«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша тарих емес мамандықтар студенттері үшін мемлекеттік емтихан сұрақтары «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында 1916 ж. көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарастың қалыптасуы туралы мысал келтіріңіз



бет8/43
Дата17.05.2023
өлшемі139,12 Kb.
#177026
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43
Байланысты:
эталон-Қазақстанның қазіргі заман тарихы
бронхтық демікпе, Жас-балалардың-жақ-бет-хирургиясының-ерекшеліктері, Пульмо тесты 1 тема 4 ОМ рус, АПТ аппеляция 435, Тесты функциональной диагностики, ҚАЛА МЕН АУЫЛ БІЛІМ САПАСЫ
Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында 1916 ж. көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарастың қалыптасуы туралы мысал келтіріңіз

Кеңестік тарихтану 1916 жылғы көтеріліске байланысты оқиғаларды баяндауда, тарихи шындықты ашуды мұрат тұтпай, қалай болғанда да көтеріліске қатысушыларды реакциялық бағыт ұстанған күш ретінде көрсетуді көздеді. Шын мәнінде мәселе анағұрлым күрделірек болатын. Бұрын азды-көп мәлім, сондай-ақ зерттеу жұмыстарына әлі тартылып үлгермеген тың деректік материалдарға сүйене отырып, көтеріліс қарсаңындағы және барысындағы жағдайлар шынайы түрде жазыла бастады. Әрине, Қазақстанның шынайы тарихын жазу- тәуелсіздікке қол жеткізудің жемісі.
Жетісу мен Торғай қазақтарының 1916 жылғы көтерілісінде Алашорда басшылары Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Тынышбаев және басқаларының рөлі ақырына дейін анықталған жоқ. ІІХК оларды 1936-1937 жылдары жазаға тартты. Большевиктер оларға көтерілісшілерді қолдамай, керісінше қарсы шықты және А. Имановтың қазасына кінәлі деген айып тақты.
«1916 жылдың» өзі ғана емес, оның зерттелуі төңірегіндегі мәселелер де шырғалаңды, халықаралық терминологияда – детективті. 1953-1954 жылдарға дейін кеңестік тарихнамада ол «отаршылдыққа қарсы» қозғалыс деп бағаланса, СОКП-ның ХХ-съезінен кейін (1956) «1917 жылғы Ұлы октябрьге ұласқан – «слившийся с Великим Октябрем 1917 года» - «ұлт-азаттық қозғалыс» атанды.
60-80 жылдардағы «жаңалық» 1916 жылғы көтеріліс «показателем краха Колониальной политики самодержавия», «одним из важных элементов революционного кризиса, охватившего Россию» - кризиса «антиимпериалистической, антифеодальной, антивоенной освободительной направленности» болды.
1990 жылдардың ортасында XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы демократиялық жаңғырулар барысында қазақ зиялыларының мәдени-ағартушылық, қоғамдық-саяси салаларда атқарған қызметтеріне, Алаш партиясының бағыт-бағдарына және Алашорда үкіметінің құрылымына қатысты К.Нұрпейісовтың, М.Қойгелдиевтің, Д.Аманжоловалардың еңбектерін осы зерттеу жұмысын жазу барысында теориялық, әрі әдіснамалық негіз ретінде санауға болады.
Тәуелсіз Қазақстан жағдайында жарық көрген Ғ.Ахмедовтың, Х.Әбжанов, Ә.Әлпейісов, Г.Назарбаевалардың, М.Қойгелдиев пен Т.Омарбековтің, Д.Қамзабекұлының, С.Өзбекұлының ғылыми еңбектеріндегі XX ғасырдың басындағы қазақ зиялы қауым өкілдерінің қалыптасуы мен дамуы жолдарына, қозғалысының тарихына байланысты келтірілген мәліметтер құнды болып саналып, диссертацияның тарихнамалық, әрі деректік көздерін ашуда толық ғылыми айналымға енгізілді.
Тәуелсіз Қазақстан жағдайында тарих ғылымындағы оң өзгерістерге сәйкес XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайға, Алаш қозғалысының даму ерекшеліктеріне, қазақ зиялылары азаттық жолындағы саяси күресіне арналған А.М.Ауанасованың, Ұ.Ш.Исмағұловтың, С.Ә.Смағұлованың, Н.У.Шаяхметовтың, Е.Е.Сайлаубайдың, Д.Д.Сүлейменованың, С.О.Қуаныштың ғылыми диссертациялары жарық көрді
.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет