Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситеті



бет9/20
Дата03.02.2017
өлшемі11,57 Mb.
#8730
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

Дәннің түсі. Арпа дәндерінің түсі өзгермелі келеді. Қауызды формаларында көбінесе қамыс-сары, ақ-сары, қара, сия көк және қызғылт сары түстері кездеседі. Ал қауыссыз дәндері сары, қоңыр-сары, қоңыр, сия кек, қара және жасыл болады.

Дәннің ірілігі. 1000 дәннін массасы және натура салмағына байланысгы. Өте ұсақ (1000 дәннің массасы 30 г дейін), ұсақ (31-35г), орташа ірі (41-45г) жөне өте ірі (45 г жоғары).

Гүл қауызы жұқа, әжімді немесе дөрекі, жылтыр болады. Қауыздың массасы мен тазартылған дәндердің массасының қатынасы қауыздылықгы көрсетеді. Осыған байланысты мынадай қауыздылық болады: өте жоғары (12 пайыздан жоғары), орташа (10-11 пайыз), төмен (10 пайыздан төмен).

Гүл қауызынын жүйкесінің тілшелігі -айқын сорттық белгі.

Дәннің қылшығы негізінен бауырында болады. Оның ұзындығы - маңызды сорттық белгі.

Масақ діңгегі мүшелерден түрады. Ол- жіңішке және жалпақ келеді, ұзын және қысқа болады. Оның ұзындығы масақтың тығыздығын көрсетеді. Діңгектің бүйірі түкті және түксіз болады.



Масақша кауызы жіңішке (1 мм кем), жалпақ (1-2 мм) және өте жалпақ (3 мм артык), түкті және түксіз болады.

Вегетативтік белгілері - өскін түсі, түптің пішіні, түптенуі, жапырақтануы, өсімдік биіктігі, мұртшаның өзгешелігі, пішіні, көлемі жөне түсі, жапырақ қабығында, масақта және жапырақта балауыздың өңезі пайда болу шырайы, тілше көлемі мен пішіні.



Бұта пішіні. Толық түптенгеннен кейін жатып қалатын, тік тұратын жөне аралық пішінде бұтаны айырады.

Өсімдіктің жапырақтануы. Жапырақтанудың көрсеткіштері жапырақтың ұзындығы, жалпақтығы, саны және оның массасының сабақ массасына қатынасы. Көп қатарлы, екі қатарлы, жалаңаш дәнді, қауызсыз және тығыз масақтары арпалардың жапырақтары жалпақтау болады.

Сабан. Жуандығы, түсі және буындарының түсі мен жуандығы. Сабан биіктігіне қарап биік өсетін (90 см биік), орташа өсетін (61-90 см) және тапал өсетін (60 см-ге дейін) сорттарға бөледі.
АРПА СОРТТАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТОПТАРЫ
ЖАЗДЫҚ АРПА


1. Поляр маңынан. Бұл топ тез піскіштігімен, салқтындықтан
дәнін тез толтыратындығымен, өсу-даму кезеңіндегі қысқа мерзімдік
салқындықсыз шыдамдылығымен ерекшеленеді. Өсімдіктері орташа
және биік өседі, жақсы жапырақталған, масағы көп алты қатарлы, тілгіш, шашылып қалғыш, жұмсақ қылтықты ене ұсақ дәнді
(Мурман жөне Архангел облыстары, Коми және Карел елдері).

2. Солтүстік-орыстық. Орташадан кеш пісетін, ылғал сүйгіш,
топырақтың қышқылдығын көтереді, биік өсетін, орташа
жапырақтанған, ұзын масақты екі қатарлы, иілген жұмсак қылтықты,
ірі дәнді.

Далалық -Құрғақшылыққа төзімді, орташа және тез пісетін, жапырақтануы орташа, борпылдақ масақты, биіктігі орташа. Дәні орташа ірі, ақуыз өте көп. Тозаңды қара күйе, ақ ұнтақ ауруына, тат кеселіне шалдыққан (Украина даласы, Солтүстік Кавказ, Молдова, РФ оңтүстік-батысы).

Орманды-далалық. құрғақшылыққа орташа төзімді. Орташа және кеш піседі. Жапырақтануы орташа және одан жоғары. Сабағы биік, жатып қалуға орташа төзімді.

5. Таулы кавказдық. Тез піскіш, ылғал сүйгіш. Көп немесе екі қатарлы масағы борпылдақ, ірілігі орташа, ірі дәнді, ұзын жұмсақ қылтыққы. Өсімдіктері орташа бойлы, жапырақтануы орташа және жоғары.

6. Батыс Сібірлік. Орташа және кеш пісетін сорттар. Құрғақшылыкқа төзімді жөне ерте көктемгі аяздарға. Орташа және көп жапырақтанады. Жатып қалуға бейімді. Масағы борпылдақ. Дәні орташа және ірі, ақуызы өте көп. Тамыр шірігіне төзімді.

7. Шығыс Сібірлік. Тез піскіш, ерте болатын аяздарға және кұрғақшылыкқа төзімді. Төмен температураларда дәнін толтыра алады. Орташа піскіш, жапырақтануы жақсы. Масағы көп қатарлы, ұзындығы орташа, борпылдақ, дәні жұмсақ қауызды, ұзын жұмсақ
қылтықты.

8. Қиыр шығыстык, Орташа піскіш, ылғал сүйгіш өсімдік, бойшаң, көп жапырақты. Масағы көп қатарлы, борпылдак, иілген, ұзын жұмсақ масағымен.

9. Ортаазиялық. Құрғақшылыққа және ыстыққа шыдамды, тез піскіш сорттар. Нашар жөне орташа жапырақтанған. Масағының ұзындығы қысқа және орташа, дөрекі, ұзын тісті, кылтықты, дөні ірі және қалың кауызды.

10. Памир -Бадахшандық. Сорттары орташа және кеш піседі. Ауа құрғақшылығына төзімді. Масағы орташа ұзын, дөрекі, шашылмайды, ірі, дөрекі, кауызды немесе жалаңаш дәнді.

11. Батыс европалык. Көбінесе екі қатарлы, сыра қайнатуға арналған, ылғал сүйгіш арпалар. Өсімдіктері өте биік, жақсы жапырақтанған. Дәндері дөңгелек тәріздес, жұқа қауызды.

12. Скандинавиялық. Орташа бойлы, кең Жопырақты, тез піскіш өсімдіктер. Топырақтың қышқьлдыгына шыдамды, ал кұрғақшылыққа жоқ, Масағы өнімді, дерекілеу ұзын қылтықты тығыз (var. parallelum) немесе борпылдақ (var. pallidum). Сабаны орташа жуан немесе жуан.
Жатып қалуға орташа төзімді.
ЖАЗДЫҚ АРПАНЫҢ СОРТТАРЫ

Целинный 5. Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зертгеу институтында Омский 13709-ды жсргілікгі Түрік (ВИР 6857) арпасымен будандастырумен шығарылған сорт. Авторы И.Ф.Лошак. 1975ж бастап аудандастырылған.

Ботаникалық сипаттамасы. Медикум (medicum) және нутанс (nutans) түршелерінің популяциясы. Масақтары екі қатарлы, қылтықты, сабан түсті сары, дәні қауызды, қылтығы тегіс (медикум) және тісті (нутанс), бұл көрсеткіш әр жылы әр түрлі.

Масағы орташа ұзын және ұзын 8-11 см, борпылдақ: масақ қауызы сопақша; масағы сары, сынбайды, иілмейді.

Қылтығы орташа ұзын, масаққа жабысқан, сары түсті.

Дәні эллипс тәріздес, ірі. 1000 дәннің массасы 55-60 г. Гүл кабыршағының қылтыққа ауысуы жайлап гүл қабыршағының жүйкесі антоционмен, дәннің түктілігі шаш тәріздес, сорт шашылуға төзімді.

Сабағы - орта бойлы сабан (55-75 см), жатып калуға төзімді.
Жапырақтары ақшыл жасыл, түптену кезінде түктері болмайды. сабақ
буындары антоцианды. Бұтағы тік.

Шаруашылық белгілері. Сорт орташа піскіш, құрғақшылыққа төзімді. Швед шыбынымен -төмен, тозаңды қара күйемен орташа зақымданады. Жармалық сапасы жақсы жөне орташа. Өнімді сорт. Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында аудандастырылған.

Донецкий 5. Донецк мемлекетгік облыстық ауыл шаруашылық тәжірибе стансасында будандастыру тәсілімен шығарылған ( жергілікті селекциялық линия А-594хсорт УНИОН). 1986 жылы аудандастырылған.

Ботаникалық сипаттамасы. Медикум (medicum) түршесі.

масақтары екі тармақты, қылтықты, сары, ұзындығы орташа (6-9 см),


борпылдақ (9-11 мүше), сәл иілгіш.

Қылтығы ұзын, жазылмайтын, масақтан 1,52 есе ұзын, тегіс. Дәні сары, эллипс тәріздес, ірі. 1000 дәннің массасы 42-50 г. Сабағы орташа биіктігі (50-70 см) сабан, жатып калуаға орташа төзімді.



Шаруашылықта бағалы белгілері: Орташа піскіш, өсу-даму кезеңі 95-79 тәулік, құрғақшылыққа төзімді. Қара күйемен зақымдалады. Орташадан жоғары жармалық сапасы жақсы. Қарағанды, Семей облыстарында аудандастырылған.

Донецкий 8. Донецк мемлекетгік облыстық ауыл- шаруашылық тәжірибе стансасында будандастыру тәсілімен шығарылған. Авторлары ИД.Прохожай, Т.Е.Тарасенко, 1979 жылы аудандастырылған.

Ботаникалық сипаттамасы. Медикум (medicum) түршесі. Масағы екі қатарлы, қылтықты, сары, дәні қауызды, қылтығы тегіс.

Масағы орташа ұзын (6-7 см), орташа тығыз (4 см 10-11 мүше). Масақ қауызы жіңішке, қандауыр тәріздес, гүл қауызы орташа дөрекі, жұмсақ жүйкелі. Гүл қауызының қылтыққа ауысуы жайлап. Қылтықтары ұзын, тегіс, сары қамыс тәріздес. Дәні эллипс тәріздес, сары, ірі және өте ірі. 1000 дәннің массасы 41-55-г. Дәннің түбінің түктілігі ұзын шаш тәріздес. Сабағы орташа, жуан, мықты.

Шаруашылықгағы бағалы белгілері. Сорт орташа піскіш, жатып қалуға орташа төзімді. Қара күйемен орташадан жоғары жөне күшті зақымданады.

Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Семей, Орал, Ақмола, Шымкент облыстарында аудандастырылған.



Медикум 85. Будандық популяциядан сүрыптау тәсілімен шығарылған (Одесский 36 х жергілікті Эфиопиялық сорт).

Ботаникалық сипаттамасы. Медикум түршесі. Масағы ақ-сары, ұзын, борпылдақ. Масақ қабыршағы қандауыр тәріздес, жіңішке. Гүл қауызының қылтыққа ауысуы жайлап, жүйкесі анық көрінеді.

Дәні ірі, эллипс пішіндес, түктілігі шаш тәріздес. Қылтығы ұзын жабысқақ, тегі кішкене тісшесі бар, сары.

Сабағы мен жапырақтары жасыл және балауызды өңезі бар. Сабағы орташа жуан, берік.

Сорттық ерекшелігі - масақ пен қылтықтың антоционы бар. Өсу - даму кезеңі 57-93 тәулік. Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан обыстарында аудандаетырылған.



Гранал. Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Қарабалық тәжірибе стансасыыда сұрыптау тәсілімен шығарыған. 1991 жылы аудандастырылған.

Ботаникалық сипаттамасы. Инерме (Inerme) түршесі. Далалық экологиялық тобына жатады.

Масағы екі қатарлы, қылтықсыз, сары, борпылдақ, ұзын (14 см-ге дейін).

Масақ қауызы жіңішке. Қандауыр тәріздес. Дәні қауызды. 1000 дәннің массасы 43-52 г. Түкілігі шаш тәріздес. Бүйіріндегі масақшалары жетілмеген, қысқаша масақ жөне гүл қабыршақтары бар. Сабағы орташа жуан, биік (1 м-ге дейін), мықты.

Шаруашылықтағы бағалы белгілері. Жатып калмайды. Масағы иілмейді, дәндері шашылмайды. Тозаңды, қара және қатты қара күйеге төзімді. Көкшетау, Қостанай, Торғай (бұрынғы) облыстарына аудандастырылған.

Кедр. Краснояр АШҒЗИ-да будаңдастыру тәсілімен шығарылған (Винер х Бригитта).

Түршесі -нутанс. Өсімдік биіктігі 88-90 см. Жатып қалуға төзімді. Өсу-даму кезеңі 77-84 тәулік. Тозанды қара күеге орташа төзімді. 1000 дәннің массасы 47-51 г.

Целинный 91 - А.И.Бараев атындағы Қазак астық шаруашылығы ҒЗИ-да шығарылған.

Медикум түршесі. Орташа піскіш. Биіктігі 63-92 см, жатып қалуға орташадан жоғары (4 балл). Құрғақшылыққа төзімділігі өте жоғары. 1000 дәннің массасы 42-50г. Акуыздың мөдшері 14,5 -16,3 пайыз.



Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарында аудандастырылған. Карабалыкский 150 - Қарабалық ауылшаруашылық тәжірибе стансасында шығарылған.

Медикум түршесі. Орташа піскіш, вегетациялық кезеңі 54-73 күн. Өсімдіктер биіктігі 55-68 см. 1000 дәннің массасы 4.1-50 г. Ақуыз мөлшері 11,8-14,5 пайыз. Тас тәрізді қара күйеге төзімді.



Қарағанды облысында аудандастырылған.

Тапсырмалар:

Арпаның сорттык белгілерін 3 кестеде сипаттаңыздар.

2. Жаздық арпаның экодогиялық-географиялық топтарымен танысыныздар.

3. 4-кестеде аудандастырылған сорттарды сипаттау керек.

4. Аудандырылган сорттардың масақтарын морфологиялық белгілері бойынша анықгау керек.

1.3 СҰЛЫ
1) Маңызы және таралуы

2) Сұлының түрлері

3) Сұлы түршелерінің анықтау белгілері

4) Экологиялық топтар

5) Егістік сұлының сорттары.
Ботаникалық сипаттамасы. Сұлы (Avena) астық (Gramineae)
тұқымдасына жатады. Тамыры шашақ, сабағы - сабан, 2-4 буын, 3-
5 буынаралығы болады. Жапырағы қынап пен тақтасынан тұрады.
Қынабы сабақты орай өскен. Қынап пен жапырақ тақтасының
аралығында өңді тілше (Ligula) орналаскан. Сұлының тілшесі жоқ
түрлері аз кездеседі. Гүл шоғыры - сыпыртқы. сыпыртқының
бұтақтары жартылай шоқталып жиналған. Бір сыпыртқыда 5-7 шоқ
болады. Әр бұтақ масақшамен бітеді. Масақша екі масақша қабыршығы мен бірнеше гүлден тұрады. Сұлының қабықты түрлерінің масақшасында 1 -4 гүлі жалаңаш дәндіде 2-7 гүл, кейде көп болады, масақтың төменгі гүлдері жақсы дамыған, оны бірінші гүл деп атайды. Гүлі екі гүл қабыршағынан түрады ішкі және сыртқы, 3 аталык, аналық 2 гүл аралық оң қабатынан (Lodiculae) тұрады.

Масақша қабықшалары жұқа, сылдырмақ тәрізді. (5-11) жүйкесі бар, ұзындықтары бірдей немесе жоғарғысы ұзын, гүлінің ұзындығымен бірдей. Жалаңаш дәнділерде гүлінен қысқа болады. Сыртқы гүл қабыршағы қабықты сұлыларда дөрекі келеді, 5-9 жүйкесі болады (жалаңаш сұлыда нәзік, сыддырмақ тәрізді), ұшы екі тістіге бөлінген (егістік сұлыда) немесе екі қылтық тәрізді қылтанаққа құмдақ сұлыда; қабыршақ сыртында қылтық болады. Сыртқы гүл қабыршағының негізі жалпақтау және ұзына бойы созылтан (Каллус), әсіресе, қара сұлыда күшті дамыған. Мәдени сұлының каллусында кішкене сыну алаңы болады - бірінші дәннің сыпыртқы бұтағына бекуі немесе білікке бекитін із. Ішкі гүл қабыршағы сыртқысынан қысқа, жіңішке, жақсы көрінетін жүйкесі бар (кил). Әр аталық жіптесі мен жолақты тозаңқаптан тұрады. Аналықта жоғарғы түйін мен қос кауырсын салалы аналық аузы бар. Лодикула түйін мен сыртқы гүл қабыршағы аралығында орналасады. Гүлденгенше олар нәзік, онша көрінбейді. Гүлденген кезде оларды байқауға болады.

Жемісі -дөн, беті толығымен түкті, ұрығы дәннің ұзындығына тең.

Сұлының түрлері

Егістік сұлы - Avena sativa L(2n=42) - қабықты және жалаңаш түрлері бар. Егістік сұлының қабықты масағында 1,2,3 кейде 4 гүл болады. Масақшалары қылтықсыз немесе масақшаның бірінші гүлінде ғана болады. Дән негізінде таға жоқ. Төменгі гүлі отырмалы. Бірінші дәнді екіншісінен бөлгенде білігі бірінші дәнде қалады. Сыну, алаңы бірінші дәннің каллусында жақсы көрінеді. Сыпыртқысы мен деніне қарай түршелерге беяінеді.



Византия сұлысы - Avena byzantina C.Koch (2n =42) морфологиилық белгілері бойынша егістік сұлыдан айырмзшылығы мынада: Қылтығы тек біріншіде жиі кездеспейді, сонымен бірге екінші дән масақшасында, кесіндісі төменгі дәннің кауызында кездеседі салыстырмалы сыну аумағы үлкен (тағасы әлсіз көрінген).

Біріншілік дәнді екіншіден ажыратқанда білікше екінші дәнде қалады немесе сынады және білікшенің жартысы бірінші дәнде, жартысы екіншісінде қалады. Әдетте негізгі дәнде топтама жіпшелер кездеседі. Eriстік сұлыға қарағанда сыртқы гүлінің қабыршағының жүйкесі анық көрінеді. Жетілген дәннің гүл қабыршағы жылтырлығымен мінездемеледі. Византиялық сұлыда әдетте дәннің пішіні қызғылт немесе қызғылт- бурыл келеді. Егістік сұлыда дәннің мұндай түсі сирек кездеседі.

Византиялық сұлы егістік сұлыға қарағанда құрғақшылыққа төзімдірек. Оның кездесетін түрлері тот тәжісіне, тозаңдарына және қатты қара күйе ауруларына шалдықпайды, ол ірі дәнділігімен, жоғары ақуыз құрамдығымен жөне майлылығымен сипатталады. Біздің елімізде аз мөлшерде өсіріледі. Өзбекстан және Тәжікстанда күздік сорттары себіледі (Византина 11).

Құмдақ сұлы (стригоза - Avena srtigoza Schxeb (2n=14)) Әр дәннің төменгі бөлігі иінді -қисық, бұратылған, біліктің негізі қара түсті. Дәні ақ, жеңіл. сыртқы гүл қабыршағының ұшы сүйір. Тағасы жоқ. Жеңіл құмдақы топырақтарда өседі. Ислания және Португалия таулы жерінде, Англияда, Ирландияда. Біздің елімізде егістік алқапта арамшөп ретінде кездеседі. Соның ішінде Украина, Белорусияда кең тараған, Сібір мен Орта Азияда кездеспейді. Сұлы мен арпа егістігінде бұл арамшөпті жою қиын. Егін себерде негізгі дақылдың тұқым құрамында оның қоспасы 2 пайыздан аспау керек, Сұлының мәдени түрлерінің жалаңаш дәндері кездеседі. Бізде ірі дәнді жалаңаш сұлы өседі.

СҰЛЫ ТҮРШЕЛЕРІНІҢ АНЫҚТАУ БЕЛГІЛЕРІ

Сұлының мәдени түрлерінің түршелерін мына белгілерімен ажыратады: дәннің түсі, қылтықтығы, түктілігі, сыртқы гүл қабыршағы және тілшесінің жоқтылығымен (Ligula).

Дәннің түсі (гүл қабыршағы). Дәні ақ, сары, сұр, қоңыр қара және қызыл-бурыл түспен анықталады. Сонымен бірге әр түрлі дақтармен, сортына, өнделуіне және сақталуының өзгерілуіне байланысты анықталады. Ақ дәні қызғылт және жеңіл кремшілі дақден кездеседі. Егер ақ дөнді сары дөннен қиын анықгалатын болса, оны 10 пайызды тұз қышкылының ерітіндісіне 10 минут өндеп және кептіру керек. Өнделгеннен соң 18 сағаттан кейін ақ дәнді ашық қоныр түске. Ал сары дән 5 сағаттан кейін ашық сары түске боялады. Ақ дәнді үльтракүлгін сәуледе шағылғанда - сұр-ашық, сұр-көкшіл және көк; ал сары дән қара, қара-қоңыр, қара-сұр, қара-көкшіл түс береді.

Сары түс қара түстен бастап ашық түске дейін болуы мүмкін, сондықтан ақ түстен айыру қиын.

Ұзақ уақыт бойы дәннің тамырда ерекше (өсіресе) жапырылғанда сұлыда, сазды-сұр немесе сары-бурыл дақ қалдырады. Жоғары ылғалдылықта сақталу жағдайында ақ дән қара-сары болуы мүмкін, ал сары- сазды сары қоңыр дағымен боялады. Дәннің бұндай түске өзгеруі етістік сапасының, өсу энергиясына және кектеуін төмендетеді.

Дәннің сүр түсі өте қара түстен ашық түске дейін түрленеді. Сондықтан да оны ақ түстен айыру қиын. Бұл жағдайда гүлдің ішкі қабыршағының түсін көру керек, өйткені ол сыртқы қабыршағына қарағанда күштірек боялған. Бір сыпыртқының өзінде сұр түс шамалы өзгеріп отырады.

Дәннің қоңыр түсінің өзінде де әр түрлі дақтар боялады. Ашық қоңыр түстен қара түске дейін. Сұлыньщ қоныр түсті дәнінің Швеция, Норвегия, Франция, Финляндияда өндіреді. Құмдақ сұлының қара дәнді пішіндес кездеседі, ал егістікте қызыл бурыл түсті. Ол көбінесе Византия сұлысының көбінесе кездеседі.

Қылтықтығы. Қылтықты түршелер пішініне масағындағы қылтықгың 25 пайызына өскендері кіреді. Қылтықтылық көбінесе көз жобамен анықталады. Бұл белгілер климаттық және топырақтың жағдайларының әсерімен өзгеріп отырады: ылғалды жылдары және жоғары агрофонда қылтықтығы төмендейді ал құрғақшылық жылдары және төменгі агрофонда қылтықтылығы жоғарылайды. Қылтықтылықтың өзгеруі әр сорттарда әр түрлі. Қылтықты сорттарда әрқашан біршама қылтықсыз сыпыртқылар саны кездеседі. Бұндай сорттар қылтықгы түршелерге жатады. Бірақ олардан жеке сыпыртқылары қылтықты және қылтықсыз түршелерге жатуы мүмкін. Сорттардың сыртқы ортаға байланысты қылтықтығының өзгеруін, екі түршеге де жатқызу керек. Византия сұлысының түршелер қатарынынң қылтық саны, масақтың біршілік және екіншілік денінде, ал қүмдақ сұлыда әр дәнінде қылтығы болады, сондықтан бұл тұр қасиеті болып саналады. Қылтықгың құрылысы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

1 түр - қылтық жақсы жетілген, дөрекі, иінді, негізінде


бұратылған, қара түсті.

түр -қылтығы орташа иілмеген, негізінде дөңгеленген және боялған. Бұл түрдің қылтығы нәзіктен дөрекіге дейін болады.

түр - қылтығы әлсіз дамыған, кьісқа ак, тік кейде негізінен өлсіз бүратылған. Қылтықтың мұндай түрлері қылтыксыз түршелердің сорттарында байқалады. Қылтық түрлері жыл жағдайдарына байланысты бір түрден екінші түрге ауысып отырады. Қылтықтың жоғарылауына байланысты дөрекілігі де байқалады. Қылтықтың сипаты сортына ғана байланысты ауытқымайды, бір сорттың үзіндігі гүл шоғыры әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан сортты анықтағанда оның басты түріне көңіл аудару керек.

СЫРТҚЫ ГҮЛ ҚАБЫРШАҒЫНЫҢ ТҮКТІЛІГІ

Егістің сұлы түршелерінін сыртқы гүл қабыршағының түктілігі сирек кездеседі, ал византиялық, құмдақ сұлыда көп тараған.

МАСАҚШАДАҒЫ ДӘННІҢ БЕРІКТІГІ

Масақтағы дәннің беріктігі полба сұлысымен сипатталады. Бұл пішіндегі сұлының бірінші және екінші дәнді қосатын білікше қысқа, жалпақ және бірінші және екінші дәнмен берік болып келеді. Сондықтан бұны бастырғанда масақшалар жеке дәнге ажырамайды.

ТІЛШЕ (Ligula)

Сұлының жапырақ қынабымен жапырақ тақтасы арасында тілше орналасқан тек сирек кездесетін түрлерінде тілше болмайды.
ЕГІСТІК СҰЛЫНЫҢ СОРТТЫҚ БЕЛПЛЕРІ

Дәннің түрі - сұлыға, апробация қолданғанда, басты белгі. Масақшадағы алғашқы толыққан дәнге байланысты анықтайды.

ДӘННІҢ КЕЛЕСІ ҚАБЫЛДАНҒАН ТҮРЛЕРІ

Москвалық (Пробштейский) - жуан жемісті, дәні ірі, ұзын, жалпақ, жуан, төбесі доғал, сәл бүкірлеу, ішкі гүл қабыршағы ашық.

Харьков (лейтевицкий) - жіңішке жемісті, дәні жіңішке, дәннің арқасы аздап бүкірлеу, тегіс, ұшы доғал ұзынша. Дәнегі гұл қабыршағының ұзындығынан 2/3 бөлігін толтырады. Ішкі гүл қабыршағы ашық.

Шатилов. Дәні қысқа, ұшы сүйір, жоғары қарай қысылады, жұмыртқа пішіндес екі жағы ісінкі. Екінші дәннің білігі ұзын.

Ұзын қабықты (spelzenKorn). Дәні ұзынша пішінді, харьков түріне қарағанда ұзын, төбесі үшкір, өте ұзын (Марктон).

Инелі. Дәні жіңішке, қысыңқы арнасы тегіс, дәннін төбесі үшкір ұзын, ішкі гүл қабыршағы сәл ашылған немесе жабық.

БІРІНШІ ДӘННІҢ НЕГІЗІНІҢ ТҮКТІЛІГІ

Сорттар түктілігі бойынша келесі түрлерге бөлінеді: Дәнінің бүйіріндегі түктердің, тығыз қылтықтарының мөлшері: қысқа -2мм дейін, ұзын - 4-5мм дейін. Бұл белгі ұрпақта тұрақты. Барлық жағдайларда өсіргенде көп масақшаларда байқалады.

Селдір түктер, қылтанақтар әдетте қысқа 1-2 мм және масақша бөлігінде. Бұл түктену түрі негізгі түкті сорттарда көп кездеседі. Сондықтан сұлынын апробациясында берілгсн масақтағы масақшаньщ тұкті не түксіз екенін аныктау үшін гүл шоғырына бірнеше масақша алу керек.

Шашақгүл түрі. Пішіні бойынша сыпрытқы қомақты және бір жақты (сары) болады. Бірақ сыпыртқы типы әр түрлі болады. Сыпыртқының қомақты түр сүттену сорттық белгісін көрсетеді:

Шашақгүл бірнеше түрлерге бөлінеді:

Жартылай қысыңқы - масақша бұтактары шұғыл бұрылған және білікпен 30-40 градустық бұрылыс жасайды. Бұл сыпыртқы типі ең өнімді.



Қомақты - мұның сыпыртқы бұтақтары негізгі білікпен 60-70 градустық бұрыш жасайды, сыпыртқының мұндай түрлері қазіргі көп өсірілетін сорттарда байқалады. Жартылай қысыңқы және қомақты сыпыртқыларды айыру қиын. Бір сыпыртқының негізгі білігімен бұтағының арасындағы бұрышы күрт өзгеріп отырады және пісу кезеңінде болады, өйткені дәні піскен кезде бұтақтары төмен салбырайды, сол кезде бұрыштық көрсеткіштері анықталады.





Бұтақтарының көлденең орналасуына қарай (бұрышы 90
градус) жетілтен сыпыртқы бұтақтары сәл иілген. Бұл типке
Шатилов сұлысы жатады. Иілген, сыпыртқысы борпылдақ, аз өнімді, бұтақтары иілген
(90 градус) көп.
Сорттық сипатын анықтаудағы қосымша белгілері.

Сабақ буынының түктілігі. Сабақ буындары өзінің барлық беті бойынша түкті болмайды тек олардың шеті (жоғары, төменгі) және буын жанындағы сабаны түкті болады. Көптеген сорттардың сабақ буындары түксіз және бір ғана қылтанағы болады буынының жаппай түктілігі, сұлының ешқандай сортында байқалмайды.

Сыпырткының кқылтық үсті түктілігі. Негізгі сыпыртқы түктілігі жиі кездесетін жағдай.



Мутовканың төменгі буынында қысқа дөректі жіпшелер түрінде түктілігі байқалады. Екінші дән білікшесінің түктілігі. Жиі кездесетін белгі. Фаленский сортында кездеседі. Келген сорттардағы екіншілік білікше дәні жалаңаш. Сорттың шаруашылық сипаттамасы бойынша мынадай келесі
белгілермен есептеледі:

1) Үш дәндік. Бұл көптеген сорттарда ылғалды жылдары және топырақ құнарлығы жоғары болғанда байқалады. Бұл жақсы көрсеткіш, өйткені мұнда төменгі дәндері (бірінші және екінші) күшті дамиды.

2) Жүп дәнділік - қажетсіз құбылыс. Кейбір жағдайдарда жүп дәнділік сорттық белгі ретінде болады. Әдетте олар гүлденуге жағдай болмағанда байқалады. Алғашқы гүлден түзілген масақтағы дән әлсіз дамыған немесе дамымаған күйде болады. Ішкі гүл қабыршағы екінші дәнді көмкеріп тұрады, Сонымен жүп дәнде жалғыз дәнек болғанда төрт гүл қабыршағы болады: екеуі бірінші және екінші гүлдікі.



Жұп дәндердің егістік және азықтық сапасы төмен, сондықтан олардың қажеті шамалы.

Қабықтылық - манызды шаруашылық белігелердің бірі. Қалың қабықты (швед селекциясы ) және жұқа қабықты (жеміс сары дәнді, шатилов украин, т.б.) сорт болып бөлінеді. Қабықтылық 20 пайыздан 40 пайыз аралығында ауытқып отырады. Сонымен қатар ол қылтықтығында, климатқа және өсіру жағдайына байланысты болады. Дән мөлшері ұсақ - 1000 дән массасы 20-ға дейін, ұсақ - 20-25г, орташа ірілікте -- 26-35г, ірі дәндер 36-40г және өте ірі - 45 г артық.



Бұл сорттық белгіге жатады және өсіру жағдайына қарай өзгеріп отырады.

Масақша және гүл қабыршағының мөлшері - сорттың шығу тегіне байланысты. Оңтүстік сорттарының масақша қабыршақтары солтүстік және орталық елдікке қарағанда ұзын болады. Ең ұзын масақша қабыршағы (30 мм және кеп ). A. Byzantina С. Косһ. түрінің сорттарына тән. Масақша қабыршағы ұзын (18 мм және ұзын), орташа ұзындықта (16-17мм), қысқа (14-15мм), орташа жалпақ (5мм).
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТОПТАРЫ
Сұлының колециясын оқып-үйрену негізінде, ВИР экспедицясының жинағы бойынша А.И Мордвинкина бұл дақылдың экологиялық топтарын ашып көрсетті. Яғни дақылдың вегетациялық кезеңінің ұзақтығы бойынша, ылғал мен жылуға қажетсінуі, ауруларға төзімділігі, өнімділігі және басқа биологиялық, физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар морфологиялық белгілеріне қарай бөлді. 42 хромосомалы сұлының экологиялық топтары көрсетілген.

Батысевропалық еңістік. Биік өсетін өсімдік, сабағы жуан, қатты, сыпыртқысы ірі, масақшалары көп, ақ басқа түстері аз, ірі москвалық түрге жатады, жоғары агрофонды талап етеді. Вегетациялық кезеңі орташа және ұзақ. Саңырауқұлақтар ауруына шалдығады. Бұл топтың сорттарының ерешелігі – иілгіштігі жоғары. ТМД-ның орманды, орманды-далалы бөлігінде, батыс Сібір, Гермияның солтүстік бөлігінде, Швецияның оңтүстігінде, Дания және Польшада өсіріледі. Победа, Орел, Золотой дождь, Фаленский, Сизу, Селма; Немчиновский 2 сорттары жатады.

Солтүстік орыстық. Бұл өсімдіктердің биіктігі бойыншща немесе төмен өседі. Сабағының қалыңдығы орташа. Сыпыртқысы қомақты немесе біржақты. Дәні ұсақ, қылтықсыз жиі. Ине пішінді.

1000 дәні салмағы мен қабықтылығы төмен. Вегетациялық кезеңі қысқа, кейде орташа. Суыққа төзімді, пісу кезеңінде жылута қажетсінбейді, саңырауқұлақ ауруына шалдығады.

Солтүстік скандинавиялық. Биіктігі орташа, жақсы жапырақталған. Сабағы төзімді. Дәні ине пішінде сорттары ерте немесе орташадан ерте піседі. Шашақталу мен пісу кезеңі аралығы қысқа. Пісу кезеңінде жылуға қажетсінбейді. Орманды тундра аймағында өсіріледі. Бұған Норвегия сорты Нидер, жергілікті және Солтүстік Швециадан алынған сорттар жатады.

Шығыс сібірлік. Биікгігі орташа немесе қысқа, сыпыртқысы қомақты. Дәні негізінен қылтықсыз, ине пішінді, ұсақ 1000 дән салмағы мен қабықтылығы төмен. Ерте пісетін түрге жатады. Көктемгі төменгі температура мен қуаңшылықка төзімді.

Шығыс Сібір және Буратияда кең тараған. Тулунский 86/5. Сибиряк т.б. сорттар жатады. Европалық сары дәнді топ. Биіктігі орташа. Сабағы өте жіңішке. Дәні Харьков түріне жатады, қылтықсыз. Вегатациялық кезеңі орташа. Сорттары сабақ татымен зақымданады, тозаңды және қатты күйеге төзімді, швед шыбынына да төзімді. Топырақ пен климатқа бейім, Солтүстік Кавказ, Украина, Қазақстан, Орталық аймақта кең тараған. Бұл топқа Лоховский, Северянин, Надеждый сорттары жатады.

Далалық. Биіктігі орташа. Сабағы жіңішке, төзімді. Сыпыртқысы қомақты. Дәні ине пішінді немесе ұзын қабақты. Вегетациялық кезеңі қысқа және орташа.

Алғашқы фазасында тез өседі, өйткені көкгемгі ьиғалды пайдаланады. Жылу сүйгіш, құрғақшылыққа төзімді, тат және қара күйе ауруларына төзімді. Европа далалық аймағында, Батыс Сібірде, Қазақстанда кен тараған.

Марктон. Артемовский 107, Степняк 648, Крымский 90, т.б. сорттары жатады.

Еуропалық орманды далалық: пісу мерзімі орташа,

қүрғакщылыққа төзімділігі орташа, Жопырақ татына төзімді. Орталық кара топыракты облыстарының орманды-далалы ауданында, Башкирияда, Украинада кең тараған Шатшювский 56, Шатиловский 33 жергілікті сорттар жатады.

Жерорта теңіздік: биік немесе биіктігі орташа, түптеледі, жан-жақгы шашырай өседі, сабағы төзімді. Сыпыртқысы борпылдақ жөне селдір, қысыңкьі. Масақшасында ені әлсіз дамыған қылтығы бар. Дәні ірі, кремді-бурыл, дөрекі қабықты.

Өсірілетін сорттары ұзақ пісетін немесе орташадан кеш топтарға жатады, құрғақшылыққа төзімді, жылу сүйгіш. Жерорта тедізі ауданында кең тараған.

ЕГІСТІК СҰЛЫНЫҢ СОРТТАРЫ


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет