Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі



бет6/55
Дата25.12.2023
өлшемі385 Kb.
#199124
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
ӘНХ каз 23 08 2023 11.57
ТУП КАЗАКША 500 бұйрық, Жаратылыстану пәнінен тест сұрақтары 5 тест, Сабақты талдау ПАРАҒЫ
STEM / ЅТЕАМ тәсіл – инженерлік-техникалық білім мен қолданбалы өнерді дамыту үшін ғылымды, технологияны, инженерияны, өнер мен математиканы біріктіре отырып, білім берудің барлық деңгейлерінде білім алушыларды даярлаудың кешенді жүйесі. Оқытудың негізгі принципі – теория мен практиканың үйлесімі, теорияның маңыздылығын, оның өмірде немесе жұмыста, жеке тәжірибеде қолданылуын көрсете алатын нақты тапсырмаларды орындау арқылы оқытылатын материалды бекіту.
STEM/ ЅТЕАМ технологияларына негізделген тәсіл сабақта да, сабақтан тыс уақытта да қолданылады. Сабақты өткізу кезінде проблемалық бағдарланған және эвристикалық оқытуды, ал сабақтан тыс уақытта – жобалық және зерттеушілікке бағдарланған оқытуды қолдану ұсынылады.



  1. кесте - STEM-тәсілді жүзеге асыру бойынша оқыту мақсаттарына мысалдар

Оқыту мақсаттары

Қолдану мысалдары

Жаратылыстану
6.4.1.1 өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістерді модельдеу (таудың жасалу, мүжілу үдерістері, табиғатта заттардың айналымы);
Биология.
11.3.2.1 - мүмкін болатын климаттың жаһандық жылыну салдарыа болжау;

Білім алушыларға тапсырмалар беріле отырып оларды орындау үшін әртүрлі бағыттар бойынша шешім іздеу, әртүрлі салалардағы білімді қолдану ұсынылады., Қосымша ақпарат көздерін (Интернет, кітаптар, өз тәжірибелері, эксперименттер, зерттеулер және т. б.) пайдалану қажет

География.
8.4.1.1 халық санын анықтау әдістерін түсіндіреді;

Тапсырмаларды орындауда зерттеуге байланысты әртүрлі ғылым салалары мен математиканың шешімін пайдалану, шешімді дәлелдеуге және логикаға баса назар аудару қажет

Көркем еңбек.
5.1.5.1 композицияның негізгі заңдылықтарын ескеріп, қарапайым нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау;
8.1.6.2 бұйымды дайындау мен безендіру үшін заманауи және дәстүрлі емес материалдардың тиімді қолданылуын түсіне отырып өздігінен таңдау

Экономика және басқару саласында, қолданыстағы материалдардан дизайн жасау арқылы, қиялдары мен дағдыларын дамыту мақсатында, қол жетімді жобалар дайындау.

Білім беру процесінде STEM/ЅТЕАМ тәсілдерін қолдану белгілі бір тақырыптарға сәйкес кіріктірілген оқытуды қарастырады.


Жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерін оқытуда STEM-тәсілін іске асыру бойынша ұсыныстар:

  • практикалық тапсырмалар мен жобаларды қолдану, әртүрлі ғылыми салаларды білуді қажет ететін тапсырмаларды енгізу. Бұл білім алушыларға білімді іс жүзінде қолдануға және нақты мәселелерді шешу дағдыларын

дамытуға көмектеседі;

  • мультимедиалық технологияларды, интерактивті тақтаны, компьютерлік бағдарламаларды, модельдеуді және т. б. сабақтарды білім алушылар үшін қызықты әрі тиімді ету үшін пайдалану;

  • ғылыми әдістерді қолдануға, гипотезаларды тұжырымдауға, эксперименттер жүргізуге және деректерді талдауға үйрету. Бұл ғылыми жұмыс және сыни ойлау дағдыларын дамытуға көмектеседі;

  • инженерия мен дизайнда технологияны қолдануға үйрету. Бұл технология мен инженерия дағдыларын дамытуға көмектеседі;

  • шығармашылық пен инновацияны дамыту әдістерін қолдану.

Педагогтерге оқу тапсырмаларының, шығармашылық жобалардың негізінен қолданбалы сипатына назар аудара отырып, сабақтарды, оқу сабақтарын жоспарлау ұсынылады. Сонымен қатар, тапсырмалар мен жобаларды орындау бірлескен шығармашылық, зерттеу қызметін қамтиды, оның барысында өзара қарым-қатынас орнату қабілеті дамиды. Білім алушының педагогпен және басқа білім алушылармен бірлескен оқу іс-әрекеті процесінде алынған өнімнің маңыздылығына назар аудару қажет.

Функционалдық сауаттылықтың негізгі құрамдас бөліктеріне: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, қаржылық сауаттылық, жаһандық құзыреттер мен сыни ойлау жатады.


Үлгілік оқу бағдарламаларының мазмұны білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған. Бұл ретте функционалдық сауаттылықты дамытуға бөлімшені оқытудың әрбір мақсаты бағытталғанын түсіну маңызды, сондықтан мақсатқа жету әр бөлімді зерделеу кезінде ойластырылуы тиіс.
Сауаттылықтың әртүрлі аспектілерін біріктіретін кіріктіру тәсілі де пайдалы және тиімді болуы мүмкін. Бұл тәсіл арқылы білім алушылар әртүрлі пәндер мен білім салалары арасындағы байланысты түсінеді, сол арқылы әлемді тереңірек және жан-жақты түсінуге мүмкіндігі туады.
Әр пәнде сауаттылықтың барлық түрлерін кешенді дамыту үшін оқытудың келесі белсенді әдістері ұсынылады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет