Қазақстан республикасының Ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі



бет7/13
Дата20.11.2023
өлшемі103,84 Kb.
#192323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Құрманбек

Сөздер мен сөйлемдерді өзара тексеру. Ағылшын тілін зерделеу барысында қолданылатын ынтымақтастықтың ең кең тараған түрі – бұл оқушылардың жекелеген сөздер мен сөйлемдерді білу бойынша бірін-бірі тексеруі. Бірін-бірі тексерудің әдістемелік жағы ерекше маңыздылыққа ие болады. Оқушылардың бұл жұмысы алуан түрлі болуы мүмкін. Мысалы, бір оқушы оқылатын пән бойынша терминді айтады, ал екінші оқушы бұл терминді ағылшын тілінде айтады. Терминдерді аудару қарсы тәртіпте де орындалуы мүмкін: бір оқушы оқылатын мәтінде кездесетін жекелеген сөздер мен сөйлемдерді айтады, ал келесі оқушы олардың мағынасын бірден ана тілінде айтады. Есте сақтауға тиіс сөздер мен жекелеген сөйлемдерді оқушылар дәптерлеріне немесе сөздіктеріне жазып алады. сабаққа дайындалу барысында оқушылар дәптерлеріне немесе сөздіктеріне жазып алған сөздер мен сөйлемдерді қайталайды және мүмкін болған жағдайда бірін-бірі тексереді.
Кейбір мұғалімдер сөздер мен сөйлемдерді жекелеген текшелерге жазып көрсетеді. Әр текшеде 10, 20 немесе одан да көп сөз болуы мүмкін. Мұғалімнің кеңесі бойынша оқушылар жаңа сөздер мен сөйлемдерді сабақта ғана емес, сонымен бірге үй тапсырмасын дайындау процесі барысында да жаттаулары мүмкін. Текшелер бойынша өзін-өзі және бірін-бірі жылдам тексерудің бір нұсқасы: текшенің сол жағында бір бағанға, мысалы, оқылатын тілде (ана тілі емес) жиырма сөз жазылған, ал оң жағында сәйкесінше ана тіліндегі мағынасы жазылған. Тексеруші дәптермен немесе бір парақ қағазбен текшенің сол жағын, яғни ана тілінде емес берілген сөздерді жабады. Жауап беретін оқушы ана тіліндегі сөздерді ғана көреді және оқылатын тілдегі сөздерді жылдам және дұрыс айтуға тырысады.
Егер барлық сөздер мен сөйлемдер дұрыс және неғұрлым жылдам айтылған болса, онда тексеруші жауап беретін оқушыға тура осы тапсырманы белгілі уақыт арасында орындауды немесе жекелеген сөздерді (ана тілінде емес) басқа текшеге жазып белгілі уақыт ішінде аударуды тапсыруына болады. Бір кездесу барысында екі оқушы бірін-бірі бір ғана емес, екі, үш немесе одан да көп текшелер арқылы тексерулеріне болады. Мұғалім текшедегі кейбір сөздерге ерекше назар аудару, қайталап айту немесе дәптерге жазып алу үшін астын сызып қоюына да болады.
Жаңа мәтін бойынша біріккен жұмыс. Жаңа мәтіндермен жұмыс әр түрлі жүргізілуі мүмкін. Мұғалім уақыттың бір бөлігінде оқушыларды жаңа мәтіннің және оның ана тіліндегі аудармасымен таныстырады. Бұдан әрі оқушылар жаңа мәтіндер алады және тұрақты немес ауыспалы жұпта оларды аудару жұмысын жүргізеді. Әдетте жұптағы бір оқушы мәтінді оқиды және екінші оқушыны араластыра отырып әр сөзді аударады.
Егер жаңа сөз немесе сөйлем кездессе, онда екінші оқушы оның мағынасын сөздіктен іздейді. Жұптың әр оқушысы жаңа сөзді және оның мағынасын өзінің жұмыс дәптеріне немесе сөздігіне жазып алады.
Егер мәтін шағын болса, онда оны бір оқушы аударады.
Егер мәтін үлкен болса, онда мәтін бірнеше бөлікке бөлінеді (азат жолдар бойынша бөлінуі мүмкін) және оны бірнеше оқушы кезектесе отырып аударады.
Өзара диктанттар. Жаңа материалды жақсы меңгеру үшін, мұғалім диктант жазылған текше карталар әзірлейді. Өзара диктанттарды оқушылар қазақ тіліндегі сабақтардағы тәртіп бойынша жүргізеді.
Монологтік және диалогтік тілдесуді дамыту бойынша жаттығулар орындау. Оқушылар диалогтік тілдесуге жаттығу бойынша сауалнама-текшекартасын толтырады, содан кейін берілген проблема немесе тақырып бойынша монологтік сөйлесуді (мазмұндауды) орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет