«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша тарих емес мамандықтар студенттері үшін мемлекеттік емтихан сұрақтары «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері туралы баяндаңыз



бет7/43
Дата17.05.2023
өлшемі139,12 Kb.
#177026
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43
Байланысты:
эталон-Қазақстанның қазіргі заман тарихы
бронхтық демікпе, Жас-балалардың-жақ-бет-хирургиясының-ерекшеліктері, Пульмо тесты 1 тема 4 ОМ рус, АПТ аппеляция 435, Тесты функциональной диагностики, ҚАЛА МЕН АУЫЛ БІЛІМ САПАСЫ
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері туралы баяндаңыз

Бүкiл Қазақстанды қамтыған бұл қозғалыс Ресейдiң отаршылдығына қарсы қазақ халқының соңғы iрi шайқасы едi. Бұл қозғалыс ұлт-азаттық сипатта болды. Қозғалыстың негiзгi себебi Ресейдiң отаршылдық әрекетiнiң тереңдей түсуi едi. Патша үкiметтi қазақтарды ата бабасынан берi мекендеп келе жатқан жерiнен қуып, оған орыс шаруаларын қоныстандырды, қазақтар шөл, шөлейт өлкелерге қуылды. Сөйтiп жер мәселесi шиеленiстi, бұл 1916 жылғы қозғалыстың негiзгi себебi едi. Қозғалыстың 1916 ж. күзде бұрық етуiне патшаның 25 маусымдағы жарлығы себепшi болды. Бұл жарлық бойынша үкiмет қазақ және басқадай бұратана халықтардан соғысып жатқан /бiрiншi дүние жүзiлiк соғыста/ орыс армиясының жағдайын жеңiлдету үшiн тылдағы қара жұмысқа /окоп қазу, жүк тасу т.б./. 19-43 жастағы азаматтарды алмақ болды.


Көтерiлiс Жетiсу, Сырдария, Маңғыстау, Торғай, Ақмола, Семей облыстарын қамтыды. Көтерiлiстi қазақтың интеллигенция өкiлдерi басқарды. Жетiсуда көтерiлiске Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, Сыр бойында Тұрар Рысқұлов, Торғайда Амангелдi Иманов, Әлiби Жангельдин, Семейде Сәкен Сейфуллин т.б. басқарған.
Көтерілістің болған аудандарының бірі Жетісу еді. Мұнда ол 1916 жылғы шілде айының алғашқы күндерінде Жаркент-Тараншы болысының Городское селосындағы тылдағы жұмыстарға «реквизицияланатындардың» тізімдерін жасауға қарсылық көрсеткен қазақтардың бас көтеруімен басталды. Осы уақыттан бастап барлық болыстардан Жетісу облысының әскери-губернаторының атына қазақтардың патша указын орындаудан бас тартқаны туралы мәлімдемелер түсіп жатты.
Бұл кезде Верный және Жаркент уездерінің көптеген болыстарында жаппай бас көтерулер болды; Лепсі уезінің солтүстік және шығыс болыстарында, Қапал уезінің болыстарында 30 мыңға тарта жігіт жиналды.
1916 жылғы 7 тамызда Верный уезіндегі Ботпай, Шығыс және Батыс Қастек, Ырғайты және Тайторы болыстары қазақтарының Самса станциясы маңында біріккен бас көтеру басталды. Көтеріліс бұл жерден Тоқмақ маңына ауысты. Верный – Қордай жолының бойындағы барлық почта станциялары өртелді.
Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі қазақтың демократияшыл интеллегенциясының өкілі Тоқаш Бокин болды.
Ең бұқаралық ең ұзаққа созылған, ең табанды және ұйымдасқан Торғай көтерілісі болды. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыстарын ойрандады, болыстарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. Оған жұрт арасында танымал халық батыры Аманкелді Иманов басшылық етті.
Торғайдағы көтеріліс ошағына басқа көтерілістерден өзгеше көтерілісшілер отрядтары арасында ұдайы байланыс болды, қару-жарақ жасау ісі жолға қойылып, отрядтар байлардан тартып алынған мал есебінен азық-түлікпен қамтамасыз етілді, патша жазалаушыларына қарсы біршама жоспарлы операциялар жүргізілді.
Қазақстанның басқа облыстарында көтеріліс 1916 жылдың аяғына қарай басып-жаншылған болса, Торғай облысында біршама жақсы ұйымдастырылуының арқасында ол 1917 жылы да жалғасып, Ақпан буржуазиялық- демократиялық революциясына ұласты.
1916 жылғы тамыздың бас кезіне қарай көтеріліс Сырдария облысының барлық уездерін қамтыды. Көтерілісшілер уезд орталықтарына таяу жерлерге жиналып, қазақ жүздіктеріне шабуыл жасап отырды.
Әулиеата уезінің жекелеген аудандарында (атап айытқанда, Мерке маңында) феодалдық-клерикалдық элементтер қозғалысқа басшылықты уақытша өз қолдарына түсіріп алды.
Патша указы шыққанын білгенен кейін Қазалы уезіндегі Тоқмақ аралының қазақтары жұмысты тастады. Олар топ-топ болып жиналып, тойтарыс беруге єзірленді. Әулиеата уезінің Алматы, Арғын, Аспара, Ашын және Ботамойнақ- Аомалы болыстарындағы және Шымкент уезінің Ақсу, Қаракөл болыстарындағы көтерілс неғұрлым ұзаққа созылды.
1916 жылғы қыркұйектің аяқ шенінде Сырдария облысындағы көтеріліс аяусыз басып-жаншылды. Жекелеген ауылдар патша өкіметі орындарына бағынбай, Торғай облысына көшіп барып, мұнда Аманкелді Иманов көтерілісшілерінің қатарына қосылды.
Патша указы туралы хабар Семейге 1916 жылғы 28 июньде, Ақмолаға – 29 июньде жетті. «Ақ патшаның жарлығы» жарияланысымен-ақ Өскемен уезінде толқулар басталды, ол кейін Зайсан, Қарқаралы және Семей уездеріне, Ақмола және Атбасар уездеріне, Бийск уезінің Қосағаш болысына тарады. Көтерілісшілер көбінесе найзамен, сойылмен қаруланды, мылтықтары да болды. Қазақстанның басқа да облыстарындағы сияқты Ақмола және Семей облыстарында көтерілістің мобилизацияға ашық қарсылық білдіру сипаты анық болды.
1916 жылғы 26 қыркүйекте Көкшетау уезіндегі Қожас деген жердің маңында қаруланған жігіттер қыр ішіне көшіп кеткен ауылдардың соңына түскен қазақ отрядына шабуыл жасады.27 сентябрьде Ақмола уезінің Қоржынкөл болысында соқтығыс болды. Шілде-тамыз айларында Орал облысы мен Бөкей ордасында еңбекшілердің бұқаралық бас көтерулері болды.
1916 жылғы көтерілістің тарихи маңызы Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының азаттық қозғалысының шежіресіндегі ең бір жарқын белес болып табылады. Көтерілісшілер дүние жүзілік империалистік соғыстың қызып тұрған кезінде, Россиядағы жұмысшы және шаруа қозғалысының мықтап өрлеуі жағдайында өтті.
Көтерілістің бірынғай басшылығы және бірынғай ұйымдастырушы орталығы болмаса да, бір өңірде болып жатқан оқиғалар басқа өңірлерге ықпал жасап, өзара байланысты болып отырды.
Көптеген аудандарда көтерілістің антифеодалдық сипаты болды. Алайда көтеріліс стихиялы түрде дамып, онда пролетарлық басшылықтың болмағандығының салдары айқын көрінді.1916 жылғы көтеріліс қазақтың еңбекші бұқарасының таптық сана-сезімін арттыруда зор рөль атқарды, патшаның малайлары ретінде феодалдық-рулық жоғарғы топтың шын сиқын қазақ шаруаларына айқын көрсетіп, буржуазияшыл ұлтшылдардың сатқындық рөлін әшкереледі, ауылдағы тап күресін жаңа сатыға көтерді.
Көтерілістің тәжірибесі қазақ шаруаларын орыс жұмысшы табымен одақтасқанда ғана, оның көмегімен және басшылығымен ғана ұлттық және әлеуметтік азаттыққа жетуге болатынын үйретті.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет