Қазақстанның ежелгі тарихы қазақстанның КӨне және ежелгі тарихы тас ғасыры


ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы және мәдениеті



бет2/5
Дата20.06.2018
өлшемі360 Kb.
#43808
1   2   3   4   5

2.5. ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы және мәдениеті.

Қазақ халқының этникалық құрамы. Қазақ халқының ұранына айналған, «қазақ» атауын білдіретін сөз. Жүздік бөлінудің алғаш рет жазба мәліметтерде көрінуі. Қазақ жүздері мен оларға тән тайпалар. Жүздердің территориясы. Жүздердің шығуы туралы мәселе. "Төлеңгіттер". ХҮІ-ХҮІІІ ғғ қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы. Ақсүйектер тобы: хандар, сұлтандар және төрелер, олардың қазақ қоғамындағы орны. Билер, батырлар, байлар, қожалар мен ишандар, оларға сипаттама. Қарапайым халық: шаруалар, кедейлер, жатақтар.

Қазақ халқының тіршілік көзі – мал шаруалығы. Қазақ даласының климаттық және топырақтық ерекшеліктері – көшпелі шаруашылық негізі. Көшіп-қону ауқымы мен бағыттарының табиғат өзгерістерінен тәуелділігі. Егіншілік, оның дамыған аймақтары. Суландыру жүйесі, дәнді-дақыл түрлері. Қолөнер. Сауда және айырбас.

Қазақ қоғамындағы феодалдық қатынастардың ерекшеліктері жөніндегі пікірталастар. Меншік мәселесі. Жерге, жайылымдарға, қыстауларға меншік түрлері. Малға меншік.

ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. мәдениет. ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. Қазақстандағы қалалық аймақтар. Қалалардың атқарған ролі мен маңызы. Сыр бойы қалалары: 1513 жылғы Сығанақ (Көк кесене), Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам. Ташкент қаласындағы «Көкемнің көк күмбезі» ескерткіші. Қалалардың ішкі құрылымы. ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. қалалардың құлдырауы және оның себептері.

Қалалар мен қоныстардағы құрылыстар. Мал шаруашылығына қатысты еңбек құралдары және олардың түрлері. Егіншілікке қатысты еңбек құралдары. Әскери қару-жарақтар. Қолөнер, кәсіпшілік, тігіншілік.



Халықтың рухани мәдениеті. Күнделікті өмірдегі салт-дәстүрлер. Наурыз мерекесі. Діни және басқа халықтық мейрамдар. Көшпелі және отырықшы тұрмысқа тән әдет-ғұрыптар. Көшпелі және отырықшы тұрмысқа тән әдет-ғұрыптар, дәстүрлер, олардың ерекшеліктері. Халықтың наным-сенімдері.

ХҮ-ХҮІІІ ғғ. ақын-жыраулар: Асан Қайғы, Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбет, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Бұқар. Олардың мұраларындағы негізгі идея. Тәуке мен Абылай хандардың кеңесшісі болған қазақ жырауы.
ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН (ХҮІІІ-ХХ ғғ.)
3.1. Қазақстанда отаршылдық кезеңнің басталуы.

Жоңғар шапқыншылығынан кейінгі қазақ жүздерінің жағдайы. 1697 жылғы Галдан Бошоктың билік басына келуі. ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында Ресей үшін Қазақстанның мәні. І Петр патшаның «Шығыс саясаты» жүйесіндегі Қазақстан. Қазақстанның Ресейге бодандыққа өтуінің басталуы. Бухгольц экспедициясы ( Ямышевск бекінісі – 1 қазан 1715 ж., Омбы бекінісі – 20 мамыр 1716 ж.), А.Бекович–Черкасскийдің, П.Северскийдің (Железинск бекінісі – 1717 ж.), И.М.Лихаревтің (Өскемен бекінісі – 1720 ж.) экспедициялары. Кіші жүздің ханы Әбілхайырдың Ресей патшалығымен дипломатиялық келіссөздері. 1723 жылғы қыркүйектегі Әбілхайыр ханның Еділ қалмақтарына жорығы. 1726 ж. Күздегі Әбілхайыр, Сәмеке ханжардың, Есім, Барақ сұлтандар басқарған қазақ жасақтарының Лобжы Назаров тайшы билейтін қалмақ ұлысына жорығы. Құтлымбет Қоштайұлының бастауымен елшілерін Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысымен Ресейге жіберуі. Императрица Анна Иоановна Кіші Жүзді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы грамотаға қол қоюы. А.И.Тевкелевтің елшілігі. Әр түрлі саяси топтардың Тевкелев елшілігіне қатынасы. Кіші жүз (1731 ж.) және Орта жүз (1734 ж.) қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы. И.И.Неплюев. Кирилов бастаған Орынбор экспедициясының мақсаты. Ор бекінісінің құрлысының басталуы. 1749 жылы Петербург сарайындағылардың Нұралыны Кіші жүздің ханы етіп бекітуі.

Әбілхайыр ханның отарлаушы әкімшілікпен қарым-қатынасының шиеленісуі. Кіші Жүздің Ресей империясының құрамына қосылуына қарсы болған қазақ сұлтаны Барақтың Әбілхайыр ханды өлтіруі, оның саяси астары. Қазақстандағы саяси жағдайдың өзгеруі. Патшалық Ресейдің отарлау шараларына кірісуі. Линиялық бекіністер мен қалалардың салынуы. Жайық, Железинск, Өскемен Ор т.б. бекіністері. 1640 жылы салынған бекініс. Отарлау ісіндегі казак (казачество) әскерлерінің рөлі. Қазақтардың шаруашылық тәуелсіздігіне шектеуліктердің қойыла бастауы. Отаршыл әкімшіліктің ХҮІІІ ғасырдың ортасы мен екінші жартысындағы саясаты. Императрица Елизаветаның қазақтарға Жайық өзенінің оң жағында мал жаюға тыйым салу туралы жарлығы.

Цин империясының жоңғарларды «тыныштандыру саясаты». 1758 ж. Жоңғар хандығының жойылуы. 1756 ж. Цинь әскерінің қазақ даласына жорығы. Абылай хандығы (1771-1781 жж.). Абылай ханның біртұтас қазақ мемлекеттігін құру әрекеті. Абылай ханның Қытай және Ресей билік орындарымен қатынасы. Екатерина ІІ Абылай ханды қазақ жерлерінің Орта Жүздің ханы ретінде тануы. 1756 жылы Абылай сұлтанның Қытай қай мемлекетіне бодандыққа анты. 1740 жылғы Орта жүз ханы Әбілмамбет пен Абылай сұлтанның Ресей империясына адалдығы жөніндегі ант беруі. Битва 1750 жылғы қазақ пен жоңғар арасындағы Аяқ дегент жердегі шайқасы. Абылай ханның өлімінен кейінгі Қазақ хандығындағы саяси дағдарыс. Қырғызстан мен Орта Азия хандықтарына жасаған жорықтары. Қазақтардың Шығыс Түркістанға қоныстауы.

Кіші жүзде хандық биліктің дағдарысқа ұшырауы (ХҮІІІ ғ. ІІ-жартысы). Кіші жүз қазақтарының Е.И.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы. 1773 ж. 5 қазандағы Орынбор қаласын қоршау. И.Пугачев бастаған көтерілістен кейін Қазақстандағы «Көрінбес қозғалысы» (партизан қозғалысы). Патшалық Ресейдің Қазақстан территориясындағы жазалау шаралары.

Батыс Қазақстан өңіріндегі Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі (1783-1797 жж.). Көтерілістің себептері, басталуы, барысы және сипаты. 1783–1797 ж.ж. көтерілісшілердің қойған негізгі талаптары. 1785 жылғы Кіші жүз старшиндарының сиезі. Кіші жүздегі хандық билікті жоюға талпыныс. Игельстром реформасы және оның нәтижелері. Нұралы ханның биліктен кетуі. Көтерілістің жаңа кезеңі, салдары. Сырым Датұлы бастаған көтерілістің басты нәтижесі.
3.2. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінен айрылуы. Ұлт-азаттық көтерілістер.

1816 жылғы Орта жүздегі хандық биліктің жойылуының себептері. 1810-1866 жж. Қоқан, Хиуа және Бұхар хандықтарының экспансиясы. 1820 ж. 2000 қазақ ауылын Мұхаммед Рақымның тонауы. 1822 ж. Сперанскийдің «Сібір қырғыздары туралы Жарғысы» және Орта жүзде хан билікті әлсірету мақсатындағы патша үкіметінің шаралары. Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы. Орта Жүзді басқару орталығы. "1822 ж. Сібір қырғыздары туралы Жарғыға" сәйкес территориялық-әкімшілік өзгерістер. Округтердің құрылуы. Сұлтандар жағдайы (мұрагерлік қызмет, дворяндық титул). Сот жүйесіндегі өзгерістер. Дәстүрлі билер сотындағы өзгерістер. Салық саясаты.

1824 ж. Эссеннің «Орынбор қырғыздары туралы Жарғысы». Орынбор өлкесінің әскери губернаторы Перовский (1833 ж.). 1824 жылғы «Орынбор қырғыздарының Жарғысы» бойынша Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы және территориясының үш бөлікке бөлінуі. 1831 жылы дистанциялық жүйенің енгізілуі. Кіші Жүзді басқарудың орталығы. Орынбор генерал-губернаторының қызметтік лауазымдарды тағайындауы. Отаршыл әкімшіліктің Қазақстанның ішкі аудандарына тереңірек енуі және оның қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына әсері. Егіншілік жағдайы. Қолөнер өндірісі. Көрші елдермен сауда қатынасы. Жәрмеңкелер. Қазақстанды Ресей өнеркәсібінің шикізат қорына айналдырудың басталуы. Отаршыл әкімшіліктің салықтар мен міндеткерліктерді енгізуі. Орта Азия хандықтарының Қазақстанның Оңтүстік аудандарына шапқыншылығы. Қоқан және Хиуа әскерлерінің қанды жорықтары. Қазақ ауылдарына әртүрлі салықтардың (зекет және харадж) жүктелуі.

1801 жылы Еділ мен Жайық аралығында Ішкі Бөкей хандығының құрылуы, оның экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы. 1824 ж. 26 маусымдағы Жәңгір ханның хан көтерілуі. 1827 ж. Нарын құмындағы Жасқұс мекеніндегі Жәңір ханның ордасының салынуы. Жәңгір ханның (1823-1845 жж) ішкі және сыртқы саясаты. Қазақстан жерінде алғаш мектептің ашылуы және қазақтардың отырықшылыққа тартылуы. Жәңгір ханның жер саясаты және Ішкі (Бөкей) Ордадасынғы 1836 – 1838 жылдардағы шаруалар көтерілісі. Көтеріліс қолбасшылары Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы. Хан Ордасын қоршауға алу. Көтерілістің ерекшелігі. Тастөбе мекені мен Ақбұлақ өзені маңындағы ұрыстар. 12 шілді 1838 ж. Ақбұлақ пен Қиыл өзендерінің арасындағы Исатайдың қаза болуы. Көтерілістің жеңіліс табуы және тарихи маңызы. Ішкі (Бөкей) Ордасының Ордадағы хандық билік жойылуы.

Тентектөре, Қаратай, Арынғазы, Саржан сұлтандардың және Жоламан Тіленішұлының отарлық тәртіптің орнығуына қарсы бас көтерулері.



Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1837-1847 жж.). Мақсаты, негізгі кезеңдері, ауқымы мен сипаты. 1838 жылғы соғыс қимылдарының кең құлаш жаюы. Кенесары хан сарбаздарының патша жазалаушы отрядымен қарулы қақтығыстары. Ақмола приказы үшін күрес. Кенесары ханның өзін қолдамаған сұлтандарға қарсы жорықтары. Кенесары ханның Кіші жүз және Орта жүз қазақтарын біріктіру әрекеттері. Көтерілістің бүкіл Қазақстан территориясын қамтуы. Кенесары сұлтанның хан болып сайлануы. Кенесары ханның қазақ мемлекеттігін қайта құруға бағытталған қызметі. Хандықтың ішкі құрылысы. Кенесары хан қолына қарсы патша жазалаушы экспедицияларының аттануы. Кенесары ханның Орталық Қазақстан жерінен қоныс аударуы.

Кенесары хан әскерінің қоқандықтармен соғысы. Кене ханның Бұқара және Хиуа хандықтарымен қарым-қатынасы. Ресейдің Түркістанды жаулап алуын тоқтату үшін, Кене ханның қырғыз және қазақ халықтарын біріктіру жолындағы қимылдары. Бұл әрекеттердің іске аспай, қырғыздармен соғысуы. Кене ханның өлімі. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызы.



Ұлы жүз қазақтарының Қоқандықтарға қарсы көтерілісі. Хиуа және Қоқан билігіне қарсы Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бастаған көтеріліс (1856-1857 жж.). 9 қаңтар 1857 ж. Арықбалық мекеніндегі шайқас. Патша билігіне қарсы Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс (1857-1858 жж.).

Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуды аяқтауды көздеген әскери қимылдары. Орыс әскерлерінің Меркі, Әулиеата, Ақмешіт (1853), Шымкент және Түркістанды басып алуы (1864). 1860 ж. Қоқан мен Ресей арасындағы Ұзынағаш шайқасы. Сібір және Сырдария әскери шептерінің тоғысуы. Верный әскери бекінісінің негізінің қалануы (1854), Ташкент қаласының алынуы (1865). Жаңа әскери бекіністердің салынуы. Орынбор әскери округі (1864 ж.) және Түркістан әскери округінің (1867 ж.) құрылуы. Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының аяқталуы.
3.3. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан

Қазақстанды басқарудың әкімшілік-территориялық және сот реформалары. 1867 жылы 11-ші шілдеде бекітілген «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы ереже». 1868 жылы 21-ші қазанда бекітілген «Торғай, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже». Қазақстан территориясының 3 генерал-губернаторлыққа біріктіріліп басқарылуы. Генерал-губернаторлықтардың орталықтары. Уақытша Ережеге байланысты қазақ жерлері Ресей империясының меншігі. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Бөкей ордасының Астрахань губернаторлығына енгізілуі. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазақтардың әкімшілік-орталық аппарат жүйелерінде қызметінің шектелуі. Реформа бойынша сот және салық жүйесіндегі өзгерістер. 1867-1868 жылдардағы патша үкіметінің әкімшілік-территориялық реформаларының енгізілуіне байланысты туған ұлт-азаттық көтерілістер (1870-1873 жж.). 1886 жылғы «Түркістан өлкесін басқару жөніндегі Ереже», 1891 жылғы «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару жөніндегі Ереже». Аталған облыстар құрамына енген уездер. Дала генерал-губернаторлығының құрылуы. ХІХ ғасырдың соңындағы қазақ жерінің территориялық-әкімшілік құрылымы. 1886 және 1891 жылғы Ережелерге байланысты барлық буындағы отаршыл-әкімшілік жүйенің одан әрі жетіле түсуі. Көшпелі және отырықшы тұрмыстағы халыққа белгіленген алым-салық пен міндеткерліктер. Сот жүйесіндегі өзгерістер. Жалпы империялық сот позициясының нығая түсуі.

Патша өкіметінің аграрлық саясаты. 1891 жылғы Дала Ережесінің жер мәселесіне байланысты отаршыл сипаты. Сібір темір жолы Ерекше комитетінің аграрлық саясатын жүргізудегі ролі. Ф.Щербина экспедициясының қызметі. Қоныс аудару қозғалысы. Қоныстанушылар. Қоныстанушылар орналасқан аудандар. Переселен деревнялары. Өкімет орындарының оларды орналастырудағы саясаты. ХІХ ғ. 2-ші жартысында Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару және оларға жасалған жеңілдіктер. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қоныс аударушылардың басты бөлігі қоныстанған өлке. ХІХ ғ. аяғы-ХХ ғ.басында Қазақстанға қоныс аударған қоныстанушы шаруаларға жер бөлудің түрі. ХХ ғасыр басында Қазақстандағы қоныстандыру қоры жұмысының негізгі бағыттары.

Ресей әскерінің Іле аймағына кіргізілуі және жергілікті ұйғырлар мен дұнғандарды қытайлар тарапынан жазалау шараларынан қорғау. 1881 ж. Санкт-Петербор келісімі. 1881-1884 жж. Жетісуға Іле аймағына ұйғырлар мен дұнғандардың ерікті түрде көшуінің жүзеге асырылуы. 1883 жылдан бастап Жетісуда қоныс аударушыларға берілген жеңілдік. Қоныс аударудың экологиялық зардаптары. Қоныс аудару қозғалысының әлеуметтік-экономикалық және саяси нәтижесі. Жергілікті халық пен қоныстанушылардың арасалмағы. Қазақтардың белгілі бір бөлігінің отырықшы тұрмысқа өте бастауы. Қазақ ауылына нарықтық қатынастың енуі. Мал құрамындағы өзгерістер. Қазақ қоғамында әлеуметтік жіктелудің күшеюі.



ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы өнеркәсіп орындары қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері және сипаты. Қазақстанның қалалары. Олардың орналасуы. Қалалар – Қазақстанды отарлық қанаудың әкімшілік орталықтары. Қалалардың экономикалық өмірі. Қалалардың халқы, әлеуметтік-демографиялық құрамы. Қазақстанның жер қыртысы байлығын игеру шаралары. Орыс капиталының тау-кен өндірісіне шоғырлануы. Тас көмір және мыс қорларын игерудің басталуы. Металл өндіру заводтарының пайда болуы. Алғашқы өнеркәсіптік акционерлік қоғамдардың құрылуы. Қазақстандағы өнеркәсіп орындарында жалдамалы жұмысшылардың қалыптаса бастауы. ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ.басында қазақ буржуазиясы және сауда. ХІХ ғ. аяғында шетел капиталистерінің тау-кен өнеркәсібінде белсенділігінің артуы. Ауыл шаруашылық шикізат өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп орындарының дамуы. ХІХ ғасырдың ортасындағы жәрмеңкелер. ХІХ ғасырда Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда байланысы. Бұқтырма, Семей, Петропавлдың Синьцзянмен сауда жасау орталықтарына айналуы. Жергілікті халықтан жұмысшы мамандардың қалыптасуының ерекшеліктері. ХХ ғ. басындағы Орынбор - Ташкент темір жолы құрылысы. ХІХ ғ. аяғында Қазақстанда дамыған өндіріс саласы.

ХҮІІІ ғ. - ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті. ХҮІІІ ғ. Қазақстандағы Ресей экспедициясы. Қазақ әдебиеті. Ақтамберді жырау, Бұқар жырау, Тәттіқара, Үмбетай Тілеуұлы, Шал Күлекеұлы. Ревалюцияға дейінгі қазақ музыка өнерінің өкілдері Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттімбет, Біржан Қожақұлы, Ақансері, Байжігіт және басқалар. Құрманғазының "Кішкентай", «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлері.

ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы ғылым, ағартушылық және реформаторлық бағыттар. Ш.Ш.Уәлиханов (1835-1865 жж.). Омбы кадет корпусын бітіріп, Гасфорттың адъютанты лауазымына тағайындалуы. Ш.Уәлихановтың ғылыми еңбектерінің маңызы. Ш.Уәлихановтың ориенталистика саласындағы еңбегі. Ш.Уәлихановты бүкіл әлемге танымал еткен еңбегі. Ш.Уәлихановпен дос орыс жазушы – демократтары.

Ы.Алтынсариннің өмір сүрген жылдары. 1857 ж. Алтын медаль. Ы.Алтынсариннің алғашқы қазақ мектебін ашуға атсалысуы. Ы.Алтынсарин Торғай облысында мектеп инспекторы қызметінде. ХІХ ғ. 80-ж. Торғай облысының Ырғыз қаласында қазақ қыздары үшін алғашқы оқу орнының ашылуы. Қазақстанда қазақ балаларын оқыту үшін еуропалық түрдегі мектептердің ашылуы және олардың басты мақсаты. ХІХ ғ. Қазақстанда патша өкіметі мектеп медреселерді ашуға кедергі жасауы. Ы.Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы» еңбегі.

Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары. А.Құнанбаевтың еңбектері. Абайдың «Қара сөздері» философиялық-этикалық көзқарас тұрғысындағы еңбек. Абайдың орыс жазушы достары және олардың еңбектерін қазақ тіліне аударуы. А.Құнанбаевтың қазақ мәдениетінің дамуына қосқан үлесі.

Орыс тарихнамасындағы Қазақстан. ХІХ ғ. бірінші жартысында жарыққа шыққан А.И.Левшиннің «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен даласының суреттемесі» атты қазақ тарихы туралы алғашқы жан-жақты еңбек. Семенов-Тянь-Шаньский Жетісудың табиғатын зерттеуші орыс ғалымы. Затаевич қазақ халқының «1000 әні мен 500 күйін» жинағын композитор, әрі этнограф ғалым. Ресейден Қазақстанға саяси жер аударылғандардың идеялық бағыттары.

1888-1902 жж. тұңғыш қазақ тіліндегі «Дала уәлаяты» мерзімді басылымның жарыққа шығуы. «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті. Шығарушы редакторлары, идеялық бағыттары.

Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының үшінші кезеңі (ХІХ ғ. соңғы ширегі – ХХ ғ. басы.). Қазақ ұлттық интеллигенциясының реформаторлық қозғалысының ерекшеліктері. 1905-1907 жж. орыс революциясының маңызы және оның Қазақстанға әсері. ХХ ғасырдың басында 300-ден астам жұмысшысы бар ірі өнеркәсіпорны. 1905 ж. желтоқсанда Успенск руднигіндегі тау-кен жұмысшыларының ірі және ұйымдасқан толқуы. Успенск руднигі жұмысшыларының құрған ұйымы. 1905 ж. Қарқаралы петициясы. І, ІІ Мемлекеттік Думаға сайланған қазақтар. Б.Қаратаевтың ІІ Мемлекеттік Думаның секциялық мәжілісінде Қазақстандағы патша өкіметінің аграрлық саясатын сынға алуы. М.Дулатовтың «Оян, қазақ» өлеңдер жинағы. Столыпин аграрлық реформасы Қазақстанда жүзеге асырылу барысы және нәтижелері. Қазан төңкерісіне дейін Қазақстаннан 45 млн. десятина жердің қонысаударушыларға алынуы. «Қара жұмысшалар одағының» құрылуы.


ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН.
4.1. Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт-азаттық.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстан экономикасына әсері. Салық мөлшерінің, түрлі міндеткерліктердің өсуі. Қазақстанда енгізілген салық түрі. Ауыл шаруашылығының құлдырауы, егістік көлемінің, мал басының кеміп кетуі. Әлеуметтік қайшылықтардың өсуі. Патша өкіметінің аграрлық саясатына наразылықтың күшеюі. Қазақ ауылы мен европалық қоныстанушылар бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. Солдаттар соғысқа қарсы бас көтерулер. Қалалар мен өндіріс орындарындағы ереуілдер. Қазақстан облыстарында төтенше-әскери жағдайдың енгізілуі. М.Дулатовтың қазақ ұлтының өмір сүруінің проблемаға айналуы мәселесін көтеруі.



1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы. 1916 жылғы көтерілістің алғышарттары мен сипаты. Көтерілістің қозғаушы күштері мен басталуы. 19-43 жас аралығындағы ер азаматтардың тыл жұмысына алынуы. 1916 жылғы 25 июньдегі патша жарлығына қарсы халықтың қарулы көтерілісіне ұлттық интелегенцияның қатынасы және көзқарасы. 1916 интеллигенция өкілдерінің радикалды бағытының көтерілісшілер жағына шығуы. Жетісу мен Сырдария облыстарындағы көтерілістер. Каспий және Орал облыстарындағы көтерілістер. Ақмола, Семей және Торғай облыстарындағы көтерілістер. 1916 жылғы көтерілістің Торғай облысындағы көтеріліс басшылары (Амангелді Иманұлы, Әбдіғапар Жанбосынұлы т.б.). Амангелді Иманұлының серігі, мерген Кейкі батыр. 1916 жылғы көтеріліс барысында хандық билікті қалпына келтіруге талпыныс (Әбдіғапар Жанбосынұлы, Бекболат Әшекеев, Нұрлан Қияшев, Оспан Шоңов). Ж.Мәмбетов пен Ұ.Саурықов қолбасшылық жасаған жер. Қоныс аударушылардың көтеріліске қатынасы. Патша өкіметінің жазалаушы экспедициялары. Жергілікті халықтың Қытайға қоныс аударуы және оның зардаптары. 1916 жылғы көтерілістің тарихи маңызы. Қазақ жастарының тыл жұмыстарына алынуы. Қазақ зиялыларының тылдағы жұмысшылардың арасындағы қызметі.
4.2. 1917 жылғы Ақпан революциясы және Қазақстан

Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы. Қазақстандағы саяси биліктің өзгеруі. Қазақ қоғамының саяси өзгерістерге қатынасы. Уақытша өкіметтің басқару органдарының құрылуы. Қазақ интеллегенциясының өкілдері Уақытша өкіметтің басқару орындарының құрамында. Ә.Бөкейханов, М.Шоқаев, М.Тынышбаевтардың және басқалардың қызметі. Ақпан революциясынан кейінгі өзгерістердің тарихи маңызы. М.Тынышпаев Түркістан Уақытша үкіметінің комиссары. М.Шоқай Жетісу Уақытша үкіметінің комиссары. Уақытша өкімет және Қазақстандағы ұлт мәселесі. Облыстық және уездік қазақ съездері және оларда қойылған мәселелер. Патша өкіметінің құлауы және ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа міндеттері. Қазақ комитеттерінің құрылуы және олардың қоғамдық саяси қызметі. Қазақ комитеттері – қазақ халқының мемлекеттік тәуелсіздікке ұмтылысының көрінісі.

1917 жылғы дағдарыс. Шілдедегі І-ші жалпықазақ съезі. «Алаш» ұлттық-саяси партиясының құрылуы. Ә.Бөкейханов партия лидері. Алаш партиясының бағдарламасы. «Алаш» партиясының бағдарламасының «Қазақ» газетінде жариялануы. Алаш және большевиктер. Бүкіл Ресейлік Құрылтай жиналысына сайлау. Алаш партиясының жетістіктері. "Үш жүз" партиясының құрылуы. «Үш жүз» партиясының басшылары және олардың ұстанған саяси бағыты. «Үш жүз» партиясының жетекшісі.

Уақытша өкіметтің мемлекеттік басқару жүйесінің ыдырауы. Большевиктердің саяси билікті қолына алуы. 1917 жылы Ақмолада құрылған ұйым. «Қара жұмысшылар Одағы» (А.Розыбакиев, Ж.Бабаев, Х.Фариденов).
Желтоқсанда өткен ІІ-ші жалпықазақ съезі. Алашорда Халық Кеңесі үкіметінің құрылуы. Семей қаласы Алаш-Орда үкіметінің орналасқан орталығы. Алаш автономиясын жариялауға байланысты айтыстар. Ә.Бөкейханов Алаш үкіметінің жетекшісі. Түркістан (Қоқан) автономиясы ІҮ Бүкілтүркістан съезімен құрылған мемлекет. М.Шоқай Түркістан (Қоқан) автономиясының жетекшісі. Алашорда және Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметтері құрылуының Қазақстан тарихындағы тарихи маңызы.
4.3. Қазақстан Қазан революциясы және азамат соғысы жылдарында.

Ресейдегі Қазан революциясы. Қазақстанда 1917 жылдың қазан-сәуір айлары аралығында Кеңес үкіметінің орнауы. Перовск Сырдария облысында алғаш Кеңес өкіметі орнаған қала. Кеңес өкіметі және Алашорда мен Қоқан автономиясы үкіметтерінің тағдыры. Ұлт зиялыларының Кеңес өкіметіне көзқарастары. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының таратылуы. Кеңес үкіметінің алғашқы шаралары. 1917 жылы Кеңес өкіметіне қарсы біріккен күштер.

Қазақстанның 1918-1920 жж. азамат соғысына тартылуы. Алашорда үкіметінің қазақ әскери жасақтарын құру шаралары. Большевиктердің қызыл әскердің ұлттық бөлімдерін құруы. Қазақстан халқының екіге жарылуы. Ақ гвардияшылар мен Қызыл Әскер арасындағы әскери қимылдың бүкіл Қазақстан жерін қамтуы. 1918 жылы маусымда Орынбордың алынуы. Азамат соғысы жылдарындағы экономикалық жағдай. «Соғыс коммунизм» саясаты, оның Қазақстандағы ерекшеліктері. Черкасск қорғанысына қатысушылар әскерінің Анненков әскерлеріне қарсы шайқасы. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстанда соңғы майдан Жетісу майданының жойылуы. Азамат соғысы кезінде Ә.Жангельдин экспедициясының Ақтөбе майданын қару-жарақпен қамтамасыз етуі. 1920 ж. наурызында Қазақстандағы азамат соғысы аяқталуы.

1919 ж. 10 шілдеде Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару үшін революциялық Комитеттің құрылуы, оның құрамы. Қазревкомның мақсаты мен міндеттері. 1920 ж. Алашорда үкіметінің жойылуы. БОАК-нің «Қырғыз (Қазақ) Кеңестік социалистік Автономиялық республикасын» құру туралы шешімі. 1920 ж. 26 тамыз Қырғыз (Қазақ) АССР-нің құрылуы. 1920 ж. 4 қазан Кеңестердің Бүкілқазақстандық бірінші Құрылтайы. 1920 жылы құрылған Қырғыз (Қазақ) АКСР Орталық Комитетін басқарған С.Меңдешев. 1920 ж. Қазақстанның Халық Комиссарлар Кеңесін басқарған Радус-Зенькович. 1920-24 Орынбор қаласы Қырғыз (Қазақ) АКСР астанасы. 1924 ж. Сырдария, Жетісу облыстары ұлттық мемлекеттікті қайта бөлу кезінде Қазақ АКСР-ның құрамына енген облыстар.


Каталог: downloads -> ekzameny
ekzameny -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
downloads -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
downloads -> 6М020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
downloads -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі
ekzameny -> БАҒдарламасы астана 2014 Бағдарлама «6М010300 Педагогика және психология»
ekzameny -> Бағдарламасы Пәндер атауы және олардың негізгі бөлімдері Механика
ekzameny -> Бағдарламасы Пәндер атауы және олардың негізгі бөлімдері
ekzameny -> БАҒдарламасы астана 2014 Бағдарлама «6М012300 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»
ekzameny -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет