Қазақстан республикасының Ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі


Ағылшын тілі және жаратылыстану пәнінің кіріктіріп оқытудың педагогикалық технологиялары



бет8/13
Дата20.11.2023
өлшемі103,84 Kb.
#192323
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Құрманбек

2 Ағылшын тілі және жаратылыстану пәнінің кіріктіріп оқытудың педагогикалық технологиялары
2.1 CLIL технологиясы бойынша оқытудың мақсаттары
Оқытудың технологиясы оқу ақпаратын өңдеудің, ұсынудың, өзгертудің және ұсынудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы; мұғалімнің оқыту барысында қажетті техникалық және ақпараттық құралдарды пайдалана отырып оқушыларға ықпал ету амалдары туралы ғылым. Оқыту технологиясында оқытудың мазмұны, әдістері мен тәсілдері өзара байланысты және өзара шарттас болады [10].
Бүгінгі таңда жалпы орта білімнің мақсаттары өзгеріп, жаңа оқу жоспарлары, жеке дара пәндер арқылы емес, кіріктірілген білім беру салалары арқылы мазмұнды көрсетудің жаңа көзқарастары әзірленіп отыр. Әрекетті тәсілге негізделген білім берудің жаңа тұжырымдамалары жасалуда. Бұл жағдайлар әдістеме аясында жаңа теориялық зерттеулер үшін негіз жасап, оқу үдерісін ұйымдастыруға жаңа көзқарастарды талап етеді.
Білім беруді жаңарту оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі емес әдістері мен формаларын пайдалануды, соның ішінде пайдалану нәтижесінде балалардың бойында дүниені біртұтас қабылдауы пайда болатын, көп айтылатын оқытудағы дәл әрекетті тәсілдің өзі қалыптасатын кіріктіріп оқытуды талап етеді.
Кіріктіру тек пәндер бойынша білімдердің өзара байланыстары көзқарасынан ғана емес, оқыту технологиялары, әдістері мен нұсқаларын кіріктіру ретінде қарастырылады.
Педагогикалық технологиялардың түрлері көп, оларды түрлі негіздеріне қарап ажыратады. Дидактикада технологиялардың үш негізгі тобы атап көрсетіледі:
Оқытудың түсіндіріп-көрсету технологиясы, оның түп мәні оқушыларды ақапарттандыру, оларға білім беру және жалпы оқу сияқты, арнайы (пәндік) біліктерді де қатар шыңдау мақсатында олардың репродуктивтік қызметін ұйымдастыру.
Тұлғаның өздігінен дамуын орнатып оқытуды субъективтік негізге ауыстыруға бағытталған тұлғалық-бағдарлы оқыту технологиясы (Якиманская И.С.).
Негізінде мектеп оқушыларының тұлғалық дамуының ішкі механизмдерін қосуға бағытталған оқыту амалы жатқан дамыта оқыту технологиясы [11].
Осы топтардың әрқайсысы оқытудың бірнеше технологияларын қамтиды. Осылайша, мысалы, тұлғалық-бағдарлы технологиялардың тобы деңгейлеп (саралап) оқыту технологиясын, ұжымдасып өзара оқытуды, білімді толық меңгеру технологиясын, модульдік оқыту технологиясын және т.б. қамтиды. Бұл технологиялар оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруге, мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесуіндегі амалдарды жетілдіруге мүмкіндік береді.
Бұл оқу-әдістемелік құралда қарастырылатын мәселелердің мәнмәтінінде, көптеген педагогикалық технологиялардың ішінен тілдерді оқытуда
айтарлықтай табысты қолданылып жүрген СLIL технологиясына назар аударылуда.
CLIL өз мәнінде Content and Language Integrated Learning білдіреді – бұл дегеніміз шет тілдің басқа оқу пәндерімен кіріктіріліп оқытылуын көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет