«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша тарих емес мамандықтар студенттері үшін мемлекеттік емтихан сұрақтары «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктерін жазыңыз



бет22/43
Дата17.05.2023
өлшемі139,12 Kb.
#177026
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43
Байланысты:
эталон-Қазақстанның қазіргі заман тарихы
бронхтық демікпе, Жас-балалардың-жақ-бет-хирургиясының-ерекшеліктері, Пульмо тесты 1 тема 4 ОМ рус, АПТ аппеляция 435, Тесты функциональной диагностики, ҚАЛА МЕН АУЫЛ БІЛІМ САПАСЫ
Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктерін жазыңыз

Қазақстандықтар бүкiл кеңес халқы сияқты отан қорғауға аттанды. Қазақстанда жаңа әскери бөлiмдер құрыла бастады. Алғашқылардың бiрi болып 316-атқыштар дивизиясы құрылды. Қолбасшысы генерал Панфилов. 16-50 жастағы адамдарды әскери iске үйрету басталды. Қазақстандықтар Москваның маңында ерлiкпен соғысты. 28 панфиловшылар жаудың 30 танкiсiн құртып немiстердiң шабуылын тоқтатты. 1941 жылғы Москва түбiндегi, 1943 жылғы Сталинград үшiн шайқас, Курск жанындағы шайқастарда қазақстандықтар ерлiкпен соғысты. Днепр маңындағы шайқаста 123 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының батыры атағын алды.
Қазақстандықтар партизан қозғалысына белсене қатысты. Украйна мен Белоруссиядағы партизан отрядтарында 3000 қазақстандық болды. 1945 жылы Берлин үшiн болған қырғын соғысқа қазақстандықтар белсене қатысты. Рейхстахқа жеңiс туын тiгуге лейтенант Қошқарбаевтың взводы, басқадай қазақстандықтар қатысты. Европаны азат ету және Берлин үшiн шайқасқа қатысқан 150 қазақстандықтар Кеңес Одағының батыры атағын алды.
Соғысып жатқан армия қатарына 1,2 млн. қазақстандықтар шақырылды. Қазақстанда жасақталған әскери құрамалардың iшiнен неғұрлым жақсы соғысқан 5 құрама гвардияшыл деген құрметтi атақ алды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында барлығы 11600 жауынгер мен офицерлерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, солардың 497-сы қазақстандықтар. Олардың ішінде 100 батыр – қазақтар. Ұлы Отан соғысының батыры атағы алғаш рет 1941 жылғы 22 шілдеде 19-танк дивизиясының командирі, генерал – майор К.А. Семенченкоға берілді. Соңғы Кеңес Одағының батыры атағын 1991 жылы 11 желтоқсанда аты аңызға айналған ержүрек жауынгер Бауыржан Момышұлына берілді.
Қазақстандық төрт батыр, ұшқыштар Т.Бигелдинов, Л.И. Беда, И.Ф. Павлов пен С.Д. Луганский Кеңес Одағының Батыры Алтын жұлдызымен екі мәрте марапатталды.
Батырлар қатарында қазақтың қаһармен қыздары пулеметші Мәншүк Мәметова мен мерген Әлия Молдағұлова бар. Олар бүкіл қазақ әйелдерінің жарық жұлдыздарына арналды. Батыр қыздардың екеуі де жаумен айқаста қан майданда қаза тапты.
Фашистік баскесерлердің ордалы ұясы – Рейхстагқа шабуыл жасап, жеңіс туын тіккендер арасында болған қазақстандықтар Р.Қошқарбаев, капитан Б.В. Чупрета, кіші лейтенант К.А. Метов, минометші А.Бақтыгереев, пулеметші П.Е. Вицько, байланысшы К.М. Волочаев орден, медальдармен марапатталды.
Жалпы 97 мың қазақстандық ордендермен, медалдармен марапатталды.
Бородино селосында неміс штабына басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жайған тілеген Тоқтаровтың ерлігі жауынгерлердің есінде мєңгі сақталады. Оған қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының батыры атағы берілді.
Ротаның саяси жетекші Мәлік Ғабдуллин басқарған автоматшылар жау танкісін жойып, өз бөлімшілерін қоршаудан алып шықты. Неміс фашистеріне қарсы ұрыстарда көрсеткен жауынгерлік ерлігі үшін Ғабдуллинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленинград үшін "шайқас" ауыр күндерінде партия ұйымдастырушысы Султан Бимағанбетов Александр Матросовтың өшпес ерлігін қайталады. Сол үшін оған қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет