Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі



бет2/55
Дата25.12.2023
өлшемі385 Kb.
#199124
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
ӘНХ каз 23 08 2023 11.57
ТУП КАЗАКША 500 бұйрық, Жаратылыстану пәнінен тест сұрақтары 5 тест, Сабақты талдау ПАРАҒЫ
Құрметті ұстаздар! Бұл әдістемелік нұсқау хат Сіздерге алдағы оқу жылында білім беру процесін сапалы ұйымдастыруда тиімді әрі пайдалы болады деп сенеміз.




  • Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасын, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды.

  • 1-2-сыныптарда «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндері, 3-4-сыныптарда – «Көркем еңбек» кіріктірілген пәні оқытылады.

  • Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептердің 1-сыныбында «Әліппе»,

«Ана тілі» пәндері оқытылады, 2-сыныбында «Орыс тілі» пәнін оқыту басталады.

  • Жоғары сыныптарда ағылшын тілінен оқу жүктемесі 1 сағатқа артады.

  • Негізгі орта (5-8-сыныптар), жалпы орта (10-сынып) білім беру деңгейлерінде академиялық жылды аяқтаған соң қазақ тілінен емтихан тапсыру енгізіледі.

  • Экологиялық білім беру сапасын арттыру: экологиялық проблемаларды шешуде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамытуға арналған зертханалық, зерттеу, жобалық жұмыстарды ұйымдастыру.

  • Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты күшейту.

  • Білім беру ұйымдарында тұтас тәрбие бағдарламасын енгізу.

  • Домбыра тарту бойынша факультативтік курстар өткізу, мектептердегі шахмат секцияларының желісін кеңейту.

  • Мерейтойлар мен атаулы күндерге арналған сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру.

  • Мектептердің ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылын нығайту,

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығын құру.

  • Педагогтерге арналған «Цифрлық кітапхана» жобасын жүзеге асыру.

  • «Үздіктен үйрен» жобасын іске асыру: «Үздік педагог» байқауы жеңімпаздарының озық педагогикалық тәжірибесін дәріптеу

  • «Білім беруді өзгертудегі 1000 көшбасшы» республикалық кадрлық резервтің деректер қорын жасау.


2023-2024 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын, «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» және т.б., Заңдарды және басқа да заңнама актілерін басшылыққа алуы және оқыту процесін келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асыруы тиіс:





1.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, 23.09.2022 ж. № 406 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V2200029031);

2.

«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 8.11.2012 ж. № 500 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.08.2022 ж. № 365; 30.09.2022 ж. №412 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V2200029136


https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V2200029916)

3.

«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.09.2022ж. №399 бұйрығы 21.11.2022 ж. № 467, 05.07.2023 ж. № 199 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V2200029767


https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V2200030654)

4.

«Білімді ұлт. Сапалы білім» Ұлттық жобасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
12.10.2021ж. №726 Қаулысы

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ P2100000726)

5.

«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» ҚР БҒМ 18.03.2008 ж. № 125 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 13.04.2023 ж. №96 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V2300032306)

6.

«Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 22.05 2020 ж № 216 бұйрығы, ҚР Оқу- ағарту министрі м.а. 22.05.2023 ж. №140 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен, жаңа редакцияда - ҚР Оқу-
ағарту министрінің 03.07.2023 ж. № 194 бұйрығымен)

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V2000020708

7.

«Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға және ересектерге қосымша білім беру ұйымдарының үлгілік
қағидаларын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.08.2022 ж. №385 бұйрығы)

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V2200029329)

8.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 27.11.2017ж. №596 бұйрығы, 05.07.2023 ж. №197 бұйрығымен енгізілген
өзгерістермен)

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V1700016138);

9.

«Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай- ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 22.01.2016 ж. №70 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.07.2023 ж. №193 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V1600013272)

10.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 27.01.2016 ж. №83 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022ж.
№533 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V1600013317)

11.

«Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін
бекіту туралы» (ҚР БҒМ 17.06.2015ж. №391 бұйрығы)

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V1500011716)

12.

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 11.11.2021 ж. №559 бұйрығы, ҚР Оқу- ағарту министрінің 12.12.2022 ж. №492 бұйрығымен
енгізілген өзгерістерімен)

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V2100025128);

13.

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 21.02.2012 ж. № 57 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 22.12.2022 ж. № 513 бұйрығымен енгізілген
өзгерістерімен)

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V1200007495);

14.

«Мамандандырылған білім беру ұйымдарының желісін және дарынды балалармен жұмыс жөніндегі оқу-
әдістемелік кеңес туралы ережені бекіту туралы»

https://online.zakon.kz/Docu ment/?doc_id=31730757)




(ҚР БҒМ 1.07.2015 ж. № 428 бұйрығы, 02.02.2022 ж.
№34 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен)




15.

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 6.04.2020 ж. № 130 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 17.03.2023 ж.
№68 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V2000020317)

16.

«Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 20.03.2015ж № 137 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» (ҚР БҒМ 3.11.2021 ж. №547 бұйрығымен
енгізілген өзгерістермен)

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V1500010768)

17.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ міндетін атқарушының 16.05.2008 ж. №272 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы» 02.04.2020 ж. № 125 бұйрығы

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V2000020292

18.

«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (ҚР Денсаулық сақтау министрінің
05.08.2021 ж. № ҚР ДСМ-76 бұйрығы)

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V2100023890)

19.

«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ
29.01. 2016 ж №122 бұйрығы)

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V1600013418)

20.

«Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 4.05.2020 ж. № 175 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 ж.
№ 384 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)

https://adilet.zan.kz/rus/docs/ V2200029446)

21.

«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 16.01.2015 ж. №12 бұйрығы, ҚР Оқу-
ағарту министрінің 09.08.2022 ж. №355 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V15H0010279)

22.

«Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары» (ҚР БҒМ 28.01.2016 ж. №95 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің
3.10.2022 ж. №415 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V1600013420);

23.

«Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» (ҚР БҒМ 14.01.2016 ж. №26 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022 ж. №534 бұйрығымен енгізілген
өзгерістерімен)

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V1600013085);

24.

«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 12.10.2018 ж. №564 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің
05.08.2022 ж. №350 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V1800017553)

25.

«Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені бекіту туралы» (ҚР БҒМ 12.01.2016 ж.
№18 бұйрығы, 31.05.2022 ж. №251 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен)

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V1600013067);

26.

«Жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесін бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 20.07.2022
жылғы №333 бұйрығы)

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V2200028915);

27.

«Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 7.12.2011 жылғы № 514 бұйрығы, жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а.
17.08.2022 ж. № 371 бұйрығы)

https://adilet.zan.kz/rus/docs/ V1100007355

28.

«Білім беру деңгейлері бойынша сапаны қамтамасыз ету
жөніндегі басшылықты бекіту туралы» (ҚР БҒМ 23.06.2022 ж. №292 бұйрығы)

https://online.zakon.kz/Docu ment/?doc_id=37431780)

29.

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілерді және білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»(ҚР БҒМ 30.03.2022 ж. №
117 бұйрығы)

https://adilet.zan.kz/rus/docs/ V2200027414)

30.

«Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау
қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 12.01.2022 ж. №4 бұйрығы)

https://adilet.zan.kz/rus/docs/ V2200026618/compare

31.

«Білім беру ұйымдарында психологиялық- педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту
туралы» (ҚР БҒМ 12.01.2022 ж. №6 бұйрығы)

https://adilet.zan.kz/rus/docs/ V2200026513/compare

Қолданыстағы НҚА-дағы өзгерістер мен толықтырулар Әділет ақпараттық жүйесінде көрініс табады.


Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (ҚР Оқу- ағарту министрінің 12.08.2022 ж №365; 30.09.2022 ж. №412 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістермен) бекітілген Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.


ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына» сәйкес білім беру ұйымдары үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады.
Үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлiгiнiң құрамына кiретiн және нақты бір ұйымның ерекшелігін көрсететiн оқу пәндерi бойынша оқу жұмыс жоспарын және бағдарламаларын әзiрлеудi білім беру ұйымы дербес жүзеге асырады.
Білім беру ұйымдары жұмыс оқу жоспарларының Үлгілік оқу жоспарына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы №365 бұйрығымен бекітілген, 2022 жылғы 30 қыркүйектегі №412 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (төмендетілген оқу жүктемесімен) тиісті білім беру деңгейіндегі оқу жүктемесінің ерекшеліктерін қамтиды, оның ішінде:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет