«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша тарих емес мамандықтар студенттері үшін мемлекеттік емтихан сұрақтары «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


«Мәңгілік ел» идеясының негіздері: тарихи сабақтастық; қазақ мәдениеті; еркіндік; бірлік; күшті мемлекет; жоғарғы мақсаттар; Ұлы болашақ туралы сипаттап



бет43/43
Дата17.05.2023
өлшемі139,12 Kb.
#177026
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
эталон-Қазақстанның қазіргі заман тарихы
бронхтық демікпе, Жас-балалардың-жақ-бет-хирургиясының-ерекшеліктері, Пульмо тесты 1 тема 4 ОМ рус, АПТ аппеляция 435, Тесты функциональной диагностики, ҚАЛА МЕН АУЫЛ БІЛІМ САПАСЫ
«Мәңгілік ел» идеясының негіздері: тарихи сабақтастық; қазақ мәдениеті; еркіндік; бірлік; күшті мемлекет; жоғарғы мақсаттар; Ұлы болашақ туралы сипаттап көрсетіңіз

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы қоғамның рухани өмірінің бір бөлігі ретінде мән-мағына түзу, этнос қалыптастыру, құндылықтар бағдарын анықтау, қоғамды біртұтастандыру функцияларын атқарады. Ол ұлт руханияты, туған халқының тарихи келбеті мен шығармашылық әрекетіне деген сүйіспеншілік сезім, халықтың рухани күш-қайраты мен рухани бейімділігіне деген сенім, халықтың төл мәдени болмыс-бітімі мен рухани миссиясын түйсіне пайымдауы, тарихи жады мен келешек бейнесінің бірлігі сынды құндылықтарға негізделген.


«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызды құрамдас бөліктері: а) этнос қалыптастырушы; ә) азаматтық; б) жалпыұлттық. Олар қазақстандықтардың бойында ұлттық сана-сезімі, ұлттық рухы, патриоттығы, азаматтылығы мен әлеуметтік белсенділігі жоғары деңгейлі зияткер әрі бәсекеге қабілетті тұлғаға тән қасиет-сапаларды жетілдіруге бағытталған.
«Мәңгілік ел»- ежелгі түркілер мұраты. «Мәңгілік ел» - бабалардан мұраға қалған тарихпен суарылған қазақ халқының арманы. «Мәңгілік ел» идеясының негіздері: тарихи сабақтастық; қазақ мәдениеті; еркіндік; бірлік; күшті мемлекет; жоғарғы мақсаттар; ұлы болашақ. «Мәңгілік елдің негізгі кезеңдері: ұлттық мемлекетті құру және халықты біріктіру идеясының пайда болуы; ұлттық мемлекетті қолдау үшін күрестер; халықты қорғаушылардың қасіреті. Мәңгілік елдің құндылықтары:

  1. Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана

  2. Ұлттық бірлік, бейбітшілік және біздің қоғамдағы ынтымақтастық

  3. Зайырлы қоғам және жоғары руханилық

  4. Индустрияландыру және инновация негізінде экономикалық өрлеу

  5. Жалпыға бірдей еңбек ету қоғамы

  6. Тарихтың, мәдениеттің және тілдің ортақтығы

  7. Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы дүниежүзілік және аймақтық мәселелерді шешуге жаһандық қатысуы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет