Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі



бет15/160
Дата06.02.2022
өлшемі294,1 Kb.
#76498
түріКодекс
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   160
учаскесiн беру
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесін беру және пайдалану шарттары, тәртібі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленеді.
48-бап. Шаруа немесе фермер қожалығы қызметiнiң шарттары
1. Шаруа немесе фермер қожалығы өз шығыстарын алатын кірісінің есебiнен жабады.
2. Шаруа немесе фермер қожалығының өндiрiстiк, коммерциялық және өзге де қатынастары шарттық негiзде жүзеге асырылады.
3. Шаруа немесе фермер қожалығындағы жұмыстарды орындауға еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн азаматтар тартылуы мүмкiн.
4. Шаруа немесе фермер қожалығында жалдау туралы шарт жасасу тәртiбi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында айқындалады.
5. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелерi және қожалықта еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады.
6. Шаруа және фермер қожалықтарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтiк сақтандыру жүйесін пайдалануға құқығы бар.
49-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының қызметiн тоқтату
1. Егер қожалықтың қызметiн жалғастырғысы келетiн бiрде-бiр қожалық мүшесi, мұрагер немесе басқа адам қалмаса, сондай-ақ банкрот болған және жер учаскесiне жеке меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайларда шаруа немесе фермер қожалығының қызметi тоқтатылады.
2. Шаруа немесе фермер қожалығының қызметi тоқтатылған кезде ортақ мүлiктi бiрлескен меншiкке қатысушылар арасында бөлу, сондай-ақ олардың бiреуiне үлес бөлiп беру ортақ мүлiк құқығындағы әрбiр қатысушылардың үлесi алдын ала анықталған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Үлестiк меншiктегi мүлiк қатысушылар арасындағы келісім бойынша өздерінің арасында бөлiнуi мүмкiн.
4. Шаруа немесе фермер қожалығының қызметi тоқтатылған кезде мүлiктi, жер учаскесiн және жер пайдалану құқығын бөлудің шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледi.
3-параграф. Заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі
50-бап. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі
1. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде кіріс алуды көздейтін коммерциялық заңды тұлғаларды құру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандары шаруашылық серіктестігі, акционерлік қоғам және өндірістік кооператив қана болуы мүмкін.
3. Коммерциялық емес ұйым өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес болғандықтан ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады.
51-бап. Мемлекеттік кәсіпорындардың кәсіпкерлігі
1. Мемлекет қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерінен айқындалатын әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу мақсатында:
1) шаруашылық жүргізу;
2) жедел басқару (қазыналық кәсіпорындар) құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар құрады.
2. Мемлекет шаруашылық жүргізу құқығында бөліп берген мүлкі бар және өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап беретін коммерциялық ұйым шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.
3. Мемлекет жедел басқару құқығында бөліп берген мүлкі бар коммерциялық ұйым қазыналық кәсіпорын болып табылады.
52-бап. Кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды

Каталог: sites -> atyrau.gov.kz -> uploads
uploads -> 2011-2015 жылдарға арналған Атырау қаласының Аумақтық даму бағдарламасын іске асырылуы туралы есеп
uploads -> Атырау облысы бойынша тіркелген бұҚаралық АҚпарат қҰралдары 2017 жылдың ақпан айы жағдайымен
uploads -> Атырау облысы бойынша тіркелген БҰҚаралық АҚпарат қҰралдары 2016 жылдың 31 тамыз жағдайымен
uploads -> Отчет о ходе исполнении государственной программы развития и функционирования языков в Республике Казахстан на 2011 2020 годы
uploads -> Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы есеп
uploads -> Аумақтың негізі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
uploads -> Товарищество с ограниченной ответственностью «Structural Engineering» Номер государственной лицензии: 15007055 от


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   160




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет