Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситеті



бет4/20
Дата03.02.2017
өлшемі11,57 Mb.
#8730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Бірінші дәріс

Дәннің «Кіріспе»
Ауылшаруашылығы дақылдардың сорттарын жетілдіруде, олардың генетиппен бақыланатын өнімін анықтауда, жеке ұрпақты және популяцияны генетикалық бағалау тәсілдерін көрсетуде генетика - селекцияның теориялық негізі болып саналады

Белгілердің тұқым қуалауы мен өзгергіштік заңдылықтарын игеру аурулар мен зиянкестерге және ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді сорттарды шығаруда селекциялық процесті жетілдіреді.

Ауылшаруашылығы дақылдардың селекциясында полиплоидияны, мутагенезді және будандастыруды кеңінен қолданады.

Ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыруда селекция және тұқым шаруашылығының маңызы өте зор. Жергілікті жағдайға бейімделген жоғары өнімді сорттар мен будандарды өсірудің нәтижесінде өндіретін дақылдардың өнімділігін 40-50 және одан да жоғары процентке көтеруге болады.

Селекция (латын тілінен аударғанда selectio - сұрыптау немесе іріктеу) - жаңа сорттар мен будандарды шығарумен айналысатын ғылым.

Алғашқы кезде жаңа сорттар шығаруда тек сұрыптау әдісі қолданылған.

Қазіргі кезде селекцияда сұрыптаумен қатар: будандастыру, полиплоидия, мутагенез, биотехнология сияқты басқа да әдістер кеңінен қолданылуда. Селекционердің жоғарғы мамандықтарын қажет ететін генді инженерия, гаплоидты селекция сияқты әдістерді пайдалану қазіргі күні басты бағытқа айналуда.

Сондыктан селекционерлер клетканың ішкі құрылысын (цитологияны), тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті (генетиканы), өсімдікте болатын ішкі құбылыстарды (физиологияны), аурулар мен зиянкестерді (фитопатология, энтомологияны), өнімді сақтау, өңдеу технологиясын жақсы білумен қатар, маТақырыптиканы, химияны, өндіріс экономикасы мен ұйымдастыру негіздерін білулері қажет.

Селекция жұмысының ғылыми-теориялық негізі тұқым куалаушылық пен өзгергішті зерттейтін ғылым генетика болғанымен, селекция өз алдына дербес (жеке) ғылым.

Ол жаңа организмдерді шығаруға келетін ерекше әдістерге (жүктенеді) сүйенеді.

Ертеден, оның ішінде ғылыми селекция кезеңінен бастап, адамзат: қысқа, суыққа, қуаңшылыққа, аурулар мен зиянкестерге төзімді шаруашылыққа құнды белгілері бар жаңа сорттарды шьгғару және өндіріске енгізуте өте көп көңіл бөлген.

Қазіргі уақытта бүкіл дүние жүзіндегі егістік алқабының 100% - жуығы селекционерлердің еңбегінің арқасында алынған сорттармен себілген.

1. Қашанда болмасын, ауыл шаруашылығына егілетін дақылдарды өсіру технологиясының басты жуйесі сорт болып саналады. Тек жергілікті жағдайға бейімделген, жоғары өнімді сорттар мен будандарды өндіріске енгізудің арқасында ғана ауыл шаруашылық дақылдары өнімдерін 40—50, тіпті 80 процентке дейін арттыруға болатындығы ғылыми тұрғыдан анықталып, тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр.

Сондықтан селекционерлер алынған өнімді сақтау, өңдеу технологиясын жақсы білулерімен қатар, сорттарға қойылатын шарттар мен талаптар мөлшерін карсету жұмыстарын жете игерулері қажет.

Өсімдік селекциясы тұқым шаруашылығымен өте тығыз байланысты.

Тұқым шаруашылығы селекция жетістіктерін өндіріске тез енгізіп, барлық шаруашылылықтардың егісгік көлемін жоғары сапалы сорттык тұқымдармен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығының арнаулы саласы.



Селекция мен тұқым шаруашылығының басты мақсаты — ауыл шаруашылыгы дақылдардың жоғары өнім беретін жаңа сорттарын шығарумен қатар, себіліп журген сорттарды да онан әрі жетілдіру, жаңсарту және шаруашылықтарды жоғарғы сапалы түңымдармен қамтамасыз ету.

2. Бұл жұмысты іске асыру, тек ғылымның әр түрлі салаcында жұмыс істейтін ғалымдардың күшін қосып, ТМД елдеріндегі селекциялық орталық ұйымдарын біріктіргенде ғана іске асуы мүмкін.

Осы ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап, елдің көптеген аймаңтарында селекционерлер классикалық іріктеу (жекелеп және жаппай іріктеу, кейініректе Бұлармен үйлестіре отырып жыныстық будандастыру, әсіресе алыстан будандастыру) әдістерін пайдаланып, ауыл шаруашылығы дақылдардың сорттарын шығару ісінде үлкен де жемісті жұмыс жүргізгені мәлім. В. С. Пустовойт іс жүзінде дәншіктерінің құрамында 50—60 процент май болатын күнбағыс буданының жаңа түрін шығарды. Астықтағы белоктың жоғары қүрамын сақтай отырып, II. П. Шехурдин, В. Н. Мамонтова, И. Г. Калиненко, В. Г. Кириченко, Р. А. Оразалиев шығарған бидай сорттарының өнімділігі екі есе өсірілгені белгілі.

3. Алайда, басқа да көптеген елдердегі секілді бізде де ауыл шаруашылық өндірісі қоршаған ортаның әр түрлі қатерлік құбылыстарының әсеріне ұшырауда. Астық дақылдарына бүгінгі уақытта ең үлкен қауіп төндіретін: тамыр шірігі, фузариоз, септориоз, гельминтоспориоз, әр алуан баздану түрлері өріс алуда.

Кейбір аймақтарда фузариоз эпифитотиясы пайда болуда. Оны тек толерантты сорттар шығару, ауыспалы егіс пен себу мерзімін қатаң сақтау, әрі тұқым мен егістікті осы заманғы қорғау құралдарымен уақтылы баптау арқылы ғана еңсеруге болатындығына көз жетті. Осындай жағдай ескеріліп, еліміздің сұрыптау мекемелерінде төзгіштікке бағдарланған сұрыптау жөнінде батыл қадамдар жасалып отыр. Бұл бағытта қазірдің өзінде жүзеге асырылган азды-көпті дүниелер бар. Төзгіштік белгісі бойынша бірнеше ондаған жаңа сортты, алдымен астық дақылдардың сорттарын, төзімді топқа жатқызуға болады. Жаздық бидай сорттарының ішінде Альбидум 28, Саратовская 55, ІДелинная 26, Целинная 60, Целинная юбилейная, Светлана, Оренбургская 10 өзінің Құрғақшылыққа мейлінше төзімділігімен, Жигулевская, Родина, Новосибирская 67, Везенчукская 137, Гордеиформе 53 кейбір патогендерге төзімді қасиеттерімен ерекшеленеді.



Айталық күнбағыстың жаңа сорттары мен будандарының бір тобының үш-бес патогенге жан-жақтың төзгіштік қасиеті бар. Склеротиниоз, фомоз және басқа ауруларға төзімді күнбағыс желісін шығаруру бағытында зерттеуйер өрістетілуде.

Люпиннің фузариозға, күздік бидай мен тарының күйеге төзімді сорттары тұңғыш рет шығарылды.

Әлемнің агрометеорология орталықтары кұрғақшылық кұшейеді деп болжауда,демек құргақшылықтың әлемнің әр түрлі аймақтарын, соның ішінде біздің аймақтағы көлемді аумақты қамтымай қалмасы анық. Мұның бәрі қарап келгенде құрғақшылыққа төзімді сорттар шығарудың жаңа тәсілдерін табанды түрде іздестіруге мәжбур етері анық. Өнімділігі жоғары


әрі құрғақшылыққа төзімді түрлердің жоқтығынан, бұл
бағытта тез арада жетістіктерге жете қоюдың мүмкін
еместігін тәжірибе көрсетті.

1 - т а р а у

ӨСІМДІКТЕР СЕЛЕКЦИЯСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Екінші дәріс

Дәннің «Селекция ғылымының даму тарихындагы негізгі кезеңдер»

2.1 Байырғы халықтардың қарапайым селекцияеы.



2.2 Халықтық селекция

2.3 Өнеркәсіптік селекция

2.4 Ғылыми селекцияның пайда болуы.



Селекция ғылымының даму кезендері

Өсімдіктер селекциясы егіншілік ісімен бір мезгілде пайда болып, онымен бірге дамып келеді. Н.И.Вавилов атап көрсеткендей, егіншілік және өсімдіктер мәдениеті жалпы адамзат мәдениетімен катар дамыды.

Мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын шығару әдісінің даму тарихыңда төрт кезең бөліп көрсетуге болады: қарапайым, халықтық, өнеркәсіптік және ғылыми селекция.
2.1 Байырғы халықтардың қарапайым селекциясы. Ертедегі адамдар өсімдіктерді егіп, өсіруді үйренгеннен бастап оларды сұрыптап, тұкымын көбейте бастаудың кажетгігі туды.

Неолит дәуірінің өзіңдеақ адам мәдени өсімдіктер мен үй жануарларын өсіруде сұрыптау тәсілін пайдаланғаны мәлім. Мәселен, егіншілік мәдениеті пайда болған алғашқы кезде-ақ жұпыны, қарапайым селекция түрлерін пайдаланған. Оның тарихы мындаган жылдармен есептеледі.

Қоддан сүрыптауды бірте-бірте жетілдіре отырып, осы заманғы мәдени өсімдіктердің түрлері жасалды. Ертедегі адамдардың тұрғын жайларын қазу кезінде байкалғандай, өсімдіктердің көпшілігі тас ғасыры дәуірінде өсірілген немесе шамамен біздің арамыздан 10 мың жыл бұрын пайдаланылған. Соңғы жылдары Египеттегі казба жұмысы кезіңде жер астында 17 мың жыл сақгалған арпа тұқымы табылган.

Бізге жеткен мәліметтерде көрсетілгендей, ертедегі адамдарға селекцияның кейбір тәсілдері белгілі болған. Мәселен, Египетте біздің арамызға дейін селекцияның бірнеше карапайым әдісін білген. Колумел, Варрон, Катон, Феофраст шығармаларында біздің арамыздан 2 мың жыл бұрын селекция ісін қалай жүргізу тәсілдері айтылған.

2.2 Халықтық селекция. Егіншіліктің дамуы мен мәдениеттің өсуіне байланысты қолдан сұрыптау әдістері бірте-бірте жетілдіріле тусті. Сорттардың көпшілігі қолдан және жасаңды сұрыптау әдістерімен шығарылғандықтан, ауа райының қолайсыз жағдайларына жаксы бейімделген.

Жергілікті сорттар өзінің маңыздылығы және бағалылығы жағынан біздің еліміздегі селекциялық сорттармен теңесе алады. Олар селекциянын алтын қоры болып табылады.

2.3 Өнеркәсіптік селекция. Селекцияның даму кезендері қоғамдағы ендірістік күштердің дамуымен тікелей байланысты.

XVIII-ғасырдың аяғы мен ХIХ-ғасырдың басында капитализмнің даму кезеңі басталуына байланысты селекциялық тәжірибе үлкен қарқын алды. Еуропада және Америкада өнеркәсіптік тұқымдық фирмалар және ірі селекциялық-тұқымдық кәсіпорыңдар құрыла бастады.

Бұл кезенде өнерксіптік селекция кеңінен даму жолына шықты. өсімдіктердің дән байлау кезіндегі жыныс және жыныстық процесінің анықгалуы, өсімдіктердің қолдан ұрықтандыру және жаппай будан процесін зерттеу селекииялық тәжірибе үшін аса маңызды болды.

2.4 Ғылыми селекция. Селекцияның ғылым ретіңдегі дамуына XVIII-ғасырмен ХIХ-ғасыр арасындағы ғалымдар: Кельрейтер, Найт, Бербанк, Мендель, Римпау және бәрінен бұрын Дарвин еңбектерінің маңызы зор болды. Ч.Дарвиннің ілімі ғылыми селекцияның дамуына шешуші рөл аткарды, ол ұсынған органикалық дүниенін эволюциясы туралы ілім, селекцияның ғылыми базасы және оның алғашқы негізі болып каланды. Селекция туралы ғылым эволюциялық ілімге негізделген Н.И.Вавилов жазып кеткендей, селекция дегеніміз, өсімдіктер мен жануарларды калыптастыруға адамның араласуы болып табылады.

И.В.Мичурин селекционерлердің арасында бірінші болып, кажетті белгілері мен касиеттері бар сорттарды адамньщ саналы түрде жасай алатындығын көрсетті. Бұл жайды теориялық жағынан негіздей отырып, ол жеміс-жидек өсімдіктерінің көптеген сорттарын шығарып, мұны тәжірибе жүзінде дәлелдеді.

Дегенмен, селекция ғылыми пән ретінде XX ғасырдың басында ғана калыптаса бастады. Селекциялықт әжірибе мекемелерін құру және ұйымдастыру жұмыстарына орасан зор көңіл бөлінді.

Ертеден, оның ішіңде ғылыми селекция кезеңінен бастап, адамзат: қысқа, суыққа, қуаңшылыққа, аурулар мен зиянкестерге төзімді шаруашылыққа құнды белгілері бар жаңа сорттарды шығару және өңдіріске енгізуге өте көп көңіл бөлген.

Қазіргі уақытта бүкіл дүние жүзіндегі егістік алқабының 100%- жуығы селекционерлердің еңбегінің аркасында алынған сорттармен себілген. Ауыл шаруашылық министрлігінің мөліметтері бойьшша, 2001 жылы Казақстан Республикасында күздік бидай мен арпаның 70%, жаздық бидайдың 54%, картоптың 38% сорттары аудандастырылған.
2.5 Казакстан Республикасында селекция және тұқым шаруашылық жұмыстарын зерттеу

Казакстан Республикасында селекция және тұқым шаруашылық жұмыстарын зерттеулер:

- дәнді, дәнді бұршақгы, мал азықтық, майлы, жармалық жөне техникалық дақылдар бойынша екі селекциялық орталықтарда Солтүстік қазақстаңда, А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында, Шығыста, В.Р.Вильямс атындағы егіншілік ғылымы-зерттеу институтында,

- картоп және көкөніс дақыддары бойынша - Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында,

- жеміс-жидек және жүзім дақылдары - Қазақ, жеміс шаруашылығы және жүзім шаруашылығы институтында ғылыми-зерттеу,

- мал азықтық дақылдары - Қазақ мал азықтық және жайылым шаруашылығы галыми-зерттеу институтында және каракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында жүргізіледі.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс қазақстанда селекциялық жұмыстар күздік және жаздық бидайдың, арпаның және қонақ жүгері дақылдардың жаңа сорттарын шығаруда Красноводопад МСС және бұрынғы Алматының селекция станциясында 20-ы жылдары бастадды.

Алғашқы кезенде жаңа сорттарды шығаруда негізгі әдістің бірі жергілікті популяциядан жаппай сүрыптау әдісі бодды. Осындай жолмен бидайдың, арпаның, қонақ жүгерінің және күріштің: Грекум 433, Альбидум 22808, Красная звезда, Каскеленская, Прекоциус 143, Красноводопадская 246, Казахи-шалы, Дунган-шалы және баска да сорт популяциялары шығарыдды.

Казақстанда ауыл-шаруашылық дақылдардың сорттары мен будандарын шығаруда екінші кезеңде жергілікті популяциямен әлемдік коллекцияның үлгілерінің ұрықтық плазмаларын кең пайдалана отырып будандастыру әдісі қолданды. Осының нәтижесінде: Алматинская, Гибрид 57, Казахстанская 126, Алма-Атинская 236 және баска да синтетикалық сорттар мен будандар алынды. Бидайдің жаңа сорттарының өнімділігі гектарына 20-30 центнерге дейін барды.

Үшінші кезең

1960-1980 жылдары: Алма-Атинская 31, Богарная

56, Алма-Атинская полукарликовая, Красноводопадская 210, Красноводопадская 25, Казахстанская 3, Казахстанская 4, Әритроспермум 4, Шолпан, Байшешек, Береке 54 және басқа интенсивті сорттар мен будандар шығарылды.

Бұл сорттар жоғары өнімді, өсімдіктің кауіпті аурулар мен зиянкестеріне, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді.

Казақстанда академик Ф.Г.Кириченконың жетекшілігімен күзгі жүмсақ бидайдың қысқа сабакты жаңа сорт моделі жасалынды. Сол жұмыстың нәтижесіңде соңғы 30 жылда кұздік бидайдың 60-тан астам (Прогресс, Алма-Атинская 31, Алма-Атинсая полукарликовая, ОПАКС-1, Комсомольская) сорттары шығарыдды. Осы сорттарды шығаруда көрнекті селекционерлеріміздің Р.А.Оразалиев, Н.Л.Удольская, Т.Г. Зусманович, СИ. Нүрбеков, И.А. Нүрпеисов, Б.С. Қалибаев, О.Г. Шегебаев және т.б. еңбектері зор. Селекционерлерге биология лабораториясының мамандары: Ю.В. Перуанский, М.Г. Сейфуллина, Б.Т. Надиров, А.И.Әбуғалиева, Б.Ш. Әлімғазинова, КМ. Булатова, А.Т. Сарбаев, КК. Қожахметов, MA. Есімбековалар үлкен, айтарлықтай көмек көрсетті. Соңғы 20 жыдда жазғы бидайдың 30-дан астам сорты шығарылып, мемлекетгік сортсынауға берілді. Олардың ішіңде Казахстанская 4, Казахстанская раннеспелая, Казахстанская 10, Казахстанская 15, Лютесценс 90, Арай және т.б. сорттар аудандастырылып, кеңінен таралды. қазақстанда селекция және генетикалық зерттеулерінің нетижесіңде соңғы 10 жылда арпа дақылының: Сәуле, Жүддыз, Бота, Арна, Север 1 және сем сорттары шығарылып, аудаңдастырылды. Мұндай сорттар -Б.С.Сариев, М.С. Құдайбергенов, Н.Н. Жүңдібаевтар сиякты селекционерлеріміздің еңбектерінің нәтижесі.

Мемлекеттік сортсынауға күріштің сорттары Алтынай, Казахстанский 3, Коллективный 194, Дәмелі, Тон, Сейхун, Аш-16, Маржан 2 берілді, олардың Алтынай, Маржан жөне АШ-16 сорттары аудандастырыдды.

Казақстанның Оңтүстік, Оңтүстік-шығыс аймағында қант кызылшасы жақсы өнім береді. Осы дақылдың ЦКАЗ АК-44, КазМС-19, КазСИБ-14 сорттарын шығарып, оның тұқым шаруашылығын дамытуда, атап айтқанда қант қызылшасының тұқымын көшетсіз өсірудің технологиясын зерттеуде селекционерлеріміз І.Ә.Әбуғалиев, А.И. Бутенко, Л.А. Вихрева, М.Қ. Қожахметовтардың еңбегі зор.

Казақстанда жүгері будандарын шығаруда: Л.Л.Сейфуллин, С.С.Мамбетов, Н.Н.Потанова, Б.А.Алмаханов және т.б. селекционерлеріміздің еңбектері зор.

Қазіргі кезде республикамызда мал азығы үшін өсімдіктердің 50-ден астам түрлері өндіріледі. қазақ мал азықтық және жайылым ғылыми-зерттеу институты соңғы 20 жылда малазықтық өсімдіктерінің 38 сортын шығарды. Олардың кейбіреулері тек Кдзақстанда ғана емес Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Монголия, Болгария және т.б. елдерде өсіріледі. Көп жыддықшөтің сорттарьш шыгаруда Г.Т. Мейірман, В.С Петчунова, Е.Ш. Шаханов және т.б. селекционерлердщ еңбегі өте зор.

Мал азыктық дақыддары - изеннің-Алматинский песчаный 1, Бактөлеп; күйреуіктің-СЭН, теріскеннің - қызылқұм; қара сексеуіддің - Жансая сиякты жаңа сорттары шығарып және Казак, көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының селекционерлері: Е.И. Ившин, В.Ф. Красавин картоп сортының негізгі моделінің параметрін жасап, ыстыкқа, қуаңшылықка, жапырықтардың ерте қоңыр теңбіл және т.б. ауруларына төзімді: Азанда, Акжар, Ақкөл, Ақсор, Тамыр, Теңіз т.б. сорттарын шығарды.

Қазақстанда көкөніс дақылдардың сорттарьш шығару және сол сорттарды шығаратын мамандар дайындауда үлкен нәтижелі жұмыс жүргізген ғылымға еңбегі сіңген қайраткер П.М. Әренбург. Оның жетекшілігімен жиналған көкөніс және бакша дақылдардың өте бай бастапқы материалдарын селекционерлер пайдалана отырып, тек соңғы 10 жылда ғана 20-дан астам көкөніс және бақша дақылдардың сорттарын шығарды.

Селекция мен тұқым шаруашылығы жұмыстарын түбірімен жақсарту үшін селекциялық орталықтар құрылып: экономикалық өзара байланыс еддерінде ұзақ мерзімді ғылыми-техникальіқ қызмет бағдарламасы жасалған.

Осы заманғы селекцияның басты сипаты - ірі ғылыми-зерттеу мекемелеріне бірыңғай селекциялық бағдарлама бойынша бірлесе жұмыс жүргізу үшін мамандандыру және ұжымдарды топтастыру болып табылады. Мәселен, Мексикада жүгері және бидай сорттарын жақсарту жөніндегі халыкаралық орталық, ал Филиппинде күріш жөніндегі Халықаралық селекциялық орталык жұмыс істейді. Нидерландыда картоп селекциясы және тұқым шаруашылығы жөніндегі үлкен орталық ұйымдастырылған. 136

Барлык ғылымдағыдай, селекцияда осы кол жеткен жепспктермен тоқтап калмай, әр уақытта ізденісте болып, міндетті түрде жана әдістерді игеру керек. Осы жаңа әдістердің бірі биотехнология.

Біздің елімізде биотехнология саласын белсенді ұйымдастырушылар атақты ғылымдар М.Ә. Айтқожин мен І.Р. Рақымбаев. Осы атакты ғалымдар мектебінен өткен мамандар қазақстанньщ жоғарғы оқу орыңдарында және ғылыми мекемелерде жұмыс істейді.

Үшінші дәріс



Дәннің. Мәдени дақылдардың эколого-географиялық сисТақырыптикасы.

3.1 Ботаникалық сисТақырыптика және өсімдік формаларының өсу ерекшеліктері

3.2 Н.И.Вавиловтың эколого-географиялық сисТақырыптикасының схемасы

3.1 Ботаникалық сисТақырыптика және өсімдік формаларының өсу ерекшеліктері

СисТақырыптикалық бірліктің негізгісі - түр болып табылады. Бір түрге жататын дербес өсімдіктер ұқсас касиеттерге ие болып, өзара жеңіл будандасып, жемісті тұқым береді. Нақты жағдайда олар тіршілікке тез икемделіп, мұның нәтижесінде егіс себілетін ауданға жерсініп кетеді.

Ботаникалық сисТақырыптика түрлі таксономиялық бірліктің ұқсастығы, өзгешелігі және шығу тегі туралы мәлімет бергенмен, бұл тәжірибелік селекция үшін жеткіліксіз. Ботаникалык әр түрлілікке жататын бір өсімдіктің өзі түрлі геофафиялык жағдайда бейімделуіне байланысты: құрғақшылыққа, төмен температураға төзімділігі, ауруларға шалдығуы мен зиянкестерге бой алдыруы мен биохимиялық қасиеттері жағынан бір біріне ұқсамайды. Сонымен бірге екі формадағы өсімдік әр түрліге жатқанымен, биологиялық ерекшеліктерінің ұқсастығымен сипатталады.

Бір түрге жататын осімдік формаларыньщ биологиялық қасиеттері бойынша ерекшеленуіне байланысты селекцияда өте маңызды ұғым - экологиялық тип немесе экотип ұғымы қалыптасқан. ЭКО -ТИП (грекше eikos - үй, тұрғын жай, tipos - орын) өсімдіктің ұрпақ куалау тұрақтылығынан, топырақ-климат жағдайына және қалыптасқан тіршілікке бейімделген формасы.

Өсімдіктің өзара байланысын және қоршаған орта, экотиптердің қалыптасуы зандылығын зерттейтін ғылым - экология деп аталады.

Экология өсімдіктің үш экотипін анықгайды: ксерофит, гигрофит және мезофит, құрғақшылық жерлерде өсіп-өнуге бейімделген өсімдік - ксерофильді, ылғалы мол жерлерде өсетіңдер - гигрофильді, орташа (жеткілікті) ылғалды жерде өсетіндер - мезофильді деп аталады.

Селекциялық жұмыста табысқа жету үшін бір өсімдік формаларының түрлі топырақ-климат жағдайда өсу ерекшеліктерін білу аса кажет. Оған мынадай маңызды көрсеткіштер катысты:

  1. вегетациялык кезеңнің ұзақтығы;

  2. дамудың жеке кезендерінің өтуі - вегетациялық кезеңнің құрылымы;

  3. өнімді анықтайтын сандық белгілер, өнім құрылымы (дәннің саны мен салмағы және баскалары);

  4. вегетациялык, белгілері (сабақ ұзындығы, жапырағы түрлі зиянкестерге бейімділігі);

  5. құрғақшьшықтың түрлі формадағы көрінісіне төзімділігі (топыратағы, атмосферадағы көктемгі және жазғы төзімділігі);

  6. төмен температура әсеріне қатысы(күздік өсімдік үшін қысқа төзімділігі);

  7. гүлдену ерекшеліктері (ашық, жабық түрде, температура және ылғалдылығы бірдей емес жағдайда гүлдену түрлерінің өзгеруі);

8) зиянкес құрамының тегіне қарай аурулардың түрлеріне қоздырушыларға төзімділігі;

9) зиянкестерге төзімділігі;

  1. өнімді механикалық жинауға икемін анықтайтын: жатып қалмау, шашылмау белгілері бойынша төзімділігі;

  2. өнімнің биохимиялық құрамы (белок, кант, крахмал, май құрамының өзгергіштігі);

  3. ылғалды жағдайга қатысты дамудың ксерофильді, гигрофильді немесе мезофильді типтері.

Түрлі географиялык формадағы өсімдіктер әртүрлі жағдайда өсіп-өнуіне байланысты экологиялық форма ретінде сүрыпталу жолымен бейімделеді. Сондықтан географиялық формалар экологиялық формалар ретінде каралады.

Дарвин іліміне толык, сәйкес келген эколого-географиялық сисТақырыптика, мәдени өсімдіктердің түрлі географиялық жағдайда эволюциялық өсуі адамның өндірістік кызметімен: сұрыптау және өсіру ісімен байланысты.

Мәдени өсімдіктердің эколого-географиялық сисТақырыптикасы негізін қалаған - академик Н.И.Вавилов. Ол эколого-географиялық топтарға қарай түрлердің дифференциациялық заңдылығын анықтады. Әрбір эколого-географиялық топ барлық дақылдар үшін біріңғай табиғат-географиялық жағдайда сұрыпталу әсерінен қалыптасқан белгілердің ұқсастығымен сипатталады.
3.2 Н.И.Вавиловтың эколого-географиялық сисТақырыптикасының схемасы

Н.И.Вавилов эколого-географиялық принципке негізделген мөдени дақылдардың ішкі түрлі сисТақырыптикасының схемасын ұсынды:

Түр

Эколого-географиялық түр

Ботаникалық әр түрлілік

Формалар мен сорттар

Эколого-географиялық сисТақырыптика селекционерге мәдени өсімдіктердің орасан сан алуандарының ішінен қажетті формалар мен сорттарды іздеп табуга мүмкіндік береді.


Төртінші дәріс
Дәннің Мәдени өсімдіктерідің шығу орталығы және қалыптасуы

4.1 Н.И.Вавилов ашқан мәдени өсімдіктердің 8 негізгі орталыктары

4.2 ВАСХНИЛ академигі П.М. Жуковский ашқан мәдени өсімдіктердің 4 негізгі орталыктары

4.3 Генетикалық туыстас дақылдардың жабайы өсетін түрлерінің эндемдік географиялық микроорталықтары. (Кішіорталықтары).

4.1 Н.И.Вавилов ашқан мәдени өсімдіктердің 8 негізгі орталыктары

Н.И.Вавилов дүние жүзі өсімдік ресұрстарын зерттеу нәтижесіңде мәдени өсімдіктердің шығу орталығы туралы ілім жасады. Ол жер шарында мәдени өсімдіктердің әр түрлілігі мен шығуына байланысты 8 негізгі орталыкты: Кытай - Жапон, Үңдістан, Орта Азия, Азияның алдыңғы жағы, Жерорта теңізі, Абиссина, Орталық Америка, Оңтүстік Американы бөліп алды.

ВАСХНИЛ академигі П.М. Жуковский Н.И. Вавилов идеясын одан әрі дамытып, мәдени өсімдіктердің шығуы және калыптасуының 12 орталығын (Австралиялык, Африкандық, Еуропа - Сібірлік және Солтүстік Американдық) ашты.

1. Қытай-Жапон орталығы. Екі генетикалық орталықтың алғашқысы қытайлық болып саналады. Жапондық генетикалық
Орталык. қытайлықтың әсерінен кейін пайда болған. Қытай орталығы жеміс түрлері жөнінен бірінші орын алады. Жапоңдық күріш өзінің бастауын осы жерден алады. Бұл дүние жүзілік егіншілік және мәдени өсімдіктердің шығуының ірі орталығы. Мұнда тары, каракүмық, қытайбұршақ, кенеп, бүйракендір, көкөніс, эфирмайы, бояулы жөне дәрілік өсімдіктердің түрлері бар.

  1. Индонезия - Үнді-қытай орталығы. Мұнда күріштің жабайы тетраплоидты түрі, сондайақ егістік япандық түр тармағы, кокос, саго пальмасы, манго және нандық ағаштың бастапкы генетикалық орталығы орналаскан.

  2. Австралиялык орталық. Австралияда мақта өсімдігінің эндемиялық тоғыз түрі табылған. Мұнда табиғатта кездесетін әр эвкалиптің 605 түрінің 500-нің бастапқы шығу орталығы, қарақаттың көптеген түрі және шырын өсімдікті дақылдар, темекінің 21 түрі бар.

  3. Үндістан орталығы. Бұл күріш пен кұрақ қантының отаны, осы жерден нүг, күнжіт, кенеп, үнділік зығыр, көптеген көкөніс, эфир май, бояу және дәрілік өсімдіктер өндіріліп шығарылған.

  4. Ортаазиялық орталық. Бұнда жұмсақ бидайдың көп түрлері дәңді бұршақтылардың маңызды тұрлері - бұршақ, жасымық, ноғатық, нут және бадана өседі. Көптеген майлы өсімдіктер - қына, зығыр, кориандр осы орталыктан тараған. Осы орталықтардың бірінде жоғарыдағы көрсетілгеннен басқа мақсары, кұнжіт, сәбіз, пияз, сарымсақ сияктылар өседі.

  5. Азияның ілгері орталык жағы. Күнгей Кавказда жер шарында бар бидайдың 28 түрінің 18-і табылған, оның ішінде 8 -зі еш жерде кездеспейді. Бидайдың белгілі 650 түр бөлігінің 200-ден астамы Армениядан ашылған.

Кіші Азия мен күнгей Кавказ - негізінен қара бидайдың отаны. Бұл жерде көк жоңышка, люпин, эспарцет, сиыржоңышка және кауынның бірнеше түрі өседі.

7. Жер орта теңіз орталығы. Мүнда қатты бидайдың бірқатар тұр тармақтары, полба, қияқ, сиыржоңышқа, қызылша
топтастырылган. Бұл аудан бидай мен дәнді бұршактылардың екінші
орталыгы болып саналады.

8. Африкандык орталық. Мұнда бидайдың ботаникалық өзіндік ұлгілері топтастырылған. Қатты бидайдың бай үлгісі ерекше білінеді.
Бұл орталықтан абиссин сұлысы
- табылған. Бұрын белгісіз болтан және баска жерде кездеспеген арпаның 16 түрі өседі, оның сары, көк, кара және көкшіп дәні табылған.

Осы өлкеде зығырдың көптеген үлгісінің шығуының автономды орталыгы бар, ол тек тұқымға пайдаланылады, олардан ұн дайыңдалады. Эфиопия көптеген баданалы дақылдардьщ бұршақ, нүг, жасымық, ноғаттық, люпин өсетін орталыктарының бірі.

Қонақ жүгерінің барлық түрлері Африкадан бастау алады.

Африкандық мақта, африкандық күріш, қарбыз, құрма пальмасы осы жерде шығады.
4.2 ВАСХНИЛ академигі П.М. Жуковский ашқан мәдени өсімдіктердің 4 негізгі орталыктары

1. Европа - Сібір орталығы. Бұл аймақ қант қызылшасының бірінші және екінші шығуорталығы, қызылбас беденің бастапқыгенетикалық орталығы болып табылады. Мұнда жоңышқаның біркатар түрлерімен тұр тармағы, Амурлық жүзім, жабайы алма,
жабайы алмұрт шығады.


Россияның солтүстік батыс бөлігінде салалы зығырдың тарихи - алғашқы генетикалық орталығы қалыптасқан. Кубань жерінде селекциялық потенциялы жоғары күнбағыстың бірден-бір генетикалық орталығы орнатылған.

2. Ортаамерикан орталығы (Мексика, ГваТақырыпла, Коста-Рика, Гондурас, Панама). Бұл жүгері және соған жақын жабайы түрлері теосинте мен трипсакум дакыддарының негізгі орталығы. Үрме бұршақ пен аскабактың американдық, картоптың жабайы түйнек тәрізді түрі осы ортада қалыптасты. Осыдан тараған мақта егісі дүние жүзілік мақта шаруашылығының негізін құрады.

3. Оңтүстік американдык (Андылык) орталық Перуде күнбағыстың оңтүстік американдык,топтарының 17 бұта түрлеріөсетін бастапқы генетикалық орталығы бар.

4. Солтүстік американдық орталық. Бұл аймақта күнбағыстың 50-ге жуық шөптес түрлері, картоп пен темекінің бірнеше жабайы түрлері, жабайы люпиннің 40-ка жуық түрі, мақта егісінің жабайы бір түрі бар, осы дақылдардың бастапқы генетикалық орталығы. Солтүстік Америкада жүзімнің бастапқы генетикалық орталығы болып саналады.

Генетикалык туыстас дакылдардың жабайы өсетін түрлерінің эндемдік географиялык микроорталыктары. (Кіші -орталыктары).

Өте ірі және ірілеу орталыктар құрылуымен қатар, П.М. Жуковский кішілеу орталықтардың да құрылуын анықтады. Олар бұрынғы бастапқы орталықтардың қалдығы немесе жаңадан орнаған генетикалық орталықтар еді. Олардың аралдары мүлде аз. Кіші орталықтар, оқшауланған немесе өзіңдік блок жасайтын аралас топтардан тұрады.

Кіші орталықтардың пайда болуы сірә, оқшауланудың әсерінен өсімдіктердің ішкі түрлерімен дифференциалдануы. Мәселен, қарабидайдың туыстасы Азияның ілгері жағында шығады. Бірақ, Оңтүстік Африкада олардың кіші орталығы табылған (Secale africanum Stapy), ол басқа еш жерде кездеспейді. Бұл тамырдан тарайтын көпжылдық өсімдік.

Эфиопия - жабайы капуста үлгісі шығатын кіші орталық. Ол күннің ұзақ болатын жағыңда өседі. Бұл жерде Абиссин сұлысы -өндемі табылған.

Бірінші және екінші орталыктары. Мәдени өсімдіктердщ пайда болу уақытына қарай Н.И.Вавилов оларды бірінші және екінші орталықтарға бөлген. Бірінші генетикалық орталықтар коне замаңда, екіншілері кейінірек құрылғандар. Олардың жасалуы тауар алмасудың әрістеуі мен егіншілік аудандар арасыңдағы қатынасқа байланысты болып отыр. Осы фактілердің өсері өсімдіктерді өсірудің жаңа өндірістік географиялық егіншіліктің дамуына жеткізді. Мутацияның шығуының нәтижесінде екінші орталықтағы өсімдіктердің түрлері арасында будандасудың пайда болуы анықалады.

Н.И. Вавиловтың мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары туралы ілімінің тұқым қуалаушьшық өзгерістер мен өсімдіктер жуйесіндегі эколого-геофафиялық принциптерінің ашылған зандары селекционерлер үшін маңызы зор болды. Н.И. Вавилов бағалы қасиеттерді едәуір дәрежеде қайдан іздеуге болатынын айтқан.

Бір туыстыққа жататын түрлер, түршелер және формалардың генетикалық жүйсдегі орналасу ұқсастығы сондай, бір түр қатарында болатын өзгерістердің осы туыстықка жататын екінші бір түрде де болатының Бұлжытпай табуға болады (Н.И. Вавилов).

Соңғы уақытта мәдени өсімдіктердің пайда болуының үшінші ортальпының бар екендігі жайлы айтылуды. Бұған мындағын жаңа мутацияларды будандастыруға тәжірибе ретінде алып пайдаланылатын ірі селекциялық орталықтардағы өсімдік түрлерін айтуға болады.

Осы байкалган заңдылықты Н.И.Вавилов 1920 ж тұқым қуалайтын өзгергіштіктің гомолоттық қатары аты заң ретіңде құрастырады. Оның теориялық негізін Н.И.Вавилов қалады, бір катар маңызды тұқым қуалаушылық зандылықтары мен мәдени өсімдіктердін географиялык таралуын ашып, Н.И.Вавилов осімдіктердщ өзгергіштігін зерттеп, тұқым қуалаушы өзгергіштігіндегі гомологаялық қатары зандарын қалыптастырады. Осыған байланысты өсімдік түрлерінің жақыншылығын тұқым қуалаушылық өзгерісі ұқсас қатарларын соншалықты дәлділікпен білдіреді, бар түрінің шенберіңде үлгі катарын білу арқылы баска да түрлері мен туыстарының болуын белгілеуге болатынын дәлелдеп берді. Бұл заң селекционерлерге өсімдік түрлерінің өсуінің бүкіл генетикалық потенциялын толық анықгауға мүмкіндік береді.

Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің гомологтық қатарларының заңының маңызы сондай, оны Менделеевтің периодтық сисТақырыпсымен теңестіріледі.

Өсімдік шаруашылығы институтының негізгі мақсаты - жабайы осетін және мәдени өсімдіктердің ген қорын зерттеу және жинау болып табылады.

Сондықтан ғылыми-зертеу жұмыстары мына бағытта жүргізіледі:

  1. Үлгі бөлшектердің коллекциясын тірі күйінде ұстап, көбейту және оны қоймада ұзақ уақыт сақтау. Экспедиция арқылы тұқым мен тұқымдықты жинап, сатып алып немесе ғылыми мекелермен не болмаса шетелдің фирмаларымен айыр бастау.

  2. Жоғары өнімділік пен сапалықтың кайнар көзі ретінде және селекцияда пайдалану мақсатында коллекция үлгілерін мұқият зерттеу.

3. Ғылыми-зерттеу мекемелерін селекцияның бастапқы материалымен қамтамасыз ету.

  1. Мәдени өсімдіктердің физиологиясы, генетикасы, иммунитеті, тарихи дамуының және олардың эколого-географиялық мәселелерін дайындау.

Өндіріске ғылыми агрономиялық көмек көрсету.


4.3 Генетикалық туыстас дақылдардың жабайы өсетін түрлерінің өндемдік географиялық микроорталықтары. (Кішіорталықтары). Өте ірі және ірілеу орталықтар құрылуы мен қатар, П. М. Жуковский кішілеу орталықтардын да құрылуын анықтады. Бұлар бұрынғы ескі, бастапқы орталықтардың қалдығы немесе жаңадан орнаған генетикалық орталықтар еді. Олардың ареалдары мүлде аз. Кіші орталықтар, оқшауланған немесе өзіндік блок жасайтын аралас топтардан тұрады.

Кііш орталықтардың пайда болуы сірә, оқшауланудың әсерінен өсімдіктердің ішкі түрлерімен дифференциалдануы. Мәселен, қарабидайдың туыстасы Азияның ілгері жағында шығады. Бірақ, Оңтүстік Африкадан олардың кіші орталығы табылған (Secale afrikanum Stary), ол басқа жерде кездеспейді. Бұл тамырдан тарайтын көпжылды: өсімдік.

Эфиопия — жабайы капуста үлгісі шығатын кіші орталық. Ол күннің ұзақ болатын жағында өседі. Бұл жерде Абиссин сұлысы — эндемі табылған. Ол қос дәнекті бидай мен арпа егісін арам шөп ретінде зақымдайды. Канар аралында және Қызыл мүйіс республикасында жабайы қызылшаның үш түрі табылған. Олар зиянды құрттарға, церкоспоразға төзімді келеді Галалагос аралы томатты ендемдік жабайы түрінің кіші орталығы, қатты құрғақшылыққа өте төзімді келеді.

Әсіресе ендемді мақта егісінің кіші орталықтары көптеп саналады. Мысалы, Солтүстік-Батыс Мексикада, Калифорния жарты аралында және Калифорния шыганағында кіші орталықтардың блоктары табылған. Онда мақта егісінің жеті түрі бар. Аравия жарты аралының оңтүстігіндегі үш кіші орталықтарында құрғақшылыққа төзімді (селекцияда әлі пайдаланбаған) мақтаның жабайы түрлері табылған. Бидай мен картоптың кіші орталықтарының көптеген саны анықталған. Көптеген өсімдіктердің түрі шығатын кіші орталықтар бағалы материалдар алудың көзі болып табылады. Бұл кіші орталықтардан бидайдың, мақтаның, картоптың, тағы баска дақылдардың жабайы турлерін ерте кездің өзіндеақ будандастыруға пайдаланғанын көруге болады.

Бірінші және екінші орталықтары. Мәдени өсімдіктердің пайда болу уақытына қарай Н. И. Вавилов оларды бірінші және екінші орталықтарға бөлген. Бірінші генетикалық орталықтар көне заманда, екіншілері кейінірек құрылғандар. Олардың жасалуы товар алмасудың өрістеуі мен егіншілік аудандар арасындағы қатынасқа байланысты болып отыр. Осы фактілердің әсері өсімдіктерді өсірудің жаңа өндірістік географиялық егіншіліктің дамуына жеткізді. Мутацияның шығуы нәтижесінде екінші орталықтағы өсімдіктердің түрлері арасында будандасудың пайда болуы анықталды.

Тегінің алғашқы орталықтары мәдени өсімдіктердің әр турлі түрлері мен түр бөлігі үлгілері орталықтарында жиі үйлесімді келеді. Бірақ, сондайлық үйлесімді де болмауы мүмкін. Мысалы, бидайдың шығуының бірінші орталығы Кавказдың күнгей жағы. Мұнда туыстықтың көптеген түрлер саны мен әр түрлілігі бар, бұл шығу орталығы әр түрлі басқа орталықтармен үйлеседі. Эфиопияда әр түрлі үлгілері мен бидайдың түр бөлегі топтасқан, алайда бидайдың гексаплоидтық және тетраплоидтық үлгісін синтездейтін қылтаң шөптің болмауы себепті, бұл әр түрлілік орталыгы бидай шығуының бастапқы орталығы болып саналмайды.

Н. И. Вавилов ашқан бастапқы орталықтың алып жатқан жалпы территроиясы жер шары қүрғағының шамамен 1/40 бөлігін қамтиды. Мәдени өсімдіктердің 80% астамының шығыс жарты шарында бастапқы орталықтары бар, оның кемінде 20% Америка елдеріне келеді. Мәдени өсімдіктердің барлық түрінің жартысына жуығы Индия мен Қытайда өседі. Одардың басым көпшілігі Азияның ілгері жағы мен Орта жер теңіз елдерінде орналасқан. Маңызды екпе өсімдіктердің шығуының негізгі орталықтарына, біздің еліміздің, жақындығы, данді, азықтық жеміс-жидек дақылдардың көптеген жергілікті бағалы сорттарының дүрыс іріктей қалыптаусуына, кеңінен тарауына мүмкіндік тудырды.

Н. И. Вавиловтың мәдени өсімдектердің шығу орталықтары туралы ілімінің тұқым қуалаушылық өзгерістер мен өсімдіктер жүйесіндегі экология-географиялық принциптерінің ашылған заңдары селекционерлер үшін маңызы зор болды. Н. И. Вавилов бағалы қасиеттерді ендәуір дәрежеде қайдан іздеуге, қандай салада қуаңшылыққа төзімді үлгілерді табуға болатындығын және ерекше өнімді, ірі жемісті дәнді үлгілердің қайда топтасқанын, олардың үлгілерінің зиянкестерге қарсы тұра алатынын мықты сабан сабағы үлгісі бар екенін, жығылуға бой бермейтін, саңырауқұлақ ауруларына тұрақты төзімді келетіні жөнінде айтылған.



Соңғы уақытта мәдени өсімдіктердің пайда болуының үшінші орталығының бар екендігі жайлы айтылуда. Бұған мыңдаған жаңа мутациялрады будандастыруга эксперимент ретінде алып пайдаланылатын ірі селекциялық орталықтардағы өсімдік түрлерін айтуға болады.


Бесінші дәріс.
Дәннің Өсімдіктердің белгілері мен қасиеттері

5.1 Өсімдіктердің белгілері

5.2 Өсімдіктердің касиеттері

5.1 Өсімдіктердің белгілері

Өсімдіктің қайсы бір формасы немесе сорты болмасын, көптеген білгілері және касиеттерінің жиынтығымен сипатталады.

Өсімдік құрылымының морфологиялық ерекшелігі белгілер деп аталады.

Өсімдіктердің белгілері өлшеу, салмағын тарту және көзбен баға беру жолымен анықталады. Оларға өсімдіктің биіктігі, жапырағының саны мен көлемі, сабағының жуандығы, масақ пен сыпырғының көлемі, түйіндердің, тамыр жемісінің, жемістің формасы, дән ірілігі, өсімдік тұлғасы, масақгағы және сыпырғыдағы дәннің толықтығы, тұқым мен жемістің түсі және тағы басқалар жатады.

Өсімдік белгілерін шартгы түрде екі топқа белуге болады: сапалық және сандық.

Сапалық белгілер көз өлшемімен айыру арқылы анықтауға болатын айырмашылык,

Сандық белгілер деп, көз өлшемімен айыруға келмейтін оны, тек өлшеу, салмақтау, есептеу арқылы анықтауға болатын өлшемді айтамыз.

Қандай бір сапалық белгі болмасьш сандық сипат беруге болады, бірақ көп жағдайда көз өлшемімен анықтама беріледі. Егер көз өлшемімен бағалау жеткіліксіз болса, онда айырмашылық, сан өлшемі бойынша сипатталады. Мәселен, екі сортты салыстыру кезінде, бірі қылтанақты, екіншісі кылтанақсыз болса, бұл белгілер бойынша айырмашылық көз өлшемімен анықталады. Егер қылтанақты екі сортты салыстыру қажет болса, бұл белгілсргс сандық сипаттама беру қажеттігі туады. Кейде сандық жөніндегі белгілер бойынша айырмашылық көз өлшемімен анықталады. Мәселен, сабақтардың ұзындығын аныктау: биік орта, төмен; дәннің көлемін анықтау кезінде: ірі, орта, майда болып бөлінеді.
5.2 Өсімдіктердің касиеттері

Өсімдіктердің физиологиялық, биохимиялық және техникалық ерекшеліктерін олардың касиеттері деп атайды. Өсімдіктердің физиологиялық қасиеттеріне олардың құрғақшылыққа, суықка, қысқа, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі, жарыққа реакциясы, жоғары агрофонға, оның ішінде тыңайтқышпен суды пайдалануға икемі жатады. Биохимиялык қасиет есімдік бойында болатын түрлі заттардың сандық және сапалық белғілері: белок, крахмал, қант, май, эфир майы, витаминдер, алкалоидтар бойынша анықталады. Өсімдіктердің технологиялық касиеттері оларды өндірістік өндеуге байланысты анықталады: дәнді тартқан кезде ұнның шығу мөлшері, жабылған нанның көлемі мен көпсуі, арпа дәнінің экстрактивті заттар саны, мата тоқылатын дақылдардың талшықтарының техникалық мәліметтері жатады.

Сорт бағасының негізгі керсеткіші - оның өнімділігі. Ол осімдіктің коптеген шаруашьшық-биологиялық белгілері мен қасиеттерін біріктіретін күрделі байланыс болып табылады.

Организм өмір сүрген орта тұрақты болмағаңдықтан, бұрынғы белгінің қайта көрініс табуын модификация деп атайды. Тұқым қуалайтын өзгерістерді генетикалық өзгерістер деп атайды. Сапалық белгілер гендермен қатаң бақыланып, олар тұрақтылық сипат алып, дамуы сыртқы жағдайлардың әсеріне байланысты болмайды да, үзіліс сипатта болады. Сандық белгілер гендердің көп санымен айқындалып, катаң бақыланбайды, олардың дамуы сыртқы ортаның әсеріне өте бағынышты болғандықтан, үзіліссіз сипатқа ие болады.

Мәдени осімдіктердің туыстық және түрлік құрамы жағынан және олардың жабайы тектестерінің формалары сан алуан, олар көптеген белгілері мен қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Бұлардың көпшілік бөлігінің көрініс табу дәрежесі, әсіресе, шаруашылық-биологиялық қасиеттері, өсірілетін жерлер мен жағдайларға өте тәуелді болады.
II - т а р а у

СОРТ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ ӨСІМДІК СЕЛЕКЦИЯСЫНДАҒЫ БАСТАПҚЫ МАТЕРИАЛ

Жаңа сорттарды шығару үшін бастапқы материал қажет. Оны түрлі мәдени және жабайы өсімдіктерді пайдалану, будан жасау мен жасанды мутация тудыру арқылы алады.

Бастапқы материалдарды зерттеу және қолдану діктердің сисТақырыптикасы біліміне негізделген.
Алтыншы дәріс

Сорт туралы түсінік

Сұрақтар:

6.1 Сорты анықтау

6.2 Өндірісте сортқа қойылатын талаптар

6.1 Сорт анықтау

Селекциялық тұқым шаруашылығы жұмыстарын табыспен жүргізу үшін және ауыл шаруашылығы өндірісінде сорттарды дұрыс пайдалану үшін сорттың не екенін, сорт топтарының өзара ұқсастығы мен олардың бір-бірінен айырмашылығын білу аса маңызды.

Өсімдіктер сисТақырыптикасында «форма» және «сорт» бір ұғымды білдіреді. Бірақ бұл үғымдардың бірлестігі олардың арасындағы ботаникалық және экологиялық ұқсастықтарға қатысты. Алайда, сорттар мен ботаникалық формалар арасында түбірлі өзгерістер бар. Сорт адамның өндірістік қызметі арқасында шығарылады. Ол ауыл шаруашылығы өндірісінің құралы болып табылады.



Сорт деп, өнім түсімі мен енім сапасын көтеру мақсатында тиісті табиғи және өндірістік жағдайларда өсіру үшін сұрыпталған әрі көбейтілген мәдени өсімдірстердің шаруашылық-биологиялық қасиеттері мен морфологиялық белгілері бойынша ұқсас топтарын айтады.

Мынадай негізгі шарттарды атап өту қажет:

1) Сорт құрамына кіретін өсімдік топтарының шығу тегінде жалпыламалык бар. Ол бір немесе бірнеше өсімдік тұқымынан көбейтіледі.

2) Өсімдіктің бастапқы тегін көбейте отырып, шыққан тұқым шаруашылық-биологиялық қасиеттері мен морфологиялық белгілері бойынша сұрыптау жолымен алынады.

3) Сорт анық бір аймақтағы табиғат жағдайында өсірілу үшін шығарылады. Ол бір топырақ -климат аймағында жоғары өнім берсе, екінші аймақта ондай өнім бермеуі мүмкін.

4) Сорт нақты өндірістік жағдайда өсіру үшін жасалады және механикаландыруда қол жеткен деңгейге, егіншілік мәдениетіне сай болуы қажет.

5) Тиісті табиғи және өндірістік жагдайларда сорт тұрақты және жоғары сапалы өнім беруді қамтамарыз етуі тиіс.

Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттары шығу тегі бойынша және шығару тәсілі бойынша бөлектенеді. Шығу тегі бойынша олар жергілікті және селекциялық болып бөлінеді.
Жергілікті сорт деп, дақылдардың нақты бір жерде өсірілуіне орай ұзақ, табиғи және жасанды сұрыптаудың қарапайым әдістерімен жасалған сорттарды айтады. Түрлі дақылдардың жергілікті сорттарының үлкен бөлігі халықтың селекция процесімен алынған. Кептеген жергілікті сорттар шаруашылық-биологиялық қасиеттері бойынша сан алуан, сондықтан селекциялық сорттар шығару үшін, бағалы, бастапқы материал болып табылады.

Селекциялқ сорт деп, селекциялық ғылыми әдістері негізінде ғылыми-зерттеу мекемелерінде шығарылған сорттарды айтады. Олар морфологиялық белгілері және шаруашылық-биологиялық қасиеттері бойынша біркелкілі болуымен ерекшеленеді.

Сорт шығару тәсілі бойынша сорт — популяция, линияілық сорт, сорт-клон, буданнан шыққансорт, мутант сорты болып бөлінеді.



Сорт популяция айқас және өзін-өзі тозаңдандырудың нәтижесінде жаппай сұрыптау арқылы алынады. Олар тұқым қуалаушылығы жағынан біркелкі емес. Өздігінен тозаңданатын сорт — популяция көн ретте гомозиготты линиялардың қоспасы болып келеді, морфологиялык белгілері және шаруашылық-биологиялық касиеттері бойынша әр түрлі. Сорт — популяцияда айқас тозаңдану тұрақты: жүретіндіктен олар біркелкі болуымен ерекшеленеді.

Барлық өздігінен тозаңданатын жергілікті сорттар және айқас тозаңданатын дақылдардың сорттары сорт — популяцияға жатады.



Линиялық деп, өздігінен тозаңданатын дақылдарды жеке сұрыптау арқылы алынатын сорттарды айтады

Линиялық сорт — біртекті өсімдіктің көбеюі, сондықтан олар барлық белгілері мен қасиеттері бойынша біркелкі болады. Табиғи қайта тозаңдану, механикадық ластану және мутация әсерінен линиялық сорттар бірте-бірте өз қасиеттерін жоғалта бастайды.



Будан популяциясынан будандастыру және сүрыптау арқылы алынған сорттарды будандар деп атайды. Өздігінен тозаңданатын будан сорттары линиялық сорттарға қарағанда, оншама біркелкі болмайды. Кейде олардан қайта сұрыптау жолымен жаңа сорттар шығарылады. Барлық дақылдардың көптеген аудандастырылған сорттары будан болып табылады. Дәнді дақылдар арасынан күздік бидайдың – Алматинская полукарликовая,Жетісу, Таза, Алмалы, ОПАКС -18,Лютенсценс – 41, Бота, Мироновская 808; жаздық жұмсақ бидайдың Акмола 2, Астана, Казахстанская раннеспелая, Казахстанская 3, Казахстанская 6, Казахстанская 15, 16, Целинная 24, Целинная 3С, Целинная- юбилейная, Әритроспермум 3, Шорт.95 улучшен.; арпаның - Арна, Астана 2000, Медикум 85, Целинный 30,91,Гранал, Бота, Сәуле, Жұлдыз; сұлының – Битик, Скакун, Синельниковский 14; жүгерінің – Сары –Арқа, Целинный 160 СВ, Будан 237МВ. тарының — Аружан, Саратовское 6, Шортандинское 7.

Кейде будан популяциясынан тек бір ғана емес морфологиялық біртекті, бірақ биологиялық түрлі линиядағы түрлері таңдап алынады. Мұндай линиялардың біріккен ұрпағы көп линиялы будан сорттарды қүрайды. Бұған күздік бидайдың Одесса 51, жаздық бидайдың Московская 35, жаздық арпаның Донецк 4 және басқа сорттары жатады.

Сорт-клондар өсімдіктердің вегативті көбейетін түрлерін жеке сұрыптау жолымен жасалады. Сорт-клон өсімдіктің бір текті вегативті көбеюінен шыққан ұрпақ, сондықтан олар біркелкі болып келеді. Мұндай сорттар табиғи мутагенез әсерінен өзгеріске түседі. Картоптың сорт-клонына жататындар Зазерский, Скороспелка, Майкоп және басқалары.
6.2 Өндірісте сортқа қойылатын талаптар

Осы заманғы ауыл шаруашылық өндірісі сортқа жогары талаптар қояды. Олардың негізгілері мыналар:

1. Жыл сайын жоғары және түрақты өнім беруі, Сорт жоғары өнімді болуымен қатар, тыңайтқыш ендіруіге және басқа агро әдістерге кеткен шығынды өз түсімімен өтеуі қажет.

2. Даму барысында ауа райының қолайсыз жағдайларына төзімді болуы тиіс. Сорттар құргақшылыққа, төмен температурага қыстап шығу барысында қолайсыз жағдайларга (күздік және көп жылдық дақыл сорттары), төзімді болуы шарт. Бұл қасиеттер өнімнің тұрақтылығын анықтайды.



Аурулар мен зиянкестерді қоздырушыларға да төзімді болу керек. Оларға комплексті түрде төзімді сорттарды шығару осы заманғы егіншілікте бірінші кезекті мәселе.

Механикалық баптауға икемділігі. Бұл талаптар интенсивті технология бойынша баптауға арналған сорттарға қойылады.

Өнімнің жоғары сапасы. Сорттар себілу мақсатына қарай қажетті өнімді (белок, қант, крахмал, май, талшық) мол беруі керек.
Жетінші дәріс.
Дәннің Селекциялық процесс және бастапқы материал

7.1Селекциялық процесс

7.2 Бастапқы материал

7.3 Бастапқы материал түрлері

7.1Селекциялық процесс

Селекция мамандарының бастапқы материалдарды алудан бастап жаңа сортты мемлекеттік сынауга бергенге дейінгі барлық жүмыстар жинағын селекциялык процесс деп атайды. Селекциялық процесс кезінде қолданылатын шаралар жинағын, олардың мақсатына, қолдану тәсіліне қарап үш кезеңге бөлуге болады: Бастапқы материалды тандап алып құру, сұрыптау және сынау.

Бірінші кезеңде, селекционер алдына қойылган міндетке қарап, сол аймақтағы жергілікті және селекциялык немесе басқа аудандардан және шет елдерден келінген сорттарға жеке талдау жасап, оның ішінен қойылған мақсатка сәйкес келетін түрлерін таңдап алса, ол бастапқы материал ретінде қолданылады.Селекция материалдарын құрудың ен кең тараған және қолайлы әдістердің бірі - будандастыру.Бірақ будандастыру кейде тиісті бастапқы материалды бермейді. Себебі, көп түрлі сорттардың ішінде, керекті белгілердің болмауы мүмкін, немесе керекті жақсы белгі қолайсыз белгімен байланысты болуы мүмкін, ал олардың арасында кроссинговердің болуы өте сенімсіз.

Соңдықтан, баска белгілер жинағын сақтай отырып, бір белгіні кәдімгідей өзгертіп, бастапкы материалдар популяциясын мутация аркылы құруға болады.

Кейде, бастапқы материалдар популяциясы өсімдіктерге колхицинмен әсер етіп полиплоидияны құруға болады. Осы жоғарына аталган әдістер, әрбіреуі жеке немесе бір-бірімен тығыз байланысты түрде эсер етіп бастапқы материалдар популяциясын құруға болады.

Екінші кезеңнің (сұрыптаудың) мақсаты бастапқы материалдар популяциясынан көздеген мақсатқа сай келетін белгісі бар өсімдікті, оның тұқым қуалау қасиетінің нәтижесінде жаңа популяция құру әрине мұның өзі 5-7 ұрпақты керек етеді.Селекцияның үшінші кезеңі: алынған сорттарды сынау.

1-ші кезең. Селекцияның бастапқы материалдарын aлy. Селекцияның бастапқы материалдары т.б. (селекция жұмысының мақсатына сәйкес популяция құрылғанға дейін).

1кесте. Селекциялық процестің схемасы


X






Жабайы өсімдіктер

Сорттар популяциясы



селекциялық

Жергілікті

шет аудандық

Будандар Популяциясы


түр ішілік

түр аралық

алынған популяциялар


Мутанттар

полиплоидтар

2 –ші кезең Сұрыптау


Бірінші ұрпақ

Бастапқы популяция өсімдіктерін бағалап, көбейту үшін, өте жақсысын бөліп алу

Көбейту немесе келесі ұрпақтың

Популяциясын құру

Екінші ұрпақ

Құрылған өсімдіктер популяциясын бағалап, көбейту үшін ең жақсысын бөліп алу

Көбейту немесе келесі ұрпақтың

Популяциясын құру

Үшінші ұрпақ

Құрылған популяцисын өсімдіктерін бағалап, көбейту үшін, ең жақсысын бөліп алу

Көбейту келесі ұрпақтың

Популяциясын құру


3-ші кезең. Сынау

Бақылау

Конкурстық

Мемлекеттік
7.2 Бастапқы материал
Егістік өсімдіктерінің немесе мәдени өсімдіктерінің жаңа сорттарын шығаруға адам баласымен қолданылатын мәдени және жабайы өсімдіктердің барлык түрлерін бастапкы материал деп атайды.

Шығу тегіне байланысты бастапкы материаддарды мынадай топтарға бөлуге

болады: жергілікті материал,интродукция
Өздігінен қалыптасқан Қолдан қалыптастырылған
Халық селекция-сының сорттары Будандастыру
Селекциялық сорттар будандар Мутагенез
Жабайы түрлер Полиплоидия

Бастапқы материал белгілі бір аймакта құралады. Бұған ертедегі ескі сорттарды қосып айтады. Ол дұрыс емес. Ертедегі ескі сортты кезінде баска ауданнан енгізуі мүмкін.

Жергілікті сортка халық селекциясының немесе селекциялық сорттар жатады.

Интродукция деп - белгілі бір облыске немесе аймаққа, осы аймакта бұрын сонды өсірілмеген тұрлерді, сорттарды енгізуді айтады.

Өсімдікті жерсіндіру

Басқа жерде оніп шықкан осімдік үлгілерін пайдалану өсімдікті жерсіндіруге байланысты болады.

Жерсіндіру - (латынша introdustio - енгізу), осы жергілікті жерде бұрын өспеген осімдіктердің түрлері мен сорттарын баска бір елден немесе облыстан әкелінгенін айтады. Жүгері, күнбағыс, картоп, темекі, мақта сияқты дақылдарды Америкадан Шығыс елдеріне әкеліп жерсіндірудің нәтижесінде, осы елдерде жоғарьщағы дақылдар пайда болды. Батыс жарты жер шарының ашылуы өсімдіктердің жерсіндірілуіне жаңа дәуірді құрады.

Өсімдік селекциясы үшін жер өндірудің маңызы орасан зор.

Бастапқы материал қолдан (комбинациялық немесе синтетикалық селекция аркылы), химиялық, физикалық әсерлер (мутанттар немесе полиплоидтар алу) арқылы құралады.

Баска аймактан алып келіп енгізілген осімдік осы аймактың өсу орталығына жақсы бейімделуі мүмкін. Әрине ол осы өсімдіктің жерсінуіне немесе көндігуіне байланысты.

Жаңадан енгізілген материал екі жағдайда пайдаланылуы мұмкін:

1. Егер жаңа енгізілген сорт немесе буданның өнімі жоғары немесе жақсы бейімделген болса онда бірден өндіріске енгізу.

2.Сұрыптау және будандастырып алғашқы материал құру үшін.Осыған байланысты енгізген материалды қолдану бағытына қарай үш топка бөлуге болады:

  1. Жаңа өсімдік.

  2. Егілетін өсімдіктің жаңа сорты.

  3. Бар өсімдіктердің жаңа белгілерінің қоры.

Бастапкы материал құруға өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының маңызы өте зор. Себебі, осы институтта басшы болып істеген Н.И. Вавилов, дүние жүзілік мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын анықтаумен қатар, олардың жабайы тұрлерінің және мәдени түрлерінің тұқкымдарын бір жерге жинастырды, оларда құрған коллекциялар осы күнге дейін қолданылып келеді.

Мәдени есімдіктердің көп тұрлілігі және шығу орталықгарын аныктау жөніндегі еңбектерінің нәтижелерін 1926 жылы алғаш рет теория етіп құрылып, 1935 жылы оңделіп, толықтырып теория етіп жарияланды. Ол теорияның мағынасы былай:

1. Бастапқы материалдарды түрлері мен генетикалық топтарына қарай, морфологиялық, сисТақырыптикалық,
гибридиологиялық, цитологиялық
және иммунологиялык таддау жүргізу керек.

2. Мәдени осімдіктердің тараған орталықтарын анықтау.

  1. Ботаникалық түр тармақтарын, әр түрдің нәсілін және жалпы өзгергіштік жүйесін анықтау.

  2. Шығу орталықтарын анықтау үшін жабайы және мәдени өосімдіктердің алатын орны генетикалық туыстардың географиялық ортақ айырмашылықтарын білу.

Өсімдіктер түрлерін әсіресе мәдени осімдіктерді зерттей келіп, Вавилов жақын түрлердің, туыстардың өзгергіштік қатарларында ұқсастық бар екенін аңғарды. Кейбір белгілер немесе белгілер қатарлары әр түрлі туыстарда бірдей байқалатыны аныкталған. Мысалы, капуста туыстарда (шалғам, шалқан, тарна) селдерей тұқымдастарда (сәбіз) және т.б. тамырдың жуаңдауы.
7.3 Бастапқы материал түрлері
Селекцияда бастапқы материал деп, жаңа сорттарды шығару үшін пайдаланылатын есімдіктердің мәдени және жабайы формаларын айтады.

Бастапқы материал ретінде мыналар пайдаланылады:

  1. табиғатта кездесетін өсімдіктердің сан алуан формалары мен сорттары;

  2. селекция процесінде будандастыру жолымен және түрлі сыртқы жағдайлардың жасанды әрекетімен жасалған бастапқы материал болуы мүмкін.

Н.И.Вавилов атап көрсеткендей, селекциялық жұмыста табыска жету бастапкы материалды сұрыптаудан басталады.

Осы заманғы селекцияда бастапқы материал алу үшін қолданылатын негізгі түрлері мен тәсілдері мыналар:

1. Табиги популяция. Оған өсімдіктердің жабайы өсетін формалары, мәдени өсімдіктің жергілікті сорттары және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әлемдік коллекция сындағы үлгілер.

2. Бұдан популяциясы. Бұдан популяциясының екі түрі бар:

а) бір түрдегі сорттар мен формаларды тозаңдандыру арқылы алынған ішкі түрі; б) өсімдіктердің әр түрлері мен тектерін тозандандыру арқылы алынған (тұраралық және туысаралық) будандар.

  1. Өздігінен тозаңданатын линиялар (инцухт - линия). Өсімдіктердің айкас тозаңцануы селекция ісіңдегі бастапқы материал алудың көзі болып табылады. Олар өсімдіктерді көп рет еріксіз өздігінен тозандандыру арқылы алынады.

  2. Жасанды мутация және полиплоид формалары. Бастапқы материалдың бұл түрі өсімдіктерге радиация, химиялық заттар, температура және баска мутаген құралдарын пайдалану жолымен жасалады.


Дәннің «Сұрыптауда биотехнология әдістерін қолдану»

7.2.1 Биотехнология әдістері



7.2 .2 Сұрыптаудың дәстүрлі әдістерінің жаңа бағыгтары
7.2.1 Биотехнология әдістері
Мәдени өсімдіктерді бойына төзімділікті гендері мығым жабайы түрлермен будандастыру көбіне, сәтсіз аяқталып жүр, кейде сұрыптаушының куллі ғүмыры жетпейтіндей ұзақ жұмыс жүргізуді талап етеді.Сұрыптаудағы осындай осал тұстарды еңсеру, сұрыптаушылардың күш-жігерін, дәстүрлі әдістерді тиімді пайдалануға әрі жаңа әдістерді іздестіруге жүмылдыруды қажет етеді.

Мұндай жағдайда барынша ынта қойып, биотехнология әдістерін игерудің маңызы өте зор. Өсімдіктерді өзгерту, олардың трансгенді формаларын алу, теориялық тұрғыдан алғанда өзіміз күткендегідей нәтиже беруге тиіс. Моногенді белгілер бойынша қысқа мерзімде елеулі табыстарға жетуге болады, бұған әлемдік тәжірибе дәлел, Астық пен басқа өсімдіктердің топырақ тұздануына төзімді әрі гербицидтерге, антибиотиктерде, зиянкестер мен аурулардың жеке түрлерріне шыдамды формалары биотехнологиялық әдістермен қазірдің өзінде алынғаны белгілі. Өкінішке орай, өсімдік төзімділігінің көптеген маңызды белгілері өзінің табиғаты жағынан полигенді болып келеді, осыған байланысты гендердің теңестіру, клондау (клонирование) және көшіру бүгінгі күні едәуір қиынға түсіп отыр. Демек, келешекте генді және клеткалы инженерия көмегімен құрғақшылыққа төзімді сорттар мен будандар, сонымен бірге ортаның қолайсыз фактоларына жан-жақты төзімді сорттар шығаруға жету үшін, бұл саладағы теориялық және практикалық зерттеулерді барынша дамыта беру керек.

Биотехнология бойынша жүргізілетін жұмыстардың қазіргі кезеңі негізінен алғанда клеткалы және тканді инженерияны пайдалануға негізделген. Олардың негізінде қант қызылшасы, картоп, дәнді және басқа дақылдардың бағалы генотиптерін микроклональды көбейту бойынша технологиялық желілер жасалған.

Гаплоидия мен гаплопродюссер әдісімен арпаның, күздік және жаздық бидай, күріш, жоңышқа, беде және басқа дақылдардың бағалы желілері алынды. Арпа мен күріштің тұрлі ауруларға (індетке) төзімді, өнімді әрі дәнінің сапасы ерекше жаңа сорттары тұңғыш рет, бар-жоғы бес жылдың ішінде шығарылып, аудандастырылды. Күріштің Биориза сорты топырақтың тұздануына, арпаның Одесская 115 сорты — кұргақшылыққа төзімді. Қазірдің өзінде бұл сорт Украина мен Ресейдің 13 облысында аудандастырылған. Картоптың фитофторозға, бактериялық дерттерге төзімді ондаған аса бағалы формалары — байқау сынағы мен мемлекеттік сынақтан өткізіліп жатыр. Беде мен жоңышқаның топырақ патогендеріне, тұздануға және топырақтың өте жоғары қышқылдыгына шадамды сорттары институтуарда тексерістер мен сынақтардан өтуде. Сомаклональды нұсқалар алу, химиялық және радиациялық мутагенез әдісімен формалардың өзгергіштігін күшейту тамыр шірігіне төзімді бидай, соя, бұршақ сорттары мен будандардың склеротиния мен ботритиске төзімді күнбағыс, вилтке төзімді мақта, құрамында әрук қьшқыл мен глюкозинолаттар аз рапс сорттары мен будандарын шығару сияқты маңызды міндеттерді таяу жылдары шешуге нақты мүмкіндіктер тууда.

Генді инженерия әдістерінің негізінде картопқа байланысты ірі бағдарлама жасалып, іске асырылуда. Картоп клеткасына төрт генді - колорадо қоңызына, вирустарға; бактериоздарға және саңырауқұлақ инфекциясына төзімді гендерді нысаналы түрде енгізу жүргізілуде.

Зиянкес организмдер мен қоршаған ортаның қолайсыз факторларына төзімді келетін будандар шығару мақсатында бидай, картоп, күріш, томат және басқа да дақылдардың соматикалық будандарын алу технологиясы да жасалып жатыр.

Биотехнологияны дамытуда астық тұқымдастары мен басқа тұқымдастар өсімдіктерінде кездесетін нольдік тотипотенттікті жеңудің маңызы зор. Тұңғыш рет клеткалы дақылдан күріш пен жүгері өсімдіктері регенерацияланды. Бұл өсімдік шаруашылығында гендік инженерияны пайда-ланудың мүлде жаңа мүмкіндіктерін ашады. Кытайда оның көмегімен күріштің пирикуляриозға төзімді формалары түңғыш рет алынды.

Сұрыптаудагы биотехнологиялық зертеулерді дамыту ТМД елдерінің әр турлі аймақтарында орналасқан сұрыптау орталықтары мен арнайы осы үшін ұйымдастырылған 14 мемлекетаралық биотехнологиялық орталықтарда іске асырылады. Бұл бағыттағы ірі теориялық зерттеулер ТМД елдері Ғылым Академияларының жетекші институттарында жүргізіледі. ¥лттық ғылым Академиялары мен ауыл шаруашылығы академиялары ғалымдарының бірлескен ісқимылы практикалық маңызы зор трансгенді өсімдіктер шығаруды қолға алуға мүмкіндік берді. Бұл жұмыстар сонымен бірге, таяу уақытта, өсімдіктердің түпкілікті жаңа формаларын шығару мен оларды таяу Еуропа елдерінің ауыл шаруашылығында пайдалануға мүмкіндік береді, әрі бұрынғы Экономикалық Өзара Көмек (ЭӨК) кеңесіне мүше елдердің бірлескен бағдарламасына да енгізілген болатын. Ауыл шаруашылығы биотехнологиясы саласындағы жүмыстар басқа елдер ғалымдарымен бірлесе атқарылып жатқан жайы бар.
7.2 .2 Сұрыптаудың дәстүрлі әдістерінің жаңа бағыгтары

Сонымен қатар, сұрыптаудың дәстүрлі әдістері де дамытылу үстінде, оларддың негізінде жаңа бағыгтар жасалып, іске асырылып жатыр.



Бірінші бағыт. Бір, екі, үш қысқа сабақтылық гені бар бидай, қара бидай, сұлы, арпа және басқа да дақылдардың қысқа сабақты сорттарын шығару. Әсіресе екі ғенді сорттар кеңінен таралады. Өйткені бұлар жапырылып төгіліп қалмайды, демек бұндай сорттар жеделдету технологиясының талабына сай келеді.

Екінші. Бұршақтың масағынан төгілмейтін сорттарын шыгару, бұл үшін осындай төзімділігі анықталған донор пайдаланылады. Мұндай дақылды сұрыптау ісі бүгінде негізінең осы аталған донорды пайдалану арқылы жүргізіледі. Барлық республикаларда дәннің сапасы жоғары, масағынан төгілмейтін сорттар аудандастырылған.

Үшінші. Күздік бидайдың қатты және күшті сорттарын шығару. Мүндай сорттар Одессадағы сұрыптау — генетика институтында, «Дон» ҒӨБ сұрыптау орталығында (Ростов облысы), Краснодар ауыл шаруашылық ҒЗИ-да шығарылды. Олар макарон өнеркәсібі үшін жоғары сапалы астық береді және жаздық катты бидай сорттарына қарағанда жогары өнім түзеді.

Төртінші. Бойында амин қышқылы — лизиннің құрамы таптырмайтьн құрғақ протеинге шаққанда 4,1 — 4,5 процент және одан да көп болатын арпа мен жүгерінің сорттары мен будандарын шығару. Мұндай сорттар мен будандар дәні азықтық құндылығы жағынан арнайы құрама жеммен пара-пар. Ол үшін жоғары лизинді жүгерінің доноры мен қайнар көзі ретінде әлемге әйгілі Опейк 2 және Флаури 2 желілері қолданылуда. Өкінішке орай, бұл донорлар тұрақты тұқым қуалаушылық сипаттарының сақталуын қамтамасыз ете алмайды. Онымен бірге, бұл гендер келеңсіз шаруашылық қасиеттерінің пайда болуын тудыратын басқа гендермен байланысқан. Сондықтан, қазіргі уақытта лизин құрамы жоғары, сенімдірек негіздер мен донорлар іздестіру әрі бұл қасиеттерді тұқымда бекіту жүргізілуде. Лизинді өнеркәсіптік ендірудің экологиялық қауіптілігін, шектеулі екендігін және көп қаржы керек ететіндігін ескере отырып, өсімдік шаруашылыгында бұл мәселені биологиялық жолмен шешуді ең басты міндеттердің бірі ретінде қарастыруда.

Бесінші. Ауыл шаруашылық дақылдардың тыңайтқыштарға аса сергек сорттары мен будандарын шығару. Қолданган тыңайтқыштың ықпалды затының әр бір килограмына 15—20 кг астық түсуге қабілетті (қазіргі сорттардың көрсеткіші 6—10 кг) күздік және жаздық бидай генотиптерін анықтау бойынша қауырт зерттеулер жүргізілуде. Осындай трансгенді өсімдіктерді жүйелі түрде шығару міндеті алға қойылып отыр. Бұл ең күрделі мәселелердің бірі, оны шешуде гендік ішженерияның алатын орны айрықша болуға тиіс.

Алтыншы. Экологиялық қауіпсіз минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтерді қолдану тәжірибесіне мүлде жаңа тұрғыдан қарауды талап етеді. Бұл мәселені оңайлап шешудің үш жолы бар: дерттер мен зиянкестерге генетикалық төзімді сорттар мен будандар шығару, бұл туралы мұның алдында айтылды; азот бекіту қуаты жоғары генотиптер қүрастыру; жаңа биопестицидтер мен биотыңайтқыштар шығару. Осы бағыттар бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізілуде. Қазіргі уақытта даңылдардың қауырт азот бекіткіштігімен дараланатын сорттары және микроорганизм штаммдары шығарылған, олар өндірісте қолданылуда. Сонымен бірге, қазір тиімді төрт биопестицид қолданылуда, бірақ олар әзірше аз мөлшерде қолданылуда. Сондықтан тыңайтқыштар мен пестицидтерді пайдалану қүрылымында түбегейлі өзгерістер бола қойған жоқ.

Жетінші. Сұрыптауда гетерозисті пайдалануды кеңейту.Жүгеріге қоса күнбағыс будандарын шығару жөнінде де жұмыстар жүргізілуде. Бізде қазірдің өзінде бұл дақылдың гектарына 4 тонна өнім беретін және дәнөктеріндегі май қүрамы 50 проценттен асатын будандары шығарылды және аудандастырылды. Күнбағыс егістігі негізінен елімізде және шетелдерде бұрышталган будандармен егіледі. Жүгері егістігінде негізінен отандық будандар егіліп жүр. Көкөніс дақылдары, күріш, рапс будандарын шығару үші де зерттеулер жүргізілуде. Гетерозисті сұрыптаудың зор мүмкіншіліктері әлі де толығымен пайдаланылмай келеді. Біздің селекционерлеріміз соңғы жылдары қант қызылша сының бағалы гетерозисті будандарын шығарды. Дегенмен, бұл саладағы негізгі жұмыстар әлі алда.

Сегізінші. Қазақстан үшін күздік бидай мен қара бидайдың сорттарын шығару — ауыл шаруашылығы үшін ежелгі әрі көкейтесті мәселелердің бірі. Бұл мәселені біздің селекционерлеріміз жайыла өсетін бидайық пен жұмсақ бидайды будандастыру жолымен шешуге тырысқан. Н. В. Цицин бидайдың салыстырмалы тұрақты, қысқа төзімділігі осал көп жылдық формасын ғана ала біледі. Осыған орай, бидайды эгилопстармен будандастыру жолы таңдап алынды. Нәтижесінде қысқа төзімді сорттар мен формалары алынды. Бырақ олардың қысқа төзімділігі әлі де жеткіліксіз. Сондықтан мұнда да биотехнология әдістерін пайдалану қажет. Мәселе шешуін күтуде.

Тоғызыншы. Өнімділігі мен қолайсыз факторларға төзімділігін арттыратын жеке бағалы қасиеттері бар сорттар мен гибридтер шығару: арпаның құрғақшылық; пен төмен температураларға төзімді екі түйінді формаларын; жоңышқа мен беденің самофертильділігін; қарақұмық, бұршақ және басқа дақылдардың өсуі шектеулі (детерминатты) бірыңғай формаларын; жоңышқаның гүлінде екі түйіні болатын формаларын, жапырақтары түктенген, тамыр жүйесі екі - үш белдеулі, Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер шығару; жапырақсыз (мұртты) бұршақ формаларын шығару, және тағы да басқа жұмыстар қолға алынуда.

Оныншы. Шөл жағдайында және қатты тұзданган топыраққа бейімделген галофит өсімдіктер шығару. Орта Азия жайылымдары үшін сорттар шығару жұмыстары көп жылдан бері жүргізіліп келеді. Галофиттердің үлкен коллекциясы (астық, жемшөп және майлы тұқымдар бағытындағы) жиналды, олар теңіз суымен суару үстінде зерттелуде.

Он бірінші. Суарылатын және құрғатылған жерлер үшін сорттар мен гибридтер шығару. Қазірдің өзінде өнімділік әлеуметтілігі жағынан мелиорациялауға кеткен шығынның орнын тиімді жабуға мүмкіндік беретін күздік бидай, жүгері, жоңышқа, соя, көкөніс және басқа дақылдардың жоғары өнімді сорттары шығарылып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда миллиондаған гектар суарылатын және құрғатылған жер бар екенін ескерсек,бұл мәселенің маңызы қандай екені көрінеді. Мұндай жерлердің ауқымы әлі де кеңейтіле бермек. Кез келген экологиялық жөн бұзушылық пен қателіктерге жол бермейтін, сондай-ақ суды тиімді пайдалануды қамтамасыз етудің шараларын қолдану қажет.

Сұрыптаудағы осы аталган бағыттардың одан әрі дамытылуы сұрыптау тиімділігін айтарлықтай арттыруға ықпал етеді. Таяудағы он жылда Қазақстан селекционерлері тұрақты формалар шығару мен оларды өндірісте кеңінен игеру арқылы елдегі өсімдік ресұрстарының сорттық құрамын түбегейлі өзгерте алады. Мұның өзі пестицидтердің қоршаған орта мен адамға әсерін біршама азайтуға, өнімнің ысырабын қысқартуға және азық-түлік қорын көбейте тусуге мүмкіндік береді.

Еңбек ұжымдарының құқықтары кеңейіп, ғалымдардың ынтасы артып, ғылымның материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейі көбейе түседі-ау деген қазіргі тәуелсіздік жағдайында, жоғарыда кәрсетілген міндеттердің орындалу ықтималдығы арта береді деген сенім бар.

Бірақ бүгінгі күні сұрыптау мен тұқым шаруашылығының дамуын, бұл саладағы күрделі міндеттерді шешуді сұрыптау орталықтарының, тұкым шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі, экономикалық ынталандыру жүйесінің тиімсіздігі тежеп келеді. Республнканың экономика және шаруашылық органдары сұрыптау орталықтарын, тұқым зауыттарымен, оларды қазіргі заманғы жабдықпен жабдықтау туралы шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етуді қолға алуга тиіс. Өнеркәсіп министрлігі сұрыптау мекемелері мен мемлекеттік сынақ үшін қазіргі заманғы шағын көлемді техника жүйесін жасауды қолға алуы керек. Әзірге шетелден осындай машиналар сатып алуды назардан тыс қалдырмау керек. Жасыратыны жоқ, ғылыми сұрыптау мекемелері мен мемлекеттік сорт учаскелері әлі күнге дейін жұмыстың көп бөлігін қолмен атқарады, мұның өзі еңбек енімділігін, сұрыптау процесінің қарқыны мен сапасын төмендетуге әкеліп соғып отыр.

Сұрыптаудың ғылыми өнімі — сорт, будан, желі донор — күнге арзан. Мұндай жағдай сұрыптаушылармен сұрыптау орталықтарының өз еңбегінің нәтижесіне деген ынтасын көтермейтіні аян.



Жоғарыда аталған келелі мәселелер ең таяу уақытта шешілуге тиіс. Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясы осы мәселелер бойынша тиісті ұсыныстарды зерттеп, дайындады және осы ұсыныстарды экономика мен басқару органдарына табыстады.

Егеменді ел болған соң, жас сұрыптаушылар даярлау мәселесін де шешуге тиіспіз. Ауыл піаруашылық жоғары оқу орындарында осындай факультеттер мен бөлімшелерді тезірек ашуды қолға алу қажет. Ең бастысы, қабілетті жас мамандарды тауып, оларға сұрыптаушылық дарыныныц ашылуы мен дамуы үшін, жақсы нәтижелерге қол жеткізулері үшін барлық жағдай жасалу керек.



Сұрыптау — капитал бөлу мен капитал айналысының тиімділігі өте жоғары ғылым саласы. Сондықтан сұрыптау жұмыстарын нарық жағдайында турақты түрде мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру жағын қарастыру керек. Сонымен қатар сорттар мен будандарды пайдаланғаны ушін, ауыл шараушылық кәсіпорындары тарапынан сұрыптау мекемелеріне төлем жасау тәртібін дәлектеу керек. Мұның өзі сұрыптаушылар жұмысын көтермелеуге және материалдық-техникалық базасын дамытуға, қаражат табуға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары сұрыптау, генетика және тұқым шаруашылығы саласында көптеген шешілмеген келелі мәселелер қордаланып қалды. Сұрыптау процесінің теориясы мен практикасын әрі қарай дамыту, жаңа жағдайларда сұрыптаушы кадрларды даярлау жолдарын терең және жан-жақты талдау қажет.
8 Дәріс
Дәннің Бастапқы материал ретінде пайдаланылатын нәтижелер

8.1 Ауыл шаруашылығы дакылдарының дүние жүзілік коллекциясын құру және оларды селекцияда пайдалану

8.2 Бастапкы материал ретінде селекция жолымен алынған шетелдік сорттарды пайдалану

8.3 Өсімдіктердің табиғи популяциясы мен сорттарын селекцияда пайдалану

8.4.Жабайы өсетін өсімдіктердің түрлері бастапқы материалдың қайнар көзі

8.5 Өсімдікті жерсіндіру


8.1 Ауыл шаруашылығы дакылдарының дүниежүзілік коллекциясын құру және оларды селекцияда пайдалану

Бұрынғы БүкілоДақтық өсімдік шаруашылыгы институты - бес континент елдеріне және бұрынғы КСРО-на енген мемлекеттер бойынша материалдардың нәтижелерін жинақтау үшін, үш жүзден астам экспедиция ұйымдастырды. Осы мекеме ұжымдарының еңбегінің аркасында шетелдердің көптеген ғылыми мекемелерімен сорт үлгілерін алмастыру кеңінен жүргізілді. Н.И.Вавиловтыц басшылығымен Бүкіл одақтық өсімдік шаруашылығы институтының ғалымдары ұжымының көпжылдық жұмысы нәтижесіңде көптеген жаңа сорттар шығарыдды.

Селекция жұмысымен шұғылданатьш ғылыми-зерттеу мекемелері ауылшаруашылық дақылдардың жаңа сорттарын шығару үшін, дүниежүзілік коллекцияның материалдарын кеңінен пайдалануда.

Өсімдік селекциясындағы үздіксіз жүргізіліп отырған прогрестің генетикалық негізі барған сайын азаюда. Сондықтан, "ұрық плазмасын" сақтау, өсімдіктердің дүниежүзілік ресұрстарын пайдалану, "ген банктерді" жасау соншалықты маңызды. Бұл мақсат үшін, көптеген елдерде арнаулы мекемелер ұйымдастырылды, ал ФАО (Б-ның жанындағы ауылшаруашылықжәне азық-түліқұйымы) құрамында өсімдіктердің генетикалық ресұрстары жөнінде.

Халықаралық комитет құрылды. Мексикада жүгері және бидай сорттарын жақсарту жөніндегі Халықаралық орталық күрылды. Халықаралық ғылыми-зерттеу күріш институтында (Филиппинде) осы дақылдың 14 мыңнан астам сорт үлгілері жинақталды, өсімдіктердің ұлттық ірі коллекциясы АКДІ-та құрылды, басқа да бірқатар елдерде бұл жұмыс кеңінен жүргізілуде.

8.2 Бастапкы материал ретінде селекция жолымен алынған шетелдік сорттарды пайдалану

Шетелде көптеген дақылдардың селекциясы дұрыс жолға қойылган. Соның арқасында көптеген табыстарға жеткен. Жоғары өнімділігі, ауруларға төзімділігі өнім сапасының жақсылығымен ерекшелінетін селекциялық жаңа сорттар шығарылган. Олардың көпшілігі алғашқы материал ретінде құнды болып отыр, әсіресе олар будандастыруда ерекше білінеді. Ол үшін тәжірибе ретінде, жыл сайын көп мөлшерде шетелдік сорттар әкелінуде. Швецияның, Францияның, Нидерландияның, Гермаяияның селекциялық будан сорттарының маңызы зор болуда. Олардын кейбіреулері ауруларға төзімді. Рескью, Чайнук, Конак сияқты канадтық жаздық бидай сорттары мен американдық — Фортуна, Лью сорттары астықтың кұмырсқа шыбынымен зақымданбайды.

Біздің далалық қуаңшылыққа төзімді жергілікті сорттарымыздың кегізінде шығарылган АҚШ пен Канаданың бидай және арпа селекциялық сорттары жоғары бағаланады. Бұрынғы КСРО-да күздік және жаздық бидайлардың бірнеше сорттары аудандастырылды, булар осы елдер сорттарын пайдалану арқылы шығарылған. Бұлардың қатарына Безостая 1, Ранняя 12 сияқты күздік бидай сорттары, Безенчукская 98, Саратовская 33, Дальневосточная, Скала сияқты жоғары сапалы жаздық бидай сорттары жатады. Канадада шығарылған сорттар сабағы қысқа, жапырылуға бой бермейтіндер, олардың бірқатары аласа болып келеді (сабағының биіктігі 40—60 см.) және тез піседі. Өсімдік шаруашылығы институтының Ортаазия тәжірибе станциясында және Поволжьеде суландыру жағдайында оларды зерттегенде жақсы нәтиже көрсетті.

АҚШ-тың жоғары өнімді, қысқа сабақты куздік бидайының құндылығы ерекше. Олардың бірқатарының өнім беру потенциясы 1 гектардан 10 т дейін, ал Гейнс деген аласа бойлы сорты Вашингтон штатындағы тәжріибе станциясының шағын учаскесінде 1 гектардан 14,2 т өнім берген АҚШ-тың Верл Сидз—1877 және Үндістанның Кольян сона деғен қысқа сабақты сорты жоғары өнімді әрі жығылуға бой бермейтін болып шықты.



Соңғы жылдары селекцияда мал азығына арналған бидай сорттарын шығару проблемасы туып отыр. Бұл жағдайда Канада мен Мексика селекционерлерінің жоғары өнім беретін сорттарын пайдалану керек болуы мүмкін. Мысалы, Гленли мал азықтық бидай сорты және мексикандық жартылай аласа Питик 62 Канада жағдайында кәдімгі аудандастырылған бидай сортына қараганда өнімді 25% көп береді.

Кения, Чили, АҚШ сорттары, сондай-ақ Аргентиналық Барлета сорты суландыру жағдайында сынағанда және жасанды жұқтырғанда бірнеше агрессивті қоңыр тат нәсіліне төзімділігі анықталды. Солтүстік америкаидық кейбір жаңа будан сорттары мұнымен бірге қоңыр тат тәсіліне, тозаңды қаракүйеге және ақұнтақ ауруына төтеп береді, ал мексикандық сорттар жоғары өнімді, тез пісетіндігін көрсетті. Италияда шыққан қатты бидайдың жеке сорттары қысқа сабақты және жығылуға жол бермейді, ал Ч. Малианида шығарылған итальяндық қатты бидай сорты жоғары өнімді әрі саңырауқұлақ ауруына төзімді келеді.

Жаздың бидайдың тегі көптеген отандық сорттармен байланысты, олар АҚШ-тан әкелінген. Мысалы, Тетчер сорты Қиыр Шығыста татқа төзімді Амурская 72, Амурская 74, Амурская 75 және Қиыр Шығыста аудандастырылған сорттардың шығарылуының бастамасы болды. Күздік бидайдың ең өнімді сорттарының бірі Кавказ, Гер'маниядан алынған Нойцухт 14/14 сортын пайдалану арқылы алынды, ал Қаратопырақты емес аймақта ертеде тараған Ленинградка деген жаздық бидайдың сорты сириялық Хоранка сортын қатыстыра отырып алынған. Елімізде шығарылған. арпаның ең жақсы сорттарының бір Нутанс 244 бұрынғы ГДР-дың Карлсберг 11 сортын будак дастыру арқылы алынды.

Күздік бидайдың аргентиналық сорты жапырақтың қоңыр татына, піскеннен кейін төгілуге, жығылуға төзімді, мысалы: Клейін 33 Бөзостая 1 және басқа отандық сорттардың ата-тегіне жатады. Күздік бидайдың болгарлық сорты Русалка мен Рубин Краснодар өлкесінің жағдайында жасанды жұқтырылған кезде жапырақтық татқа тәзімді болған. Олар татқа төзімді сорттар шығару кезінде кеңінен пайдаланылады.

Күздік қара бидай селекциясында Швеция, Германия және Польшадан алынган селекциялық тетраплоидты сорттың бағасы жоғары болады. Олардың сабағы жығылмайды және бұрынғы КСРО-ның Қаратоптырақты емес аймағы жағдайында 1 гектардан 5 т және одан да жоғары өнім береді. Швеция мен Финляндиядан алынған қара бидай сортының тамырында жатып өсуге төзімді екендігі анықталды. Англияда қыстайтын бұршақтың жығылмайтын сорты шығарылған. АҚШ-та қонақ жүгерінің пісіп жетілгенде жығылмайтын сорты бар. Соңғы жылдары Германия, Финляндия, АҚШ-тан арпаның қысқа төзімді сорттары табылды, олар аласалығымен қыстап шығуға бейім, сабан сабақтары жығылмайды бұл өндіріс үшін өте кұнды деп есептелінеді.



АҚШ-пен Канададан шыққан сұлының селекциялык сортын Өсімдік шаруашылығы институтының тәжірибі станцияларында жйсанды жұқтыруын зерттеу жүргізгенде сабақ татына тұрақты келетіндігі анықталды. Олардың бірқатарының дәніндегі белок 20—22% жетті. Әдеттегідей бұл сорттар түр аралық будандастыру негізінде алынған. Германияда шыққан сұлының селекциялық сорттарының бірқатары біздің еліміздің жағдайында жалырылмайтып дығы анықталды. Италияда, Арегентинада, Австралияда АҚШ-та сұлының тез пісетін сорттары шығарылды, Германияда картоптың түраралық күрделі будан сорты алынды, ол вирустар мен кеселдерге тұрақты келеді. Сондай-ақ мұнда түйнектерінде 33%-ке дейін крахмалы бар сорттары кездеседі және белок саны да көп болады. Олардың бірқатары сонымен бірге вирустердің барлық түрлеріне тезімді болатыны аиықталып отыр. Бұл сорттар бастапқы материал ретінде ерекше бағалы болып есептелінеді. Жауыны көп немесе қажетті насекомдары жетіспейтін аудандарда гүлдерінің қайта тозаңдануына қиындық келеді. Ол жөнінде Канададан алынған өзін-өзі тозаңдандыратын Эллерслай 1 деген сортының селекциялық маңызы зор.
8.3 Өсімдіктердің табиғи популяциясы мен сорттарын селекцияда пайдалану

Табиғи сұрыпаудың негізінде халық селекциясының жергілікті сорттары шығарылды. Сұрыптаудың ұзаққа созылуына байланысты өсімдіктердің өр түрлі экологиялық жағдайларда қуаңшылық пен суыққа төзімділігі, тез пісетіндігі және басқа да жеке белгілері қалыптасып, өсудің белгілі жағдайларьша бірте-бірте икемделуі және сұрыпталуына қарай пайда болу процестері отеді.

Мәселен, Полтавка жаздық бидайының жергілікті жеке түрі Поволжьеде ХІХ-ғасырдьщ екінші жартысында және ХХ-ғасырдың басында калыптасты. Бидайдың мүндай жергілікті жақсы жеке түрі селекциялық сорттардың жаңа түрлерін шығаруға мүмкіндік берді. А.П. Шехурдин 1911 жылы Полтавка сортын сынау және іріктеу кезінде 727 осімдік тандап алған, осы өсімдіктердің ішінен 62 номірлі линиясы озінің жақсы корсеткіштері үшін көзге түскен, ол икемге келгіштігі және төзімділігі, өнімділігі, сапасы жағынан талапкд сай болғандыктан сол кездегі кең тараған Лютесценс 62 жаздық бидай сортын шығарудың бастапқы демеушісі болды.

Жақсы сорт ретінде пайдаланылған жеке түр талданып, сұрыпталады, көбейтіледі, содан кейін жаңа селекциялық сорт ретінде одан әрі пайдаланылады. Осылай аналитикалық селекция тәсілі пайда бодды.

Табиги өсімдіктердің жеке түрін және жергілікті сорттарды пайдалану негізінде көптеген сорттар шығарылды. Жергілікті сорттар сол өскен жерінде ұзақ сұрыптау әсерінен калыптаса отырып, өсірудің қолайсыз жағдайына бейімделеді, сондықтан да олар алғашқы материал ретіңде өте маңызды болып саналады.

Жергілікті сорттар мен табиғи популяция тұрлерінің селекциялық құндылығы олардың тұқым қуалаушылық өзгергіштігі және экологиялық бейімділігі арқылы анықталады.

Оларды коллекциялық питомниктерде сеуіп, жақсы үлгілерді сүрыптау немесе селекциялык, сорттармен будандастыру үшін пайдаланылады.

Алайда, соншалықты құнды болғанына қарамастан, коп дакылдардьщ жергілікті сорттары селекциялык, жолмен шығарылған сорттармен ығыстырылуда. Жергілікті сорттарды ығыстыру кезінде бастапқы материалдардың маңызды формалары селекция үшін мүдде жойылып кетуі мүмкін. Сондықтан, кеңінен тараған жергілікті сорттар мен табиғи өсімдіктердің популяция түрлерін аныктап, оны сактау жөнінде қажетті шаралар қолдану керек. Барлық селекциялық орталықтарда оларды сактау үшін арнаулы питомниктер болуы кажет.

8.4.Жабайы өсетін өсімдіктердің түрлері бастапқы материалдың қайнар көзі

Селекция үшін жабайы осімдіктердің түрлері бастапкы материаддың басты кайнар көзі болып табылады. Оларды келешек сортгьщ негізін салуда іріктеу және будандастыру үшін пайдаланады.

Бастапкы материалдардың құндылығы олардың көптеген жағдайларға бейімділігі мен(құргақшылыққа, суыққа, тұзды топыраққа, аурулар мен зиянкестерге) төзімділігі болып табылады. Жабайы өсетін бұршақты және астық тұқымдас шөптерді жинау үшін Орта Азия, Оңтүстік-Шығыс, Сібірдің Батысы мен ПІығыс шөлейт аудандарына, қуаңшылық даласына экспедиция жүргізіліді. Солтүстік Қазақстанда жабайы шөптердің 70-тен астам түрі кездеседі, олардың ішінде суыққа, ыстыққа, қуаңшылыққа төзімді, тұзды топырақтарда өсуге қабілетті түрлері бар. Олар селекцияда бастапқы материал ретінде кұнды. Балтық жағалауы республикаларында, Карелияда, Карпатта, Камчатка мен Курил аралдарында жабайы өсетін шөптердің түрлері табылды. Олардың ерекше жеке түрлері сынақтаы өткізіліп, іріктегеннен кейін, шалғындар мен жайылымдарды жақсарту үшін құрғақшылық басым аудандарда пайдалануда.

Жабайы өсетін бидайлар түрінің ішінде белогы 23%-тен асатын рекордты түрлері кездеседі, сондай-ақ онда лизиндерде де жоғары болады. Әсіресе, бұл жағдайда, Koern. айқын көрінеді, олардың жеке формаларында белок 28—30% жетеді, Жабайы сұлының (Avena sterilis L.) дәнінде 28%-ке дейін белок бар екендігі анықталды. Жабайы өсетін Тимофеевка бидайын дүние көптеген елдерінде бидайдың буданды селекция сортын шығарғанда пайдалануда, әсіресе буданды бидай шығарған кезде оны ЦМС — маңызды көзінің бірі ретінде қолданады. Абиссин қатты бидайы (Тriticum durum subsp. Abyssinicum Vav.) жапырақ татына тезімді келеді. Бидаймен будандастырғанда бидайық пен қылтаң шөптің жабайы өсетін түрі ерекше құнды бодып есептелінеді.

Ауғанстаннан алынған қос қатарлы жабайы өсетін арпа ақұнтақ ауруына төзімді болғандықтан оны будандасруға қолдана отырып, осы ауруна бой бермейтін сорттар қазірдің өзінде алынып отыр.

Танаптық арамшөп қара бидайының бірқатар түрлері белогының көптігімен ереғшеленуде (Secale kuprianovii Gross және басқалары), ОларЗакавказье мен Орта Азияда кеңінен тараған. Мұндай турлер күздік қара бидай астығының сапасын арттыру резерві болып саналады. Secale sylvestre Host жабайы қара бидай астықтың тамырында өсуіне қарсы донор болып табылады. Германияда оны мәдени қара бидаймен будаңдастыруға, Ұлыбританияда жабайы өсетін арпамен будандастыруға (Hordeum spontaneum С. Koch.) пайдаланады, одан алынған будан төзімді болады. Бидайықтың көптеген түрлерінің ішінде өсу қуат-тылығымен ерекшеленіп, аурулар мен зиянкестерге төзімді, суыққа, қуаңшылыққа бой бермейтін, топырақты таңдамайтын, тұзға шыдамды және тағы басқа да бағалы биологиялық қасиеттері көп түрлері кездеседі. Бұрынғы КСРО Ғылым академиясы Бас ботаникалық бағында және Москва селекция орталығында бидайық кеңінен зерттелді. Олардың бірқатар түрлері бидаймен будандастырылды.



Әзірбайжан және басқа да мемлекеттерде бидайға жақын туыстас қылтаңшөптің жабайы түрлері кездеседі. Бұл өсімдіктің жеке түрлері еректе күшті өсетіндігімен, масағының ірілігімен, дәнінде уызының мол болатындыгымен ерекшеленеді. Оңтүстік Америкада Люпиннің жаңа түрі — Lupinus mutabilis табылған. Олардың дәнінде қытай-бұршақтағыдай белок болады, ал майлылығы - 22% жетеді. Ол майлылығы жөнінен ақ және сары люпин сортынан 2—3 есе асып түседі.

Беде, жоңышка қылтанақсыз арпабас, еркекшөптің жабайы өсетін жергілікті түрлері еліміздің табиғаты әр түрлі аймақтарында тәжірибе жүзінде селекциялық құндылығымен жоғары болып табылады. Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Америка елдерінде күнбағыстың жабайы өсетін біржылдық түрі үлгілерінің ішінде зиянды ауруларына — ақ және сұр шірігіне төзімділері табылған.

Америка мен Австралияда мақтаның жабайы өсетін 25 түрі табылған, ол солдырма ауруына, оның ішінде ерекше агрессивтік нәсілдеріне төзімді.

Өзбек ғылым академиясы эксперименталды институтының селекционерлері жабайы өсетін мексикан мақтасының (Subsp. Mexicanum) түр бөлегінің бірін будандастыру арқылы осы дақылдың Ташкент тектес солдырма ауруына төзімді, жоғары өнімді сортын шығарды. Мақтаның жабайы диплоидты түрінің ішінен жапырақтары тез түсетін формалары анықталған, оны жапырақтары тез түсетін сорттар шығару үшін будандастыруға пайдалануда.



Селекциялық мекемелерде бастапқы селекциялық материалдар жыл сайын арнаулы питмониктерде себіледі. Олардың коллекциялық және будандың екі түрі бар. Коллекциялық питомниктерге селекциялық және жергілікті сорттар, жабайы өсімдіктердің жеке түрлері, Өсімдік шаруашылығы институтының дүниежүзілік коллекциясынан алынған түрлер, ал будандарда — ішкі түрінің жеке түр: және алыстатылған будандар есіріледі. Өздігінен тозаңданған линияларды арнаулы оқшауланған учаскелерде себеді.

Селекционерлер сорттар мен дақылдардың түрлерін, әр түрлілігін білу қажет, ол онымен жұмыс істейді, оның кез келген қажетті үлгілерін пайдалана алады, яғни Н. И. Вавиловтың бейнелеп айтуына қараганда селекционерлер «глобуспен бірге айналуы керек».

Ч. Дарвин өзінің қолдан сұрыптау ғылымында үй жануарларының тектерін және мәдени өсімдіктердің сорттарын шығаруда адамзаттың мың жылдық тәжірибесіне терең талдау жасады.

Өзінің «Түрлердің шығу тегі» (1859 ж.) деген еңбектерінде үй жануарлары мен мәдени өсімдіктердің сұрыпталуы арқасында жақсарып, жетілулерікің көптеген мысалдарын келтіреді. Өсімдіктерді сұрыптаудың маңызын дэлелдеу мақсатында Ч. Дарвин, Лондон ауыл шаруашылык көрмесінің мәліметтеріне сүйене отырып, Бұлдірген жемісінің 56 жыл ішінде көлемінің ұлғаюын мысалға келтіреді.



Бастапқы кезде жабайы Бұлдірген жемісінің орташа салмағы 7,5 г болған, ал 1786 жылғы көрмеде жеміс салмағы — 14,93 г жеткен. Келесі жылдардағы Бұлдірген жемісінің орташа салмағы (г) төмендегіше өзгерген:

1817 ж.— 89,87 1844 ж.— 52,99

1825 ж.— 47,27 1845 ж. - 54,11

1830 ж.— 48,58 1852 ж.— 55,07

Сұрыптаудың теңдесі жоқ әсері қант қызылшасының қанттылығьш жоғарылатудан жақсы көрінеді. Неміс ғалымы Маркграф қант қызылшасы және қант қамысы қанттарының сапалары бірдей екендігін бірінші рет тек, 1747 жылы анықтаған. Осыған байланысты қантты тамыр жемістерді сұрыптау арқылы, оның қанттылығын көбейткені сонша, ХVІП-ғасырдың аяғынд-ақ қант қызылшасынан өндірістік қант өндіру басталды. Француздың әйгіді селекционері Луи Вильморен ХІХ-ғасырдың ортасында селекцияда алғашқы рет жекелеп сұрыптаудың жалпылама сұрыптаудан артық екендігін дәлелдеді, жекелеп сұрыптау арқасында қант қызылшасының қанттылығы тез өсе бастады, 225 жыл бойына жүргізілген сұрыптау арқасында, қант қызылшасының қанттылығы 19 ... 20%-ке, ал селекциясы жақсы сорттарда 21... 22%-ке жетті. Осындай сұрыптаудың әдістемелерін пайдаланудың нәтижесінде қысқа мерзімнің ішінде қант алынатын жаңа дакыл дуниеге келді.

Үзақ мерзімді мақсатты сұрыптау әдістемелерінің нәтижесінде картоп түйнегінің көлемі де бірнеше есе өсіп, құрамындағы крахмал мөлшері 8%-тен 20%-ке, тіпті одай да асып түсті. Кейбір сортты томат жемісінің орташа салмағы 2 кг-ға жеткізілді.

Сұрыптау нәтижесінде өсімдіктер әлемінің қалай өзгеретіндігіне көз жетқізу үшін, қазіргі қарбыз сорттары мен оның ең жақын туысы жабайы қарбыз — колоцинт белгілерін салыстырып көруге болады.

Қарбыздың жақсы сорттары жемістерінің салмағы 8 ... 10 кг., құрамындағы қанттылығы 6 ... 11%, ор гектардан 60 ... 70 тонна өнім береді. Н. И. Вавиловтың «Бес құрлық» (М., 1962) деген кітабында Ауғаныстанның Гильменд және Баквин құргақ жазықтарындағы жабайы қарбыз — колоцинт туралы: «Шөлді өлкеде, әсіресе күз кезінде, қолдан әдейі себілген сияқты жабайы қарбыз шоқтары жайқалып тұрады. Көлемі ірі апельсиндерге ұқсас жүздеген, мыңдаған колоцинттер жер бетін жауып жатады. Қыс кезінде қураған колоцинт жемістері, жел үруінің әсерінен, дыбысты доп сияқты, құрғақ даламен домалап жүреді. Өте ащы дәмді болуы, оны жануарлардың жеуінен сақтайды. Тәжірибесіз жолаушы, түйе, не ат осы ылгалы мол жемісті жеймін деп у жалағандай күй кешетіні бар» (82—83 беттер) деп жазған.

8.5 Өсімдікті жерсіндіру

Басқа жерде өніп шыққан өсімдік үлгілерін пайдалану өсімдікті жерсіндіруге байланысты болады.

Жерсіндіру — (латынша introdustio — енгізу) осы жергілікті жерде бұрын өспеген өсімдіктердің түрлері мен сорттарын басқа бір елден немесе облыстан әкелінгенін айтады. Жүгері, күнбағыс, картоп, темекі, мақта сияқты дақылдарды Америкадан Шығыс елдеріне әкеліп жерсіндірудің нәтижесінде, осы елдерде жоғарыдағы дақылдар пайда болды. Батыс жарты жер шарының ашылуы өсімдіктердің жерсіндірілуіріде жаңа дәуірді құрады.

Өсімдік селекциясы үшін жерсіндірудің маңызы орасан зор.

Оның теориялық негізін Н. И. Вавилов қалады, ол бір қатар маңызды тұқым қуалаушылық заңдылыктары мен мәдени өсімдіктердің географиялық таралуын ашты. Н. И. Вавилов өсімдіктердің өзгергіштігін зерттеп, әр түрлері мен өсуінде тұқым қуалаушылық көптеген туыстас үқсас белгілері бар екендігін дәлелдеп берді. Мысалы, қоңырбас (астық тұқымдас) өсімдіктерінде қылтанақты және қылтанақсыз масақтар (шашақ басты), олардың ішінда әр түрлі масақты, дәннің ақ, қызыл, қара және көк түрлері кездеседі, дәннің дөңгеленген үлгісі тары мен қонақ жүгеріде ғана емес, бидайықтан басқа барлық туыстары нан табылған.

Параллельді өзгергіштік қатарларының ұқсастығы марфологиялық белгілері бойынша ғана танылып отырған жоқ, сонымен бірге шаруашылық-биологиялық қасиеті бойынша да танылуда. Мұның нақты селекция үшін маңызы ерекше зор.

1920 жылы Саратовта болған селекционерлердің үшінші съезінде Н. И. Вавилов, тұқым қуалаушы өзгергіштігін: дегі гомологиялық қатары заңдарын қалыптастырды. Осыған байланысты өсімдік түрлерінің жақындығы тұқым қуалаушылық өзгерісі үқсас қатарларын соншалықты дәлділікпен білдіреді, бар түрінің шеңберінде үлгі қатарын білу арқылы басқа да түрлері мен туыстарының болуын белгілеуге болатынын дәлелдеп берді. Бұл заң селекционерлеге өсімдік түрлерінің өсуінің бүкіл генетикалық потенцилын толық анықтауға мүмкіндік береді.

Н. И. Вавиловтың еңбектері өсімдіктердің әр түрлілік түрі барлық жерде бір қалыпты орналаспайтындығын білдіреді. Жер шарының бірқатар облыстарында (Оңтүстік Шығыс Қытай, Үнді, Оңтүстік-Батыс Азия, Эфиопия, Орталық және Оңтүстік Америка, Жер орта теңізі жағалауларының елі) өсімдік түрлерінің көпшілігі орналасқан. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің территориясында да, түрлері мен үлгілерінің бай жерлері өте көп (Кавказ, Орта Азияның тау бөктерлері).


Тоғызыншы дәріс
Дәннің «Аналитиқалық және синтетиқалық селекция»

9.1.Будандастыру

9.2.Будандастырудың тәсілдері

9.3.Алщақ будандастыру. Оның селекция тәжрибесі үшіш маңызы


9.1.Будандастыру

Селекцияда будандастыру тәсіліне көп көңіл бөлінеді. Себебі, түр-ішілік немесе тұраралық будандастырудан генетикалық белгіленген қасиеттері бар жаңа түрішілік немесе тұраралық ұрпақ алуға болады.

Оның теориялық негізі болып әрбір геннің тұқым қуалаушылықтағы дербестігі немесе тәуелсіздігі болып табылады. Осыған орай селекционерлер астықтың немесе сүрлемнің өнімін, сапалық белгілерін бақылайтын гендердін ылдалын арттыру үшін көп мәселелерді шешуге душар болады.

Себебі ол осы астыктың сапасын, өнімділігін, ауа райының қолайсыз жағдайларына аурулар мен зиянкестерге төзімділігін арттыратьш гендердің қолайлы комбинацияларын табуы керек болса, түсімділік пен баска шаруашылыққа тиімді белгілер мен қасиеттерді анықтайтын көптеген гендер өзара күрделі әсер етіп тұқым қуалайды.

Будандастыру кезінде рекомбинацияға түсетін гендердің саны ата-аналарының бір-бірінен айырмашылық белгілерін аныктайтын гендердің санына байланысты болады.

Осындай гендердің сандары неғұрлым ұлғайған сайын гомозиготтылықты анықтауды талап ететін теориялық және тәжірибелік жағынан қажетгі ү2 будан өсімдіктері тез көбейді.

Тәжірибелік жұмыста Ғ2 буданда керекті популяцияньщ көлемі қарапайым түрде анықгалады. Себебі Ғ2 дегі өсімдіктердщ саны Ғ,-тегі кажетті туыстардың санынан шамамен 20 есе көп болуы кажет. Ата-аналарының айырмашылық белгілері неғүрлым көбірек ажыратылса, бұл ара катынас соғұрлым көп болу керек.

Қазіргі кезде, көптеген жаңа сорттар генетикалықтарғыдан бір-біріне өте жақын болып келеді, ал оларға жат генетикалық материалдарды косып, болашақта жақсарту проблемасы өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Себебі, сорттардың шаруашылықғағы тиімділігін немесе тиімділігі оның жалпы түсімділігімен немесе өнімділігімен анықталатын болғандықтан әрбір белгінің де селекциялық маңызы өте зор. Атап айтқанда, ата-аналарды тавдап будандастыру үшін генетикалық ерекшеліктерін аныктау жеке белгілерді талдау аркылы ғана шешіледі. Бұл будандастырудағы комбинация санын азайтқканмен, генетикалық қорды көбейтуге мүмкіндік береді. Алайда будандастыруды жеке бір белгімен ғана шектеуге болмайды. Себебі, бір белгі генотиптік ортада тиімді қорытынды бермеуі мүмкін.

Будандастыруға компоненттерді тандауда алынатын жақсы сорттардың тұқым қуалаушылығының негізі болып сол табиғаттың климат жағдайында шығарылған экотип алынуы керек. Шешуші дәрежеде селекциялық жұмыстың нәтижелілігі будандық популяцияның нақты климат жағдайларына экологиялық бейімделушілігімен анықталады.

Мысалы, тек қана ата-аналарының біреуінің онтогенездік бейімделуінің нетижесінде құрылған қасиетті немесе белгіні жақсарту үшін, жер шарының ұқсас аймағынан кез-келген үлгі бөлшектерді алуға болады.

Нақты экологиялықжәне экономикалық жағдайлар үшін жаңа сорттың моделін жасағанда будандастыру үшін ата-аналық жұптарды лайыктап тандап алу өлде қайда жеңіл.

Түр ішілік және түр аралық будандастыруда ата-аналарды тандаудың мынадай принциптері бар:



  • эколого-географиялық (тандау), себебі мұңдай принцип қазіргі заманның селекциясының негізгі де әрі тиімдісі болып табылады;

  • кажетті селекциялық түрлерді, формаларды алу үшін айрықша айкындалған белгілеріне карап сорттауды тандау;

  • ата-анасының біреуінің өнімділігін анықтайтын гендері, екіншісіне Караганда баска гендермен анықгалған жағдайдағы масақ кұрылымыньщ элементтеріне қарап тандау қажет;

  • ата-анасының генетикалық әртүрлілігі бір жерде қалыптасып, сонымен катар географиялық алшақ орналасқан сорттар генетикалық жақын болған жағдайда олардың туыстығын ескерген жөн.

  • ең жақсы сорттарды будандастыра отырып нәтижеге жету;

  • генетикалық маңызды қасиеттерімен ерекшеленетін сорттарды будаңдастыру;

  • ата-аналық түрлердің өсіп-даму кезендерінің ұзақ айырмасы бойьшша;

  • қысқа тезімді түрлердің физиологиялық айырмашылықтары: мысалы, бірін-бірі биологиялық ерекшеліктері жағынан толықтыратын күздік формаларды "двуручка" немесе аязға төзімді күздік бидай сорттарымен будандастыру арқылы;

  • өте жоғары сезімталдық және полигеңдік жұйемен қамтамасыз етілген, ауруларға төзімділік айырмашылығы жағынан, немесе ата-анасының біреуі дамудың бір кезеңінде паразиттерге беріктілі жоғары, ал екінші кезенде әлсіздік қабілеттілік.

9.2.Будандастырудың тәсілдері

Тәжірибелік селекцияда будандастыудың бірнеше тәсілдері мен тұрлері қолданылады:



Жай будандастыру. Неғұрлым кең аудандастырылған екі ата-ана будандастырылады. (АхВ)- тікелей және (ВхА) реципрокты будандастыру. Соңғысы цитоплазма арқылы тұқым куалаушылыкта немесе аналық формата байланысты әртүрлі тұқымның пайда болуымен тығыз байланысты.

Үш еселік будандастыру. 1 (АхВ) х С - будандастыру кезінде белгілердің алмасуын жартылай меңгеруге мүмкіндік болады. Осыңдай будандастырудан келесі ұрпаққа үшінші компонент болып алынған форманың ерекшеліктері мен касиеттернің 50% беріледі.

Будандастырудың күрделі сатылы тәсілі. Жергілікті сорттар мен формаларды будандастырудың нәтижесінде селекциялық материалдарды үзбей жетілдірудің әдісі. Бұл тәсілдің негізін салған А.П. Шехурдин, кейін П.П. Лукьяненко.

Бэккросстар тәсілі. Буданға аталықтың не болмаса аналықтың біреуінің гендерінің үлесін ұлғайту үшін, яғни айтқанда қанықтырар үшін қолданылады. АхВх АВ х А, немесе АВ х В. Мысалы түрлі ауруларға төзімділік немесеауа райының қолайсыздығына төзімділігі ауыстырылып берілуі керек.

Осы тәсілдің үш түрі бар: үздіксіз, үзілді-кесілді және толық немесе бэккросс.

Бірде-бір селекциялық төсіл, осы бэккросс сияқгы материалдьщ көлемі аз болғанның өзінде де жоғары нәтиже бере алмайды.

Мысалы Академик А.Сапегин бэккроссты сорттарды ремонттау тәсілі деп атайды.

Одессадагы селекция, генетика ғылыми-зерттеу институтындағы мамандар, күздік қатты бидай сорттарын шығаруда конвергентті баккросс тәсілін қолданады. Онда канықгыра будаңдастырудың әрбір кезеңі әртүрлі донор формасымен будандастырылу арқылы іске асьфылады.

Бэккросстың мұндай нобайы кең онтогенетикалық негіздегі бастапқы материал алуға мүмкіңдік береді.

Конвергентті будандастыру. Әсіресе түр аралық будаңдастырылу арқылы буданда көптеген ата-ананың белгілері үйлесімділіктабады. (А х В) х (С х Д) х (Е х Н) х (К х М).

Әуелі бастапкы формадан жай будандар алынады, содан соң бір бағытта будандастыру мен жоғарғы дәрежелі будандық популяция құрастырып, максимум рекомбинация жасауға мүмкіндік туады. Трансгессивті рекомбинация іске асып күрделі будандардың түрі пайда болады. Мысалы, (А х В) х (А х С) х (А х Д) х (А х Е) түрлері.

Конвергентті будандастыруды үздіксіз және толық емес бэккросспен біріктіруге болады. Ол үшін қанықтырушы будандастыру жұмыстарын парелльді жүргізіп, олардан 2-4 сала алады, содан кейін ең жақсы белгілерді біріктіру үшін бір түтас буданға қосылады.

Өсімдіктерді аталықсыздандыру мен еріксіз тозандандыру өте көп уақытты талап ететін және өнімсіз жұмыстар. Жұмыс тиімділігін арттыру үшін П.П.Лукьяненко (1934) аналықты тобымен тозаңдандыру әдісін ұсынды. Көптеген мекемелерде бір аталық сорты, баска аудаңдастырылған сортпен еркін жолмен тозаңдану әдісі пайдаланылады.

СИММИТе (Мексика) аталықсыздандырылған дәнді дақылдардың масақтарын твел - әдісі мен тозандандыру қолданылды. (Бір жұмыс сағатында 50 масақтың тозандандыра алады, түйінделуі 90-95% жетеді (А. Мережко, Әрохин, Юрин (1973).

Сұрыптаудың бірнеше түрлері бар, бірақ ең негізгісі - педигири мен жинактау (кайталап себу немесе акори тәсілі).

Педигири тәсілінің әртүрлі варианттары бар.

Үздіксіз және сұрыптау: мәнісі мынадай. Ғ2-ден Ғ3-ке дейін өсімдіктер белгілерін салалап зерттей отырьш, кайталап сүрыптайды.

Үзілді-кесілді жеке сұрыптау:

Ғ2-де біртекті өсімдіктерді сұрыптап, 4-5 белгілері бойынша зерттеледі, ал Ғ7 жеке сұрыптау жүргізіліп оларды отырғызып сынауды бастайды.

Ғ2 және Ғ, өсімдіктерін қанықтыра будандастырып бөліп алады да үш жыл бойы сынайды, ал Ғ7 де ең жақсы түрлері будандастырылады. Кейін жеке сұрыпталып сынау басталады.

9.3Алшақ будандастыру. Оның селекция тәжірибесі үшін маңызы.

Өсімдіктер мен жануарларды алшақ будандастыру қазіргі кездегі биологияның келешегі мол салаларының бірі болып табылады. Өйткені әртүрлер мен туыстарға жататын өсімдіктер мен жануарларды будандастыру арқылы олардың табиғатын түбегейлі кайта құруға және тіптен жаңа түрлер, түр тармақтарын алуға болады.

Сонымен алшақ будандастыру деп әр түрлерге немесе туыстарға жататын (жеке организмдерді) особьтарды будандастыруды айтады, дәлірек айтсақ, бұл туыстық емес будандастыру.

Соңғы кезде әдебиеттерде бірқатар азық-түлік дақылдары бойынша тендер қорының кедейленуі жөнінде мазасызданушылық біддіретін жүмыстар жиі-жиі көрініп жүр. Бұл аландаушылықтың толык негізі бар, өйткені біз жекелеген гомогенді суперсорттарды егістікте көптеген пайдаланып, өнімділігі аздау, бірақ генетикалық жағынан гетерогенді жергілікті сорттарды ығыстырып жаткандыгының куәсі болудамыз. Бұл құбылыс кейбір маңызды азы-түліктік дақылдарды жоғалтуға әкелуі мүмкін. Бастапқ селекциялық материаддардың генетикалық қорын жасау қажеттігі туралы талаптар барған сайын қатаң қойылуда. Бұл тұғыдан жа түр жасау процесі бар алшақ будандастырудың мәдени түрлердің генқордың толықтру проблемасын шешуге мүмкіндігі бар. Өйткені алшақ будандастырудан пайда болатын түр жасаушылық құбысы сұылтау үшін өсімдіктер мен жануарлардың берегей жаңа түрінің пайда болуының көзі болып табылады. Алшақ будандастыру кезіндегі форма түзілушілік процесінің ауқымы және одан алынатын жаңа түзілістердің түрлері өте кең және оны баскд еш нәрсемен теңестіруге келмейді.

Алшақ будандастыру әдісі аркылы жаңа ботаникалық түр мен жаңа астық дақылы-көпжылдық бидай алынды, бұл биология ғылымындағы аса ірі окиға болып табылады. Сондай-ақ дәнді жемдік бидай бидайжаукияқ, қара бидай-бидайық және басқа будандар сиякты біркатар жаңа түрлер алынды. Күздік октоплоидты тритикалені гексаплоидтылармен будандастыру арқылы жаңа бағыттың - күздік гексаплоидты тритикале селекциясының негізі қаланды. Әсіресе цитогенетика, биохимиялық және молекулалық генетика, сандықбелгілер генетикасы және т.б. ең жаңа әдістерінін көмегімен алыс будандарды бірлесе зерттеудің теориялық, сондай-ақ қолданбалы жағынан да келешегі зор.

Хромосомаларды даралап (дифференциалды) бояудың цитогенетикалық әдісі қазірдің өзінде алшақ будандардың форма түзу механизмдерін зерттеуге және екінші жағынан, генетикалық материалды жабайы түрлерден мәдени түрлерге бағыттауға мүмкіңдік береді. Бұл генетиканың биохимиялық, молекулалық және баскд салаларын қашық будандарды зерттеу үшін қолдануға кең мүмкіндіктер тудырады.

Алшақ будандастыру, сересе мәдени және жабайы түрлердің өкілдерін будандастыру, қазіргі мәдени дақылдардың сорттарын жақсартуда, ауыл шаруашылық дақылдарын көптеген түр-түрін толыктыруға мүмкіндік береді.

Алшақ будандастыру селекцияда да, генетикада да, ерекше орын алады. Ешбір әөдіс алшақ будандастыру сияқты мәдени осімдіктердің генқорын кеңінен байытуға мүмкін тудырмайды.

Алшақ будандастыру кезінде кездесетін басты қиындықтар мыналар:


  1. генетикалық жағынан алыс түрлердің будандаспайтындығы;

  2. будан түұқымның өнбейтіндігі;

  3. F, бірінші жылғы алған будандардың үрықсыздығы. Ғалым селекционерлер тұраралық будандасуда кездесетін мұңдай

кедергілерді біліп, оларды боддырмау жағын күшейтетін біркдтар әдістер жасады.

Казіргі кезде ғалымдардың әр түрлер мен туыстарға жататын өсімдікгердің будаңдаспаушылығьшын жоятын түрлі әдістер ойлап тагпы.

Будаңдаспаушылықты жоюдың алуан әдістері бар: реципрокты будандастыруларды қолдану, будандастыруға әртүрлі биотиптерді пайдалану, ата-ана түрлерінің плоидтылык деңгейін өзгерту, делдал алу, аналық аұзының ертелеу даму кезеңінде тозаңдандыру, аналықты дамытуға жағдай жасау, тозаңдар қоспасымен тозандандыру, будандастырылатын түрлерді вегетативтік жақындастыру, ол өсімдіктерге алдын ала физикалық және химиялық факторлар мен эсер ету.

Реципрокты будандастырушар. Көбінесе аудандастыру бір бағытта ойдағыдай іске асырылады. Әдетте аналық түрдің хромосомалар саны көбірек болса, будандастыру жыддам іске асады.

Аналык мойыны мен аналык, түрлі даму сатыларында тозандандыру. Аналық пісіп жетілместен бұрын, тозандандыру көбіне жақсы нәтиже береді. Бұл мүмкін тұқым бүрлері дегенерацияланғанға дейін тозаң түтікшесінің өсіп-өнуіне көбірек уақыт қалады. Тозаң түтікшелерінің өсуі баяулаған тұраралық будандасуларда да осындай жағдай байқалады.

Аналык мойынын қысқарту. Бұл кезде көбіне киындыкпен дамитын басқа түрдің тозаң түтігінің аналық жұмыртқаға жетуін жеделдетедіде, ұрықтану іске асу үшін өтетін қашықтық азаяды. Аналық мойынының көп бөлігін алып тастау арқылы ұрықтану оңайлау іске асырылды.

Тозандану аддында аналық ауызын алып тастау және оны қант пен желатин қосылған агар түйіршігімен ауыстыру. Әлі түсіндіруге келмейтін бұл әдіс картоп түрлерін будандастыруға мүмкіндік берді. Әдетте бұндай будаңдастыруларда тозаң түтіктерінің өсуі тежеледі.

Алмүрттың диплоидты сорттарын тетраплоидты сорттарымен будандастыру түйіндерді нафтоксисірке қышқылымен өндегенде жеңіл іске асады.

Аутотетраплоидты арпаның (2п-28) сабақтарын гиббериллин қышқылымен өндеп, кара бидай тозаңцарымен тозандандыру тозаң түтіктерінің дамуын күшейтеді.



Аралас тозаңдандыру. Бисли мақтаның аналық 6-12 тозаң түйіршігіне, аталыктың тозаңын артық мөлшерде қосқан жағдайда қауашақтар түсіп калған жоқ және қалыпты тұқыммен қатар будан тұқым пайда бодды.

Дамып келе жаткан ұрықты қоректік ортаға эксплантациялау. Бұл әдісті тұраралық будандар алу үшін түрлі вариантта көп кайтара қодцанды. Мысал ретінде мақганың тетраплоидты түрін баска диплоидты түрлерімен будандастыруды, картоптың басқа түрлері арасынан будан алуды, арпаны будандастыруды келтіруге болады. Лайбах әдеттегі тәсілмен зығырдың жабайы түрлерін будандастыра алмады. Содан кейін ол дамып келе жаткан тұқымдарды пісіп жетілмеген қауашақтардан тозаңданғаннан кейін 14 күннен соң шығарып алып, оларды шыны ыдыстағы құрақ қантының 10-15% ерітіндісімен ылғалданған мақтаға орналастырды. 14 күн өтіп, тұқымдар ағарып, қатайғаннан кейін, оларды алып, жуып өндіру үшін ылғал сорғыш кағазға орналастырды. Буданды сабақтарды ата-аналар түрлерінің біріне немесе осы туыстық баска бір түріне ұластыру.
Оныншы дәріс

Дәннің Аналитиқалық және синтетиқалық селекция

10.1Алшақ будандастырудың мичуриндік әдістері.

10.2Тозаң қоспасымен тозаңдандыру әдісі.

10.3 Инбридинг.
10.1Алшақ будандастырудың мичуриндік әдістері

И. В. Мичурин жасаған будандастыру жұмыстарының принциптері мен әдістерін қолданып, одан әрі дамытудың маңызы зор.

Ол адам үшін пайдалы белгілер мен қасиеттерді барынша ұштастыратын будан алу мақсатында ұрықтану процесін басқару жолдарын іздестіруде жемісті еңбек етті.

Осы мақсатпен И. В. Мичурин бірінші болып жеміс ағаштары селекциясында әріден будандастыру өдісін қолданып, будаңдаспаушылықгы және алшақбудандастырудың үрықсыздығьш жою өдістерін жасады. Ол ата-ана өсімдіктерінің жасын, жалпы күйін, аналық өсімдіктердегі тозанданатын гүддердің орналаскан жерін есепке алды.

Алдын ала вегетативтік жақындастыру әдетте өзара будандаспайтын түрлерді будандастыруға мүмкіндік береді.

Әдістің мәні будандастырылатын өсімдіктерді аддын ала те луде. Бірінші гүлдегенде телінген аталық өсімдіктің тозаңымен теліткен аналық өсімдікті тозандандырады.



Делдал өдісі 3 түрді будандастыру болып табылады. Түрлердің бірі алшақ будан алу мақсатында алдын ала басқа түрмен будандастырылады да одан алынған будан үшінші түрмен будандастыру үшін пайдаланылады. Мичурин деддал әдісін жабайы шабдалыны медени шабдалымен будандастыруда пайдаланды.

Делдал әдісін кейде картоптьщ мәдени түрін кейбір-жабайы түрлерімен ойдағыдай қоддануға болады. Бұл түрлер алдын ала солянум ақауле өсімдіктерімен будандастырылады, ал алынған будан-делдалды мөдени картоптың күні бұрын тандап алынған сорттарымен будандастырады.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет