Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі


Бастауыш білім беру деңгейі бойынша



бет3/55
Дата25.12.2023
өлшемі385 Kb.
#199124
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
ӘНХ каз 23 08 2023 11.57
ТУП КАЗАКША 500 бұйрық, Жаратылыстану пәнінен тест сұрақтары 5 тест, Сабақты талдау ПАРАҒЫ

Бастауыш білім беру деңгейі бойынша:


  • оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптарда «Қазақ тілі» пәнінің оқу жүктемесі 2, 4-сыныптарда 1 сағатқа (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі 412 бұйрығына 9, 12-қосымша https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916 );

  • оқыту қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде жүргізілетін сыныптарда «Жаратылыстану» пәнінің оқу жүктемесі 3-4-сыныптарда 1 сағатқа көбейді (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі №412 бұйрығына 8,9,10,11,12-қосымша https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916 ).



Негізгі орта білім беру деңгейі бойынша:


- оқыту қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек және тәжік тілінде жүргізілетін сыныптарда «Жаратылыстану» (5-6-сыныптарда), «Алгебра», «Физика»,
«Химия», «Биология», «Қазақстан тарихы» пәндерінің (7-9-сыныптарда) оқу жүктемесі 1 сағатқа көбейді (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі
412 бұйрығына 13,14,15,16,17-қосымша https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916 ).

Вариативтік компонент бойынша:


Білім алушылардың ерте кәсіби бейімделуін қамтамасыз етуге арналған оқу пәндерінің комбинациялары 1 сағат көлемінде оқытылады.

Жалпы орта білім беру деңгейі бойынша:


Оқыту қазақ, орыс тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша Жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Физика»,
«Химия», «Биология» пәндерінің оқу жүктемесі 1 сағатқа көбейді (ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022ж. №412 бұйрығына 38,40 қосымшалар )
Оқыту қазақ, орыс тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша Жалпы орта білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен) үлгілік оқу жоспарына сәйкес:

  • «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің оқу жүктемесі 1 сағатқа көбейді;

  • таңдау пәндері (тереңдетілген деңгей): «Шетел тілі», «Дүниежүзі тарихы», «География», «Құқық негіздері» пәндерінен 10-11-сыныптарда 2 пән 2 сағаттан оқытылатын болды.

  • таңдау пәндері (стандарттық деңгей): «Физика», «Химия»,

«Биология», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәндерінен 10-11-сыныптарда 2 пән 2 сағаттан оқытылатын болды (ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022ж. №412 бұйрығына 18,20,22,26 қосымша https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916 ).
Оқыту қазақ, орыс тілінде жүргізілетін жаратылыстану- математикалық бағыт бойынша Жалпы орта білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен) үлгілік оқу жоспарына сәйкес:

  • «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің оқу жүктемесі 1 сағатқа көбейді;

  • таңдау пәндері (стандарттық деңгей): «Дүниежүзі тарихы»,

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Құқық негіздері» пәндерінен 10-11-сыныптарда 2 пән 1 сағаттан оқытылатын болды (ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022ж.№412 бұйрығына 19,21,23,24,25 қосымшалар. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916 ).
Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің барлық пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын қолданады (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029767).
Алдағы оқу жылында оқу бағдарламаларындағы өзгерістер тек 2-сыныпқа ғана қатысты, атап айтқанда:

  • 1-2-сыныптарда «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнінің орнына «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндерін жеке оқыту жалғасады (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы №365 бұйрығына 1, 2, 3-қосымшалар https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029136#z18);

«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту жалғасады (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығына 1, 2, 3-қосымшалар https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029136#z18); «Шетел тілі» пәні оқытылмайды.

  • Қазақ, ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде оқытатын 2-сыныпта «Орыс тілі» пәнін оқыту енгізіледі.

Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 33 оқу аптасын, 2-11 (12)- сыныптарда 34 оқу аптасын құрайды.
Орта білім беру ұйымдарында білім беру процесі 5 күндік оқу аптасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте 5-11(12)-сыныптар үшін сенбі күндері сабақтар, қосымша сабақтар өткізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет