Қазақстанның ежелгі тарихы қазақстанның КӨне және ежелгі тарихы тас ғасыры



бет4/5
Дата20.06.2018
өлшемі360 Kb.
#43808
1   2   3   4   5

ТАРИХНАМАСЫ

Тайпалар конфедерациялары және мемлекеттік құрылымдар туралы тарихнамалық танымдар (б.з. дейінгі V ғ.-ХІ ғ.).

Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихындағы тарихи танымның негіздері. Тарихи жазудың тәсілдері мен түрлері - күнделікті мифтік білім, діни көзқарас - провиденциализм.

Қазақстан тарихы бойынша ежелгі тарихнама. Тарихи процестерді идеалистік түсіну. Зороастризм дінінің қасиетті текстер жиынтығы - Авеста (Ясна, Яшты және Вендидат) әлеуметтік-саяси құрылыс, әдебиет және дін туралы. Ерте көшпелілер дәуірі туралы (Ахменид жазбалары, Дарий I патшаның Бехистун, Ксеркстің Персеполь жазбалары). Герадоттың обьективтілігі, елдер мен халықтарды сипаттауының тарихи-этнографиялық кестесі. Герадот еңбегінің тақырыптары мен мазмұндары. Страбонның Географиясындағы сақ (скиф) тайпалары сипаттамасының негізгі мәселелері. Фукидидтің ғылыми-тарихи сыншылдығы.

Қытай тарихнамасы Қазақстан халықтары туралы (б.з.д. II ғ.-б.з. VІІІ ғ.). Қытай жылнамаларының сипаттамасы. Қытай тарихнамасындағы ғұн мәселесі. Тарих және этнография, саяси бағыт (Сыма Цянь, Бань гу, Фань хе және т.б.).

Қазіргі Қазақстан ғылымы үшін үндіарийлер мәселелері. Үндіарийлердің шығу тегі туралы теорияларға шолу.

Қазақстан тарихының түркі дәуіріндегі тарихнамасы. Көне түркі руникалық жазба ескерткіштері VІ-Х ғасырлардағы Қазақстан территориясы және халқы туралы. Руникалық жазбалар және "тас" жылнамалар. Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк және Иолығ тегін: қисыны, сипаты және тарихты түсіндірудің әдістері. Түркі қағанаты бірінші тарихшыларының (Тоныкөк, Иолық тегін) тарихи көзқарастары.

Рим авторлары: Аммиан Иордан "Тарих" (VІ ғ.), Марцеллин ( VІ ғ.), Приск Панийский (V ғ.). Геттердің шығу тегі мен қызметі, ІV ғ. Халықтардың қоныс аударуы. Ғұндар және түркі тайпалары туралы. Иорданның зерттеуіндегі Еділдің жеке тұлғасы. А. Марцеллианның ғұндарға берген сипаттамасы. П.Панийскийдің жазбаларындағы "Халықтар соғысы".

Византиялық шығармалар: Эвнапия Сардий (346-414) "Продолжения дексипповое истории". Прокопий Ксессарийский (VІғ.) "История воин Юстиана", Менандр Протектор (VІғ.) "Продолжения Агафиевой истории", Маниах және 568-569 жж. Земарх елшілігі. "История". Феофилакт Симокот 810-814) "О значении истории". Константин Багрянородный (Хғ.) «Об упавлении империи". "О населении Великой степи первой половины X столетия". Орыс жылнамалары. С.М. Соловъев XII ғасырдағы дала көшпелілері туралы.




Мұсылман тарихнамасы
ІХ-ХІІ ғасырлардагы Қазақстан тарихы бойынша араб және Парсы зерттеулері
Мұсылман ренессансы және оның тарихи-география ғылымындағы рөлі. Қоғамдық ғылымдардың дамуының саяси алғышарттары және араб-мұсылман өркениетінің әсері. Араб зерттеушілерінің халықтарды сипаттау кезіндегі бағыттары. Араб авторларының тарихи көзқарастары. "Жер суретінің кітабы" китаб Сурат аль-ард ал-Хварезми (812-847), этнографиялық мәліметтер. Хордадбек (IX ғ.) зерттеулерінің тарихи-географиялық сипаты. Китаб ал- Масалик ва-л-мамали (Жолдар мен елдер кітабы). Ал-Джахиздің қосқан үлесі және оның "Фатх бен Хаканның түркілердің жақсы қасиеттері туралы жолдауы" халифаттың барлық әскерлеріне (847-861), Ибн-Фадланның тарихи - географиялық зерттеулері (ІХ-Х ғ.).

Аль-Истахридің географиялық шығармалары (X ғ.). X ғ. белгісіз автордың "Худуд ал-Алам" шығармасы және елдердің негізгі төрт белгілерін анықтаудағы автордың әдістемелік бағыты.

XI ғ. Гардизи зерттеулеріндегі географиялық мәліметтер, тайпалардың шығу тегі туралы аңыздар. Зайн әл-акбар "Хабарларды безендіру". Қимақтардың шығу тегі, қарлықтар, оғыздар туралы және т.б.

Тюркология мәселелерін шешудегі М. Қашқаридың ғылыми үлесі. Ал- Марвазидің ғылыми талдауы, әл-Табаридің тарихи-әдеби еңбегі. Ғалым энциклопедист Иакудтың (1179-1229) тарихи мәліметтері.

Қарахан мемлекетіндегі қоғамдық ғылымдар дамуының әлеуметтік-саяси алғышарттары. Ж. Баласағұнның "Қуатты білік" еңбегіндегі адамзаттың прогрессивті даму идеясы. Прогресс және қалыптасқан тәртіп негіздерін мүлтіксіз сақтау кезіндегі реформалар теориясы. Ж. Баласағұн теорияларының, көзқарастарының философиялық, шамандық және исламдық түп негіздері.

Әл-Фараби еңбектері: "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары, "Сұрақтардың мәні", "Платон мен Аристотель көзқарастарының ұқсастығы туралы" және т. б.

Эпикалық ескерткіштер тарихнама тұрғысында. "Қорқыт кітабы", "Оғыз - наме", Фирдоусидің "Шахнамесі", "Қобыланды", "Алпамыс", "Манас" және т. б.

Эпикалық ескерткіштерде ежелгі және ортағасырлық классикалық тарихнамалық дәстүрдің барлық шарттарының сақталуы. Эпикалық ескерткіштердегі тарихнамалық ақпаратты өзіндік "бүркемелеу" әдісі.

Әбу Райхан Мұхаммед Ибн Ахмед Әл-Бирунидің парсы-араб тілді әдебиеттік, тарихи-географиялық дәстүрлерді пайдалануы (Ибн Хордадбек, әл - Истахри, әл-Джайхани және т. б.).

Қазақстан тарихының тарихнамалық дәстүрлері (XIII- XVII ғғ.) .

Тарих ғылымы дамуының әлеуметтік-саяси алғышарттары. XIII- XVII зерттеулердің Қазақстан тарихы үшін мәні. Тарихи зерттеулердің тақырыптары.

Тарихи ойдың дамуын анықтайтын шарттар: саяси және әлеуметтік негіздері. Ішкі монғолдық қатынастары мен Шыңғыс ханның Орта Азия және қазақстанды басып алу жөніндегі зерттеушілердің көзқарастары. Ортағасырлық авторлардың тарихи көзқарастарының ерекшеліктері мен сипаты. Тарихи дамудың маңызды мәселелерін талдау ерекшеліктері: ішкі монғолдық катынастар, Шыңғысхан мен оның ұрпақтарының басқыншылығы, Алтын Ордадағы саяси қатынастар, халықтың этникалық тарихы, ХІІІ-ХV ғғ. Дешті -Қыпшақ және т.б.

Монғол жылнамалары. "Құпия шежіре" деректанудың классикалық шығармасы. Ішкі монғол қатынастарының тарихы, монғол қоғамындағы түркі тайпаларының рөлі, монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алулары. Лубсан Данзан, Шар Пуджидің "Алтын шежіресі" (XVII ғ).

Мұсылмандық тарихнамалық дәстүр. Араб зерттеушілернің ғылыми маңызы. Ибн әл-Асирдің моңғол шапқыншылығына дейінгі кезең бойынша Орта Азия мен Қазақстан тарихы және XIII ғасырдың алғашқы 20-шы жылдарындағы моңғол әскерлерінің шапқыншылығы туралы мәліметтері. Әл - Насави шығармаларындағы Шыңғыс ханның Орта Азия мен Қазақстанға шапқыншылығы туралы шынайы мәліметтері. Араб авторларының шығармалары Мамлюк мемлекеті мен Жошы ұлысының қарым- қатынастарының деңгейі мен сипаты туралы, әлеуметтік-экономикалық, әскери, саяси дамуы. Алтын Орда мен Дешті-Қыпшақ халқының этникалық тарихы туралы мәліметтер. "Бейбарыс жылнамасы", әл-Омари, ибн Батут (XIV ғ.).

Ибн Халдунның тарихи-философиялық ойлары: ғылым туралы, адамзат қоғамы, қоғам өмірінің ішкі заңдылықтары және тарих ғылымының міндеттері туралы. Ибн Халдунның Алтын Ордадағы қырқыстар туралы хабарлар.

Дешті-Қыпшақ туралы. Ибн Арабшахтың (ХУғ.) қыпшақтарға берген сипаттамасының моңғолдық билеуші топтың ресми тарихнамасына айналуы.

Парсы зерттеушілерінің моңғол жаулап алушылығы және моңғол үстемдігінің тарихы туралы іргелі еңбектері. Саяси қөзқастағы үстемдік.

Рашид ад-Диннің түркі және моңғол халықтары туралы тарихи энциклопедиясы. Қытайдан Испанияға дейінгі мәдени әлемнің синхронды тарихы. Рашид ад-Диннің деректерге қатынасы, оның бүкіл әлемдік тарихи прогрестің сипаты туралы ойлары. Шығыс Дешті-Қыпшақтың саяси дамуыньщ жүйелі тарихы.

Низам ад-Дин Исамидің зерттеулеріндегі қазақтар туралы мәліметтер (ХVғ. басы). Раззак Самаркандидің кезеңіндегі Орта Азиядағы, Қазақстандағы, Рандағы 1305-тен 1470 жылдар аралығындағы моңғол иеліктері және Шығыс Дешті Қыпшақтағы Орда Ежен ұрпақтарының биілігі, Ақ және Көк. Ордаларының орналасуы жайлы мәліметтері. Ескендір түсініктемесі бойынша "өзбек" термині туралы мәліметтер. Шайбани ханның ресми тарихнамашысы Ибн Рузбиханидің көзқарасы. Мұхаммед Хайдар Қазақстан тарихын зерттеуші ретінде. Еуропа зерттеушілері. ХІІІғ. Моңғол империясы және Алтын Орда тарихы бойынша Еуропа зерттеушілері Марко Поло, Плано Карпини, Гильмо де Рубрук шығармаларының салыстырмалы сипаттамасы.

Джиованни да Плано Карпини еңбектеріндегі объективтілік: негізгі мәліметтердің сипаттамалары; Қазақстан территориясындағы қалалар.

ХV-ХVІІ ғғ. Қазақстан тарихы бойынша зерттеулер. Шығыс деректері (парсы-түркі тілді). Негізгі бағыттары (шағатайлық, сефевидлық, мавераннахр - шайбанидтік, хивиндік хроникалар). Парсы-тәжік тарихи ойдың сипаттамасы. Орыс мұрағат материалдары. Саяхатшылардың жазбалары мен елшілердің есептері. Ауызша тарих айту дәстүрі. Қазақ хандығы тарихындағы өрлеу. Сыртқы саясат аспектілері. Қазақ хандарының дипломатиясы.


ХVIП-ХІХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ТАРИХНАМА

XVIII г. тарихи білім.

XVIII ғасырдағы орыс тарихи ойының Қазақстан тарихын зерттеудегі теориялық-әдістемелік мәселелері. Тарихи зерттеулердегі оң бетбұрыс. Ресейдің шығыстағы сыртқы саясаты. Саясаттың идеологиялық қалыптары - еуроцентризм, шовинизм, қазақ халқын тарихи зерттеудегі бұрмалаушылық, Қазақстанды зерттеудің отаршылдық мақсаты. Қазақстандық тақырыптың тарих ғылымының ерекше саласына айналуы, орыс шығыстануының қалыптасуы. Батыс еуропалық тарихнаманың әсері: басқа халықтар тарихымен салыстыра отырып қазақ халқының тарихын түсіндіру, көшпенділікті адамзат дамуының заңды жалғасы ретінде мойындау, құжаттарды зерттеуде деректанулық тәсілді жетілдіру, ағартушылық тарихнаманың әсері, "қалыпты жағдай теориясы" мен "адамзаттың алтын ғасырын" қазақ топырағына жоғарыдан жасанды түрде көшіру. Географиялық ортаның қоғам дамуына әсері.

Қазақтар туралы этнотарихи түсінік. Бұл түсініктегі отаршылдық, гуманистік бағыт.

Тарихнамалық еңбектердің түрлері: кешенді экспедициялық зерттеулер, өлкетанушылық тарихи зерттеулер, саяхаттарды жазудың беллетристикалық жанры, картографиялық және тарихи-географиялық материалдар, отаршыл әкімшілік пен әскерилердің шығармалары.

Қазақ даласын зерттеу бойынша алғашқы ресейлік экспедициялар. Сібір халықтарының тарихы бойынша материалдарды жинау бойынша нұсқау. Г.Ф Миллердің "История Сибири" еңбегі. И.К. Кириллов "Цветущее состояние Всероссиского государства". В.Н. Татищев және қазақ халқының этногенез мәселесі. Қазақ халқын оқып үйренудегі П.И. Рычковтың қызметі. "Топография Оренбургской губернии". Қазақстанның Ресейге қосылу мәселесі.

ІІ-ші Академиялық экспедиция.

ІІ-ші Академиялық экспедицияның ғылыми-зерттеу еңбектері. Қазақ халқы туралы тарихи-географиялық мәліметтер. П.С. Паллас "Описание всех в Российском государстве обитающих народов, а также их житейских обрядов, обыкновений, жилищ, одежд и прочих достопамятностей". И.Г. Георгий, Иоганн Фальк, Н.П. Рычков. ІІ-ші Академиялық экспедиция қызметінің қорытындылары.



XIX ғасырдың І-ші жартысындағы тарихи ойдың дамуы.

В.В. Григорьевтің (1176-1881 жж.) буржуазиялық-ақсүйектік тарихнамасы. Қазақтардың ежелгі тарихы бойынша еңбектердің сипаттамасы. Проблематика мәселесі. В.В. Вельяминов-Зернов (1830-1904). "Исторические известия о киргиз-кайсаках и сложениях Россий со Средней Азией со времен Абулхайрхана", "Исследование о касымовских царях и царевичах". Қазақ халкының қалыптасуының мәселелері. М.И. Ильминский., В.Г. Тизенгаузен., Я.ЬІ Ханыков «Географическое обозрение Оренбургского края». "Очерк состояния Внутренной Орды".

И.Н. Березин (1818-1896 жж.) шығыстанушы. Басылымдық қызмет. Г. Спасский "Сібір хабаршысы" журналы. Г. Спасскидің "Киргиз-кайсаки Большой, Средней и Малой Орды" атты еңбегі. Қазақтардың этногенезі.

Қазақстан туралы орыс тарих ғылымындағы демократиялық бағыт.

Жер аударылған декабристердің Қазақстанды зерттеулері. В.Д. Вольховский, П.Е. Величко, М.И. Муравьев-Апостол, С.М. Семенов, И.В. Виткевич, А. Янушкевич, С. Сераковский, А.Д. Боровков, А.О. Корнилович, Г.С. Батеньков және т.б.

Ресейдің әскери тарихшылары: С.Б. Броневский, М.И. Венъоков. Ресейдің Орта Азияны басып алу тарихының ағымдары. М. Красовский, Г.Ф. Генс және басқалар. Қазақтардың өмірі туралы мәліметтердің жиналуы. А. И. Левшиннің қазақтардың тарихы бойынша еңбектері "Қазақ немесе қырғыз қайсақ ордалары мен далаларын сипаттау". А.И. Левшиннің тарихи көзқарастары. Құрылымы. Тарихи ағым. Қазақстанның Ресейге қосылуын бағалау.

Ғылыми қоғамдар мен университеттердің тарих ғылымын дамыту бойынша қызметі. Орыс географиялық қоғамының қызметі. Статистикалық комитеттер. Орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясы. Жаратылыстану, антропология және этнография әуесқойларының Мәскеу қоғамының Түркістан бөлімі. Археология Әуесқойларының Түркістан үйірмесі.

Ш.Ш. Уәлиханов. Ш.Ш. Уәлихановтың тарихи-этнографиялық еңбектері, Қазақтардың этногенезі деректану саласында.



Қазақстан тарих ғылымының ХІХғ. ІІ-ші жартысы мен ХХғ. басында дамуы.

Қазақстан тарихының мәселелері батыс еуропалық тарихнамада. Герман тарихнамасы: Ф. Грен, Ф. Шварц, М. Альберхт, Мозер және т.б. Ағылшын тарихнамасы және Үлкен ойын концепциясы. Батыс еуропалық этнографиялық әдебиет.

В.В.Бартольд, В.В. Радловтың еңбектерінің сипаттамасы. Қазақтардың этнографиясын зерттеудегі В.В Радловтың орны. Тарихи тұжырымдамасы.

А.Н.Харузин (1864-1900 жж.). Бөкей ордасының қырғыздары Ә.Диваевтың (1856-1933 жж.) қазақтарды этнографиялық зерттеуі. Қазақ тарихындағы библиографиялық бағыт. А.Е. Алекторов.

В.В.Вельяминов, И.В. Мушкетов, П.П. Семенов-Тянь-Шанский және еңбектері. Орыс географиялық қоғамының Қазақстандағы рөлі.

Қазақ ұлттық-демократиялық зиялыларының көрнекті өкілдерінің тарихи көзқарастары. Ә. Бөкейханның "Қырғыз өлкесінің тарихи тағдыры" және "Қырғыздар" атты еңбектері, Ш.Құдайбердиевтің тарихи көзқарастары. Қазақ халқының тарихи санасын оятудағы "Айқап" журналы мен "Қазақ" газетінің рөлі. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ зиялыларының еңбектерінде.




ҚАЗАҚСТАН ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ КЕҢЕСТІК ТОТАЛИТАРЛЬІҚ ЖҮЙЕ КЕЗЕҢІНДЕ
Қазақстан тарих ғылымы қазан төңкерісінен кейін және XX ғасырдың 20-30 жж.

Қазақ ұлттық-демократиялық зиялыларының 1917 жылғы Қазан төңкерісінің мәні мен мазмұны туралы еңбектері. А. Байтұрсыновтың "Революция және қырғыздар" мақаласы. 1917 жылғы оқиғалар М. Шоқай естеліктерінде. Қазақ ұлттык-демократиялық зиялылары Қазақстан мен Түркістанды автономияландыру туралы.

Қазақстандағы азамат соғысының тарихнамасы. Қазақстанда ғылыми - тарихи орталықтар мен мекемелердің пайда болуы. Тарих ғылымын орталықтандыру негіздерінің қалыптасуы. Ғылыми орталықтарды құру. Академорталық. Қазақстанды зерттеу бойынша орталық. Қазақстан тарихы бойынша жинақталған алғашқы еңбектер.

К. Кемеңгерұлының "Қазақ тарихынан" атты зерттеуі. Жер мәселесінің тарихы Т. Шонанұлының еңбектерінде. А.П. Чулошников "Очерки по истории казах-киргизского народа в связи с общими историческими судьбами других тюркских народов". А.П. Чулошниковтың қазақ-қырғыз халқының тарихы бойынша еңбегіне М. Тынышбаевтың сыни пікірі. Академик В.В. Бртольдтың еңбектері және олардың Қазақстандағы тарих ғылымының дамуындағы орны. А.Ю. Якубовскийдің, В. Владимировтың еңбектері. Революцияға дейінгі Қазақстан тарихының мәселелері бойынша ғылыми пікірталастар.

X. Досмұхамедұлының қазақ батырлары: Исатай, Махамбет, Жалаңтөс туралы зерттеулері. М. Тынышбаевтың қазақ халқының тарихы бойынша материалдары мен ғылыми еңбектері және оның өлкетанушылық зерттеулері.

Г. Сафаровтың "Колониальная революция" еңбегі. Түркістан тәжірбиесі және оның мәні. П.Г. Галузо "Туркестан колония" М. Шоқайдың XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы Түркістанның тарихи тағдыры туралы тарихи көзқарастары. С.Ф. Асфендияров пен А.П. Кунттың "Прошлое Казахстана в источниках и материалах" еңбегі. Т. Рысқұловтың 1916 жылғы түземдіктердің көтерілісі туралы зерттеулері. Б. Бөкейханов пен Дулатовтың 1916 жылғы қазақтардың көтерілісі туралы еңбектері.

Халық ағарту комиссариаты жанындағы Испарт (Қазан төңкерісі тарихы мен коммунистік партия тарихы бойынша материалдарды жинау және зерттеу жөніндегі комисия) - большевизмнің саяси қарсыластарына қарсы күрестің ғылыми орталығы. Академиялық жүйенің Қазақстан тарихын зерттеудегі маңызы. Ұлттық мәдениеттің қазақ ғылыми-зерттеу институтының тарихты, археологияны, әдебиетті және фольклорды, музыка мен биді зерттеудегі рөлі. Қырғыз өлкесін зерттеу бойынша қоғамның" жұмысы. Тарих ғылымы үшін мамандар дайындау. Тарихи мекемелерді ұйымдастыру.

Қазақ интеллигенциясының большевизмнің таптық бағытына көшуі. Ғ.Тоғжанов "А. Байтұрсынов және байтұрсыновщиналық туралы", "Қазақ ауылы туралы", Т. Рысқұловтың "Қазіргі Қазақстан" мақалалары. С.Асфендияровтың "Ежелгі дәуірден 1916 жылғы көтеріліске дейінгі Қазақстан тарихы" еңбегін әзірлеуі. М. Шоқайдың қазақстандықтардың большевиктік таптық рухта жазған тарихи еңбектеріне сыни бағасы.

И. Сталиннің қазақ ұлттық-демократиялық интеллигенциясын саяси қарсыластары ретінде қудалауы. "Ақжол" газеті. Ф. Голощекиннің баяндамалары мен сөйлеген сөздері - қазақстандық тарих ғылымында сталиндік бағытты бекітудегі идеолгиялық негіз. "Алаш" партиясы мен "Алашорда" үкіметінің рөлі мен қызметін бұрмалаған еңбектердің пайда болуы.

Дәстүрлі шаруашылық бойынша еңбектердің мәні. П.С. Щвецовтың "Природа и быт Казахстана" еңбегі (Қазақ шаруашылығы өзінің тарихи тұрмыстық жағдайларында). С. Сәдуақасовтың тарихи көзқарастары. А. Чаяновтың, А. Челинцевтың, А. Доничтің, М. Сириустың, Е. Полочанскиидің еңбектері.

Қазақстан тарих ғылымында көшпелілерді жаппай ұжымдастыру негізінде жаппай отырықшыландыру туралы большевиктік концепцияның бекуі. И. Зверяков, Н. Сырғабеков, Б. Семенский және т.б. "Қазақстандағы ауыл шаруашылығы дамуының буржуазиялық теориясын" сынауы. "Қазақстандағы кондратьевщинаның" мәні мен мазмұны туралы саяси аңыз және шындық.

«БКП(б) тарихының қысқаша курсы» тұжырымдамасының бекуі. Тарих ғылымын сталинизм рухында саясаттандыру-обьективтілік пен тарихи шындықтан алшақтау.

Қазақстан тарих ғылымы И. Сталиннің жеке басына табынудың шыңына жеткен жағдайында (40-шы-50 жж. ортасы)

Қазақстан тарих ғылымы мүмкіншілігінің республикаға ғылыми-зерттеу орталықтарының, жоғары оқу орындары мен тарихшы-зерттеушілердің қоныс аударуы кезеңінде күшеюі. М.П. Вяткиннің Қазақстан тарихы мәселелерін зерттеуі.

М. Әбдіқалықов, А. Панкратовалардың редакциялауымен "Қазақ ССР тарихын" (Алматы, 1943 ж.) еңбегін дайындау және шығарумен байланысты ғылыми пікірталастар. Қазақстан КП ОК-нің "Қазақ ССР тарихының" 2-ші шығарылымын дайындау туралы 1945 жылғы 14 тамыздағы қаулысы.

"Қазақ ССР тарихының" бірінші шығарылымын негізсіз сынау: «қазақтардың феодалдық-патриархалдық қатынастарын асыра бағалау» еңбекші халықты қазақ сұлтандары мен хандарының езуін жеткіліксіз көрсету; ХV-ХVІП ғғ. қазақ хандығын берік және күшті мемлекет деп жариялап "Қазақстанның Ресейге қосылуын біржақты көрсету"; "Сұлтан Қаратай мен Кенесары Қасымовтың феодалдық-кертартпа бас көтерулерін ұлт-азатты қозғалыс ретінде бұрмалау"; қазақ, орыс және КСРО-ны басқа да халықтарының арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды жеткілікті дәрежеде көрсетпеу.

Қазақстандағы қоғамдық ғылымдардың көрнекті өкілдерін "қазақ ауылындағы таптық күресті бүркемелегені, феодалдық-рулық құрылысты дәріптегені үшін" саяси айыптау. Қазақ ғалымы Ә.Х. Марғұланның ғылыми тұжырымдары мен болжамдарын негізсіз әшкерелеу және оны "буржуазиялық пантюркизмге", тарихты бұрмалаушылыққа, "орыс пен қазақ халықтарыньң достық тамырын жоюға" жол бергені үшін айыптау.

Е.Б. Бекмаханов - XIX ғ. Қазақстан тарихы бойынша ірі және мойындалған маман. Оның "Қазақстан XX ғасырдың 20-40 жылдарында" атты іргелі еңбегі бойынша пікірталастар. Тоталитаризмнің қазақ зиялыларының жетекші өкілдерін қудалауы. Тарихи әдебиеттерді кітапханаларда шектеулі пайдалану. "Қазақ ССР тарихының" (Алма-Ата, 1949 ж.) негізгі қағидалары.

Ғылым академиясының құрылуы. Тарих, археология және этнография институтының этнографиялық экспедициялары, Тарихи ғылыми еңбектер мен деректерді жариялау, олардың қайшылықты мәні.

Қазақстандық тарихшылардың жалпы одақтық және аймақтық ғылыми конференциялар мен сессияларға қатысулары. Ғалымдардың Ташкенттегі Орта Азия мен Қазақстан халықтарының төңкеріске дейінгі дәуірінің мәселелеріне арналған біріккен ғылыми сессиясы (1954 ж. қаңтар-ақпан).

Қазақтың ұлы ағартушы-демократтары Ш. Уәлиханов пен Ы. Алтынсариннің қызметтерін зерттеу. Олардың еңбектерін басып шығаруға дайындау.

ХХғ. 50-ші жылдардың екінші жартысы мен 1991 жылдың басындағы Қазақстан тарихнамасы.

И. Сталиннің жеке басына табынушылықты сынаудың Қазақстанның тарих ғылымына тигізген әсері. Қазақстанның Ресейге қосылу мәселелері. Оны зерттеудің негізгі кезеңдері. Қазақ-орыс қатынастары бойынша құжаттар мен материалдар жинағын шығару. Қазақстандағы патшалықгың территориялық - әкімшілік және саяси актілерінің проблемалары. 1916 жылғы қазақтардың ұлт - азаттық қозғалысы мәселелерін зерттеу. Қазақстандағы маркстік идеологияны зерттеу. Қазақстандық зерттеушілердің еңбектеріндегі Қазан төңкерісі мен азамат соғысының тарихнамасы. XX ғасырдағы революция тұсындағы Қазақстан большевиктері қызметінің тарихын зерттеу. Республика жұмысшы табы мен өндірісінің тарихы мәселелері тарихшылар еңбектерінде. Талас мәселелер.

Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихын зерттеудің проблемалары. Соғыстан кейінгі Қазақстан тарихын зерттеу. Тың және тыңайған жерлерді игеру тарихнамасы. Колхоз және совхоз құрылысы тарихы бойынша еңбектердің пайда болуы. КОКП-ның республикадағы аграрлық саясатының мәселелерін талдау, олардың тенденциялық сипаты мен еліктері. Қазақстанның кеңестік кезендегі мәдениеті мен мәдени дамуының тарихнамасы.

Социализм дәуіріндегі Орта Азия мен Қазақстан тарихына арналған біріккен ғылыми сессия материалдары.

Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі 5 томдық Қазақ ССР тарихын дайындау және шығару.



Тарихи білімдегі өзгеше ойлауды басып жаншу. О. Сүлейменовтың "АЗиЯ" кітабы бойынша және О. Исмағұловтың "Этническая геногеография" Қазақстан ғылыми зерттеуі бойынша пікірталастар.

Қазақ демократиялық интеллегиясының көрнекті өкілдері Ш. Қудайбердиев, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов және т.б. есімдері мен еңбектерінің халыққа қайтарыла бастауы.




Каталог: downloads -> ekzameny
ekzameny -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
downloads -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
downloads -> 6М020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
downloads -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі
ekzameny -> БАҒдарламасы астана 2014 Бағдарлама «6М010300 Педагогика және психология»
ekzameny -> Бағдарламасы Пәндер атауы және олардың негізгі бөлімдері Механика
ekzameny -> Бағдарламасы Пәндер атауы және олардың негізгі бөлімдері
ekzameny -> БАҒдарламасы астана 2014 Бағдарлама «6М012300 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»
ekzameny -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет