары үсақтау, жапырақтануы өте жоғары. Гүл шашақтары қыекд аз гүлдіден, ұзын көп гүддіге дейін өзгереді. Бұршаққабы қысқа немесе орташа (3,5-5 см), ені тар (5-8 мм) және орташа болады. Тұқымы үсақ (1000 дәннің массасы 45-140 г), ортаіда және ірі тұқымдар кездеседі. Көптеген формаларының түсі қара келген. Түр тармаққа 28 түрше енеді.

Аз медени формалары май мөлшерінің аздығымен (6,5-18,7 пайыз) жөне ақ уыздың көптігімен (39-44,2 пайыз) ерекшеленеді. Ірі тұқымды формаларында 18,5-22,0 пайыз май, 38,5-42,5 пайыз ақ уыз болады. Бұл түр Үндістанда, Қытайда, Үнді Қытайда, сирек Кореяда, Жапонияда, ТМД елдерінде және АҚШ-та кездеседі.



4. Манчжур түр тармағы

Сабағы орташа (60-95 см) немесе биік (100 см-ден жоғары).


Вегетациялык кезеңі 80-100 күн, бірақ орташа пісетіндері басьгм,
бұтақтануы орташа немесе жоғары. Сабағының жуандығы орташа,
кейде жіщшке. Өсу түрі арадық. Гүл шашақтары қысқадан
орташаға дейін аз гүдді. Бұршаққаптары мөлшері бойьшша орташа,
ұзын (4-5 см) жөне жалпақ (9-11 мм), қысқалары да кездеседі.
Тұқымдары орташа ірілікте, сирек ірі болады, үсақтары да бар
(1000 дәннің массасы 110-260 г). Тұқымдарында 23-24 пайыз май
және 39-42,5 пайыз ақ уыз болатын дәнді түрлері басым, 26 түрше
кіреді. Бұл түр тармақ АҚШ-та, Канада да, Балқан түбегінде, Қиыр
Щығыста және ТМД елдерінің май бұршақ себілетін аудандарында
өсіріледі.

5. Корея түртармағы

Түр тармақтың формалары мен сорттары кеш және өте кеш пісетіндер 140-тан 180 тәулікке дейін. Бойы төмен болып өсетіндер ішінде ерте және орташа пісетін сорттар 90-130 тәулік кездеседі. Өсімдіктің биіктігі 60-110 см, бірақ бүдан аласалары да кездеседі. Сабақтары мен бұтақтары жуан, дөрекі және өте дөрекі, орташасы да бар. Көптеген формаларында үстінгі бөлігінде сабақ жіңішкелеу болады. Сабақ үсті түйықталған, аралық та кездеседі. Сабақтың ұшы байқалмайды, өйткені сабақ шауып тасталынған еиякты, көп гүлді шашақ дамыған. Жапырақтары ірі, ұзындыга 11-15 см, ені 7-10 см. Жапырақ сабағы орташа 12-18 см. Жапырақ пішіні кеңжүмыртқа терізді. Түкгенуі орташа және сирек, ақшыл, ақшыл - сарғыш немесе сары, тығыз түктену кездеспейді. Гүддері ірі. Биік формаларының шашақ басы ұзынша келген, кек гүлді, немесе ұзынша келген орташа гүлді (8-28 гүдді). Жоғары шашақ басы жақсы дамыған, гүлдері 6-34. Ергежейлілерінде шашақтар аз гүлді, немесе қысқартылған орташа гүлді. Бұршақтары ірі, кейде орташа 4-5,5 см, жалпақтары басым 11-14 мм. Екі түкымды бұршаққаптар басым. Көптеген формаларында үш тұқымды болмайды, формалар бұршақтың жарылып кетуіне бейім. Олардың түрі сарғыш-қоңыр, немесе, ақшыл сары. Тұқымдары ірі және өте ірі, ұзындығы 8-11 мм, ені 7,5-9,5 мм, қалыңдығы 6,5-8 мм, 1000 дәннің массасы 210-450 г, үсақтары сирек кездеседі. Пішіні сопақша, шар тәрізді, түсі әр түрлі, көбінесе сары. Майдың мөлшері темен немесе орташа 17-20 пайыз, ақ уыз біршама жоғары немесе орташа 39-43,5 пайыз 10 түрше кіреді.



Түр тармағы Кореяда, Жапонияда, Қытайда, Үндістанда, Батыс Грузияда тараған.
Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет