Қазақстан республикасының Ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі


Кіріктіріп оқытуды ұйымдастырудың түрлері



бет5/13
Дата20.11.2023
өлшемі103,84 Kb.
#192323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Құрманбек

Кіріктіріп оқытуды ұйымдастырудың түрлері

Оқытуды ұйымдастырудың түрлері – бұл:
– тұрақты және логикалық шегіне жеткен педагогикалық процесті ұйымдастыруға тән жүйелілік және тұтастықтың, оқушылар құрамының қалыптылығының, өткізудің белгілі тәртібінің болуы;
– белгілі тәртіп пен мерзімде жүзеге асырылатын мұғалім және оқушылардың келісілген іс-әрекеттері көрінісінің болуы [7].
Классикалық дидактикада оқытудың ұйымдастыру түрлерінің жалпы ережелерінде, мектепте оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ болып табылады деген пайымдау бар. Сабақ дегеніміз:
– кеңістіктік-уақыттық анықтылық (сабақтың режимі, сабақтың өтетін орны, оқушылар мен мұғалімдер құрамы);
– сабақтың құрылымы және жұмыс кезеңдерінің бірізділігі;
– оқушылардың өз беттерінше жұмыс істей білулерінің жеткілікті деңгейі;
– сабақтың дидактикалық мақсаты.
Сабақтың негізгі қызметі: ықпалдастық, коммуникативтілк, басқарушылық.
Сонымен қатар заманауи дидактикада дәстүрлі және стандартты емес сабақтарды бөліп көрсету қарастырылады. Стандартты емес сабақтардың қатарына іс-әрекеттің әртүрлі түрлерін қамтитын, танымдық қызығушылықты арттыратын, қиялдауды, ойлауды, зейінді дамытатын, оқушылардың шаршағандықтарын, артық күш жұмсауларын болдырмайтын кіріктірілген сабақтар жатады.
Кіріктіру өзін-өзі танытуға, өз ойын білдіруге, мұғалімнің шығармашылығн жүзеге асыруға, оқушылардың қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді. Кіріктіру оқушылардың түрлі пәндерден жүргізген бақылаулары бойынша жасаған қорытындыларын нақтылаудың және тереңдетудің, жаңа фактілер табудың қайнар көзі болып табылады.
Егер дәстүрлі сабақ оқушыларды біліммен қаруландыруға және негізінен түсіндіру-көрнекілік әдісінде құрылатын жалпы білім беру міндеттерін шешуге бағытталған болса, ал кіріктірілген сабақтар оқытудың түрлі әдістерінің және құралдарының үйлесуі негізінде құрылып, сонымен қатар ғылыми-жаратылыстану бағыты пәндері мен ағылшын тілі пәнінің көптеген міндеттерін шешеді. Кіріктіру барысында түсіндіру-көрнекілік, іздеу, зерттеу әдістері, пікірталас, білімнің түрлі дереккөздері, теледидар бағдарламалары, кино үзінділері, мультимедиа курстары, интернет-технологиялары, оқыту мен бақылаудың басқада техникалық құралдары қолданылады. Сонымен қатар топтық, ұжымдық, жұптық, жеке жұмыс түрлері кеңінен қолданылады [8].
Бұндай сабақтарда танымдық міндеттерді, ұсыныстар жасауды, оқушының шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға көп жағдай жасалады.
Тіл мен пәнді кіріктіріп оқыту ең алдымен тілдік іс-әрекеттің төрт түрін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) меңгеруге бағытталған.
Ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту контексінде Қазақстандағы мақсатты тіл – ағалшын тілі болып саналатынын тағы да еске салайық. Сондықтан да кіріктіріп оқытуда негізгі орынды шет (біздің жағдайда – ағылшын) тілі сабақтары алады.
Шетел тілі сабақтарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Қазіргі кезде басқа мәдениеттердің әңгімесіне араласу және олардың мәдениетіне араласу шетел тілін меңгерудің жаһандық мақсаты болып саналады. Мәдениетаралық коммуникация қабілетін қалыптастыру арқылы бұл мақсатқа жетуге болады. Басқа тілді коммуникацияға оқыту арналған коммуникативтік сипаттағы тапсырмалар негізінде ұйымдастырылған оқыту, шет тілінің заманауи сабағының ерекше өзгешелігі болып табылады.
Басқа тілді коммуникация тілдік іс-әрекет теориясына негізделеді. Шет тіліне коммуникативтік оқыту іс-әрекеттік сипатқа ие, себебі тілдесу «тілдік қызмет» арқылы жүзеге асырылады, ол өз кезегінде «өзара әлеуметтік қарым-қатынас» жағдайындағы адамның табысты іс-әрекетінің міндеттерін шешу үшін қажет. Басқа тілді коммуникацияда тілдесуге қатысушылар шет тілінің көмегімен бірлескен іс-әрекеттің міндеттерін шешеді.
Сол себепті де оқушылардың өзара қарым-қатынастарының және ынтымақтастықтарының, сонымен қатар тілдің коммуникативтік шартын ұйымдастыруға арналған тілдік тапсырманың маңыздылығын атап өту қажет. Коммуникативтік оқыту оқушыларды басқа мәдени кеңістікке «кіруге» бағыттайтын тілдік байланысқа іштей дайын болуды және қабілеттілікті қамтиды. Бұндай оқыту үшін ең алдымен сабақты өткізудің дәстүрлі емес формалары тән. Бұл жерде сөз кіріктірілген оқыту, яғни бинарлы сабақтар және пәнаралық байланысты кеңінен қолданып өткізілетін сабақтар туралы болып тұр.
Оқытудың бинарлық моделі екі мұғалімнің өзара қарым-қатынас жасауын қарастырады. Бұндай сабақтарды құрастыру барысында байланысты пәндер мұғалімдерінің ынтымақтасып жұмыс істеуі емес, тілдік пәннің және тілдік емес пәннің мұғалімдерінің бірігіп сабақ өткізуі негізгі қиындықты туғызады. Бинарлық сабақтың әдістемесі дәстүрлі сабақ тақырыптарының әдісінен ерекшеленеді, яғни кез келген тақырып бойынша екі мұғалім бір мезгілде сабақ өткізеді.
Мұндай сабақ өткізу барысында келесідей негізгі мақсаттар орындалады:
Оқу процесі барысындағы оқушылардың іс-әрекетіне қойылатын талаптар бірлігінің және туындаған проблемаларды қарастыру тәсілінің бірдей орындалуы.
«Химия (физика, биология, информатика) мұғалімі – ағылшын тілі мұғалімі – оқушылар» үшбұрышының тілдесуінен туындаған қызығушылықтың әсерінен оқу материалын қабылдау, бақылау белсенділігі артады, сезімдік және логикалық ойлау жанданады, қиялдың жұмыс істеуі қарқыны ұлғаяды.
Оқушылардың түрлі нұсқаларда берілген теориялық білімді: жедел және жан-жақты ойланған нақты шешім қабылдауды стандартты емес жағдаяттарда пайдалана білу білігін тәрбиелеу.
Бинарлық сабақ өткізу барысында екі мұғалімнің іс-әрекетінің сәйкестігін келесі нұсқада ұсынуға болады (1-кесте):
1-кесте. Бинарлық сабақ өткізу барысындағы сәйкестік





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет