Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік


Қ.Кемеңгерұлының қазақ тарихы туралы көзқарастары



бет6/71
Дата07.06.2022
өлшемі228,74 Kb.
#146148
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
2 5357346311572035582-1

11. Қ.Кемеңгерұлының қазақ тарихы туралы көзқарастары


Қ.Кемеңгерұлы Омбыдағы Қазақ жастарының тұңғыш қоғамдық-саяси ұйымы «Бірлікке» (1914– 1918) мүше болып кіреді [2]. «Бірлік» ұйымы өзінің алдына қазақ халқының мəдениетін, өнерін, əдебиетін көтеру арқылы оның ұлттық санасы мен сезімін оятуды мақсат етіп қойды. Осы мақсатқа жету үшін ауыз əдебиеті үлгілерін жинап, оларды бастырып шығаруды, ауыл мектептерін оқулықтармен қамтамасыз етуді, қаражатқа мұқтаж оқушыларға көмек ұйымдастыруды қолға алды. 1917 жылдың 1–4 қазан аралығында ұйымның кеңейтілген жиналысы өтіп, онда ұйым мүшелері Алаш партиясына қолдау көрсететіндіктерін білдіріп, халық арасында оның бағдарламасын насихаттауды өз мойнына жүктеді
Білім мен білікке ұмтылған Қошке Кемеңгерұлының тағдыр-талайы зиялыларымыздың жарқын ғұмырымен қат-қабат байланысып жатыр.Ол 1915 жылдан бастап 1930 жылға дейін үзіліссіз ұлт әдебиетіне, драматургиясына, журналистикасына, ғылымына айрықша үлес қосты. Осы уақыт аралығында Қошке өз қатарластарымен бірге отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күреске қатысты. Оның сан салалы ізденіске толы ұлтты дамыту жолындағы қызметін 30-жылдары басталған Кеңес өкіметінің репрессия науқаны үзді.

12. Т.Рысқұловтың тарихи еңбектері және оның маңызы


Тұрар Рысқұловтың 1920-1937 жылдар аралығында өте маңызды, ірі кітаптар мен қатар 200-дей мақаласы, баяндамалары, 100-ге тарта хаттары мен тезистері жарық көрді. Бұл еңбектері Тұрардың саяси күресі мен идеяларын ұғуда еліміздің тарихының ол тікелей араласқан ірілі ұсақта оқиғаларын бағалауда маңызы үлкен.
Оның Қазақстан тарихын жан жақты талдап көрсететін еңбектерінің біріне 1927 жылы жарық көрген «Қазақстан» кітабы жатады.
Тұрар Рысқұлов бұл кітабанда Қазақстан тарихын зерттеуді көне заманнан бастайды. Алайда, Қазақстан тарихын толық баяндап беру міндетін алға қоймайды. Оның нысаны – Қазақстанның баяғыда және беріде өткен тарихының аса күрделі, кейде тіпті қайшылығымен мол процесс болғаныны көрсету болды. Бұл ретте ол қазақ халқының өткен тарихын ғылыми тұрғыдан, обьективті түрде зерттеуге тырысады.
Ол кітабының «Қазақстанның өткен тарихы» атты бөлімінде Қытай деректеріне сүйене отырып, қазақтардың кеөне террриториясын сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, қыашақ сияқты тайпалар мекендегенін айтады. «Исаның тууынан 200 жыл бұрын дейдіол, қазақ жерінде усуния үйсін деген ел тұріпті. Иса туғаннан кейін, 177 жылдар шамасында қазақ жерін ғұн гәсілі мекендеп, олар батысқа қарай ойысқан, ҮІІ ғ. Алтайдан ұйғыр келіп патшалық түзеген, мұнан кейін қазақ жерін түрік руларының бірінен соң бірі келіп мекендеген. Осы күнгі Жетісу губерниясы мен Сырдария губерниясының бір бөлімін ІХ Х ғасырларда «Қарахан» нәсілі патшалқы
еткен түрік тайпалары мекендеген. Бұлар ислам дінін 955-956 жылдарда алған көрінеді. Бұлардан кейін бұл жерді «Қарақытай» алып, ақырында оны могғол келіп алдырған көрінеді деп қазақ жерін кезекпен мекендеген ел жұрттарды көрсетеді.
Т. Рысқұлов қазақ халқының шығу тегін, қазақ мемлекеттілігінің ғасырларға жалғасқан көмескі іздерін айқындап, кемел тарихын жасауға үлес қосуға тырысты. Алайда, дәлелді деректік құжаттың табу қиындылығынан еңбегінде «Арғы жергі қазақ халқының қайдан шыққанын, мекені қайда болып, мұнда қайдан келгенін тарих ашып айта алмайды», – деп келе, ерте және орта ғасырда Қазақстан аумағында туыстас түркі халықтары құрған үлкенді кішілі мемлекеттердің тарихын білуде Қытай дерегінен басқа араб, парсы деректерін қолдана отырып, ескі шежіреге де сүйену қажеттігін атап көрсетеді. Ол шежіренің қоғамдағы орны ерекшелігін, шежіре ұлтты, руға, тайпаға, арысқа, жүзге бөліну үшін емес, оның тұтастығына, туыстығына ортақ тілі, ортақ діні.
Отаны, елі, жұрты бар екеніне, тірлікке, бірлікке ұлттық сананы қалыптастыруға бағышталғанын түсіндіреді. Замандасы Ахмет Байтұрсынов «Қазақ қуғыншы халық, ол өмірбойы өзін іздейді, ата бабасын іздейді, кешегі күнін болашағын іздейді» демекші, Тұрар да қазақ халқының өткенін шежіреден іздейді. Ол түркі тайпаларын зерттеп білуде ХІ ғасырда өмір сүрген Фирдаусидің, орыс княздары Светослав пен Мситлавтың шежіре жазбаларына сүйену қажет дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет