Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік


Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі



бет9/71
Дата07.06.2022
өлшемі228,74 Kb.
#146148
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   71
Байланысты:
2 5357346311572035582-1

16.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі.
Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар):Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия).Антанта (Англия, Франция, Россия).
Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды.
Бұл соғыс Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді.
Жетісудан 34 млн. сом мөлшерінде мал және мал өнімдері 1917 жылы шаңырақ салығы 100209 сом болды. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты. Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты, өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.
Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайы дағдарысқа үшыратты. Мысалы, Семей, Ақмола облыстарында жұмысшылардың 50%-ы, Орынборда 40%-ы, Жетісуда-үштен бірі шақырылды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді.


17.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс: себебі, қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері
1916 жылы 25 маусымда патшаның Қазақстан, Орта Азия, Сібір тұрғындарынан 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмысына алу туралы жарлығы шығады. Бұл жарлық 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына себеп болды. Қазақстанның әртүрлі аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат ала бастады: Жетісуда (басшылары: Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Тоқаш Бокин) және Торғайда (басшылары – Әбдіғаппар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин және басқалар) оның ірі ошақтары пайда болды.
7 қыркүйекте Верный қаласында көтеріліс басшыларының бірі Б.Әшекеевті өлім жазасына кесіп, дарға асу туралы үкім шығарды. 1916 жылғы 9 қыркүйекте Верныйдың жанындағы Боралдай деген жерде орындалады.
Дәл осындай көтерілістің ірі ошақтарының бірі – Торғай өңірі болды. Көтерілісшілер саны 50 мыңға жетеді. Әліби Жангелдин көтерілісшілердің “рухани көсемі” болды. Ондаған мың ұйымдаспаған көтерілісшілерден Ә.Жанбосынов, А.Иманов және олардың ең жақын серіктері ондықтарға, жүздіктерге және мыңдықтарға бөлінген тәртіпті жасақ құрды.
22 қазанда А.Иманов бастаған 15 мың қол Торғай қаласын қоршады. Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында Татырда, Ақшығанақта, Доғал-Үрпекте, Күйікте шайқастар болды. Шайқас 1917 жылғы ақпанның екінші жартысына, яғни ақпан революциясына дейін созылды. Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі Торғайдан өзге барлық аймақтарда қатаң басып-жаншылды. 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалыс империализмге, отаршылдыққа қарсы сипатта болды.
Көтерілістің жеңіліс табуының басты себептері, оның бытыраңқылығынан, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігінен, арақатынастың тұрақты болмауынан еді. Ұлттық – демократиялық зиялылар қатарында да бірлік болмады. Көтеріліс қазақ халқының таптық сана – сезімінің өскендігін көрсетті. Халық қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару апаратын құрды. Шын мәнінде, 1916 жылға көтеріліс – ХХ ғасырдың соңындағы қазақ халқының қолы жеткен саяси тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттілігі үшін күрестің бір белесі болып, тарихта өз орнын алды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   71




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет