Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік


жылдың 12 сәуірінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінің қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі



бет70/71
Дата07.06.2022
өлшемі228,74 Kb.
#146148
түріСабақ
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
2 5357346311572035582-1

122. 2017 жылдың 12 сәуірінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінің қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі. 2017 жылдың 12 сәуірінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жариялап, онда қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты бағыттарын айқындап берген еді. Бұл жаңғыруға қазақстандық қоғам қолдау көрсетті, аз ғана уақыт аралығында жалпы елімізде ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылды.
Елбасының бастамасымен басталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы–бүгінде қоғам тіршілігінің барлық саласын қамтитын, ұзақ және қысқамерзімді перспективадағы жан-жақты даму векторларын айқындайтын, ұлттық деңгейдегі және қазақстандық қоғам дамуының өзіндік идеалогиялық платформасына айналған мегажоба. Себебі, заманауи қазақстандық мәдениет, озық білім, ғылым және басқа да түрлі бағыттарды жетілдіруде, жалпы жаңа қазақстандық патриотизмді дамытуда едәуір серпіліс берген бірегей бағдарлама. 
ХХІ ғасырдағы ұлттық сананы жаңғыртудың басты бағыттарын – бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, эволюциялық даму және сананың ашықтығы десек, күллі әлем өзгеріп жатқанда қоғамдық сананы жаңғыртудың ерекше маңызға және өзектілікке ие болуы заңды құбылыс. Жаһандық үрдістер айрықша жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды белсенді қолдануды талап етуде, сондай-ақ қалыпты өмір ағысы мен салтын өзгертуде, ұлттық құндылықтар заманауи элементтермен ассимиляцияға түсуде. Осы кезде ұлттығымызды сақтауда, алып мемлекеттердің көлеңкесінде қалып, жұтылмауда әрбір қазақстандық тұтас қоғамның прогресі үшін өзінің өмірлік стратегиясын бейімдеуге дайын болуы керек.
123. 2018 жылдың 21 қарашасында жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының мәні мен мазмұны. Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес.
Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды. Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италиялықтар өздерінің тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл – орынды мақтаныш. Сол сияқты, ежелгі готтар мен бүгінгі немістер де бір халық емес, бірақ олар да Германияның мол тарихи мұрасының бір бөлшегі. Полиэтникалық бай мәдениеті бар ежелгі Үндістан мен бүгінгі үнді халқын тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан бірегей өркениет ретінде қарастыруға болады.
Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады.
Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет