Қазақстан Республикасының Кодексі



бет48/60
Дата17.06.2018
өлшемі7,17 Mb.
#43154
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   60

559-1-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган

1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары осы Кодекстің 310-1-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы, Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының орынбасары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторлары және олардың орынбасарлары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.

 

05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 560-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 560-бап жаңа редакцияда (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)



560-бап. Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган

1. Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган мен оның жергілікті жерлердегі органдары осы Кодекстің 307-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:

Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — қырыққа дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

өсімдіктер карантині жөніндегі бac мемлекеттік инспекторлар, өсімдік карантині жөніндегі облыстық және қалалық қызметтердің мемлекеттік инспекторлары жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — отыз беске дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

өсімдіктер карантині жөніндегі қалалық, аудандық қызметтердің, шекаралық пункттер мен бекеттердің мемлекеттік инспекторлары жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — отызға дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II 560-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 560-1-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 299-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 560-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 560-1-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.11.12 № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 560-1-бап өзгертілді



560-1-бап. Астық нарығын реттеу саласындағы уәкілетті орган

1. Астық нарығын реттеу саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық органдары осы Кодекстің 186, 309-1 (екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға аумақтық органдардың бастықтары мен олардың орынбасарлары құқылы.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II 560-2-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 560-2-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 560-2-бап жаңа редакцияда (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)



560-2-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган

1. Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның жергілікті жерлердегі бөлімшелері осы Кодекстің 220, 294, 309-3, 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:

Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — жүзге дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің өсімдіктерді қорғау жөніндегі бac мемлекеттік инспекторлары жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — сексенге дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — жетпіс беске дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 561-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 561-бап жаңа редакцияда (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 561-бап өзгертілді



561-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органдар

1. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органдар осы Кодекстің 121, 124 (екінші бөлігінде), 276, 277, 278 (екінші бөлігінде), 279-281, 281-2-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:

Суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор және оның орынбасарлары, суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөніндегі бас мемлекеттік бассейндік (аумақтық) инспекторлары және олардың орынбасарлары жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — жетпіске дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлар жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — алпыс беске дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — алпысқа дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз алпысқа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 562-бап жаңа редакцияда; ҚР 2006.10.01. № 116-III (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 562-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 562-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)



562-бап. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдар

1. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 121, 125, 126, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284-297, 298 (бірiншi бөлiгiнде), 298-1 (бірiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 299, 300, 304 (бірiншi бөлiгiнде), 305 (бірiншi бөлiгiнде), 306 (бірiншi бөлiгiнде), 357-2 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

1) осы Кодекстiң 121, 125, 126, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284-297, 298 (бірiншi бөлiгiнде), 298-1 (бірiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 299, 300, 304 (бірiншi бөлiгiнде), 305 (бірiншi бөлiгiнде), 306 (бірiншi бөлiгiнде), 357-2 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - Қазақстан Республикасының орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдары мен олардың аумақтық органдарының лауазымды адамдары;

2) осы Кодекстiң 121, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгінде), 284-291, 294, 296, 297, 298 (бірiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің басшылары, басшыларының орынбасарлары;

2-1) осы Кодекстің 121, 250, 252, 282, 283 (екінші бөлігінде), 284-291, 294, 296, 297, 298 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін — облыстық атқарушы органдардың орман және аңшылық шаруашылығы құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамдары;

3) осы Кодекстiң 121, 126, 250, 252, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284 (үшiншi бөлiгiнде), 285 (екiншi бөлiгiнде), 286 (екiншi бөлiгiнде), 287 (төртiншi бөлiгiнде), 289 (төртiншi бөлiгiнде), 290 (екiншi бөлiгiнде), 291 (екiншi бөлiгiнде), 294 (екiншi бөлiгiнде), 296-1, 297, 298 (бірiншi бөлiгiнде), 298-1 (бірiншi және үшiншi бөлiктерiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтары күзет қызметiнiң басшылары, басшыларының орынбасарлары, бастықтары құқылы.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 563-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 563-бап жаңа редакцияда; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 563-бап өзгертілді



563-бап. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар

1. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және оның аумақтық органдары осы Кодекстің 118, 120, 121, 250-258, 357-2 (бірінші бөлігінде) баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:

Қазақстан Республикасының жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторы жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жетпіс беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің алпысқа дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.

 

2005.04.05 № 48-III ҚР Заңымен 563-1 баппен толықтырылды



563-1-бап. Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган

1. Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 134-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.

 

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 563-2-баппен толықтырылды



563-2-бап. Геодезия және картография саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар

1. Геодезия және картография саласындағы орталық уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары осы Кодекстiң 258-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға геодезия және картография саласындағы орталық уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары, сондай-ақ оның аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.

 

564-бап. ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)



 

05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 565-бап жаңа редакцияда; 2008.25.12. № 113-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 565-бап өзгертілді



565-бап. Монополияға қарсы орган

1. Монополияға қарсы орган осы Кодекстің 147-1 (бірінші бөлігінде), 147-2, 147-3, 147-4, 163-5-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Монополияға қарсы органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.

 

2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен 565-1-баппен толықтырлды; 2008.29.12 № 116-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 565-1-бап өзгертілді



565-1 бапқа өзгерістерді қара - 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңы (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

565-1-бап. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган

1. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган осы Кодекстің 147-5, 147-6 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 147-7, 147-8, 147-9, 186, 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.

 

2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен 565-2-баппен толықтырлды; 2010.21.01. № 242-ІV ҚР Заңымен 565-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



565-2-бап. 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 566-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.28.06. № 24-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 566-бап өзгертілді



566-бап. Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар

1. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 219-9, 317 (бірінші бөлігінде), 317-4 (бірінші бөлігінде), 317-3, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 496 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторлары мен олардың орынбасарлары әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.

 

2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 567-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)



567-бап. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөніндегі уәкiлеттi орган

1. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөніндегі уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 461-бабының (бірiншi, екiншi және төртiншi бөлiктерiнде) (тракторлар, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары жүргiзушiлерiнiң жасаған құқық бұзушылығы бөлiгiнде), ауылшаруашылық техникасын, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды тiркеу жөніндегі қадағалаушы уәкiлеттi органдарға қатысты бөлiгiнде 470, 474, 475, 483-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөніндегі аудандық және облыстық уәкiлеттi органдардың инженер-инспекторлары ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөніндегі уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.

 

ҚР 03.06.03 ж. № 428-II Заңымен 567-1-баппен толықтырылды; 2009.30.12 № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 567-1-бап өзгертілді



567-1-бап. Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган

1. Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы Кодекстің 173 (екінші және алтыншы бөліктерінде) (өзара сақтандыру қоғамдарының өсімдік шаруашылығында жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 175 (екінші бөлігінде) (өсімдік шаруашылығы өнімін өндірушілер жасаған құқық бұзушылық бөлігінде) баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы және оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.

 

05.12.03 ж. № 506-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); ҚР 2005.21.10. № 80-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 568-бап жаңа редакцияда; ҚР 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 568-бап өзгертілді



Каталог: cont
cont -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
cont -> Замандастар көзімен
cont -> БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі
cont -> Ғылыми-Әдістемелік Кеңес мәжілісінде бекітілді
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің 2016 ж
cont -> «6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша докторантураның Қабылдау емтиханына дайындалуға арналған бағдарлама «Әдебиеттану – 6D021400»
cont -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
cont -> Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов
cont -> «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Батыс Қазақстан облысы кітапханаларында өткізілген шаралар туралы ақпарат. Биылғы жылы Қр мәдениет және ақпарат министірлігі
cont -> Ілияс Есенберлин (1915 — 1983 жж.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет