Қазақстан республикасының Ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі


CLIL негізін төрт C құрайды



бет9/13
Дата20.11.2023
өлшемі103,84 Kb.
#192323
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Құрманбек

CLIL негізін төрт C құрайды:
CONTENT (Мазмұн) – бұл пән саласындағы ілгері басатын білімдер, біліктер мен дағдылар;
COMMUNICATION (Қатынас) – бұл оқытуда шет тілін пайдалану біліктері;
СOGNITION (Таным) – бұл жалпы түсінікті қалыптастыратын (нақты және абстрактілі) танымдық және ойлау қабілеттерін дамыту;
CULTURE (Мәдениет) – бұл өзін мәдениеттің бір бөлігі ретінде ұғыну, сонымен қатар балама мәдениеттерді қабылдау.
CLIL – бұл түрлі білімділік мәнмәтінінде қолданылатын көзқарастардың тұтас бір қатарын біріктіретін өзінше бір термин. CLIL енгізудің түрлі амалдарын сипаттайтын терминдердің тұтас бір қатары бар, мысалы: толық тілдік ену, ішінара тілдік ену, «тілдік нөсер» және т.б.
CLIL-дің негізгі қағидаларын анықтауда түрлі еуропалық елдерде мәдени және тілдік ортасын қамтитын, пәндік және білімділік міндеттерді шешуге бағытталған оның 4 негізгі қыры бөліп көрсетіледі. Осы 4 қырының әрбіреуі білім алушылардың жасына, әлеуметтік-лингвистикалық ортасы мен CLIL ену дәрежесіне қарай түрліше жүзеге асырылады.
СLIL технологиясы бойынша оқытудағы негізгі қағидалар болып табылатындар:
- СLIL ұғымы шегінде орналасқан қағидалар. Бұған пәнаралық байланыстар, сонымен қатар тілдік құзыреттілік, тек оқуға ғана емес, сонымен қатар жаңа білімдерді өмірде пайдалануға, сәйкесінше өмірлік мотивацияны арттыруға дайындық, табысқа беталыс жатады. Осының барлығын CLIL оқытуының артықшылықтарына жатқызуға болады;
жоғарыда атап көрссетілген төрт компонент жүзеге асырылатын CLIL табысты сабағы;
- одан өзге, әр сабақта тілдік дағдылардың барлық түрлері қолданылуы тиіс.
CLIL технологиясы бойынша оқытудың мақсаттары:
оқытылатын пән арқылы шет ел тілін зерделеу;
пәнді шет ел тілі арқылы зерделеу.
Осылайша, оқушыларды ана тілінде және оқып үйренетін тілде оқыту бір тұтасты құрайды. Ағылшын тілі арқылы жаратылыстану, биология, химия, информатика, география және тағы бірқатар басқа пәндер оқытыла алады. Осы пәндерді ағылшын тілінде оқыту үшін таңдап алынуы толық негізделген. Ол үшін бұл пәндер білім беру мазмұнының ұлттық емес құрамдасын құрайтыны туралы тұжырымды еске алғанның өзі жеткілікті, өйткені француз физикасынан өзгеше неміс физикасы (химиясы, математикасы және т.б.) жоқ және т.с.с. Бұл тұжырымды тілдік немесе әлеуметтік-гуманитарлық циклдағы пәндерге
қатысты айтуға болмайды: олар әрдайым этникалық тұрғысында шығады, сондықтан да өзінің жиынтық мәнінде білім берудің ұлттық мазмұнын құраайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет